Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі мен жолдары



Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... 4
Жобалау әдісі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Жобалау әдісін қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ... 11
2.1 Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі ... ... ... ... ... ..11
2.2 Информатика сабағында жобалау технологиясын іс жүзінде қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ

Жобалау әдісі - инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.
Жобалау әдісі - мәселені жете зерттеу арқылы,нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі - барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды.
Жобалау әдісі - жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс-әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс-әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.
Жобалау әдісі арқылы информатика пәнін меңгертудің ережесі мынадай: тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол оқушының қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны нәтижесінде дәлелдеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланылады; талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы қажет; жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және топтық шеңберде орындалуы қажет.
Аталған жұмыстың басты мақсаты - информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі мен жолдарын қарастыру болып табылады.
Жұмыстың мақсатына негізделе отырып, біз келесідей міндеттерді алдыға қойдық:
жобалау әдісі туралы түсініктерін ашу;
жобалау әдісін қолдану жолдарына сипаттама беру;
информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігін қарастыра отырып, сабақ жүзінде мысал келтіру;
информатика сабағында жобалау технологиясын іс жүзінде қолданыстарын жоба жүзінде талқылау.

ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жобалау әдісі туралы түсінік

Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі - сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда - оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.
1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатрик жобалау әдісін от души выполняемый замысел деп түсінді. Оның ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады деп тұжырымдайды.
1. Ең біріншіден жобалау әдісі дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік. Жоба (лат.)- алдында жүретін. Яғни қандай да жоба болса да алға жүретіні сөзсіз.Әдіс- белгілі бір мақсатқа жету үшін практикалық немесе теориялық білімдердің ізденудегі жұмысы, дидактикалық категория. Жобалау әдісі бұл- белгілі бір мәселені оқу-әдістемелік білімді негізге ала отырып түпкілікті құрылымын айқындау арқылы шешу. Жобалау әдісін басқаша мәселе әдісі ретінде де танимыз, себебі белгілі бір теориялық немесе практикалық мәселені шешуді мақсат етеді. Қазіргі кезде жобалау әдісін мұғалімдердің жобалық оқытуында қолданылатын педагогикалық технология деп түсінеміз.
2. Әлемдік педагогикада жобалау әдісі жаңа емес. Ол 1920 жылы АҚШ-та пайда болған.
3. Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына орай таңдалуы мүмкін. Жобалау жұмысын орындаудағы талаптар төмендегідей:
- Оқыту жобасының классификациясын таңдау
- Жоба презентациясын дайындау
- Жобаға баға беру критериилерін айқындау
- Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру
- Жобалау әдісін оқытудағы мұғалімдердің мақсаты мен міндеттерін айқындау
Қазіргі кездегі оқу жобаларының түрлері (оқушылардың қызығушылығына негізделген):
- практикалық
- ғылыми жобалау
- ақпараттық
- шығармашылық
- рольдік
Құрамы бойынша мини-жоба, моно-жоба пәндік және пәнаралық болып бөлінеді. Мини-жоба бір пән негізінде ғана ұйымдастырылса, пәндік жобалар факультативтік сабақтар аясында қолданылады. Ал пәнаралық жоба бірнеше пән негізінде құралады.
Қатынас құралы бойынша дара және топтық болып бөлінеді. Өз алдына топтық: сыныпішілік, мектепішілік, аумақтық және халықаралық болып бөлінеді. Ұзақтығына байланысты мини-жоба- 1 сабақтық, қысқа- 4-6 сабақтық, апталық- 30-40 сағаттық, ұзақ немесе жылдық- дара немесе топтық жобалар міндетті түрде сабақтан тыс жүргізілуі керек.
Жобалар презентациясының түрлері: ғылыми жұмыс, іскерлік ойын, видео-фильм көрсету, экскурсия, бағдарлама, ғылыми конференция, театр көрсетілімі, тарихи немесе әдеби диалогтар, спорт ойыны, спектакль, жарнама, пресс-конференция.
Ал жобалау әдісінің практикалық бөлімін қарастырсақ бұл жерде жоба дайындау қажет ақпаратты жинақтау,рәсімдеу кезеңдеріне назар аударатын сабақ жоспарлары мен дебат пікірсайысына дайындық кезеңдерін атап өтейік. Негізгі жоба тақырыбы оқушы өзі қызығушылығына орай таңдайды,бірақ бағыт-бағдарды әрине мұғалім береді.
. Оқушылардың жобалау жұмыстары мұғалімнің қойған мақсатына негізделеді. Мұғалім ұсынады, ал оқушылар бар ынтасымен орындайды. Осындай жобалау жұмыстарында ең негізгісі іске асыру болып табылады. Бағалау да осы іске асыру, оның креативтілігі мен сапасына негізделеді.
Бастауыш мектептегі жобалау әдісін қолдану негізгі мектептегі жобалау жұмыстарының даму негіздерін қалайды. Оқушылар жобалау жұмысының негізін ойы мен іске асыру, шешім қабылдау, нәтиже шығару деп таниды. Жобалау жұмыстары сабақтан тыс жүргізіліп, пәндік тұрғысынан да шығып кетеді. Осының нәтижесінде оқушылар арасындағы және мұғалімдермен қарым-қатынасы өзгереді. Жобалау жұмыстарының нәтижесін алдын-ала білмеген соң, баға идея, оның іске асуы, жобалау нәтижелерінің практикалық қолданануы және де ынтаға қойылады. Жобалау жұмысына қойылған баға арқылы оқушы өзіне баға беріп, өзін көп жақтардан тани бастайды. Бірақ жобалау жұмысының нақты жүргізілуі үшін мектеп мұғалімдерінің барлығының жұмысы керек. Жобалау жұмысын жүргізу үшін уақыт, лаборатория, шеберхана, кітапханада өзіндік жұмыс жүргізуге мүмкіндік, топпен жиналып консультация алу үшін уақыт бөлу керек.
Ал орта мектепте бастауыш пен негізгі мектепте алған білімдері жобалау жұмысының негіздерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушы мақсат қойып, нәтижеге жету үшін қолданатын бар ресурстарды бағалап, өзінің шешімдерінің дұрыс және бұрыс жақтарын көріп, нәтижесінің алдын алуды жобалау жұмыстарында қолдана алады. Жобалаудың іске асу нәтижесі оқыту үрдісіндегі оқушының өз жолын өзі таңдауы болып табылады. Өзі таңдау жасап отырып, нәтижесіне өзі жауапты болады. Бұл жерде уақытты, бағаларды, нәтижені ескеріп отыру қажет.
Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.

Жобалау әдісін қолдану жолдары

Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі - сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда - оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың жолдауында: Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады -- деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.
Ұрпаққа білім берудің басты мақсаты - жас толқынның қабілеті мен қызығушылығына қарай кәсіби әрекетті игеруіне, белгілі бір мамандықтың иесі болуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Ал өз кезегінде сол білім әр адамның өзін-өзі тануының, маман ретінде қалыптасуының, өзін-өзі көрсете білуінің, яғни ішкі мүмкіншілігі мен тұлғалық қабілеттерінің ашылуының құралы болып табылады. Отандық тәжірибеге зер сала қарағанда, оқушыларға шынайы білім беру бағытындағы ең мәнді қадам деп олардың өздігінен ізденуіне, алған білімін нақты тәжірибеде қолдануына жол ашатын жаңа жүйенің мүмкіндіктеріне лайық жаңа технологиялардың да белсенді түрде енгізіле бастағанын айтуға болады.
Қай кезде де бүгінгі шәкірт- ертеңгі ел тұтқасы.Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатрик жобалау әдісін от души выполняемый замысел деп түсінді. Оның ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады деп тұжырымдайды. Ал Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады.
Жобалау әдісін қолдану арқылы тұлғаның өз бетімен даму әрекетін ұйымдастыру үшін зерттеушілік, жобаның жіктелуі, шығармашылық, ізденушілік, болжалдық әдістерді қолдану.
Жобалай оқыту технологиясының сапалы білім берудегі тиімділігі оқушының жеке басының ізденімпаздық қабілетінің дамуымен байланысты анықталады. Жобаны орындау барысында оқушылардың Информатика сабағынде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту өзін-өзі бақылау мен басқару арқылы саналы түрде жүріп отырады. Осы үдерісте оқушының ерік-жігері, тілдік қабілет ресурстары, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі. Бұл технология Информатика сабағын үйренуші оқушының дүниетанымдық көзқарасы адамгершілік қасиетімен тоғысқан жеке тұлға ретінде, кәсіби маман ретінде қалыптасуына, әлеуметтенуіне қызмет етеді.
Әлемдік педагогикада жобалау ісі түбегейлі жаңа әдіс емес. Жобалау әдісі өткен ғасыр басында АҚІІІ-та пайда болған. Бұл әдіс сондай-ақ проблемді деп те аталған және ол американдық философ-педагог Дж.Дьюи және онын ізбасарлары У.Хилпатрик ұсынған философия және тәлім жүйесіндегі гуманистік бағыт идеяларына сабақтаса келеді. Дж. Дьюи тәлім, білім үйретуді баланың қызығуына сәйкес белсенділік негізінде, нақты мақсатты көздеген іс-әрекет арқылы ұйымдастыруды ұсынды, осылай болған да ғана нақты өмір, тұрмыстан туындаған проблема бала үшін таныс әрі маңызды келіп, игерген білімін оны шешуге пайдалану қажеттігі өріс алады. Мұғалім жаңа ақпарат көздерін ұсынып немесе шәкірт ойын қажетті бағытқа бұрып, дербес іздену жолына салып, белгілі білімдер қорын игеруді керек ететін нақты проблемаларға ынталандыра, қызықтырып, бір, бірнеше проблемалар шешімін көздеген жобалау іс әрекеті арқылы жинақтаған білімдерінің тұрмысқа қолдану жолдарын көрсетуі тиіс, яғни теориядан практикаға өтіп, академиялық білімдерін іскерлік прагматизммен байланыстыра, тәлім-тәрбиенің әр кезеңінде олардың әрқайсысының қай шамада қажет боларын ұқтыру - мұғалім парызы.
Шәкірттер білімді шынайы қажеттік ретінде қабылдауы үшін оның өзіне маңызды келген проблеманы қойып, өз белсенділігімен шешу талабын тарту лазым. Нәтижені сырттай көруге, ұғуға, тұрмыс-тәжірибеде қолдануға болады. Ал іштей нәтиже сол білімге деген ынта мен ептіліктер, біліктілік және құндылықтар.
Жоба әдісін дайындап, әлемде бірінші больш білімдену жобаларын ажырата топтастырған американдық профессор Коллинге болды. Оның ойынша, тәлім-білім тиімділігін көрсетуге бағытталған жобалар түрі келесідей болуы мүмкін:
Ойындық жобалар - әрқилы ойындар, халық билері, сахналық қойылымдар және тағы басқалар. Мақсат - балаларды топтық қатынастарға тарту.
Саяхаттық жобалар - қоршаған табиғат және қоғамдық өмірмен байланысты жағдайларды мақсатты түрде зерттеп үйрену.
Баяндама жобалары - мақсаты - әрқилы формада әңгімелесуден (ауызша, жазбаша, ән орындау, күй тарту және т.б) қанағат табу.
Құрастырушылық жобалары - нақты пайдаға жарағандай өнім жасау (құс үясын жасап, жоғарыға ілу, мектеп театры сахнасын құру, көпір салу, ойын алаңын түзу және т.б.)
Жобалау әдісінің негізіне шәкірттердің таным дағдыларының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құрастыра алу ептіліктері, ақпараттық кеңістікте бағдар таңдау шеберліктері, сындарлы ой дамуы алынған
Жобалау әдісі әрдайым балалардың белгілі уақыт аралығында орындайтын дербес - жеке-дара, жұптасқан жұмыстарына бағдарланады. Бұл бағыт шәкірттерді топтастырып үйрету, білім игеру істерімен сәйкес келеді. Жобалау әдісі қай уақытта да, бір жағынан, әрқилы әдістер мен құралдарды пайдалануға, екінші жағынан - әртүрлі ғылымдар, техника, технология, шығармашылық саласынан қажетті білімдер мен ептіліктерді біріктіре ұсынуға қолайлы. Жобалардың орындалу нәтижесі барша уақытта сезімді болуы қажет, яғни, егер проблема теориялық болса, оның шешімі, ал практикалық болса, оның нақты пайдалануы, көзге түсер нәтижесі болуы шарт.
Жобалау әдісін пайдалана білу ептілігі мұғалімнің жоғары біліктілігінің, баланың білім игеруі және дамуына тиімді озат әдістемесінің көрсеткіші. Бұл технология, ең алдымен, адамның постиндустриялды қоғамның шалт өзгрістеріне икемденуін көздеген XXI ғасыр технологиясы деп бекер аталмаған. Жобалау әдісін пайдалануда қойылатын талаптар:
шешімі бірігімді білімдерді, ізденісті зерттеулерді қажет ететін тұрмыстық мәнді де маңызды тапсырмалардың болуы (мысалы, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу, қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға келтірер зиянын ашу және т.б.);
ниетті нәтижелердің тәжрибелік, теориялық, танымдық маңызының болуы (мысалы, аймақтың демографиялық жағдайы жөнінде тиісті орындарға хабарлап тұру, әртүрлі жерлердегі тоғай, орманды қорғау, мәдени-қоғамдық шаралар жоспарын түзу және т.б.). Шәкірттердің дербес (жеке-дара, жұптасқан, топтық) іс-әрекеттері;
жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру (кезеңді нәтижелерін көрсетумен);
Зерттеу әдістерін пайдалану келесідей: қойылатын мәселені және туындайтын міндеттерді белгілеп, оны шешуге байланысты болжамдарды алға тарту, соңғы нәтижелерді өрнектеп, алынған деректерді талдау, қорытынды шығару, түзетулер енгізу. Әрқилы жағдайлардағы жоба тақырыбын таңдау әртүрлі жолмен анықталуы мүмкін. Бұл жағдайларда оны бекіткен бағдарлама шеңберінде тәлім-тәрбие мекемелерінің басшылары ұсынуы мүмкін, және бірде тақырыпты өз пәні жағдайларын, өзінің кәсіби қызығулары мен шәкірттерінің қабілеттерін ескерумен мұғалім тарапынан ұсынылуы ықтимал. Үшіншіде - жоба тақырыбы шәкірттер тарапынан өз қызығушылығына сәйкес тек танымдық сипатта ғана болмай, қолданбалы, шығармашыл формада алдағы міндеттер есебінде қолға алынуы мүмкін. Сондай-ақ, жоба тақырыбы мектеп бағдарламаларының теориялық мәселелерін де қозғауы мүмкін.
Жобалап тәлім жинақтау мақсаты шәкірттердің, келесідей білімдік әрекеттеріне орай қойылады:
әрқилы ақпарат көздерінен жеткіліксіз больш тұрған білімдерін өз бетінше әрі қалауы бойынша игереді;
игерген білімдерін танымдық және тұрмыстық міндеттерді шешу үшін пайдалануға үйренеді;
әрқилы топтар жұмысына қатыса отырып, қарым - қатынастық ептіліктер игереді;
өздерінің зерттеушілік ептіліктерін дамытады (міндеттер белгілеу, ақпарат жинау, бақылау, эксперимент кою, талдау, болжам жасау, қорыту);
жүйелі ой топшылау ептілігін дамытады.
Жобалау технологиясының бастау бағыттары:
басты назарда - тәрбиеленуші шәкірт, оның шығармашыл қабілеттерінің дамуына көмектесу;
тәлімдік жүйе сыныптық пән кисынымен құрылмай, шәкірт үшін тұлғалық мәнге ие іс-әрекеттердің қисынына негізделеді, осыдан баланың тәлім, білімге деген талпынысы артады;
жоба бойынша жеке-дара жұмыс қарқыны әр шәкірттің өз даму деңгейіне орай іс жасауына жол ашады;
тәлім жобаларын дайындаудағы кешенді бағыт шәкірттің негізгі физиологиялық және психологиялық мүмкіндіктерінің теңдей дамуына жәрдемдеседі;
базалық білімдерді әрқилы жағдайларда әмбебап қолдануға үйренеді.
Бір нәрсені қолға түсіру, соның жолында қандай да тіршілік қамын жасап, өзі үшін - жаңалық ашу мен оны құрастырылған өнімге айналдыруға үйрету - тәлім ұсынудың ерекше формаларын қажет етеді. Олардың арасында жетекші болатыны жасанды ойын.
Ойын - адамның нақты (немесе кияли) болмысты зерттеп, білу жолында оған тереңдей шомудың өте еркін де табиғи формасы. Осы еркіндік пен табиғилықтан адам өз менінің шығармашылдығын, дербестігін, өзіндік белсенділігін, өз мүмкіндіктерін ашып, іске асырады. Ойында ғана бала өз рөлін, орындайтын міндеттерін - ерікті таңдай алады.
Ойынның өзіне тән қызметтері:
психологиялық күйзелісті күштенуден құтылып, көңіл-күй жеңілдігін табады;
психотерапиялық (балаға өзіне және басқаларға болған қатынастардың ортақтасу әдіс-тәсілдерін өзгертуге көмектеседі, көңіл-күйін жақсартады);
технологиялық (шамалап болса да, ой-өрісті шындық аймағынан шығарып, болмысты өзгеріске келтіретін фантазия қанатында самғауға жәрдем береді.
Ойында бала өзін қатерсіз, жайлы сезініп, өз дамуына қолайлы психологиялық еркіндікте болады.

2. ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
2.1 Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі

Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады. Жобалау әдісі - оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды - ол басқа әдіс-тәсілдермен бірге нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады.
Жобалау әдісінде ең алдымен оның болашақ жоба аумағы таңдалады. Келесі маңызды мәселе - жобаның ұзақтығы. Жоба бір сабаққа немесе одан да ұзақ уақытқа (1 тоқсанға) есептелуі мүмкін. Бірінші жағдайда жобаға тек бірнеше оқушы қатысуы мүмкін, ұзақ уақытқа есептелген жағдайда әрбір оқушы немесе оқушылардың шағын тобы ортақ үлкен жоба шеңберіндегі жеке тақырыптарды алады. Үштен көп оқушыдан тұратын топты құрған қолайсыз - үлкен топтардың жұмысын құру мәселелер тудырады [1].
Жобаның ортақ тақырыбы мұғалімнің тапсырмаларына байланысты таңдалады. Оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен үйлесуі керек.
Жобаны жүргізуге уақытты қалай табуға болады. Ең алдымен, жоба формасында қайталауды, әсіресе оқу жылы соңында жалпылама қайталауды ұйымдастырған жөн. Сонымен қатар, информатикада жобамен жұмыс жасаудың жаңа материалды оқумен қатар сәтті жүретін бөлімдер де бар. Мысалы, есептерді компьютерде шешудің кезеңдері, Үлгілеу және Есептеуіш эксперимент және т.б.
Жобамен жұмыс жасау кезінде мұғалім консультант рөлінде болады, бұл жерде оған біршама даярланған оқушылар көмектеседі. Ең дұрысы, егер оқушылар есептің қойылымын анықтауды өз бетінше жүргізсе. Ол үшін мұғалім оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырса жеткілікті.
Жобамен жұмыстың нәтижелері міндетті түрде сыныпта жариялануы керек. Жұмысты көпшілік алдында қорғау жобалар әдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға жұмыс барысында алынған білімдерін қорытындылап, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақты өткізу формасы классикалық семинар болу міндетті емес, ойын да болуы мүмкін. Егер жазбаша есеп беру қарастырылса, онда оған қойылатын талаптар алдын ала құрылады. Жобалардың көпшілік алдында қорғалуы эемтиханды өткізу формасы да болуы мүмкін.
Жобалау әдісі оқытудың топтық формаларымен сәйкес келеді, бұл әдіс әрқашан қандай да бір мәселенің шешімін болжайды.
Информатикадағы жобалау әдісі есептің шешімін табудың жүйелік тәсілінің дағдыларын қалыптастырумен, жұмыс үрдісі кезінде тәуелсіздігінің артуымен және мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас стилін орнатумен сипатталады.
Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:
Демонстрациялық жобалау;
Зерттеушілік жобалау;
Шығармашылық жобалау;
Рольді - ойындық жобалау;
Ақпараттық жобалау;
Үйретуші жобалау;
Моножобалау;
Пәнаралық жобалау;
Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;
Қысқа мерзімді жобалау;
Ойын жобалауы [2].
Жобалау мен шығармашылық. Жобалауды шығармашылықпен байланыстыратындар көп, олар жобалауды жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашу деп түсінеді. Алайда бұл түсінік дұрыс емес. Шығармашылық бұл- жаңаның пайда болуы. Бұл жерде жобалаумен байланысы бар, бірақ шығармашылықтың жобалауға айналуы үшін уақыт факторы негізге алынып, нақты нәтижені елестету керек. Алайда шығармашылықты нақтылықпен байланыстыру мүмкін емес.
Жобалау мен басқару. Практиканың қандай бір түрінде өзгерістерді жобалап, іске асырып, оларды басқарғанда ғана біздің жұмысымыз алға басады. Қазіргі кезде менеджмент сөзі пайда болды, ол басқару дегенді білдіреді. Білімде де менеджмент сөзі қолданылады. Қазіргі таңда білім алу түрлері де көбейді, ол территория мен уақытқа қарай бөлінеді. Осыған орай өзінің білім алу процесін басқару, білім алғандағы нәтижені жобалау міндетті түрде қажет болды. Сонымен практика нысанында пайда болған жобалау үлкен әлеуметтік контекстке шығады. Осының бәрі әлеуметтік ғылымдардың басты мәселесіне жобалаудың білімдегі орнын жатқызады.
Жобалау мен даму. Жобалау теориясында белгілі бір мәселенің дамуына әкелетін өзгерістер айтылған, яғни біз тек мәселенің өзгеруіне әкелетін жобаларды қолдануымыз керек. Бірақ бұл тек теорияда қолданылады, яғни біз жасаған жұмысымыз оның нәтижесіне тең емес. Мысалы, гүл отырғызу мақсаты, отырғызатын орны, жасалған жұмыстар мен гүлдердің өзі жобалау болып табылады.
Жобалаудың құрылымы:
-- нақты нәтиже шығару жобасы;
-- нақты мәселенің талдауы;
-- нақты уақыт белгілеу;
-- жұмыс жүргізу жобасы;
-- нәтиже шығару.
Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына орай таңдалуы мүмкін. Жобалау жұмысын орындаудағы талаптар төмендегідей:
-- Оқыту жобасының классификациясын таңдау;
-- Жоба презентациясын дайындау;
-- Жобаға баға беру критериилерін айқындау;
-- Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру;
-- Жобалау әдісін оқытудағы мұғалімдердің мақсаты мен міндеттерін айқындау [3].
Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері :
Іздеу кезеңі:
-- Мәселені іздеу және талдау.
-- Жоба тақырыбын таңдау.
-- Кезеңдер бойынша жобалау іс-әрекетін жоспарлау.
-- Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.
Конструкторлық кезеңі:
-- Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.
-- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу.
-- Дайындау технологиясын таңдау.
-- Экономикалық баға беру.
-- Экологиялық сараптама жасау.
-- Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру.
Технологиялық кезең:
-- Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау.
-- Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.
-- Сапаға ағымдық бақылау жасау.
-- Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу.
Қорытынды кезең:
-- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы алатын орны
Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы алатын орнын анықтау
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Информатиканы тұлғаға - бағытталған оқыту
Кіріспені оқыту әдістемесі
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың жобалық жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер