Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
Қарағанды облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметкерлерге арналған курс
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі тақырыбы бойынша
ҚЫСҚАША - ЖОБА
Жетекші: Амантай Ө.А.
Орындаған: Мустафина Э.
Қарағанды 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Тіл - ел қазынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Мемлекеттік қызметтегі тіл деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ - МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Мемлекеттік тілді дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМАР МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Мемлекеттік тілді - мемлекеттік қызмет ретінде дамытудағы бағдарламалардың бағыты мен нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
5
5
7
9
9
10
12
12
15
17
Кіріспе
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл - халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Қазақ тілі - халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: "Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады" - деген.
Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті [1].
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі - қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің "Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік" -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қаділеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу - ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.
Курстық жұмыстың мақсаты - тілді мемлекеттік деңгейде толық көтеру, сонымен қатар тілдің тұғырындағы мәселелерді жетік меңгеріп, оларды шешу жолдарын қарастыра отырып, мемлекеттік тілді - мемлекеттік қызмет деңгейіне көтеру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo мемлекеттік тілдің мәнін ашу;
oo тілдің экономикалық мәні ретінде қолдану;
oo тілді дамытудағы мәселелерді зерттеу;
oo мәселелердің шешу жолдарын қарастыру;
oo тілді мемлекеттік деңгейде көтеру;
oo мемлекеттік тілді дамыту жолдарын қарастыру;
oo мемлекеттік тілді мемлекеттік деңгейде дамыту жолдары.
Зерттеу мақсатымен қойылған талаптар кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде тақырып таңдалынып, оның маңыздылығы және объекті түрде зерттеуге жол ашылды. Мақсаты мен зерттеу жұмыстары анықталып, теориялық және әдістемелік негізі қарастырылып, жұмыстың теориялық негізі мен практикалық бағасы берілді.
Бірінші тарауда, тілдің теориялық негізі мен оның өмірдегі маңыздылығы мен мәні толық ашылған.
Екінші тарауда, тілді мемлекеттік тіл деңгейінде толығымен қарастырған, сонымен қатар тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі толық ашылған.
Үшінші тарауда, тіл аясындағы арналып жасалынған бағдарламалар атауы, олардың мақсаты мен мәні, міндеттері, сонымен қатар бағдарламалардың нәтижесі ашылған.
Қорытынды бөлімде, осы үш тарауда айтылған мәселелерді жинақтай келе, ой түйіні ашылған.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
0.1 Тіл - ел қазынасы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшше тілім, мен де бірге өшемін! - деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол - достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс - берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары.
Тіл жай сөз емес, ол өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен, толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл - қоғамның жемісі.
Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. "Тіл туралы" Заңдағы "Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы" - деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты - оның ана тілі. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазылған [2, 46б].
Біздің азаматтық парызымыз - тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру. "Тіл - біздің тұтастығымыз", "Тіл тағдыры - ел тағдыры" деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт - санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі үшін жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған шаққа жеттік десек де тілге жасаған ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көзбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз. Тіл - таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал. Жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: "Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік," - деп, ашына айтқан сөзі ойға келеді.
Ана тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.
Тіл - халық тарихы, тіл - ұлт қазынасы. Тіл - біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Қазақ тілі - қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Тәуелсіздік алғандағы халқымыздың ең басты олжасы - тілінің қайта тірілгені. Бүгінде елімізде қазақ тілінің мәртебесін арттыру жұмыстарына жіті көңіл бөлініп, жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Тіл - қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға анасындай қымбат. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер- ана тілі. Бүгінгі күні біздің елімізде тілдердің үш тұғырлығы деген жаңа термин де пайда болды. Әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де жетік білуді талап етуде. Жас ұрпақтың білім ордаланыда осыған орай шет тілін меңгеру үшін білім алып жатқаны да қуантады. Әрине, әлемдік даму үрдістерінен кейін қалып қоюға болмайды. Бірақ онсыз да өз елінде еркін өркендей алмаған қазақ тілін кейінгі орынға ысыру қисынсыз деп ойлаймын. Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі - әлемдегі барлық мемлекеттік тіл сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Қазақстанда тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Тілге деген құрмет, халыққа деген құрмет [2, 97б].
Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем танитын ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз қажет. Ата-бабаларымыздың тарихы мен шежіресі, түрлі әдеби мұралары бүгінгі ұрпаққа өзіміздің ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас, әрі бірегей ұғым. Қоғамның жылжып өзгеруіне байланысты тіл де дамып өзгеріп отырады. Қазақ тілі мәселесін мемелекеттік деңгейге көтерілгеннен кейінгі жылдары бұқара жұртшылықтың да, жастардың да ана тілі үшін көптеген маңызды жұмыстар атқарғаны белгілі. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Дүниедегі барлық халық аңсаған тәуелсіздігін, ата-баба дәстүрін, ана тілін сақтау үшін ұмтылады. Сондықтан кез-келген мемлекеттің өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше құрметтейді, қорғайды.
Тіл тарихы- сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгіні, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай кең ауқымды қолданылады. Тіл-қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл-өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат екені анық. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі- ана тілі.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың кезекті бір жолдауында нақты айта кеткен мәселе - тіл мәселесі болатын. Қазіргі жастарымыз 3 тілді жетік меңгеруі керек. Олар: орыс тілі, ағылшын тілі және ана тіліміз - қазақ тілі. Дегенмен, өз тілінде шорқақ сөйлеп, өзге тілде сайрайтын адамдар қаншама. Осы орайда дана халқымыздың Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген мақалы ойға оралады [1]. Сөз соңында, барша жастарға айтарым, ана тілімізді құрметтейік,оның жойылып кетуіне жол бермейік, ата-бабамыздың бізге қалдырға аманатына қиянат жасамай,туған тіліміздің өркендеуіне ат салысайық дегім келеді.
0.2 Мемлекеттік қызметтегі тіл деңгейі
Тіл денгейлері -- жалпы тіл жүйесіне кіретін шағын жүйелер, бөлімдер, олардың әр қайсысы өздеріне тән бірыңғай тіл бірліктері мен ережелердің жиынтығынан тұрады. Тіл деңгейдің фонемалык, морфемалык, лексикалык, синтаксистік деп бөлуге болады. Деңгей жасау сипатына тек деңгейлік ережелерге бағынатын, яғни парадигматикалык және синтагматикалык тұрғыда деңгейлік тіл бірліктерімен қатынасқа түсуге қабілетті тіл бірліктері ғана ие болады. Бір тіл деңгейіндегі тіл бірліктері басқа бір тіл деңгейімен иерархиялык (сатылық) қатынас арқылы байланысқа түседі.
Тіл деңгейі туралы идея 20 ғасырдың орта кезінде алдымен америкалық дескриптивтік лингвистикада, кейінірек басқа бағыттарда кең тарады. Тіл білімінің фонетика, морфология, лексикология, синтаксис деп дәстүрлі бөлінуі тілді деңгейлік дәрежеде ұйымдастыруға негіз болды.
Ата Заңымыз бойынша қазақ тілі - Қазақстанда мемлекеттік тіл. Бірақ шын мәніңде толыққанды мемлекеттік тіл болуы үшін азаматтар тарапынан да, мемлекет тарапынан да атқарылар іс көп. Ата - баба арманы мен келер ұрпақтың болашағы алдындағы жауапкершілігімізді сезіне алсақ, дәл қазіргі кезеңде қазақ тілін дамыту жолында пәрменді шаралар ойластырып, дәрменді үлес қосуымыз керек. Ең алдымен,өзін қазақпын деп есептейтін азаматтар, ана тілінің қадір - қасиетін білетіндер қолдағы мүмкіндікті пайдаланып, игілікті істерге мұрындық болуы - өз борышымыз.
Екіншіден, қазақ тілін дамыту - тікелей мемлекеттің міндеті. Дәл осы мемлекет болмаса, басқа ешбір жерде қазақ тілі өркен жайып, өрісін ұлғайта алмайтындығы айдан анық [3, 105б].
Дана халқымыз: Ана сүті - бойынды өсіреді, ана тілі - ойыңды өсіреді дейді. Тіл - құрал. Ол ойды жеткізудің құралы. Тіл дамуы үшін, әуелі ой дамуы керек. Ойды заманға лайық жеткізудің шарты - ақпарат көзі. Ендеше, ойдың қай тілде дамитындығы ақпарат көзінің қай тілде берілуіне тікелей байланысты. Сондықтан әр тұлғаның қазақша ойлауына ықпал жасауымыз керек. Қазақ тілі ақпарат көзі болғанда ғана айдарынан жел еседі. Заман ағымындағы адам ретінде өзіңізді еркін сезінетіндей ақпаратты қазақ тілінде мүмкіндігі болуы керек. Өйткені, қазіргі заман - ақпарат заманы. Егер біздің қазақ тілінде алатын ақпаратымыз - сол дүниені толық танып білуге жарамаса, не жеткіліксіз болса, онда амал жоқ басқа тілде ақпарат іздей бастаймыз. Иә, қазір әлемдегі оқиғаларды барлық сала бойынша бір тілде алу әрине қиын. Бірақ қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып, солардын ішіндегі басты - басты жаңалық жөніндегі ақпаратты қазақшалап, қазақ тілді азаматтар еркін сіңіре алатындай жағдай жасауымыз керек. Тіпті қазақ тілінен басқа тілді білмейтін адам білімділігі жағынан өзі ешкімнен кем - қор болмай, осы өмірге лайық өмір сүріп, уақыт талабына сай игілікті ғұмыр сүретін мөлшерге жеткізуіміз керек. мемлекеттік тілді осы мемлекеттің ішінде тек қазақ тілінен басқа тілді білмесе де, қандай лауазымды орынға отырса да, қандай жауапты қызмет атқарса да, өзін жай жартылай білімді, жартылай ақпараттандырылған адам ретінде сезінбей, алщандап басатын еркін адам ретінде сезінетін күйге жеткізуіміз керек[8, 97б].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тіл туралы талап міндеттерінде Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін делінген. Қорыта келгенде, айтатыным әр жаңалықты және де әрбір айтатын ойымызды қазақ тілінде жеткізіп, әрбір ақпаратты қазақ тілінде таратсақ, біз қандай дүние жазсақ та,тілдің қолданылатын ортасы - өмір, қорғаны - қоғам. Ендеше қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітіле тұра,өз топырағында қағажу көрмей, ауыз ашқан сөзге, қия басқан қимылға емін - еркін араласатын ең елгезек, ең ұрымтал тіл болуы тиіс. Сонда ғана мемлекеттік тіл екендігін ішке де, сыртқа да мойындатып еркін самғайды. Сайып келгенде, қазақ тілін өз мәнінде емін - еркін дамыту, сөйтіп оны мемлекеттік іс - қағаздарда сауатты қолданып, білім көзіне, ғылым көзіне, дүниетаным көзіне айналдыру - ең алдымен әрбір азаматтын міндеті түпкілікті мұраты. Ендеше мұндай маңызды мәселелерді ары қарай жылжыту - мемлекеттік тіл оқытушылар, бұқаралық ақпарат салаларында отырған адамдар болсын, мейлі арнаулы мамандар болсын, ең әуелі олардың ниетіне ынта - ықыласына тіреледі. Кім қайда отырса да, ең алдымен - адам. Ендеше:
Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі , - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту - өзін қазақпын деп санайтындардың ғана емес, жалпы Қазақстан топырағында тұратын азамат атаулының, бәріміз үшін мәртебелі міндет.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ - МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мемлекеттік тілді дамыту жолдары
Қазақстан -- көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан, тату еліміз. Алайда, қазақ тілі әр қазақтың ар -- ожданы, мақтанышына айналуы тиіс. Осы орайда Бауыржан Момышұлының анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту -- бүкіл ата -- бабамызды, тарихымызды ұмыту -- деген сөзді әрбір қазақ ұғынса, біздің тіліміздің жағдайы дәл қазіргі қалпынан әлдеқайда жоғары деңгейде болар еді.
Мемлекеттік тіл -- аса маңызды да ең өзекті мәселе, тіл -- қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі болып табылады. Ол -- ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу -- өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Ол үшін тіл білуді мақсат тұтып, алдына талап қоя қажымай ізденіп, айрықша көңіл бөліп, аянбай еңбектенсе, мемлекеттік тілді меңгерері анық[7, 55б].
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі алпауытты елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз ол, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген, құрметтейтін ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайды. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері оның ішінде, өзіміз де жанұямызда ұл-қыздарымызға Қазақстанның халқы туралы, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, тілін-мемлекеттік тілін білуі міндетті екендігін естеріне салып ал, білмегендерге түсіндіріп, үнемі бас қосқан көпшілік орындарда, жиындарда ортаға салып отыруымыз қажет деп ойлаймын, сонда ғана Мемлекеттік тіліміз, қазақ тіліміздің деңгейі жоғарғы сатылардан көрінеді демекпін сонымен қатар, Мемлекеттік тілді дамыту ісінде бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) алдыңғы қатардан табылып, бұл істердің игілікті болуы үшін бір атаның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz