Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы маслихат депутаттарының сайлау үрдісі
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ МАСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... 5
Маслихат түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
МАСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ ... ... ... ... .18
Маслихат депутаттарын сайлау талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 18
Маслихат депутаттарын сайлау құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .25
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыс - ҚР Конституциялық құқық пәнінің маңызды институты болып есептелетін Қазақстан Республикасы сайлау құқығы және сайлау жүйесі мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің тепе-тең және мажорлық екі жүйесі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі алған дауыстар мен жеңіп алынған мандаттар арасындағы тепе-теңдік принципіне құрылады. Тепе-тең жүенің жұмыс істеуі үшін бірқатар ерекше шарттардың болуы қажет.
Бірінші - үлкен аумақтық сайлау округтерін тепе-тең жүйенің ерекшеліктеріне лайық өзгертуге болады.
Екінші - тепе-тең жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін кемінде қалыптасқан екі партияның болуы қажет. осЫған орай Қазақстанда әлі де саяси партиялар әлсіз және азаматтардың елеулі бөлігі саяси партиялардан тыс тұруына байланысты, теп - тең сайлау жүйесі қабылданған жоқ.
Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік билікті халықтың халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асыра алатындығы көзделген. Басқаша айтқанда, азаматтар мемлекет өмірінің барлық мәселелерін шеше алатын өкілеттіктері бар өкілдерін Кеңестерге сайлайды. Қазақ ҚСР Конституциясында мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелері бүкілхалықтық талқылауға енгізіледі, сондай-ақ бүкілхалықтық дауысқа (референдумға) қойылады. Тек халықтың еркінің қандай: императивтіқ немесе консультативтік сипатта ма болатыны түсініксіз еді.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Сайлау билікті өкілеттіліктерді үлестірудің ерекше бір механизмі ретінде саясат саласында кең етек жая бастады. билікті үлестіру кезінде сайлаудан басқа тағайындау тәсілі, билікті мұра етіп қалдыру тәсілдері де қолданылады.
Билікті мұра ретінде қалдыру саяси қызмет тәжірибесінің, әдет-ғұрпының, білімінің тұйықталуына әкеліп соқтыратыны анық.
Құқықтық әдебиеттерде "сайлау" тар мағынамен қатар, кең мағынада да қолданылады. Бірінші жағдай бойынша сайлау белгіліі бір территориядағы азаматтардың ұсынылған кандидатураларға дауыс беруі жатқызылады. Ал екінші мағына бойынша сөз қозғайтын болсақ, әр мандатқа екі немесе одан да көп кандидатуралар ұмтылуы мүмкін мемлекеттік билік органдарын қалыптастыру тәсілін атауға болады.
Қазіргі заманда сайлау өте кең етек алған және ол сан қырлы болып табылады. Сайлау арқылы жария биліктің әрқилы органдары - парламент, мемлекет басшылары, кейде үкімет те, жергілікті сот органдары құрылады.
Сайлау арқылы халық өз өкілдерін анықтайды және өздерінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асыруға мандат береді, яғни бұл дегеніміз билікке заңды сипат беру болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Осыған орай еліміздегі маслихат депутаттарын сайлау жүйесі мен процедураларын өткізу маңызды әрі өзекті тақырып болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы маслихат депутаттарының сайлау үрдісін қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
маслихат түсінігін, оның атқаратын қызметі мен бағыттарын қарастыру;
маслихат депутаттарын сайлау талаптарына көз жүгіртіп, оның қыр-сырын ашу;
маслихат депутаттарын сайлау құзыретіне талқылама жұмысын жүргізу болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Депутат маслихаттарын сайлау тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасында маслихат депутаттарының сайлау жүйесі қарастырылып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған, жұмыс барысында С.К.Амандықова, Ж.Баишев, Г.С.Сапаргалиев, Четвернин В.А. ғалымдарының еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының маслихат депутаттары.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының сайлауы мен сайлау жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Депутат маслихаттарын сайлау тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ МАСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Маслихат түсінігі
1993 жылғы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады, ол жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымына өзгерістер енгізді. Өкілетті органдар мәслихат, ал жергілікті атқарушы органдар-әкімның басқаруындағы жергілікті әкімшілік деп атала бастады. Мәслихаттар және әкімшіліктер жергілікті мемлекеттік басқару органдары деген жалпы атпен бірікті.
Осылайша, жергілікті атқарушы органдардың атауы ғана өзгеріп қоймай, олардың мәні түп тамырымен өзгерді. Бір ерекшелігі, барлық аумақтық басқару деңгейінде құрылған жергілікті кеңестерге қарағанда мәслихаттар-депутаттар жиналыстары тек облыстық және республикалық деңгейдегі облыстарда, аудандар мен қалаларда және елордада сайланды. Поселкелерде, ауылдарда, селоларда, ауылдық(селолық) округтарда олар құрылған жоқ.
Мәслихаттар-депутаттар жиналыстары жергілікті тұрғындардың қалауын білдіруші және өз құзыреті шегінде жеке әрекет етуші мемлекеттік орган болып танылды және тікелей бағыну қарым-қатынасымен байланысты емес.
Қазақстан Республикасының негізгі Заңы- Конституцияда жергілікті мемлекеттік органдардың негізі айқындалған, оған олардың әлеуметтік ролі мен қызметін ашатын жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жатқызылған. Негізгі Заңның жаңа тармағы жергілікті атқарушы органдардың атауын және өкілетті мерзімін өзгертіп (бес жылдың орынан 4 жылға сайланады), олардың статусын реттейтін арнайы заң қабылдауға себеп тудырды.
Мәслихат -- тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.
Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2006 жылдың 10 қаңтарында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:
аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;
әкім ұсынған әкімшілік -- аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
әкімнің ұсынысы бойынша әкиматтың жеке құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісу;
атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;
ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына бақылау;
мәслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың қызметтерінің есептерін тыңдау;
халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;
ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша акимат жанынан консультативтік-кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;
ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындауға қатысу.
Мәслихат өзінің өкілетін сессияда (сессия жылына 4 рет өткізіледі), өзінің тұрақты комиссиясы, мәслихат сессиясының төрағасы, бюджеттіңдепутаттар, мәслихат хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихат сессияның төрағасы мен оның хатшысын сайлайды, олардың есептерін тыңдайды, тұрақты комиссияны қалыптастырады, мәслихаттың шығындарын анықтайды, ревизиялық комиссияның актілерін бекітеді, мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді.
Мәслихат сессиясы ашық түрде жүреді. Сессия төрағасы жергілікті атқарушы органдардың жетекшілерін шақыруға құқылы. Мәслихат өзінің мерзімінде тұрақты комиссияны құрады, онда жеті депутаттан артық болмайды. Тұрақты комиссия жылына бір рет есеп беріп тұрады. Мәслихат қызметінде ревизиялық комиссияның атқаратын рөлі жоғары. Ревизиялық комиссия мәслихат өкілетінің мерзіміне сайланады, олар жергілікті бюджеттің орындалуына бақылау жасайды. Тексеру нәтижесімен ревизилық комиссия мәслихат пен акиматты ақпараттандырады.
Мәслихат немесе оның хатшысы мәслихат сессиясында қарауға мәселелерді енгізу жөнінде уақытша комиссия құруға құқығы бар. Уақытша комиссияның құрамын, міндетін, өкілетін, құқығын мәслихат анықтайды. Уақытша комиссия жұмысына қатынасқаны үшін еңбек ақы төленбейді [1].
Мәслихат құрылымында хатшының атқаратын рөлі зор, ол мәслихаттың ағымдағы барлық жұмыстарын орындайды. Бұл лауазымды тұлға, ол тұрақты негізде жұмыс істейді. Мәслихат хатшысының оның тұрақты комиссиясының құрамында болуға құқығы жоқ. Мәслихат функциясын жүзеге асыру үшін шағын аппарат құрылады, оның құрылымы мен сандық құрамы орындалатын жұмыстың деңгейіне, сипатына, көлеміне байланысты. Мәслихат аппараты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды -- техникалық және басқа да мәслихаттың органдарын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады.
Мәслихат аппараты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Жергілікті (муниципалды) өзін-өзі басқару -- мемлекет пен қоғамды басқару жүйесінің демократиялық негіздерінің бірі мен әлем елдерінің көпшілігінің билік құрылысының маңызды элементі.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың өмір сүруі, оның эволюциясы мелекеттік билік ретінде таптық қоғамдағы бұқаралық билік мәселелерімен байланысты. Оны жүзеге асыру билікті бөлу принципіне сай жалпыұлттық мемлекеттік органдарға атқарылған. Дегенмен, жергілікті деңгейде бұқаралық билік мемлекеттік органдармен атқарылмай, жергілікті халықпен және олармен құ-рылатын органдармен жүзеге асырылады.
Өзін-өзі басқару термині Англияда 17 ғасырдың аяғында Англиялық революциясынан кейін пайда болды. Басында бүл термин парламент пен жергілікті өкілетті органдардың көмегімен өзін-өзі басқарған, үкіметтік аппарат пен оның чиновниктері жағынан қолдау көрмеген ағылшын халығының күйін білдірді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың тікелей немесе олармен құрылатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы реттеу, басқару мен осы аумақтағы халықтың мүддесінде көптеген мәселелерді шешу қызметінің дербестігі ұғынылады.
Жергілікті территориялдық өзін-өзі басқару мемлекетте халық билігін ұйымдастыру мәселесіне тікелей қатынасы бар. Халықтың жалпы мүддесін көрсететін мемлекет оның жүзеге асырылуын ең алдымен заң нысанында қамтамасыз етеді. Осыған орай заң бағытталған субъектілердің бәріне міндетті. Заңдардың атқарылуы сәйкес органдармен, соның ішінде аудандардың, қалалардың халық органдарымен қамтамасыз етіледі. Соңғылары бұл қызметті жергілікті халық мүдделерімен байланыстырады жэне халық бүл мемлекеттік қызметтің негізгі субъектісі ретінде болуы мүмкін. Демек, жергілікті халық басқарушылық, әкімшілік-құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі ретінде бола алады және бұл жергілікті өзін-өзі басқаруға тән сипаттардың бірі болып табылады.
Қазіргі кезде барлық дамыған елдердің муниципалдық жүйелері ұлттық мемлекеттендірілудің негізі мен мемлекеттің конституциялық механизмінің бөлігі болып табылады. Мысалы, ФРГ Негізгі Заңының 28 бабы жерлерде, уездерде мен облыстарда халықтың өкілдіктері болуы керек деген норма бекітілген.
Жергілікті мемлекеттік басқару -- заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет;
Жергілікті атқарушы орган (әкімият) -- облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Жергілікті өкілді орган (маслихат) -- облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган [2].
Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.
Мәслихаттар мен әкімияттар өз қызметінде:
жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының
мүдделерін сақтауға;
қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы
мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша оның құзыретiне жатқызылған мәселелер шешiледi.
Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды. Сессия жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.
Мәслихаттың шешiмi бойынша сессия жұмысында мәслихат белгiлеген мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк он бес күннен аспайтын үзiлiс жариялануы мүмкiн. Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.
Мәслихаттың әрбiр отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тiркеу жүргiзiледi, оның нәтижесiн сессияның төрағасы отырыс басталардан бұрын жария етедi.
Мәслихаттың сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Егер бұған қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, жабық сессияларды өткiзуге мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiр бөлiгiнiң ұсынысы бойынша жол берiледi.
Жаңадан сайланған Ақтөбе облыстық мәслихатының бiрiншi сессиясын депутаттардың осы мәслихат үшiн белгiленген санының кемiнде төрттен үш бөлiгi болған кезде, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күндiк мерзiмнен кешiктiрмей тиiстi облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Мәслихаттың бiрiншi сессиясын сайлау комиссиясының төрағасы ашады және оны мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Сайлау комиссиясының төрағасы депутаттарға сессия төрағасының кандидатурасын енгiзудi ұсынады, ол бойынша ашық дауыс беру жүргiзiледi. Депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусын жинаған кандидат сайланған болып есептеледi.
Мәслихаттың кезектi сессиясы жылына төрт реттен жиi шақырылмайды және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi.
Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралады.
Мәслихаттың хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен оның өткiзiлетiн орны, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемiнде үш күн бұрын хабарлайды.
Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемiнде үш күн бұрын табыс етедi.
Регламентте белгiленген тәртiппен мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткiзу кезеңiнде депутат қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады, оған жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы, бiрақ көрсетiлген қызметте бiр жылға дейiнгi жұмыс өтiлi бар облыс әкiмi аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескерiлiп, мәслихаттың сессиялары, тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетiн мерзiмдегi iссапар шығыстары өтеледi.
Сессияның күн тәртiбiн мәслихат жұмысының перспективалы жоспарының, мәслихат хатшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, тиiстi аумақтың әкiмi ұсынған мәселелердiң негiзiнде сессияның төрағасы қалыптастырады.
Сессияның күн тәртiбiне ұсыныстарды сессияның төрағасына жергiлiктi қоғамдастықтың жиналыстары, қоғамдық ұйымдар ұсынуы мүмкiн.
Сессияның күн тәртiбiн талқылау барысында ол толықтырылуы және өзгертiлуi мүмкiн. Сессияның күн тәртiбiн бекiту туралы мәслихат шешiм қабылдайды [3].
Күн тәртiбi бойынша дауыс беру әрбiр мәселе бойынша жеке өткiзiледi. Егер мәселеге мәслихат депутаттарының көпшiлiгi дауыс берсе, ол күн тәртiбiне енгiзiлдi деп есептеледi.
Сессияға енгiзiлетiн мәселелердi сапалы дайындау үшiн, сессия төрағасы бекiтетін, сессияға дайындық жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеудi мәслихат хатшысы уақтылы ұйымдастырады.
Мәслихаттың қарауына жататын мәселелер бойынша, сессияларға қала мен аудандар мәслихаттарының хатшылары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, облыстың, тиiстi аумақтың қалалары мен аудандарының әкiмдерi, жұмысы туралы ақпарат сессияда қаралатын ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары шақырылады. Сессияларға сессия төрағасының шақыруымен бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуына жол берiледi.
Мәслихаттың отырысына шақырылған адамдар үшiн мәжiлiс залында арнайы орындар бөлiнедi. Шақырылған адамдардың мәслихат сессиясының жұмысына араласуына, мәслихат сессиясының шешiмдерiн қолдайтынын немесе қолдамайтынын бiлдiруiне жол берiлмейдi.
Шақырылған адам тәртiптi өрескел бұзған жағдайда, сессия төрағасының шешiмi немесе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшiлiгiнiң талабы бойынша мәжiлiс залынан шығарылуы мүмкiн.
Мәслихаттың отырыстары мәслихат айқындаған уақытта өткiзiледi.
Сессия төрағасы өз бастамасы бойынша немесе депутаттардың дәлелдi ұсыныстары бойынша үзiлiстер жариялай алады. Жалпы отырыстың соңында депутаттарға қысқа мәлiмдемелер немесе хабарламалар жасау үшiн уақыт берiледi, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.
Мәслихат отырыстарында баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшiн және отырыстарды өткiзу тәртiбi бойынша, кандидатураларды талқылау, дауыс беру, анықтамалар мен сұрақтар үшiн сөз сөйлеу регламентiн мәслихат айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшiн уақыт бөлiнедi. Егер сөз сөйлеушi бөлiнген уақыттан асып кетсе, сессия төрағасы оның сөзiн тоқтатады немесе отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшiлiгiнiң келiсiмiмен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
Мәслихат депутаты бiр мәселе бойынша екi реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегi депутаттық сауалдар, түсiндiрме және сұрақтарға жауап беру үшiн сөйлеу сөз сөйлеу деп есептелмейдi. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге жол берiлмейдi.
Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшiлiгiнiң ашық дауыс беруiмен тоқтатылады. Жарыссөздi тоқтату туралы мәселе қойылған кезде, сессия төрағасы сөз сөйлеуге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы хабарлайды, кiмнiң сөз алуды талап ететiндiгiн анықтайды.
Отырысты өткiзу тәртiбi бойынша сөз депутатқа сөз сөйлеп тұрған адамның сөзi аяқталған соң кезектен тыс берiледi. Сессия төрағасы анықтама, депутаттық сауал, сұраққа жауап және талқыланып отырған мәселе бойынша түсiндiрме беру үшiн кезектен тыс сөз бере алады.
Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде берiледi. Жазбаша сұрақтар сессия төрағасына берiледi және мәслихат отырысында жария етiледi.
Егер заңда өзгеше белгiленбесе, мәслихат өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк дауысымен шешiмдер қабылдайды.
Шешiмдердiң жобалары сессия төрағасына немесе мәслихат хатшысына берiледi [4].
Сессияның төрағасы немесе мәслихаттың хатшысы қарауға қабылданған шешiмдердiң жобаларын барлық қажеттi материалдарымен бiрге тұрақты комиссияларға қарау және ұсыныстар дайындау үшiн жолдайды. Бiр мезгiлде тұрақты комиссиялардың бiрiне мәслихат актiсiнiң жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама дайындау, қосымша ақпарат жинау және талдау жүргiзу жүктелуi мүмкiн.
Шешiмдердiң жобаларымен жұмыс iстеу және басқа да мәселелердi дайындау үшiн тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссиялардың депутаттары тартылуы мүмкiн. Жұмыс тобының жұмысына кез келген депутат қатыса алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, тиiстi атқарушы органның ұсынымы бойынша мәслихат онымен бiрлескен шешiм қабылдайды.
Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешiмдерi Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс.
Шешiмдердiң баламалы жобаларын мәслихат және оның органдары негiзгi жобамен бiрге қарайды. Сессияға мәселе дайындауға қатысушы тұрақты комиссиялар арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, комиссиялардың төрағалары және сессия төрағасы оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, қалған келiспеушiлiктер мәслихаттың назарына жеткiзiледi.
Сессияда мәселенi қараған кезде баяндама, қажет болған жағдайда, тұрақты комиссиялардың, жұмыс топтары мен уақытша комиссиялардың қосымша баяндамалары тыңдалады.
Комиссияның баяндамасында жобаға енгiзiлген және қайтарылған ұсыныстар көрсетiледi, түзетулердi қабылдаудың немесе қайтарудың себептерi дәлелденедi.
Қосымша баяндаманың ережелерiмен немесе шешiмнiң жобасы бойынша қорытындылармен келiспейтiн тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының жекелеген мүшелерi өз пiкiрлерiн қаралатын мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейiн баяндай алады.
Шешiмнiң жобасын талқылау тармақтар бойынша жүргiзiледi. Жобаларға түзетулер ұсынылып отырған өзгерiстер немесе толықтырулар нақты тұжырымдалып, олардың шешiм жобасының мәтiнiндегi орны көрсетiлiп, жазбаша түрде берiледi. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.
Мәслихат сессиясы күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша шешiм қабылдайды. Бiр мәселе бойынша шешiмдердiң бiрнеше нұсқасы енгiзiлген жағдайда, олардың әрқайсысы сессияға қатысып отырған депутаттарға берiледi.
Мәслихаттың уақытша комиссиясы болып табылатын редакциялық комиссия шешiмдердiң ұсынылған нұсқаларын қабылдау немесе керi қайтару туралы өзiнiң пiкiрiн жеткiзедi және дәлелдейдi.
Шешiмдердiң енгiзiлген барлық жобалары дауысқа салынады. Жобалардың бiрi негiзге алынғаннан кейiн депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсiмiне кiрiседi.
Мәслихат шешiмiнiң жобасына түзетулер болған жағдайда, дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асыралады:
мәслихат шешiмiнiң ұсынылған (пысықталған) жобасы негiзге алынады, ол керi қайтарылған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрi дауыс беру тоқтатылады;
негiзге алынған жобаға кiрмеген барлық түзетулер кезек бойынша дауысқа салынады;
сессия шешiмi қабылданған түзетулердi ескере отырып, тұтастай дауысқа салынады. Шешiмдердiң қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берiлмейдi.
Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, оларға дауыс берудiң ретiн төрағалық етушi айқындайды. Өзара қарама-қайшы келетiн түзетулер бойынша дауыс беру алдында соңғысын төрағалық етушi оқиды. Түзету авторларының олардың мәнi бойынша түсiнiк берiп немесе оларды талқылаудан алып тастау туралы ұсыныспен сөз сөйлеуiне жол берiледi.
Мәслихат шешiмдерiне өзгерiстер оларды қабылдау үшiн белгiленген тәртiппен енгiзiледi.
Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейiн бiр айдан кешiктiрiлмей басылып, заңнамада белгiленген тәртiппен сақталады.
Жоспарлардың, аумақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламаларының, олардың орындалуы туралы есептердiң, аумақты басқару схемаларының жобалары және мәслихат сессиясының қарауына шығарылатын басқа да мәселелер, сондай-ақ олар бойынша шешiмдердiң тиiстiлiгiне қарай келiсу бұрыштамалары қойылған, барлық қажеттi материалдары қоса берiлген қазақ және орыс тiлдерiндегi жобалары мәслихатқа кезектi сессияға дейiн үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгiзiледi.
Тиiстi облыс бюджетiнiң жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихаттың хатшысы бюджеттiң жобасын қарау жөнiндегi депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлерi, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi қосылуы мүмкiн.
Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пiкiрiн ескере отырып, тиiстi негiздемелермен және есептермен тиiстi аумақ бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және оларды ұсыныстарды жинау мен тиiстi аумақ бюджетiнiң жобасы бойынша қорытынды әзiрлеудi жүзеге асыратын бейiндi тұрақты комиссияға жiбередi.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган сессия басталуынан кемiнде екi апта бұрын сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажеттi материалдармен бiрге бюджет туралы шешiм жобасының түпкiлiктi нұсқасын ұсынады.
Облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Президентi Республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей тиiстi мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
Мәслихаттың кезектi сессиясына тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджеттi нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелер енгiзiлген жағдайда, материалдарды ұсыну бюджеттiк заңнамада көзделген мерзiмдерде жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz