ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ
Титулка
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...5
Мемлекеттің құқықтану тарихы және оның дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...5
Мемлекеттің түсінігі және ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Мемлекет және құқықтық белгілері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... 13
2.2 Құқықтық мемлекет және оның белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары - сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған. Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның қандай болмасын нысаны жоқ . Цицеронның айтуынша мемлекет - халықтың ісі, құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп. Ежелгі Грецияның және Римнің мемлекеттік - құқықтық идеялары, институттары құқықтық мемлекет туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.
Осы кезеңде құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің дайындалуына маңызды үлес қосқандарға Вольтер, Гельвеций, Руссо, Пейн және басқа да көрнекті ойшыларды жатқызуға болады.
Кант құқықтық мемлекет теориясының философияның негізін жан-жақты зерттеген адам. Халықтың үстемдігі Конституция үстемдігі арқылы көптеген адамдарды құқықтық заңдарға бағынған жиынтығы ретіндегі мемлекеттегі барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Канттың құқықтық мемлекет туралы философиялық тұжырымдамасы саяси-құқықтық ойдың әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымның қызметіне маңызды әсер етті.
Батыс Еуропаның саяси-құқықтық ой иелері құқықтық мемлекет теориясының элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға тәжірибелеуге сай дамытты. Субъективті бағалауды есепке алмасаң, көптеген авторлардың пікірінше, мемлекеттегі заң шығарушы азаматпен қатар өзі бекіткен заңға бағынса ғана ондай мемлекетті құқықтық мемлекет деп санауға болады.
Құқықтық мемлекет идеялары қазақ саяси-құқықтық ойда да кең орын алды. Олар Ы. Алтынсарин, С. Асфендияров, М. Шоқай т.б. ойшылдардың еңбектерінде келтірілген. Қазан революциясынан кейін құқықтық мемлекет идеясы революцияның құқықтық сана талаптарымен алмастырылды, ал кейін мүлдем алынып тасталды.
Кейінгі жылдары реформалық процестердің нәтижелерінде мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарас пайда болды.
Құқықтық мемлекет туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында да айтылған: Қазақстан Респубикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметті мемлекет (1б. 1-ші сөйлемі).
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы бойынша оқулықтар жазу ісіне еліміздің көптеген ғалым заңгерлері ат салысқан болатын. Солардың ішінде академиктер С.З.Зимановты, С.С. Сартаевты, Ғ.С.Сапарғалиевті, з.ғ.к. А.Н.Таукеловті, т.ғ.к. Ғ.Маймақовты, ф.ғ.к. Е.М.Абайдильдиновті т.б. ерекше атап өтуге болады.
Аталған жұмыстың басты мақсаты - қазіргі кезеңдегі, яғни жаңа дәуірдегі мемлекеттердің пайда болуы және олардың құқықтану тарихына көз жүгірте отырып, құқықтық мемлекеттердің негізгі бағыттары мен ерекшеліктеріне толқталу болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, біз келесідей міндеттер қойдық:
мемлекеттің құқықтану тарихы және оның дамуына тоқталу;
мемлекеттің түсінігі мен оның басты ерекшеліктерін атап өту;
мемлекет және құқықтық белгілері мен ерекшеліктері және құқықтық мемлекет белгілеріне тоқталып, олардың мәнін ашу болып табылады.
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Мемлекеттің құқықтану тарихы және оның дамуы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы -- тарихи және құқықтық ғылым. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтық жүйенiң пайда болуын, дамуын әрбiр тарихи кезеңге сәйкес қоғамдағы мемлекет пен құқықтың орны мен ролiн тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, хронологиялық реттiлiкпен құқықтық жүйеге сай зерттейдi Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, тарих, саясаттану, әлеуметтану, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы тағы басқа салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының салалық заң ғылымдарынан ерекшелiгi -- ол мемлекеттiк құқықтық құбылыстарды бiртұтас және бiр-бiрiмен тығыз байланысты әрi бiр-бiрiне тәуелдi пән ретiнде қарастырады. Бұл пән сонымен бiрге Қазақстан халқының пайда болуының ежелгi дәуiрiнен бастап қазiргi кезеңiне дейiн, сондай-ақ мемлекеттiк және құқықтық феномендердi уақыттық жағынан қарап қана қоймай, кеңiстiк жағынан да зерттейдi. Оның уақытылығы -- мемлекеттiң пайда болуы мен бүгiнгi мемлекеттiк және құқықтық жүйесiнiң жай-күйi болса, кеңiстiгi Қазақстан Республикасының сол тарихи уақыттағы қазiргi мекендеген территориясы [1].
Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пән ретiнде елiмiздiң территориясын қоныстанған халықтар мәдениетiн, заңды тұрмыс-салтын және оның құқықтық құндылықтарын зерттейдi. Әдетте мемлекет тайпа қоныстанған территорияның бiрлестiгi мен тұтастығы негiзiнде пайда болады. Құқық -- солардың әдет-ғұрпынан құралады. Мiне, осынау жайлар мемлекеттiк құқықтық даму процесiн зерттеуге негiз және бастау болады. Содан кейiн мемлекеттiк және құқықтық құрылымдағы заңды феномендерге дейiнгi құндылықтар мен iс жүзiнде қолданылатын (қолданбалы) заңды археология және тарихи құқықтану пәндерi айналысады. Тарихтан белгiлi -- құқық өзiнiң жаратылысына қарай мемлекетке қарағанда әлдеқайда көне. Оның алғашқы қауымдық құрылыстың кезiнде-ақ өзiндiк институты болды. Ең қарапайым қоғам өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын кәдiмгi қалыпты тұрмыс-тiршiлiк арқылы қалыптастырып отырғандығы да соны айғақтайды. Кез келген адамдар бiрлестiгi ең алдымен олардың шаруашылық жағын реттеу арқылы жүргiзiлiп, өзiн қоршаған ортамен табиғаттың қатал жағдайларымен күрестерi арқылы қалыптасады.Сондықтан да құқықтың пайда болуы мемлекетке қарағанда ерте саналып, алғаш дамуының да сыры сонда. Тұтастай алғанда Қазан төңкерiсiне дейiнгi Қазақстанның саяси-құқықтық тарихы бүгiнгi күнге дейiн аз зерттелген пән болып қала бередi. Тарихи әдiлдiктi қалпына келтiру үшiн бiр кездегi патшалық Ресейдiң отарлау саясаты мен оның қазақ халқына деген көзқарасы, әрi оның хандық жүйеде дамыған мемлекеттiлiгiне жасаған қиянаты бүгiнгi қазақ халқының саяси тәуелсiздiгiне сәйкес зерттелiп-зерделенуi керек. Кеңес мемлекетiнiң тоталитарлық жүйедегi жүргiзген саяси идеологиясы қазақ тарихшыларына Қазақстан тарихын терең зерттеуге мүмкiндiк бермей, ғалымдарға тосқауылдар қойды. Қазақстан Республикасының саяси егемендiк алуы ғана қазақ халқының өткенi мен оның мемлекет және құқық тарихын шынайы да шыншыл пән ретiнде оқытуға жол ашты.
Құқық алдымен материалдық объектiлерден басталады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыстың өзiнде-ақ адамдардың құқықтық тұрғыда жеке меншiк мүлiктерi болған. Аңшының өз меншiгi ретiнде қару-жарағы болса, ал әйелдiң үйге деген құқығы болған. Кез келген қоғамдағы экономика мен қоғамдық қарым-қатынастардың дамуы жеке адам құқығына байланысты өрбiп, одан әрi мемлекеттiк дәрежеге дейiн көтерiледi. Оның арасында отбасылық құқықтың да орны ерекше. Мiне, осының бәрi мемлекет және құқық тарихы пәнiнiң негiзгi зерттеу объектiлерi болып табылады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде дамуы жоғары заң білімін беру жүйесінде оқытылатын пәндер мен оларды оқытуыдң әдіс тәсілдерін мемлекетіміздің алдында қойған талап тілектерінің аясында және соған сәйкес болуды талап етіп отыр. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тікелей қатысты. Себебі, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы болашақ еліміздің ХХІ-ші ғасыр заңгерлерінің дайындауында және олардың бойында отанға деген сүйіспеншілік орнықтырушы басты пәндердің қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына арналған оқулықтардың алғашқылары кеңес заманында өмірге келген болатын. Сондықтан да бұл оқулықтарда кеңестік құқықтану ғылымында қалыптасқан әдіс-тәсілдердің үстемдік құрып, оны кеңестік жүйеде қалыптасқан идеология аясында қарастырудың басымдық танытуы заңдылық еді [2].
Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің стратегиялық даму бағытына сәйкес келетін бұл бағыттағы оқулықтың қажеттілігі туды. Әрине, еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әр түрлі мәселелерін тілге тиек еткен еңбектерде, оқулықтарда жарияланып жатты. Өздеріңізге ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына арналған дәрістер курсы осы бағыттағы қадамдардың заңды жалғасы болып табылады.
Кеңестiк кезеңдегi үзiп-жарып, не бұрмаланып оқытылған Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнi бүгiнде бiр жүйеге түсiрiлiп, елiмiздiң шынайы түрде тұтас қамтылған тарихы ретiнде оқытылуы тиiс. Аталған ғылым саласының алдында тұрған тағы бiр басты мәселесi, әрi негiзгi мiндетi бiздiң елiмiздiң мемлекет және құқық тарихын бұрмалаушыларды әшкерелеу. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы заңды бiлiм жүйесiнде өзiндiк орны бар пән. Бүгiнгi пайда болып жатқан мемлекеттiк-құқықтық құбылыстарды түсiну үшiн алдымен мемлекет және құқық тарихының қалай, қайда, неден құралғанын, қандай негiзде жасалғанын бiлген жөн. Сонымен, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнi болып саналатындар:
- мемлекеттiк-құқықтық жүйенiң пайда болу және даму процесi, әртүрлi тарихи кезеңдегi қоғам өмiрiндегi мемлекет пен құқықтың алатын орны мен рөлi;
- мемлекеттiк-құқықтық жүйе элементтерiнiң мазмұны мен формаларындағы ерекшелiктер, өндiрiстiң көшпелi тәсiлiнiң ерекшелiгiндегi шарттылықтар. Мiне, осы тұста анықтап алатын бiр жай, ол мемлекеттiк-құқықтық жүйе түсiнiгiн анықтау. Өйткенi ол дәстүрлi мемлекет және құқық ретiнде өзге институттармен тығыз қарым-қатынаста болғанына қарамай жеке қаралады. Сонымен бiрге, олар бiр-бiрiнсiз өмiр сүре алмайтын тұтастықты құрайды. Мемлекет тiкелей немесе жанама түрде құқықтық нормаларды белгiлейдi және реттейдi, оған рұқсат бередi. Сондай-ақ бұл заңдылықтар бұзылған кезде нақты шаралар қолдану арқылы оларды қорғайды, ал құқық болса мемлекетке конституциялық немесе басқа нормалармен ықпал етедi де қоғамдағы саяси қатынастарды реттейдi.
Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларын сол кездегі прогрессивті ойшылдар Н.Макиавелли және Ж.Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында өз заманының қажеттілігіне анағұрлым жауап беретін идеяларда мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді. Мемлекеттің мақсатын мүлікті еркін пайдалану мүмкіндігі мен адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп білді. Боден мемлекетті көптеген отбасыларды және олардың иелігіндегі заттарды құқықтық басқару деп анықтады.
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар (ойшылдар) маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар [3].
Гроций табиғи-құқықтық мектептің алғашқы теорияның маманы болды. Оның теориясы бойынша, мемлекеттің мақсаты - көпшіліктің келісімі бойынша әр адамға өз мүлкін еркін пайдалануды қамтамасыз ететіндігі құқықтық бекітулер арқылы жеке меншікті қорғау.
Спиноза заңдар мен байланысуы салдарынан азаматтардың шынайы құқықтары мен еріктерін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекеттің теорияның негіздемесін жасады. Оның айтуынша мемлекет әрбір азаматтың өмірін қорғап қана қоймай, сонымен бірге олардың мүдделерінің қанағаттандырылатынына кепілдік берсе ғана күшті болады. Ол өз заманындағы билеушілерді жеке меншіліктің, қауіпсіздіктің, ар-ұяттың бостандықтың және басқа да игіліктің сақталуы қажеттігін ескертті.
Гоббс қоғамдық өмірдегі құқықтық үстемдігі туралы бірқатар прогрессивті еңбектер жазды. Оның еңбектерін кейіннен буржуазиялық революция оқымыстылары жетілдірді, дамытты. Сонымен қатар заң алдындағы формалды теңдікті дәлелдеді және келісімнің тұрақтылығын көрсетті.
Локк та табиғи, бөлінбейтін құқықтық меншікті, жеке бостандықты және теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдігі туралы айтты.
Монтескье құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтың қоғамдағы саяси бостандықтың қажеттілігі деп түсіндірді. Бостандық заңдармен рұқсат етілген әрекеттерді жүзеге асыру. Егер азамат заңдармен тыйым салынған әрекет етсе, оның бостандығы болмайтын еді. Өйткені өзгелерде сондай әрекеттер жасаған болар еді . Демек, Монтескьенің көзқарасы бойынша, саяси бостандық - заңдылық пен қауіпсіздікті сақтау.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдiстерi. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын оқыту барысында қоғам тарихының дамуы және қоғамдық-экономикалық формацияның заңды түрде алмасуының негiздерiне мән беру керек. Өндiргiш күш пен өндiрiстiк тәсiл қоғамдық дамуды анықтаудың басты айқындаушы негiзi болады. Бұл тұста бiздiң сүйенерiмiз -- экономикалық тiрек (базис) пен қоғамдық қондырма (надстройка) туралы баяндап және олардың бiр-бiрiне жасайтын ықпалына назар аударып, таптық күрес пен мемлекет және құқықтың дамуындағы, әлеуметтiк революция, көпшiлiк халықтың рөлiне көңiл бөлу [4].
Бiздiң елiмiзде мемлекет және құқық бүкiл әлемдегi адамзат қоғамының дамуы секiлдi заңдылықтармен пайда болып, дамыды және дами бередi де. Мемлекет және құқық тарихының пайда болуы мен дамуы қоғамның өндiргiш күшi мен өндiрiстiк қатынастарының бiр-бiрiне қарама-қайшы (антагонистiк) таптар күресiнiң өрiс алуына байланысты болды. Алғашқы қауымдық және әлеуметтiк топ арасындағы қарым-қатынасты реттеу немесе жүйелеу белгiлi бiр мемлекет құру керектiгiне итермелейдi. Бiздiң заманымызға дейiнгi I мың жылдықта Қазақстан территориясын Андронов және Дәндiбай-Беғазы мәдениетi мен өркениетi деген атпен енген тайпа қоныстанған. Олар кейiн грек тарихшыларының жазып қалдыруынша "скифтер" де, ал парсы мәлiметтерi бойынша "сақтар" деген атаумен аталып, кейiн әртүрлi тарихи қоғамдық жағдайларға қарап өзгерiп кете берген.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнiнiң өзiндiк зерттеу әдiстемелерi бар. Ол республика, мемлекет және құқық тарихының қалай дамып, қандай жолдармен өрiстегенiн және оның мәдени-өркениеттiк даму процестерiн айқындайды. Кез келген әдiске баратын жолмен бiрге оның мақсат-мүдделерiн шешетiн принциптерi болады. Сондықтан да мемлекет және құқық тарихын оқып, зерттеп-зерделеу үшiн оны төмендегiдей әдiстерге бөлуiмiз керек. Бiрiншi, жалпы философиялық әдiстеме. Оған диалектикалық және метафизикалық әдiстемелер жатады. Екiншi, жалпы ғылыми әдiстемелер. Оған мемлекет және құқық тарихын уақыт пен кеңiстiк тұрғысынан зерттеумен бiрге iс-әрекеттiң және құбылыстың iшкi-сыртқы қасиеттерiн ашатын логикалық әдiстемелер жатады. Мұнымен бiрге жалпы ғылымдық әдiстемеге жүйелiк тәсiлмен де келуiмiз керек. Үшiншi, арнаулы әдiстемелер. Оған арнаулы-тарихи және арнаулы-құқықтық әдiстемелермен бiрге тарихи-генетикалық әдiстемелер жатады. Тарихи-жүйелi зерттеп-зерделеуден кейiнгi қол жеткiзетiн бiрден-бiр әдiстеме -- ол тарихи-салыстырмалы әдiстеме. Тарихи-салыстырмалы әдiстеме -- ежелгi Қазақстан территориясын қоныстанған халықтардың мемлекет және құқық тарихының даму заңдылықтарын, сонымен бiрге өзге территорияларды қоныстанған халықтардың және олардың қай дәуiрлерде өмiр сүргенiн салыстырмалы түрде анықтауға мүмкiндiк бередi. Әдiстемелiк курстың басты шарты -- мемлекет және құқық дамуының бiр-бiрiмен сабақтастығының тарихилығында. Барлық мемлекет және құқықтық құбылыстар алдыңғылардан, яғни өткеннен өрiп бастау алады да, болашақта болатын жағдайларға алмастырыла өзгерiп (трансформацияланып) отырады. Мұндай құбылыстарды "уақыт үндестiгi" бiр тарихи негiзде қарастыруға ықпал етедi. Дамудың бiрнеше жолы бар, мысалы ол баяу да бiр қалыпты (эволюциялық) немесе бiр қалыпты емес секiрмелi (революция) түрде, тiптi болмаса бiр кездегi ұмытылған институттар ретiнде қайта оралуы мүмкiн (толық немесе бiрен-саран күйде), болмаған жағдайда олар үзiлiп немесе одан ары дамуын тоқтатуы да ғажап емес.
Төртiншi, нақты-проблемалық немесе жеке әдiстемелер -- ол өзiнiң аты көрсетiп тұрғандай iс-әрекеттердiң барысын, сипатын нақты оқып үйретуге бағытталады. Объектiнi оқып-зерттеу барысында қолданылатын әртүрлi әдiстердiң жиынтығы тарихи-құқықтық ғылымның әдiстемесiн құрайды.
Заңды тұрмыс-тiршiлiк -- әр түрлi әдет-ғұрып, рәсiм, салт-жора, iс-әрекет, тәртiп пен тәлiм арқылы қалыптасып, солардың көмегiмен құқықтық қызмет ретiнде жүзеге асады. Ал адамдардың iс-әрекеттерi олардың әдiлеттi немесе әдiлетсiздiк, заңды не заңсыздық деген ұғымдарды қалай қабылдап, қалай түсiнуi арқылы айқындалады. Құқықтың негiзгi көзi -- сот тәжiрибесiнен өсiп-өнсе, оның бастауы - әдет-ғұрып, яғни дәстүр. Сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсын кезеңдестiру бiрнеше себеп-шартпен (фактор) белгiленедi. Оның басты негiзi -- қоғамдық әлеуметтiк-экономикалық дамудың құрылысы мен тәртiбi (экономикалық, техникалық дамуы, меншiк түрi) және мемлекеттiң дамуына байланысты. Бұл тұста ерекше атап өтетiн жағдай, құқықтанушы мен заңгерлер үшiн қажеттiсi тарихтағы мемлекеттiк-құқықтық түрлер (формалар) және фактiлер мен құбылыстар [5].
Мемлекеттің түсінігі және ерекшеліктері
Мемлекет - бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси - аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
1. Бұқаралық биліктің болуы.
2.Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу.
3.Салық жүйесі.
4. Егемендік..
5. Құқық.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың саяси - бұқаралық қатынасы. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1. Бұқаралық (көпшілік ) билік.
2. Аппараттық билік.
3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні -- бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі.
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
-- таптық;
-- жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің мәнін және мақсат -- міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат - міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары -- өзгеріп отыратын категория.
Мемлекет функцияларының классификациясы:
а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;
б) маңызына байланысты -- негізгі және қосалқы;
в) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты -- ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.
Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.
Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық - регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.
Мемлекет механизмі - бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.
Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
1) тікелей басқарушылық;
2) құқықтық нысандар.
Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік органдардан;
2) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3) Мемлекеттік қызметшілерден;
4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай - ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы.
Мемлекеттік орган - бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в)өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар заңды міндетті іс -- әрекеттер жасайды.
Мемлекеттік органдардың классификациясы:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы- бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау- қадағалау органдарына бөлінеді;.
2. Биліктің бөліну қағидасы бойынша - заң шығарушы, атқарушы және сот.
3. Қызметінің құқықтық нысаны бойынша - құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы.
4. Иерархия бойынша - республикалық және жергілікті.
5.Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын) және уақытша(қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады)
6.Құзырлығының сипаты бойынша - жалпы құзырлықтағы (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер) [6].
2. ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ
2.1 Мемлекет және құқықтық белгілері мен ерекшеліктері
Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей - адам және оның құқығы, ал оны саяси іске асырушы - мемлекет. Ондай миссияны орындау кез келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек принципі мен қызметі құқыққа сай келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай мемлекетті жалпы түрде, құқықтық мемлекет деп атайды.
Мемлекет пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты саяси биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы, ерте заманнан басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайлардың Легистерінде (Шан Ян - ІV ғ. б.э. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықты мемлекеттің мәжбүрлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке оны орындаудың міндеттілігі ескертіледі.
Құқықтық мемлекеттің негізгі идеяларының элементтері көне оқымыстылармен құрылған. Оларға: Солон, Гераклит, Пифагор, Платон, Аристотель, Демокрит, Сократ, Цицерон сонымен қатар софистер, стоиктер және рим заңгерлері жатады. Олардың басқару нысаны жөніндегі дұрыс емес ережелерге: табиғи және ерікті белгіленген құқық қатынастары, адамдардың теңдігі туралы табиғи құқық, мемлекетті халықтың жұмысы құқықты адалдықтың өлшемі ретінде есептеу, жеке және көпшілік құқық жатады. Жаңа кезеңде, табиғи доктринасының теориялық дамуына ықпал жасады, екі мың жылдарға созылған кезеңдерде құқықтық мемлекет идеялары жетіле бастады.
Континенталдық Еуропада құқықтық мемлекет тұжырымдамасы элементтерінің алғашқы кезеңі, құрылымына сай тарихи алғышарттардың жоқ кезінде өтті [7].
Жаңа кезең (уақыт) оқымыстылары (Н.Макиавелли, тирандармен күресушілер Э.Боэсси т.с.с.) бірінші болып, қоғамдық санаға ертедегі табиғи құқық доктринасын енгізе бастады, оның көптеген ережелерін жаңа тарихи жағдайда дамытты. Олардың егеменді тәуелсіз ғылыми, құқықтың шығуы, еркіндік тирандарға қарсы тұрудағы арналған халықтың құқығы, табиғи теңдік және барлық адамдардың еркіндігі, жаңа ғылыми принциптегі мемлекет проблемаларын зерттейтін теориялық негіз болды.
Жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар, белгілейтін элементтердің мемлекет пен адамға қатынасын табуға мүмкіндік берді - құқықтың принциптерінің артықшылығын көрсетті. Бірінші рет оны (толық емес құрастырған) көрсеткен, Гуго Гроций болды. Оның ойы бойынша жақсылықтың және мемлекеттің тағайынды болуы жетілген құқыққа байланысты, мемлекеттің қызметі құқық принциптеріне сай болуы керек - деген ой, И.Кантқа жатады. Халық егемендігінің қағидаларына сай, негізгі маңыздылығы, атқарушы биліктің, заң шығарушыдан айырылғандығын және оның қызметін тежейтін принципті белгілегеніне, яғни халық өзі туралы өзі шешім қабылдай алмайды, заң шығарушы халық жөнінде шешім қабылдай алады. И.Канттың мына ойына құлақ салуға болады: заңның құқыққа сай келуіне байланысты, мемлекет құқыққа мәжбүрлеуге мүмкіндік алады және құқықты өзінің өмір сүруі үшін сақтайды. Р.Фон Моль бірінші рет, құқықтық мемлекетке анықтама бере отырып, оны жаңа кейіпті конституцияда бекітілген азаматтардың құқығы және бостандығы бар индивидтердің, сот қорғауы қамтамасыз етілген конституциялық мемлекетке жатқызды.
Осы күнгі анық түсініктемелердің біріне жататындар:
Құқықтық мемлекет - көпшілік-саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған қызметі, индивидтермен құқық субъектісі ретіндегі оның қарым-қатынасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа негізделген заңның жоғарылығы, құқықтың шындығы және индивидтердің еркіндігі, биліктің бөліну принципіне сай жалпы биліктің құрылуы және қызметі.
Бірінші белгінің мәні, құқық пен заңды айырып көрсеткенінде. Қандай жағдайларда да ондай бөлінгіштік болғанмен олардың негізгі мақсаттары - заңның, әр түрлі нормативті актілердің және басқа да жалпы билік қызметтерінің бір-біріне сай келуін қамтамасыз ету. Тек құқық, заң шығарушыдан тәуелсіз әлеуметтік феномен, жалпылама өлшем және еркіндіктің тең деңгейі ретінде жалпы биліктің әр түрлі қызметіне, теңдік және адалдық принциптеріне қызмет етеді. Құқық пен заңды салыстырғанда көрсетілген өлшем жоғалады және жалпы билік өзі шығарған негізінде (құқыққа сай келмейтін) заңдылықты сақтау түрлеріне сай емес зорлық-зомбылық жасауы мүмкін. Сонымен қатар, жалпы билік ондай заңдармен байланысты емес, олардың билікке бағынушыларға ғана маңызы бар. Еліміздің тарихы ондай мысалдарға бай екенін айта кету қажет. Мысалы ХХ ғасырдың 30 жылдарында заңдылықты бекіту ұранына байланысты Кеңес үкіметі азаматтарының әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке адамдардың құқына шабуыл басталды. Мемлекеттік билікті жүргізу тәртібіне корпоративтік элементтері кіргізіліп, азаматтардың жекелеген қоғамдық ұйымдары реформаланды, яғни, кәсіптік одақтар еңбек халық комиссариатына қосылды. 1933 жылы кәсіподақтардың атқарушы органдарымен еңбек ақының мөлшерін белгілеу туралы, ұжымдық келісім-шарт жасалуына тыйым салынды. 1931 жылғы қабылданған заң бойынша, жұмыстан кешіккендер, белгіленген уақытында келмей қалғандар жұмыстан шығарылған және баспанасынан айырылатын болған. Ондай адамдардың жұмыстары сот органдарына жіберілмей әкімшілік органдары арқылы шешілген. 1934 жылы көне объективті мойнына жүктеу принципі қолданылған (бұл Хаммурапидің 1150ж. заңына жатады): сотталған (сатқын ретінде) адамдардың отбасылары сайлауға қатынасу құқығынан айырылған және 5 жылға жер аударылған. 1934 жылғы заң бойынша 10 күннің ішінде террорлық қылмыс тергеліп, сот мәжілісіне бір күн қалғанда ғана айыптау қорытындысы берілген, сот процесінде ондай істер айыпталушымен куәларсыз-ақ шешілген, кешірім сұрау мүмкіндігі жойылған, айыптының арыз жазуына тыйым салынып, орындалуы (ату) тездетілген. 1935 жылғы заңдар бойынша көптеген қылмыстар үшін жауапкершілік 12 жастан басталған. 1937 жылы қуғын-сүргін өзінің ең шыңына жетті, құқық деформацияға түсіп, шын мәнісінде жұмыс істемеген. Қуғын-сүргінді жүргізетін мемлекет аппараты тәсілімен және пайдаланатын құралдарымен орта ғасырдағы инквизицияға ұқсаған. Тергеудегі адамдарды ресми түрде жауап беруі үшін қинауға рұқсат берілген. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz