ОҚУШЫЛАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... .4
0.1 Оқу үрдісіндегі зерттеу әдісінің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
0.2 Дарынды балалардың зерттеушілік ұйымдастыру бағыттары ... ... ... ... .13
2. ОҚУШЫЛАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1 Информатиканы оқытудағы зерттеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..20
2.2 Информатиканы оқытуда оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Қазіргі әлеуметтік, экономикалық процестер тоғысқан күрделі даму кезеңін бастан өткізіп отырған Қазақстан Республикасы зиялы қоғамның талап-тілектеріне толығымен жауап беретін жауапкершілік сезімі жоғары, шығармашылық белсенділігі мен адамгершілік болмысы бірдей үндескен, бойындағы дара мүмкіндіктерін, интеллектуалдық қабілеттерін өз іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана алатын жеке тұлға тәрбиелеу мәселесін өзекті етуде. Сондықтан қазіргі заман мектептерінің басты міндеттерінің бірі - оқу-тәрбие жұмыстарын бірегей жүзеге асыру үрдісінде оқушылардың интеллектуалдық - шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, әлемдік өркениет пен ұлттық мәдениеттің үздік үлгілері арқылы шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
Еіліміздің білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен үнемі динамикалық қозғалыстағы күнделікті өмір талаптарына байланысты оқушыларға тек білім, біліктілік, дағдыға үйрету жеткіліксіз екендігін дәлдеп отыр.
Яғни,оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту мәселесінің өзектілігінің артуы мектептегі оқу-тәрбие процесіне жаңаша тұрғыда қарап, оны оқушының білім, білік, дағдыны меңгеру ғана емес, танымдық-шығармашылық іс-әрекет және нителлектуалдық, шығармашылық процесс ретінде қарастыруды міндеттейді.
Қоғам мен білім берудегі ақпараттану жағдайында оқушылардың бойында білім,біліктілік, дағдыны қалыптастыруда және оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына информатика пәні үлкен роль атқарады.
Мектеп информатикасының негізгі міндеттерінің бірі - оқушының ақпаратпен жұмыс істеуін, ақпараттарды өңдеуге қажетті әдіс -тәсілдерді дұрыс таңдап меңгеруін қалыптастыру. Осындай міндеттерді шешудің бір жолы информатика сабағында оқушылардың танымдық әрекеттерін қалыптастыратын және қанағаттандыратын жағдай туғызу.Педагог оқушыны өздігінен білім алуға бағыттайды, оның танымдық қажеттіліктерін зерттейді, шығармашылық жұмыстар атқаруына, оқушының танымдық қызығушылығының қалыптасуына жағдай жасайды.

1 ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
0.1 Оқу үрдісіндегі зерттеу әдісінің рөлі

Оқытудағы зерттеу әдісі - оқушыларды айналадағы құбылыстарды бақылап, ондағы заңдылықтарды тануға, өздігінен қорытынды жасай білуге үйретуде зерттеу элементін қолдану. Оқушының белсенділігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның ойын дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады. Оқытудағы индукция (лат. inductio -- сілтеу) -- оқу барысында ой тұжырымын пайдалануда ойдың өрбуінің жалқыдан жалпыға қарай ілгерілеуі. Бірақ индукциялық әдіс жаңа ұғымды қалыптастыруда едәуір уақытты талап етеді
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы кіші мектеп оқушыларының жан - жақты терең ойлау дағдыларын арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу - ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі - құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет. Ол дегеніміз - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну. [2. 62 бет]
Зерттеу мен зерттеушілік дағдылары ұғымына не кіреді екен? Өзінің Кіші мектеп оқушыларын зерттеу әдістеріне оқыту кітабында А.И.Савенков келесі анықтаманы береді: Зерттеу - бұл белгісіздікті іздеудің шығармашылық үдерісі [3. 46бет]. Өз кезегінде зерттеушілік дағдыны жалпы жеке тұлғаны дамытуда қарау және көру, бақылау қабілеттерін дамыту шартары деп анықтауға болады.
Зерттеушілік дағдылар негізінде төмендегі көрсеткіштер жатады :
- оқушылардың танымдық білік пен дағдыларын дамыту;
- ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу;
- өз білімін өздігінен құрай алу дағдысы;
- ғылымның әралуан саласындағы білімдерін кіріктіре алу дағдылары;
- сыни тұрғыдан ойлай білу дағдысы.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, зерттеушілік дағдылардың келесі міндеттерін анықтауға болады:
- Білімділік: белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында оқушылардың алған білімдерін белсендіру және өзекті ету; көрінеу мектеп бағдарламасы аясынан тыс материалдар кешенімен танысу.
- Дамытушылық: зерттелініп жатқан тақырып аясында ойлау дағдысын дамыту, талдау жасау, салыстыру, өзіндік қорытындылар жасай білу; материалды іріктей білу және жүйелеу; жүргізілген зерттеуді рәсімдеу барысында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдана білу; зерттеу қорытындыларын көпшілік алдына ұсыну.
- Тәрбиелік: өзгелердің қызығушылығын тудырып, қажетті болатын өнімді шығару. [13. 25бет]
Өз кезегінде бүкіл зерттеушілік дағдылар аталған міндеттерді жүзеге асыруға ықпал ететін бірнеше сатыларға бөлінеді:
1саты - Мәселенің өзектілігі. Мақсаты: Болашақ зерттеудің сұрақтары мен бағыттарын анықтау.
2 саты - Зерттеу саласын анықтау. Мақсаты: Біз жауабын алғымыз келетін негізгі сұрақтарды жинақтау.
3 саты - Зерттеу тақырыбын таңдау. Мақсаты: Зерттеу шекараларын белгілеу.
4 саты - Гипотезаны шығару. Мақсаты: гипотезаны немесе гипотезаларды жасау, соның ішінде орындалмайтындары да провокациялық түрлері де айтылуы қажет.
5 саты - Шешім бағыттарын анықтау және жүйелеу. Мақсаты: Зерттеу әдістерін таңдау.
6 саты - Зерттеуді жүргізудің бірізділігін анықтау.
7 саты - Ақпаратты жинақтау және өңдеу. Мақсаты: алынған білімдерді жазып қою.
8 саты - Алынған материалдарды жалпылау және талдау. Мақсаты: белгілі логикалық ережелер мен амалдарды қолдана отырып, алынған материалы құрылымдау.
9 саты - Есепті даярлау. Мақсаты: негізгі ұғымдарға анықтамалар беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама даярлау.
10 саты - Баяндама. Мақсаты: өз құрбылары мен ересектердің алдында көпшілікте оны қорғап шығу.
11 саты - Аяқталған жұмыстың нәтижелерін талқылау.
Зерттеушілік дағды деп - біз өзіндік таңдаумен, оқушыларға қолжетімді материалмен зерттеудің амалдары және әдістерін қолданумен шартталған зияткерлік және практикалық дағдыларды білеміз. [4. 96 бет]
Зерттеушілікке оқыту - оқушының қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған тәсіл. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты - оқушының өз бетімен шығармашылық жаңа іс - әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілет қалыптастыру. Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады.
Зерттеу түсінігі үлкен кеңес энциклопедиясында Жаңа білім алу процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады делінген. Танымдық әрекет оқуы үшін қабылдаушылық және өзгертушілік сипатта болуы мүмкін. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. [жексенбаева 12 жылд бб] (6бет).Соңғы жылдары зерттеушілік әрекеті мәселесіне жаңа термин ретінде - зерттеушілік әдебі термині еңгізілді. А.И.Савенков зерттеушілік әдебі - күрделі психикалық құбылыс, оған нақты анықтама берілмейді дейді. Ол өз еңбектерінің бірінде: Зерттеушілік әдебі - аспаптар іздестіру, белгісізден белгіліге қарай бағытталған әрекет, ал зерттеуге оқыту - зерттеушілік әдебі негізінде құрылған оқыту түрі деп түсіндіреді. [савенков учебное пособие] (43 бет)
Ал біздің қолдануымызда зерттеушілік әдебіндегі басты ерекшелік - өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі дамыту арқылы қалыптасатын зерттеушілік белсенділігі. Сонымен қатар әр адам өзін қоршаған ортасымен қарым - қатынасы түрліше болуына байланысты, оның әдебі түрлі формада байқалады. Адамның зерттеушілік әдебі шығармашылықта байқалады. Ал, шығармашылық зерттеушілік әдебінің басты сипатын білдіреді. Зерттеушілік шығармашылық ізденіс адамға екі жақты көзқараста: бірінші, қандай да бір жаңа өнім алу жағынан, екіншісі, ізденіс үрдісінің мәні жағынан маңызды. Адам тек шығармашылығының нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық-зерттеушілік үрдістің өзінен ләззат алуға қабілетті. Зерттеушілік әрекет пен зерттеушілік әдебі мағыналары мәндес болып табылады.
Зерттеу әдістерін таңдауға И.П.Павлов ерекше назар аударды: Жақсы әдіспен онша талантты емес адамның өзі көп жұмыс тындыра алады. Ал жаман әдіспен данышпан адамның өзі түк бітіре алмауы мүмкін деген[савенков 12 жылд бб](10бет). Сонымен зерттеу әдістерін мынандай топтамада қарауға болады: теориялық әдістер - қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу, проблема қою; болжам жасау және операция әдістері - талдау, сүзгілеу, салыстыру, абстракциялау және нақтылау; эмпирикалық әдістер: танымдық іс-әрекеттер зерттеу, мониторинг, бақылау, сұрақ қою, тестілеу. Зерттеуді өткізу уақыты екі кезеңнен тұрады: теориялық кезең - әдебиеттерді талдау және жүйелеу, түйсік аппаратын жетілдіру, зерттеудің теориялық бөлігінің логикалық құрылымын жасау және эмпирикалық кезең - тәжірибелік - эксперименттік жұмыс жүргізу. Оқушының әрекеті зерттеушілік әрекет болуы үшін зерттеудің проблемасы мен тақырыбың анықтап, нақты мақсаттар қоя білу керек. Оқушылар ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін үйренуі тиіс. [скокова] 125 бет
Педагогикалық зерттеу әдістері бұл - мұғалім жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыру кезінде солардың көмегіне жүгінетін әдіс - тәсілдер. Білімді жинақтаудың көптеген әдістері бар. Соның ішінде дәстүрлілерін атап өтейік (эмпирикалық) және жаңалары (эксперименталдық, теориялық).
Дәстүрлі әдістер бұл - қазіргі педагогикаға ертеден педагогикалық ғылымның бастауы болған зерттеушілерден мұра болып келген әдістер. Ол кезінде Платон және Квинтилиан, Коменский және Песталоцци қолданған, қазірдің өзінде ғылымда пайдаланылып келе жатқан әдістер. Дәстүрлі әдістерге жататындар: бақылау жүргізу, озық тәжірибені, алғашқы ақпарат көздерін зерделеу, мектеп құжатына талдау жасау, оқушылар шығармашылығының өнімдерін, әңгімелерін зерттеу.
Бақылау жүргізу - зерттеудің педгогикалық практикадағы неғұрлым қолжетімді және кең тараған әдісі. Ғылыми бақылау жүргізу ұғымында арнайы ұйымдастырылған нысанды қабылдай білу, үрдіс немесе жаратылыстың ұғымы жатыр. Ғылыми бақылау жүргізу күнделікті, тұрмыстықтан анағұрлым айырмашылығы бар. Оның басты айырмашылықтары:
1) міндеттері анықталады, нысандары айқындалады, бақылау жүргізудің схемасы жасалады;
2) нәтижелері міндетті түрде жазылып отырады;
3) алынған мәліметтер өңделеді, бұрын белгілі болған мәліметтермен салыстырылады және өзге әдістермен қайта тексеріледі. Неғұрлым тиімдірек болу үшін, бақылау жүргізу ұзақ, жүйелі, жан - жақты, объективті және қоғамдық болу керек.
Бақылау жүргізу әдісінің маңыздылығын, оның қолжетімділігін және кең таралғандығын айта отырып, сонмен бірге оның кемшіліктерін де атап өткен жөн, демек: ол педагогикалық жаратылыстардың ішкі жақтарын қамтамасыз ете алмайды, ол дегеніміз, ақпараттың толық объективтілігін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бақылау жүргізу көбінесе зерттеудің бастапқы кезеңдерінде өзге тәсілдермен үйлестіріле қолданылады.
Тәжірибені зерттеу - педагогикалық зерттеудің бұрыннан қолданыдып келе жатқан әдісі. Ол оқу - тәрбиесі жүйесіндегі тәрбиелеудің тарихи байланыстарын анықтауға, ортағын іріктеуге бағытталған танымдық ұйымдастырылған әдісті білдіреді. Оның көмегімен нақты мәселелерді шешу жолдары талданады, оларды жаңа тарихи жағдайларда қолданудың мақсаттылығы жайлы салмақталған қорытындылары шығарылады. Сондықтан аталған әдісті тарихи немесе мұрағатты деп те атайды, ол алғашқы ақпарат көздері әдістерімен тығыз байланыста. Көне жазба ескерткіштері, заң актілері, жобалар, циркулярлар, есептер, баяндамалар, қаулылар, съезд және конференция материалдары; оқу және тәрбие бағдарлмалары, жарғылар, кітаптар, сабақ кестелері тыңғылықты ғылыми талдауға жатады. Бір сөзбен айтқанда - жаратылуды, қандай да бір мәселенің бастауы мен динамикасын түсінуге көмек беретін материалдар. Шығармашыл еңбек ететін мұғалімдердің немесе жеке мұғалімдердің озық тәжірибесін зерделеу де орын алады. Педагогикада басты болып қалыптасқан көзқарасқа сыни тұрғыда қараған озық педагогикалық тәжірибе мысалдарын келтіруге болады, даусыз мәселе болып көрінетін сұрақтарды шешуге жаңаша көзқараста қарау. Еске түсірейікші, бастауыш сынып мұғалімі С.Н.Лысенкованың тапқан бірегей жаңалықтары мен педагогикалық ойы мектеп практикасын қалай дүрліктіріп еді.[подлаый, 151бет]
Зерттеу әдістерін қолдану дегеніміз - мәселелі міндеттерді анықтау, шығарманың сыни талдауын жасау ұсынысы, тәжірибе жүргізу және т.б. Бұл әдіс тиімділігінің басты шарты - зерттеу кезеңдері мен сатыларындағы оқушының өздігінен жұмыс жасауы, ол келесі танымдық әрекеттерді орындаудан тұрады: деректер мен жаратылыстарға бақылау жасау мен зерделеу; гипотеза ұсыну; зерттеу жоспарын жасау және оны жүзеге асыру; зерттеу нәтижелерін жинақтау; алынған нәтижелерге бақылау жүргізу және тексеру, оның маңыздылығына баға беру.
Алғашқы зерттеу әрекетеріне оқушыларды оқыту сабақ арқылы жүзеге асыру әбден мүмкін, ол арнайы сабақтар мен зерттеушілік жобаларды қорғау.
Мұғалім үшін зерттеу әрекеттерінің дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалау өте маңызды. Кез келген нәтиже оңды баға алуға лайық. Мыналарды бағалауға болады:
- оқу зерттеуі кезінде жұмыстың әртүрлі сатыларын орындауда өздігінен жұмыс жасай алу деңгейі;
- топтық жұмысқа араласу деңгейі және өзіне жеке берілген рөлді тура орындауы;
- пайдаланылған ақпаратты түсіну деңгейі;
- идеяның бірегейлігі;
- проблеманы түсіне білу және оны шешу тәсілі;
- зерттеу мақсатын құру;
- рефлексияны меңгеру;
- жұмыс барысындағы шығармашылық бағыт.
Ғылыми педагогикалық зерттеу оқу - тәрбие үрдісін айқындайтын мектеп құжаттарына талдау жасауды білдіреді. Ақпарат көздері - сынып журналдары, жиналыс және отырыстардың хаттамалары кітабы, сабақ кестесі, ішкі тәртіп ережелері, мұғалімдердің күнтізбелік және сабақ жоспарлары, сабақтардың стенограммалары және конспектілері және т.с.с. Олардың мазмұнында зерттеліп жатқан жаратылыстар арасындағы бір-біріне бағыныштылықтарының себеп - салдарларын анықтауға мүмкіндік беретін көптеген объективті мәліметтер бар. Құжаттарды зерттеу мысалы үшін денсаулық пен оқу үлгерімі, сабақ кестесінің құрылу сапасы мен оқушылардың оқу белсенділігі арасындағы байланысты анықтауға құнды статитикалық мәлімет береді.
Оқушы шығармашылығы өнімдерін зерттеу - оқу пәндері бойынша үй және сынып жұмыстарын, шығармаларын, рефераттарын, есептерін, эстетикалық және техникалық шығармашылық нәтижелерінің зерттелуі тәжірибелі зерттеушіге көп нәрсені айтып бере алады. Сонымен қатар қызығушылықты былайша айтқанда еркін уақыт өнімдері - хобби - қызығушылықтар тудырады. Оқушылардың жеке дара ерекшеліктері, олардың бейімділігі мен қызғушылықтары, іске және өзінің міндеттеріне деген көзқарасы, тырысушылықтары, тәртібі, әрекеттік күшері - осы әдістерді тиімді пайдалануға болатын тәрбиелік аспектілердің бір ғана көрсеткіштері. Ол өзгелері сияқты бақылау жүргізу мен әңгімелердің тиянақты жоспарлануын, дұрыс қолданылуын, үйлесімді болуын талап етеді.
Педагогикалық зерттеулердің дәстүрлі әдісіне әңгімелесу жатады. Оның көмегімен мұғалім өзінің оқушыларының сезімдерін және пиғылдарын, оқушыларының бағалары мен ұстанымдарын анықтайды. Бірақ әңгімелесу әркезде сенімді бола бермейтін күрделі үрдіс. Сондықтан да ол көбінесе өзге әдістерді бақылау жүргізу немесе қолдану барысында толық анықталмаған жағдайларда қажетті түсініктемелерді және нақтылауды алу үшін қолданылады. Әңгімелесудің неғұрлым сенімді нәтижесін алу үшін төмендегі көрсеткіштер қажеті:
:: сұхбаттасушының жеке тұлғасын және оның өмірде ойластырылған әңгімесінің тұрақты жоспарын ескере отырып құрылған әңгіме жоспарының болуы;
:: әртүрлі ракурстар мен байланыстарда зерттеушінің қызығушылығын тудырған сұрақтарды талқылау;
:: сұрақтардың ауыспалылығы, әңгімені сұхбаттасушыға жағымды болатын формасында құру;
:: Жағдайды қолдана білу, сұрақ қою мен жауап берудегі тапқырлығы. Әңгімелесу өнерін ұзақ және шыдамдылықпен үйрену керек. [1]
Біздің заманымыз өміріміздің барлық салаларын қарқынды жетілдіре отырып үнемі өзгеріске ұшырап отырады, соның ішінде білім беру жүйесі де. Соған сәйкес, кіші мектеп түлегі төмендегідей сипаттарға ие болуы тиіс:
- білуге құштар, өмірді белсенді және қызыға танушы;
- оқу дағдылары негізін меңгерген, өзінің іс - әрекеттерін ұйымдастыра алатын қабілеттерге ие;
- мейірімді, сұхбаттасушыны тыңдап, ести алатын, өзінің ұстанымдарын негіздей алатын, өз пікірін білдіре алатын. [6] (21)
Жалпыға бірдей білім берудегі кіші мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты келесі мақсаттарды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаға бағытталған жалпы көпшілік бастауыш сыныптардың жеке тұлғаға бағытталған сапалы дамытушы моделін анықтады.
- оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру;
- рухани - адамгершілік және эстетикалық тәрбие;
- білім, білік және дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру;
- оқушылардың физиологиялық және психологиялық денсаулықтарын нығайту және сақтау;
- оқушының даралығын сақтау және қолдау.
Кіші мектепте жалпыға бірдей білім берудің ары қарай оқытудың нәтижелігін анықтауда меңгеру деңгейі неғұрлым әсер ететін жалпы білік пен дағдыны қалыптастырудың басымды бағытымен айқындалған. Білімнің негізгі нәтижесі оқушының әрекеттердің әмбебап тәсілдерімен қатар, оқылып жатқан пәндерге тән дамудың жаңа деңгейлерін меңгеру ретінде әрекеттік бағыттар негізінде қарастырылады. Оқу үрдісіндегі осынау ерекшеліктерді жүзеге асыру мұғалім мен оқушы арасында бірігіп жасаған әрекеттерді жоспарлау негізінде жаңа ұйымдастыруды талап етеді.
Жаңа стандарттың әмбебап оқу әрекеттері білім мен дағдының жинақталуына емес, жеке тұлғаның дамуына (оның когнитивті және эмоционалды адамгершілік ортасына) ықпал ету керек. Бұл дегеніміз - оқи білу, дүниені тану, ынтымақтаса білу, толерантты болу. Басқаша айтқанда, жаңа стандарттар аясында жасалған әмбебап оқу әрекеттері адамның басты қабілеттеріне жататын жалпы әрекеттерін құрайды. [с 25].
Дүниетану пәні аясында кіші мектеп оқушыларының аталған сипаттамаларының дамуын қарастырып көрейік. Аталған оқу курсына стандарттар келесі талаптарды қояды:
- табиғат пен қоғамды зерделеудің қолжетімді тәсілдерін меңгеру (отбасылық мұрағаттардан, қоршаған адамдардан ашық ақпараттық кеңістіктен алынған ақпараттарға бақылау, жазба жүргізу, тәжірибе, салыстыру, саралау және т.б.);
- қоршаған ортадағы себеп - салдарлық байланыстарды анықтау және орнату қабілеттерін дамыту.
Жаңа стандарттарға сәйкес оқушылар зерттеушілік жұмыстың әралуан түрлерін меңгеруге тиісті. Мұғаліммен бірлесе отырып, оқушы жаңа жағдаяттарда нәтижелі әрекет етуге, өзінің жеке тәжірибесінен білім алуға, бұрын жинақталған білім мен дағдыларын өздігінен әрекет етуге үйренуі керек.
Аталған аспектідегі зерттеушілік әрекеттері оқушының жалпы дамуына ықпал ете отырып жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі, соның ішінде тікелей саралай білу ойлау әрекеттерінің қалыптасуы, шешімнің мүмкін болу барлық нұсқалары мен жолдарын іріктеп алу, жалпылау, бір іздеу шешімінен келесі бір шешімге ауыса білу, өзінің жұмысы бойынша әрекеттер бағдарламасын жасай білу, нысанды әртүрлі көзқарастар жағынан қарастыру, әртүрлі нысандардың үйлесімділіктерін салыстыра білу, сонымен қатар, ұсынылған тақырып бойынша тапсырмалар даярлай білу және өзіндік бақылау жүргізу.
Мектеп жеке тұлғаның өзіндік дамуына ықпал ететін әралуан танымдық әдістерін оқушылар тарапынан меңгеруді қамтамасыз етуге жәрдем. Кіші мектеп оқушыларын белсенді танымдық әрекетке араластыру үшін, мұғалімнен дидактикалық шарттарды құру талап етіледі, ол жағдайда білімді меңгерумен қатар оқушылардың өзіндік жеке тәжірибелік әрекеттері ұйымдастырылады. Оны жүзеге асыруда технологиялар, әдістер мен тәсілдердің үлкен қоржыны бар: бағытталған оқыту, зерттеушілік және жартылай зерттеушілік әдістері және зерттеу әдісі.
Оқытудың тәжірибелік әдістерін қолдану - жаттығулар, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар - салыстыру, бақылау дағдыларын дамытуға, басты және екінші кезектегі мәселені анықтап алуға, қорытындылар жасауға және т.б. ықпал етеді.
Жартылай зерттеу әдісін пайдалана отырып мұғалім зерттеудің жекелей саты жұмыстарын орындау кезінде оқушылардың жұмыс әрекеттерін ұйымдастырады және бағыт береді, оның қадамдарын белгілейді, тапсырмаларды құрайды, оның көмекші бөліктерін іріктейді.
Жартылай зерттеу әдісін пайдалану барысында кіші мектеп оқушылары бойында жоспарлау дағдылары дамиды, өз әрекеттерінің мақсатын жете түсінеді; синтездеу мен талдаудың тәсілдері жасалады, міндеттерге сәйкес әдіс тәсілдерінің өзгерту дағдылары дамиды, дәстүрлі жағдаяттарда туындаған мәселелерді көре алу, оларды шешудің нәтижелі тәсілдерін таңдай білу.
Зерттеушілік дағды кезінде кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруда жағымды шарттарды құру маңыздылығы зор, оның ішінде аса ерекшеленетіндері: оқушыларға олардың шығармашылық зерттеушілік дағдылардың мағынасын сезінуге көмектесетін мотивацияланулары, өзіндік жүзеге асыру мен жетілу мүмкіндіктері, мақсатты бағыттылық және жүйелілік, шығармашылық орта, психологиялық жайлылық, педагогтың тұлғасы және жас ерекшеліктерін есепке алу, өйткені зерттеушілік дағдыларға оқыту балалардың қабылдауы қолжетімді деңгейде жүзеге асырылу қажет, ал зерттеудің өзі қызықты және пайдалы болуы тиіс.
Осы орайда, жоғарыда айтылғандардың барлығын жалпылай келе, біз келесі қорытындыға келдік, оқушылардың өзіндік әрекеттері даму үшін бағытталуы тиіс:
- ойлау үрдістері мен зерттеушілік дағдылар;
- туындаған мәселелерді көре білу және іріктей алу, оларды шешу бойынша болжамдарды құра білу;
- алдына міндеттер қоя білу;
- материалды және идеалды әлемнің жаратылыстарының мүмкін болу себептері мен салдарлары жайлы болжамдарды құрай білу дағдылары;
- баламалы болжамдарды ұсына білу және оларды негіздеу;
- бір уақытта күрделі жаратылыстар, оқиғалар, мәтіндер, пікірлердің бірнеше мағынасын сақтай алу білігі. [12. 24бет]
Жалпыға бірдей білім беру модернизациясы Тұжырымдамасында бүгінгі күні оқушылар бойында тек қана терең және берік білімдерді қалыптастыруға ғана назар аудару емес, сонымен қатар олардың бойында жалпы оқытушылық дағдыларды, әмбебап құзіреттіліктерді, функционалды сауаттылықты қалыптастыру қажет. Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік әрекеттері - бұл шығармашылық әрекет, ол қоршаған ортаны танып - білуге бағытталған, оқушылар тарапынан өздеріне қажетті жаңа білімдерді ашу. Ол олардың құндылық, зияткерлік әлеуеттерінің нәтижелі дамуы шарттарын қамтамасыз етеді, оқушыларды белсендіру құралы болып табылады, зерттеліп жатқан материалға олардың қызығушылықтарының артуын қамтамасыз етеді, зерттеліп жатқан материалдың аясын неғұрлым кеңейтуге мүмкіндік береді, пәндік және жалпы дағдыларды қалыптастырады. Зерттеушілік әрекеттері үрдісі кезінде оқушы оқыту нысанынан арылады, ол білім беру үрдісінде белсенді позициялық орын алады. Мұндай бағыт оқушы бойында шешімдерді жасау мен оларды қабылдауда өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін қалыптастырады, ол өз әрекеттеріне жауапкершілік алады, өзіне - өзі сенімділігі артады, жеке тұлға бойындағы маңызды мақсаттылық пен өзге қасиеттерге ие болады [2].
Мұғалім кеңесші, тәлімгерге айналады, ол түпкілікті түрде оқушының оған деген көзқарасын өзгертеді - мұғалім бақылаушы органнан оқушылармен бірге бір командада ойыншы болатын неғұрлым тәжірибелі жолдасқа айналады.
Шығармашылық әлеуеттер мен зерттеушілік дағдыларды дамытудағы зерттеушілік әрекеттерге үлкен мән берілуі білім үрдісіне әртүрлі зерттеу әрекеттері формаларын енгізу мен кеңінен таралуына ықпал етеді. Бұл жерде оқушының өзінің мектептегі оқуы кезіндегі ең бастапқы сатысында қоршаған орта шынайылығының әралуындығына жақындау мүмкіндігі, оның құпияларына таңқалу және оны тану үрдісі барысында шығармашылық қуанышын сезіну, жаңалықты ашуға масаттану. [18. 38бет]
Сондай - ақ, пәннің өзі қандай мазмұнды мүмкіндіктеріне ие болса да, ол белгілі бір танымдық қызығушылықтардың, әлемге деген зерттеушілік көзқарасының немесе оқушының зерттеушілік дағдыларының дамуын қамтамасыз ете алмайды. Аталған жағдайда үлкен мән оқыту әдісіне беріледі.
Айтылып кеткендей, зерттеушілік оқытуда ең маңызды және күрделі міндеттердің бірі болып зерттеушілік әрекеттердің жоғары мотивациясын қалыптастыру табылады. Әсіресе оқушы бойында мәселелерді анықтауда ойлау қабілеттерін белсендіру жұмыстары өте маңызды. Яғни, негізінен, зерттелуші мәселенің деңгейінен, оның масштабтарынан оқушы зерттеуінің дидактикалық құндылығы тәуелді болады. Күрделі, кешенді және көп деңгейлі мәселелерге оқушының тұрақты қызығушылығын қалыптастыруда зерттеушілік тәжірибеге бастама беретін әртүрлі ойын сюжеттерінде құрылған арнайы ойын әдістері белсенді рөл атқарады. Бастапқы зерттеу әрекеттері еркін және қандай да бір мөлшерде сыртқы анықтамалармен шектелмегені маңызды болады. Ең жақсысы, қандай мықты болжамдар болса да, олар оған белгілі бір шектеу болмауға тиіс.Сондықтан да ол неғұрлым икемді, оның бойында импровизация үшін орын мол.
Зерттеушілік оқытудың жұмыс формаларының вариативтілігін ескере кету керек. Бұл жеке жұмыс болуы да мүмкін, сол мезетте жекетұлғалық әмбебап оқыту әрекеттері, ал коммуникативті әмбебап әрекеттері кезінде сондай - ақ топтық әрекеттер қалыптасады. Сонымен қатар бұл жұмыстың екі түрін де сәйкестендіруге болады. Демек, алғашында оқушылар жеке жұмыс жасайды, тәжірибе жүргізеді, бақылайды, саяхат кезінде әрбіреуі өзінің ақпаратын жинайды, сондан кейін барып топтарда немесе бүкіл сынып болып талдау жүргізіп, қорытынды жасайды. Жұмыстың әралуан түрлері зерттеушілік жұмысты түрлендіреді және оны одан да қызықты етеді. Соған қоса, баланың психологиясының өзі өзгелермен өзінің білгенін, ашқанын, зерттегенін бөлісуге қызығушылық танытуға бейім.[18. 39бет]
Б.В.Всесвятский жазғандай, зерттеулер баланы бақылау жүргізуге, жеке заттардың қасиеттеріне тәжірибе жүргізуге баулиды. Бүкіл осы үрдіс - белсенді оқушы жаратылысына жауап беретін үрдіс екендігі өте маңызды, ол оңды эмоционалдық бояулармен беріледі. Екеуі де салыстырып жалпылаған кезде деректердің (жай сөздің емес) мықты негізін береді. Ол оқушылардың қоршаған ортаға біртіндеп бейімделуіне негіз болады, өзінің санасында әлемнің ғылыми сипаты туралы өзіндік білім мен жасампаздық ғимаратын салуға мықты негізін береді.
Зерттеу әдісі - өзіңнің жеке шығармашылық және зерттеушілік дағдылары арқылы білім алу жолы. Оның негізгі салыстырмалылары - проблемаларды анықтау, болжамдарды жасау және тізбектеу, бақылау, тәжірибелер, сонымен қатар солардың негізінде жасалған ойлар мен талқылаулар. Оқыту кезінде зерттеушілік әдістерді қолдану барысында ауыртпалық ортасы шынайылықтың деректері мен оның талдауларына ауады. Осы орайда, дәстүрлі оқытуда қолданылатын сөз әдісі кейінге шегіндіріледі.
Осы орайда, біз зерттеушілік оқыту мен оқытудың зерттеушілік әдістері біздің заманымызда танымдық әрекеттің бірі болып табылатын жаңа білім алуды шығару үрдісі деген қорытынды шығарамыз. Зерттеуге қызығушылық оқушылар өздігінен кейбір қиындықтарды үнемі шеше алмау салдарынан жоғалып кетуі мүмкін. Осы жерде оларға көмекке мұғалім келе алады. Мұғалімнің міндеті нені қалай жасау керектігін айтып беру емес, пайда болған мәселені оқушының өзі шеше алатындай жол көрсету. Ол оқушының мотивациясын ғана сақтап қоймай, тіпті оны жоғарылатуға ықпал етеді.[]
Зерттеушілік дағдыларды ұйымдастыру кезінде ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алар орны ерекше. Дүниетану сабақтарында оларды қолдану тек қана мұғалім қызығушылығымен емес, қазіргі оқу бағдарламалары мен білім стандарттарының талаптарымен шартталған. АКТ зерттеушілік дағдылар жұмысы барысында және сабақтарда зерттеу технологиясын жүзеге асыруда кеңінен қолдану көздерін тарту үшін қажет. Ақпараттық технологиялар зерттеу жұмыстарына қосымша мүмкіндіктер береді, олар жұмысты неғұрлым толығырақ, жан - жақты, көрнекі және жарқын етеді. Сонымен, қазіргі білім беруде АКТ технологияларының жоғарылауы, оқыту мотивациясын көтерудің неғұрлым тиімді және ыңғайлы тәсілдері ретінде зерттеу элементтерін кіріктіре отырып сабақта пайдалану қажет. [Жексенбаева Ниязбекова]109бет

0.2 Дарынды балалардың зерттеушілік ұйымдастыру бағыттары

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген:
Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады,-деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика курсын оқыту
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРОЕКТІЛІК ӘДІСТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Пәндер