Туризм саласындағы мультипликативті әсері



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Экономика пәндерінің арнайы комиссиясы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Туризм экономикасы
Тақырыбы: Туризм саласындағы мультипликативті әсері

Тексерген:
Экономика пәнінің оқытушысы
Несипбаев Р.Е.

Орындаған:
Тур-31қ тобының студенті
Рамазан Б.

Қарағанды 2017 жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 МУЛЬТИПЛИКАТИВТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ...6
1.1 Мультипликатор түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Мультипликативтің салалардағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 МУЛЬТИПЛИКАТИВТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ӘСЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Мультипликативтің туризмдегі атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Туризм саласындағы мультипликативті әсерінің маңыздылығы ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

КІРІСПЕ

Туризм экономиканың бір саласы болып қаралады, кіріс пен пайда әкелетін және басқа да аралас салаларға дамуына ықпал етеді. Бұнымен қоса нарыққа өту барысында іссапарлардың кеңеюін болжап, шетел инвесторлары мен бизнесмендерге шекараның ашылуы, мемлекетаралық байланыстың жетілуі осының барлығы туризмнің активтілігінің ұлғаюына әкеледі.
Қазақстанда соңғы 12 жылдың ішінде туризм сферасында түбегейлі институционалды және сапалы өзгерістер болды. Нарықтық экономика элементтерін енгізу, мемлекеттік туристік кәсіпорындарды акционерлік, жеке және біріккен кәсіпорындарға қайта құру сыртқа шығу туризмі мен шоп-туризмге бағытталған Қазақстанның отандық туристік өнімін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың ) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.
Экономикалық күйзеліс жағдайында, белгіленген экономикалық және саудалық байланыстардың бұзылуы, жұмыссыздық өсуі кезінде туристік қызмет көлемі мен туристік өнімнен бас тарту болған жоқ, бірақ туризмде құрылымдық қайта құру байқалды - қызметтердің жалпы көлемінде сауда-саттық туризмі жоғарылады, неғұрлым үнемді турларға сұраныс көбейді.
Бүгінгі күндегі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ. Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық - тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие [1].
Туристік қызметтің жақсаруы маркетингті тиімді қолдану көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін. туризм нарығын сегменттеу әртүрлі сегменттердің приоритеттері айрықшаланатынын көрсетті: жоғары табысы бар тұтынушылар рекреациялық туризмді талғайды, орташа және төмен табыстылар - шоп-туризмді.
Туризмде фирмалар арасындағы бәсеке жоғарылауда, сондықтанда бәсекелестерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін оқып-үйрену керек, осыған орай фирмамен тұтынушыларын таңдауға әсерін тигізетін неғұрлым маңызды қызметтік көрсеткіштері есепке алынған туристік фирмалардың рейтингтік бағаларының варианттары құрылған.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.
Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құрылуы немесе жұмыс істеуі жол көлігі, сауданы комуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуде дамытумен тығыз байланысыты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда неғұрлым дәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жылдам және тұрақты дамуы, оның қоршаған ортаға барлық секторларымен қоғамның әл- ауқатын күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік дамуы бағдаламасында туристік саласы басымдық ретінде белгілі.
Ұлттық экономикаға туризмнің тигізетін әсерлерін оқып-үйрену үшін бірқатар әдістерді қолдануға болады. Неғұрлым тиімдісі болып арнайы мультипликаторларды құру болып табылады. Нақты уақытта мультипликаторлардың үш әртүрлі типтерін бөліп көрсетуге болады:
Кіріс мультипликаторы, оған туристік шығыстардың әсер етуінің үш аспектісін енгізеді:
-- тікелей әсер ету, яғни туристік индустрияда өндіруге жұмсалған шығындардың тікелей табыстарды қамтамасыз етуі;
-- жанама әсерлері туризм үшін тауарларды жеткізуші-ұйымдарда байқалады, өйткені олардың кірістері туризммен байланысты басқа салалар жағынан сұраныстың өсуі есебінен көтеріледі;
-- ынталандырушы әсері елдің немесе аймақтың экономикасында туристердің шығыстары қосымша табыстар жасайды және осы қосымша табыс көтерілген тұтынуға алып келуі нәтижесінде пайда болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - туризм саласындағы мультипликатор ұғымының мәнін ашу, сонымен қатар мультипликаторлы әсердің маңыздылығын анықтау, оның туризм саласындағы атқаратын қызметін талдау болып саналады.
Курстық жұмыстың міндеттері келесілер болып табылады:
Мультипликатордың мәнін ашу;
Экономика саласындағы мультипликатордың рөлін, оның маңыздылығын анықтау;
Мультипликатордың пайда болу тарихын меңгеру;
Туризм саласындағы мультипликативті әсерді анықтау болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты, міндеті анықталды.
Бірінші бөлімде, мультипликатордың түсінігі және мәні, оның пайда болу тарихы айқындалды.
Екінші бөлімде, мультипликатордың туризм саласындағы атқаратын рөлі, оның туризм саласында талдау және даму үрдісін бағыттау, сонымен қатар туризм саласындағы мультипликативті әсері анықталған.

1 МУЛЬТИПЛИКАТИВТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мультипликатор түсінігі және түрлері

Мультипликатор -- (латын тілінде multіplіkator - көбейтуші) - табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 ж. ағылшын экономисі Р.Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс "Жұмыспен қамтылудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы" (1936) деген еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді.
Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді. Жалпы ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультификациялық нәтиже деп аталады.
Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады. Мысалы, инвестиция 100 млрд. теңгеге өссе, мұның өзі жалпы ұлттық өнімді 300 млрд. теңгеге өсіреді, демек, мультипликатор=3, егер жалпы ұлттық өнім 200 млрд. теңгеге артса, онда мультипликатор 2-ге тең болады. Кейнстік мультипликатор теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні негізделді.
Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып жасалды.
Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұранымның, жалпы ұлттық өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраным тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттігі мен мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды [2].
Түрлері:
-инвестициялық мультипликатор - күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы;
-ақша мультипликаторы - ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қанша артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент;
-депозиттік (несиелік) мультипликатор - банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.
Ақша мультипликаторы дегеніміз- ақша несие жүйесінің салымда ұлғайтылуы немесе қысқарту нәтижесінде қанша мөлшерде ақша ұсынысының көбеюі немесе азаюын көрсететін сандық коэффицент және оның шамасы ақша несие жүйесінде пайдаланатын резервтін нормасына кері пропорционал болады.
Ақша мультипликаторының қарқыны экономикадағы айналыс жылдамдығына әсер етеді. Мультипликация коэффиценті неғұрлым жоғары болса, ақша массасы соғұрлым көп, ақша жылдамдығы аз болады
Акселератордың ic-әpeкeті мультипликатармен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өcyiн (оның өcyi еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті) - ұлттық табыстың өcyi инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің бipтeкті, бip бағытта ic-әрекет жасайтын мультипликациялық пpoцec пайда болады. Акселерация принципін алғаш рет 1913-ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кешірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әpi дами түсті.
Мультипликациондық эффекті ауқымын болжау үшін Дж. Кейнс енгізген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс - "орташа тұтынуға бейімділік" -- арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті ("АРС"-арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда "психологиялық фактор" ретінде түсіндіреді, ceбeбi адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Y) және "шектеулі тұтынуға бейімділік" (МРС) дегеніміз кез-келген тұтынудағы өзгерудің табыстары өзгepyiнe қатынасын көpceтeдi, яғни бұдан басқа да, Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кезден табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті eнгізді - орташа жинақтауға бейімделік және шектеулі жинақтауға бейімділік.
Мультипликатор үлгісін төмендегідей көрсетуге болады: ∆ Y = k∆F.
Мұндағы: ∆ Y- ұлттық табыс өсімі;
k - сандық коэффициент немесе мультипликатор;
∆F - қосымша шығын.
Экономикалық жүйеге түсетін қандай да қосымша шығын экономикалық агенттердің көрсететін қызметтері мен тауарлардына алатын төлемдері - олардың табысы болып табылады. k = 11-MPC - шығын мультипликаторы.
Мультипликатор - көбейткіш, ал акселератор - жылдамдату, деген мағынаны білдіреді [3].
Мультипликатор - бұл инвестицияның өзгерісімен ұлттық табыс өзгерісі арасындағы байланысты көрсететін коэффициент. K=dYdI; мұнда: dY - ұлттық табыстың өзгерісі (өсімі), dI - инвестицияның өзгерісі (өсімі). Басқаша айтқанда, мультипликатор - қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетінін көрсетеді.
Акселератор - ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне әкеледі. V= dItYt-Yt-1, мұнда: dIt - ағымдағы жылдағы инвестицияның өсімі, Yt-Yt-1 - өткен жылдағы ұлттық табыстың өсімі, V - акселерация коэффициенті, яғни табыс өсімінің инвестиция өсіміне ықпалының көрінісі.
Инвестициялық мультипликатор - күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы;
Ақша мультипликаторы - ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қаншаға артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент;
Депозиттік (несиелік) мультипликатор - банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.
Акселерация қағидасы мультипликатор теориясымен тікелей байланысты.Егер мультипликатор теориясы бастапқы беттегі автономиялы инвестициялар - ұлттық табыстың өсуіне әсерін зерттесе, онда акселерация қағидасы - кері құбылыс - ұлттық табыс өсімін - инвестициялардың өсу әсерін зерттейді.Бұл құбылыс ұдайы өндіріс процесі және экономиканы көтерудің бірден - бір негізі болып саналады.
Акселерация маңызы алғашқы беттегі инвестициялар нәтижесінде алынған, өскен табыс, тұтыну тауарларын өндіруді ұлғайтумен байланысты сұраныстың өсуін туғызады, бұл жайлар өз кезегінде, өндіріс құралдарының өсуіне деген сұраныс, яғни 2 құрылым бөлімдері үшін машиналарға, жабдықтарға, шикізаттарға сұраныстың өсе түсуіне әкеледі.Бұл, 1 құрылымдық бөлім үшін, ұзақ уақыт бойы ірі көлемдегі шығындарды талап етеді.
Акселерация қағидасы, салалар арасындағы тізбекті тәуелділіктің күшінен, тұтыну тауарларына деген сұраныс, өндіріс құралдары немесе инвестициялық тауарлар өндірісінің неғұрлым күшті дамуын туғызады.
Мультипликатор теориясының (автономиялық инвестициялар теориясы) өзгешелігі түпкі сұраныс немесе сату көлемінің өскендік нәтижесі болып саналады [4].
Орта капитал коэффициенті, сол кезеңдегі бүкіл капитал қорлары мен өнімдер шығаруды білдіреді.
- үшіншіден, бұл себептер, қазіргі, әсіресе соғыстан кейінгі экономикадағы құлдыраудың шамалы түрдегі "тереңдеуіне" әкелді;
- төртіншіден, дағдарысты құбылыстар жиі түрде бағалы қағаздар нарық және қаржы дағдарысы формасында несие нарықта көрініс берді.
Индустриалды экономикаға тән дағдарыстар тұтастай циклді әлеуметтік тұрғыдан түсіндіруге, жаңа мемлекеттік реттеуді жасауға көмектесетін технологиялық талдаулар экономиканың циклдік дамуын талдаудың негізгі қорытындылары болып саналады.
ХХ ғасырдың 70- ші жылдарының бірінші жартысы қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың дамуына жаңа жойқын төңкеріс (катаклизм) әкелді.Іс жүзінде бүкіл қазіргі капиталистік әлемді қамтыған мұнай дағдарысы кең етек алды. Бұл дағдарыстың циклдік дағдарыс ерекшелігі, мұнай және мұнай өнімдеріне әлемдік бағалардың өсуі ілесіп, әдеттегіден тыс өсу мен қабаттаса жүруімен сипатталды.
Бұл құрылымдық дағдарыстар жекелеген салалардың дамуы арасындағы диспропорция туындайды, созылмалы сипатта және циклдік дағдарыс басталуымен әрқашан да сәйкес келе бермейді.
Мұнай, азық - түлік, энергетикалық, шикізат дағдарыстары соңғы он жылдықта валюта жүйелеріндегі және экологиялық дағдарыстармен толыға түсті.
Қазіргі заманғы нарықтық шаруашылық дамуының жалпы суреті дәстүрлі схемалармен сәйкес келмейтін болды. Құрылымдық дағдарыстар неғұрлым күрделі сипат ала бастады, экономикалық проблемалар ғаламат саяси процестер әсерін молырақ тигізетін болды. Мәселен, ұлттық және аймақтық қақтығыстар мен социалистік жүйенің құлауы, ислам факторы деп аталатын жағдай, біртұтас Еуропаны құру процесіндегі қарама -- қайшылықты процестердің өсе түсуі және т.б. бөліп көрсетуге болады [5].
Акселерация коэффициенті, өз кезегінде, капиталдың өсуі (ынталандыру, инвестициялар) мен өндірудің өсуі арасындағы байланысты анықтайды.
Мультипликатор мен акселератор өзара әрекеті өнімдер өндіру мен табыстардың үздіксіз және прогрессивті өсуін туғызады. Бұл үлгілердің мәнісі:мысалы, егер тәуелсіз немесе автономиялы А инвестициялар өсетін болса, онда мультипликатор соған сәйкес шығарылатын өнімдердің өсуін туғызады. Өнімдерді шығаруды ұлғайту акселераторды әрекетке келтіреді және (индукция -- еркін туындату) капитал жұмсаудың пайда болуымен ілесіп жүреді.
Аталмыш модельдің мағынасы: автономиялы инвестициялардың өсуі мультипликатор шамасына сәйкес өсетіні тұрады. Табыстың өсуі, өз кезегінде, тұтыну тауарларына деген сұраныстың өсуі мен оларды өндірудің өсуден әкеледі.
Сонымен, акселераторды, төмендегі формула арқылы, инвестицияларды тұтынуға деген (дайын өнімдер) сұраныс немесе ұлттық табыстың өсуіне қатынасы түрінде беруге болады:
ИТ
А=Т-1-ДТ-2
бұл жерде: А -- акселератор
И- инвестициялар
Д -- табыс (немесе тұтыну сұранысы)
Т -- инвестициялар жүзеге асырылған жыл.
Мысалы, егер тұтыну сұранысының өсуі 1995 жыл және 1994 жылдар арасында болса, онда инвестициялар 1996 жылы жүзеге асырылған болады.
И 1996
А =nbsp;
Д 1995 -- Д 1994
Экономикалық циклді зерттеген экономистердің бәрі де белгілі бір дәрежедегі акселерация қағидасын қарастырған. Бірақ, оның шынайы түрде көрінуі туралы мәселедегі акселерация қағидасын бағалауда, түбегейлі айырмашылықтар бұрынғыша қалуда. Мәселен, Самуэль-сон, мультипликатор мен үйлесімді Акселерация қағидасы кумулятивті дефляцияны немесе инфляциялық спиральды тудырады деп болжайды. Тұтастай алғанда, Акселератор әсері экономиканың тұрақсыздығынан туындайтын, экономикалық ауытқулар бөлінбейтін элементі ретінде қарастырылады. Өркендеудің басталуы, жинақтау сондай жағдайға жетумен сәйкес келеді, соған орай өндірістің жаңа негізгі қорларын құру үшін, капиталды тиімді инвестициялау мүмкіндігі туады. Көтерілу, орта мерзімдік циклдегі өнеркәсіп дағдарысынан туындайтын орта мерзімдік циклдердің шиеленісуімен қоса қабаттасып жүреді [6].
Экономикалық өмір қарқының төмендеуі немесе факторлардың жиынтығымен пайда болған төмендету толқыны, өз негізінде жетілдірілген техниканы жасау саласындағы ізденіс және капиталды өнеркәсіптік =аржылы топтардың қолдарына шоғырландыруды күшейтеді. Осылардың барлығы жаңаша өркендеу үшін алғышарттар жасайды және өндіргіш күштер дамуының жаңа басқышы.

1.2 Мультипликативтің салалардағы рөлі

Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискрециялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.
Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін табыстардың қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді. Бұлардың барлығы табыстар-шығыстар жүйесінен кему болып табылады, яғни ішкі тұтынысты шалмайды. Инвестициялармен, экспортпен және мемлекеттік сатып алумен толтырылуы мүмкін шығыстардағы үзілімді жасай отырып, тұтыныс азаяды.Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстар графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы салық мультипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.
Тарихи тұрғыдан мемлекеттің рыноктық экономикадағы рөлі туралы алғашқы концепциясы капитализм саяси экономиясы классиктерінің концепциясы болып табылады. Классикалық теория XVII - ғасырда дүниеге келді және ол өзінің ортасына экономикалық ғылымның көптеген өкілдерін шоғырландырады. Олардың ішіндегі ең көрнектілері шотландық экономист және философ А.Смит және ағылшын экономисі Д. Рикардо. Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы ілімнің дамуына А. Смиттің Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу (1776ж) еңбегі зор үлес қосты [7].
Бұл концепция бойынша рыноктық күштердің еркін әрекеті тепе-теңдікті механизм жасап шығарады. Классиктер рыноктық экономикадағы мемлекет рыноктық үдеріс жағдайындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, меншігін қорғауы тиіс және рынокқа қатысушылар арасында туындайтын дауларға төрелік айтуы қажет. Басқаша айтқанда, мемлекет жекелеген адам дербес атқара алмайтын немесе тиімді түрде жүзеге асыра алмайтын істерді атқаруы тиіс. Экономикалық мәні бойынша бұл концепция рыноктық экономиканың өзін-өзі реттеп, өзін-өзі ұйымдастырып отыруға хал-ахуалы әбден жететіндігін дәлелдеу болатын. Өндіріс тұтынуды арттыру үшін ұйымдастырылады, ал тұтынудың өсуі өндірісті ынталандырады деді классиктер.
Бұл себепті - салдарлы өзара байланысты жүзеге асыру билік құрылымдарының тауар өндірушілердің шаруашылық қызметіне араласуынсыз-ақ мүмкін болады. А. Смиттің пікірі бойынша өндірушілердің жеке экономикалық мүдделеріне ұмтылысы және рыноктағы бәсекелестік жағдайы рыноктық экономика дамуының басты механизмі болып табылады, және мұның өзі әрбір тауар өндірушінің және бүкіл қоғамның байлығын арттыруға әкеледі. Рынокқа қатысушылардың жиынтық әрекеті тепе-теңдік бағаларды орнықтырады және әрбір сатып алушы осы бағаларға бағынады, ал бағалардың өздері болса жекелеген адамдардың жиынтық әсері шеңберінен шыға алмайды. Экономиканың осындай табиғи қызметін А. Смит рыноктың көрінбейтін қолы принципі деп атады.
Туризмнің мемлекеттік экономикадағы мағынасы мен рөлі мынада:
Туризмнің дамуы, әсіресе кіру, мемлекеттің валюта жағдайын және төлемақы балансын жақсартуына мүмкіндік туғызады. Туризм валютаның түсімінің қайнар көзі, олар екі деңгейде орындалады: біріншісі - турлардың сатылуынан, екіншісі - шетелдік туристердің валюта айырбастауынан және мемлекет ішінде тауарлар мен көрсетілетін қызметті тұтыну арқылы.
Туристік іс-әрекет нарығындағы маңызды қосымша реттеуші еңбек жұмыс орындарын жасай отырып, тұрғындарды әсіресе маусымдық мерзімде турқызметтеріне с ұраныс көтерілгенде жұмысбастылықпен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің инфрақұрылым кешенінің дамуына нәтижелі әсер етеді. Туристік іс-әрекет мемлекеттік салалардың отызына жуық дамуына әсер етеді.
Өзінің экономикалық мәні мен орнына байланысты мем-лекеттің халықшарушылық кешенін ала отырып, экспортты бағдар салаларына жатқызуға болады. Басқа экспортты салаларға қарағанда туризм ресурстарды шығарумен байланысы жоқ, ал саяхат барысында демалыс пен тануды шамалайды. Туризмді ұғымды жағдайда табиғатты әлеуетті түрде қолданса, онда туризмді таза экологиялық салалы қызмет деп атауға болады.
Әлеуметтік саланы дамытуды қамтамасыз етіп, адамның физикалық және рухани күшін қайта қалыптастыруға бағытталған, ұлттың сауықтыру жағдайын жақсартуға әрекет етуі - бұлардың барлығы жұмысшылардың өндіріс еңбегінің жоғарылауына оң әсер етеді.
Жеке тұлғаны жетілдіреді, ой өрісін кеңейтеді, интеллектуалдығын дамытуға ықпал етеді.
Мемлекеттер арасында нақты өзара қарым-қатынасқа жетуге ықпал етіп, микро шаруашылық байланыстарды ұлғайтады.
Үлкен инвестициялық салымдарды қажет етпейді, салынған салымның тез арада айналымын қамтамасыз етеді (турист қызметті пайдаланбай тұрып, ақшасы шаруашылық субъектісінің айналымында болады).
Кіру туризмі капитал сыйымдылығына ие болады, ол инфрақұрылымның дамуына қаражат салуды талап етіп, ал шығу туризмі инвестицияны салуды талап етпейді.
Мәдени, тарихи және табиғи ескергкіштердің қалпына келтіру мен сақтап қалуға жағдай жасайды [8].
Мультипликациондық эффекті ауқымын болжау үшін Дж. Кейнс енгізген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс - "орташа тұтынуға бейімділік" -- арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті ("АРС"-арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда "психологиялық фактор" ретінде түсіндіреді, ceбeбi адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Y) және "шектеулі тұтынуға бейімділік" (МРС) дегеніміз кез-келген тұтынудағы өзгерудің табыстары өзгepyiнe қатынасын көpceтeдi, яғни бұдан басқа да, Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кезден табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті eнгізді - орташа жинақтауға бейімделік және шектеулі жинақтауға бейімділік.
Жинақтауға бейімділікті бірден-бір психологиялық фактор ретінде көрсетеді.Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез-келген өзгерудің сондағы табыстың өзгеруіне қатынасын көрсетеді, яғни жинақтаудағы өзгеру AS жинақтаудағы табыс А у
Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялык эффектіні бағалауға ыкпал етті [9].
Kазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынады. Нақтыласақ, көп факторлы Кобба-Дуглас функциясын айтамыз.
Оның формуласы мынандай:
dL dK dS мұндағы Q - өнім; L -- еңбек; К - капитал; S -- жер.
1 МУЛЬТИПЛИКАТИВТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ӘСЕРІН ТАЛДАУ

1.1 Мультипликативтің туризмдегі атқаратын рөлі

Туристік ағымдарды болжаумен қатар, туризмнің Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсерін анықтау өте жоғары мәнділікке ие болып отыр, елдің экономикасына туризмнің әсерлері қысқа мерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Қысқамерзімді әсер негізінен тек қана туристік секторда дамитынын көрсетеді. Егер де экономикаға көпқырлы ұзақмерзімді әсерлері туралы айтатын болсақ, онда бұл әсердің маңызды аспектілері туралы айту қажет, туризмнің жалпы жұмыспен қамтылу мен белгілі бір аймақтар мен салалардың дамуына; қонақ үй индучтриясына, жол салу, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, саяжайлар, аттракциондар, экскурсиялық бюролар мен т.с.с. әсерін көрсетеміз.
Ұлттық экономикаға туризмнің тигізетін әсерлерін оқып-үйрену үшін бірқатар әдістерді қолдануға болады. Неғұрлым тиімдісі болып арнайы мультипликаторларды құру болып табылады. Нақты уақытта мультипликаторлардың үш әртүрлі типтерін бөліп көрсетуге болады [10]:
1. Кіріс мультипликаторы, оған туристік шығыстардың әсер етуінің үш аспектісін енгізеді:
-- тікелей әсер ету, яғни туристік индустрияда өндіруге жұмсалған шығындардың тікелей табыстарды қамтамасыз етуі;
-- жанама әсерлері туризм үшін тауарларды жеткізуші-ұйымдарда байқалады, өйткені олардың кірістері туризммен байланысты басқа салалар жағынан сұраныстың өсуі есебінен көтеріледі;
-- ынталандырушы әсері елдің немесе аймақтың экономикасында туристердің шығыстары қосымша табыстар жасайды және осы қосымша табыс көтерілген тұтынуға алып келуі нәтижесінде пайда болады.
2. Өнім шығару мультипликаторы туристік шығыстардың жалпы өсімінің нәтижесі арқылы жоғарылаған тауар айналымын бейнелейді.
3. Жұмыспен қамту мультипликаторы алдындағыларына қарағандағы айырмашылығы туристік шығыстардың жоғарылауы жұмыспен қамту деңгейінің өсуіне алып келуі мүмкіндігін көрсетеді. Жұмыспен қамту мультипликаторын тікелей жұмыспен қамтудың туристік шығыстардың қосымша жоғарылауымен шақырылған жанамаға қатынасы арқылы қарастыруға болады.
Олардың алдындағы тұрған тапсырма - мультипликаторлық эффект қандай болатынын көрсету үшін инвестициялық салымның қажетті сомасын анықтау. Жоғары дамыған туристік индустрияны жасау үшін үлкен материалдық және қаржылық салымдар қажет. Көптеген дамушы елдерге осы мәселені шешу үшін шетелдік капитал қызметіне жүгінуге алып келеді. Шетелдік тәжірибені есепке ала отырып шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықтың біз үшін неғұрлым жағымды нұсқасын таңдап алуға болады [11].
Шетелдік инвестицияларды тартумен қатар мемлекеттік әсер етудің келесідей құралдарын қолдану қажет, яғни туристік орталықтарды салу кезінде жергілікті жұмыс күштерін қолдану, туристік орталықтарды жабдықтау үшін жергілікті материалдарды қолдану, туристерді тамақтандыру үшін жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін шығыстау сияқты.
Жоғарыда атап кеткен параметерлерді есепке ала отырып, туризм экономикасына шетелдік инсвестициялардың қалай әсер ететінін анықтауға болады. Шетелдік инвестицияларды қолдану кезінде сервис сапасын жоғарлату үшін шетелдік тауарларды сатып алумен байланысты валютаның шығуы қандай мөлшерде кететінін есептеу қажет. Әлемдік баланстың есептеуі бойынша туристер үшін импортқа 15-тен 55%-ға дейін жергілікті емес ресурстармен туристік индустрияны қамтамасыз ету мен экономиканы дамытуға байланысты түскен түсімдер кетеді.
Бірқатар басқа салалардан туристік индустрияның айырмашылығы жоғары капитал салымдылығымен ерекшеленеді және сондықтанда оның дамуы үшін үлкен көлемде қаражат керек. Сондықтанда Қазақстанның туризм индустриясына салынған қаражаттар қандай көбейтінді эффект беретінін есептеу мақсатты пішімделге.
Туристік мультипликатордың әрекеті шетелдік туристерден алынған ақшалай қаражаттарды дұрыс қолдану арқылы көрінеді. Бұл қаражаттар туризмге тартылған көппішімді қызмет түрлерінің салдарынан экономиканың басқа салаларына қарағанда тез айналымға түсуі мүмкін, олар көптеген аралас салаларды қамтиды - құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, көлік, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары және т.с.с., және осының арқасында экономикалық белсенділіктің жоғарылауына мүмкіндік береді.
Туризмге деген халықтың қажеттіліктерін анықтау үшін, ең алдымен, жеке адамның нақты тұтынушылық тәртібіне әсер ететін факторлардың жиынтығын анықтау қажет. Егер де негізгі факторлар анықталынса, онда екінші тапсырма тұтынушылық тәртіптерінің (стиль, мінезі) пішімін бір уақытта анықтаумен жиынтық тұтынушылық топтарды бөлу болып табылады. Осы тапсырмаларды шешу көмегімен ағымдағы (репрезентатитвті) сұранысты анықтау әдіснамасын жасауға болады [12].
Туристік қызметтерді тұтынушыларды сегменттеу көпфакторлы сегменттеу әдісі бойынша іске асырылған, топтарға тұтынушыларды бөлу кезінде негізгі белгілері ретінде келесідей факторлар қолданылды: жасы, жанұялық жағдайы, әлеуметтік статусы, тұтынушылардың квалификациялық деңгейі. Осы кезде туризм сферасындағы қызметтер бойынша тұтынушылардың тәртібі мінезіне талдау жасалды. Туризм сферасында тұтынушылық приортеттер әрбір бөлінген тұтынушылық сегмент үшін анықталды.
Шоп-туризмдегі үлес салмақтың төмендеуіне қарамастан, салыстырмалы ақыл-ой еңбегіндегі адамдар материалдық мәселелерін шешу үшін сауда-саттық бизнесімен айналысуға мәжбүр. Осыған орай, бұл жағдайдағы туристік фирмалардың негізгі тапсырмасы - қызметтер ассортиментін кеңейту, яғни қызметтерді дифференциациялау, әсіресе, егер де фирмалар шоп-туризмге мамандалса, онда республикаға халықтық тұтыну тауарларын жеткізудің басқа әдістері мен құралдарына көшу нарықтағы жағдайлардың өзгеруіне алып келеді, ал ол шоп-туризмнің құрып кетуіне алып келеді.
Әлеуметті-экономикалық топтар рангісінің көтерілуіне қарай элитарлы туризм үлес салмағының жоғарылау тенденциясы байқалады. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет-салық саясатының қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты, құралдары
Түркістан қаласы туризм деңгейін көтере ала ма
Қазақстан Республикасындағы туристік кластердің қалыптасуы: мәселелері мен болашағы
Туризмді дамытуды реттеудің бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру
Қазақстандағы туризм саласындағы мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік реттеу құралдары
РАЗВИТИЕ ТУРИЗМА
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
Туризмді дамыту саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар
Пәндер