Мейрамхана кешеніндегі қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Туризм менеджменті» пәні бойынша

тақырыбы: «Мейрамхана кешеніндегі қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету»

Орындаған Тур-21қ

тобының студенті Сағынай Е. С.

Ғылыми жетекші

Оқытушы Маймурунова А. А.

Қарағанды 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І МЕЙРАМХАНА КЕШЕНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ . . . 5

  1. Мейрамхана ұғымы мен сипаттамасы . . . 5

1. 2 Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жіктеу . . . 9

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕЙРАМХАНА КЕШЕНІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ . . . 13

2. 1 Қазақстан Республикасындағы мейрамхана кешенінің қызметтер жүйесін жіктеу . . . 13

2. 2 Мейрамхана кешендеріндегі қауіпсіздік жүйесінің даму деңгейін талдау . . . 15

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕЙРАМХАНА КЕШЕНІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ . . . 20

3. 1 Қазақстандағы мейрамхана кешеніндегі қауіпсіздік жүйесінің қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды Сұранысқа әсер ететін факторлар - ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуы.

Мейрамханалық бизнес тартымды әрі перспективті: мейрамхананың орны мен әзірлейтін тағамдарын дұрыс таңдау, атмосфера және білікті ұйымдастырылған қызмет көрсетунарықты тартуға мүмкіндік береді және жоғары пайда мен инвестицияларды қамтамасыз етеді. мейрамхана шаруашылығын жүргізушілер арасында бәсекелестікті өзара реттеудің жолын іздестірген ғалымдар, мейрамхана бизнесінде бәсекелестікті жеңілдету үшін, әрбір тамақтандыру орталықтарының өзіндік бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын қызмет түрлерін ұйымдастыруы қажет деп тапқан. Осыған сәйке нарықта мейрамхана түрлерінің көптеген түрлері пайда бола бастаған. Оның біршама түрлері қазіргі кезеңде елімізде қолданыс табуда және мейрамханалар бәсекелестікті өзара реттемейінше, олардың қарқынды дамуына кері әсерін тигізуші факторлар ықпалы күннен - күнге арта түсетіні сөзсіз.

Бүгінде мейрамхана бизнесі елімізде қарқынды түрде дамып келеді. Әрі табысты, әрі пайдалы кәсіп түрі саналады. Бұрынғы кеңестік кезеңдегі қоғамдық тамақтандыру орталықтары деңгейінен әлдеқайда өскен. Халықаралық тәжірибеде қонақ үй индустриясы және мейрамхана бизнесі барынша дамыған салалардың бірінші сатысында тұр.

Мейрамханалық бизнес - арнайы орны бөлінген және негізгі гигиеналық, заң шығарушылық талаптарға жауап беретін, клиентті тамақ пен сусынмен қамтамасыз ететін қызмет көрсету түрінің ұйымдастырылуы. Мейрамхана клиентураға олардың гастрономиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тағамды өндіреді және ұсынады. Бұл қызмет түрінің экономикалық мақсаты - пайда алу.

Мейрамхананың сәтті жұмыс істеуі көптеген факторларға байланысты. Кез келген басқа күрделі жүйе тәрізді мейрамхана да оны ұйымдастырушының ниетінен басталып, оның қызмет етуіне бақылау жасаумен аяқталады. Ниет пен бақылау - жүйенің сәтті қызмет етуіне ықпал болатын жалғыз факторлар емес. Мейрамхананың тиімді функционалдауын қамтамасыз ету үшін келесідей факторларға назар аудару қажет: кредо, мақсаттар мен міндеттер; нарық; тұжырымдама мен профиль; орналасу орны; ас мәзірі; атмосфера; аренда соммасы; басқа шығындар [1] .

Мейрамханалық кешен - бизнестің ерекше түрі, себебі оның қызметкерлері - мейрамханалық өнімнің бір бөлігі. Персоналдың қызмет көрсету сапасын жетілдіру бағдарламасын мейрамхана әкімгері жауапты болады. Жаңа қызметкерлерге тренинг өткізу міндетін әкімгер бұрыннан қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі қызметкерге жүктейді. Ал егер тәжірибелі қызметкердің өзінің біліктілігі жетілдіріліп отырылмаса, ол жаңа қызметкердің өзіне көп нәрсе үйрете қоймас. Сондықтан мейрамханаларға персоналдың қызмет көрсету сапасын жетілдіру бойынша арнайы жүйе құрастырып, енгізу қажет. Мұнда ішкі маркетингті дамыту маңызды роль атқарады. Ішкі маркетинг - фирма ішіне, оның қызметкерлеріне бағытталған маркетинг. Ішкі маркетингті дамыту, яғни қызмет көрсету мәдениетін, кадрларды басқаруда маркетингтік тәсілді, қызметкерлерді мадақтау және көтермелеу жүйесін жетілдіруді болжайды.

Қазақстан экономикасына нарықтық қатынастардың белсенді түрде енуіне байланысты қоғамда капиталдың тез жиналуына мүмкіндік беретін қызмет саласының дамуы ерекше орын ала бастады. Қоғамдық тамақтандыру - негізгі қорлардың жоғары емес құны тұсында аяқталған өндірістік циклды алуға мүмкіндік беретін көп емес салалардың бірі. Маңызды реформалаудан кейін қоғамдық тамақтандыру Қазақстанда аяғына тұрып, дами бастайды.

Курстық жұмыстың мақсаты - мейрамхана кешенінің даму үрдісінің деңгейін анықтау, сонымен қатар сондағы барлық қызметтер жүйесінің атқаратын қызметтері мен олардың қазіргі деңгейіне талдау жасау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері келесілер болып табылады:

  • Мейрамхана кешенінің мәнін ашу;
  • Мейрамхана кешеніне сипаттама беру;
  • Қазақстан Республикасындағы мейрамхана кешендерін талдау;
  • ҚР-дағы мейрамхана кешендеріндегі қауіпсіздік жүйесінің атқаратын рөлін анықтау;
  • ҚР-дағы мейрамхана кешеніндегі қауіпсіздік жүйесінің қазіргі деңгейін және болашағын талдау болып табылады.

Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, міндеті анықталды.

Бірінші бөлімде, мейрамхана кешеніне анықтама беріліп, оларға жалпы сипаттама және де тамақтандыру орындарының жіктелуі қарастырылған.

Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасында мейрамхана кешеніндегі қызметтер жүйесін жіктеу, сонымен қатар ондағы қауіпсіздік жүйесінің қазіргі деңгейіне талдау жасалынған.

Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасы мейрамхана кешеніндегі қауіпсіздік жүйесінің қазіргі деңгейі талқыланып, ондағы негізгі проблемалар анықталып, олардың шешімдері нақтыланған.

І МЕЙРАМХАНА КЕШЕНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

  1. Мейрамхана ұғымы мен сипаттамасы

Мейрамханалық бизнес - арнайы орны бөлінген және негізгі гигиеналық, заң шығарушылық талаптарға жауап беретін, клиентті тамақ пен сусынмен қамтамасыз ететін қызмет көрсету түрінің ұйымдастырылуы. Мейрамхана клиентураға олардың гастрономиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тағамды өндіреді және ұсынады. Бұл қызмет түрінің экономикалық мақсаты - пайда алу.

Өзінің мәні бойынша қоғамдық тамақтандыру - мемле- кет экономикасының нақты секторы, ерекшелігі оның басқа салаларға қарағанда бір ғана функцияны емес (өндіріс не- месе айналыс), біруақытта өндіріс, енімді тұтынушыға дейін жеткізу, тұтынуды сол жерде ұйымдастыру сияқты үш функ- цияны атқаратынымен байланысты.

Мейрамхана тұжырымдамасы мейрамхана орналасқан орынға және орналасу орны оның тұжырымдамасына сәйкес келуі қажет. Мейрамхананың орналасу орны оған келушілерге, яғни ұйғарымды нарыққа ұнауы керек. Әрине басқа факторлар да (тағам сапасы, ас мәзірі, қызмет көрсету, баға, атмосфера, менеджмент) өте маңызды (1-сурет) .

http://dereksiz.org/azastan-narifindafi-mejramhana-biznesin-arttiru-joldari/185323_html_4c1ab9b8.png

1-сурет. Мейрамханаға әсер ететін қызметтер

Мейрамхана орнын таңдағанда ескерілетін басты критерийлер:

  • демография - қанша адам ықшам ауданда тұрады;
  • сол адамдардың орташа табыс деңгейі;
  • сол ықшам ауданы даму кезеңінде ме, әлде құлдырау үстінде ме; мейрамхана қандай шеңберде орналасқан; канализация; дренаж, дәретхана жағдайлары қандай;
  • ыңғайлылық - адамдарға мейрамханаға жету қиын ба;
  • көзге түсуі - жолаушылардың көзіне мейрамхана бірден түсе ма;
  • автокөліктерге арналған тұрақ - меншікті тұрақтың болуы қажетті. Егер қажетті болса, қанша орынға және ол қанша тұрады;
  • көріктілік - мейрамхана қасынан жүріп өткен автомобильшілерге мейрамхана қаншалықты қонақжай болып көрінеді;
  • орналасу орны - көрші үйлер қаншалықты тартымды болып көрінеді [2] .

Мейрамханалық бизнесте табыстың ең маңызды ингредиенті, ол сірә, ас мәзірі. Ол мейрамхананың жалпы тұжырымдамасымен үйлестірілуі қажет. Ал тұжырымдама қонақтардың талап-тілектеріне негізделсе, ас мәзірі де олардың күткен үмітін қанағаттандырып қана қоймай, одан асып түсуі қажет. Ас мәзірі - бұл сату құралы, аспаздық идеялардың каталогы немесе қонақтарға тағам мен сусындарды ұсыну тәсілі. Ас мәзірін жоспарлау - мейрамханаға қандай қонақтар келетінін болжау, ассортимент пен бағаларды анықтау. Ас мәзірінде мейрамхана жайлы барлық негізгі мәліметтер болуы қажет: аты және логотип, мекен-жайы, телефон номері, жұмыс істеу уақыты, демалыс күні, қабылданатын кредиттік карточкаларының түрі, банкеттерді өткізу бойынша арнайы қызмет көрсету туралы ұсыныстар.

Қазіргі таңда адамдар мейрамханаларда тапсырыс жасағанда, көбіне жақсы қызмет көрсетуді қалайды. Күнделікті дамып келе жатқан бәсекеге байланысты нашар қызмет көрсету өткен шақта қалуда. Мейрамханалар сервиске көп көңіл аударатыны жаңа қызметкерлерді мейрамханалық этикет негіздерін үйретуге бөлінетін уақытты көбейткенімен айқындалады.

Мейрамханалық бизнес өз қызметінде толығымен клиенттің сенімі мен жылы қатынасын жаулап алуға бағытталған. Тұтынушылардың талғамы үнемі өзгеріп, жоғарылап отырады. Бұл өз кезегінде мейрамхана басшылығына өндірістік және мәдени-әлеуметтік сервисті жетілдіруге негіз болады. Мейрамханалық бизнестің дамып, осылайша жетілуі тұтынушылардың талап-тілектерінің өсуімен байланысты.

Тұтынушылардың талғамының өсуімен қатар, мейрамханалық бизнесті прогресске алып келген - бәсеке. Әрбір мейрамхана тұтынушы талабын қанағаттандыру, тұтынушылар санын көбейту жолында қызмет етіп келеді. Себебі әрбір кәсіпорын мақсаты - пайда максимизациясы, ал мейрамхана пайданы максималдау үшін өзінің тұтынушы көлемін неғұрлым максимум деңгейге жеткізуі қажет. Сондықтан қатаң бәсеке жағдайында мейрамханалар өз қызметін жетілдіріп отырмаса, сату көлемін ұлғайту мақсатында маркетинг шараларын өткізбесе бәсекелестерінен әлдеқайда артта қалады.

Мейрамханалар қызметін жетілдіру, яғни пайданы максималдау жолында бірнеше бағыттарды қолдана алады:

  • қалыптасқан концепцияны әрі қарай дамыту. Кәсіпорын бұл жағдайда дәстүрлі нарықта өткізу көлемін маркетингтік шаралар арқылы ұлғайтуға тырысады;
  • нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда кәсіпорын қалыптасқан концепциясымен жаңа нарықтарды игеруге бағыт алады;
  • жаңа концепция құру стратегиясы. Кәсіпорынның мақсаты өзінің шығып жүрген нарығына жаңа өнімді, жаңа қызмет түрін ұсыну болып табылады;
  • диверсификация стратегиясы. Жаңа нарықтарға жаңа өніммен шығу стратегиясы.

Кәсіпорынның түрпатын анықтаған кезде мына факторлар ескеріледі [3] :

• сатылатын өнімнің түрлері, оның әр түрлілігі мен жасауының күрделілігі;

• техникалық жарақтандырылу (материалдық база, инженерлік-техникалық жарақтандыру, жабдықтар, үй-жайлардың қүрамы, архитектуралық-жоспарлау шешімі) ;

• қызмет көрсету әдістері;

• қызметкерлердің біліктілігі;

• қызмет көрсету сапасы;

• түтынушыларға көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының сыныбы белгілі бір тұрпаттағы кәсіпорын көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету деңгейі мен жағдайын сипаттайтын ерекше белгі- лерінің жиынтығымен анықталады. Қоғамдық тамақтандырудың қызметтері - кәсіпорындар мен кәсіпкер-азаматтардың тұтынущының тамақ пен бос уақытты өткізу қажеттілігін қанағаттандыру жөніндегі қызметінің нәтижесі.

Қызмет көрсету процесі - орындаушы аспаздық өнімді сатқанда және бос уақытты өткізуді ұйымдастырған кезде қызметтерді. тұтынушымен тікелей байланыс жасаған кезде орындайтын операциялар жиынтығы. Қызметтердің сапасы белгіленген немесе тұтынушылар ұйғарған қажеттіліктерді қанағаттандыруға тиіс. Қоғамдық тамақтандырудың қызметтері қауіпсіздік пен экологиялық талаптарына, мақсатты тағайындалуға жауап беруге тиіс, сондай-ақ тұтынушыларға қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беретін жағдайда көрсетілуге тиіс.

Қоғамдық тамақтандырудың негізгі қызметі - тамақтандыру қызметін көрсету. Тамақтандыру қызметі - деп аспаздық өнім жасау және оны мен кәсіпорынның тұрпаты мен сыныбына сәйкес сату мен тұтыну үшін жағдай жа- сау жөніндегі қызметтер аталады жөне ол мына түрлерғе бөлінеді:

• тамақтандыру;

• аспаздық өнім мен кондитерлік өнім жасау;

• тұтыну мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

• аспаздық өнімді сату;

• бос уақытты еткізуді ұйымдастыру;

• ақпараттық-консультативтік;

• салтанатты кештер, салттық іс-шаралар ұйымдастырып, оған қызмет көрсету;

• конференцияларға, мәжілістерге, мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыру мен оны ұйымдастыру қызметін көрсету;

• тұтынушыларға аспаздық және кондитерлік өнімдерді кеңселер мен үйлерге жеткізу жөніндегі қызмет көрсету;

• тұтынушыларға жолаушылар көлігінде жүретін жолда қызмет көрсету;

• қонақүй нөмірлерінде қызмет көрсету;

• ұтымды кешенді тамақтандыруды және т. б. ұйымдастыру.

Қызмет көрсету мәдениеті - қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің қызметін бағалайтын негізгі бір өлшем. Қызмет көрсету мәдениетін анықтайтын негізгі факторларға базаның болуы, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сипаты, шығарылатын өнімнің түрлері мен сапасы, қазіргі заманғы материалдық-техникалық қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу, жарнамалық-ақпараттық жұмыстың деңгейі, қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі жатады. Жоғары деңгейде қызмет көрсету мәдениеті нарықтық қатынастарда өте маңызды болып табылатын кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырады [4] .

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары дәстүрлі түрде мемлекеттің шағын бизнесіне (әлемнің әр түрлі елдерінде 78%-91% аралығында) және олардың шамалы ғана бөлігі - орта бизнеске жатады. Осы саладағы ірі бизнестің үлесі мардымсыз, алайда ол тіпті кейбір жерлерде жұмыс істеген жағдайда да (вокзалдарда, әуежайларда, ірі қонақүйлерде, адамдар көңіл көтеретін жерлерде, ірі өнеркәсіптік ұйымдар және т. б. ), ол жанындағы әрбір қызмет, филиал немесе бөлімше шаруашылық жағынан оқшауланған және дер- бес жұмыс істейтін корпоративтік басқару жүйесі түрінде ұйымдастырылған.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мемлекет солардың көмегімен өзінің шағын бизнесіне көмек көрсететін немесе оның экономикалық және ұйымдастыру қызметін реттейтін тәсілдерге өте сезімтал.

Қазақстан экономикасына нарықтық қатынастардың белсенді түрде енуіне байланысты қоғамда капиталдың тез жиналуына мүмкіндік беретін қызмет саласының дамуы ерекше орын ала бастады.

Қоғамдық тамақтандыру - негізгі қорлардың жоғары емес құны тұсында аяқталған өндірістік циклды алуға мүмкіндік беретін көп емес салалардың бірі. Маңызды реформалаудан кейін қоғамдық тамақтандыру Қазақстанда аяғына тұрып, дами бастайды. Мейрамхана бизнесіне капитал салудың артықшылықтары:

  • бизнестің сенімділігі, тамақтану - адамның өмір сүру мен жұмыс қабілеттілігінің басты факторы.
  • құрылысқа, реконструкцияға, құрал-жабдық алуға кететін шығындар салыстырмалы түрде төмен [5] .

Қоғамдық тамақтандыру халық шаруашылығының саласы ретінде жеке меншікті иемдену негізінде толық көлемде ұйымдастырылған кәсіпорындардың жиынтығы болып табылады. Аталмыш кәсіпорындар шығарылатын өнімнің белгісі, өндірістің ортақ технологиялық және ұйымдастыру, шикізатты біркелкі пайдалану қағидалары, өзін-өзі қаржыландыру мен келушілерге тиісінше қызмет көрсету нысандары бойынша жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары барлық саланың қызметкерлеріне, сондай-ақ ел халқын білдіретін жаппай тұтынушыларға да қызмет көрсетеді. Демек, мемлекеттегі оның даму дәрежесі халықтық материалдық және мәдени сүранысының қанағаттану деңгейін, ал оның тұрақты әрі серпінді дамуы - халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының артуын, оның ақшамен қамтамасыз етілуі мен сатып алу қабілетінің өскенін тікелей көрсетеді.

Сонымен, мейрамхана кешені - қазіргі кезде ең дамып келе жатқан экономика секторы деп қарастыруға болады. Мейрамхана кешенінің басты нысаны - ол ақша, яғни пайда табу болып табылады. Осы кешеннің тұрақты және қарқынды дамуы ішін бірнеше қызметтер жүйесін саралап, солардың қызмет сапасын арттыру ең негізгі мәселе болып табылады.

  1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жіктеу

Тамақтандыру кәсіпорындарын жіктеу үшін бірқатар өлшемдерді пайдалану қажет. Аталмыш өлшемдердің ішінде ең маңыздыларына мыналар жатады:

1) сауда-өндірістік қызметтің сипаты;

2) орналасқан жері (барлық қызмет түрі үшін маңызды фактор;

3) қызмет көрсетілетін клиенттердің қүрамы (сегменті) ;

4) өнімнің түрлері (маманданымы) ;

5) үй-жайдың сыйымдылығы;

6) қызмет көрсету нысаны;

7) қызмет көрсетілетін уақыт;

8) қызмет көрсету деңгейі (сапасы) .

Сонымен бірге үлттық менталитет пен қалыптасқан қызмет көрсету мәдениетінің де сол немесе басқа елде тамақтандыру кәсіпорындарын ұйымдастыру нысандарына әсер ететінін ескеру қажет.

Мейрамхана дербес шаруашылық бірлік немесе қонақ үйдің бөлігі ретінде клиенттердің гастрономиялық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында оларға тамақтануды ұсынады. Осы қызмет түрінің маркетингтік мақсаты тек мейрамхана бизнесімен (арнайы таңдалған жерлердегі жеке мейрамханалар) немесе басқа мекеменің құрамдас бөлігі ретіндегі мейрамханамен (мысалы, іскерлік орталықта, қонақүйде, кәсіпорында және т. б. ) айналысқан кезде қажетті көлемдегі пайда алуды қамтамасыз ететін сату көлеміне жету болып табылады [6, б. 115] .

2016 жылы шет елдердегі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері

Кесте 2

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері
АҚШ
Франция
Германия
Италия
Норвегия
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері: Барлыгы, %, Оның ішіцде түрі бойынша:
АҚШ: 100
Франция: 100
Германия: 100
Италия: 100
Норвегия: 100
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері: мейрамхана
АҚШ: 23, 1
Франция: 41, 0
Германия: 27, 8
Италия: 19, 2
Норвегия: 38, 5
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері: кафе
АҚШ: 29, 3
Франция: 25, 8
Германия: 32, 7
Италия: 16, 2
Норвегия: 29, 4
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері: бар
АҚШ: 19, 0
Франция: 15, 0
Германия: 15, 6
Италия: 32, 5
Норвегия: 12. 8
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері: асхана
АҚШ: 4, 3
Франция: 3, 7
Германия: 8, 3
Италия: 2, 9
Норвегия: 5, 2
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері: «фаст-фуд», «пицца», «балапан» кәсіпорындары
АҚШ: 18, 7
Франция: 6, 2
Германия: 5, 4
Италия: 7. 8
Норвегия: 2, 9
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері: Отбасылық шағын кәсіпорындар
АҚШ: 5, 6
Франция: 8, 3
Германия: 10, 2
Италия: 21, 4
Норвегия: 11, 2

1-кесте деректерінен АҚШ-та мейрамхана, кафе мен «фаст-фуд» кәсіпорындары, Италияда - барлар, «пицца» кәсіпорындары мен отбасылық шағын кәсіпорындар басым екені көрінеді. Норвегия мен Германияда қоғамдық асханалар (кәсіпорындарда, халыққа әлеуметгік көмек ретінде және т. б. ), ал Францияда мейрамханалар мен кафелер көп, бұл елде қалыптасқан дәстүрлермен де, сондай-ақ тамақтандыру кәсіпорыңдарының дамуымен, сондай-ақ халықтың төлем қабілеттілігіне орай сол немесе басқа кәсіпорындар оған көрсете алатын қызмет түрлерімен байланысты. Қоғамдық тамақтандыру қызметі деп заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің халықтың тамақтандыру мен бос уақытты өткізу қажетгілігін қанағаттандыру жөніндегі қызметінің нәтижесі аталады.

Мейрамхана дербес шаруашылық бірлік немесе қонақ үйдің бөлігі ретінде клиенттердің гастрономиялық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында оларға тамақтануды ұсынады. Осы қызмет түрінің маркетингтік мақсаты тек мейрамхана бизнесімен (арнайы таңдалған жерлердегі жеке мейрамханалар) немесе басқа мекеменің құрамдас бөлігі ретіндегі мейрамханамен (мысалы, іскерлік орталықта, қонақүйде, кәсіпорында және т. б. ) айналысқан кезде қажетті көлемдегі пайда алуды қамтамасыз ететін сату көлеміне жету болып табылады [7, б. 68] .

Қазіргі уақытта мейрамхана бизнесі тамақтандыру қызметі қызмет көрсету сапасына, фирмалық стильдің болуына, қосымша қызметтерге жетекші рөлді беруі мүмкін тұтас индустрияға айналды. Ал әр түрлі кәсіпорындар қосымша қызметтер үшін бәсекеге түсіп, маркетинггік жос-парлауды жүзеге асырады. Жоспарлы жұмыс жүргізген кезде маркетингтік шараларды нақты таңдау көбінесе осы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының қай сыныпқа жа- татынына байланысты. Сондықтан осы кәсіпорындарды 2-кестеде келтірілген көптеген белгілер бойынша жіктеу ұсынылады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жіктемесі

Кесте 2.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үйдің қоғамдық бөлімі.
Қонақ үйде орналастыру
Өрт қауіпсіздігі жүйесі
Аққу қонақ үйіндегі нөмірлер құны
Достық қонақ үйінің персоналы
Қазақстандағы әлемдік қонақ үй жүйелері және Қазақстан туризмнің қазіргі жағдайы
Жобаның бастапқы деректері
Көлік жүйелерін жетілдіру
Қонақ үй қызметінің түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері
Іскерлік жағдайды талдау, шешімді дамыту, теориялық білімдердің өз багажын пайдалану және қосымша іздеу ақпараты арқылы кәсіптік бағдарланған құзыреттілікті қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz