Турфирма қызметіндегі визалық ресмилік


Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Туризм менеджменті» пәні бойынша
тақырыбы: «Турфирма қызметіндегі визалық ресмилік»
Орындаған Тур-21қ
тобының студенті Сағынай Е. С.
Ғылыми жетекші
Оқытушы Маймурунова А. А.
Қарағанды 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ВИЗАЛЫҚ РЕСМИЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
- Виза ұғымы, мәні және түрлері . . . 5
1. 2 Визаның атқаратың қызметі және рөлі . . . 9
ІІ ТУРФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ВИЗАЛЫҚ РЕСМИЛІККЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ («NINA-TOUR» ТУРИСТІК ФИРМАСЫ МЫСАЛЫНДА) . . . 13
2. 1 Қазақстандағы туристік индустрия кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы . . . 13
2. 2 «Нина - тур» туристік фирмасының визалық ресмилік жүйесіне талдау жасау . . . 15
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ АЯСЫНДАҒЫ ВИЗАЛЫҚ РЕСМИЛІКТІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ . . . 20
3. 1 Визалық ресмилікті қолдануда туындайтын проблемалар мен оларды шешу жолдары . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26
КІРІСПЕ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «біздің міндетіміз - экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады. Біз 2020 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз. Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз» деп атап кеткен [1] . Елбасы туризм индустриясын дамытуды Қазақстанды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізудің маңызды стратегиясы ретінде айқындап көрсеткен.
Туризм дүниежүзі елдерінің ықпалдасу үдерісіндегі маңызды элемент болып саналады. Соңғы онжылдықтағы туризм индустриясының ерекше бір ұмтылысты қарқынмен дамуы, орын ауыстыру қажеттілігі, барған сайын адамдардың неғұрлым көбірек санына тән болуымен түсіндіріледі. Туризм «демалушы» таптың артықшылықтары формасынан халықтың оған деген қажеттілігінің міндетті формасына айналды деп атап көрсетуге болады. Туризм теориясы мен практикасының, табыстарының деңгейі мен рухани сұраныстары әртүрлі адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бұрыннан қалыптасқан ұйымдастыру бағыттары мен қағидаттары бар.
Туризм - мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес, жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ және еліміздің ішкі туризмі, өкінішке орай, әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сонымен қатар көрсетілетін сервистің төмен деңгейі, қызмет көрсетуші кәсіби персоналдың жоқтығы туризм саласының дамуын тежеп тұр. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі - туризм болғандықтан, Қазақстан туризмінің менеджментті қолдану проблемалары мен оны дамыту өзекті мәселе болып табылып отыр.
Теорияда да, тәжірибеде де ресмилік нарықта үлкен рөл атқарады. Ресмилік - Заңға, талаптарға сәйкес жүргізілетін әрекет десек те болады. Қазіргі кезде туристік фирмалардың басты міндеті - өздерінің ұсынылып отырған қызметтерін ресми түрде жасау болып табылады. Ресмилік тек қағаз жүзінде ғана емес, сонымен қатар ауызша да өткізілетін іс-шара. Туристік ресмиліктің маңыздылығы, турист туралы барлық ақпарат алу, сонымен қатар олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлесін қосады.
Курстық жұмыстың мақсаты - туризм саласындағы ресмиліктің мәнін ашу, әсіресе виза және визалық ресмиліктің маңыздылығын анықтау, Қазақстан Республикасындағы визалық ресмиліктің деңгейін талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері келесілер болып табылады:
- Виза және визалық ресмиліктің мәнін ашу;
- Визаның атқаратын қызметін және маңыздылығын айқындау;
- «NINA-TOUR» турфирмасындағы ресмиліктің дәрежесін зерттеу;
- Турфирмадағы атқаратын қызметтерді талдау;
- Туризм саласындағы визалық ресмиліктің негізгі проблемаларын анықтап, олардың шешімін табу болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, міндеті анықталды.
Бірінші бөлімде, виза және визалық ресмиліктің түсінігі, мәні, және түрлері қарастырылған.
Екінші бөлімде, «NINA-TOUR» турфирмасындағы визалық ресмиліктің мәнін ашу, Қазақстан Республикасында барлық туристік кәсіпорындардың қызметтерін талдау жасалынған.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы визалық ресмиліктің негізгі проблемалары анықталып, солардың шешімдері қарастырылған.
І ВИЗАЛЫҚ РЕСМИЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Виза ұғымы, мәні және түрлері
Виза (лат. vіsus - қаралған) - адамның паспортына не өзге төлқұжатына қойылатын белгі. Ол құжат иесіне мемлекеттен кетуге не осы мемлекеттің шегіне келуге немесе оның аумағы арқылы өтуге рұқсат етілетіндігін айғақтайды. Ол белгілі бір мерзімге беріледі.
Визаларды беруді:
1) шетелде - Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - ҚР шетелдердегі мекемелері) ; [Б] .
2) Қазақстан Республикасының аумағында:
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі - ҚР СІМ) ;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полициясы комитетінің көші-қон полициясы басқармасы және Астана, Алматы ќалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ҚР ІІМ) жүргізеді.
Визалардың ұзартылуын ҚР СІМ және ҚР ІІМ жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының визаларын (бұдан әрі - ҚР визалары) беруге төмендегі құжаттар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың осы Ережелердің 1-ші қосымшасына сәйкес жазбаша өтініштері;
2) Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен және тұрақты тұруға келген, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге арналған ішкі істер органдарының рұқсаты;
3) Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру үшін ҚР СІМ-не ұсынылған жазбаша өтініштері;
4) Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін уәкілетті органның (бұдан әрі - АӨҚО) Қазақстан Республикасының аумағына қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдіктерге виза беруге байланысты қолдаухаты.
ҚР визалары бір мәртелік, екі мәртелік, үш мәртелік және көп мәртелік болуы мүмкін. Визаның қолдану мерзімінің шегінде бір мәртелік визалар шетелдікке Қазақстан Республикасына бір мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді, екі, үш және көп мәртелік визалар тиісінше шетелдікке Қазақстан Республикасына екі, үш және көп мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.
Визалар санаттары бойынша төмендегідей бөлінеді:
1) дипломаттық
2) қызметтік
3) инвесторлық
4) іскерлік
5) жеке
6) туристік
7) миссионерлік
8) оқуға
9) емделуге
10) жұмысқа
11) тұрақты тұруға
12) шығу визасы
13) транзиттік
Дипломаттық визалар:
1) Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің дипломаттық агенттеріне және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғаларына және олардың отбасыларының мүшелеріне;
2) Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін, дипломаттық паспорттардың иелеріне;
3) Дипломаттық агенттің мәртебесіне теңестірілген халықаралық ұйымдардың паспорттарының иелеріне;
4) Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасыларының мүшелеріне;
5) Шетел мемлекеттерінің, үкіметтерінің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне;
6) Дипломаттық паспорттарының иелері - шет мемлекеттері парламентінің, үкіметінің мүшелеріне және олардың отбасының мүшелеріне, сонымен қатар дипломаттық паспорттардың иелері - шетел ресми делегациясының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
7) Курьерлік парағы бар болған жағдайда, дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық паспорттардың иелері - дипломаттық курьерлерге;
8) Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне;
9) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттерінің құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
Дипломаттық визалар төмендегі тұлғаларға берілмейді:
1) дипломаттық паспорттарын көрсеткен, бірақ Қазақстан Республикасында дипломаттық сапасы танылмайтын тұлғаларға;
2) дипломаттық поштаны тасымалдаушы адамның дипломаттық паспорты жоқ болған жағдайда.
Дипломаттық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
Қызметтік визалар:
1) Дипломаттық агент мәртебесіне теңестірілмеген халықаралық ұйымдар паспорттарының иелеріне және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорт иелеріне;
2) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген қызметтік паспорт иелеріне;
3) Ресми шетел делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
4) Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер дипломаттық өкілдіктерінің әкімшілік - техникалық және қызмет көрсетуші персоналына, консулдық қызметшілерге, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналына және олардың отбасы мүшелеріне;
5) дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық курьерлерге, егер дипломаттық паспорты жоқ және курьерлік парағы болған жағдайда;
6) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есепті органдардың, Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының шақыруымен келетін тұлғаларға;
7) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметшілеріне;
8) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген тұлғаларға;
9) Қазақстан Республикасында тіркелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі.
Қызметтік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
Инвесторлық визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буындарының басшылары мен өкілдеріне, АӨҚО қатысушыларына, сондай-ақ олардың отбасының мүшелеріне беріледі.
Бір мәртелік инвесторлық визалар шетелдіктерге ҚР СІМ басшылығының нұсқауы бойынша, не болмаса ҚР шетелдегі мекемелері басшыларының келісімі бойынша шетелдік заңды тұлғалардың немесе Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің қолдаухаты болған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының аумағына кіруге шектеу жоқтыєы алдын ала тексеріліп, шақыру қағазсыз, өтініш білдірілген күні беріледі, кейін виза берілген фактісі ҚР СІМ-ге хабардар етіледі.
АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттары бойынша АӨҚО қатысушыларына 30 тәулік мерзімге дейін бір мәртелік инвесторлық визаларды өтініш жасаған күні беруге болады.
Көп мәртелік инвесторлық визалар АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаты және ҚР СІМ, ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК-мен келісілген паспорттық деректері бар АӨҚО-ға қатысушылардың (дилерлер, брокерлер және эмитенттер) тізімдері негізінде, АӨҚО қатысушыларына, АӨҚО әкімшілігі жанындағы халықаралық кеңес мүшелеріне, сонымен қатар олардың отбасының мүшелеріне беріледі. АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттарының ұлттық қауіпсіздік органдарында келісілуі 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Көп мәртелік инвесторлық визалар беру барысында ҚР СІМ - нің келісімі талап етіледі.
Инвесторлық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
Іскерлік визалары Қазақстан Республикасына келесі іскерлік мақсаттармен келетін шетелдіктерге:
1) іссапар;
2) келіссөздер жүргізу, келісім-шарттар жасасу, консультациялық және аудиторлық қызметтер көрсету;
3) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;
4) мектеп оқушылары, студенттер және жастар арасындағы алмасу бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқудан басқа;
5) халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыру;
6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААЎ) куәлігі жоқ кезекті және чартерлік рейстер ұшақтарының экипаждары мүшелеріне, сондай-ақ поез бригадаларына және кемелер экипаждарының мүшелеріне;
7) гуманитарлық көмекпен бірге жүрушілерге;
8) жоғарғы оғу орындарында қысқа мерзімді дәріс оқу, сабақ жүргізу;
9) жабдықтарды жинақтау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
10) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына беріледі.
Іскерлік санаттағы визаларды беруге төмендегілер негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың шақыруы;
2) 2 қосымшада көрсетілген елдер азаматтарының ҚР шетелдердегі мекемелеріне білдірген жазбаша өтініші, сондай-ақ ұлты қазақ шетелдіктер (ұлтын растайтын құжаттары болған жағдайда) шақыру қағазсыз және ҚР СІМ - нің нұсқауысыз.
Іскерлік визалар бір, екі, үш және көп мјрте келуге және шығуға беріледі.
Жеке визалар Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келетін шетелдіктерге төмендегі құжаттардың біреуінің негізінде беріледі:
1) ҚР ІІМ берген шақыру қағазы;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесуге келетін шетел азаматтары үшін ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;
4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды ұл (қыз) етіп асырап алғысы келетін және асырап алуға кандидат ретінде консулдық есепте тұрған шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БҒМ), Қазақстан Республикасы облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларының шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;
5) Қазақстан Республикасына туыстары мен жақындарын жерлеуге немесе олардың ауыр науқастанулары себебімен келетін шетелдіктердің растайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтініштері;
6) Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары қоса берілген (ұлттық паспорттағы Қазақстан Республикасында тұрєандығы туралы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаты, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтамасы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы анықтамасы) шетелдіктердің жазбаша өтініштері;
7) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттарды немесе тұруға ықтиярхатты алуға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болған жағдайда) жазбаша өтініштері;
8) 2 қосымшасында көрсетілген елдер азаматтарының жазбаша өтініштері;
9) шетел азаматтары болып табылатын жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР СІМ-мен келісілген жазбаша өтініштері.
Жеке визалар бір, екі және үш мәрте келуге және шығуға беріледі.
Туристік виза Қазақстан Республикасына турист ретінде келетін шетелдіктерге беріледі. Туристік виза туроператорлық, турагенттік қызметті жүзеге асыру, туризм инструкторы қызметін көрсету құқығына лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік мекемесінің шетелдікті қабылдауын растауы және ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz