ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША ОҚЫТУ
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Қосымша оқытудың негізгі ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Қосымша оқыту түрлері мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2 ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША ОҚЫТУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру...13
2.2 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27
КІРІСПЕ
Информатиканы оқытуда тек дәстүрлі оқыту түрлерін ғана қоймай, сонымен бірге қосымша оқыту түрлерінде қолдансақ, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артып, тереңірек білім алуға септігін тигізеді. Информатиканы қосымша оқыту түрлеріне экскурсия, үйірме, факультативтік курс, олимпиада, апталықтар, оқушылардың ғылыми жоба жарысы және т.б. жатады. Енді әрқайсысына жеке тоқталайық.
Экскурсия информатика сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуларының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргіуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады.
Экскурсия барысында ең бірінші бақылауға алынар дәйек бұл жұмыс кезінде компьютерді қолданатын адамдардың практикалық жұмысы: 1)Ұйымда ЭЕМ-нің қандай түрі қолданылады және оның техникалық мінездемесі. 2)Ақпараттың қандай түрлері өңделуде және қандай жүйе қолданылады (тағы басқа сондай сұрақтар қойылады). Экскурсия қорытындысы болып нәтижені ұжым ортасында талқылау және сұрақтарға жауап беру, салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
Үйірме әртүрлі мағынадағы мазмұнмен жұмыс істегенде тиімді жеке форма болып табылады. Жоғарғы сынып оқушыларына мектепке арналған мәліметтер қоры бар жобаны ұсынуға болады. Сыныптан тыс жұмыстың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Оның негізінде еріктілік принципі жатыр.
Үйірме жұмыстарының түрлері: Сөзжұмбақтар құру, сайыстар, белгілі адамдармен кездесулер, клубтық қызметтер, клубтық іс-әрекет, іскерлік ойындар, сынып сағаты, ауызша журнал, мектептегі баспа және көрмелер.
Факультативтік курстар информатика саласындағы білімді терең сіңіріп қабылдау, педагог маманның оқушыларымен қосымша жұмыс жасауға бағытталған. Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналған. Информатикадан факультативтік сабақтар негізінен 8-сыныптан басталып жүргізіледі.
Олимпиада мақсаты информатика саласындағы дарынды, білімі дамыған оқушыларды табу. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойылған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыс түрі. Оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты, табандылықты тәрбиелейтін жарыс.
Пәндік апталықтар, онкүндіктер пәнге деген қызығушылықпен пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Информатика апталығына мұғалімдермен бірге оқушылар газет шығаруға көмектеседі және түрлі іс шараларға қатысады.
Ғылыми жоба жарысы. Қазіргі уақытта оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектепте ерекше мән береді. Дарын орталығы ұйымдастыратын оқушылардың ғылыми жоба жарысы бірнеше бағыт және секциялар бойынша өткізіледі. Бұл оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектеп жоғары оқу орындарының оқытушыларымен тікелей байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істейді. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі және ғылыми жоба жарысына қатысуы информатика пән мұғалімдердің және мектептің жетістігі болып саналады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу. Ондағы мақсат - оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы компьютерлік құралдармен жұмыс істеуге үйрету. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарда ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.
Информатикадан қосымша жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашу. Қабылдаған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мақсаты: Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізе отырып төмендегі талаптарды оқушы бойында қалыптастыру.
1.Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2.Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3.Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4.Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
5.Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
6.Информатика сабағына қызығушылығын арттыру;
Курстық жұмыс негізінен екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда қосымша білім берудің түрлері, ұйымдастыру әдістемесі туралы айтылады, екінші тарауда информатика сабағында сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын әдістер мен түрлері сонымен қатар танымдық жұмыстар қамтылған. Оған қоса жұмыс кіріспе мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Қосымша оқытудың негізгі ұғымы мен мәні
Жалпы білім беретін мектепте әр уақытта оқытудың дәстүрлі түрлерінен басқа үнемі түрлі үйірмелер, клубтар, сонымен қатар олимпиадалар мен конкурстар қолданылды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қосымша оқу-зерттеу жұмыстарының әр түрлерін қолдану оқытудың маңызды компоненті, ал көп жағдайда - дамыту және тәрбиелеу болып табылды. Балаларды қосымша оқыту мектеп қабырғасында ғана емес, басқа да әртүрлі қосымша (мектептен тыс) білім беретін мекемелерде, атап айтсақ, сарайлар, орталықтар, мектептер, студиялар, балаларды сауықтыру-бiлiм беру лагерьлерінде және т.б. іске асырылады. Балаларды қосымша (мектептен тыс) оқыту жүйесі әлемде ұқсас емес отандық білім бер жүйесінің дәстүрі болып табылады.
Қосымша оқытудың қазіргі заманғы түсінігі - қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырудың көмегімен оқыту мен тәрбиелеудің мақсатқа сай үдерісі, қосымша білім беру қызметін көрсету және білім-ақпараттық іс-әрекетті негізгі білім беру бағдарламаларының ауқымынан тыс мемлекеттің, қоғамның, адамның қызығушылықтарын ескере отырып іске асыру. Балаларды қосымша оқытудың негізгі мақсаты тұлғаны, оның әр түрлі бағыттағы танымға деген мотивациясын және шығармашылық іс-әрекетін дамыту деп есептеуге болады.
Балаларды қосымша оқыту келесі принциптерге сәйкес іске асырылады:
- балалардың өзіндік қызығушылығына, бейіміне және қабілетіне сәйкес қосымша білім беру мекемелері мен қосымша білім беру бағдарламаларын еркін таңдап алуы;
- балалардың әр түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыратын қосымша білім беру бағдарламаларының әр алуандығы;
- қосымша білім берудің үздіксіздігі, қосымша білім беру бағдарламаларының сабақтастығы, меңгеру үдерісінде оларды үйлестіру және түзету мүмкіндіктері;
- баланың жеке дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау;
- балалар мен педагогтардың шығармашылық ынтымақтастығы;
- балалардың физикалық және психологиялық денсаулықтарын сақтау.
Балаларға қосымша білім беру мемлекеттік стандартқа бағынбайды. Оның мазмұны балалардың, ата-аналардың, басқа әлеуметтік институттардың әлеуметтік тапсырыстарымен анықталады. Қосымша білім беру бағдарламаларының құндылығы, олар саралап және вариативті білім беруге, баланың мұқтаждығы мен қызығушылығына сәйкес жеке даму бағдарын жасауға мүмкіндік туғызуында.
Қосымша білім беру жүйесінде әр түрлі деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының саны өте көп (500-ден артық): дамытушы, оқытушы, сабақтастырылған, зерттеуші және т.б. олардың көпшілігі компьютер мен әр түрлі программалық жабдықтауды қолдануды ұсынады. Қосымша білі беру бағдарламаларын шартты түрде ұзақтығы мен қиындығына қарай төрт деңгейге бөлуге болады:
1. Іздестіру-диагностикалық білім беру бағдарламалары. Кез -келген жастағы балаларға және уақыты бойынша орташа алғанда жарты жылға есептелген. Олар балалардың қызығушылық бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
2. Теориялық-бағыттталған білім беру бағдарламалары. Таңдап алынған сала бойынша өз бетімен шығармашылық іс-әрекетке өтуге мүмкіндік береді және 2-3 жыл аралығында іске асырылады. Орта және жоғарғы жастағы оқушыларға арналған.
3. Кәсіпке дейінгі (кейде бастапқы кәсіби деп те атайды) білім беру бағдарламалары. Соңында сертификат беріліп, 2-5 жыл аралығында іске асырылады.
4. Эвристикалық (ғылыми-зерттеу) білім беру бағдарламалары. Жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып басынан жоғарғы білім алуға бағыттай отырып, 2-9 жыл аралығында іске асырылады.
Жалпы білім беретін мектептерге Информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін енгізу үйірме мен клуб жұмыстарының техникалық бағытын недәуір кеңейтті. Компьютерлік клубтар пайда бола бастады, олар екі бағытта: программалық жабдық пен компьютердің жұмыс істеу принциптерін жан-жақты оқуға тілек білдірушілер үшін, сонымен қатар компьютерлік ойындар әуесқойлары үшін жұмыс істеді. Компьютердің жұмыс істеу принциптерін оқыту алғашқы кезеңде программалау негіздерін оқытуға бұрды, ол программалаушылық бағытты (мектептер мен балалар шығармашылығы орталықтарында жас программалаушылардың әр түрлі үйірмелері) дамытуға әкелді. Мектеп информатикасына он жылдан кейін қосымша жұмыстың тағы бір бағыты - қызметтің әртүрлі саласында тиімді жұмыс жасау құралы ретінде компьютерді (ақпараттық және коммуникациялық технологияларды) қолдану қосылды.
Балалар мен үлкендердің жаңа техникаға тәуелді пәнге деген қызығушылығының артуы оқытудың дәстүрлі түріне елеулі әсер етті, клубтар мен үйірмелер сабаққа ұқсас болды. Оқытудың әртүрлі мәселелерін шешуде компьютерді қолдану, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде оқытуды ұйымдастырудың жаңа тиімді түрлерін дамытуға итермеледі. Оқу іс-әрекетінің (жобалар, жеке практикумдар, ынтымақтастықта оқыту, әр түрлі деңгейдегі оқыту және т.б.) жекеше, топтық және ұжымдық түрін дамытудың жаңа векторын алдық.
2005 жылдан бері балаларды қосымша оқыту мекемелерін ұйымдастыру жергілікті басқару ұйымдарының құзырына кіреді.
Қосымша оқыту түрлері мен мазмұны
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны адам өмірінің түрлі қырлары баланың жеке тәжирибесінде нақты орын алған бейімделген, әлеуметтік тәжірибені қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын топтау төменгі факторлармен сипатталады:
- эмоционалдық аспектіні ақпараттық аспектімен басып озу: тиімді тәрбиелік әрекетке бала сезіміне, оның уайымына, яғни эмоция арқылы ақылына қарауды талап етеді;
- сыныптан тыс жұмыс мазмұнында анықтауыш мәндер білімнің тәжірибелік қырына ие, яғни, сыныптан тыс жұмыс мазмұны түрлі білік пен дағдыны бекітуге бағытталған. Сыныптан тыс жұмыс кезінде оқу біліктілігі қалыптасады, ақпараттарды іздеуде, түрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда, қарым-қатынасқа түсуде, серіктес бола білуде, этикалық нормаларды сақтау кезінде өз бетімен жұмыс істей алу қабілеті қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұнында теориялық аспектіні тәжірибелік аспекті басып озатын болғандықтан, мазмұнды әлеуметтік тәжірибені сол немесе басқа аумақтан меңгеретін оқушы әрекеті тұрғысынан қарастырған дұрыс.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі танымдық іс-әрекет танымдық қызығушылықты, оқудың тиімді әсерін, оқу біліктіліктерін қалыптастыруға арналған. Танымдық іс-әрекет оқу әрекетін басқа формада қолдану арқылы жалғасады. Бұл Қызығушылар турнирі, Не? Қайда? Қашан?, КТК, есептеуіш орталығына саяхат және т.б. үйірмелер болуы мүмкін.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бағдарлама бойынша білімін тереңдетуге, олардың логикалық ойлау қабілетін, зерттеушілік біліктіліктерін арттыруға, информатика тілін меңгеруге, информатика тарихы бойынша оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына арналған.
Сыныптан тыс сабақтар оқушыларды оқытуда құрылымдық біліктілікке, модельдеу дағдысына, көрнекілік пен программалық құралдар дайындауға бағытталған тәжірибелік мазмұнда бола алады және болу керек.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеу кезінде қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретуге бағытталып ұйымдастырылған, бағытталған жұмыстардың рөлі зор. Бұл жұмыстың мақсаты оқушыларда білім қорын көруге, оқу мәдениетін меңгеруге арналған.
Жоғары сынып оқушыларының оқу шеңбері көркем әдебиет, ғылыми-атақты әдебиеттер, ақпараттық әдебиеттер, сонымен қатар кәсіптік бағыттағы олардың қызығушылығымен байланысты әдебиеттер болуы керек. Мұндай кезде конференциялар, пікірталастар, кітапхана ісі жайындағы тапсырмалар тиімді. Бұл әрекет баяндама, реферат жазу кезінде көрініс береді.
Қызықтырушы әрекет оқушылардың толыққанды демалысын ұйымдастыру кезінде қажет, ол жағымды эмоцияларды, ұжымдағы достық атмосфераны, жүйке қысымын алуға көмектеседі. Бұл кезде КТК, Компьютерлік әзіл тағы басқа сыныптан тыс жұмыс формаларын қолданған тиімді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде екі - танымдық және қызықтырушы аспектілер бірігеді. Мысалы, Ғажайыптар алаңы, Маңызды информатика, қиялшылдар конкурсы, викториналар және т.б. Қай аспектінің басым екендігін анықтау үшін мұғалімнің нақты формадағы сыныптан тыс жұмыстың мақсатын, міндетін, қызметін талдау жасау керек.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі еңбектік іс-әрекет еңбектің әр түрінің мазмұнын береді. Мұғалімге сыныптан тыс жұмыстың еңбек әрекетін ұйымдастыру кезінде кейбір қиыншылықтар туындайды, бірақ оқушылардың түрлі жүйелік еңбек әрекеті беретін тәрбиелік нәтижесі мұғалімнің еңбегін ақтайды.
Берілген нәтиже еңбекке қажеттілік кезінде, өзін еңбекпен қамту кезінде көрініс береді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде көрнекіліктер, кабинетті өңдеу жұмыстарын, педагогикалық программалық құралдарды жасауға болады.
Шығармашылық іс-әрекет оқушылардың қызығушылығын, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған. Шығармашылық іс-әрекеттер программалаушылар конкурсы, компьютерлік графика көрмесі, шығармашылық жобалар сеияқты сыныптан тыс жұмыс формаларында көрінеді.
Жоғарыдағы аталған әрекеттердің ең басты міндеті оқушы бойында дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компоненттерін қалыптастыру болып табылады.
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыста құлықтық тәрбиенің орны бөлек, ең маңызды міндеттің бірі оқушы бойында қоғамдық міндетке танымды қарым-қатынас білдіру, сөз бен істің бірлігін күнделікті өмірдің қалыпты ісі екендігін қалыптастыру. Информатикадан сыныптан тыс жұмыс та оқушыларды ақпарат пен программалық құралдарды қолданудың құқықтық нормаларымен таныстыру керек.
Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстар тұлғаның жан-жақты дамуы міндеттерін шешуде маңызды рөл атқарады. Егер мектептің оқу жоспарында эстетикалық циклдағы пәндердің аз ғана орын алатынын ескеретін болсақ, бұл әрекеттік маңыздылығы ашық көрінеді.
Мектеп эстетикалық тәрбиенің жалпы міндеттерін шешеді: эститикалық сезімдерін қалыптастыру, әдімілікті қабылдай білу, қоршаған ортаға әдімілікті көрсету; сұлулық пен табиғат, қоғам, адамның іс-әрекеті, шығармашылық қабілеттері, біліктілік пен дағдылары жайлы дұрыс көзқарастарын дамыту; көркемдік көзқарастарын кеңейту; оқушыларды өнердің түрлі саласымен таныстыру. Бұл міндеттерді көркемдік шығармашылықта тәрбиелеу мен оқушыларды көркемдік іс-әрекеттердің барлық түріне баулу қажеттілігімен шешуге болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны барлық мектепте бірдей емес. Оған келесі факторлар әсер етеді:
- мектептің өзіндік дәстүрлері мен ерекшеліктері. Мысалы, мектеп сыныптан тыс жұмыс кезінде танымдық аспектілер қалыптастыратын пәндік кәсіпке ие. Көркемдік, экономикалық, физика-математикалық және т.б. мектептегі және сыныптағы тәрбие кәсіпке сай;
- жас ерекшеліктері, сыныптың, оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;
- компьютерлік техниканың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, информатика кабинетінің жабдықталуы және т.б.;
- мұғалімнің өзіндің ерекшеліктері, қызығушылықтары, баптаулары. Егер мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізгісі келсе, онда ол сыныптан тыс жұмыс мазмұнын сол мақсатқа жетуге бағыттап жасайды. Басқа мұғалімге оқу үдерісі кезінде оқушы тұлғасын қалыптастыру маңызды, сондықтан сыныптан тыс жұмыс кезінде ол дамытушылық, шығармашылық іс-әрекетке бағытталған приоритеттер береді.
Информатика мен компьютерлік техниканың жылдам дамуына информатикадан сыныптан тыс жұмыс мазмұны әсер етеді. Сонымен қатар сыныптан тыс әрекеттің көлемі, оның қиындық деңгейлері, оқушылардың даму деңгейлері маңызды болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері мен құралдары
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері - оның мазмұнын құрайтын шарттар. Сыныптас тыс жұмыстың түрлері өте көп. Олардың көп болуы топтау кезінде қиындық тудырады. Олар білім беру мен тәрбиелеу міндеттеріне қатысты әсер ету объектісі мен әрекет бағыты бойынша топталған.
Сыныптан тыс жұмыстың кез келген формасы құлықтық, білімділік, физикалық, экологиялық, экономикалық, эстетикалық және т.б. оқу, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін шешуге бағытталған. Бұл байланыста сыныптан тыс жұмыстың объектіге әсер ету бойынша топтау формасын қарастыру керек.
Жұмыста сыныптан тыс жұмыс жеке, топтасып біріккен және жаппай, жаппайлықта фронтальді және ұжымдық болып бөлінеді.
Жеке жұмыс - оқушылардың жекеленген іс-әрекеті, ол өзін өзі тәрбиелеуге, мұғалімнің тапсырмасын орындауға, ұжымның талабын орындаға арналған оқу бағдарламасынан тыс жұмыстар.
Жеке жұмыс - жеке оқушылармен жұмыс түрі, өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған, оқу бағдарламасынан тыс мұғалімнің берген тапсырмалары мен ұжымның талаптарын орындайды. Жеке жұмыстың маңыздылығы баланың әлеуметтенуімен, өзін-өзі бекіту қажеттілігімен, өзін-өзі тәрбиелеумен ерекшеленеді. Жеке жұмыстың тиімділігі мақсатқа сай форманың нақты таңдалғанынан ғана емес, оқушыны қандай да бір іс-әрекет түріне қосумен ерекшеленеді. Жеке сыныптан тыс жұмыс кезінде жалпы мақсат - нақты тұлғаның толыққанды дамуын педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету - бұл мақсат жағымды МЕН-тұжырымдамасын құру және тұлғаның жеке қабілеттерін, түрлі қырларын дамытумен жүзеге асырылады.
Жеке іс-әрекет оқушылардың және жеткіншектердің араласудағы қажеттіліктерін шектемейді, бірақ жалпы жұмыста өз ісін табуға мүмкіндік береді. Ол үйірмелердің қажетті құрамдас бөлігіне жатады. Мақсатты бағытталған оқушылардың жеке жұмысы әрқайсысы өз мүмкіндігінше жеке қабілеттерін ашуға, өздерінің даралығын көрсетуге бағытталған. Бұл әрекет тәрбиешілерден оқушылардың жеке қабілеттерін, олардың қызығушылықтарын, құрдастарының ұжымдағы орнын көре білу қабілетін талап етеді.
Жеке сыныптан тыс жұмыс кезінде жоспарланған компонентпен бірге педагогикалық шеберлік деңгейінің индикаторы болып табылатын, педагогикалық жағдаят деп аталатын компоненттен де құралады.
Сыныптан тыс жұмыстың түрі - оның жаппай формалары. Оларды екі үлкен топқа бөлуге болады, олар оқушы әрекетінің сипатымен ерекшеленеді.
Бірінші топ - фронтальді формалар. Оқушылар әрекеті жанымда қағидасына негізделген: олар бір-бірімен байланыспайды, бірақ әрқайсысы бірдей әрекетті өз бетінше орындайды. Педагог әр балаға бір уақытта әсер етеді. Кері байланыс бала санының шектеулілігімен жүзеге асады. Бұл қағида бойында жалпы сыныптық сабақтар ұйымдастырылған.
Екінші топ - ұжымдық формалар. Сыныптан тыс жұмыстың бұл формасын ұйымдастыру бірге қағидасына негізделген. Әрбірінің әрекетінен жалпы жеңіс тәуелді. Мұндай ұйымдастырылу кезінде оқушылар бір бірімен тығыз байланыста болады. Мұғалім мұнда әр балаға емес, олардың бір бірімен байланысына назар аударады, бұл мұғалім мен оқушылардың арасындағы байланыстың бекуіне әкеліп соғады. Бірге қағидасы бойынша әрекеттер жұппен, кіші топтарда, сыныпта ұйымдастырылады.
Бірінші топ қарапайымдылығымен ерекшеленеді, бірақ мұнда ұжымдық әрекет төмен. Екінші топ серіктес болуда таптырмас форма, мұнда оқушылар бір біріне көмектеседі және жауапкершілікті мойнына алуды үйренеді.
Сыныптан тыс жұмыстарының кейбір түрлерінің ерекшеліктері, олардың кейбір формаларының теледидарларда өткізілуінде: КТК, Не? Қайда? Қашан?, Әуенді тап, Ғажайыптар алаңы және т.б.
Сыныптан тыс жұмыс түрінің формаларын таңдау кезінде оның мақсат, міндет, қызметіне негізделген оқу-тәрбиелік маңыздылығын жоғары бағалау керек.
Сыныптан тыс жұмыстың жаппай формасы ұжым арқылы әрбір оқушыға жанама әсер етуге мүмкіндік береді. Олар бірін бірі түсіну, ұжымда әсер ету, үлкендермен, құрдастарымен бірге еңбек етуіне ықпал етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың жеке жұмыс формасынан басқа үйірмелік, біріктіруші, жаппай формалары да бар.
Үйірмелік (топтық) сыныптан тыс жұмыс формасы оқушылардың ғылым, техника, өнер, спорт, тереңдетілген білім, бағдарламалық материал облысында қызығушылықтары мен қабілеттеттерінің дамуына ықпал етеді.
Үйірме - информатикадан оқудан тыс әрекеттің негізгі формаларының бірі. Оның жұмысының мазмұны басқа программалар болса да, оқушылардың қызығушылықтары мен дайындары негізінен анықталады. Информатикадан үйірме жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін: мысалы, компьютерлік графика, программалау, компьютерлік модельдеу. Үйірмеде сабақтардың әр түрі өткізіледі. Олар баяндама, жобамен жұмыс, саяхаттар, көрнекіліктер даярлау, кабинет жабдықтарын жасау, зертханалық сабақтар, қызықты адамдармен танысу, виртуальды саяхаттар және т.б. болуы мүмкін. Үйірме жұмысының есепке алу күнделікте жазылады. Есеп тапсыру кеш, конференция, көрме түрінде өткілуі мүмкін. Кейбір мектептерде қорытындылар мектептік кештерде, мысалы, жалпы мектептік информатика апталығының өткілуі жайындағы кеште айтылуы мүмкін.
Жұмыстың біріккен формасына клуб, мектеп мұражайы, қоғам, уақытша ұжымдар жатқызылады.
Бұрындары, саяси, пионерлік, комсомолдық, халықаралық достық, қызықты кештер сияқты үйірмелер кеңінен танымал болатын.
Клуб жұмысы жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жаңара алады. Қазіргі уақытта мектептерде шетелдік мектептермен байланыстар қолдау тапқан. Осының негізінде халықаралық достық клубы жаңара алады, оның құрамында мектеп орналасқан жер тарихын, географиясын, ел мәдениетін, аудармашылар секциясы жұмыс жасайды. Клуб жұмысында ақпарат іздеуде, жалпы жобаларды орындауда, электрондық хаттармен алмасуда Интернеттің мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Бірқатар мектеп оқушылары виртуалдық (Интернет желісінде ұсынылған электрондық) мұражай, көрме, галерея құра алады. Бұл жұмыс түрі әрекеттің өз бетіндік формасына да жатқызылуы мүмкін.
Жаппай жұмыс формалары мектепте кеңінен танымал. Олар әр түрлі болып келеді және сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың басқа формаларымен салыстырғандағы ерекшелігі - бір уақытта бірнеше оқушыны қамти алуы. Оларға конкурс, олимпиада, жарыстар, яғни оқушы белсенділігін қажет ететін жұмыстар жатқызылады. Әңгімелер, кештер өткізу кезінде оқушылар тек қана ұйымдастырушы және орындаушы ретінде қатысады. Мұндай мерекелерге есептеуіш орталықтарын аралау, кинофильмдер қарау, қызықты адамдармен танысу, дәрістер жатады, қатысушылар тыңдаушылар мен қараушылар болып табылады.
Соңғы уақытта информатикаға жоғары қызығушылық танытатын оқушылар санының артуына байланысты сыныптан тыс жұмыс түрлеріне жататын информатиканың жастар мектебі, сырттай физика-математика мектебі, информатикадан тереңдетілген мектеп пен сыныптар, жаздық компьютерлік лагерьлер сияқты формалары туындай бастады.
Мұғалім - сынып жетекші жүзеге асыратын оқушылармен жаппай жұмыс формасы - сынып сағаты болып табылады. Бұл сабақ кестесіне қойылған уақыт бойынша өткізіліп, сыныптық ұжымда жүйелі тәрбиелеу әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Отандық мектептер сыныптан тыс жұмыс түрлерінің барлық формасын қолдануда үлкен тәжірибе жинақтаған. Алайда, форма істің сәтті не сәтсіз болатынын өз бетінше шеше алмайды. Маңыздысы оның мазмұнының құндылығында. Шешуші мәндер мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар құралы оқу құралдарын, тәрбие мен дамыту құралдарын анықтайды, таңдау сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен формасымен анықталады.
Сыныптан тыс жұмыс құралы ретінде: сыныпты әсемдеу, музыкалық әрлеу, ойын атрибуттары, бейнематериалдар, кітаптар, программалық құралдар жатқызылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңыздылығын оның мүмкіндігін, мақсатын, міндетін, формасы мен құралдарын қарастыра отырып анықтауға болады:
- сыныптан тыс жұмыс оқушылардың түрлі әрекеттер жиынынан құралған;
- уақыт шектеусіздігі. Негізінде шектеулі, бірақ көбіне мұғалім оны ескере бермейді;
- қатал талаптардың жоқтығы. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, формасы мен құралдарын өзі таңдайды. Бір жағынан бұл өз көзқарастары мен сенімдері бойынша жұмыс істеуге мүкіндік береді. Екінші жағынан мұғалімнің жасалынған таңдауға деген жеке жауапкершілі артады;
- сыныптан тыс жұмыстың нәтижесін бақыламау. Егер сабақтың міндетті элементі - оқу материалын бақылау болса, сыныптан тыс жұмыста бақылау жоқ. Нәтижелер мұнда жылдам шығарыла салмайды. Тәрбие жұмысының нәтижелері оқушыларды түрлі жағдайда бақылау нәтижесінде алынады. Берілген жұмыстың нәтижесін психолог арнайы құралдар көмегімен нақты анықтай алады. Ереже бойынша, мұнда қорытынды нәтиже мен жеке сапаларының даму деңгейі бағаланады. Нақты форманың тиімділігін анықтау өте қиын.
Сыныптан тыс жұмыс қоңырауда, сабақтан кейін, мерекелік, демалыс күндері, яғни оқудан тыс уақытта болады. Сыныптан тыс жұмыстың ата-аналардың әлеуметтік тәжірибесін қызықтыруына көп мүмкіндіктері бар. Сыныптан тыс жұмыстың сәті болуының шарты әрекеттің психикалық жағдайы болып табылады.
Д.Н.Унадзе және басқалар жасаған экспериментальді зерттеу әрекетті баптаудың оның тиімділігін арттыратындығын дәлелдеді.
2 ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША ОҚЫТУ
2.1 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру
Бірқатар дамыған елдерде оқушылардың информатикадан немесе программалаудан ұлттық олимпиадалар өткізеді, ол қазіргі заманғы компьютерлік технологияға маңызды үлес қосатын талантты жастар мен дарынды программалаушыларды анықтаудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Сондықтан олипиадалар компьютерлік технологияның әртүрлі саласында жұмыс істейтін ғалымдар, инженерлер мен кәсіпкерлердің тарапынан, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде жоғары қолдауға ие.
Информатикадан алғашқы олимпиада Информатика және есептеуіш техника негіздері пәнін жалпы білім беретін мектептерге енгізгеннен кейін өте қысқа мерзімде өткізілді және бірден жаппай, өте танымал болды. Информатикадан олимпиадалар жыл сайын өткізіліп тұрады, оның жеңімпаздары сынып бойынша бірінші, екінші, үшінші дәрежелi дипломдармен, грамоталармен, сондай-ақ арнайы және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 13 наурызынан №99 бекіткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасын өткізу ережесі туралы бұйрығына сәйкес, олимпиада 4 кезеңде өтеді: 1) бірінші кезең - мектептік, программалау саласы бойынша оқушылар өздерінің қабілеттері мен дағдыларын көрсетулері үшін барлық оқушыларға жаппай мектепте өткізіледі. Бұл жарыс әдетте қараша айында өтеді;
2) екінші кезең - аудандық (қалалық); мектеп олимпиадасының жеңімпаздары олимпиаданың үшінші кезеңіне жіберіледі;
3) үшінші кезең - облыстық (Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ республикалық мектептер дәрежесі облыстық олимпиадаға теңеледі). Іріктеу кезеңіне әр сынып және пән бойынша үшінші кезең жүлдегерлерінің қазылар алқасы үздік деп таныған үш үздік жұмыс жіберіледі;
4) төртінші кезең - республикалық олимпиада Министрлiктiң бұйрығымен белгiленген мерзiмде өткiзiледi [http:daryn.kz].
"Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету" туралы (1996 ж.) Президент Қаулысы Қазақстандағы аса қабілетті балалар және жасөспірімдермен қарқынды түрде жұмыс жүргізудің себепкері болып отыр. Осы Қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 қаулысымен Білім және ғылым министрлігі жанында жаңа ғылыми-құрылымдағы білім беру мекемесі республикада дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыратын Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылды [http:daryn.kz]. Бұл орталықта Республикалық олимпиадалар және конкурстар, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, қашықтық олимпиадасы, интеллектуалдық-ойын конкурстар өткізіледі, сонымен қатар, информатиканы сырттай да оқытады, жақсы оқығандарға сертификаттар беріледі. Үздік қатысушыларға Дарын бағдарлы жазғы лагеріне жолдама беріледі.
Алматы қаласында Дарын Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының біріккен жобасы - математика, физика және информатикадан жыл сайын дәстүрлі Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізіп тұрады http:izho.kz.
Сонымен қатар, Зерде ұлттық инфокоммуникация холдингі АҚ- заманауи ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында құрылған ірі қазақстандық мемлекеттік компаниясы мектеп оқушылары арасында программалау бойынша халықаралық олимпиада өткізеді. http:www.zerde.gov.kz.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін республикадағы қарқынды дамып келе жатқан орталықтардың бірі - Ертіс дарыны аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы 6-8 сынып оқушыларының арасында информатика және программалау бойынша облыстық олимпиадалар өткізіп тұрады [http:ertisdaryn.kz].
Аудан мектептері бойынша информатика пәнінен 8 сыныптар арасында қашықтық олимпиада өткізіледі [http:zharmabilim.kz].
Информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- дербес компьютермен жұмыс істеудің қажетті дағдылары болуы, компьютердің негізгі сипаттамаларын білуі, олардың көмегімен шығарылатын есептерге қалай әсер ететін түсінуі, мысалы, берілген қиындықтағы есепті шешуде жадысы мен жылдам әрекет етуі бойынша;
- қолданбалы есептерді шешуде кең таралған операциялық жүйелермен (Windows, Linux) жұмыс істей білуі;
- практикада қойылған есепті формальдау әдістерін білуі, жекеше жағдайда, сөз түрінде сипатталған есептің қойылымынан техникалық және мазмұндық шектеулерді есепке ала отырып, оны формальды сипаттауға дұрыс өте білуді;
- алгоритмдердің негізгі типтерін (әртүрлі құрылымды мәліметтермен жұмыс істеу алгоритмдері, графтардағы негізгі алгоритмдер, сұрыптау мен динамикалық программалауды ұйымдастыру алгоритмдері, комбинаторикалық алгоритмдер, бүтін санды арифметика мен арифметикалық өрнектердің мәнін санау, модельдеу әдістері және т.б.) практикада іске асыра білуді;
- есепті шешуде алгоритмнің қиындығы ұғымын қолдана білуді;
- олимпиада есептерін шығаруда (программалау тілін олимпиада ұйымдастырушылары анықтайды) бір немесе бірнеше интегрленген жүйелермен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz