ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Титулдық бет

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

  1. Қоғамдық бірлестіктердің жалпы сипаттамасы . . . 5
  2. Қоғамдық бірлестіктерді құру аспектілері . . . 16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ . . . 19

2. 1 Қоғамдық бірлестіктердің ұйымдасытырылуы мен қызмет етуінің конституциялық негіздері . . . 19

2. 2 ҚР қоғамдық бірлестіктерінің конституциялық құқықтық мәртебесі . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28


КІРІСПЕ

Адам баласы жерде өмір сүргелі бері қоршаған ортаға өзара үзіліссіз әсер ету үстінде Адамның табиғи қоршаған ортаға тікелей өзара әсер етуінің негізгі барлық организмдер үшін тамақтану, демалудың биологиялық зат алмасу процесін құрайды.

Жердегі өмірдің даму логикасы адам қызметі негізгі фактор болады, ал неге биосфера адамсыз пайда бола алады, бірақ адам биосферасыз пайда бола алмайды. Сондықтан да бүкіл әлемдегі адам баласы болашақ ұрпақтың толымды болып туылуына байланысты табиғатты қорғау мен табиғат гармониясын сақтауы қажет және келешек ұрпақтың алдындағы негізгі міндеті болып табылады. Әр адамның экологиялық танымы дамуы тиіс. Қазіргі білім алудың негізгі міндеті - экологиялық ойлау қабілетінің дамуы мен қалыптасуы. Мынадай: «Табиғаттан барлығын алуға болады, табиғат - біздің үйіміз» деген сөздер бар. Табиғат пен адам бір-біріне өте тығыз байланысты тылсым дүниелер. Табиғат адамға берілген құдайдың сыйы. Осы кереметтей құдайдың сыйын әрбір азамат аялай және қорғай білуі тиіс. Өйткені адамның өзі табиғатты қорғай білсе, онда өзінің өмірінің қауіптілігі аз деген сөз.

Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында биологиялық әр алуандылықты міндетті түрде сақтау шартымен адамның өмір сүруі үшін қолайлы ортаны ұтымды деңгейде қамтамасыз ету мен ұстаудың принциптерін, стратегиялық мақсатын, міндеттері мен тетіктерін айқындайды. Оның іргесіне өндірістің ұтымды дамуы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау негізінде адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар туғызу стратегиясы қаланған.

Сондықтан да адамзат өзінің игілігі үшін қоршаған табиғи ортаны қорғауды ұтымды түрде қамтамасыз етуі өте қажет.

Халықаралық тәжірибеде, соңғы жылдары Қазақстанда да «қоғамның экологиялық құқықтары» деген термин кеңінен таралуда. Ол көптеген маңызды халықаралық құжаттарда қолданылады. Атап айтқанда, БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының 1998 жылғы «О доступе к информации, участии общественности в процессе принятия решений и и доступе к правосудию по вопросам, касающимся окружающей среды» атты Конвенциясы (Орхус конвенциясы) арнайы қоғамның экологиялық құқықтарына арналған.

Көптеген еуропалық экологиялық конвенцияларда қоғам «бір немесе бірнеше жеке немесе заңды тұлға» деп анықталады. Қазақстандық заңнамада қоғамның экологиялық құқықтары бұған қарағанда тар мағынада қоршаған ортаны қорғау аясындағы азаматтардың құқықтары мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары ретінде танылады. Олар дәл осылай «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңда анықталады және мұндай көзқарастың бірқатар мәнді кемшіліктері бар.

Біріншіден, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке қоғамдық бірлестіктермен қатар, басқада ұйымдық-құқықтық нысандардағы бірлестіктер де, мысалы, экологиялық мамандандырылған қызмет атқаратын қоғамдық қорлар мен мекемелер, пәтер меншік иелерінің кооперативтері мен кейбір басқада бірлестіктер қатысуы мүмкін. Әрине, бұл бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау аясындағы құқықтарының танылмауы олардың табиғатты қорғау қызметін жүзеге асыруына тиым салуды білдірмейді.

Екіншіден, көптеген елдерде «қоғамдылық» ұғымына заңды тұлға ретінде тіркеусіз әрекет ете алатын азаматтар мен бірлестіктердің формальды емес ұйымдары кіреді. Орхус конвенциясына сәйкес, олар ұлттық заңнама мен тәжірибеге байланысты қоғамдылық ұғымына енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар қазақстандық заңнамада тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тыйым салынады.

Бұл экологиялық құқықтарды қорғау қызметін жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Көптеген шет елдерде осы мақсатты іс жүзіне асыру үшін мүдделі тұлғалар бірлестіктер құра алады. Қазақстандық заңнамада уақыт пен құралдарды көл талап ететін қоғамдық бірлестіктерді құрудың күрделі процедурасы әрекет етеді, сондықтан экологиялық құқықтарды ұжымдық пайдалану механизмін пайдалану қиын.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қоғамдық бірлестіктердің жалпы сипаттамасы

Қоғамдық бірлестік - ортақ мақсатқа жету үшін, мысалы саяси партиялар, кәсіби одақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері үшін еркін негізде құрылған азаматтар бірлестігі.

Қоғамдық ұйымдар, яғни азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру үшін құрылатын ерікті бірлестіктер, әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігуге құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабында бекітілген. Қоғамдық бірлестіктердің билік өкілеттігі жоқ, мемлекеттік органдардан айырмашылығы сонда. Оларға мүше болудың еріктілігі қоғамдық бірлестіктердің өзі белгілейтін тәртіп пен талаптарға бағынады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық ұйымдар болып табылмайды. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес заңнамаға қайшы келмейтін, олардың ортак мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрылған сажи партиялар, кәсіподақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады.

Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау, белсендiлiгi мен ынталылығын дамыту; кәсiби және әуесқойлық мүдделерiн қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылыққа қатысу; мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргiзу; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау; патриоттық, құқықтық және адамгершiлiк тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi.

Экстремистiк мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрілген құралымдарды құруға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендiрiлген құрылымы, түрi, арнаулы айырым белгiлерi, гимндерi, жалаулары, вымпельдерi, iшкi тәртiп пен басқарудың ерекше ережелерi, қаруы, соның iшiнде қару iспеттес заттары бар әскерилендiрiлген құрамалар үлгiсiндегi қоғамдық бiрлестiктер құруға тыйым салынады.

Басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi.

Азаматтардың денсаулығы мен адамгершiлік негiздерiне қастандық жасайтын қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ тiркелмеген қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен оған қайшы келмейтін басқа да заң актілерінен тұрады.

Осы Заңның күші азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бірлестіктерге қолданылады, бұған діни бірлестіктер, құрылу тәртібі мен қызметі өзге заң актілерімен белгіленетін өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кірмейді.

Осы Заңның күші Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс істейтін шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) қызметіне қолданылады, бұған діни бірлестіктер кірмейді.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Саяси партиялардың, кәсіптік одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бірлестіктер түрлерінің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшеліктер өзге заң актілерімен реттелуі мүмкін. Аталған қоғамдық бірлестіктердің өзге заң актілерімен реттелмеген қызметі осы Заңмен реттеледі.

Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер істеріне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың міндеттерін жүктеуге жол берілмейді.

Қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органдармен ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл етуі, олармен келісімдер жасасуы мүмкін, мемлекеттік органдармен шарттар бойынша олар үшін заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстар орындауы мүмкін.

Қоғамдық бірлестіктер аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.

Қоғамдық бірлестік - ол коммерциялық емес ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанының бір түрі, ол өз кезегімен заңды тұлға түрінің бірі болып табылады (ҚР Азаматтық кодексі, 34 бап) .

ҚР Конституциясының 23 бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығы бар деп бекітілген. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледі.

«Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 5 бабына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау, белсендiлiгi мен ынталылығын дамыту; кәсiби және әуесқойлық мүдделерiн қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметке қатысу; мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргiзу; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау; патриоттық, құқықтық және адамгершiлiк тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi.

Заңның 10 бабына сәйкес қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемiнде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылтай съезін (конференция, жиналыс) шақырып, онда жарғы қабылдап және басшы органдар қалыптастырылып құрылады.

Бірлестікті құру үшін алдын ала оның мәртебесін анықтауды қажет, қолданыстағы заңнама жергілікті, аймақтық және республикалық мәртебелерін қызмет жасауға рұқсат береді. Аймақтық және республикалық қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік тіркеуді Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде (бұдан әрі - ӘМ ТҚҚККК), жергілікті аймақтық әділет органдарында өтеді.

Заңның 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер республикалық қоғамдық бiрлестiктерге жатады.

Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер аймақтық қоғамдық бiрлестiктерге жатады.

Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерге Қазақстан Республикасының бiр облысы шегiнде жұмыс iстейтiн бiрлестiктер жатады.

Мемлекеттік тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына (жергілікті қоғамдық бірлестіктер, республикалық және аймақтық мәртебелерімен ӘМ ТҚҚККК) заңды тұлғаның шамалаған орналасқан жері бойынша көрсетілген құжаттар тізімімен жүгіну қажет:

белгілеген нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтiнiшi;

құрылтай съезiнде (конференцияда, жиналысында) қабылданған жарғы, мемлекеттік және орыс тілінде 3 дана;

жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) оған төрағасы және съезд (конференция, жиналыс) хатшы қол қойылған хаттамасы;

- тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, жылы, ЖСН, мекен-жайы, үй және қызмет телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетiлген қоғамдық бiрлестiктің бастамашы-азаматтарының тiзiмi;

- қоғамдық бiрлестiктiң тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жерiн растайтын құжат;

- заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат (6, 5 ЕАК, жасөспірім және балалар қоғамдық бірлестіктермен мүгедектер бірлестіктер үшін 2 ЕАК) .

бастамашы-азаматтарының және басшысының жеке басының куәландыратын құжаттарының (паспорттарының) көшірмелері.

Қазақстандағы нарықтық реформаларды өткізудің басынан бастап шағын кәсіпкерлік экономиканың бөлек бір саласы ретінде өз бетінше өркендей бастады. Өз құқығын және мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін айта отырып заңды мәртебесін алды. Бұған қарамастан шағын кәсіпкерлік қоғамның экономикалық және әлеуметтік саласына едәуір әсер етпейтінін мойындау қажет.

Атқарушы және заңды билік өкілдері, барлық дәреженің саясаткерлері экономиканың дамуы үшін шағын кәсіпкерліктің маңызды екенін мойындауда. Оны барлық тарапынан қолдап, қолғабыс жасау үшін барынша бағыттарын өзгертуде. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша заңдар қабылднып, бағдарламалар бекітілуде. Дегенмен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін шағын кәсіпкерлік маңызды рөл атқаратынын билік органдары мойындағанымен басында пайда болған мәселелер бүгінгі күнге дейін соңына дейін шешілмеген.

Бұл мәселелер мынадай:

• әкімшілік кедергілер;

• кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамытудағы кемшіліктер;

• қаржылық-несиелеуді қамтамасыз етудің жетілмегендігі;

• ақапараттың жетіспеушілігі;

• кәсіпкерлердегі білімнің төмендігі.

Бұл мәселерді шешу үшін, мемлекеттік құрылымдардың қолдауынан басқа экономикалық, әкімшілік саясатына әсер ету мақсатында мемлекеттік емес ұйымдарды да құру қажет. Ары - қарай бұл бірлестіктердің шаған және орта бизнестің даму процессіндегі рөлін анықтаймыз. Бизнес және билік арасындағы қарым-қатынс құралы ретунде қолдану және құрудың қажеттілігін айту.

Мемлекеттік емес ұйымдар (МЕҰ) - бұл заңға қайшы емес жалпы мүдделерге қол жеткізу үшін еркін негізде Қазақстан азаматтарымен құрылған коммерциялық емес ұйым. Азаматтық қоғамды құру мәселелері бойынша, әлеуметтік проблемаларды шешу барысында мемлекет және азаматтар арасындағы делдал қызметті атқара отырып МЕҰ қоғамдық қатынастарды реттеуші механизмдердің бірі деуге болады.

Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар қоғамдық бірлестік, қорлар немесе заңды тұлғалар бірлестігі, қауымдастық (одақ) үлгісі ретінде де құрылуы мүмкін.

Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың өз еркімен біргелесіп құру нәтижесіндегі ұйым. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың мүдделерін және саяси, экономаикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қорғау және іске асыру мақсатында құрылады.

Қорлар болып, жеке мүліктерін өз еркімен енгізу негізінде заңды тулғалар және азаматтармен құрылған мемлекеттік емес ұйымдар мойындалады.

Коммерциялық ұйымдар олардың кәсіпкерлік қызметін координациялау мақсатында, жалпы мүліктік және басқа да мүдделерді қорғау және ұсыну өзара келісім-шарт арқылы, сонымен қатар біргелесіп коммерциялық емес ұйымдармен қауымдастық (одақ) үлгіде бірлестіктер құруларына болады.

Барлық кәсіпкерлік қауымдастықтардың қызметтері функциялардың бірқалыпты теруін енгізеді:

• мемлекеттік саясат мәселелері бойынша мүшелердің коллективті позициясының көрінуі, олардың корпоративті шешімдеріне тиісті мемлекеттік шешімдерді орындауға қатысу;

• өз мүшелері арасындағы іскерлік қатынастарды ұйымдастыру, дөңгелек үстел және семинарларды ұймдастыру;

• кәсіпкерлік қызметті өз секторында немесе өзінің жергілікті аймағында координациялау;

• сыртқы экономикалық қатынастарды түзуге қауымдастық мүшелеріне қызметтер мен көмектерді ұсыну

• ақпараттық қолдау.

Қауымдастыққа кіру үшін әдетте кіріс жарнасын төлеп, басқарушы атына өтініш жазған жеткілікті. Кейде бірлестіктің басқа мүшелері мінездемелерін талар ету мүмкін.

Төменде Қазақстанда жұмыс жасайтын кейбір бизнес-қауымдастықтар туралы қысқа мінездемелер және тізімдер көрсетілген. Қауымдастықтар туралы толыққанды мәліметтер олармен байланысу ақпараттарымен қосымшада көрсетілген.

«Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ Оны құру туралы шешім Қазақстанның кәсіпкерлері Конгрессін өткізу барысында қабылданған болатын.

Қайта құрылған бірлестіктің басты мақсаты болып бекітілген:

• отандық бизнес мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру және мемлекеттің әлеуметті-экономикалық бағдарламаларын іске асыру және координациялау, оны құруға қатысу;

• отандық бизнесті құруға және әлеуеті төмен халықты қолдауға бағытталған мемлекеттің әлеуметтк бағдарламаларын орындауға қатысу, ұлттың денсаулығын нығайту, білімді және мемлекеттік тілдің рөлін дамыту және республикадағы конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарды нығайту;

• әртүрлі деңгейдегі атқарушы және заңды билік органдарына нормативті құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен өңдеулерді іске асыру;

• кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша халықаралық және қазақастандық мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынстарды дамыту және бекіту.

Қазіргі таңда одақтың құрамына мыңдаған қазақстанның экономикалық секторында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін 34 басты салалық қауымдастықтар кіреді. Олардың ішіне мұнайгазды саласы ұйымдарының қауымдастығы, кен қазу және кен - металургиялық кәсіпорындар, сүт және сіт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шылым өндірушілер және кәсіпорындар, IT-компаниялар, сауда-өнеркәсіптік палаталарының одағы, фермерлер, құс өсіруші және инжиниринг компаниялар кірген.

«Атамакен» Одағының филиалы республиканың барлық аймақтарында құрылған. Қазіргі таңда Одақ өкілеттіктерін аудан және қала орталықтарында құру жүзеге асырылуда.

«Қазақстан кәсіпкерлеріның форумы» ЗТБ заңды тұлғалар ынтасымен құрылып еркіндік, мүшелер құқықтарының теңдігі, өздері басқаруға мүмкіндіктердің болуы, заңдылық, қызмет есептілігі және жариялылығы негізінде жұмыс жасайды.

Форум өз мақсаты ретінде кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды санайтын аймақтық және салалық одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің, қорлар мен басқа да ұйымдардың өз еркімен бірлескен тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып саналады.

Форумды құру мақсаты - кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау және экономикалық реформаның жылжуына қатысатын кәсіпкерлер ұйымы және қорлардың, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың, салалық және аймақтық одақтарды бірлестіру.

Форумның қызметі:

• Форум мүшелерінің мүдделерін және құығын қорғау;

• кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы жобаларды және іске асыруға, координациялауға, өңдеуге көмек;

• ғылыми-методологиялық және баспа ісі бойынша ақпаратты-кеңестік жұмыстарды ұйымдастыру;

Бұл республикадағы танымал, үлкен, белсенді жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестіктердің бірі. Бірлестіктің қызметі салмақты саяси беделге, экономиканың барлық салаларының кәсіпкерлерін, қоғамдық ұйымдардың, мемлекет, министрлік және ведомствалардың басшыларымен үлкен көлемдегі кездесулер мен форумдарды өткізу барысында ие болды. Кәсіпкерлердің алғашқы форумы 1992 жылы маусымда «Қазақстанның жастар одағы» атауымен өтті. 2003 жылға он шақты форум өткізілді. 1998 жылы «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ұйымдастырушылық құрылымды құруға бел буды. (ҚКФ) қоғамдық бірлестік үлгісінен соң, қоғамдық бірлестіктен заңды тұлғалар бірлестігіне ауыстырылды.

Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы құрамына кіретін кәсіпорындардың саны - 120. 484

Қазіргі таңда «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ұйымының Қазақстанның әр бір аймағында облыстық филиалдары құрылған.

«Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ

2000 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы тіркелді. Оның мүшелері 10 аймақтық палата болды. Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік Одағының Жарғысында шағын кәсіпкерлікті қолдау басты міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Палата бұл экономиканың саласына басты рөльді атқаруға бар күшін салуда.

Жыл сайын аймақтық СӨП және Қазақстанның СӨП Одағының қызметтері шағын кәсіпкерлікпен айналысатын 50 мың тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субьектілеріне көрсетіледі. Палата мүшелеріне ақпараттар тегін беріліп, басқа қызмет түрлеріне жеңілдіктер бар.

Қызметтер тізімі:

• мекен-жайлық ақпаратты беру;

• статистикалық мәліметтерді беру;

• көрмелер бойынша ақпараттар;

• тұсаукесерлерді ұйымдастыру;

• рынок жөнінде қысқаша мәліметтер;

• Қазақстан бойынша және одан тыс жерлерде әріптестерді іздеу.

Кәсіпкерлердің мүдделері мен құқықтарын билік органдарында қорғау бизнес-қауымдастықтың басты қызметінің бірі. Көбіне кәсіпкерлер осы мақсатпен бірлеседі.

Кәсіпкердің заңды құқығы бұзылған жағдайда «шындықты» іздеп көбісі шағымданбайды. Одан тағы басқа мәселелер туындауынан қорқады. Сол себепті кәсіпкерлер жалғыз шағымданудан бас тартады.

Тиісті билік сатыларына тәуелсіз құрылымдар кәсіпкерлер бірлестігінің өкілдері жолданым жіберсе басқа мәселе. Бір ғана мысал келтірейік: Қостанай облысының Кәсіпкерлік Қызметке Қолдау Қауымдастығының директоры қала прокуратурасына Қостанай қаласының АШМ аймақтық басқару қызметкерлерінің істеріне шағымданады. Олар жеке кәсіпкерге қарасты асхананы тексеру барысында заңсыздықтарға жол беріледі. Мемқызметкерлердің заңсыз істерінің нәтижесінде асхана өз жұмысын 7-8 сағатқа доғарады

Былай қарасаңыз көтеретін де мәселе емес сияқты. Асхана иегері билік сатыларына өз әрекетінің түкке де тұрмайтынын түсінгенше жүрер еді. Дегенмен, Қауымдастықтың өкілі прокуратураға басқа мәселе бойынша шағымданады.

Тез арада істің мән жайы анықталып «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдары бойынша қателер жіберілгендігі дәлелденді. Қостанай қ. прокуратурасының жүргізген тексерулері барысында Қостанай қ. ҚР АШМ аймақтық басқарма заңсыздықтарды жою бойынша өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды жүргізді.

Бұл прокуратура органы мен кәсіпкерлер бірлестіктерінің біргелескен сәтті істерінің бірі. Ол бірлестіктер беделінің қаншалықты жоғарылағанының дәлелі.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің көптеген бірлестіктері, мемлекеттік органдармен кәсіпкерлердің мүдделерін қарастыратын атқарушы билік жанындағы сараптамалық кеңестердің, комиссиялардың, әртүрлі комитетермен жұмыс жасау қарым-қатынастың түрлерін игерді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
Судьялардың мәртебесі
Халықаралық ұйымдардың тұлға құқықтарын қорғаудағы орны
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы
ҚР шетел азаматтарының меншік құқығы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары»
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Сот билігі жайлы
Конституция және сот билігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz