Демократияның заманауи теориялары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
Мемлекеттік университеті
Тарих экономика және құқық факультеті
«Құқықтық пәндер кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Демократияның заманауи теориялары»
Авторы: Сапашева М. Б.
(тегі, аты, әкесінің аты)
Жетекші: Казенова А. А
(тегі, аты, әкесінің аты)
Петропавл, 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ . . . 4Демократия туралы түсінік . . . 4Демократияның даму тарихы . . . 6
2. ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕОРИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУЫ . . . 16
2. 1 Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру . . . 16
2. 2 Қазақстан Республикасындағы демократияның даму үрдісі . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия’ теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т. с. с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі. Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О’Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген. Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтын қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж. Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі) . Тікелей демократия- халықтын жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум. Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия) . Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады. Осыған орай аталған тақырыпты зерттеп қарастыру өзектілікті айқындайды.
Зерттеудің мақсаты - аталған курстық жұмыста демократияның жаңа теориялары мен қозғалыстарына тоқталу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
- Демократия түсінігіне тоқталу;
- Демократияның тарихи қалыптасуы мен дамуына сипаттама беру;
- Қазақстанның демократиясына талдама жұмыстарын жасау.
Жаңалығы. Аталған курстық жұмысты студентдік курстарда саяси ілім сабақтарында пайдалануға болады, жұмыстың басты жаңалығы болып еліміздегі және барлық мемлекеттердегі демократияның даму үрдісі сипатталған.
1 ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
- Демократия туралы түсінік
Демократия - сөзі demos - халық және kratos - билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т. с. с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж. Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі) .
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия) . Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады. [1, 42 б. ]
Демократияның антикалық, классикалық теориялары
Тұңғыш демократиялық мемлекет б. з. д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т. с. с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.
Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.
Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б. з. б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік” теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады.
Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т. с. с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.
Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мешікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал [2, 120 б. ] .
- Демократияның даму тарихы
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты демократиялық мемлекет құру. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен әдістерін үнемі іздестіріп келеді
. Бұл ізденіс толастар емес. Демократияның ерекшелігі оның әмбебап сапаларымен қатар барлық елдерде біркелкі жүрмеуі және қайталанбауы. Әрбір мемлекет демократияға өз жолымен барады. Ол жолдар әлемдік ортақ құбылыстар мен қатар өзіндік ерекшеліктерді міндетті түрде әкеледі. Демократиялық мемлекет құрудың қиын да күрделі болуы әлемдік заңдылық. Ешбір мемлекет демократиялық қоғамды оңай орната салмайды.
Демократиялық басқарудың дамуы концепцияларының түп тамырын саяси тарих пен саяси ой қойнауынан іздеуге тура келеді. Бүгінгі демократиялық таңдауға қызмет етуші саяси партиялар идеялық тіректі көне заман ойшылдарының еңбектерінен алғандығы даусыз. Себебі демократия әлеуметтік-саяси феномен ретінде ертедегі грек полистерінің саяси мәдениетінің маңызды сегментінің бірі болды. Саяси үрдістерде демократия өте көпжақты және санқырлы сапада көрінеді. Сондықтан бір елдің демократиялық қоғам құру тәжірибесі сол қалпында екінші елде қайталанған емес. Демократиялық таңдау жолында күресетін саяси партиялардың қызметінің теориялық және тәжірибелік жағынан қиын жағдайда қызмет етуі қоғамда қалыптасқан осындай күрделі құбылысқа байланысты. Демократияны кей жағдайда түрлі мүдделі топтар түрліше түсінеді. Өз мемлекетінің саяси-әлеуметтік шындықтарына қатысты қабылдайды.
Қазақстан Шығыстық мемлекет. Оның саяси мәдениетінде және саяси партияларының қызметінде, идеологиясында Шығыс мемлекеттерінің ықпалы бар екендігі ақиқат. Тәуелсіз мемлекет болған соң Қазақстаның Қытай Халық Республикасымен саяси-әлеуметтік байланыстары нығая түсті. Сан ғасырларға созылған саяси тәжірибесі мен терең саяси мәдениеті бар Қытайдың саяси жүйесінің түрлі сапалары Қазақстанға өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақстанның саяси ойына және саяси қозғалыстарына елеулі әсері болған ілімдердің бірі - конфуцианства.
Қазақстанның шығысындағы 3, 5 мың ортақ шекарасы бар ұлы көршісінің мемлекеттік дініне айналған конфуцианстваның пайда болуы Кун Фуцзының есімімен байланысты. Конфуций деп аталып кеткен ойшыл б. ғ. д. VI ғасырдың өзінде «табиғат заңдарына үндес, ақылға сиымды өмір тәртіптерінің негізі болатын бес қарапайым болса да ұлы жақсылықты көрсетеді:
Олар: 1) ақыл, 2) ізгілік, 3) сенім, 4) үлкендерді сыйлау, 5) ержүректік. Бұл құндылықтар белгілі дәрежеде және белгілі шеңберде танылуы тиісті. Бұл дегеніміз өзіңді және басқаларды терең ұғыну және сыйлау. Олай ету таңдаулы толық адамдардың ғана қолынан келеді. Сонымен қатар заңдарды қарапайым жинақтай беруден пайда жоқ», - деп санайды.
Конфуций саяси топтардың және қозғалыстардың әділ болғанын қойды. «Басшы - лидер халық алдында қулыққа бармайды. Ол әділетті сүйеді, өзіне қатысты өзгелердің пікіріне құлақ асады. Ол өзін басқалардан жоғары қоймайды. Ондай адам елге де, жанұясынада да абыройлы. Ал кейбіреулер мақтанып, өтірік мадақталып абырой жинайды. Ол күдікті білмей, өзінің нағыз орнын білмей өмір кешеді», - деп көрсетеді Конфуций.
Саяси партиялар лидерлері қаншама өзін халық алдында беделді, абыройлы етіп көрсетуге тырысқанымен олар ел қамын, адам қамын нақты ойламаса, жалған сөйлесе беделді болмайды деп біледі қытай ойшылы. Саяси лидерлер басқаларды өз «істерімен, үлгісімен тартады. Олар демалысты білмеуі керек. Өзінің жақтастарыңды сәл кемшілік үшін кінәлама. Өзің білетін лайықтылары мен біліктілерін көтермеле. Абыройлы қайраткер достық қатынастарды күшейтуде білімін салады. Ал достық оның адамгершіліктерін бекітуге көмектеседі», - деп білген Конфуций. Саясатта да біліктілік пен білім керек. Дайындықсыз адамдарды соғысқа салу оларды тастап қашып кетумен бірдей.
Конфуцианство саяси партиялар мен мүдделі топтарды өз саясатын асықпай жүргізуді, мемлекеттік және халықтық мұраттарға негіздеуді үйретеді. Басқаларды басып алуға, бөтендерге зорлық көрсету арқылы жетістікке жетуді ойлаған партиялар мен күштер толассыз жаманшылыққа әкеледі. Олардың әрекеттері бақытсыздықтың қайнар көзі. Мемлекеттің дұрыс әділет жолын таңдамауы, халыпен ақылдаспауы, даму жолын, әдістерін сарапқа салып таңдауға тырыспауы оны қауіпті жолға бастайды. Саяси басшы өзіндікі ғана дұрыс деп ойламауы абзал. Ол жақсы жоспар құрып соның орындалуына әрбір адамның қатысуын қадағалайды. Ашу, ыза, асығыстық, халықты өз ісіне зорлықпен ерту сияқты әрекеттердің барлығы мемлекет қозғалысына зиянды. Мақтаншақ болу, жетістіктерді айта беру, достардың бірін-бірі мақтауы түбінде жарға құлатады. Шындық сөзді айтуға қорқатын болсақ та жақсылық әкелмейді. Білімді, іскер, әділетті адамдарды биліктің көргісі келмейді, олардың жақсы істерін бағалағысы келмейді. Оларға берілетін шен-шекпен, атақтарды нашарлар иеленеді. Халық осыны көреді, осыған наразы болды. Әділетсіз істер халық ниетін біртіндеп улай береді, улай береді. Кейбір басшылар әділет сөзімен жақсы ақылды өзіне қарсы атылған оқ сияқты қабылдайды. Елді құтқаратын істер тек ашу мен наразылық туғызады. Халықты осылайша адамдар тонайды. Олар тонап жатқан біздер емеспіз деп айтумен болды. Осындай өтірік пен жалғандық мемлекетті күйреуге бастайды.
Ерте грек ойшылы Платонның диалогтарында саяси қызметтің және саяси күрестің ғана емес, саяси мемлекеттің жұмыс істеу принциптеріне ден қойылады. Платон өзінің «Евтидем» шығармасындағы Критон мен Сократтың диалогында саяси қызметтің тиімді болуына бағасын берді. «Арадағы адамдар - философтар мен саясаткерлер арасында. Олар көпшіліктің алдында өздерін ақылды және абыройлы көрсеткісі келеді. Олар ақылды философтардан қабылдайды, саясаткерлерден де қабылдайды. Осы арқылы аралықтағылар түрлі дауларда жеңіске жетеді, басқалардың біліктілігін керектеріне жарата біледі», - деген ой айтады /4/. Сонымен қатар Платон саяси қызметте терең білім керектігін ескертеді. «Саясатқа алды артына қарамай кіріп кетуге болмайды. Алдымен оны үйрену қажет. Мемлекеттік істерге араласқысы келгендердің көпшілігі оған дайындықсыз келеді». [3, 185 б. ]
Саяси күреске әділетсіздік көрсете беру қауіпті. Сондықтан қоғамдық істерге ғана емес күнделікті өмірде әділетті болуды, өмірдегі басты мәселе ретінде қарастыру керек. Сенің шешендік сөздерің жағайымсу мен мақтаудан құрылуынан сақтан. Оның әділеттілікке қызмет жасағаны абзал. Қоғамдағы, мемлекеттегі маңызды мәселелер төңірегінде пікіріңізді үздіксіз өзгерте беру зиянды. Олай болуын бозбалаларға ғана кешіруге болады. Ал мемлекет идеясы елге әділет пен жақсылық әкелетін істерді жақтайды, - деп көрсетеді Платон /6/.
Мемлекеттік істегі адамның парасат ісі оның мемлекет мәселелерін шеше алуында. Ол өз ісінде достарына жақсылық жасайды, жауларына зияншылық жасаудың басқалардан өзіне нұқсан келмеуін көздейді. Әр адамның өзіндік атқаратын қызметтері бар. Оның жақсысы мен жаманын халық бағалайды. Нағыз жақсылық дұрыс пікір мен білімді ұштастыра білу. Осындай адам ғана дұрыс басқара алады. Елдегі мақсатқа да жеткізетін шын пікір мен білім. Шындық сөзін айтқан, дұрыс пікірлерді басшылыққа алып, білімге сүйеніп мемлекеттік істерді басқарғандар ғана өз қалаларын дұрыс жолға салатын мемлекет адамдарды, - дейді Платон [4, 576 б. ] .
Платон мемлекет ісімен айналысатын адамға әділдік, білім мен қоса әдіскерлік пен айлакерліктің де қажет екендігін ескертеді. Мемлекеттік адамдарды кейде құдіретті күш қолдайды. Олар тіптен бүгінгі өз істерінің маңызын терең біле алмауы да мүмкін. Бірақта олардың әрбір дұрыс қадамы келешекте жасалатын ұлы істердің кепілі болды, - деген пікір айтады Платон /8/.
Қазақстандағы саяси құрылыс әлемдік тәжірибенің және саяси ойдың дамуының салдары мен нәтижесі. Әлемдік саяси тәжірибеден тысқары Қазақстан мүлдем жаңа саяси мәдениет жасай алмайтындығы даусыз. Осындай жалпылық даму заңдылығына ене отыра Қазақстан өзінің төл ерекшеліктерін ескеруге қабілетті болуы керек. Ондай қабілетті қалыптастыратын феномен көне дәуір ойшылдарының еңбектеріндегі ойлар мен идеяларды басшылыққа алып отыр. Қазақстанның демократиялық жолмен даму жолдарын зерттеуге көмектесетін Аристотельдің еңбектері.
Аристотель биліктің бір адамда болуы, адамдардың тобында болуы немесе көпшілікке болуы маңызды емес. Маңыздысы сол биліктің мемлекетке және халыққа пайдасының болуында деп есептейді. «Мемлекеттік құрлысының мәні мемлекеттік басқару тәртібіне сәйкес. Соңғысы жоғарғы мемлекеттік билікті көрсетеді. Жоғарғы билік бір адамның, бірнеше адамдардың, көпшіліктің қолында болады. Егер олар қоғамдық пайданы ойлап басқарса, мемлекеттік құрылыстың осындай түрлері дұрыс болады. Егер жеке адамның, топтың немесе көпшіліктің мүддесі көзделсе ондай мемлекеттік құрылысқа ауытқу бар», - деп жазады Аристотель .
Аристотель барлық мүдделі топтардың мақсаттарын толықтай ескеріп, қамтитын биліктің жоқтығына қиналады. Көпшілік болып табылатын кедейлердің билігі демократияның өзінде жетіспейтін, олқы жақтары бар. Демократиялық билік патшаның, олигархияның т. б. жеке топтардың мақсат-мүдделерін ескермейді. Сондықтан мемлекетті полития дұрыс, әділетті саясат билеуі пайдалы деп біледі адамзаттың бірінші ұстазы. «Мемлекет тек өмір сүру үшін ғана жасалмайды. Ол негізінен бақытты өмір сүру үшін жасалады», - деген ойды Аристотель ерекше атайды . «Никомахова этика» еңбегінде ойшыл «бақытты өмір дегеніміз- жақсылықпен өмір сүру. Ондай өмір үнемі жақсылықтарға талпыну және көңіл көтеру емес. Жақсылық пен талпыныс үнемі көңіл көтеру мен қызығудан жақсы. Адамның жақсысының көңілі жақсылық пен талпынысқа толы. Ал нағыз жақсылықтардың қызметі мен еңбегі бақыт әкеледі», - деп жазады.
Аристотель мемлекеттің бақытты өмірі үшін саяси күштердің әділетті, жақсылықты және мемлекет пен қоғам қамы үшін қызмет етуін дұрыс деп білгені сөзсіз. Демек, саяси партиялар билікке жету жолындағы күресте, билікті иеленуде де осы құндылықтарды басшылыққа алғаны абзал. Аристотель көрсекен құндылықтарды ұран еткен партиялар билікті өзі үшін де, халық пен мемлекет үшін де дұрыс пайдалана алары даусыз. Мемлекетте адамдардың дұрыс қарым-қатынастар жасауына жағдай жасалынса, олардың еңбек етуіне, шығармашылығына, бизнеспен айналысуына қысым көрсетілмесе және өмірдің негізгі салаларында халықтың мүддесін көздейтін заңмен реттелсе ғана өркениетті, демократиялық мемлекет болатындығын саяси партиялар түсінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz