Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ . . . 5Конституциялық құқығының қайнар көздерінің түсінігі . . . 5
2. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ . . . 10
2. 1 Конституция қайнар көзі ретінде . . . 10
2. 2 Нормативтік құқықтық актілері . . . 16
2. 3 Президенттің жарлығы, үкімет қаулылары - құқықтық нормативтік актілер ретінде . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Конституциялық құқық жүйесін құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады» деп жарияланған.
Заң құқықтың қайнар көзі ретінде оқу өзектілігін жоғалтпай қазіргі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыда ерекше зерттеліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыты болып табылады. Себебі мұның барлығы объективті факторларға, яғни соның ішінде маңызды болып табылатын Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесінің қайта құрылуы, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін әсерлі механизмдердің және мемлекеттің қағидаларын нақты бекітілуіне байланысты.
Құқық қайнар көздері туралы мәселе құқық теориясы ғылымында басты орын алады және құқық түсінуде басты орынға ие. Кеңестік құқық ғылымында бұл мәселе кластық құқықтық түсінік төңірегінде зерттеліп, құқық қайнар көздерінің жүйесі нормативтік құқықтық актілердің жиынтығымен, яғни заң шығару жүйесімен алынып тасталып отырды.
Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясында заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен қатар халықаралық шарттардың құқық қайнар көзі ретінде халықаралық құқықтың нормасы мен жалпы танылған қағидаларын бекіту барлық жалпы теориялық түсініктер мен құқық қайнар көздерін қайта саралауға себеп болды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заманда құқықтың қайнар көздері туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқықтың қайнар көзі туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі өзгерді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Қоғамның жан жақты даму процесінде ерекше орынды құқық, яғни Конституция мен нормативтік құқықтық актілер иеленеді. Онсыз құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің құрылуы мүмкін емес. Осыған орай аталған жұмысты өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздерін, яғни құқықтық нормативтік актілерді, құқық жүйесінің сипатын ашу және оған талдама жасау болып табылады.
Аталған курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
- конституциялық құқығының қайнар көздерінің түсінігін ашу;
- конституциялық құқығының жүйесі мен нормативтік құқықтық актілеріне сипаттама беру;
- конституцияны қайнар көз ретінде сипаттай отырып, президент жарлықтары мен үкімет қаулыларын, конституциялық құқықтық нормаларды қарастыру болып саналады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Конституциялық құқықтың қайнар көздері, түсінігі және жүйесі тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік актілерді, президенттің жарлықтары мен үкіметтің қаулылары еліміздің конституциялық басты ресурстары ретінде қарастырылып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған. Жұмыс жазу барысында Котов А. К., Амандыкова С. К., Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Секілді ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Курстық жұмыстың объектісі - конституциялық құқықта қолданылатын құқықтық нормативтік актілер.
Курстық жұмыстың пәні - конституциялық құқықтың қайнар көздері.
Курстық жұмыстың құрылымы. Конституциялық құқықтың қайнар көздері, түсінігі және жүйесі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ құқығының қайнар көздерінің түсінігі
Конституциялық құқық - құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады) . Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т. б.
Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді. [1] .
Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні - оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні - құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.
- Конституция;
- конституциялық заңдар;
- әдеттегі заңдар (жай заңдар) ;
- президенттің нормативті жарлықтары;
- үкімет қаулылары;
қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.
Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың (өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңында толық карастырылған.
Конституцияның ең жоғары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.
Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.
Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген [2] .
Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі - конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар - қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары - мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары - үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.
Нормативтік-құқықтық актілер - құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық акті (НКД) - мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, коғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы - Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан тө-мен - конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Казақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.
Мұнда кейбір баптардың жаңаша жазылуы да мүмкін. Алайда, консолидация қоғамдық қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Соның өзінде консолидацияның кодификацияға ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрса да, бұл жағынан ол инкорпорацияға жақынырақ болып келеді.
Консолидацияның нәтижесінде заңдардың жинақтары салынады. Әдетте олар бейресми сипатта болады. Мұнда құқық нормалары, өздерінің іс-әрекет түрлерінің біріне жататындығын білдіретін нышан белгілерімен салыстырылғаннан соң барып жинаққа біріктіріледі (табиғатты қорғау күрделі құрылыс құралдарымен жұмыс істеу және т. с) . Жекелеген нормативтік актілер түгелдейімен де, сондай-ақ үзінділер түрінде де консолидациялау актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық салаларда қызмет істейтіндер заң жөніндегі құралдар ретінде пайдаланады.
Құқықтық ақпараттарды ғылыми негізде жүйелеу құқық шығармашылығы ісімен шұғылданатын органға іс үстіндегі заңдардың барлығын қысқа мерзім ішінде бағалауды, құқықтық реттеудегі келісілген іс-әрекеттерді, қайшылықтар мен кемшіліктерді табуда күш пен құралдарды, шығындарды аз жұмсап табысты жүргізуге мүмкіндік береді.
Құқықты жүзеге асырушылар мен оны қолданушылар үшін заңдардың жүйелі болғаны әрқашан да қажет-ақ. Ол атқарылып, орындалып жатқан істер көлемінің ұлғайып көбейген кездерінде әсіресе керек болады. Олай болатын себебі, құқықтық ақпарат мағлұматтарының қисынды түрде бірізділікпен дәйекті, ішкі мазмұнының келісімді құрылуы қажет болған құқықтық норманы дер кезінде табуды қамтамасыз етеді. Заң халықтың қалың, бұқара топтарының түсінуіне оңай болуы тиіс. Олар өздерінің құқықтары мен бостандықтары жөнінде, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның өздеріне қойып отырған талаптарын да түпкі деректердің білуі тиіс. Тек қана тиісті түрде бір жүйеге келтірілген заң ғана халықтың құқықтық деңгейдегі қажетті мәдениетке жетуіне, ал құқық қолданушылардың кәсіби-заңгерлік мәдениетке жетулеріне жағдай жасайды, мүмкіндік береді. Заңдарды жүйелеу ісі ғылыми принциптер мен ғылыми әдістерді қолдануға негізделуі тиіс. Мағлұматтарды іздестіру және оларды белсенді түрде қолдану құқықтық ақпарат материалдарымен жұмыс істейтіндерден іскерлік пен дағдыны қажет етеді. Өйткені ақпарат мағлұматтары ондаған миллион белгі-таңбалардан тұрады. Ақпарат мағлұматтарын іздестіруде қажет болған нормативтік-құқықтық актіні тауып алу ісін дәстүрлі жүйелер негізінде орындаудың келмеске кететін күні алыс емес. Ахуалдың жақсаруы үшін нормативтік құқықтық құжаттар саласын механикаландыру-автоматтандыру, оған қоса ақпараттық-іздестіру жүйесін жаңа техникалық негізде ұйымдастыруды өзекті мәселеге айналдыру қажет. Мұндай ақпараттық мағлұматтарымен айналысатын қызметкерлердің жеке компьютерлері болатын мерзім жетті [3] .
- КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІКонституция қайнар көзі ретінде
Конституция - бұл тиісті елдің көпшілік азаматтарының мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басты ұстанымдарын бекітетін және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі болып табылатын нормативтік акт. Конституция мемлекет өмірінің негізгі бастауларын - мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы болып табылады.
Конституцияда адам мен азаматтың табиғи және ажырамас, негізгі құқықтары байқалады және бекітіледі. Олардың негізінде мемлекеттің құрылымы мен нысаны, билік тәртібі орнығады. Өзінің материалдық мазмұны бойынша Конституция - бұл: қоғамдық және мемлекеттік құрылысты; азаматтардың құқықтық жағдайының негіздерін; биліктің жоғарғы органдарының ұйымдастырылуының, өзарақатынасының негіздерін және өкілеттіктерін; мемлекеттік басқару мен сот жүйесін ұйымдастыру негіздерін; жергілікті басқару мен сайлау құқығының негізгі қағидаларын бекітетін Негізгі Заң. Конституцияның негізгі мәні мынада:
- Конституция ағымдағы заңнаманың заңи базасын құрайды, яғни Конституцияның заңи жоғарылығы танылады. Бұл дегеніміз, жаңа Конституция қабылданған жағдайда өзге барлық заңнама оған сәйкестендіріледі. Барлық құқықтық актілер оған сәйкес болуы тиіс, ал мұндай талапқа жауап бермейтін барлық актілер заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды;
- сондай-ақ, Конституция - бұл қоғамның барлық топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін заң, себебі, Конституция таптан (таптардың мүддесінен) жоғары тұратын, қоғамның барлық мүшелері үшін теңдей міндеттеме белгілейтін құжат болып табылады. Конституция - бұл заңдар үшін заң болып табылады.
Конституция - конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның келесідей белгілері оны өзге құқықтық актілерден айырады:
- ерекше жолмен қабылданылуы. ҚР Конституциясы - халықтың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум арқылы Қазақстан халқымен қабылданған бірден-бір акт болып табылады [4] .
- ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғалатын акт болып табылады. ҚР Конституциясына сәйкес оны қорғау Конституцияның мызғымастығының кепілі ретінде Республика Президентіне, конституциялық қадағалау органы - Конституциялық Кеңеске жүктелген. Сонымен қатар, Республика Конституциясын сақтау әркімнің конституциялық міндеті болып табылады.
- қоғамның барлық субъектілеріне бағытталуы. Конституция бірмезетте қоғамның барлық субъектілерінің жүріс-тұрысын реттейді, ал өзге құқықтық актілер қоғамның нақты бір субъектілеріне арналып шығарылады. Мысалы, сайлау туралы заң тек сайлау қатынасына қатысушылардың, азаматтық туралы заң азаматтық қатынасына түсушілердің ғана жүріс-тұрысын реттейді, т. б.
- конституциялық реттеу пәнінің ерекшелігі. Конституция қоғамның ең негізгі, фундаменттік қатынастарын реттейді. Ол қатынастарға жалпы қамтушылық сипат тән.
- күрделендірілген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзеге асырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалық референдум арқылы. Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды палаталардың бірлескен отырысында Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзедi. Ал, Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабында реттелген [5] .
- Конституцияға құрылтайшылық сипат тән. Конституцияда басқа актілердің көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;
- Конституция келесідей заңи қасиеттеріге ие:
1. Конституцияның жоғарылығы - оның нормаларына, қағидаларына бүкіл мемлекеттік, қоғамдық құрылымның, азаматтардың қоғамның барлық салаларындағы қызметтері сай келуі тиіс;
2. жоғары заңи күші - мемлекетте қабылданған барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Конституцияға қайшылық жағдай тиісті актінің күшін жою немесе оған сәйкес келтіру арқылы жойылады;
3. тікелей қолданылуы. Бұл Конституцияның негізінде қандай да бір мәселелер бойынша нақты салалық нормалардың шығарылғанына немесе шығарылмағанына қарамастан оның нормаларының тікелей қолданыла беретінін білдіреді.
4. бүкіл құқықтық жүйенің ядросы болып табылатындығы - Конституция бүкіл құқық жүйесінің ядросын құрайтын нормаларды белгілейді, оның нормалары ағымдағы заңнаманың барлығы үшін бағыт беруші, фундаменттік рөл атқарады;
5. базалық мәні, яғни Конституция ағымдағы заңнама, заң шығару қызметі үшін база болып табылады, заңдар және басқа нормативтік актілер
Конституцияның негізінде қабылданады, өзгертіледі және күшін жояды. Конституцияның негізгі нышандары:
1. Конституцияда құқықтар мен бостандықтар міндетті түрде жарияланады
2. Биліктің бөлінуі қағидасының бекітілуі: бұл қағида Конституция баптарында нақты анық тұжырымдалуы мүмкін (Қазақстан, АҚШ, Жапония), сондай-ақ нақты анықталмаған, бірақ шамамен түсінілетін жағдайда байқалуы да мүмкін (Италия, Германия) .
3. Конституцияда басқару нысандары (республика немесе монархия) бекітіледі.
4. Мемлекеттік құрылым нысаны анықталады - біртұтас немесе федерация. Федерация жағдайында синонимдер қолданылуы мүмкін: Индияда - одақ, Австрияда - одақтық мемлекет, сондай-ақ тікелей “федерация” термині де қолданылуы ықтимал (Германия, Бразилия) .
5. Мемлекеттік билік органдарының жүйесін ұйымдастыру қағидалары анықталады (мемлекет басшысы, үкімет, парламент, конституциялық қадағалау) .
6. Сонымен қатар, әдетте Конституцияларда егемендік жария етіліп, жеке меншік бекітіледі, сайлау, референдум, заңнама мен сыртқы қатынастың негізгі қағидалары реттеледі. Конституциялар қабылданған кезде олар белгілі бір бастауларға, идеяларға сәйкес қабылданады және олар Конституцияда өз көрінісін табады [6] .
Оларды Конституцияның қағидалары деп атайды. Сонымен, Конституцияның қағидалары - бұл Конституцияның қабылдануына негіз болған, онда көрініс тапқан жетекші идеялар, негізгі бастаулар. Оларды жеке бөліп қарастырсақ, 1. Құқықтар мен міндеттер саласындағы конституциялық қағидалар:
- адам мен азаматтардың табиғи құқықтарын бекіту қағидасы;
- адам мен азаматтардың құқықтарының кепілдендірілуі қағидасы;
- адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге болмайтындығы қағидасы;
2. Мемлекеттік органдар саласында:
- билік бөлінісі қағидасы;
- мемлекет қызметін құру және оның қызмет ету тәртібі қағидасы.
3. Сыртқы саясат саласында:
- барлық даулардың бейбіт жолдармен шешілуі;
- халықаралық құқықтың ішкі заңдардан басымдығы;
- бейбіт сүйгіш қағидалардың бекітілуі. Қандай-да болмасын Конституцияның қабылданылуы мен оның мазмұнының қалыптасуына белгілі бір жағдайлар әсер етеді. Конституцияның қабылданылуы мен мазмұнының ерекшеліктері, әдетте мына жағдайларға байланысты:
- Конституцияның қабылдану уақытына;
- Конституцияның қабылдану кезіндегі елдегі саяси күштер мен жағдайдың орналасуына;
- Конституциялық құрылыс тәжірибесі мен субъективтік факторларға. Мысалы, еркіндік алған елдер үшін ішкі жағдайдың тұрақсыздығы, бұрыңғы отарында болған мемлекетпен сыртқы қатынасының ерекше сипаты тән. Бұл олардың конституциялық құрылысына әсер етеді. Конституцияның функциялары: Құрылтайшылық функция. Бұл функция Негізгі заңымыздың мемлекеттің конституциялық құрылысының, саясатының негізгі қағидаларын және бастауларын бекітетінін көрсетеді. Конституция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бекітеді, сондай-ақ біздің қоғамымызға тән меншік нысандарын бекітеді. Қоғамдағы барлық құқықтық қатынастар реті Конституциямен анықталады және одан туындалады. Қазақстан Республикасының негізгі заңының құрылтайшылық функциясын осыдан байқауға болады. Ұйымдастырушылық функция. Конституция барлық мемлекеттік органдардың жүйесін, басты функцияларын және қызметінің нысандарын бекітеді, яғни Конституция бүкіл мемлекеттік механизмнің жергілікті өзін-өзі басқарумен үйлесімдікте тиімді, ұйымдық түрде қызмет етуінің негіздерін қалайды. Құқықтық функция. Конституция бүкіл құқықтық жүйенің ядросы ретінде болады, түрлі құқық салалары үшін негіз болып табылатын маңызды қағидаларды белгілейді, түрлі құқық салаларын біртұтас құқықтық жүйеге біріктіреді.
Сыртқы саяси функция. Ол Конституцияның мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің де фундаменті ретінде болатындығын білдіреді, Конституция Қазақстанның сыртқы қатынаста ұстанатын негізгі қағидаларын белгілейді.
Идеологиялық (тәрбиелеушілік) функция. Конституция мемлекеттің негізгі ұстанымдарын, адамдардың құқықтары мен бостандық, міндеттерін бекіте отырып қоғам мүшелерін құқықты құрметтеуге, міндеттерді орындауға, құндылықтарды, табиғи ортаны, құқықтық тәртіпті сақтауға тәрбиелейді.
Конституцияның негізгі түрлері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz