Қазіргі таңдағы конституциялық декларацияның конституциялық құқықтық маңыздылығын анықтау



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Декларация түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Мемлекеттік Егемендік Туралы Декларация ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .10
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Конституциялық құқықтағы декларацияның механизмі ... ... ... ... ... ... .. 16
Конституциялық құқықтағы декларацияның маңызы мен рөлі ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы - өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын көрінісі. Қазақстан үшін Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы ілгерілеу мен орнықты дамудың кезеңі болды. Тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа тарихымен табысты мемлекет және бүкіл Орталық Азия өңірінің көшбасшысы атануға құқығы бар екендігін дәлелдеді.
Өз Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, табысқа жетудің бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Біздің елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда аса ірі өзгерістер жүзеге асты. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тегеурінді және дана басшылығымен әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси ерік-жігері және стратегиялық көрегендігі дамудың қазақстандық үлгісінің табысты болуын айқындап, Қазақстанның орнықты өсіп-өркендеу жолына шығуына мүмкіндік тудырды. Еліміз Қазақстан-2050 Стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басуда. Мемлекет басшысының байыпты және жемісті халықаралық бастамаларымен еліміз биік халықаралық беделге ие болып, ғаламдық ядролық қарусыздану қозғалысының танымал көшбасшысына айналды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. 1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңды қабылдады. Тәуелсіз Қазақстанның бұл тұңғыш құжаты халқымыздың қуатты және пәрменді мемлекет құру арманының жүзеге асуын айғақтады. Заң Қазақстан егемендігінің оның ұлан-ғайыр аумағында және әлемнің саяси картасында мызғымастығын мәңгілікке бекітіп берді.
Еліміздің басты құжаты - Қазақстан Республикасы Конституциясын 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда бүкіл Қазақстан халқы бірауыздан қабылдады. Конституция егемендіктің саяси және құқықтық негіздерін бекітіп, адамның өмірін, құқықтары мен бостандығын, тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатыстылығына қарамастан, адам мен азамат құқықтарының теңдігін мемлекеттің жоғары құндылықтары деп жариялады.
Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы мемлекет пен қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің мызғымас негізіне айналды. Қазақстанда тиімді демократиялық институттар - президенттік институты, Парламент, сот жүйесі және белсенді азаматтық қоғам қалыптасты.
Елімізде жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге және бүкіл қоғамның мүдделерінің жүзеге асуын қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік құрылымның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берген тарихи маңызды экономикалық және саяси реформалар жүргізілді. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің саясаты ұзақ мерзімге негізделді, қазақстандықтардың әл-ауқаты, өмірдің жоғары сапасына жүйелі де мақсатты ұмтылысы оның басты ұстанымдары болды және солай болып қала береді. Осыған орай аталған курстық жұмыстың негізгі өзектілігі айқындалады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі таңдағы конституциялық декларацияның конституциялық құқықтық маңыздылығын анықтап, олардың заңамалық тұрғыдан рөлін анықтау болып табылады.
Аталған курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
декларация түсінігіне тоқталып, мемлекеттік егемендік туралы декларация қыр-сырын ашу;
Конституциялық құқықтағы декларацияның механизмін анықтау;
конституциялық құқықтағы декларацияның маңызы мен рөлін қарастырып, оның нормативтік құқықтық актілердегі орнын қарастыру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Конституциялық құқықтағы декларацияның құқықтық табиғаты және рөлі тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасында декларацияның конституциялық құқықтықтағы актілерді шығаруға, нормативтік құқықтык актісі ретінде қарастырылып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған. Аталған курстық жұмыста Зиманов С., Шепель В.Н., , Аязбекова Г., Ашитов К.Н. және тағы басқа ғалымдардың еңбектері пайдаланып, талдау жасалынған.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының декларациялары.
Курстық жұмыстың пәні - Конституциялық құқық.
Курстық жұмыстың құрылымы. Конституциялық құқықтағы декларацияның құқықтық табиғаты және рөлі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Декларация түсінігі

Декларация - declaratio - мәлімдеу, хабарлау.
Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат;
Елдің саяси-экономикалық даму принциптерін мәлімдейтін мемлекеттік құжат (Мысалы, 1990 жылы 25 қазанда жарияланған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы);
Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша бірнеше мемлекет немесе халықаралық ұйым қабылдайтын құжаттың түрі (мысалы,БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсандағы Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясы).
Салық декларациясы, Салық мағлұмдамасы -- салық төлеушінің салық агентінің Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша мәлімдемесі немесе электрондық құжаты. Онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс. Мағлұмдамада салық төлеуші табыстың, мүліктің, т.б. мөлшерін, қажетті салық шегерімдерін, жеңілдіктер мен шегермелерді көрсетеді және әрбір салық кезеңі аяқталған бойда өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына берілетін салық сомасын есептейді. Мағлұмдамадағы деректер саналы түрде бұрмаланған жағдайда заңи және экономикалық жауапқа тартылады.
Кеден мағлұмдамасы, кеден декларациясы - мағлұмдаушының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кеден режимдері туралы дәл мәліметтерді, кеден мақсаттары үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгіленген нысанда мәлімдеуі. Қазақстанда кеден мағлұмдамасы кеден органына тауар берілген күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде беріледі. Жеке тұлғалар сатуға арналмаған тауарларды, қолжүктер мен бірге алып жүретін жолжүктерді Қазақстанның кеден шекарасынан алып өтуі кезінде тауармен қоса беріледі. Кеден мағлұмдамасын беру кезінде кеден органына қажетті құжаттар бірге ұсынылуға тиіс. Кеден органы кеден мағлұмдамасында және ұсынылған құжаттарда мазмұндалған ақпаратты тексеру мақсатымен қосымша мәлімдемелер сұратуға құқылы. Берілген кеден мағлұмдамасын кеден органы қабылдап алады. Оның қабылданғаны ресімделген сәттен бастап ол заңи мәні бар фактілерді куәландыратын құжатқа айналады. Кеден органының рұқсатымен кеден мағлұмдамасын тексеру басталғанға дейін, не тауарлар мен көлік құралдарын тексеру басталғанға дейін, не кеден органы көрсетілген мәліметтердің рас еместігін анықтағанға дейін бұл мәліметтердің өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін, ал берілген мағлұмдама алынуы мүмкін. Сыртқы саудада:кеден мағлұмдамасы сыртқы сауда мәмілесіне қатысушының мемлекттік шекара арқылы алып өтетін тауар туралы құқықтық ережелерге сәйкес кеден органдары бекіткен нысанда толтырылған ресми мәлімдемесі. Әкелінетін (әкетілетін) тауарларды мәлімдеу тәртібі сыртқы экономикалық қызметті мемлекетті реттеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып‚ баждар мен салықтарды жинау үшін жағдайды қамтамасыз ете отырып белгіленеді. Кеден мағлұмдамасын сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылар тұрақты тұратын жерінен‚ заңи мәртебесіне‚ кеден жеңілдіктерін пайдалануына қарамастан шекарадан өткізілетін тауардың әрбір топтамасына толтырады. Онда операциялардың түрі (экспорт‚ импорт)‚ тауардың аты‚ сауда жасаушы ел‚ тауар апарылатын жер, валюта‚ тауардың жалпы нақты құны‚ т.б. көрсетіледі. Ол экспорт пен импортқа салынатын салықтың‚ сыртқы сауда мәмілелері туралы өзара шартқа сәйкес шет елге ақшалай қаражаттың дұрыс аударылуын тексерудің негізгі құжаты болып табылады.
Мағлұмдама(лат. declaratio -- жариялау, құлақтандыру) -- қандай да болсын қағидаларды немесе ұстанымдарды ресми түрде немесе салтанатты түрде жариялау; белгілі бір ақпарат (мәлімет) баяндалатын кейбір ресми құжаттардың атауы. Саяси мағлұмдама, кеден, пошта, салық мағлұмдамалары түрлеріне бөлінеді
Заңдық мәні бар мәліметтерді хабарлайтын кейбір ресми құжаттар (мысалы, салық декларациясы, кеден декларациясы).[2][3]
жекелеген саяси-заңдық актілердің атауы, олардың мақсаты салтанатты сипат беру, актілердің сәйкес мемлекет тағдырындағы ерекше маңызы бар екендігін атап көрсету;
халықаралық құқықта жақтармен келісілген жалпы принциптер мен мақсаттарды құрайтын салтанатты акт, негізінен міндетті күші болмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етiлген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтың үстемдігі, бiртұтас мемлекеттiк билiктiң тармақтарға бөлiнуi және олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы келiсе қызмет iстеуi принциптерiне негiзделген демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтiк мемлекет құру бағытының заңнамада дәйектi түрде iске асырылуын қамтамасыз ету керек.
Бұл орайда адам құқықтарының басымдығын қоғам мен мемлекеттің мүдделерiмен үйлесiмдi сәйкестендiрген жөн.
Құқықтық жүйенi бұл бағытта дамыту, оны халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған принциптерi мен нормаларына, халықаралық стандарттарға дәйектi түрде сәйкес келтiру қажеттiлiгi Мыңжылдық басқосуында (2000 ж.) қабылданған БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясында бекiтiлген. Декларация мемлекеттердiң, әлемдiк қоғамдастықтың "демократияны қолдау және құқықтық тәртіптi нығайту" үшiн күш-жiгер жұмсау қажеттiгiн ерекше атап көрсетедi.
Бұл тұрғыда Құқықтық саясат тұжырымдамасы тек құқықтық жүйе дамуының бағытын айқындап қоймай, сонымен бiрге құқықтық саясаттың әлеуметтiк-экономикалық және саяси салалардағы реформалармен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
Құқықтық даму мақсаттарының бiрi саяси жүйенi жетiлдiру болып табылады.
Халықтың саяси белсендiлiгiнiң заңдық нысандарының алуан түрлiлiгi мен мәдениетiн шынайы қамтамасыз ету қажет.
Үкiмет туралы заңнама оның қызметiнiң тиiмдiлiгiн және қабылдаған шешiмдерi үшiн жауапкершілігiн арттыру мақсатында жетілдiрудi қажет етедi.
Сайлау заңдарын, сайлау процесiн ұйымдастыруды одан әрi жетiлдiру, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау iс-шараларын әділ де толық көрсетудегi рөлiн нығайту және жауапкершілiгiн арттыру қажет.
Мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру мақсатында бiртұтастық пен басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттiк билiктiң түрлi деңгейлерi арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерiн нақты ажыратуды қамтамасыз ететiн заңдарды одан әрi жетiлдiрiп, сонымен бiрге жергiлiкті мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар туғызу мақсатқа сай болмақ.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару институттарын кезең-кезеңмен қалыптастыру азаматтық қоғам институттарын нығайтуға ықпал етпек.
Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөнiндегi уәкіл институтын (омбудсмен) құру қажеттілігі туындап отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары нарығын дамыту, оның экономикалық дербестігін, сондай-ақ оларға қоғамдық және мемлекеттік бақылау жасау тетiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдарды одан әрi жетiлдiру қажет.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін заңдар жетілдіру талап етеді.
Нарықтық экономикаға өту, мемлекеттiң меншiк иесi, монополист, елде шығарылатын өнiмнiң негiзгi өндiрушiсi және ұсынушысы рөлiнен бас тартуы азаматтық құқықпен реттелетiн қоғамдық қатынастар саласын сапалық тұрғыдан кеңейтті.
Азаматтық құқық еңбек, отбасылық және өзге де қоғамдық қатынастарға барған сайын дендеп ене түстi. Мұның бәрi мемлекеттiң құқықтық жүйесiнiң мемлекеттiк және қоғамдық мүдделердi қорғайтын бұқаралық құқық пен жеке мүдделерге қызмет етiп, оны қорғауды қамтамасыз ететiн жеке құқыққа ауқымды бөлiну процесi аясында жүрiп жатыр.
Осымен байланысты жеке, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi байыпты үйлестiрудiң шұғыл қажеттiлiгi сақталып отыр. Бұдан келiп, заң шығарушының азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудегi негiзгi мiндетi мұндай құқықтық қатынастарға қатысушылардың барлығының мүдделерiн қорғайтын нақты құқықтық тетiгi бар еркiн нарыққа барынша кең өрiс ашу болмақ.
Осыған орай, бұлжымай орындалар болса, азаматтық заңдардың одан әрi дамуы жүзеге асуы тиiс азаматтық заңдар принциптерi ерекше өзектiлiкке ие болады. Негiзгi принциптер қатарына мыналарды жатқызуға болады:
мемлекеттiң немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң азаматтық құқық қатынастарына енерде өз азаматтық-құқықтық серiктестерi алдында қандай да бiр артықшылықтары немесе жеңiлдiктерi болмайтынын, ал кез келген ұйымдық нысандағы заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынастары субъектiлерi ретiнде жеке тұлғаларға теңестiрiлетiнiн, және де шетелдiк азаматтар мен шетелдiк заңды тұлғалар, Республика заңдарында белгiленген шегiнiстер болмаса, қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар секiлдi құқықтар мен мiндеттердi, әрi нақ сол тәртiппен иемденетiнiн бiлдiретiн азаматтық-құқықтық қатынастар субъектiлерiнiң теңдiгi;
ең алдымен, меншiк иесiнiң өз мүлкiн өзiнiң жеке ұйғарымы бойынша пайдалану мүмкiндiгiн тануды бiлдiретiн меншiкке қол сұқпаушылық; бұл орайда меншiк иесiнiң өз құқық өкiлеттiгiн жүзеге асыруы өзге адамдардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауы тиiс;
кез келген тұлғаның өз қалауы бойынша және мәжбүрлеусiз шешiм қабылдау - өзiнiң қандай да бiр шартқа кiру-кiрмеу өзi шартқа отыруды қалаған серiктесiн таңдау және шарт талаптарын айқындау құқығы барлығын бiлдiретiн азаматтық-құқықтық шарт жасасу еркіндiгi;
әрекетке қабiлеттi азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өз мүлкiне иелiк етуiне, пайда табуына, кiрiстерiн жаратуына мемлекеттiк органдар мен басқа да тұлғалардың ықпал етуiне жол берiлмеуiн бiлдiретiн, мемлекеттiң және үшiншi тұлғалардың жеке iстерге және жеке өмiрге араласпауы;
азаматтық-құқықтық қатынастардың негiзгi субъектiлерi ретінде кәсiпкерлер мен тұтынушыларды қорғау.
Жалпы алғанда, азаматтық заңдар меншiкке қол сұқпаушылықты және тауар-ақша қатынастарына қатысушылар қызметiнiң еркiндiгiн қорғауы тиiс. Бұл үшiн бiрiншi кезекте меншiк құқығын, мүлiктiк және мiндеттiлiк құқық институттарын одан әрi де дамыту, жеке адам мен қоғам мүдделерiнiң барынша үйлесуiнiң, құқықты оның әлеуметтiк мақсатына сай пайдаланудың негiзiнде жеке-құқықтық қатынастардың заңнамалық базасын жетiлдiру қажет. Нарықтық қатынастардың одан әрi дамуы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншiк институтын енгiзудi қажет етедi.
Азаматтық құқықты дамытудың басымдық бағыттарының бiрi зияттық меншiк объектiлерiне құқықты реттейтiн заңдарды одан әрi жетілдiру болуы тиiс. Ол авторлар мүдделерiн, сол секiлдi Қазақстанның экономикалық, технологиялық және ақпараттық қауiпсiздiгi мүдделерiн сақтауға негiзделуi тиiс. Ғылыми-техникалық жетiстiктердi құруға және пайдалануға қатысты бiрқатар заң және заңға тәуелдi актілердi қабылдау қажет, олар өз кезегiнде азаматтардың - санаткерлiк меншiк объектiлерiне айрықша құқы барлардың әрi осы объектiлер иелерiнiң құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған iс-шаралар кешенiн практикада iске асыруға мүмкiндiк бередi.
Жұмыс берушiлердiң өз жұмысшыларын мiндеттi медициналық сақтандыруын енгiзу туралы мәселе шешiмiн талап етедi, бұл халыққа медициналық көмек көрсету көлемiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi, сол секiлдi әлеуметтiк тәуекелдер түрлерi мен төлемдер негiздерi бойынша заңдарды кезеңдеп жүйелеу көзделуде.
Еңбек қабiлетiн жойған, асыраушысынан айрылған немесе жұмысын жоғалтқан жағдайда халықты қосымша әлеуметтiк қорғаумен қамтамасыз ету мақсатында мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн одан әрi жетiлдiру үшiн құқықтық база құру қажет.
Нарықтық экономикада орын алған еңбек қатынастары нысандарының әр алуандылығы мен күрделiлiгi еңбек заңдарын одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi. Бұл орайда еңбек құқық қатынастарын реттеу қазақстандықтар мүдделерiнiң басымдығы тұрғысында өрбуi тиiс.
Мұнымен бiрге Қазақстанда азаматтық қызмет институтын құру және дамыту үшiн заңдық негiз құру қажеттiлiгi туып отыр.
Әлеуметтiк қарама-қайшылықтарды құқықтық әдiстермен шешу тетiгiн құрудың, әлеуметтiк шиеленiстiң саяси өрiс алуын болдырмаудың маңызы зор. Мұнда кәсiптiк одақтардың қызметi шешушi фактор болып табылады. Осыған байланысты олардың рөлi мен жауапкершілiгiн арттыру мақсатында кәсiподақтар туралы заңдар жетiлдiрудi талап етедi.
Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарға мемлекеттiк қызметтiң кәсiбилiгi мен тұрақтылығын арттыруға, мансаптық өсудi ынталандыруға, ықпалды кадрлық резерв қалыптастыруға, кадрларды оқытудың жалпы мемлекеттiк жүйесiн құруға, мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк және құқықтық қорғау шараларын күшейтуге бағытталған өзгерiстер енгiзу қажеттілiгi болып отыр.
Бұл орайда мемлекеттік қызмет туралы заңдарды жетiлдiру процесiнiң басты бағыттарының бiрi қызметтiк баспалдақ бойынша өсудiң мансаптық жүйесiне ауысу болмақ.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы күрестiң құқықтық тетiктерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру проблемасы үнемi назарда ұстауды талап етедi.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмысы үшiн деп адамдарды негiзсiз жауапқа тартуды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының шеңберiн заңдық тұрғыдан белгiлеп алған жөн.
Сол сияқты, сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiктен жалтартуға жол бермеу мақсатында қолданыстағы заңдарға мұндай құқық бұзушылықтарды орау мерзiмiн ұлғайту тұрғысында тиiстi өзгерiстер енгiзу маңызды болмақ.
Шетелдiк азаматтар асырап алатын кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мәселелерiн заңмен реттеу, сондай-ақ мүгедектердiң құқықтарын қорғау туралы заң қабылдау қажеттiлiгi туып отыр.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу саласындағы заңдар экономиканы мемлекеттiк реттеудiң оңтайлы тетiгiн жасау және оның қызмет iстеуiне қолайлы жағдайлар туғызу саласындағы қатынастарды реттеуге, нарықтық қатынастарға қатысушылардың әлеуметтiк-экономикалық даму процесiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн реттеуге тиiс.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу қажеттiлiгi, соның iшiнде жеке меншiк иесiнiң инфрақұрылымдық дамыту, өнеркәсiптiң бiрқатар салаларын айта құру, табиғи монополиялар қызметiне оңтайлы тарифтер белгiлеу, көптеген эксперименттiк және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстардағы iргелi ғылыми зерттеулердi жалпы мемлекеттiк ауқымда қаржыландыру және ұйымдастыру мәселелерiн шешуге мүдделi еместiгiнен туындайды. Бұл мiндеттердi шешудi мемлекет инвестициялық, тарифтiк, салық және сауда саясатын жүргiзу арқылы өзiне алуға мәжбүр болып отыр.
Әлемдiк тәжiрибенi зерделеу көптеген дамыған елдер орнықты даму сатысына экономиканың белгілi бiр салаларындағы мемлекеттiң белсендi рөлiнiң нәтижесiнде қол жеткiзгенiн, оның мемлекеттiк экономикалық реттеу жүйесi арқылы iске асырылғанын көрсетедi.
Сондықтан экономиканың одан әрi дамуы рынокқа қатысушылар қызметiн осыған барабар мемлекеттiк реттеу арқылы, бiрақ олардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне деген конституциялық құқығын сақтау және терiс пиғылды бәсекеге жол бермеу жағдайында жүзеге асырылуы тиiс. Және де бiрiншi кезекте шағын және орта бизнесте, сол секілдi аграрлық секторда жұмыс iстейтiн отандық тауар өндiрушілердi мемлекеттiк қолдауға бағытталуы тиiс. Сол секілдi экономикалық қызметтiң импорт алмастыру, өндiрiстiң негiзгi құралдарын жаңғырту, сонымен бiрге инновациялық қызметтi дамыту секiлдi бағыттарын үйлестiре дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлер мен тетiктер әзiрлеудi қарастыру керек.
Уақытша қиындық көрiп отырған, бiрақ экономика үшiн маңызды кәсiпорындардың немесе тiптi тұтас салалардың банкротқа ұшырауына жол бермеуге бағытталуы тиiс "өнеркәсiптiк саясат" дегенге ерекше назар аудару қажет. Өнеркәсiптiк саясат мiндеттерiне бәсекелестiктiң өсуiн қолдауды, оны ынталандыруды және кеден заңдарын одан әрi жетiлдiру есебiнен экспорттық және импорттық ағындарды реттеудi жатқызуға болады.
Мұнымен қатар ұлттық компаниялардың, өкілеттi органның және мемлекеттiң жауапкершiлiк салаларын ажырата отырып, ұлттық компаниялар мәртебесiн нақты белгiлеген жөн.

Мемлекеттік егемендік туралы декларация

1980-1990 жылдардағы КСРО дағдарысы және оның себептері. 1989 жылы Г.В. Колбин Қазақстаннан Мәскеуге ауыстырылды. ҚКП ОК бірінші хатшылығына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Ұзақбай Қараманов басқарды. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев жаңаша ойлайтын саясаткерлерді топтастырды. Орталық Комитеттің екінші хатшылығына Владимир Ануфриев, хатшылықка Ерік Асанбаев пен Владислав Двуреченский келді. Идеология бөлімін -- Мырзатай Жолдасбеков, аграрлық бөлімді -- Жәнібек Кәрібжанов, ұлтаралық қатынастар бөлімін Әбіш Кекілбаев басқарды. 1989 жылы мамыр-маусым айларында өткен КСРО халық депутаттарының I съезінде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сындар айтылып, коммунистік партия жұмысына талдау жасалды. Кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептері іздестірілді. Қоғамдық-саяси өмірдің аса маңызды мәселелері төңірегіндегі тартыс бір-біріне қарама-қарсы ұстанымдағы депутат топтарының құрылуына алып келді. Халық депутаттарының I съезінің жұмысын бастасымен-ақ аймақаралық депутаттық топтар құрылды. Халық депутаттарының I съезі қабылдаған шешімдердің көпшілігі жүзеге асқан жоқ. Соған қарамастан ол партия комитеттерінің билігін едәуір әлсіретті. Е.Лигачев, П. Соломенцев тәрізді КОКП және мемлекет басшыларынын, тіпті. КОКП ОК Бас хатшысы М.С. Горбачевтің де қызметтері үздіксіз сынға алына бастады. Кеңестер, кәсіподақтар, комсомол бірте-бірте КОКП өктемділігінен арылып, сайлау кезінде демократиялық ұстанымдар .алға шығарылды. Осындай жағдайда партия комитеттерінің лидерлері жеңілістерге ұшырады. Қоғамда, саяси қарсыластар арасында ымырасыздық, табансыздық пен тұрақсыздық күшейді. Демократиялық сенімдегі адамдар көбіне күйе жаққыш, сатылғыш, екі жүзді деп айыпталды. Демократиялық қоғамға өтудің басталуы одақтас республикалар мен олардың мемлекеттік құқықтық формациялары арасындағы қатынастардың қалыптасқан практикасын қайта қарауға әкелді. Жаңа одақтық келісім-шарттың жасалу мүмкіндігі жайлы мәселені -- 1988 жылдың өзінде-ақ, ең алдымен Балтық жағалауы республикалары ұлттық-демократиялық қозғалыстарының өкілдері көтере бастаған болатын. КСРО Халық депутаттарының I съезінде депутаттар тарапынан бұл мәселе қайта көтерілді. Съезде унитарлық мемлекетке тән хал-ахуалдың түрін өзгертіп, қалыптасқан құрылымды жаңа мазмұнмен байытуға, орталық пен республикалар арасындағы құқықтар мен міндеттерді қайта бөлуге деген ұмтылыстар жасалды. 1989 жылдың өзінде-ақ, КСРО-ны конфедерация қағидалары негізінде өзгертудің нақты көріністері байқалды. Алайда ол жүргізілмеді. Осыдан соң республикалар өздерінің бөлінетіндігі жайлы неғұрлым батыл мәлімдей бастады. Орталық теледидар, Правда, Советская Россия газеттері Балтық жағалауы республикаларына қарсы науқан бастап, оларда адам құқықтары бұзылып, Орталық басшылық бұл республикаларға экономикалык және саяси қысым көрсетіп жатыр деген бағытта дауды күшейте түсті. 1990 жылдың 25 наурызында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымында депутаттық орындарға сайлау алды науқаны жүргізілді. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну құқығы еңбек орындарын, азаматтардың жиналысына берілді. Сайлау үдерісіне саясаттандырылған топтар, ресми емес бірлестіктер енгізілді. Сайлау алды науқанында 360 депутаттық мандатқа 2000-нан артық кандидат қатысты. Сайлауды өткізу барысы, нәтижесі егемендік және тәуелсіздікке бағыт алған күштердің басымдыққа ие бола бастағанын танытты. Жұмысшы және шаруа тобымен қатар, қайта сайланған Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне ғалымдар, заңгерлер, ЖОО ректорлары, діни қайраткерлер енді. 1990 жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстан саяси жүйенің заманға сай негізін қалауға батыл қадамдар жасады. Ұлттық құрамы жағынан -- 181 қазақ, 100 орыс және 340 депутаттың 51-і компартия органдарынын қызметкерлері болды. Жоғары Кеңестің төрағалығына -- Ерік Асанбаев сайланды. 1990 жылдардын басында КСРО-дағы саяси жағдай декларативтік сипаттағы көптеген демократиялық ережелерден тұратын қолданыстағы 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясын өзгертуді, Қазақстанның егемен құқықтарына бекітетін мүлдем жаңа заңнама актілерін қабылдауды қажет етті. КСРО-ны жайлаған саяси дағдарыс, одақтың аса ауыр жағдайда ыдырау үдерісі саяси жүйені реформалауды қажет етті. Дағдарыстан шығудын бір жолы -- Президенттік қызметті енгізу болатын. 1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту мен Казақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Негізгі Заң) заң қабылдап, Қазақ КСР Президенті қызметін бекітті. 1990 жылы 24 сәуірде қызу талқылаудан кейін Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-інің Президенті етіп Н.Ә. Назарбаевты сайлады. Жасырын дауыс беруге қатысқан 335 депутаттың 317-сі -- Н.Ә. Назарбаевқа дауыс берді, 18 депутат қарсы болды. Қазақстанда Президенттік институт Ресейге қарағанда бір жыл бұрын енгізілді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация 1990 жылы қазанда қоғамдағы жағдай барынша шиеленістірді. Халық депуттары арасынан парламент жұмысын жандандыруға баламалы қозғаушы күш болу мақсатында Демократиялық Қазақстан депутаттық тобы құрылды. Марат Оспанов бастаған Демократиялық Қазақстан депутаттық тобына Б. Қадырбеков, Е. Ертісбаев. Ю. Сытых, М. Оспанов, П. Своик және облыс орталықтарындағы жұмысшылар комитеттерінің өкілдері мүше болды. 1991 жылы олардың саны 54 депутатқа жетті. Олар Азат, Единство қозғалыстарымен және басқа да ресми, ресми емес топтармен байланыс орнатты. Бұл күрделі кезеңде -- Демократиялық Қазақстан депутаттық тобы барынша белсенді қызмет атқарды. Олардың билік құрылымын партиядан тазарту туралы ұсыныстары Жоғарғы Кеңестің партиялық-шаруашылық активінде наразылық тудырды. Сондай-ақ, Демократиялық Қазақстан депутаттық тобы мүшелері ұсынған Егемендік туралы декларацияның баламалы жобасы республикалық және одақтық баспасөз беттерінде ерекше дүмпу тудырды. Жоба авторлары 1990 жылдары барлық одақтас республикаларда қабылданған ұлттық мемлекеттілік және құқықтық мемлекет туралы тұжырымдамалар қарама-қайшы болды дегенді алға тартты. Демократиялық Қазақстанның жетекшілері полиэтникалық қоғамда ұлттық мемлекеттілік тұжырымын жүзеге асыру жағымсыз салдарға әкеледі деп санады. Ұлттық республиканың орнына азаматтық қоғам құрылуы тиіс деген ұстанымда болды. Қазақ зиялылары егемендік алдымен тілге берілсін деген ұсыныс тастады. Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков Социалистік Қазақстан газетінің 1990 жылғы 3 қазандағы санында Қазақ КСР-інің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясының жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтып, дабыл көтерді. Тіл туралы заңда орыс тілі -- Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым-қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылардың оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды. Ғалымдар орыс тілін Қазақ КСР-інде ресми тіл деп жариялау -- қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен пара-пар екенін, өзі көктеп, өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді. Декларация жобасы қызу талқыланды. Декларацияның негізгі жобасы және оған балама негізде ұсынған Демократиялык Қазақстан тобының жобасы, депутаттардан, жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып, депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 1990 жылы 15 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екінші сессиясында Егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікірлер болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е. Асанбаев тарапынан Демократиялык Қазақстан жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы Кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды. Сондай-ақ, оның құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды. Декларацияның негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев Демократиялық Қазақстан тобындағы депутаттардың ұлттык республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық деген пікіріне қарсылық білдірді. Депутат С. Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: Ұлттық мемлекет азаматтық қоғамға, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмейді. Мәселен. Англия -- кұқықтық мемлекет. Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті. Сондай-ақ, Франция, Испания, Жапония тағы да басқа көптеген ұлттық негіздегі құқықтық мемлекеттерді мысалға келтіруге болады. Біз де осы мемлекеттердің үлгісінде өзіміздің егеменді, ұлттық республикамызды дамытамыз, гүлдендіреміз. Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештеңе де жоқ. Қазақ ұлты, сонау ерте дәуірден тілі, ділі калыптасқан, кіндік қаны тамған өз атамекені бар халык қой. Енді келіп оны мүлде сызып тастау мүмкін емес, -- деген түсінік берді. Келешекте республика өмірінде аса маңызды рөл атқаратын бұл құжат жобасы қызу талқыланды. Парламент мүшелері Декларацияның әрбір сөйлеміне. сөзіне жете мән беріп, айтылған ұсыныстарды сол бойда дауысқа салып отырды. Жоғарғы Кеңес Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны 1990 жылы 25 қазан күні 18 сағат 55 минутта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік декларациясы
Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқықтарының халықаралық-құқықтық негізінің құрылуы
Әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілу жолдары
Адам құқықтарының жалпы теориясы (1-2 бөлім)
Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен осы мәселеде БҰҰ, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы
Конституцияға қайшы елсе
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Егемендіктің теориялық сипаттамасы
Адам құқықтарын халықаралық сот мекемелері арқылы қорғау
Пәндер