Қазіргі таңдағы көлік міндеттемелері мен оның шарттарын қарастыру
Титулка
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
КӨЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Көлік міндеттемелері ұғымы және пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... 5
Құқықтық реттеу көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. КӨЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ШАРТТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 Көлік шарттары жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды. Көлiк - бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.
Олар әкiмшiлiк актiден (яғни тасымалдауды жоспарлау актiлерi) және шарттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлiк мiндеттемелерi туралы сөз болатын. Қазiргi таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың iшкi, шаруашылық қызметi үшiн ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға қатысты шарттар - тасымалдау шарттары туралы өрбiткен дұрыс болар.
Бұл айтылған сөз көлiктiң экономиканың ерекше саласы ретiнде, жоғары қауiп ретiнде, техникалық жағынан күрделi және тәртiпке салынған жүйе ретiнде қызмет етуiне қатысты ерекшелiктерiн ескермеуге болады дегендi бiлдiрмейдi. Сол себептi тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi көлiк түсiнiгiнiң өзiн анықтайтын, оның қызметiнiң стандарттары мен ұйымдастырушылық алғышарттарын (мысалы, көлiктi мемлекеттiк реттеуге қатысты) белгiлейтiн нормалар арқылы қарастырылады.
Қазiргi уақытта көлiктi мемлекеттiк басқару төмендегi мiндеттердi шешуге бағытталған:
- көлiк аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға;
- көлiк аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
- меншiк нысанына қарамастан көлiктiң барлық түрлерiнiң құқықтық және нормативтi мәртебесiн анықтайтын заңдық және өзге де актiлердiң, стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға;
- көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк (ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзуге, сондай-ақ кадрларды оқыту мен дайындауға;
- көлiк қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылауға;
- болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен тұрғындардың мемлекеттiк мұқтаждарының қажеттiлiктерiн уақытысында сапалы түрде қамтамасыз етуге.
Аталған жұмыстың басты мақсаты - қазіргі таңдағы көлік міндеттемелері мен оның шарттарын қарастыра отырып, талдама жұмыстарын жасау болып табылады.
Аталған жұмыстың міндеттері келесідей болып табылады:
көлік міндеттемелері ұғымы және пайда болу негіздерін қарастыру;
құқықтық реттеу көздеріне тоқталу;
көлік шарттары жүйесінің негізгі түсініктерін ашу;
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне тоқталып талдама жұмыстарын жасау.
КӨЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Көлік міндеттемелері ұғымы және пайда болу негіздері
Көлік ерекше ережелер бойынша өмір сүретін экономикалық қызметтің дербес сферасын құрайды. Көліктің ролі тауардың немесе адамның кеңістікте қозғалуына бағытталған ерекше қызметтер көрсетуден тұрады. Тасымалдау қызметі жаңа заттарды (материалдық әлем нәрселерін) құрумен жалғаспайды. Оның құндылығы жүкті, жолаушыны және багажды келісілген орынға ауыстыру нәтижесінде құрылатын экономикалық әсерден тұрады. Сондықтан тасымалдау бойынша қатынастар объектілер немесе адамдар көлік құралдары-ның көмегімен аумақтық орын ауыстыруда қажеттілік болғанда пайда болады. Әдетте оларға екі объект қатысады: көлік ұйымы (көлік құралының иесі) және тасымалдауда мүдделі тұлға.
Құқық нормаларымен реттелген бола тұрып, бұл қатынастар міндетті-құқықтық түрді қабылдайды. Алайда объектілерді немесе адамдарды көлік құралдарының көмегімен кез келген аумақтық орын ауыстыру тасымалдау міндеттемесінің пайда болуына әкелмейді. Соңғылары бірқатар ерекшелік-термен сипатталады.
Біріншіден, ол тауарлық болуы және балама-өтемді бастамаларда құрылуы тиіс. Қандай да бір тұлғаның меншікті көлігімен орындалатын технологиялық тасымалдар (шикізатты қоймадан цехқа, дайын өнімді қоймаға тасымалдау және т.б.) тасымалдау міндеттемелерін тудырмайды.
Екіншіден, орын ауыстыру тәсілін есепке алу қажет. Тасымалды көлік құралдарында және олардың өзінде (платформада, палубада, вагонда, каютада және т.б.) болатын жүктер мен тұлғалардың кеңістікте орналасуын сипаттайды.
Үшіншіден, тасымалдаудың негізгі бөлігі барлығына және әрқайсысына көлік қызметтерін көрсету үшін арнайы құрылған қоғамдық жүкшілермен жүзеге асырылады.
Осыдан, тасымалдаушының міндеттемесіне қарай тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны көрсетілген тағайындалған пунктке жеткізуге міндеттенеді, ал жүкті (багажды) жөнелтуші, жолаушы немесе басқа тұлға көрсетілген көлік қызметтері үшін сыйақы төлеуге міндеттенеді.
Тасымалдау міндеттемесін көлік міндеттемелерінің ядросы деп атауға болады.
Тасымалдаумен байланысты көлік қызметтерін көрсету бойынша немесе жүктердің орнын өзге тәсілмен ауыстыруға бағытталған міндеттемелер тасымалдық деп аталады.
Жүктердің, адамдардың еліміздің әр түрлі өңірлеріне, елді мекендердің ішінде, мемлекет шекарасынан тыс толассыз орын ауыстыруын қамтамасыз ету болып табылатын көліктің жұмыс істеуінің тікелей мақсаттарына өз кезегінде бірқатар алуан түрлері болатын тасымалдау шартының және онымен тығыз байланысты тасымалдау процесін қамтамасыз ететін шарттардың көмегімен қол жеткізіледі. Осыған байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуын және іске асырылуын, оларға қатысушылардың сәйкес тәртібін және т.б. қамтамасыз ететін құқықтық құралдардың бірі болып табылады.
Қолданыстағы заңдармен көлік шарттарының келесі алуан түрлері ерекшеленеді:
- жүкті тасымалдау шарты;
- жолаушыны (багажды) тасымалдау шарты;
- кеме жалдау (чартер) шарты;
- тасымалдауды ұйымдастыру шарты;
- көлік ұйымдары арасындағы шарт;
- жалпы пайдаланылатын тасымалға жасалған шарт;
- көлік экспедициясы шарты.
Көліктің бірнеше түрі бар, оларды объективті сипатты себептері бойынша ерекшелеу қажет, олардың ерекшеліктері, қолдану сферасы пайдалану ерекшеліктерін ескертеді және олардың біреуімен тасымалдауға жасалатын шарттардың мазмұнына елеулі әсер етеді.
ҚР көлігі - бұл оның аумағында тіркелген: темір жол, автомобиль; теңіз; ішкі су; әуе; қалалық электр көлігі.
Көліктің барлық аталған түрлері ҚР-дағы көлік жүйесін құрайды.
Көлік міндеттемелері азаматтық-құқықтық қызметтер көрсету бойынша міндеттемелер жүйесінің маңызды құраушысы болып табылады. Оның әр түрлі сатыларында тасымалдау процесін жүзеге асыруға тікелей әсер ететін қызметтер көрсету бойынша міндеттемелер, - бұл материалдық құндылықтар-дың, жолаушылардың, олардың багажының орнын ауыстыру бойынша көлік қызметі, экспедициялық қызмет көрсету, кемелер мен порттардың текке айналуы саласындағы міндеттемелер, олар шаруашылық қызметтің жалпы сферасымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктерімен біріктіріледі.
Көлік міндеттемесі оған байланысты бір тұлға - тасымалдаушы (пайдаланушы) екінші тұлға - жүк жөнелтушінің, жүк алушының, жолаушының, багаж немесе жүк багажы иесінің пайдасына - тасымалдаумен байланысты көлік қызметтерін көрсету бойынша белгілі заңды немесе нақтылы әрекеттерді жасауға, ал екінші тұлға көрсетілген қызметтерді заңдармен немесе тараптар келісімімен белгіленген мөлшерде төлеуге міндеттенеді.
Көлік ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі ретінде мемлекетіміздің негізгі стратегиялық объектілерінің бірі болып табылады. Əсіресе кең, байтақ жері бар жəне Еуразияның орталығы ретінде геосаяси мəнге ие Қазақстан Республикасы үшін өте жоғары роль атқарады. Шаруашылықтың инфрақұрылымдық саласы ретінде көлік жүктер мен жолаушыларды тасымалдап жеткізуді қамтамасыз ете отырып, экономика салаларының біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Соңғы кезде нарықтық қатынастарды дамытуға жəне көлік жүйесінде бəсекелестікті дамытуға бағытталған экономиканы жандандыру нəтижесінде одан əрі ілгерілеуге нақты алғы шарттар жасалды. Соңғы онжылдықта Қазақстанда нарықтық талаптарға бейімделген көліктік қызмет көрсету нарығы қалыптасты. Алайда еліміздің көлік жүйесінің қуатты əлеуеті, соның ішінде Қазақстанның аумағы арқылы өтетін халықаралық мүмкіндігі əзірше жеткілікті тиімді пайдаланылмайды. Осы аталған мəселелерді шешу мақсатында ҚР мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасында аталған негізгі басымдықтардың бірі Қазақстан көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне кіргізу жəне елдің транзиттік əлеуетін дамыту болып табылады [1].
Қазіргі уақытта Қазақстанда демократиялық мемлекеттің құқықтық негізін құру үрдісі жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтық қатынастарды реттеуші заңның жоғары тұруы қоғамдық өмірдің барлық қырларын, соның ішінде көліктік қатынастарды да реттейтін заңнамаларда көрініс табуы тиіс. Мəселен, көлік саласында алуан түрлі, айрықша, əлі де зерттелмеген қатынастар туындайды. Мұндай қатынастарды құқықтық реттеу өзекті мəселе болып табылады. Тəуелсіздігімізді алғалы бері нормативтік-құқықтық актілер жаңадан қабылданып, заңды күшіне енгізіліп жатыр. Соған сəйкес көлік кешенінің нормативтік-құқықтық негізі нарықтық экономикаға сəйкес құрылып жатыр. Сондықтан бұл үрдіс аяқтала қойған жоқ, əлі де жетілдірілу үстінде деп айтуымыз керек. Бірақ, өкінішке орай, осы күнге дейін көлік құқығы теориясының көптеген өзекті мəселелі сұрақтары ғылыми негізделмеген жəне ғалымдардың көзқарастары қарама-қайшы күйінде қалып отыр. Солардың ішіндегі ең басты мəселелер көлік құқығының ұғымы, оның табиғаты жəне құқық жүйесіндегі орны туралы.
Еліміздің экономикасында көлікпен байланысты қатынастар маңызды мəнге ие. Көліктік құқық қатынастарына деген қызығушылықтың күн өткен сайын артуы келесі себептермен түсіндіріледі.
Біріншіден, нарықтық қатынастарды дамыту жəне ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуы жағдайында бұрын жеткілікті зерттелмеген құқық салаларын, олардың ҚР құқық жүйесінде алатын орны мен рөлін анықтау маңыздылығы арта түседі. Солардың бірі -- көлік құқығы. Тəжірибеде көлік құқығының нормалары кеңінен қолданылғанымен, оларға теориялық тұрғыда зерттеулер жүргізілмеген, жеткілікті түсініктер берілмеген.
Екіншіден, қазіргі уақытта мемлекеттік стратегиялық маңызды объект ретінде, экономиканың құрамдас бөлігі ретінде көлік жүйесінің маңызы артып отыр.
Жаhандану жағдайында Қазақстанның кең байтақ аумағын ескере отырып, экономиканың жəне мемлекеттiң бəсекеге қабiлеттiлiгi көбiне көлiк-коммуникация кешенiнiң тиiмдi қызметiне байланысты болады. Мемлекеттiк көлiк жəне транзиттiк саясатқа сəйкес келетiн жоғары технологиялы көлiк инфрақұрылымы отандық тауарлардың, қызмет көрсетулердiң жəне тұтас экономиканың бəсекеге қабiлеттiлiгiнiң кепiлдiгi болып табылады. Стратегия дамуы мен тиiмдi жұмыс iстеуi елеулi дəрежеде мемлекеттiң саясатына байланысты болатын көлiктiң темiр жол, автомобиль, қалалық жолаушылар, əуе жəне су көлiгi түрлерiн қамтиды. Қазiргi жағдайда көлiк Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады.
Республиканың қалалары мен елдi мекендерiн өзара байланыстыра отырып, көлiк мемлекеттiң аумақтық жəне əкiмшiлiк тұтастығын қамтамасыз етуде, оның қорғаныс қабiлеттiлiгi мен қауiпсiздiгiнде негiзгi рөл атқарады [2].
Үшіншіден, Қазақстан көліктік жүйесінің көліктік инфрақұрылымның даму деңгейін, отандық тасымалдаушылардың ішкі жəне сыртқы көліктік қызмет көрсету нарығында бəсекеге қабілетін, транзиттік əлеуеттің тиімділігін жоғарылату жолымен əлемдік көліктік жүйеге интеграциялануы ұлттық көліктік заңнаманың халықаралық заңнамамен үйлесімділігін қамтамасыз етуді мемлекет алдына міндет етіп қояды.
Төртіншіден, көлік саласының маңыздылығына жəне оның өзекті мəселелерінің болуына қарамастан, Қазақстанда көлік құқығын құқық саласы ретінде жеке зерттеуге арналған монографиялық еңбектер, оқу құралдары жоқ. Қазақстанда аталған құқық саласында жазылған еңбектердің болмауы, көліктік шарттар жүйесіне жүргізілген ғылыми зерттеулердің мардымсыздығы оның негізгі институттарының мəнісін теориялық тұрғыда талдауды қажет етеді.
Алдымен көлік құқығының пəнін анықтау үшін осы құқықпен реттелетін қатынастарды анықтау қажет. Көліктік қатынастар деп көліктік қызметке қатысушылардың арасында туындайтын жəне қалыптасатын қоғамдық қатынастарды түсінеміз. Көліктік қатынастар -- ең көп таралған, жиі пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Көліктік қызмет -- бұл коммерциялық мақсатта көлік құралдарымен жүктерді, жолаушыларды, қол жүктерін, поштаны тасымалдау бойынша қызмет көрсету, қатынас жолдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, көлік құралдарын пайдалана отырып өзге де қызметтерді орындау пəні болып табылатын қызмет.
Көлік құқығы нормаларымен реттелетін көліктік қызметке келесі ұқсас қызмет түрлері кірмейді: көліктік емес ұйымдардың оқшауланған аумағында көлік құралдарын шаруашылық жүргізу үшін пайдалану, мəселен, кəсіпорын ішінде, қоймаларда көліктік қызмет; ғимараттарда лифтлермен жүктерді жəне жолаушыларды көтеру қызметі; сондай-ақ космостық аппараттардың ұшуы; ойын- сауық орталықтарында қозғалыс құрамын пайдалану жолымен аттракциондар; жалпы қолданыстағы қатынас жолдарынан оқшауланған аумақтардағы спорттық жəне ойын-сауық қызметі (автожарыс, қайықпен жарысу); автомобиль көлігімен кəсіпорын аумағында (мысалы, қазба жұмыстарында) тасымалдау қызметі жəне т.б.
Көлік саласында туындайтын қатынастар өзіндік ерекшелікке ие.
Біріншіден, көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру жəне баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас əлеуметтiк жəне ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кəсiпорындарының орындауын бақылау жолымен жүзеге асырылады.
Жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар көлік құқығын қалыптастыруға қатысады. Өйткені көлік табиғи монополия саласына жатады. Мəселен, қалалық жолаушылар таситын көлiктiң тұрақты сапар желісінде жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар жергiлiктi атқарушы органдармен немесе оларға осы сапар желісінде қызмет көрсетуге уəкiлеттiк берген органдармен шарт жасасуға тиiс.
Екіншіден, көліктік қызметтің сипаты бойынша оған қатысушылар: көліктік қызметті көрсетуші көлік ұйымы мен көліктік қызметті тұтынушы -- азаматтар, ұйымдар арасындағы қатынастар азаматтық құқық саласында реттеледі. Тасымалдаушымен жүзеге асырылатын қызметтердің нəтижесінде мүлік, өнім пайда болмайды, қызмет көрсетуші міндетті əрекеттерді орындайды. ҚР АК- нің 115-бабына сəйкес, көліктік қызмет көрсету азаматтық құқықтың объектісі ретінде мүліктік игіліктерге жатады. Мəселен, жүкті тасымалдай отырып, жүкті қабылдап алушыға жеткізіп беру, яғни кеңістікте материалдық объектілерді бір жерден екінші жерге жеткізу бойынша қызмет көрсетіледі. Сөйтіп, тасымалдаушы мен оның қызметін тұтынушы тараптың арасында тасымалдау бойынша міндеттемелік қатынастар жəне олармен байланысты басқа да қоғамдық қатынастар туындайды.
Үшіншіден, көліктік қызметті орындау кезінде жүктерді, жолаушыларды тасымалдау көліктің əр түрімен жəне əр түрлі тасымалдаушылармен (аралас қатынас бойынша тасымалдау) жүзеге асырылғанда тасымалдаушылар арасында өзара əрекет етуді үйлестіру мəселелерін шешу қажет. Сондықтан заңнамаларда кешенді түрде көліктік қызметке қатысушылардың мүдделері ескеріліп, көліктік заңдар көліктің əр түрі бойынша ұйымдардың өзара əрекет ету ережелерін айқындайды.
Төртіншіден, көліктік қызмет көрсету аса қауіпті қайнар көздерді қолданумен байланысты (қозғалыс құрамы, жүкті тиеу-түсіру жұмыстары, жол салу құрылысын жүргізу, жоғары электр энергиясы қуатын пайдалану т.б.) болғандықтан, аса қауіпті қайнар көзді, яғни көлік құралын басқару арнайы білімді жəне дағдыны, денсаулық жағдайын қажет етеді, еңбек туралы заңнамаларда көлікті жүргізушілердің жұмыс күні мен демалыс уақытының ұзақтығын реттеуді талап етеді.
Бесіншіден, көлік құралдары тиісті техникалық жағдайда болып, əрбір көлік құралының иесі тіркелуі тиіс. Сондықтан заңнамаларда бекітілген көлік құралдарын есепке алу, тіркеу жəне техникалық жағдайын тексеру ережелері қолданысқа ие.
Алтыншыдан, көлік қоршаған ортаға лас заттарды тастайтын қайнар көздерге жатады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау саласында қолданыстағы заңнамаларда көлікте экологиялық талаптарды қамтамасыз ету туралы нормалар бекітілген.
Жетіншіден, халықаралық тасымалдау шет мемлекеттердің аумағында жүзеге асырылатын болғандықтан, мұндай қызмет халықаралық құқық нормаларымен реттеледі.
Бұдан байқайтынымыз, көліктік қатынастар өміріміздің кез келген саласын қамтып, құқық салаларының барлық түрімен де реттеледі.
1.1 Құқықтық реттеу көздері
Тасымалдаудың және өзге көлiк шарттарының жалпы талаптары тікелей Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (АК) анықталады, онда оларға 34 және 35-тараулар (688-714-баптар) арналған. Алайда өзге заңды және нормативтік актiлердің үлкен маңызы бар. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесінде қауіпсіздігі бойынша технологиялық сипатты арнайы талаптардың көп саны сақталуы тиіс, олар көлік қатынастарын барлық қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Алайда берілген уақытта мемлекеттік көлік кәсіпорындарының шаруашылық қызметіне, ал ендеше олардың шарттық практикасына араласпауын талап етуі нақты белгіленген. Көлік қызметін мемлекеттік реттеу шекаралары арнайы көлік заңнамасында көрсетілген.
Cондай-ақ жалпы алғанда тасымалдаушылар қызметтерін тұтынушылар үшін бірдей параметрлерді қамтамасыз етудің маңызды мәні бар. Құқықтық реттеуді және осы облысты бірыңғайлау үшін 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының көлігі туралы" Заң қабылданған. Онда Қазақстан Республикасындағы көлік қызметімен байланысты көпшілік сипатты қатынастарды реттейтін нормалармен қатар, тікелей азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар (жалпы сипатты) бар. Көпшілік және жеке нормалардың ығысуы басқа көлік-құқықтық актілерге де тән белгі. Алайда бұл берілген жағдайда қандай да бір әкімшілік-құқықтық дақтары бар шарт туралы айту қажет екендігін білдірмейді, бірақ оларды мүлде ескермеуге де болмайды. Көліктің кейбір түрлерінің жұмыс істеу сферасы табиғи монополияларға жатқызылған, сондықтан олардың қызметіне 1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы да қолданылады.
Жүктерді, жолаушыларды және багажды көліктің жеке түрлерімен тасымалдау шарттары арнайы заңнамамен анықталады.
Біздің елімізде 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-11 "Темір жол көлігі туралы" ҚР Заңы да қабылданған және қолданылады, сондай-ақ "Темір жол көлігі туралы" Заңға қарама-қайшы келмейтін бөлікте 1996 жылғы 18 қаңтардағы ҚР темір жолдарының Уақытша Жарғысы қолданылады
Заң темір жолдардың, заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ экспедиторлық және олардың атынан әрекет ететін өзге кәсіпорындардың, сондай-ақ тікелей аралас қатынастағы тасымалдауға қатысатын көліктің басқа түрлері кәсіпорындарының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министр-лігінің 1995 жылғы 10 сәуірдегі № 78 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының әуе жолдарында (халықаралық рейстерден басқа) Жолаушы-ларды, багаж бен жүктерді тасымалдаудың уақытша ережелері қабылданған және қолданылады. Сонымен қоса, әуе көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің 1999 жылғы 12 қазандағы № 36, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі-нің 1999 жылғы 14 қазандағы № 170 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі әуе жолдарында Тұрақсыз авиатасымалдарды жүзеге асыру ережелерімен регламенттеледі. Жүктерді және багажды су көлігімен тасымалдау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 89 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Жолаушыларды және багажды өзен көлігімен тасымалдаудың уақытша ережелерімен регламенттеледі. Темір жол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігі аралас қатынастар жүйесін ұйымдас-тырады ("Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңның 12-бабы).
Халық үшін жүк тасымалдарымен айналысатын Қазақстан Республикасын-дағы заңды тұлғалар мен азаматтардың қызметіне Қазақстан Республикасының Баға және антимонополиялық саясат жөніндегі мемлекеттік комитеттің 1996 жылғы 20 қыркүйектегі № 97 Қаулысымен бекітілген халыққа тұрмыстық қызмет көрсету ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темір жол, әуе, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен жолдар, трассалар және су жолдары, ашық мемлекет аралық қатынастар бойымен жүктер мен жолаушыларды транзиттік тасымалдау жүзеге асырылуы мүмкін. Олар республиканың заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне және шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлік заңнамасының ерекшелігі жаңа АК-да тасымалдарды реттеу туралы негізгі ережелер бекітілгені, ал олардың толық регламенттелуі, бұрынғыдай, көлік жарғыларында және қазіргі уақытта заң деңгейінде қабылданатын кодекстерде берілетіні болып табылады.
Көлік заңнамасының қалыптасуы және дамуы үш кезеңмен өткендей: әкімшілік-құқықтық, жоспарлы-шарттық және қазіргі уақытта жалғасып келе жатқан шартты-құқықтық. Бірінші кезең КСР Одағының және одақтық республикалардың 1961 ж. Азаматтық заңнамасы негіздерін қабылдағанға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде көлік қатынастарын нормативтік реттеу басым көпшілігінде үкіметтің және әкімшілік-партия органдарының қаулы-ларымен жүзеге асырылды. Екінші кезең мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру басталғанға дейінгі кезеңді алады. Осы жылдары тасымалдауды мемлекеттік жоспарлаудың ролі артты. Көлік жарғылары мен кодекстеріне тасымалдауды жоспарлау туралы дербес бөлімдер қосылған болатын. Көлік заңнамасын дамытудың үшінші кезеңінде басымдылықтар ауысады: императивті көлік заңнамасы бірінші көлемді буын болуын тоқтатады, себебі басым мән шарттық құқықты иеленеді.
КӨЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ШАРТТАР
2.1 Көлік шарттары жүйесі
Көлік, шаруашылық жүргізетін жүйелердегі басым орнын сақтай отырып, нарыққа өту жағдайларында өз қызметін тікелей мемлекеттік реттеуден біртіндеп босатылады. Көлік қызметтері рыногы көлік қатынастарының тұрақты субъектілері болатын коммерциялық, жеке кәсіпкерлік құрылымдар-мен белсендірек толтырылады. Әрине, бұл жағдайларда контрагентті еркін таңдауға және олармен келісім бойынша шарт талаптарын анықтауға мүмкіндік беретін көлік шарттарының жүйесі ерекше маңызы болады.
Көлік шарттары жүйесі көлік жүйесінің өзімен қатынасады, себебі соңғының қалыпты жұмыс істеуіне, халық шаруашылығын, заңды және жеке тұлғаларды жүктерді, жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Көлік жүйесі тек темір жол, автомобиль, әуе, теңіз және өзен көлігін ғана емес, сонымен бірге көліктің арнайы түрлерін біріктіреді. Оларға магистраль құбырлары жатады, олардың пайдаланылуы газ бен мұнайды жеткізуді жүзеге асыратын көлік қызметімен танылады. Осы бөлімде өнімді магистраль құбырлары бойымен тасымалдау мәселелері әдейі қарастырылмайды, себебі газды, мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде пайда болатын құқықтық қатынастар тасымалдау шартынан пайда болатын қатынастар категориясына жатпайды.
Заңнама бірыңғай шаруашылық кешен ретінде көлік жүйесінің анықтама-сын бермейді. Ұйымдастыру-құқықтық көзқарастан мұндай кешен болмайды, өйткені көлікті өйткені бірыңғай орталықтандырылған көлік басқармасы, бірыңғай заңнамасы болмайды. Еліміздің қоғамдық көлігі өзінің монополиялық қалпын жоғалтты: көлік қатынастарының субъектілері жеке кәсіпкерлік құрылымдар болып келеді.
Мемлекеттік жоспарлауды жою жағдайларында жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар көлік шарттары жүйесінде ерекше орынды алады. Бұрын, жаңа АК қабылдағанға дейін, жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар заңды тәртіпте автомобиль, әуе, теңіз және өзен көлігінде заңдастырылған болатын. Көліктің сол немесе басқа түрінің жұмыс істеу ерекшелігін ескергенде, олардың әрқайсысының өзінің кейбір айырмашылықтары болған.
Атап өтілгендей, АК "тасымалдауды жоспарлау" терминін қолданбайды, алайда бұл көлік қатынастары тараптарына (тасымалдаушыға және жүк жөнелтушіге) жүктерді тасымалдаудағы өзінің қажеттіліктері мен мүмкіндік-терін уақытынан бұрын: алдағы айға, тоқсанға, жылға немесе басқа мерзімге анықтауға тыйым салуды білдірмеуі тиіс. Мұндай мүмкіндік АК-ға өтінімді (тапсырысты) беру және қабылдау жолымен беріледі, сондай-ақ Темір жолдардың көлік жарғысы темір жол көлігімен тасымалдаудың жүк жөнелту-шілердің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатынын белгілейді, өтінімдерді тапсыру мерзімдерін, оларды темір жол басқармасының қарастыру мерзімдерін, сондай-ақ жүк жөнелтушілердің бастамасы бойынша жүктерді тасымалдауға қабылданған өтінімдерге енгізген өзгерістер үшін жауапкершілікті анықтайды.
АК осы шарттың көліктің кез келген түріне жататын ерекшеліктерін анықтады. Біріншіден, мұндай шартты жүктерді жүйелі тасымалдауды жүзеге асыру қажет болғанда тасымалдаушы және жүк иесі жасайды; екіншіден, бұл шарт ұзақ мерзімді шарттар санына жатқызылған; үшіншіден, бұл шарттың тараптарына өзара келісім бойынша жүктерді тасымалдауға беру мерзімдерін, олардың көлемдерін және көлік құралдарын берудің және тасымалдауға арналған жүктерді берудің кез келген басқа талаптарын, есептеу тәртібін, сондай-ақ көлік жарғыларымен және кодекстерімен көзделмеген және азаматтық заңнамаға қарама-қайшы келмейтін тасымалдауды ұйымдастырудың өзге талаптарын анықтау мүмкіндігі берілген.
Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар, тәртіп бойынша, көліктің берілген түрі мен берілген жүк иесі арасында тұрақты шаруашылық байланыстары болғанда жасалады. Бұл ретте өнімді жеткізуші мен алушы арасындағы жеткізу бойынша міндеттемелер есепке алынады.
Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттардың ұзартылатын сипаты болады, олар алдағы тоқсанға, алдағы жылға жасалады. Өзінің құқықтық табиғаты бойынша алдын ала шарт белгілері болады, себебі тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт жасасу жүкті тасымалдаудың сәйкес шартын жасасу қажеттілігінен босатпайды, керісінше жорамалдайды, өйткені тек осындай шарт қана жүкті жөнелту пунктінен тағайындалған жеріне дейін нақты орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар тараптардың тауар айналымының талаптарын емес, жүктерді алдағы тасымалдаудың болашақ уақытына олардың өзара қатынастарын ұйымдас-тыруды анықтайтын ымыралы азаматтық-құқықтық шарттар тобына жатады.
Көлік жарғылары мен кодекстерінде тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бірдей анықталмайды:
- автомобиль көлігінде бұл - жылдық шарт;
- теңіз көлігінде - ұзақ мерзімді шарт;
- ішкі-су көлігінде - навигациялық;
- әуе көлігінде - арнайы.
Осы шарттар атауларындағы терминологиялық айырмашылықтардың түбегейлі мәні жоқ, себебі олардың барлығының бірыңғай құқықтық табиғаты бар, олар болашақтағы тасымалды ұйымдастыруға бағытталған, берілген нақты жүкті тасымалдау бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін тудырмайды, алдын ала шарттар категориясына жатады, оларға сәйкес тараптар болашақта жүктерді тасымалдаудың нақты шарттарын жасайды.
АК, көлік жарғылары мен кодекстері сияқты, тараптардың жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттың орындалмағаны немесе тиесілі орындалмағаны үшін жауапкершілігі туралы мәселені ашық қалдыратын сияқты, себебі АК 798-бабы тасымалдаушы - жүктерді белгіленген мерзімдерде қабылдауға, ал жүк иесі жүктерді қамтамасыз етілген көлемде тасымалдауға ұсынуға міндеттенетінін ғана анықтайды.
Тасымалдаушы жүкті тасымалдаушы үшін көлік құралдарын бермегені үшін, ал жөнелтуші жүкті бермегені үшін көлік жарғыларымен және кодекстерімен, сондай-ақ тараптардың келісімімен белгіленген жауапқа тартылады. Сонымен, темір жол вагондарды, контейнерлерді бермегенде не болмаса жүк жөнелтуші жүктерді бермегенде айыппұл салу түрінде жауапқа тартылады. Тараптар келісіміне қатысты алсақ, онда әуе тасымалына қатысты тасымалдаушы жауапкершілігінің шектерін арттыру туралы тараптардың келісіміне рұқсат етіледі. Атап айтқанда жауапкершілік шектерін жоғарылату туралы сөз болып отырғанын атап кету маңызды, себебі тасымалдаушының заңмен белгіленген жауапкершілікті шектеу немесе жою туралы келісім жарамсыз.
Тараптардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz