КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯН МЕН ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСТАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... .4
1.1 Әрекет қабілеттілік ұғымы және кәмелет жасқа толмаған азаматтар ... ... ..4
1.2 Жауапкершілік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2 КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯН МЕН ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік ... ... ... ...14
2.2 Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты тақырып мазмұнын ашу, яғни кәмелетке толмаған адамдардың және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтар туралы толық түсінік беру және олардық азаматтық құқық саласында келтірген зияндары үшін жауаптылығын анықтап көрсеру болып табылады.
Әрекет қабілеттік - адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің іс-әректтері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттігі толық, толық емес және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсібір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі белгілі. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің жасына байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады. Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олрадың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар және жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
Сонымен қатар ең алдымен азаматтық құқықтық жауаптылыққа тоқтаған жөн болады. Яғни азаматтық жауапкершілік - азаматтық құқықтық жауапкершілік өзге тұлғаның субъективтік азаматтық құқықтарының бұзылуына байланысты, өзінің заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті орыңдамаудың нәтижесінде туындайтын салдарлар. Яғни азаматтық айналымның заңи тең қатысушыларының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және қалыпты экономикалық қатынастарын көтермелеуге бағытталған мүліктік сипаттағы санкцияларды қолдану жөніндегі мемлкеттік күштеу шарасы болып табылады.Осыдан зиян мен залал ұғымы туындайды. Зиян дегеніміз - тұлғаның жеке немесе мүліктік игіліктің кемуі, азаюы. Ал Яғни залал дегеніміз - келтірілген зиянның ақшалай баламасы. Бұл екеуі екі түрлі ұғым болып табылады. Осы екеуін ажырата білуіміз қажет.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - жәбірленуші зиян келтірушіден келтірген зиян орнын мүлікпен немесе басқаша өтеуін талап ете алатын азаматтық құқықтық-қатынас.
1 ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСТАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әрекет қабілеттілік ұғымы және кәмелет жасқа толмаған азаматтар
Құқық және әрекет қабілеттілік ұғымы. Құқық субъектілікте құқық қабілеттілік анықтаушы элемент болып табылатынын ескере отырып, адамның құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылатынын атап көрсеткен ҚР Конституциясының 12-бабына, сондай-ақ азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған сәттен басталады деп көрсеткен АК-ның 13-бабының 2-тармағьша сүйену арқылы азаматтың құқық субъектілігі ол туған сәттен басталады деген қорытынды жасауға болады.АК-ның 13-бабында "Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады" деп көрсетілген. Сонымен, АК азаматтардың тең құқық қабілеттілігі принципін белгілейді, бұл олардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне, біліміне, ақыл-ой қабілетіне және кез клеген өзге де мән-жайларға тәуелсіз болады. Ерекше жағдайларда ғана заң актілерінде тікелей көзделген құқық қабілеттілікке кейбір шектеулер қойылуы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі секілді, құқық қабілеттілігінен айыруға мүлде жол берілмейді.
Тек заң актілеріне сәйкес және оның үстіне, АК-да көзделген ерекше жағдайларда ғана азаматтардың құқық қабілетгілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеу мүмкіндігі ҚР Конституциясы 39-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес келеді. Мәселен, жер туралы заңдарға сәйкес, шетелдік азаматтардың жеке меншігінде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру және саяжай тұрғызу үшін берілетін жер учаскелері болмауы тиіс.
Заң актілерінде ҚР азаматтары емес және тұлғалар үшін кейбір қызмет түрлерімен (адвокаттық, нотариалдық) айналысуға да шектеулер қойылған. Құқық қабілеттілігін шектеу жеке түұлғалардың белгілі бір - санаттарына ғана емес, сонымен қатар жасаған қылмыстары үшін жаза ретінде кейбір жеке тұлғаларға да белгіленуі мүмкін. Мұндай шектеулер ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес соттың үкімімен белгіленеді, ол жазалау түрі ретінде белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.
Әрекет қабілеттілік. Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілеттігі болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс-әрекетгері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады. Атап айтқанда, азаматтардың өздерінің мәмілелер (мәмілелер жасау қабілеті) және басқа занды іс-әрекеттер жасау қабілеттерін, сондай-ақ азаматтық-құқық бұзушылық (деликт қабілеттілік) үшін жауапкершілік атқару қабілеттерін әрекет қабілеттілік ұғымы қамтиды. Бұл арада әрекет қабілеттілік іс-әрекеттер жасаудың өзі емес, керісінше, нақ іс-әрекеттер жасау заңдық қабілеті, оларды басқару және олар үшін жауап беру қабілеті болып табылады.
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады (АК-ның 17-бабының 3-тармағы).
Азаматтың әрекет қабілеттілігінің оның ақыл-ойы мен ерік-жігері күйімен байланысы, біріншіден, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу қажеттігіне және, екіншіден, олардың ақыл-ойы мен ерік-жігерінің жетіспеушілігі салдарынан кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу немесе одан айыру мүмкіндігіне әкеп тірейді. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілетгілігін шектеу тікелей заң актілерімен жүзеге асырылады, ал кәмелетке толғандардың әрекет қабілеттілігін шектеу -- заң актілерінде көзделген жағдайларда тек сот арқылы шешіледі.
Қазақстан заңдары адам 18 жасқа жеткенде толық көлемде әрекет қабілеттілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден бір ғана ерекшелік белгілейді: заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілетгілігіне ие болады (АК-ның 17-бабының 2-тармағы).
"Неке және отбасы туралы" 1998 ж. 17 желтоқсандағы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған неке ғана жұбайлардың міндеттерін іс-жүзінде некеге тұруы (бірге тұруы) ол толық көлемде әрекет қабілеттілікке ие болды дегенді білдірмейді. ҚР азаматтық заңдары құқықты теңеу (эмансипация) институты дегенді, мысалы, РФ АК көрсеткендей, құзіретті мемлекетгік органның шешімімен кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау дегенді білмейді. Алайда РФ АК секілді, ҚР АК азаматтар кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілетгілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктерге жол береді. Мұндай ерекшеліктердің азаматтық қатынастардың кейбір салаларына ғана қатысы бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы (АК-ның 25-бабы).
ҚР АК психикалық даму деңгейіне қарай кәмелетке толмаған азаматтарды 14 жасқа жетпегендерге және 14-тен 18-ге дейінгілерге бөле отырып, олардың әрекет қабілетілігінің түрлі шешімін белгілейді.
14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары мемілелер жасайды (АК-ның 23-бабының 1-тармағы). Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де осылар жауап береді.
Заң 14 жасқа жетпеген азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға (АК-ның 23-бабының 2-тармағы), сондай-ақ банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.
Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп түсіну керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын, қала көлігінде жүру билеттерін жөне т.с.с. сатып алу тұрмыстық ұсақ мәмілелерге жатады. Бұл арада, 14 жасқа жетпеген адамдар жасайтын тұрмыстық мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс. Біріншіден, мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жөнінен болмашы болуға тиіс. Екіншіден, олар кәмелетке толмағанның жасына, яғни оның психикасының деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс. Мысалы, 2 жасар, 7 және 13 жастағы балалардың психикалық даму деңгейі түрліше болатыны айқын. 2 жасар бала өзінің психикалық даму деңгейі бойынша тіпті өте ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алмайды, ал 7 жасар бала да тұрмыстық ұсақ мәмілелерді (мысалы, сіріңке сатып алуды) жасай алмайтыны түсінікті. Бұл мәмілелердің құны аз ғана болғанымен, сіріңкенің ерекше қасиеті бар -- оны пайдалану қауіпті болатындықтан, баланың қолына беруге болмайды. Бұл жастағы балалар, әдетте, сатушылар немесе тіпті тұрмыстық ұсақ мәмілелер бойынша сыйға тартушылар бола алмайды. Үшіншіден, 14 жасқа жетпеген адамдар жасалып болысымен орындалатын мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық-түлікті несиеге емес, тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады. Заңда қандай мәмілелерді ұсақ деп есептеуге болатын және қандай мәмілелерді оларды жасайтын кәмелетке толмағанның жасына сай келеді деуге болатын жалпы өлшемдерді белгілеу мүмкін емес. Сондықтан мұндай өлшемдер әрбір нақты жағдайда бағалаушы сипатта болады, ал бағалауды, әдетте, бастапқы кезде кәмелетке толмағанмен мәміле жасайтын адамның өзі жүргізеді. Жасалған мәміленің ұсақ екені және оның кәмелетке толмағанның жасьша сай келетіні жөнінде дау туатынш жағдайда -- дау сот арқылы шешіледі.
Көрсетілген жағдайларда 14 жастан 18 жасқа дейінгілердің әрекет қабілеттілігін ұлғайту олардың әрекет қабілеттілігін кәмелетке толғандармен теңестіреді. Кәмелетке толмағандардың өздерінің табыстарына немесе өздері жасаған интеллектуалдық меншік нысандарына билік ету жөніндегі әрекет қабілетгілігін шектеу олардың кіріс келтіретін қызметапен айналысу немесе кәмелетке толмағандардьщ психикалық толысуының айтарлықтай жоғары деңгейін көрсететін интеллектуалдық меншік нысандарын жасау ынталарын тұншықтыруға әкеп соққан болар еді. Көрсетілген жағдайларда кәмелетке толмағандар тарапынан теріс әрекеттер (мысалы, кірістерді ысырап ету) байқалатын реттерде, АК қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдарының кәмелетке толмағандардың тиісті құқықтарын шектеуіне немесе тіпті мұндай құқықтарынан айыруына рұқсат етеді.
Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-өрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмайтындықтан және оларды орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін. АК-ның 26-бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін. Жүйке ауруы да, ақыл-естің кемдігі де жүйке бұзьшуының түрлері болып табылады, оның үстіне, ақыл-естің кемдігі аурушаң күйге байланысты болса да, азаматтың туған сетінен басталады. Өз өрекеттерінің маңызын түсіну немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айрылуға әкеп соқтыратын жүйкенің бұзылуы ғана азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшін шешуші рөл атқарады. Жүйкесінің бұзылуына байланысты азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануды Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен сот қана шеше алады және бұл азаматқа қамқоршылық белгілеу үшін негіз болады. Соттың шешімімен жүйкесінің бұзылуына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде мәмілелер жасай алмайды және өзінің әрекеттері үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан оның қамқоршысы жасайды. Әрекетке қабілетсіз азаматтың денсаулығы айтарлықтай оңалғанда, ол соттың шешімімен әрекетке қабілетті деп танылады да, оған белгіленген қамқоршылық алынып тасталады. Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілетгілігін сот шектеуі мүмкін (АК-ның 27-бабы). Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынған азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу үшін мұндай салынудың нәтижесінде отбасы мүшелерінің санына қарамастан, оның отбасы материалдық ауыр жағдайға тап болатыны шешуші рөл атқарады. Егер азаматтың отбасы болмай, тек өзін ғана материалдық ауыр жағдайға қоятын болса, онда бұл оның әрекет қабілеттілігін шектеулі деп тануға негіз бола алмайды. Азаматтың материалдық тіршілік деңгейінің айтарлықтай төмендеуін, сондай-ақ көрсетілген теріс әрекеттердің салдарынан бұл деңгейді көтерудің мүмкін еместігін спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынатын азамат отбасының материалдық ауыр жағдайы деп түсіну керек. Сот арқылы әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматқа қорғаншылық белгіленеді. Мұндай азамат қорғаншының келісімімен ғана тұрмыстық ұүсақ мәмілелерден басқа мәмілелерді жасауға, сондай-ақ жалақы, стипендия, зейнетақы, өзге де кіріс түрлерін алуға және оларға билік етуге құқылы. Азаматтың спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынуы тоқтатылған соң соттың шешімімен азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу және оған қамқоршылық белгілеу алынып тасталады.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану және мұндай шектеулерді алып тастау тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексі арқылы анықталады.
Қамқоршылық және қорғаншылық. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайтынын жоғарыда айтып өткенбіз. Олар тек кәмелетке толған өрекетке қабілетгі адамдар болуға тиіс.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қам-қоршьшарды, ал әрекет қабілетгілііі шекгеулі азаматгардың мүдделерін қорғайтын -- қорғаншыларды арнайы мемлекетгік қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары тағайындайды. Егер кәмелетке толмағандардың ата-аналары (асырап алушылары) жоқ болса немесе олар көмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау жөніндегі өз міндеттерін атқара алмаса, кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау үшін қамқоршылар мен қорғаншылар тағайындалады. Қамқоршылар мен қорғаншыларды тағайындау тертібін, олардың атқаратын қызметін, қүқықтары мен міндеттерін отбасылық заңдар белгілейді.
1.2 Жауапкершілік түрлері
Біздің қоғамымыздағы өміріміздің мемлекеттік-құқықтық аясында реформалау жағдайында жас ұрпақты тәрбиелеу туралы сұрақтар, олардың өнегелі және денсаулығын қорғау мен нығайту бойынша тиімді шаралар қабылдау, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын детерминациялайтын әлеуеметтік-жағымсыз құбылыстарға қарсы әрекеттер жүргізу ерекше назар аударатын тақырып болып табылуда.
Заманауи заң ғылымдарында кәмелетке толмаған тұлға, бір жағынан, лайықты өмір салтын қамтамасыз етуге және ата-ананың тәрбие беруде жіберілген кемшіліктерінің орнын толтыруға бағытталған мемлекеттік қамқор ретінде, ал екінші жағынан, кейбір жағдайларда зиян келтіретін зардаптарға алып келетін әлеуметтік-құқықтық девиацияларға бейім субъект ретінде қарастырылады.
Кәмелетке толмағандар жеке тұлға саналып, құқық нормаларының талаптарына сәйкес сәйкес емес көзқарасында әртүрлі бағаланатын, тәртіптік актілер жасауы мүмкін. Сонымен бірге бірқатар жағдайларда зиян келтіретін зардаптардың туындауына әкеп соғатын, жасалынатын қылықтың объективтік құқыққа қарсы қайшылық таныту мен субъект ретінде құқық бұзушы тек қана қабілетті субъект болуы мүмкін деп шамалайтын, құқыққа қарсы әрекеттің құрамы араларындағы коллизия туындайды. Құқық бұзушы субъект пен құқық бұзған заңды жауапты субъект түсініктерін ажыратқан жағдайда ғана осы коллизиядан босату мүмкін болады. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушы субъект ретінде бола алады, бірақ оны жасағаны үшін заңды жауапкершілікке (қажетті жасына толмауына байланысты) тартылмауы мүмкін.
Кәмелетке толмаған өз бетімен құқықтық қарым-қатынас субъектісі болып табылмайды және құқықтық нормада ескерілген заңды санкцияға толық көлемде ұшырамайды. Бірақ іс-әрекеттерге қабілетсіздігі немесе жартылай қабілетсіздігі кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын ақтамайды. Осындай жағдайда объективтік қарама-қайшылық туындайды: бір жағынан, құқық бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктен бұлтартпастық қағидатын қамтамасыз ету қажет, екінші жағынан, кәмелетке толмағандардың психофизиологиялық және өнегелі-эмоциялық жетілу ерекшеліктері, нақтырақ айтқанда, құқықтық мәдениетінің деңгейі аса жоғары еместігімен сипатталатын әлеуметтенудің аяқталмағандығы, экономикалық тәуелділігі, өмірлік тәжірибенің жетіспеуі өмірде кездесетін даулы мәселелерді өркениетті жолмен шешуге, әлемнің шынайылығына табысты бейімделуге қабілеттілігін төмендетеді, осының барлығы кәмелетке толмағандардықұқыққарым-қатынастығы ндағы толық құқықты, дербес субъект ретінде айтуға мүмкіндік бермейді.
Кәмелетке толмаған маргиналдар мен девианттармен ең тиімді жұмыс істеу үшін ювенальдық әділеттің біртұтас ұйымдастырушылық оқшауланған жүйесін қалыптастыру керек, оның құрылымындағы орта буыны, әрине, ювенальдық сот болуы тиіс. Аталған мәселені шешу, кәмелетке толмағандардың әсерлі құқықтық қорғау институты және жастар ортасында қылмыспен күресу құралы ретінде пәнаралық көзқарас шеңберінде ювенальдық әділет моделін құруды зерттеушілерден талап етеді.
Кәмелетке толмағандардың әлеуметтікқұқықтық ауытқуларына қарсы әрекеттер жүргізу - мемлекет саясатының негізгі бөлігі болып саналады. Осы саладағы құқықтық реттеудің механизмі әлеуметтік-құқықтық ауытқуларымен күресудің іс-жүзіндегі тапсырмаларын шешуге бағытталуы және осы саладағы ғылымның жетістіктеріне сүйенуі керек; құқық қорғау органдарының, басқа да мемлекеттік органдары мен қоғамның іс-әрекеттерін ағымдағы кезде ғана емес, сонымен бірге жуырдағы келешекте де және алдағы болашақта да жоспарлауды қосу керек; әртүрлі әлеуметтік-құқықтық ауытқуларды қолдайтын, қоғамда орын алатын нақты қарама-қайшылықтар мен процестерді ескеру керек; тұтас және нақты түрлері бойынша әлеуметтік-құқықтық девиациялармен күресуді анықтау керек; әлеуметтік-құқықтық ауытқулармен күресудің мақсаттарын, құралдарын және әдістерін тұжырымдауымен қатар девиацияның алдын-алу мен онымен күресуге бағытталған барлық іс-әрекеттерді қайта құру мен үдетудің ұйымдастырушылық және басқа да шараларын ескеру керек; ұдайы кемелденуі және серпінді болуы тиіс; әлеуметтік-құқықтық девиацияларға қарсы әрекеттердің жаңа мүмкіндіктерін ізденуі керек [1].
Нормативтік түрде белгіленген субъективтік құқықтардың талаптарын іске асыруға бағытталған, адамның құқыққа қарсы әрекеттерін тежегіш және құқық орындаушылық тәрбиесін ынталандыратын фактор ретінде индивидтің тәрбиесін уәждемелеу процесіне заңды жауапкершілік елеулі әсер етеді. Әлеуметтік-құқықтық девиацияларға қарсы механизмнің барлық элементтерінен заңды жауапкершіліктің орны маңызды әрі басымды болып саналады.
С.С. Алексеев заңды жауапкершілік сақтаушы құқық қарым-қатынастың бірден-бір элементі болып саналатындығын ерекше атап өтіп, себебі бұл адамның дербес, ұйымдастырушылық немесе мүліктік тәртіптен айыру формасы ретінде құқық бұзғаны үшін мемлекеттік-мәжбүрлемелі шараға төзу міндеті деп көрсетті [2]. Осы анықтамада заңды жауапкершіліктің өзгеше белгілері байқалады, мұнда мемлекеттік-мәжбүрлемелі әсер ету шараларға төзу міндетінде жауапкершілік бар екендігі сипатталып, жуапкершіліктің негізі құқық бұзушылық болып саналады және жауапкершілік әрқашан да әртүрлі теріс салдарларымен байланысты болады.
Сонымен бірге әлеуметтік-құқықтық девиацияларға қарсы әрекеттер механизмінің негізгі бағыттары, формалары және әдістері ауытқулардың түрі және қарқындылығымен қатар, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік табиғатына, онда билік етуші саяси, өнегелі, құқықтық көзқарастарға, мәдениет деңгейіне,техникалық және экономикалық мүмкіндіктерге байланысты болады. Кәмелетке толмаған девиацияларға қарсы әрекеттерге бұқаралық ақпарат құралдары мен насихат жұмыстары, құқық қорғау органдары, тәрбие мекемелері және т.б. көзделген.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушыны қайта тәрбиелеу мақсатында ең тиімді шара қолдану қажеттілігін шешу үшін заңгерлер, психологтар, дәрігерлер, жастар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қылмыскердің тұлғасын қалыптастырған негізгі криминогендік факторларды анықтауға, тұлғаның әлеуметтікпсихологиялық кейіпін құрастыруға, тест, сауалнама, сұхбат, жеке әңгімелесу нәтижелерін тестілеуге және интерпретациялауға мүмкіндіктері бар.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық заңнаманы талдау гуманизм қағидаттарына қайта оралу туралы айтуға мүмкіндік береді. ХХ ғасырдағы халықаралық құқық бала құқығын қорғау саласына келесідей актілерде ерекше көңіл бөлген, олар: 1959 ж. Бала құқығының декларациясы, 1960 ж. Білім беру саласында дискриминациямен күресу туралы конвенция, 1974 ж. Төтенше жағдайлар мен қарулы қақтығыстар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларация, 1985 ж. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің ережесі, 1990 ж. Бала құқығы туралы конвенция және т.б.
Балалардың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының заңында балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi делінген [3]. Осыған сәйкес Елбасымыз баланың дұрыс тәрбиеленуіне, елімізге, қоғамымызға елжанды азамат өсіруге негізгі қағидаттар анықтаған.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды түзетудің тапсырмаларын шешу барысында тәрбиелікті алдын-алу мақсаттарына әңгімелесу, істеген ісін бағалау, мүмкін болған салдарды модельдеу және т.б. әдістер арқылы жетуге болады. Кәмелетке толмаған айыпталушының тұлғасы туралы ақпарат алудың ең тараған әдістері ретінде байқау әдісін талдау арқылы күнделікті тұрмыстағы және психологиялық байқау тәсілдерінің үйлесу мүмкіндігін ерекше атап өту керек.
Сонымен, республикамыздағы ювенальдық әділеттілікті құрудың заманауи көзқарасында, кәмелетке толмағандарға арналған сот төрелігін жетілдіру келешегін анықтайтын конструктивтік элементтері болуы тиіс. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыға жасаған қылықтары үшін жауапкершілікті сезінуге көмектесе отырып, оларға қатысты сот төрелігі тәртібін өзгерту процесін ынталандыратын шараларға негізделуі және басқалар оны қалай сезінетіндігін түсінуі керек. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігікәмелеткетолмағандардықоғам наншеттетпей, оларды әлеуметтік интеграциялануына ықпал етіп, ресми сот ісін және мүмкіндігінше бостандығын айыру сияқты қатаң жазаларды қолдануды болдырмауға мүмкіндік береді.
Өзінің тәуелсіздігімен мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы ең алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан Республикасы интеграциялық процестерге жай ғана қатысушы болып келе жатқан жоқ, сонымен бірге қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында елдерді біріктірудің бас инициоторларының бірі ретінде танылып келеді. Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңесін құрудың инициаторы болып табылады және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру процесінде де негізгі рөлге ие.
Осындай әлемдік ауқымды мәселелерді өз міндетіне алып отырған мемлекетімізде сан-алуан қылмыстардың жасалуы, соның ішінде қылмыстардың кәмелетке толмағандармен жасалуы қоғамыздағы елең еткізер өзекті мәселердің бірі болып қалып отыр.
Жастар ісі бойынша атқарылатын мемлекеттік шаралар көптің ісі болып қоғамда өзінің орнын алуы тиіс. Мемлекет тарапынан бұл іске қаражат бөлінбек, ол ендігі жерде жоспарлы түрде жұмсалып, жетімдерге, жағдайы нашар отбасына, көп балалы аналарға және аула клубтарын ашуға және басқа да жастарға арналған тәрбиелік шараларға бағытталуы тиіс.
-Қазір қаңғыбас балалардың кездесуі жаңалық болмай қалды. Сонда бұлар кім? Жастайынан тағдыр тәлкегені қалай ұшырайды?
-Көшеде тентіреп, бұрыш-бұрышты сағалап, жылу жүйелерінің қуысына түнеген қаңғыбас қамқорсыз қалған балалар кездеседі. Олардың бірі тұл жетім болса, бірі нарық қаспағына шыдамай арақтың арбауына түскен ата-анасынан жеріген балалар немесе үйінен, балалар үйінен қашқан қиын жасөспірімдер. Біздің полиция қызметкерлері жұмасына екі рет осындай жасөспірімдерді жинап, аудандық ішкі істер бөліміне әкеліп, тексеріп, мектептерден мінездеме аламыды. Егер олардың ата-аналары ұрпақ тәрбиелеу жауапкершілігінен ауытқып, азғындық жолға түскен жағдайда ата-ана құқығынан айырып, ал жасөспірімдерді балалар үйіне тапсыруды. Ұсталған жасөспірімдердің бір бөлігін қамқорлау орталығына тапсырады. Басқа жерден келген жасөспірімдер болса, ата-аналарымен хабарласып, анықтау жұмысы жүргізіледі, жетім болса мектеп интернаттарға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес елімізде Неке және отбасы, ана мен әке, және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы, әрі парызы.
Бұл-басты қағида. Алайда жеке адамның өмірі кейде тек сол Негізгі Заңда жазылған қағидаларға сәйкес келе бермейді. Ұрпақты өмірге келтіргенмен, оны өсіріп тәрбиелемек түгелі, өзінің қара басын алып жүре алмайтын ата-аналардың бары ащы шындық. Мұндайда мемлекет конституциялық міндеттемесін атқаруға кіріседі.
Азғындық жолға түсіп,балаларды тағдыр тәлкегіне салған ересектерді ата-ана құқығына сот арқылы айырып,баланы заңды түрде туысқандарының тәрбиесіне көшіруге, немесе мемлекеттің қамқоршылық органдарының қарамығына алдыруға тура келеді.
Өйткені, бізде қазір қамқорлыққа алу комитеті бар. Аталған комитет жасөспірімдердің болашағын ойлап,жетім қалған жасөспірімнің, ең алдымен үй мүлкін тексереді. Егер үйі бар болса, прокурорға қатынас қағазымен шығып, әлгі үй заңдастырылады. Үй мүлік жағдайы шешілгеннен кейін ғана бала комиссия арқылы балалар үйіне тапсырылады. Бұрын жетім қалған көптеген баланы үй мүлікі талай ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткені жасырын емес. Өйткені, оны кезінде ешкім тіркемеген, ондай жасөспірімдердің ертең басында баспанасы, не барар жері жоқ болатыны тағы түсінікті. Сондықтан біздің құқық қорғау органдары бұл мәселені қатаң назарда ұстап отыр.
Білім-білімге жетелейтін орталықтардың күннен-күнге келіп, жабылып жатқандығы, ұстаздардың мардымсыз жалақыларын сылтауратып, оқушылардың тәрбиесіне селқос қарайтындығы балалар өмірінде теріс көрініс табуда.
Мемлекетіміздің болашағы, тірегі жасөспірімдер дейтін болсақ, не алатын сапалы білімі, не тиянақты тәлім-тәрбиесі болмаса, олардан не қайыр, не үміт? Осындай кәмелетке толмаған жасөспірімдер еліміздегі тұрғындардың он бесінші бөлігін құраса да, бүкіл қылмысты әрекеттердің бестен бірін жасайды екен.
Бүгінде қай жерде болсын теледидар экранынан, баспасөз беттерінен жасөспірімдер колониясындағы балалар өмірін суреттейтін материалдар көп беріліп жүр. Жас қылмыскер өмірі жайлы шындықты оқыған, көрген сайын жағаңды ұстайсың, таңданасың, бүгініміз бен болашағымызды ойлап қорқасың. Өмірге келген сәбиді ертең қылмыскер, қанішер болып өседі деп кім ойлар.
Ересек субъектілердің қылмыс жасауы кәмелетке толмағандарға белгілі болған жағдайда мұндай мән-жайлар кері өнеге алуға кәмелетке толмағандарды баулайды. Ересек қылмыскерлердің қылмыс жасауы туралы әңгімелерді суреттеп, көркемдеп айтуы жастар психологиясында қылмыс жасауға деген құштарлық сезім оятады. Сондықтан кәмелетке толмағандардың ересек қылмыскерлермен, соның ішінде бұрын сотталғандармен жиі араласуы оларға қылмыстық тәжірибе және қылмысқа деген құштарлық әкеледі. Ал, ҚР-ның қылмыстық кодексінің 131,132-ші баптары бойынша кәмелетке толмағандарды қылмыстық іс-әрекеттерге тартумен байланысты қылмыстардың жасалуы өмірімізде кездесіп жатады. Кәмелетке толмағандарды алдау, қызықтыру, қорқыту, күш қолдану, есірткі немесе ішімдік заттар қолдану арқылы оларды қылмысқа тарту қоғамға қауіпті қылмыстық болып табылады. Кәмелетке толмағандар бұндай қылмыстарды жасауға ата-аналарының, педагогтарының басқа да тәрбие ұйымдарының адамдарының қылмысқа тартуы ерекше жоғары көлемде зардаптар әкеледі. Бұндай қылмыстар жасауда кәмелетке толмағандар ерекше құштарлықпен, ынтамен, сенімділікпен қылмыстық іс-әрекеттерге барады. Жоғары көрсетілген субъектілерге бұндай қылмыстар жасағаны үшін қатаң жаза қолдану белгіленгенімен бұндай қылмыстардың ерекше зардаптары бар. әрине бұндай қылмыстарды болдырмау қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі.
Бірақ, өкінішке орай, сол кешегі кішкентай ғана балақай бүгін аса қауіпті баскесерге айналып жатады. Бұл біздің балаға жеткілікті мән бермейтінімізді, өз дәрежесінде тәрбиелемейтінімізді айғақтайды.
Құқықтық тәрбие жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптарды құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сездіреді, олардың қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстап, әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттерді алдын алуы мүмкіндік туғызады. Десек те, бүгінде жасөспірімдерге жан-жақты құқықтық тәрбие беретін жеткіншектерді дер кезінде тәртіпке шақырып, толыққанды тәлім-тәрбие беріп отыратын мектептер азайып барады, бұрынғыдан балалардың басын қосатын себептермен соңғы кездері жасөспірімдердің қылмысқа ұрынулары күрт көбейіп кетті.
Кәмелетке жасы толмаған адам деп қылмыс жасаған кезге қарай он төрт жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамды айтамыз. Бүгінгі таңда жастар арасындағы криминалды белсенділік өте жоғары деңгейде. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықтың өсуі алаңдатады, өйткені олар ересектерге қарағанда, тәжірибесі мен білімінің жеткіліксіздігінен көптеген проблемаларды шеше алмайды.
Кәмелетке жасы толмағандар қылмысты жекелей де топ болып ұйымдасып та жасайды. Мұның өзі қоғам және оның болашағы үшін үлкен қатер.
Жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі барып тұрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес қоғамға өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған туысқандарына үлкен зиян жасайды. Жасөспірім - қылмыскер ең бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып табылады.Оларды қылмыстық жолға түсірмеу халықтық іс,себебі болашақта дұрыс азаматтар тәрбиелеу алдымызға қойылған талаптардың маңыздысы.
2 КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯН МЕН ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
2.1 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік
Зиян келтіргені үшін жауаптылық, азаматтық құқықта - азаматтың жеке басына немесе мүлкіне не заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіргені үшін зиян келтірушінің жәбірленушіге оны толық көлемде өтеуге міндеттілігі. Заңда немесе шартта зиян келтірушінің жәбірленушіге зиянның өтеуінен тыс өтемақы төлеуге міндеттілігі белгіленуі мүмкін. Зиян келтірген адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеген жағдайда зиянды өтеуден босатылады. Егер зиян жәбірленушінің өтінішімен немесе келісімімен келтірілсе, ал зиян келтірушінің әрекеттері қоғамның адамгершілік қағидаттарын бұзбаған болса, ол зиянды өтеуден босатылуы мүмкін. Қажетті қорғаныс жағдайында келтірілген зиян қорғаныс шегінен шығып кетпесе, өтелмейді. Аса қажеттілік жағдайда келтірілген зиян, яки зиян келтірушінің өзіне немесе басқа адамдарға төнген қауіпті жою үшін жасалған әрекеттерден келтірілген зиян, бұл қауіп басқадай жолмен жойылмайтын болған жағдайда, өтелуге тиіс. Мұндай зиянның келтірілуіне себеп болған мән-жайды ескере отырып, сот оны өтеу міндеттілігін үшінші бір адамға (зиян келтіруші соның мүддесі үшін әрекет еткен болса) жүктеуі мүмкін. Жұмыс беруші, яки заңды тұлға немесе азамат өзінің қызметкері еңбек (қызмет бабындағы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz