ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ САБАҚ ЖҮРГІЗУ
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.1 Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5
0.2 Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ...12
2 ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ САБАҚ ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Информатикадан деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақ жоспары ... ... ...15
2.2 Оқушылардың 5 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.
Деңгейлеп оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Деңгейлеп оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда Ұлы дидактикасында айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны субъект ретінде тануға бағытталды.
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай сілкіністер бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу дейді. Әркім қолда барын ұсынады деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз - алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталған. Сонымен қатар, курсты оқытудың дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы ақпаратлық процестер мен факторлардың фундаментельды ролін мойындау болып табылады.
Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелері бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.
Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады.
- оқу үрдісінде дидактикалық материалдарды дайындауды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау.
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде материалдарды дайындаудың үлгілерін пайдалану әдістемесін жасау.
- мұғалімдердің дидактиканы меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру.
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін сабақта пайдалануға үйрету.
- мектептің материалдық-базасын нығайту.
Бірінші кезең - информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптерді білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Екінші кезең - информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктерін оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясына сипаттама
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының дидактикалық, педагогикалық, писихологиялық негіздемесі С.Рубинштейн, Л.С.Выготскийдің, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Ю.К. Бабанский, Б.П.Беспалько, В.М.Монахов т.б. ғалымдардың ғылыми-теориялық идеяларына негізделіп жасалған.
Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізгі идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады [1].
Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамның маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі күнгі жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі - жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқытудың кезінде оқушылардың тәжірибелік- теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік - психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етеді.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру - жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып, ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес . Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме, міне, негізгі мәселе осында жатыр.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл-ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық - іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер , сөзжұмбақтар, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап, түсініп оқу, аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді, естігені бойынша сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді. Грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындайды, мәтінмен жұмыс жасайды.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінен жоғары болумен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диолог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық - іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.
Төртінші деңгей дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттарының көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін салмақтыңартуы басты себеп болады [2].
Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып ,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей - мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
жеке тұлға ерекшеліктеріне;
психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін еркшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);
пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
Бастапқы ғылыми идеялар:
-деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді .
-деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді .
-деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей бағдарламалық және күрделенген деңгей. Базалық деңгей - мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
-оқушының жеке тәжірибесінде негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
-жеке тұлға ерекшеліктеріне;
-психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне);
-пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек).
Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.
Бірінші - тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).
Екінші - қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы.
Үшінші - материалды пән аралық қорытындылау сабақтары.
Төртінші - материалды қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп аталады).
Бесінші - практикум сабақтар.
Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтармен басқада себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктерімен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі.
Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде : жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады [2].
Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны игеріп, ізденіп, талап - пікір таластыру деңгейіне жету мақсатын көздейді.
Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тулғаны қалыптастыру болғандықтан, оқулықтағы теориялық материялдардың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімделіп құрылуы керек. Ол бойынша өнер тапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория -- Л.С.Выготскийдің оқыту процесінде оқытушының ақыл - ойының дамуы актуальды даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысу туралы теориясы. Бұл ауысу - тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс - әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс - әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материялының әр түрлі деңгеіне көтеріледі.
Ресей ғалымы В.П. Беспалько бұл деңгейлерді:
бірінші деңгей - міндетті, оқытушылық, екінші - алгоритімдік, үшінші - эвристикалық, төртінші - шығармашылық деңгейлердегі қабылдау деп атайды. Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгелік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші -оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші - оқулық бойынша (сабақтың 1,2 -- кезеңдерінде): оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар сұрақ - жауап диологы түрінде келтіріледі; б) жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу - мысалдармен бекітеді.Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс - әрекетін дамытуға бағытталады.
Жұмыс дәптерлеріндегі (3-кезеңде): төрт деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға көшеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларын жинайды.[3].
Сабақта негізінен 4 деңгейлі тапсырмалар берген ұтымды. Деңгейлік тапсырмаларды құрастыруға төмендегідей талаптар қойылады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1.Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
2.Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3.Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
Өтіп кеткен материялдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
Ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері.
1) Танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жтілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағыда жаңа білімді меңгеріп,өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін тапсырмалар.
3) Өздігімен мысалдар, тапсырмалар құрастыру және оны өздігінен шешімін табу. Диаграмма, сызбалар салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушыларың жинаған өмірлік тәжірибесі мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.
2) Олимпиадалық тапсырмалар.
3) Берілген тақырыптарға өз бетінше реферат, баяндамалар, ғылыми жобалар дайындау.
Демек бұл тапсырмалар - оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Сонымен, олар бірінші деңгей үшін - игерілген материалды пысықтаумен қайталауға, командалар мен операторлар қызметін жаттауға арналған. Жоғары деңгей үшін - алған білімдерін өздігінен қорыту мен жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат - сынып оқушыларын қабілетті және қабілетсіз деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы саралау және дербес оқыту ұстанымдарымен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру ұстанымыда сақталады. [1].
XX ғасырдың 30-жылдарында Америкада білім беру мен оқытуда саралау үдерісі кеңіне етек алғаны мәлім. Бұл үдеріс бүгінгі таңда қазақ мектептеріне де келіп жетті.
Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады.
Франция мен АҚШ- та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңіне таралған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды "жылдамдар", "орташалар", және "баяулар" деп атайды.
Жапония мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмысты сайыс түрінде жүргізеді. Барлық оқушыға баға қойылады.
Саралап оқытудың басты бағытының бірі - толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау. Толықтыра оқыту дегеніміз - үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен оқыту.
Мектепішілік саралап оқытуда елеулі жетістіктерге жету үшін төмендегідей мақсаттар қою керек:
Нақты бағдарлама жасау:
педагогикалық ұжым білім беру мен оқытуда саралаудың теориясы мен әлем педагогикасының іс-тәжірибесімен қаруланған болуы;
Материалдық базаның жеткілікті болуы.
Мектепте де үздік, дарынды оқушылар бар, олардың үміт талабын, бағыт-бағдарын дамытуда саралай оқыту - бүгінгі күннің алға қойған міндетін шешудің негізгі жолы.
Саралай оқыту екі кезеңнен тұрады:
дайындық кезеңі;
негізгі кезең.
Дайындық кезеңінің басты міндеттерінің бірі - шәкірттер ішінен талантты, дарындыларды тауып, олардың қабілеттерін дамыту, білімге құштарлыған қанағаттандырып, белсенділіктерін арттыру.
Негізгі кезең - оқушыны ынталандырған пәндерді айқындап, ондағы оқуға қажеттілерді тереңдете оқытуға назар аудару. Қазіргі кезде жарияланған бағдарламалар ішінен оқушыларға сай келетін түрін таңдап алу қажет [2].
Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау ата-аналарымен әңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу - тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.
Өзіндік әдісті жүзеге асыруда мына мәселелер көзделеді:
1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.
2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.
3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.
4. Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.
Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз.
Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасайды.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.
Даралап - саралап оқытудың маңыздылығы:
1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.
2.Бос отырған оқушы болмайды.
3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.
4.Қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады.
5.Ізденіс дағдысы қалыптасады.
Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже:
1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады.
3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Ерекшелігі:
1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді.
Даралап - саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар даралап - саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу және оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын қазақ тілі сабағында пайдаланған өте тиімді. [2]
2.2 Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі
Қазiргi кезеңде әртүрлi елдердiң арасында нарық қатынасы нығайып, адам өмiрiндегi ақпараттар алмасу өскен сайын шетел тiлiн оқып -- үйренудiң де маңызы өсе бастады. Қазiргi кезеңде адам негiзiнен шетел тiлдерiндегi көркем әдебиеттер, публицистикалық, арнайы әдебиеттер және газеттер мен журналдарды оқуды үйренiп, араласа бастады. Ал мұның өзi сәйкестi бiлiктiлiк пен дағдыны талап етедi және бұл қасиеттер өздiгiнен қалыптаспайтыны белгiлi.
Соңғы кездерi ұлтарқылық қатынастардың кеңеюi, радио, кино, теледидар сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының кең тарауына мүмкiндiк туғызып отырған, шетел тiлiн үйренудiң бiрден-бiр негiзгi объектiсi болып табылатын ауызекi тiлге ерекше назар аударылып жүргенiне қарамастан, қазiргi адам өмiрiнде ана тiлiнде және шетел тiлiнде деңгейлеп оқудың алатын орны ерекше деуге болады.
Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек және оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін әрине ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz