Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Титулка үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

  1. Адам мен азаматтық құқықтық мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі қағидалары . . . 5
  2. Адам мен азаматтық құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар . . . 10

2 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 15

2. 1 Адам мен азаматтың саяси құқықтары . . . 15

2. 2 Адам мен азаматтың әлеуметтік құқықтары . . . 18

2. 3 Адам мен азаматтың экономикалық құқықтары . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.

Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады. Азаматтардың құқық қабілеттіліктері мен әрекет қабілеттіктері қазіргі заманғы қоғамда жан-жақты қарастырылады және оның азаматтардың құқықтық қатынастарын реттеудегі маңызы үлкен. Осыған орай таңдалып алынған курстық жұмыстың тақырыбы, қазіргі кезде өзекті болып табылады.

Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Жұмыстың өзектілігі. Тәжірибемен айналысатын заңгерлер өзінің күнделікті қызметте өзінің өрісін ұлттық құқықтың шеңберімен шектелуі мүмкін. Өзінің ой өрісі өзінің ұлттық құқығына бейімделген тәжірибелік-заңгері аталған сұраққа жауап ретінде әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі нормалар қабылданады және қолданылады деп айтады.

Аталған мәселеге біз прагматиялық жағынан және маңызды белгілерін қысқаша тоқтатылуы арқылы қазіргі әлемде үш негізгі құқықтық жүйелердің топтарына: романо-германдық құқықтық жүйесіне, жалпы құқық жүйесіне және кеңестік құқықтық жүйесіне тоқаталамыз.

Шетел мемлекеттерінің азаматтық және сауда құқығы - деп қоғамда қалыптасқан мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуші нормалар жүйесі. Осыған байланысты азаматтық сауда құқығы жеке меншікті қорғай отырып онымен байланысты экономикалық қатынастарды реттейді. Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын аша отырып, азаматтық құықтық қатынастардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық мәртебесінің негіздері тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасында азаматтықтың қандай конституциялық құқықтық актілерді шығаруға, оның қандай өкілеттілігі бар болуына тоқталып, Сүлейменов М. К., Грешников, Е. А. Суханов секілді ғалымдардың еңбектері қолданылып

Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық негіздері.

Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы азаматтығының конституциялық құқықтық қайнар көздері.

Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық мәртебесі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІАдам мен азаматтық құқықтық мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі қағидалары

Тұлғаның құқықтық мәртебесі - ол адам және азаматтың құқық, бостандық және міндеттемелерінің жиынтығы.

Адам және азаматтық құқық мәртебесі қағидалары - шет мемлекеттер Конституцияларында адаммен азаматтың құқықтары мен міндеттемелерін жүзеге асуына байланысты құқықтық реттеу жобасы.

Құқықтық мәртебе: - жалпы (тұлғаның мемлекеттің азаматы ретіндегі құқықтық мәртебесі) ; - арнайы (азаматтардың белгілі бір категорияларына жататын тұлғаның құқықтық мәртебесі мемлекеттік қызметкерлер, судьялар, депутаттар) ; - жеке (тұлғаның жекешелендірілген құқықтары мен бостандықтары жанұялық жағдайы, тұрғылықты жері) .

Адам түсінігі биологиялық жағынан тірі әлемнің өкілі, физиологиялық қасиеттері, белгілері бар индивид ретінде сипатталады.

Тұлға түсінігі адамды әлеуметтік жағынан өзін-өзі тану, қоғамдағы орны мен рөлі және оның алдындағы жауаптылығы тұрғысынан сипаттайды.

Жалпы негізде адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастырып қарастырады:

- табиғи және жағымды (позитивті) ;

- жеке;

- саяси;

- әлеуметтік;

- экономикалық.

Табиғи құқық адамға тумысынан тиіс және ажырамайды. Қазіргі кезде табиғи құқықты реттеудің екі көзқарасы қарастырылады:

- олар табиғи құқықтар болғандықтан, конституциямен туындамайды әрі конституциялық реттеуді қажет етпейді (Голландия, АҚШ) .

- табиғи құқықтар ең маңыздысы, сондықтан оны конституцияда бірінші кезекте бекіту қажет.

Позитивті құқықтар конституцияда және өзге нормативтік құқықтық актілерде бекітілген, мемлекетпен шығарылатын құқықтар. Олар, саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтар.

Адам құқығы мемлекетте тұратын барлық адамдарға, оның азаматтығына қарамастан тиесілі (жеке құқықтар) .

Азаматтың құқығы тек сол мемлекеттің тұрақты саяси-құқықтық байланыста болатын, арнайы құжаттармен анықталған, сол елде тұратын азаматтарына берілетін құқықтар (саяси құқықтар) .

Жеке құқықтар адамды әлеуметтік-биологиялық тұлға ретінде сипаттайды. Олар:

- өмір сүру құқығы;

- бостандық құқығы;

- қадір-қасиет құқығы;

- жеке басқа қолсұғылмау құқығы;

- заң алдында барлығының теңдігі;

- жүріп-тұру бостандығына құқығы;

- ар-ұждан бостандығы;

- өз ойын білдіру бостандығы;

- әркімнің өзінің ұлтын, қай партияға, дінге жататынын көрсету-көрсетпеуге құқығы;

Саяси құқықтар азаматтардың мемлекеттің саяси өміріне қатысуымен сипатталады. Олар:

- сайлау құқығы (белсенді сайлау құқығы) ;

- сайлану құқығы (бәсең сайлау құқығы) ;

- мемлекеттік басқаруға қатысуға және мемлекеттік қызметке кіруге құқығы;

- бірлестіктерді құру құқығы;

- баспасөз және ақпарат бостандығы;

- бейбіт және қарусыз жиналуға, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге, тосқауылдар құруға құқығы (бұл құқықтың мақсаты қандай да бір мәселелерді шешетін мемлекеттік органдарға әрекет ету) ;

- петиция құқығы.

Экономикалық құқықтар мен бостандықтар бәрінен бұрын меншік құқығы әрі өндіріс саласында, тауар тұтынудағы қызметке құқық және елдің экономикалық өмірдің қатысушысы ретінде болуы:

- жеке меншік құқығы;

- кәсіпкерлік қыметті жүзеге асыру бостандығы.

Әлеуметтік және еңбек құқығы адамды мемлекет және қоғам жағынан қолдау нысаны:

- ауруына, кәрілігіне, мүгедектігіне, жұмыссыздығына байланысты материалдық көмек;

- әлеуметтік қамсыздандыру;

- ақысыз дәрігерлік көмек құқығы;

- білім алу;

- денсаулық сақтау;

- тең еңбек құқығы;

- тынығу құқығы

Мәдени құқықтар рухани байлыққа қол жеткізу:

- шығармашылық бостандығы;

- ғылыми зерттеулер;

- мәдени құндылықтар.

Адам мен азаматтардың құқық пен бостандық кепілдіктері жүзеге асырылуына байланысты халықаралық-құқықтық және ішкі құқық пен бостандық кепілдіктері жүзеге асырылуына байланысты халықаралық- құқықтық және ішкі мемлекеттік болып бөлінеді.

Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады.

Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды.

Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады.

Сол құқық пен еркіндіктің адам мен қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.

ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.

Негізгі еркіндіктер мен құқықтарға ерекше заңдық қасиет тән:

а) конституциялық құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайды және басқа құқық салаларында бекітілген барлық құқықтың негізінде болады;

б) әрбір адам мен азаматқа негізгі құқықтар мен еркіндктер бекітіледі. Барлық басқа ( негізгі емес) құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның әртүрлі дәрежені иеленуімен байланысты (жұмысшылар мен қызметшілердің, мүлік иелерінің, тұрғын үйді иеленушілер және т. б. )

в) негізгі құқық, еркіндік пен міндеттердің негізгі сипаты олардың жалпыға бірдейлілігі. Олар тең және бәрі үшін түгелімен ортақ, сәйкесінше әр адам немесе әр азамат үшін. Мемлекеттің қандай да бір құқықты негізгі деп тануы оның барлығымен жүзеге асырылу мүмкіндігінен туындайды.

г) ҚР азаматтарының негізгі еркіндіктері мен құқықтары басқа құқықтар мен міндеттердің пайда болу негізінен ерекшеленеді. Жалғыз мұндай негіз ҚР азаматтығында болу болып табылады. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның мемлекетпен байланысын, оның азамат ретіндегі дәрежесін көрсетеді;

д) ҚР азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктерін азамат өзін еркін білдіру бойынша иелене алмайды және айырылмайды. Олар оған азаматтықтың күшімен келеді, құқықтық дәрежеден бөлінбейді және тек азаматтықты жоғалтқан кезде ғана жоғалтуы мүмкін.

е) негізгі құқықтар мен еркіндіктер оларды жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Басқа құқықтар мен азаматтың нақты құқықтық қатынастарға қатысуы арқылы оның құқықтық қабілеттілігін жүзеге асыру процессінде адам мен азаматтың игілігі болуы мүмкін. Негізгі құқықтар нақты сферада кез-келген құқықтық қатынастың алғы шарты ретінде және әр бір құқықтық қатынасқа қатысушының тұрақты ажырамас құқығы болады.

ж) негізгі құқықтар, еркіндіктер мен міндеттердің басты сипаты олардың бекітілуінің ерекше заңдық формасы, олар жоғарғы заңдық күші бар мемлекеттің құқықтық актісі - Конституцияда жазылған.

Жоғарыда көрсетілген белгілер адам және азаматтық негізгі құқығы мен еркіндігін сипаттайды. Оған төмендегідей тұжырым жасауға болады.

Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері - бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы - бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы.

Азаматтық құқығы - бұл тұлғаға тек мемлекетке қатыстылығының күшіне байланысты бекітілетін құқықтар мен еркіндіктер.

Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса) . "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы - адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:

олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;

объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;

туғанынан беріледі;

табиғи (су, жер, ауа, т. б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;

тікелей әрекетті болып табылады;

ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;

құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;

жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;

оларды мойындау, сақтау және корғау - мемлекеттің міндеті.

Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті - адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.

ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді.

Нақты жүйе адам мен азаматтың өміріне қатысты құқық пен еркіндіктің өзіне тән ерекшелік сипатын көрсетеді.

Бұл белгінің негізінде конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді үш топқа бөлу қарастырылады: жеке; әлеуметтік-экономикалық; саяси.

1. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15 бап), жеке басының бостандығы құқығы (16 бап), мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17 бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.

2. Саяси құқық пен еркіндік - бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен еркіндіктердің бір тобы.

Саяси құқықтар мен еркіндіктер мемлекет азаматтығын алумен тығыз байланысты болады. Оған жататындар: бірлесу бостандығы (23 бап), мемлекеттік істергі қатысу мен басқару құқықтары (33 бап), бейбіт түрде жиналу, соның ішінде қарусыз жиналу құқығы, жиналыстар мен митинглер, шерулер ұйымдастыру құқығы (32 бап) .

3. Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен еркіндігінің ерекше тобын әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар құрайды. Олар жеке меншік құқығы(26 бап), еңбек қатынастары, демалыс салалары (24 бап), денсаулық сақтау (29 бап), білім алу (30 бап), әлеуметтік қамтамасыз ету (28 бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31 бап) сияқты адам өмірінің маңызды сферасына қатысты және тұлғаның материалдық, рухани және басқа әлеуметтік мақсаттағы сұранысын қамтамасыз етеді.

Конституциялық-құқықтық мәртебе-Конституциямен өзге де конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары, зандық мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы. Конституциялық мәртебе құрылымына мынадай бөліктер кіреді:

негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер;

азаматтық;

құкық мәртебесінің кепілдіктері.

Мәртебе (статус) деген сөз латын тілінен аударғанда ахуал, жағдай деген мағынаны білдіреді.

Құқықтық мәртебенін түрлері

Құқықтық мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын кейбір санаттарына арнайы және туғанынан берілетін мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі; в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі; г) шетелдіктердің, азаматтығы жоктардың, босқындардың мәртебесі; ғ) шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі; д) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқыктық және т. б. е) кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат, министр, судья, прокурор мәртебесі) ; ж) әр түрлі шүғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймактарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі.

Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік мойындаудан және заңдық бекітулерден оның кандай да бір мемлекетке қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы өмір сүріп жаткан мемлекеттің қорғалуында болады. Екіншіден - әлемде көптеген адамдардың азаматтық мәртебесі (азаматтығы жоқ тұлғалар) жок, яғни олар формалді түрде адам құқығының иегері болып табылады, бірақ азаматтық құқығы жок.

  1. Адам мен азаматтық құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар

Адамдардың объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық коғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам және т. б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның баска түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.

Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы катынасқа қатысушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліссіз болмайды, уақыты шектелмейді, аумақтық - аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді.

Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайтын нормативтік-құқықтық акт болып табылады. Оған дәлел ата заңымызда көрсетіліп жазылған баптар құқықтық негізді құрайды. Мысалы меншік тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті; адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандылықты және тағы баска жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялык, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүлде - мақсаты.

Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдык бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизімін белгілейді.

Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардын күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, керінісін үдетеді немесе баяулата алады.

Азаматтық қоғам - адамзат дамуының нәтижесі, өркениет өнімі. Қоғамтанушы ғалымдар «азаматтық коғам» терминінің шығуын Көне Рим дәуіріне апарып тірейді. Өйткені, римдіктер әлемнің тең жартысын жаулап алып, өз азаматтарына жақсы өмір, қолайлы жағдай жасады. Алайда, Рим империясының құрамында халықтардың бәрі бірдей рим азаматтары болмады, қоғам патрицийлерге, плебейлерге және құлдарға бөлінді. Бірінші топтағылар азаматтық қоғамның жалпыға бірдей құқықтарын, еркіндігін, тәуелсіздігін, жеке меншік игіліктерін пайдаланса, плебейліктер мен құлдарға мұндай мүмкіндіктер берілмеген болатын.

Тегінде азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі. Бөлімшеде «Азаматтық қоғам» ұғымы қайдан пайда болған? - деген сауалға жауап беру үшін, диссертант әрбір тарихи дәуірдегі атақты ойшылдардың еңбектеріне шолу жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы
Азаматтардың құқықтары
Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретіндегі даму тарихы
Заңды тұлғалардың теориялары
Азаматтық құқық субъектілігі мен сабақтас құқықтық санаттардың пікірталас мәселелері
Қазақстан Республикасы құқық қабілеттіліктері
Азаматтық әрекет қабілеттілік ұғымының құқық қабілеттіліктен айырмашылығы
Азамат азаматтық құқық субъектісі
Салық саласында азаматтардың құқықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz