ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси және құқықтық көзқарастары



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
титулка

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. .5
1. ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен
қызметінің бағыт-
бағдарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы
рөлі ... ... ... ...8
2. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
КӨЗҚАРАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .16
2.1 XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметтері16
2.2 Алаш қайраткерлерінің егеменділік туралы идеяларының маңызы және
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .36

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін
өз қолына алғаннан кейін өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану,
философия, тарих ғылымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді.
Солардың бірі және бірігейі ретінде халқымыздың ұлт болып қлыптасуына, оның
ұлттық және саяси сана – сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін
жариялау жолындағы күресінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы
процестерге жетекшілік жасаған қазақ интеллегенцияларының саяси күресі мен
құқықтық көзқарастарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.
Қазақстан Ресейге бодан болғаннан кейінгі кезеңдегі қазақ өлкесінде
отаршыл – құқықтық жүйенің орнығуы және оған қарсы қазақ оқымыстыларының
саяси күресі олардың қазақ елінің мемлекеттік құрылысы жөніндегі саяси
құқықтық көзқарасының эволюциясына негізделгені зерделенген.
Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде бұл тақырып терең зерттелмеді, зерттелген
күннің өзінде коммунистік идеология үстемдік еткен заманда маркстік –
лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды. Кеңес Одағындағы барлық
қоғамтанушы ғалымдар сияқты қазақстандық зерттеушілер де кез – келген саяси
оқиға, құбылыс, қозғалыс тарихына баға беруде, олардың жетекшілерінің
құқықтық көзқарастарын айқындауда сол кезеңде үстемдік еткен таптық принцип
тұрғысынан, қоғам мен оны қорғаушы күштерді міндетті түрде антогонистік
таптарға жіктеу арқылы баға беріп келгені мәлім. Кез – келген саяси
күрестегі бірден – бір саналы күш жұмысшы табы ретінде таналып, ол яғни
пролетариаттың гегемондығы мемлекет және құқық тарихындағы күмән
келтірмейтін абсолютті ақиқат ретінде басшылыққа алынды. Міне, сондықтан
Кеңес Одағы заманындағы зерттеулерде маркстік – лениндік методологияның
басты принциптері таптық және париялық принциптер үстемдік алып, ғылыми
объективтілік мансұқ етілді. Еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік және
рухани салаларындағы процестерді зерттеумен Қазақстан мемлекеті мен
құқығының тарихы саласындағы ғылыми еңбектерді осы принциптерді басшылыққа
алу тұрғысынан жүргізілді. Марксизм – ленинизм бірден – бір объективті
ғылыми методология ретінде ұсынылса да, ол шын мәнінде тамыры терең, сан –
салалы тарихи процестерді зерттеуде бір жақтылықты, бір ғана идеология мен
қоғамдық пікірді орнықтыруды мақсат етті. Сондықтан кеңес дәуіріндегі
ғылыми еңбектерідің басым көпшілігінде мемлекет және құқық тарихына, оның
ішінде ұлттық тұрпаттағы саяси құқықтық идеологияның қалыптасуы мен даму
заңдылықтарына, ел тарихының шешуші кезеңдерінде оның бет алыс бағдарына
үлкен әсер еткен көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлер, заңгерлер мен
құқықтанушылар еңбегіне өз дәрежесінде лайықты баға бермеді[1]. Ендеше
еліміз тәуелсіздік алған кезеңде аталған тақырыптарды жаңа заманның биік
талаптары тұрғысынан және ғылыми объективтілік принципімен зерттеп,
зерделеу осы жұмыстың арқауы болмақ.
Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп
отыратын заңдар мен құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны
белгілі. Ендеше біз Қазақстан мемлекеті саяси және құқықтық ілімінің
тарихын зерттеу үшін сол нақты тұлғалардың саяси өмір баяны мен құқықтық
көзқарастарын білуіміз шарт. Тек соларды білу арқылы ғана сол кезеңнің
саяси тарихының біртұтас кескін – келбетін жасай алмақпыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты – ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының
саяси және құқықтық көзқарастары яғни ойлары туралы қарастыру болып
табылады.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметінің
бағыт-бағдарларына тоқталу;
- Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы рөліне
түсінік беру;
- XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси
қызметтерін анықтау;
- Алаш қайраткерлерінің егеменділік туралы идеяларының маңызы және
еңбектері танып, біліп қарастыру.
Болжам. Аталған жұмысты болжам бойынша саяси ілімдер сабақтарын оқытған
кезде қолданысқа кіргізуге болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ интеллегенциясы
қайраткерлерінің өмірі мен құықықтық көзқарасы арқылы саяси күрес пен оны
зерттеу нәтижесінде қалыптасқан саяси және құқықтық ілімі тарихының пайда
болуы мен даму жолын зерттеу.

1 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
1. ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметінің
бағыт-бағдарлары

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен көзқарастың
қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану
құралы ретіндегі тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән-мағынасы күрт
кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден
арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау белең алып келеді.
Зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңі
ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың
дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл отарлық шет аймақтардағы
өмір салаларында да- экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат
өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының
ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық
интеллигенция қалыптаса бастады. [1]
Кеңес үкіметі кезінде қоғамдық ғылымда үстем болып келген таптық
көзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке өзінің бостандығы, бүкіл
адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы
адам баласына тән өркениетті игеру жолында құжырлылықпен күрескен ХІХ-ХХ
ғасырлардағы қазақ интеллигенциясының қызметін объективті зерттеуге кедергі
жасады. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы, осы процестің тарихи-
мәдени алғышарттары бір жақты қарастырылды. Қазақ интеллигенциясы алдыңғы
қатарлы орыс мәдениетінің ықпалымен қалыптасып, дамыды деген сыңаржақ
қағида орын алды. Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани
бастау-көздер, қоғамда орын алған әлеуметтік- экономикалық және саяси
жағдайлардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі
қазақ интеллигенциясының жеңелегінің пайда болуы мен оның нақтылы іс-
әрекетіне жасаған әсері зерттеушілер назарынан тыс қалды. Ал Алаш
қозғалысының пайда болуына ұйтқы болып, Алаш партиясы мен Алашорда
үкіметінің белсенді қайраткерлері болған Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне
топтасқан ұлт зиялылары "халық жаулары" деген жалған жалалармен айыпталып,
олар туралы айтуға да жазуға да ресми түрде тыйым салынды.
Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған "ақтаңдақ"
беттерін саралау бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің
бірі. Демек, қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу
объектісі болуға әбден лайық, тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі.
[2]
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды,
адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын
өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана
өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге
асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және
оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей
дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын
әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта
адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби тұрде айналысатын
интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ
газеті мен Айқап журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы
осындай интеллектуалдар тобы болды.
Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан өтті. Монархтық
Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл
азаматтардаң өмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын
негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт
интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді. [3]
Бірақ бұл керісінше болып шықты. Жастардың бірден-сараны алдауға ергені
болмаса, көбі отаншыл, елжанды боп өсті. Шоқан, Ыбырай,
Абай,Мұхамедсалықтарды үлгі тұтты. Алайда бұлардың бәрін отаршылдық жүйенің
құрбаны деп есептеді. Тіпті олардың тосыннан келген ажалына осы режим
кінәлі деп санады. Сондықтан ендігі жерде топтаса күресудің, сауатты саяси
текетірестің амалын қарастырды. Осы көзқарас жаңа тұрпатты интеллигенцияның
ой-сана темірқазығы еді. ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық
өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің
алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары
мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының
объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім
ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып білдіруге, оның саяси күрес
бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды.
Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі мойындамай
бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық
құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен
әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің
жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы
адамзаттық қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы
1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Қазақ интелегенциясы
саяси қызметінің қорытындысында Алаш партиясы құрылды. [4]
Саяси күреспен қатар қазақ интелегенциясы ағартушылық қызметті де
кеңінен өрістетті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы
дәрігерлердің, саясатшылардың, судьялардан, ақын- жазушылардан қаралып,
мұның өзі қазақ ғылымының орнығып, алғашқы қадамдар жасауы үшін А.
Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Ж.
Ақбаев ж.б. қыруар істер тындырды. [5]
Мәселен, Ә. Бөкейханов қазақ халқының саяси және құқықтық сана- сезімін
қалыптастыру жөнінде көп іс тындырған тамаша саясатшы ғана емес, сонымен
қатар ғұлама экономист, әдебиетші және тарихшы болған. Оның қазақ халқының
тарихын, әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен мәдениетті зерттеуге арналған
монографиялық мәні бар Қазақтар атты мақаласы 1910 жылы Петербургте
жарияланды.
Қазақ интеллегенциясының шығармаларында қоғамның негізгі идеялары, ой-
пікірлері мен көзқарастары қарастырылған. Олар өз мақалалары мен кітаптары
арқылы өз халқын ғасырлар бойы мүлгіген тіршіліктен оянуға, оны
экономикалық және рухани тәуелділіктен азат етуге, өркениетті даму жолын
нұсқауға ұмтылды. Қазіргі кезге дейін құнын жоғалтпаған А. Байтұрсыновтың
Маса және М. Дулатовтың Оян, қазақ кітаптары нақ сол мақсатқа арналды.
Қоғамды демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы қозғалыс, әсіресе
бірінші орыс революциясы самодержавиені біраз кеңшіліктер жасауға мәжбүр
етті. Бастапқыда олар саяси салада булыгиндік Дума құрудан көрінді.
І Мемлекеттік Думаның жұмысына қазақтың көзі ашық, зиялылары: Торғай
облысынан- А. Қ. Бірімжанов, Уфадан- С.С.Жантөреев, Оралдан-А. К. Кәлменов,
Астраханнан- Д. С. Ноян- Түндітов, Ақмоладан- Ш. Қосшығұлов және Семейден
Ә. Бөкейхановтар қатысты. 1907 жылғы 20 ақпанда ашылған ІІ Мемлекеттік Дума
құрамына қазақ халқынан оқыған мына зиялы азаматтар енді: Ақмола облысынан-
Ш. Қосшығұлов, Торғайдан- Ғ. Бірімжанов, Семейден- М. Тынышбаев,
Сырдариядан- Т. Аллабергенов, Оралдан-Б. Қаратаев, Астраханнан-Б.Құлманов.
[6]
Қазақ интеллигенция өкілдері Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуымен қазақ
халқын сырттан жасалатын күйретуші әсерден қорғайтын қандай да бір заң
қабылдауға қол жеткізуді мақсат етті, дегенмен де олардың Думаға қатысуының
ең басты нәтижесі, негізінен, оның қазақтың ұлттық бірлігін нығайтуға және
олардың саяси деңгейін көтеруге көмектескендігінде болды.
Қазақ халқының Ресей империясына ортарлық құлдыққа түскен бүкіл кезең
ішіндегі азаттық жолындағы күресінің шырқау шыңы 1916 жылғы ұлт- азаттық
қозғалысы болды. Қазақ халқының тарихында 1916 жылғы оқиғаларда қазақ
интеллегенциясының алған орны мен атқарған рөлі туарлы мәселе ең жанға
батарлық мәселеге айналды. Алаш партиясының негізі болған буржуазияшыл-
ұлтшыл деп аталатын интеллегенция қазақ халқының жауы және сатқандары,
барып тұрған контреволюционер, патша малайлары және т.б. сияқты
ұғымдармен көрсетілді. [7]
ХХ ғасырдағы ұлт интелигенциясы тарихында аумалы-төкпелі оқиғалар көп
болса да, үш сапалық кезеңі аңғарылады. Олар 10-20 жылдардағы Алаш
зиялылығы кезеңі, 50-60 жылдардағы ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның
өрістеу кезеңі, 80-90 жылдардағы қоғамның ояну кезеңі.
Алаш зиялылығы кезеңінде өркениетті мемлекет құру мәселесі, ұлттың
тағдыры болашағы күн тәртібіне қойылды. Бұл жолдағы күресті Ресей
шындығындағы құқықтық жолмен жүргізу көзделді. Ашық тартысқа шығуға
бодандықтан еңсесі түскен елдің жайы мұрша бермеді. Оқығандардың Ресейдегі
түрлі партияға кіруі, ақырында одан күдер үзіп өздерінше саяси партия
құруы, әрқилы шаруашылықтық- экономикалық механизмдермен қоғамдық-
әлеуметтік шаралармен ел әл- ауқатын жақсартуға қам жасауы, айлық, жылдық
учительдік курстарды ашуы, негізгі мықты,бағыты анық газет-журналдар
шығаруы- ХХ ғасырдың 10 жылдарындағы жетістіктер. 1917 жылғы Ресейдегі
төңкеріс Алаш қозғалысына тұтқиылдан соққы болып тиды. 1919 жылдан бастап
зиялылар үрес тактикасын өзгертті. Оқу-ағарту, баспасөз саласында жүріп
халықтың деңгейін көтеруге тырысты. 1926 жылы мемлекеттік ұлт театрын
құрды, 1920-1929 жылдары ғылымның барлық саласы бойынша оқулықтар жазды.
Қазақ ән-күйлері нотаға түсіріліп алғашқы киносценарий жазылды, фольклорлық
мұралар жинастырылды.
Академиялық орталық құрылды. Осы істерге Әлихан, Ахмет, Міржақып,
Смағұл, Тұрар, Сұлтанбек, т. б. ұйытқы болды. 20 жылдардың соңы мен 30
жылдары ұлт интеллигенциясы жаппай репрессияланды. Алаш зиялылығының
тоталитаризм кезеңінде шет елде жалғасып, үмітті өшірмеген уақыты да
болған. Бірақ эмиграцияға кеткен қазақ саусақпен санарлықтай. Алғаш шетке
кеткен (1918) Мұстафа Шоқай 1941 жылы өлтірілді. Сонда жүріп ызбарлы
Кеңеске қарсы біраз еңбек жазғанымен, барын бере алмай кетті. Зәки Уәлиди
секілді естелік жазуға да ғұмыр бұйырмады. 1922 жылы Қытай асқан Райымжан
Мәрсековтің онда немен айналысқаны бізге белгісіз. Бірақ ол да сонда 1937
жылы өлтірілді. Анығы: Мұстафа, Райымжан сынды рухы күшті жандар алаштың
келешегі үшін басын бәйгеге тіккені. [8] 50-60 жылдары ғылыми-шығармашыл
интеллигенцияның өрісі кеңейді. Мұхтар, Сәбит, Ахмет, Шәкен, Әлкей, Қаныш,
Әбілхан т.б соңынан мол шәкірт ерді. Алғаш филиал ретінде құрылған ғылым
академиясы іргелі ғылым жасауға ұйытқы болды. Әл-Фараби, Абай құбылысы
зерделене бастады. Білімді қаламгер, сауатты оқырман өсіп шықты.
Әдебиетшілердің санаткерлердің жаңа толқыны өмірге келді. Жас тұлпар
секілді ұйымдар туды. Шенеуніктер мәдениетке ынтық болды. Белгілі
жағдайлармен соғыс жылдары ашылған өнер ошақтары мен оқу орындарында ұлт
интеллигентері көбейді. [9]

2. Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы рөлі

Тарих сахнасына алашорда-халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық
күрестің басында ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды.
Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік
жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін өркениетті
елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол-ұлттық мемлекеттік құрылымның
болуы еді.
Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп
бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын
таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған
жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси
институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал, осы негізде пайда болған
мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық- мұраттарға қол жеткізуді көздейтін
шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған
елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине Алаш
партиясының өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын.
Бірақ қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі
Ресейдің тұтастығын көксейтін ақ қазақтар мен патша генералдарына да жаңа
тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймайды. Егер
алғашқылары Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын бұратана халықтың ат
төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей қарап,
аяқтарынан шалса соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан ұрандармен
артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушылары буржуазиялық ұлтшылдар,
ұлтшыл-уклонистер деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып,
артынан бұларды асып-атып, рухани азапқа салып, жойып тынды(35).
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты
көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты.
Сондықтан да, ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қорғау салушылардың есімін
атауға да тиым салынды. Міне, осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін
қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында
қалдырған творчестволық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз
еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өрлейтін терең із қалдырған
қайраткерлеріміздің тізімі жетерлік.
Кеңес дәуірі кезінде жарық көрген ғылыми зерттеулерде саяси -идеялық
ахуалдың қалыптасуына әсер еткен, факторлардың ролі, ықпалдары маркстік —
лениндік көзқараспен бағаланды. Керісінше, қазақтың кең даласында анда-
санда көрініс берген большевиктік идеологияның таралу заңдылығы, яғни
социалистік революцияның болуы дәйекті қажеттіліктен туды деген тұжырым,
қағидалар ғылыми зерттеулерде аксиома ретінде дәлелденді. Ал, қазақ
қайраткерлері қоғамды күшпен құлатып, дәстүрлі саяси-құқықтық мөдени дамуды
ұлт санасына жат институттармен алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды.
Философ А. Қасабековтың түсігінше: XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық
қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов,
М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын
өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп
уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық
езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа
жақындастыру болды (36).
Міне, сондықтан да XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан
саяси-идеялық ахуалға большевиктік идеологияның ықпалы пәрменді болды,
революциялық қозғалысқа қазақ жастары белсенді араласты деген жасанды
тұжырымдар ақиқатқа сай келмейді. Ұлан байтақ қазақ жерінде большевиктік
идеологияға мойынсұнған М.Сералин, С.Көбеев, Н.Ералин, М.Бекметов,
Ы.Дүйсенбаев, Т.Бокин сияқты саусақпен санарлық қазақ жастарының астыртын
жүргізген революциялық қызметінен саяси —идеялық ахуалда күрт өзгеріс болды
деп сендіру ақиқатқа мүлдем қарама-қайшы екені даусыз.
Сонымен қатар, XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-идеялық
ахуалына түрік бірлігі түрікшілдік идеялардың қалыптасуы біршама ықпалын
тигізді. Негізінде түрікшілдік идея Айқап журналының айналасында
топтасқан қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары мен атқарған
қызметтерінен анық байқалды. Зерттеуші Санжар Асфендияровтың пікірінше:
...пантурксизм қозғалысымен байланысып жүрген қазақтың интелегенттері
Айқаптың айналасында жиналды (мысалы; М.Сералин, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин),
бұл топқа татар интелегенттерінің де ықпалы тиді. Айқапшылар Ресейдегі
түрік елдерін біріктіру керек деген пікірде болды(37.)
Негізінен қазақ зиялыларының түрікшілдік идеяға бойсұнулары үлкен үш
негізден бастау алды: Біріншіден, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары
өздерінің білімділігі мен ізденістері нәтижесінде байырғы түрік
мәдениетіне, оның Байкал көлінен бастап, Қара теңізге дейінгі аралықтағы
ұлы далада үлкен, күшті тайпалық бірлестік құрып, дүниежүзілік тарихта із
қалдырған ұлы Түрік қағанатының батырлық еріктік істеріне қанық болды да,
солардың тікелей ұрпақтары ретінде өз халқын сол бай тарихи аталар
дәстүрімен патриотизмге жігерлендіру арқылы отарлық саясат пен ұлттық
езгіге қарсы тұру санасын оятқысы келді. Екіншіден, түрікшілдік идея, қазақ
зиялыларының пікірінше, Ресейдің қол астында отарлық саясаттан тепкі көрген
барлық түрік тілдес халықтарды бір ту астына біріктірер бірден-бір ортақ
рухани күш ретінде танылды. Себебі, түрік тілдес халықтар батыс пен шығысты
қанды шеңгелінде ұстап тұрған екі басты самұрық құстың тырнағынан жеке-жеке
ұлт болып босанып шығулары мүмкін еместігін анық түсіне білді. Үшіншіден,
түрікшілдік, түркі бірлігі идеясы, қазақ зиялыларының пікірінше, көшпелі
түрік тілдес халықтардың бай тілі мен мәдениетін, тамырын тереңнен тартқан
дінін дуние жүзілік деңгейге көтеретін сол арқылы евроцентристік
көзқарастарға тойтарыс беріп, ғылымдағы ұлыдержавалық шовинизмді тежейтін
негізгі факторлардың бірі деп саналды(38).
Міне, осындай ұлттық маңызы зор мәселелерді жете түсінген Алаш
зиялылары түрікшілдік туы астына топтасып, Орыс империясының зорлық —
зомбылықты бөліп ал да, билей бер саясатына қарсы тұруға жан айғайымен
шақырды(39).
Түрікшілдік, түрік етіп көтерген Ысмайылбек Гаспринский (Гаспралы)
болды. Ол көзі тірі кезінде, халық арасында біздің сүйікті ұстазымыз,
халықтың қызметшісі, түрік-татар ұлтарының ағартушысы, прогреске жол
ашқан сияқты теңеу, атақтарға ие болған еді. XX ғасырдың басында жаңадан
қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралыны бүкіл Ресей
түркі халықтарыны мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын саяси көсемі ретінде
танылды. Оның еңбектерін оқыған қазақ зиялылары түрікшілдікке бас ұрмай
кетуі мүмкін емес еді. Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Сералин, Шәкәрім
Құдайбердиев, Сұлтанмахмүд Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сияқты қазақ
зиялылары Ысмайылбек Гаспралының түрікшілдік идеяларын қазақ топырағында
жандандырып, ел арасына түрік патриотизмі, түрік бірлігі рухының дәнін
екті, фәлсафасын уағыздады.
Қазақ зиялыларының түрікшілдіктен нәр алған өздерінің көкейлерінен
шыққан жалынды сөздері қазақ халқын саяси бостандық пен теңдікке
жігерлендіргені хақ.
Демек XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-идеялық ахуалдың
қалыптасуына әр мағынадағы қағидалар мен теориялардың ықпал еткені ақиқат
болып қала бермек. Сонымен, қазақ зиялыларының саяси-құқықтық,
реформаторлық көзқарастары негізінде ұлттық прогресс, саяси бостандық,
отарлық езгінің құрсауынан босану және саяси ұлттық, демократиялық мемлекет
құру идеялары жатты. Себебі, қазақ қоғамының даму процесі, ішкі шиеленістер
осы идеялардың іс жүзіне асуына дәйекті жағдайлар туғызған еді.
Жалпы Алаштық интеллигенция арасында большевиктер бағдарламасы әуел
бастан — ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер
ұстанған бағыт Қазақстан емес, тіптен Ресейдің өзіне де азапты болашақ
әкелетін бағыт болатын Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер
бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді
қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жайында мұндай
шаруаға бару мүмкін еместін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны
қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасында түсінбеушілік
туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа
апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ
шаруаларының жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық
жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығын осындай нәтиже бермей
қоймайды деп түсінді.
Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да
қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық
жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде отарлық езгідегі қазақ
жұртына қандай да болсын жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде
бірігу пуадай қажет болды. Жіктелу керісінше оны әлсіретеді, негізгі
мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді.
Өз ретінде Алаш басшылары болыпевиктердің таптық жіктеу саясатына
ұлттық тұтастық, бірлік саясатын қарсы қойды. Мәселен, Ә.Бөкейханов: Біз
қарап отырсақ қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын
қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың
баласы ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда басыңа бір қиын
іс келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты, дауды қой,
бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл(40). (Қазақ.
1918. № 260).
Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен
айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні,
жергілікті жұрт қызметін таза ақтар. Жалпы жұртқа мұрындық бол-деп
бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана деп түсіндіруге
тырысты.
Орынборда болған, Бөкейхан ұлдары бастаған съездің қарары бойынша күллі
Қазақстанда Алаш партиясы құрылды. Оның губерния-губернияда облыстық
комитеттері ашылды, уез-уездерде комитеттері ашылды. Тіршілік газетінен
басқа газеттерде Алаштың жобасы жарияланды.
Алаш партиясының жобасын эсер меньшевик партияларының, кадет
партиясының жобаларынан құрастырып алды, -деген тұжырым бар.
Ә.Бөкейхановұлы Сібірге, Омбыға, Семейге келіп баянадамалар жасады.
Мысалы: 1917 жылғы қарашаның 21-дегі Қазақ газетінің 25 нөміріндегі
Бөкейханұлын Семейде қалай, кімдер күтіп алғанын жазған. Семейде
Бөкейханұлын құрметтеп алдынан шығып сөйлеушілер: Шайқы Мұсатайүлы,
Ахметжан Қозыбағарүлы, Маннан Тұрғанбайұлы, Сұлтанмахмұд Торайғырұлы,
Жүсіпбек Аймауытұлы.
Қазақ газетінің 250 нөмірінде Алаш партиясының бастығы
Бөкейханүлы бірнеше жолдастарымен қол қойып жарнама жазды. Жарнамаға қол
қойғандар: Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, А. Бірімжанұлы,
ЖЖәнібекұлы, Ф.Ғалымжанұлы, КАрынғазыұлы, Ғ.Жүндібайұлы, Ғ.Бірімжанұлы.
Енді Қазақ газетінде жарық көрген Алаш партиясы туралы тілшілер мен
зиялылардың мақалаларынан үзінді:
Ақмола облысы
Омбыда областной Алаш партиясының комитеті ашылғандығы Қазақта
жазылған комитетке сайланған адамдар:
Асылбек Сейітұлы, М.Жұмабайұлы, М.Саматұлы, Қ.Кәкенұлы, т.б. Алаш
комитеті өр уезге учредительное собрание сайлауын халыққа түсіндіруге кісі
шығарды. Бұлар Ақмола облысының 5 уезінде Алаш комитетін ашты.
Қазақ газеті. 1917. № 254. (аталған газеттің тілшісі).
Алаш партиясы.
Семейде областной Алаш партиясының комитеті ашылған хабарын жазды..
Алаш партиясының Семейде уақытша областной комитеті ашылды. Комитетке
кірген кісілер: Ә.Ермекұлы, Р.Мәрсекұлы, И.Әлімбекұлы, А.Қозыбағарұлы,
Тұрағұл Құнанбайұлы, Ә.Бөкейханұлы т.б. комитеттің председателі Қалел
Ғаппасұлы, Жолдас Ахметжан Қозыбағарұлы, секретары Сыдық Дүйсенбайұлы,
қазынашысы Данияр Бөкейханұлы деп жазылған. Қазақ газеті .1917. № 253.
Алаш партиясы.
Алаш партиясының Орынборда Тургайский областной комитеті ашылды.
Комитетке Орынборда тұратын он қазақ және 4 уезден қазақ, барлығы он төрт
адам сайланды. Орынбордағы ағзалар: А.Бірімжанұлы, А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханұлы, Е.Омарұлы, .Жәнібекұлы, М.Дулатұлы,
Ғ.Жүндібайұлы, С.Досжанұлы, Т.Шонанұлы,(ЬІрғыздан), Е.Нұрмахамбетұлы
(Ақтөбеден) Мырзағазы Есполұлы (Қостанайдан). Алаш партиясының областной
комитет председателі Әлихан Бөкейханұлы, серігі Ахмет Байтұрсынұлы,
секретары Міржақып Дулатұлы, қазынашысы Жанұзақ Жәнібекұлы.
Алаш партиясының ағзалық жарнасы бір сом деп жазылған.
Қазақ газеті. 1917. № 250.
Алаш партиясы
Алаш партиясына кіруге қазіргі шарт:
Кіндік комитетінің айтқанын екі қылмайтын, бұйырғанын дәл орындайтын
Алаш партиясының программасын жөн көрген адам кіреді,- дейді.
Қазақ газеті .1917. № 253.
Түрік —татар қамқоры
...14 ноябрьде Омбыдағы Алаш партиясының областной комитетінен мынадай
телеграмма алдық:
Алаштың дұшпандары Алаш партиясын халыққа теріс түсіндіріп, өтірік
хабар таратып жұр. Қазақта алаш партиясының жобасы басылып шықса екен.
Қазақ газеті. 1917. 12-ноябрь. № 28.
Алаш партиясының қоғамдық қызметі.
Партия тарихына қатысты келесі бір мәселе әрине оның қоғамдық қызметі.
Алаш ұйымдық тұрғыдан қалыптасып үлгірмей-ақ жалпыресейлік Құрылтай
жиналысына депутаттар сайлау шарасына қызу араласып кеткен еді. Оның бұл
саладағы қызметі мынадай екі бағытта жүрді. Біріншіден, Қазақ және осы
1917 жылдан бастап шыға бастаған Сарыарқа (Семей),
Бірлік туы (Ташкент) және Ұран (Орал) газеттері партияның
бағдарламалық міндеттерін, оның атынан депутаттыққа ұсынылған адамдарды
халыққа таныстырып жатты. Екіншіден, өзін осы партияның мүшесі санаған
оның облыстардағы активистері қазақ комитеттерінің қолдауымен ел арасында
үгіт жұмысын жүргізді (26).
Мәселен, Қазақ газетіне Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау
шарасына дайындық барысы туралы Ақмола облыстық Алаш партиясы комитетінен
мынадай хабар келіп түседі: Алаш комитеті әр уезге Учредительное Собрание
сайлауын халыққа түсіндіруге кісі шығарды. Бұлар Ақмола облысының 5 уезінде
Алаш комитетін ашты. Жұрттың бәрі Алаш атынан шыққан депутаттарға тас
саламыз, онан басқаның бізге керегі жоқ деп бата қылысып тұр(27). (Қазақ.
1917. №255).
Семей облысындағы сайлауға дайындық барысы туралы Сарыарқада мынадай
хабар басылды: Құрылтай сайлауы таянған себепті ел аңдаусыз қалмасын деп,
областной қазақ комитеті Павлодар, Семей һәм Өскемен уездеріне 7 кісі
шығарды. Семей уезіне шыққандар: Мұстақым Малдыбаев,
Мұхтар Әуезов, Шайхы Мұсатаев, Құрман Есенғұлов, Әшім Нұрмұхамедов
Өскеменге барып, ондағы ақсақалдар азаматтарымен сөйлесіп, сайлау мәселесін
түсіндірушілер шығару үшін Сыдық Дүйсембин кетті; Павлодарға да осы
мақсатпен кеткендер Юсуфбек Аймаутов һәм Қаныш Сәтбаев(28). Осындай
мазмүндағы хабарлар жаңа құрылған түрлі ұйымдардан келіп жатты. Мысалы:
Семей облысы Шыңғыс ауылындағы 35 мүшесі бар Талап ұйымы сайлауға
байланысты қабылдаған қаулысында, әрбір мүшесіне көлігі жоқ кедейлерге
көлік, шаналы түйе ұйымдастыруды міндеттеді(29). (Сарыарқа. 1917.
№254). Қазақ газеті депутатыққа кандидаттарды таныстыруда мейлінше әділ,
обьективті болуға тарасты. Мысалы, газет Бөкей ордасынан депутатыққа
кандидат Уалидхан Танашевты таныстырап, оның заңгер, қазан университетінің
түлегі, қазанда қызмет жасап, татар жұртына ұнап, оның атынан Құрылтай
жиналысына депутатыққа ұсынылып отырғандығын білдіріп Елінде көп
тұрмаған соң Бөкей жұрты Уалидханды жақсы білмесе ғажап емес. Уалидхан
жігерлі, таза, іскер ұлтшыл, зиялы азамат(30) деп көрсетеді. (Қазақ.
1917. №247).
Сайлауға дайындық барысында мынадай бір елеулі оқиға болды. Торғай
облысы бойынша депутатыққа кандидаттар тізімінде бір уезден және бір рудан
шыққан көрнекті үш қазақ зиялыларының есімі аталған еді. Соған байланысты
ел арасында түрлі алып-қашпа пікірлер тарайды. Мұны естіген үш кандитаттың
бірі М.Дулатов Қазақта ашық хат жариялап, онда Учредительное собраниеге
сайланатын депутаттар да Еуропа рәсімімен сайлануға тиіс еді.
Заман рухына сай елді ұлттық бірлікке басқа да Алаш басшылары
шақырды. Мәселен, М.Тынышбаев Учредительное собрание атты мақаласында
Мен ұлы жүз, сен кіші жүз, анау орта жүз демей, мен аталының баласы, бұл
кіші ауылдың баласы демей, бәсекеге түспей, жұрт жолына құрбан болатын
келісті адамдарымызды сайлауымыз тиіс деп көрсетті.
Құрылтай жиналысындағы депутаттық орын үшін талас қазақ облыстарында
негізінен социал-революционер (эсер), социал-демократтар (большевиктер)
және Алаш партиясы арасында жүрді. Бұл партиялардың халыққа ықпалы
қалаларда, көсіпорынды жерлерде және ауыл-селолық мекендерде әрқалай
болды. Бұл арада мұндай күрделі мәселегше кең тоқталу мүмкін болмағандықтан
аталған партиялардың қазақ жұрты арасындағы қызметіне қатысты өз
тұжырымдамамызды келтірумен шектеледі.
Осы кезеңде жергілікті жағдай анағұрлым күрделі болатын. Біріншіден,
1917 жылдың екінші жартысында бүкіл қазақ облыстары көлемінде қолайсыз ауа-
райына байланысты ауыл-шаруашылығында дағдарыс көріністері белгі бере
бастайды. Сырдырия, Жетісу сияқты облыстарда тіптен аштық етек алды. Бұған
сол уақытқа дейінгі соғыс шығындары, саяси тұрақсыздық қосылып, қалың
бұқараны әбден қаңсыратқан еді. Қайсібір аудандарда жұрттың саясатқа көңіл
аударарлықтай халі жоқ еді. Сол көңіл күйді айғақтайтын Бірлік туы
газетінен алынған мынадай бір фактіге назар аударалық: Жақында астық іздеп
елден келген бір кісі басқарушымызға кіріп мына сөзді айтты: Шырақтарым
оқығандар, осы күні ел-жұрттың халі нашар. Елдің барлық үміті комитеттерде,
һәм оларда қызмет етіп жүрген өздеріндей оқығандарда(ЗІ). (Бірлік туы1917
№16).
Алаш партиясына мынадай сипаттама берілді:
1)ол контрреволюциялық партия болды;
2)буржуазиялық-ұлтшылдық бағыт ұстанды;
3)бай феодалдар мен мұсылман дінбасыларының мүдделерін білдірді;
4) исламшылдық пен түрікшілдік идеологиясын уағыздады.
Қазақтың Алаш саяси партиясының аталған сипаттамасы Кеңес өкіметінің
алғашқы жылдарының өзінде-ақ коммунистік партияның қырағы идеологиялық
бақылауымен қалыптастырылған болатын. Алаш партиясының жобасы, оның
идеологиясы, ұйымдастырылуы мен қызметіне қатысты барлық құжаттарда
Алаш саяси партиясы қазақ халқын феодалдық тәртіптерге тартқан
кертартпа ұйым ретінде Ғылыми негізделген түрде дәлелденіп,
түсіндірілді. Коммунистік партия Алаш партиясын контрреволюциялық партия
деп санады. Алаш партиясына берілген мұндай сипаттама шындыққа мүлде
сөйкес келмейді. Алаш партиясы I Бүкілодақтық съезде 1917 жылғы шілдеде,
яғни қазан революциясына бірнеше ай қалғанда рәсімделді. Сондықтан
партияның сол кезеңдегі құжаттарында өлі жеңіске жетпеген большевиктерге
қарсылық туралы сөз мүлде болған жоқ. Егер 1917 жылғы ақпан революциясына
дейінгі кезеңді алар болсақ, Қазақстандағы саяси қозғалыстың қайраткерлері
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев және басқалар патшалық
самодержавиеге мейлінше қас, оның еш уақытта бітіспейтін дұшпандары болды.
Алаш партиясы мен оның қайраткерлері қазан революциясынан кейін кеңес
өкіметіне әлеуметтік-ізгілік принциптерді танымайтын халықтарды, ұлттарды
таптық белгілері бойынша ғана бөлетін таптық саяси ұйым ретінде қарсы
шықты. Алаш партиясының өз идеологиясы болды, оның мәні мүліктік
айырмашылықтарына қарамастан, бүкіл халықтың мүдделері бірдей екендігін
мойындауға саятын.
Алаш буржуазиялық — ұлтшылдық партия болды деген большевиктік
тезис, біздің пікірімізше, екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі- Алаш
партиясының буржуазиялық сипаты. 1917 жылдың ақпан революциясына дейін
Алаш қайраткерлері Ресейдің революциялық саяси партияларының тамырын
басып, аңысын аңсады(32).
Алаш партиясының ұлтшылдығы да ойдан шығарылған және халықтың оны
қолдамауы үшін таяз ойлы жандарға ғана арналған еді. Ұлтшылдық-
идеология, психология, әлеуметтік саясат, дүниеге көзқарас және бір ұлтты
екіншісінің бағындыру саясаты, ұлттық ерекшеліктер мен астамшылықты
уағыздау, ұлт араздығын тұтандыру, сенімсіздік және жанжал туғызу(33).
Алаш партиясы бай- феодалдардың мүдделерін білдірді деген пайымдау
да—жала жабушылық. Марксизм жалпы әлеуметтік идеяларды мойындамады, ол тек
таптық идеологияны ғана таныды. Алаш партиясы өзі пайда болған кезден
бастап-ақ халықты байлар мен кедейлерге бөлмей, бүкіл қазақ халқының
мүдделерін жақтады.
Алаш партиясына тағылған келесі коммунистік айыптау- оның
панисламшылдығы мен пантуркистігі. Ұлт-азаттық қозғалысқы қосылғандар
арасында исламшылдар мен түрікшілдер болғанын теріске шығаруға бола қоймас.
Бірақ Алаш саяси партиясы діни негізде құрылған жоқ. Алаш қайраткерлері
исламшылдық идеясын ешқашан- мойындаған емес.
Алаш қозғалысының тарихына қазірдің өзінде бірсыпыра еңбектер
арналғанымен, осы кезге дейін Алаш партиясы Бағдарламасының жобасы
жөнінде арнайы зерттеу жүргізілген жоқ. Ал онда қазақ халқының ұлт-
азаттығы, саяси, экономикалық жағынан қайта түлеу идеясы қалыптасуының
қиындыққа, қасіретке толы бүкіл жолы тайға таңба басқандай айқын
көрсетілген еді.
Алаш партиясы бағдарламасының жобасы осы уақытқа дейін өзіне
дүниежүзілік ғылыми жұртшылық назарын аударып келеді десек, артық айтқандық
бола қоймас. Бұл ретте Алашорда материалдарының Америка Құрама Штаттарында
басылып шыққаны дәлел бола алады. Бұл құжатты алғаш орыс тіліне аударғандар
большевиктер еді.
Алаш партиясы бағдарламасының жобасы орыс тіліне кеңестік кезенде
аударылып, жария етілді(34). Өкінішке орай, аударманың осы нұсқасы Алаш
тарихын зерттеуде орын алған көптеген қиянатшыл пікірлерге негіз болып
келеді.

2. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2.1 XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметтері

XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917
жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын
аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал
арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын
еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар
мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі
мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары,
негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.
Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі
болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX
ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын- аулақ мектептер мен
гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің зиянды әсерінен сақтау және
далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды.
Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым
орынды қазақ жастарына бөлуге мәжбүр болды. Мұндай қадамға бара отырып, ол
жыл сайын өсе түскен басқару жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға
мұқтаждығын канағаттандыруды көздеді. Осы мақсатта генерал-губернаторлык
кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп
отырды. Міне, осы белгіленген стипендияға және қазақ ауқатты топтарының өз
еркімен жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу, Санкт-
Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында
түрлі мамандыктар бойынша білім алды. Мәселен, тек Қазан университеті мен
мал дәрігерлік институтын 1917 жылға шейін 35 (20 және 15) қазақ жастары
аяктап шыққан.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім
орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің
де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы
институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты),
Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев,
Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық
қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары,
сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.
Қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия, дәрігерлік училище,
мұғалімдер даярлайтын семинария түлектерінен тұрды. Бұл топтың қатарында
Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С. Торайғыров,
Ғұмар Қарашев сияқты көптеген ірі тұлғалар бар еді.
Жүсіпбек Аймауытов
Қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі орталықтарда оқып, саяси
оқиғаларға тікелей араласуы, орыс демократиясының ыкпалында болуы оның
қоғамдық көзқарасының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер
етпей коймады.
Саяси қызметке араласу тек ірі қалаларда оқитын студенттерге ғана
тиесілі құбылыс емес-тін. Қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға ден қою,
түрлі саяси үйірмелер ісіне араласу Омбы, Семей, Орал сияқты жергілікті
орталықтарда оқып жүрген жастарға да тән әрекет еді.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары қоғамдық-саяси қызметке даярлықпен
келді, ал олардың дербес саяси күш ретінде белсенді әрекетке көшуі 1905
жылғы революциялық оқиғаларға тұспа-тұс келді. Оған қазақ халкының орыс
отаршыл әкімшілігіне тәуелділігі және қоғамдық дамуда ортағасырлық деңгейде
қалып қоюы түрткі болған еді. Саяси қызметі тура осы мезгілде басталған
Міржақып Дулатұлы 1929 жылы кеңестік абақтыда тергеушілерге берген
жауабында жалпы ұлт зиялыларына ортақ мынадай пікір білдірді:
...Ол жылдардағы қазақ халқының қараңғылығы мен надандығын айтып
жеткізу қиын. Қазақ бұқарасы губернаторлар мен уезд бастықтарын айтпағанда,
ең төменгі урядниктің алдында діріл қағып, адам төзгісіз қорлыққа шыдады,
оның бұл халге жетуіне өз арасынан шыққан надан тілмаш шенеуніктер, болыс
басқарушылары және басқалары өз үлестерін қосып, ауыр салық, зорлық,
парақорлық, құпия өсектер үйреншікті көрініске айналды; қазақ әйелі күң
жағдайында болды, ең құнарлы жерлер ешқандай есепсіз қоныс аударушыларға
алынып берілді, ал қазақтар шөлге ығыстырылды; патша үкіметі мектептер
аштыруға бас-көз қамқоршы болудың орнына, қазақтарға өздері жиған қаржыға
мектеп салуға тыйым салды; мектеп ашуға әрекет жасағандар Якут облысына жер
аударылды (мысалы, Қосшығұлов, Науан хазірет, т.б.), дәрігерлік көмек
жөнінде халықта түсінік те болған емес... Қазақ елі, міне, осындай түнекте
ғұмыр кешті. Патша үкіметінің отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетті. Осының
бәрін көре түрып өзімнің азын-аулақ біліміме қарамастан, қолымдағы барыммен
ар-намысы аяқ асты болған сорлы халқыма көмектесуді өз борышым санадым.
1905 жылғы жазға қарай Қазақстанның барлык өңіріндегі жәрмеңкелерде
қазақ жұртының мұқтаждықтарын талқылаған съездер өте бастады. Бірден
жандарм мекемелерінің назарына іліккен бұл жиындарда патшаға, ортақ билік
орындарына арналған арыз-тілектер жазылды; Жетісу және Семей облыстары
атынан жазылған шағымдарды талқылауға 25 мыңнан астам адам қатысты.
Бұл талап-тілектерде қазақ елінің қоғамдық өмірдегі ең негізгі
мұқтаждықтары, яғни жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру, ұждан және
дін бостандығы, бақылаусыз газет шығару және баспахана ашуға рұксат беру,
қазақ елінің жоғарғы заң шығарушы орындарға депутат сайлау кұқын мойындау
және басқа сол сияқты аса маңызды мәселелер көтерілді.
Барлык арыз-тілектерде жоғарғы билік алдына қойылған үлкен де өзекті
мәселе, әрине, жер мәселесі болды. Арыз-тілек авторлары әкелер қанының
өтеуімен азат етілген атамекенін орыс үкіметінің ешқандай да дәлел-
себепсіз мемлекеттік меншік деп жариялап, соған сүйеніп ең кұнарлы жерлер
мен тұщы су кездерінің қоныс аударушыларға өтіп жатқандығына наразылықтарын
білдірді.
Арыз-тілек науқаны ұлт-азаттық козғалысында өзара айырмашығы бар екі
ағымның қалыптасып келе жатқандығын аңғартты. Оның бір жағында қазақ
жұртының болашағын еуропалық өркениеттің жетістіктерімен байланыста қарап,
дін ісін екінші кезекке ығыстырған зиялылар тұрса, оған қарсы екінші бетте
қоғамдық дамуда ұлттық-діни ерекшеліктерді негізгі құндылық ретінде
бағалаған топ тұрды. Ә.Бөкейханов алғашқы ағымдағыларды батысшылдар, ал
соңғы ағымдағыларды түрікшілдер деп атады.
1905 жылғы 6 тамызда жарияланған манифест бойынша қазақ еліне де
Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары Дума
жұмысына белсене араласу арқылы үкіметтің Қазақстандағы саясатына, әсіресе
жер мәселесіне ықпал етуге болады деп түсінді. Бірақ сайлау қарсаңындағы
қазақ қоғамында Думаға депутат ұсына алатын өз бағдарламасы бар саяси
партия жоқ болатын. Уақыттың тарлығына байланысты және баска даярлыктың
жоқтығын түсінген ұлт зиялыларының басым бөлігі ресейлік конституциялық
демократиялық партияның (кадеттер) бағдарламасын мойындап, қазақ
облыстарында осы партияның бөлімшелерін құрып, осы ұйымның атынан
депутаттыққа түсті.
I—II Мемлекеттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясы жұмысына белсенді
араласқан қазақ зиялылары үкіметтен Қазақстанға ішкі Ресейден қоныс
аударушыларды жіберуді, жергілікті халықты егіншілікке жарамды жерлерден
ығыстыруды тоқтатуды талап етті. Қазақ депутаттарының бұл талабын
қазақстандық Т. И. Седельников және сібірлік Н.Л. Скалозубов бастаған
демократиялық бағыттағы орыс және баска ұлт депутаттары да қолдады.

2.2 Алаш қайраткерлерінің егеменділік туралы идеяларының маңызы және
еңбектері

XIXғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ресей империясының отаршыл
саясаты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет құру идеясын орындалмас қиялға
айналдыруға бар күш-жігерін жұмсады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев "Тарих
толқынында" атты еңбегінде: "Сырым Датов, Кенесары Қасымов және басқалар
бастаған көтерілістер қазақтың ұлттық рухын орнықтыруға, ортақ жау - Ресей
патшалығына қарсы күресте қазақтардың барлық күшін біріктіруге талпынған
әрекеттер еді", - деп көрсетуі тарихи ақиқатқа негізделген[1].
Отарлау саясаты жазалау шараларынан бастап, түрлі құйтұрқы заңдар
арқылы қазақтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін іс-әрекеттерге
дейін барып, ұлттық мемлекеттілік институтының кез келген көрінісін жоюға
тырысты. Соның салдарынан қазақ даласында хандық билік институтының
белгілері біржолата жоғалып, оның орнына отарлау аппаратының иерархиялық
сатыға бағындырылған шенеуніктер жүйесі басқаратын империялық әкімшілік
билік орнады. Дәстүрлі билер соты, шешендік сөз бен салиқалы әділ шешімге
жүгіну біртіндеп келмеске кетіп, оның орнына парақорлық, билік өкілдерімен
жең ұшынан жалғасып ауыз жаласу, сайлау науқандарындағы саяси талас-тартыс,
арамза үгіт-насихат сияқты келеңсіз көріністер туындап қана қоймай,
үйреншікті құбылысқа айналды. Бір сөзбен айтсақ, сол кезеңде қолданысқа
енген заңнама қазақ халқын қанауға бағытталды.
Патшалық Ресей қазақтың кең жазира даласын мемлекет меншігі деп
жариялап, пайдаланылмайтын бос жер деген желеңмен озбырлықпен тартып
алып, қоныс аударушыларға бөліп беру орын алды. Әлеуметтік-саяси жағынан
алғанда, бұл кезең патшалық Ресей империясының қазақ даласындағы отарлау
саясатының күшеюімен ерекшеленді.Кез келген әрекет өзінің қарсы әрекетін
туғазатын табиғат заңдылығы бұл жерде де өзінің айнымастығын дәлелдеді.
Отарлау саясаты өрістеген сайын, қазақ халқының ұлт азаттық күресі, ұлттық
мемлекеттілік құру идеясы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Қазақ зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбектерімен танысу
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Алаш партиясына шолығу
Пәндер