Ежелгі Грекиядағы саяси және құқықтық ілімдер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан

Мемлекеттік университеті

Тарих экономика және құқық факультеті

«Құқықтық пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Ежелгі Грекиядағы саяси және құқықтық ілімдер»

5В030100
ҚББТ
сҚ-ж-16-қ

Авторы: Дюсекина М. Ж.

(тегі, аты, әкесінің аты)

Жетекші: Казенова А. А

(тегі, аты, әкесінің аты)

Петропавл, 2017


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМІ . . . 5Ежелгi грек өркениетiнiң даму кезеңдерi жəне оның философиялық-құқықтық iлiмi . . . 5Платон аристократиялық мемлекет құрылысы туралы . . . 10

2. ГРЕКИЯДА ЖЕКЕ ЖӘНЕ ПОЛИСТЕР ФОРМАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ . . . 16

2. 1 Аристотельдің саяси құқықтық ілімдері . . . 16

2. 2 Эллинизм дəуiрiндегi саяси-құқықтық ойлар . . . 17

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Дүниежүзiлiк саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы - адамзаттың рухани мəдениетiнiң маңызды құрамдас бөлiмдерiнiң бiрi. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгiнгi күнге дейiнгi саяси-құқықтық iлiмi мен тəжiрибесi жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргiзу, құқық, бостандық мəселелерiнiң негiзгi қағидалары жəне iлiмдерi анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси - құқықтық тəжiрибесi, идеялары, ойлары қазiргi замандағы саяси жəне құқықтық iлiмнiң дамуы мен оның бағытына едəуiр ықпал етедi, бiздiң қазiргi iс-əрекетiмiзге бағыт бередi.

Қазiргi дүниенi неғұрлым дұрыс танып, бiлу үшiн жəне болашақ жақсы өмiрдiң дұрыс жолын таңдай бiлу үшiн адамдар əр уақытта, əр дəуiрде өзiне дейiнгi өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты жəне адамзаттың ұзақ ғасырлық тəжiрибесiн пайдалану тарихи қажеттiлiк болып табылады. Қазiргi кезде елiмiзде алуан түрлi саяси бағыт-бағдар ұсынған партиялар мен қозғалыстар дүниеге келдi. Олар дүниеге келiп ғана қойған жоқ, белгiлi-бiр мақсат ұстанған нақты күш ретiнде саяси аренаға шықты.

Олардың саяси қызметi мемлекет iсiне, құқыққа, саясатқа белгiлi бiр дəрежеде ықпал да жасауда. Қоғамдық бiрлестiктердiң пайда болуы, дамуы жəне саяси платформасы əлемдiк тарихтың жəне Қазақстанның бұған дейiнгi əр кезеңiнде болған партиялар мен қозғалыстар тарихына сипаттас, мазмұндас жəне үндес болып келедi. Сондықтан да олардың Отан тарихында алатын орны мен құқықтың көзқарастары жиынтығын қарастыру мен шешуде əлемдiк саяси-құқықтық iлiм тарихының саяси тəжiрибесi мен ғылыми тұжырымдарын ескерудiң пайдасы зор болмақ. Саясат пен құқықта ақиқатты табудың бiрден-бiр дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесiн қалыптастыру екендiгi белгiлi. Ал мұндай баламалы ойлау жүйесiнiң бұған дейiнгi тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы жəне жүзеге асу жолдары саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы ғылымында сараланады.

Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты. Осы себептерді атай отырып, аталған жұмыстың басты тақырыбы өзекті мәселелер қатарына, яғни көптеген саяси ойлардың ежелгі Грекияда пайда болғанын және оны қарастыру керек екендігін көз жеткізуге болады

Зерттеудің объектісі - ежелгі Грекия еліндегі саяси ойлар мен саяси ағымдар болып табылады.

Зерттеудің пәні - саяси және құқықтық ілімдер.

Зерттеудің мақсаты - аталған курстық жұмыста ежелгі Грекия еліндегі саяси ойларды қарастырып, Платон, Аристотель сияқты ғалымдардың саяси және құқықтық толғаныстарына тоқталу болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

  • ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуына тоқталу;
  • ежелгі Грекия елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдердің негізгі бағыттарын қарастыра отырып, олардың ойларына сипаттама беру;
  • ежелгі Грек мемлекетінің дағдарысқа ұшырауы секілді ағымдардағы басты саяси және құқықтық ойларына талдама жұмыстарын жасау.

Болжам. Саяси ілімдер қалай пайда болды? Оның қайнар көздері неде? Қайдан шықты?Олардың алғашқы авторлары кім? Олардың көзқарастары мен ойлары нені білдіреді? Және кімнің мүддесін қорғайды? Осы тәрізді сұрақтарға Ежелгі шығыс елдеріндегі саяси ілімдерді және онымен байланысты құқықтық ілім тарихын оқи бастағанда тап боламыз және оның адамзат дамуының тарихында қайшылықта өткенін байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегі таптық мемлекеттердің пайда болуы мен өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді. Бұл жұмыстың негізгі болжамы аталған сұрақтарды қарастырсақ, саяси ілімде жаңа негізгі ойларды қарастыруға болатындығында.

Жаңалығы. Саяси-құқықтық ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс және Батыс халықтарында, мысырлықтарда, үндістерде, вавилондықтарда, парсыларда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т. б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.

Саяси-құқықтық ойлардың ежелгі Грекия халықтарында батысқа қарағанда неғұрлым бұрынырақ пайда болуы да ертедегі шығыс мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Қазіргі заманда да бұл ерекшелік өзінің көкейкестілік бағытымен елеулі күшке ие болып отыр. Аталған жұмыстың жаңалығы ретінде буддизм және конфуцийшылдық, даосизм мен легизм секілді ағымдардағы басты саяси және құқықтық ойларына талдама жұмыстары болып табылады.

1 ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМІ

  1. Ежелгi грек өркениетiнiң даму кезеңдерi жəне оның философиялық-құқықтық iлiмi

Б. з. д. . мыңжылдықтың басында Ежелгі Грекияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп ру ақсүйектері мен қайыршыланған қауым мүшелерінің, байлармен кедейлердің, еріктілер мен құлдардың арасындағы күресті шиеленістіре түсті. Осындай жағдайда ежелгі грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді. Ол кездегі басқару формасының негізгі түрлері мынадай еді:аристократия (ескі немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттілер тобы) және демократия (халық билігі) . Осындай күрес нәтижесінде б. з. д. VI-V ғғ. әртүрлі полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болып, одан әрі дамыды. Афиныда демократия, Фивыда олиграхия, Спарта мемлекетінде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгі Грецияның саяси және құқықтық ілімінде көрініс тапты.

Б. з. д. мыңжылдықтың басында Ежелгi Грецияда жеке жəне тəуелсiз полистер формасы түрiнде бiрнеше қала-мемлекеттер пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмiрдiң ерте таптық жəне қоғамдық формасына көшу халықтың əлеуметтiк жiктелу процесiн одан əрi күшейтiп ру ақсүйектерi мен қайыршыланған қауым мүшелерiнiң, байлар мен кедейлердiң, ерiктiлер мен құлдардың арасындағы күрестi шиеленiстiре түстi. Осындай жағдайда ежелгi грек полистерiнде басқару формасының өздерi жақтаған түрiн орнату жолында əртүрлi əлеуметтiк топтар арасында аяусыз күрес жүрдi. Ол кездегi басқару формасының негiзгi түрлерi мынадай едi: аристократия (ескi немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дəулеттiлер тобы) жəне демократия (халық билiгi) . Осындай күрес нəтижесiнде б. з. д. VI-V ғғ. əртүрлi полистерде басқарудың өзiндiк формалары пайда болып, одан əрi дамыды. Афиныда демократия, Фивыда олиграхия, Спарта мемлекетiнде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгi Грецияның саяси жəне құқықтық iлiмiнде көрiнiс тапты.

Ежелгi грек полистерiнде саяси-құқықтық көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Ерте кезең- (б. з. д. IX-VI ғғ. ) ежелгi грек мемлекеттiлiгiнiң пайда болуына сəйкес келедi. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты ″ жетi данышпан″ ) байқалады жəне мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екiншi кезең - (б. з. д. V жəне IV ғасырдың бiрiншi жартысы) ежелгi грек философиясы мен саяси-құқықтық ойларының гүлденген кезеңi (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель жəне т. б. ) Үшiншi кезең - (б. з. д. IV ғасырдың екiншi жартысы мен II ғасырлары) эллинизм кезеңi, ежелгi грек мемлекеттiгiнiң құлдырауы, грек полистерiнiң алғашқыда Македония, кейiннен Рим билiгiне көшуi (Эпикур, стоиктер, Полибий жəне т. б. )

Адамдардың ерiктiлерге жəне құлдарға бөлiну жағдайында қалыптасқан антикалық саяси-құқықтық ой еркiндiк идеологиясы ретiнде бекiдi жəне дамыды. Бостандық - басты құндылық, ежелгi гректiк саяси - теориялық iлiмнiң негiзгi мəселесi жəне мақсаты болды. Бiрақ бұл жалпыға бiрдей бостандық емес, шектелген бостандық едi. Құлдар бостандық мəселесiнде есепке де алынбады, олар туралы сөз де болмады.

Грециядағы құлдық демократия азаматтардың қоғамдағы алатын орнын олардың шығу тегiне қарап емес, мүлiктiк жағдайларымен байланыстырды. Бұл жағдай ақыл-ой еңбегiмен айналысатын адамдардың бөлiнiп шығуына əкелдi. Құл еңбегi олардың ғылыммен, бiлiммен, ағартушылықпен жəне өнермен кəсiби тұрғыда шұғылдануына мүмкiндiк бердi. Осының нəтижесiнде таза зиялылар мен ойшылдар қауымы пайда болып, саяси-құқықтық жəне əлеуметтiк философиялық жаңа көзқарастардың қоғамдық пiкiрi мен санасы қалыптасты.

Саяси ой мен оған қатысты практикалық жəне рухани iс бостандық ретiнде қарастырылып, ол ерiктi адамдардың қызмет аясы, ал еңбек, оның iшiнде ауыр қол жұмыстары, құлдардың үлесi ретiнде қарастырылды. Барлық өндiрiстiк - еңбек жəне отбасы ортасы, сол кездегi ұғым бойынша, бостандықтан тыс аймақ принципi, яғни бостандық тұрғысынан алғанда саясаттан тыс болып есептеледi. Қожайын мен құлдың, отбасы иесi мен оның басқа мүшелерiнiң билiк жəне бағыныштылық жөнiндегi қатынасы саяси емес қарым-қатынас түрiнде түсiндiрiлдi. Дəстүрлi, эллиндiк саяси өмiр формасының варварлық деспоттық билiгiне қарсы қойылуы да осыған байланысты болып келдi.

Мемлекет пен құқықты зерттеудегi ежелгi грек саяси-құқықтық ойының ерте кезеңiнде оның мифологиялық түсiнiктерi (Гомер, Гесиод) қоғамдық ойдың даму барысында өзiнен кейiнгi қалыптасқан жаңа көзқарастарға, атап айтқанда философиялық тұрғыдан түсiндiруге (″ Жетi данышпан″, Пифагор, Гераклит, Демокрит) одан кейiнгi рационалистiк интерпретацияға (софистер), логикалық-танымдық талдауға (Сократ, Платон) жəне ақыр соңында эмпирикалық - ғылыми (Аристотель) жəне тарихи-саяси (Полибий) iлiмге орын бердi.

Ежелгi грек полистерiнiң тəуелсiздiгiн жоғалтқан эллиндiк дəуiрiнде бұрынғы құндылықтарды қайта бағалауда бұрынғы ұжымдық полистiк өмiр күмəн тудырып, адамдарды ерiктiлер мен құлдарға бөлу принципi сынға ұшырайды. Бұл кезде бостандық əлеуметтiк-саяси құбылыс ретiнде емес, рухани құбылыс ретiнде түсiндiрiледi. Осы принцип негiзiнде адамдардың жалпыға бiрдей бостандығы мен еркiндiгi табиғат заңдылығы мен табиғи құқықтар қағидасы тұрғысында паш етiледi.

Б. з. д. IX-VIII ғасырларда ежелгi мифтiк көзқарастар архаистiк поэзияда, одан кейiн Гомер мен Гесиодтың поэмаларында өзiнiң алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық жəне саяси-құқықтық өзгерiске ұшырайды. Олардың түсiндiруi бойынша, құдайлардың билiк үшiн күресi жəне бас құдайдың ауысуы (Уран-Крон-Зевс) билiк пен басқару принциптерiнiң алмасуымен қатар жүрдi.

Гректердiң түсiнiгi бойынша, құдайлардың үш ұрпағы болған. Аға ұрпақтарды кiшi ұрпақтар тақтан түсiрiп, жойып отырған. Бұл өзгерiстер құдайлардың өзара қарым-қатынастары ғана емес, жердегi қоғамдық өмiрдiң тəртiптерiне, адамдар арасындағы қатынастарға да ықпалын тигiздi.

Осындай өзгерiстер жағдайында ежелгi гректердiң сана-сезiмiнде ертедегi жаугершiлiктер мен тайпааралық күрес фантастикалық түрде көрiнiп отырды. Көптеген грек ойшылдарында əдiлдiктiң бастауы мен заңдылық жəне ежелгi полистiк өмiр Зевстiң атымен байланыстырылады. Құдайлардың үшiншi ұрпағының басшысы Зевс - күн күркiреу мен найзағайдың, табиғаттың дүлей күшiнiң жəне адамдардың құдайы болып саналды. Мифтiк түсiнiк бойынша, олимптiк құдайлар құл иеленушiлердiң қамқоршысына айналды, ал Зевс басқа олимптiк құдайлармен ақылдаса отырып, басты базилев ретiнде бүкiл грек əлемiне билiк еттi жəне оның пiкiрi шешушi маңызға ие болды.

Гомердiң ″ Илиада″ жəне ″ Одиссея″ поэмаларындағы оқиғалар (б. з. д. VIII ғ. ) гректердiң əскери жəне қоғамдық өмiрiнен көптеген құнды мəлiметтер бередi. Поэмаларда б. з. д. II-I мың жылдар шамасында тепе-тең жер пайдалану жəне əрдайым белгiлi бiр уақытта жердi бөлiп отыру негiзiнде құрылған жер қауымдарының болғандығы туралы деректер кездеседi. Қауым мүшелерi жердi жеребе тарту бойынша алған. Жерге қауымдық меншiк сақталғанымен, қауым мүшелерi арасында дүние-мүлiктiң жiктелуi басталғанын поэмалар оқиғасынан байқау қиын емес. Тайпа көсемдерi - базилевтер өздерiнiң туыстарына қауым жерлерiнен үлкен жəне ең шұрайлы жерлердi бөлiп берген. Поэмалардың мазмұнына қарағанда, сонымен бiрге басқа да əлеуметтiк топтардың өздерiнiң қауымдарымен байланыстарын үзiп алған жолкезбе қолөнершiлердiң де болғанын аңғаруға болады.

″ Одиссея″ поэмасында халық жиналысының ролi мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкiлдiк органның қызметi туралы грек жауынгерлерiнiң Троя түбiндегi жиналысынан, ″ Илиада″ поэмасындағы мысалдан, ″ Одиссеяда″ Итака аралының тұрғындары жиналысының баяндалуынан бiлуге болады. Троя түбiндегi жиналыста қатардағы жауынгер Терситтiң жауынгерлердiң мүддесiн қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерiн лауазымды басшылардың терiске шығара алмауы халық жиналысының ролiн айқындай түседi. Ал халық жиналысы маңызының төмендеуi ″ Одиссеяда″ айқын көрсетiлген. Итака аралында Одиссей болмаған жиырма жылда халық жиналысы бiрде-бiр рет шақырылмаған. Ал Одиссейдiң ұлы Телемак жиналыс шақырғанда, тұрғындардың көпшiлiгi бұл жиналысқа мəн бермеген [1, 63 б. ] .

Поэмада Гомер қолданған ″ дике″ (əдiлдiк) жəне ″ темис″ (əдет, əдет-құрыптық құқық) ұғымдары Гомер дəуiрiндегi саяси-құқықтық жағдайды түсiнуге жəрдемiн тигiзедi. Гомердiң əдiлдiгi (дике) қалыптасқан дəстүр мен əдет-ғұрыптың құқықтық (темис) негiзi мен принципi түрiнде көрiнедi, ал əдет-ғұрыптық құқық (темис) өмiрлiк əдiлдiктiң, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының нақты көрiнiсiн бiлдiредi.

Б. з. д. VII ғасырдағы ежелгi Грецияның саяси жəне қоғамдық өмiрiндегi қатынастар Гесиодтың ″ Еңбек жəне күндер″ мен ″ Теогония″ поэмаларында баяндалады. Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар мен дүниенiң пайда болуындағы гректердiң көзқарастары жəне адамгершiлiк-құқықтық принциптер сипатталады.

″ Теогония″ поэмасы бойынша Зевстiң Фемидамен (мəңгi табиғи тəртiп пен əдiлдiктi жаратушы) неке одағынан екi қыз-құдай Дике (əдiлдiк) жəне Эвномия (iзгi заңдылық) өмiрге келедi. Дике табиғи əдiлдiктi күзетедi жəне əдiлетсiздiктi жазалайды. Эвномия болса, қоғамдық құрылымдағы заңдылық бастауының құдайлық сипатын жəне полистiк құрылымдағы заңдылықтың терең iшкi байланысын бiлдiредi.

″ Еңбек жəне күндер″ поэмасында Гесиод мемлекетке дейiнгi патриархалды құрылыс идеалдарын қорғай отырып, ″ бес ғасырдың″ - (″ алтын″, ″ күмiс″, ″ мыс″, ″ жартылай құдай - батырлар″ жəне ″ темiр″ ғасырлары) алмасуы кезiндегi адамдар өмiрi мен тiршiлiгiн суреттейдi. Крон құдайдың ″ алтын ғасырында″ адамдар ешқандай жоқшылық көрмей, бақытты өмiр сүрдi, ″ күмiс ғасырында″ құдайға бағынбағандарды Зевс жойды, ″ мыс ғасырында″ жауынгер адамдар өзара соғыста бiрiн- бiрiн құртып тынды, ″ төртiншi ғасырдағы″ қантөгiс соғыстарда жартылай құдай-батырлардың əйгiлi əулетi жойылды. ″ Темiр ғасырында″ Гесиод адамдардың ауыр тұрмысын, зорлық пен жауыздықтың үстемдiгiн, əдет-ғұрыптық нормалардың бұзылуын, əдiлдiктiң жоқтығын, табиғи құқықтың күш жəне зорлықпен алмасуын күйiне отырып баяндайды.

Поэмада Гесиод егiншiлiк еңбегiне, тiптi қандай да болсын еңбек қызметiне өте зор құрметпен қарайды. Аристократтар iстеп отырған əдiлетсiздiк пен заңсыздыққа қарсы өзiнiң дəрменсiз наразылығын көркем дəрежеде қаршыға мен тоты құс туралы мысалында суреттейдi.

Гомер мен Гесиод поэмаларына тəн адамдар əрекетi мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершiлiк-құқықтық тəртiптер туралы көзқарастар Ежелгi Грециядағы ″ Жетi данышпан″ деп аталғандардың шығармашылығында одан əрi жалғасын табады. Оларға əдетте Фалес, Питтак,

Периандр, Биант, Солон, Клеобул жəне Хилон енгiзiлдi. Олар полистiк өмiрде əдiлеттi заңдардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбiреулерi билiк жəне заң шығару қызметтерiнде өздерiнiң саяси-құқықтық идеяларын жүзеге асыруға əрекеттендi. Биант, Солон, Хилон сияқты грек ойшылдарының пiкiрiнше, iзгiлiктi полистiк қоғамдағы заңның сақталуы жəне салтанат құруы оның айрықша белгiсi болып табылады. Азаматтардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекеттi Биант ең үлгiлi мемлекет деп есептедi. ″ Өзiңдi-өзiң таны″ қағидасының авторы спартандық Хилонның ″ Заңға табын″ деген шақыруы Дельфадағы Апаллон храмына ойылып жазылды. Ең игiлiктi полис деп Хилон азаматтары шешендерден гөрi заңдарды көбiрек тыңдайтын полистi санады.

″ Жетi ғұламаның″ қатарына қосылған Солон (б. з. д. 638-559 жж. ) тарихта атақты реформатор, мемлекеттiк қайраткер жəне заң шығарушы ретiнде де белгiлi. Б. з. д. 621 жылы орхонт Драконт жазған заң нормалары демос пен евпатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткенi ол демостың экономикалық жағдайын қандай да болмасын дəрежеде өзгертпедi. Драконт заңдары сонымен бiрге шектен тыс қаталдығымен де əйгiлi болды. Сондықтан да Афины халқы полистi басқаруды жəне жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгiлi болған Солонға тапсырды.

Архонт болып сайланған ол б. з. д. 594 жылы жаңа заңдар шығарды. Оның реформаларын экономикалық жəне саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретiнде Солон селолық жəне қалалық демостың жəне оған қосылған евпатридтердiң мүддесiн қорғады. Оның ең басты реформасы ″ сисахфия″ -(″ ауыр жүктi сiлкiп тастау″ ), яғни кедейлердiң кепiлдiкке алынған жер учаскесiндегi қарыз тастарды жою едi. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзiнiң жеке бостандығын кепiлдiкке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған. Солон ″ сисахфияны″ (құлдық борыш) жойып, шаруалардың кепiлдiкке алынған жерiн қайтарды.

Солонның саяси реформаларындағы ең бастысы, сол кезге дейiн өмiр сүрiп келген генократияны (″ генос″ - ру) жойып (рулық аристократтар билiгi), оны тимократиямен (″ тиме″ - ″ баға″, ″ мүлiк″ ) дүние-мүлiк цензiсiне негiзделген билiкпен алмастыруы едi. Ол бұл жарлықтарымен аристократтарды рулық құрылыстың ерекше артықшылықтарынан айырды. Аттиканың барлық азаматтары дүние-мүлiк цензiсiне қарай төрт топқа бөлiндi. Олар: пентакосиомедимндер (бес жүздiктер), салт аттылар, зевчиттер жəне феттер. Жаңадан құрылған төрт жүздiк кеңес аристократтардың тiрегi болып келген ареопагтың ролiн кемiттi. Солон сонымен бiрге ант берген жаңа жоғарғы сот - гериэяны құрды. Азаматтарды шыққан тегiне қарай бағалау дүние-мүлкiне қарай бағалаумен алмастырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси ойлар
Ежелгі Грекиядағы философия мен саяси ойлар
Софистердің құқықтық - саяси идеялары
Дүниежүзі саяси географиясы дамуының негізгі кезеңдері
Адам болмысының көптігі
Милет мектебі-ежелгі Грекиядағы көне философиялық мектеп
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Антик натурфилософиясы
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі
Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz