Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасын Президентті сайлау тәртібі мен оны тіркеу
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚР ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ҚР Президентін сайлау тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ҚР сайлау тәртібі. Республика Президентiнiң тіркеу, өкiлеттiк мерзiмi мен айырым белгiлерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2 ҚР ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ...19
2.1 Сайлау алдындағы үгіт, сайлау алдындағы үгіт жүргізудегі құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар ... ... ... ... ..21
3 РЕСПУБЛИКА ПРЕЗИДЕНТТIГIНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ...24
3.1 Республика Президенттігіне кандидаттарын тіркеу және дауыстарын санау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстанда президенттік басқару ХХ ғасырдың 90 жылдарында басталған саяси өзгерістер аясында дүниеге келді. Президент билігінің заңдылығы бүкілхалықтық сайлаумен қамтамасыз етіледі. Сайлау саяси жүйені жаңартуды қамтамасыз ететін маңызды, әрі басты факторлардың бірі.
Сайлау процедурасы арқылы адамдар қоғамдық міндеттерді орындауға белгілі бір тұлғаларды ұсынып, сайлайды. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес республика азаматтары мемле- кеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына өз өкілдерін сайлауға құқылы. Сайлау арқылы адамдар мемлекеттік шешімдерді қабылдауға ықпал етіп, оны өзгерте алады. Демек, сайлау халық билігі қағидатын жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Сондықтан Қазақстан азаматтары президенттік сайлауға қатысу арқылы өздерінің, елдің тағдырын анықтауға атсалысады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Президент өкілеттігі, оны сайлау тәртібі, саяси өмірдегі рөлі мен мәртебесі конституциялық нор- малармен анықталған. Айта кеткен жөн, бұл ережелер 1990-2013 жылдар аралығында уақыт сыны- нан өтіп жетілдіріліп, толықтырылды. Мәселен, 1990 жылы 24 сәуірде ХІІ шақырылымдағы
Жоғарғы Кеңестің бірінші сессиясында қабылданған Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақ ССР-ның заңы бойынша президентті сайлаудың екі жолы ұсынылды: бірі - ҚазССР-нің Президенті ҚазССР-нің азаматтарымен тікелей, бүкілхалықтық сайлауда 5 жылға сайланды. Президент сайлауы сайлаушылардың кем дегенде 50 пайызы қатысқанда шынайы болып есептелді; екіншісі - ҚазССР- нің Президенті ҚазССР-нің Парламентімен 6 жыл мерзімге сайланды. ҚазССР-і
Президенті лауазымына кандидатураны республикандық органдар арқылы қоғамдық ұйымдар, кем дегенде 90 адамнан тұратын халық депутаттарының топтары ұсына алды. ҚазССР-нің халық депутаттарының жалпы санының жартысынан көбінің дауысын жинаған кандидат сайланған болып есептелді.
Осыған орай курстық жұмыстың өзектілігі жоарыда аталған мәселелерден туындайды.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасын Президентті сайлау тәртібі мен оны тіркеу, аталған үрдістен кейін дауыстарын санау, қайта сайлау және сайлау алдындағы президент кандидаттарының үгіт жұмыстары туралы қарастыру болып табылады.
Аталған курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
ҚР Президентін сайлау тарихын, ҚР сайлау тәртібін, республика Президентiн тіркеу және өкiлеттiк мерзiмi мен айырым белгiлерiне тоқталу;
сайлау алдындағы үгіт, сайлау алдындағы үгіт жүргізудегі құқықтық аспектілерді анықтау;
республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптарды айқындап, президенттікке кандидаттарды тіркеу және дауыстарын санаудағы ұйымдастыру жұмыстарын қарастыру болып саналады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президентін сайлау және олардың алдындағы атқарылатын түрлі жұмыстар бойынша тараулар қарастырылып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Президент кандидаттарын сайлау жүйесі.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ҚР ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ
ҚР Президентін сайлау тарихы
Қазақстан Республикасының Президенті -- мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және cот тармақтарына бөлінеді.
1990 жылы 01 сәуірде "Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды.
Осыған орай Қазақ КСР Конституциясы Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі алғаш рет айқындалған "Қазақ КСР Президенті" жаңа тарауымен толықтырылды.
Қабылданған Заңға сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР басшысы болып табылды. Қазақ КСР-інің отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл тұрақты тұрған, қазақ және орыс тілдерін білетін азаматы Қазақ КСР Президенті болып сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады.
Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР-інің азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлады. Қазақ КСР Президенті бір мезгілде Қазақ КСР немесе Халық депутаттары жергілікті кеңесінің халық депутаты бола алмады.[1]
Қазақ КСР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды:
Республика аумағында түратын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; республиканың егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар қолданады; одақтық шарттың сақталуын қамтамасыз етеді; елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының өкілі болып табылады; Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының КСРО Федерациясы Кеңесіндегі өкілі болып табылады; Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарын өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; республикадағы жағдай туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне жыл сайын баяндама жасайды және Қазақ КСР-інің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің неғұрлым маңызды мәселелері туралы дүркін-дүркін хабарлап отырады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақ КСР Бас мемлекеттік арбитры қызметіне кандидатураларды ұсынады; аталған лауазымды адамдарды, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасынан басқаларын міндеттерінен босату туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне ұсыныс енгізеді; Қазақ КСР Министрлер Кеңесін орнынан түсіру туралы не оның орнынан түсуін қабылдау туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алдына мәселе қояды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының келісуі бойынша Қазақ КСР Үкіметінің мүшелерін қызметінен босатады және оларды тағайындайды, кейіннен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне үсынады ;
Қазақ КСР зандарына қол қояды; қайта талқылау және дауыс беру үшін өзінің қарсы пікірлерін жазып, заңды екі апта мерзімнен кешіктірмей Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне қайтаруға құқылы; Қазақ КСР-інің мүдделерін қозғайтын КСРО заңдарының КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясына сәйкестігі туралы КСРО Конституциялық қадағалау комитетіне ұсыныс енгізеді; КСРО Министрлер Кеңесінің Қазақ КСР-інің мүдделеріне қайшы келетін қаулылары мен жарлықтарының қолданылуын тоқтата тұру туралы КСРО Президентіне өтініш жасайды; КСРО Министрлер Кеңесіне оған қарасты басқару органдарының Қазақ КСР-інің мүдделеріне қайшы келетін актілеріне наразылық білдіреді және наразылық білдірілген актілердің Қазақ КСР аумағында қолданылуын тоқтатады; Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулылары мен жарлықтары, Қазақ КСР министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің актілері Қазақ КСР Конституциясына және Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген ретте олардың қолданылуын тоқтатады, келіссөздер жүргізеді және Қазақ КСР-інің халықаралық шарттарына қол қояды; өзінде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақыру грамоталарын қабылдайды; Қазақ КСР-інің шет мемлекеттердегі және халықаралық үйымдар жанындағы дипломатиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады; Қазақ КСР-інің қүрметті атақтарын береді және Қазақ КСР-інің мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды; Қазақ КСР-інің азаматтығына қабылдау, пана беру мәселелерін шешеді; Қазақ КСР соттары соттаған азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; Қазақ КСР азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай енгізіп, қабылданған шешімді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне дереу табыс етеді [2]
Қазақ КСР Президенті жанында Қазақ КСР Президентінің Кеңесі жұмыс істеді, оның міндеті Қазақ КСР-нің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылды. Презндент Кеңесінің мүшелерін [Қазақ КСР ПрезидентҚазақ КСР Президенті тағайындайды. Президент Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымы бойынша кіреді. Президент Кеңесінің мәжілістеріне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы қатысуға құқылы. Қазақ КСР Президентінің ешкім тимеу құқығы бар. Президент Қазақ КСР Конституциясын бұзған ретте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Конституциялық қадағалау комитетінің қорытындысын ескере отырып, Қазақ КСР халық депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі даусымен Қазақ КСР Президентіне сенімсіздік білдіреді және оны орнынан түсіру туралы халықтық дауыс беру (референдум) өткізу жөнінде мәселе қояды. Осы заңмен Қазақ КСР Президентінің Орынбасары Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңа Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Президентінің Орынбасарына, ал егер бұл мүмкін болмаса -- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысады. Бүл орайда Қазақ КСР-інің жаңа Президентін сайлау үш ай мерзім ішінде өткізілуге тиіс. Қазақ КСР-інің бірінші Президенті мен оның Орынбасарын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі алты жыл мерзімге сайлайтындығы белгіленді.
1990 ж. 20 қарашада қабылданған "Қазақ КСР-нда мемлекеттік билік пен басқару қүрылымдарын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес Қазақ КСРПрезиденті Қазақ КСР жоғары атқарушы және өкімші билік басшысы болып табылатындығы; Қазақ КСР Президентінің үсынысымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Қазақ КСР Вице-президенті лауазымы құрылды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Қазақ КСР Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Президиумы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары лауазымдары таратылды. Заң Қазақ КСР Премьер-министрі мен Қазақ КСР мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыстың негізгі бағыттары жөніндегі мемлекеттік кеңесшілер қызметтері құрылды.
Қазақ КСР Министрлер Кабинетін Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Премьер-министрі, министрлері, Қазақ КСР мемлекеттік комитеттер төрағалары құрамында құрылды. Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қүрамынаҚазақ КСР мемлекеттік кеңесшілерін, Қазақ КСР-дің басқа да органдары мен ұйымдарының басшыларын енгізуге құқықты болды. Қазақ КСР Премьер-министрі мен Министрлер Кабинетінің құрамын Қазақ КСР Президентінің ұсынысы бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі бекітті. Қазақ КСР Президенті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Аппараттары Қазақ КСР Президентінің Аппараты болып біріктірілді. Қазақ КСР Президент Кеңесі таратылды. Қазақ КСР Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган -- Республика Кеңесі құрылды. Республика Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Вице-президенті, Қазақ КСР Премьер-министрі, облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР Президенті тағайындаған өзге де тұлғалар лауазымдары бойынша кіреді. Қазақ КСР-да халықтық бақылау органдары таратылды. Қазақ КСР мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылымындағы атадған өзгертулердің қабылдануына байланысты сәйкес өзгертулер мен толықтырулар Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) енгізілді.
Қазақ КСР, оның жоғары атқарушы және өкімдік билігінің басшысы Қазақ КСР Президенті болып табылды. Республика Президентінің өкілеттігі төмендегіше толықтырылды: Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қызметіне басшылық етеді; Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің Премьер-министрін тағайындайды және оны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бекітуге үсынады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне КСРО Бас прокурорымен келісілген Қазақ КСРБас прокурорының кандидатурасы мен Қазақ КСР Бас прокуроры орынбасарларының кандидатураларын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үсынады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметіне кандидатуралар үсынады, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасынан басқа аталған лауазымдарды міндетінен босату туралы үсыныс енгізеді; облыстық және Алматы қалалық Халық депутаттары кеңестерінің төрағаларын олар өздерінің қызметтік міндеттерін тиісті орындамаған немесе әдепсіз қылықтар жасаған жағдайларда мерзімінен бұрын қызметтерінен босатады; Жоғарғы Кеңес алдына Қазақ КСР Министрлер Кабинетін отставкаға жіберу немесе отставкасын қабылдау туралы мәселе қояды, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің мүшелерін қызметінен босатады және тағайындайды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бекітуге ұсынады; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын құрады және таратады.
Басшылары Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің құрамына кіретін Қазақ КСР мемлекеттік басқару органдарын құру мен тарату туралы шешімдер Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне ұсынылады; Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қаулылары, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті Премьер-министрінің өкімдері, министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар актілері Қазақ КСР Конституциясы мен Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген жағдайда олардың күшін жояды немесе тоқтатады; қүқықтық саясатты айқындайды және қүқық қорғау қызметіне басшылық етеді. Қазақ КСР Президенті жанында консультативті-кеңестік орган -- Республика Кеңесі қызмет етті, міндеті Қазақ КСР-інің ішкі және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру бойынша кепілдемелер дайындау болып табылды. Республика Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Вице-президенті, Қазақ КСР Премьер-министрі, облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР Президенті тағайындаған өзге де тұлғалар лауазымдары бойынша кірді. Қазақ КСР Вице-президенті Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асырута мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңа Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Вице-президентіне, ал егер бүл мүмкін болмаса -- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысатын болды.
1991 жылы 25 тамызда "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Президентінің қүзіретіне қосымша өкілетгіктер жатқызылды: Қазақ КСР Президенті қажет болған жағдайда Қазақ КСР аумағында орналасқан одақтық баіъшыстағы үйымдарды, кәсіпорындарды бірінші басшыларын тағайындайды және оларды қызметген босатады; Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін тағайьшдайды; егер одақгық органдардьщ шешімдері Қазақ КСР зандарына және жоғары атқарушы өкімет актілеріне қайшы келетін болса, олардың орындалуын тоқтата тұрады; Қазақ КСР аумағында орналасқан барлық ішкі әскерлерге басшылықгы жүзеге асырады. Қазақ КСР Президентінің өкілеттігі конституциялық рәсімдер сақтала отырып, ол отставкаға шыққан жағдайда, сондай-ақ өзге де себептермен өз өкілеттігін жүзеге асыруы мүмкін болмаған реттерде тоқтатылады. Соңғы жағдайда Қазақ КСР Президентінің өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін еместігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Қазақ КСР Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі, Қазақ КСР Конституциясының 14-3 бабының 3-бөлігінің 8, 10 және 13-тармақтарында көзделгендерді қоспағанда, (облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесі төрағаларын қызметтеріненмезгілінен бұрын босату; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын құру және тарату; сондай-ақ Қазақ КСР заңдарына қол қою процедурасы) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР вице-президентіне, ал егер бұл мүмкін болмаса -- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына беріледі.
1991 жылы 16 қазанда "Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы[5] қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСРПрезидентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына[6] белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.
1991 жылы 10 желтоқсанда "Қазақ Кеңестік Социалистік Республи- касының атауын өзгерту туралы" Қазақ КСР Заңымен[7] Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы[8] қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.
1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына[9] қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды.
1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес сессиясында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, онда алғаш рет "Президент" жеке тарауы берілді. Конституцияның 75 бабына сәйкес ҚР Президенті мемлекеттің басшысы болып табылды және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарды, сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болды. Президент өкілеттігінің мерзімі белгіленді -- 5 жыл, сондай-ақ бір адам қатарынан екі мерзімнен астам уақыт Президент бола алмайтындығы айтылды. Конституцияда ҚР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды: Республиканың мемлекеттік егемендігін, конституциялық қүрылысын қорғау, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады; ҚР заңдарына қол қояды; Жоғарғы Кеңес келісімімен ҚР Премьер-Министрін, Премьер-Министрінің орынбасарларын, сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі істер министрлерін, ҚР ҮҚК төрағасы мен дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын қызметке тағайындайды; Министрлер Кабинетінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; Премьер-Министрдің үсынуымен Министрлер Кабинетінің қүрамын белгілейді, министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволарды қүрады және таратады; Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де кеңесші-ақылдастық алқалар қүрады; мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді; Ұлтгық валютаның қолданылу тәртібін, мерзімі мен шарттарын белгілейді; Жоғарғы Кеңеспен ақылдасқаннан кейін референдум өткізу туралы шешім қабылдайды; халықаралық қатынастарда ҚР өкілі болып табылады; келіссөздер жүргізеді және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды, Республика жасасқан шарттар мен ол қабылдаған міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; ҚР Жоғарғы Кеңесіне ҚР Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Жоғары Төрелік Соты Төрағасы мен судьяларының, Бас Прокурорының, Ұлттық Банкісі Төраға- сының кандидатураларын ұсынады; Жоғарғы Кеңеске оларды міндеттерінен босату туралы үсыныс жасайды; мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қолданады және ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; ҚР мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды, ҚР жоғары дипломатиялық дәрежелері мен әскери атақтарын, құрметті және арнаулы атақтарын береді; заңға сәйкес ҚР азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді; азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; заңға сәйкес тек қана азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық қүрылысты қорғау үшін уақытша шара ретінде төтенше жағдай енгізеді; ҚР Конституциясы мен зандарына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
ҚР Вице-президенті Республика Президентімен бірге сайланады. ҚР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. ҚР Президентінің мәртебесіне айтарлықтай өзгертулер енгізген [4].
1993 жылы 10 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" ҚР Заңы қабылданды. ҚР Президентіне Конституцияның негізінде және соған сәйкес жаңадан сайланатын ҚР Жоғарғы Кеңесі бірінші сессиясының жұмысы басталғанға дейінгі мерзімге заң күші бар қүжаттар шығару құқығы берілді. Сонымен қатар, Президентке сол мерзімге қажет болған жағдайда Жоғарғы Кеңестің ҚР Конституциясы 64-бабының 12 -- 15, 18 және 20-тармақтарында көзделген өкілеттігін жүзеге асыру құқығы берілді, кейін оны жаңадан сайланатын ҚР Жоғарғы Кеңестің бекітетін болды. Онан басқа, ҚР Конституциясының 78- бабының 3, 7 және 16 тармақтарында көзделген өкілеттікті дербес жүзеге асыруға құқық берілді.
1993 жылы 10 желтоқсанда
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" ҚР Заңы қабылданды.
1995 ж. 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция Президент мәртебесіне көп өзгертулер енгізді.
Конституцияда Қазақстан Республикасының президенттік басқ- ару нысанындағы біртүтас мемлекет болып табылатындығы айқындалды. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы -- халық болып та- былады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентіне, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді. 40-бабының 3 "Президент" бөлімі ҚР Президентінің мәртебесі белгіленді, ол бойынша ҚР Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан- ның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды түлға. Республика Президенті -- халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостан- дықтарының рәмізі әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
41-бабында Президент өкілеттігінің мерзімі анықталды -- 5 жыл, сондай-ақ Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алатындығы көрсетілді. Жаңа Констнтуцияда республика Президенті болып бір адамның қатарынан екі реттен артық сайлана алмайтындығы сақталды. ҚР Президентінің жаңа мәртебесіне сәйкес: Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жоддау арнайды; Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға қол қояды, хадыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Парламенттің келісімімен республика Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің үсынуымен Республика Үкіметінің қүрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Үкімет қүрамына кірмейтін Республиканың орталық атқарушы органдарын қүрады, таратады және қайта қүрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды, ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобаларын Парламент мәжілісіне енгізуді тапсырады; Үкіметтің және облыстар, республикалық астанасы әкімдері актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Парламент келісімімен ҚР Ұлттық банк төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен алады; Парламент Сенатының келісімімен республика Бас Прокуроры мен ҮҚК төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен алады; республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді; республика Премьер-Министрінің үсынуымен Республика мемлекеттік бюджеті есебінен үсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды; келіссөздер жүргізеді және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды, бекіту грамоталарына қол қояды; Республика жасасқан шарттар мен ол қабылдаған міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды, қүрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді; ҚР азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді; азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; Республиканың демократиялық институттарьша, оның тәуелсіздігі мен аумақтық түтастығына, саяси түрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттік конституциялық органдарының қалыпты жүмыс істеуі бұзылған жағдайда Премьер-Министрімен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейін бүл туралы Республика парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күпггерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сыртган тікелей қатер төнген жағдайда Республиканың бүкіл аумағында немесе оньщ жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бүл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық Үланды жасақтайды; ҚР Мемлекеттік хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді; Республика Президентінің Әкімшілігін қүрады; Қауіпсіздік Кеңесін, Жоғары Сот Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды қүрады; Республиканың Конституциясы мен зандарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады [5].
1995 ж. 26 желтоқсанда ҚР жаңа Конституциясының ережелерін жүзеге асыру мақсатында "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығы қабылданды.
Жарлық республика Президентінің мәртебесін, Президенттің қызметке кірісу жағдайын, өкілеттік мерзімін, сондай-ақ Президентгің Парламентке, Үкіметке, Конституциялық Кеңеске, соттарға және судьяларға, прокуратура органдарына, Орталық сайлау комиссиясына, Ұлттық банкке, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, әкімдерге қатысты өкілеттіктері және өзге өкілеттіктері айқындалды. Онан басқа, Президент актілерінің нысандары, оларды дайындау және Президенттің қарауына енгізу тәртібі; Президент актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың күшін жою тәртібі белгіленді. Заңда сонымен қатар ҚР Президентін қызметінен бұрын босату, кетіру жағдайы жазылды. Президент қызметін қамтамасыз етуге жеке тарау арналды. Бұрынғы президенттердің мәртебесі мен оларды қамтамасыз етілуі айқындалды.
1996 ж. 11 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Кон- ституциясында көзделген ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі қүрылды. "ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі туралы" ҚР Заңы ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесін, қүрылу тәртібін және жүмысының үйымдастырылуын анықтады. ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі ҚР Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Заң Кеңестің өкілетгігін анықтады. Кеңес: судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді; конкурстық негізде облыстық соттың судьясы бос орнына кандидат іріктеуді жүзеге асырады және оны қызметке тағайындау үшін ҚР Президентіне үсынады; Жоғарғы Сот Төрағасының үсынуы бойынша облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кан- дидатураны қарайды және оларды ҚР Президентіне үсынады; Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың алқа төрағасы мен судьясы бос орнына кандидатураны қарайды; Жоғарғы Соттың Төрағасының қызметіне кандидатураны қарайды; Жоғарғы Сот Төрағасының, алқа төрағасы мен судьясының бос орнына кандидатты ҚР Парламентіне үсыну үшін ҚР Президентіне үсынады; Жоғарғы Сот Төрағасын, облыстық және соған теңестірілген соттар мен алқалары төрағаларын қызметтерінен босату мәселелерін қарайды; ҚР Президентіне сот жүйесі мен заңдарды жетілдіру мәселелері бойынша үсыныстар жасайды; ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің регламентін бекітеді; өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады. Кеңес Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасынан, Конституциялық Кеңестің Төрағасынан, Жоғарғы Соттың Төрағасынан, Бас Прокурордан, Әділет министрінен, Парламент Сенатының екі депутатынан, алты судьядан (Жоғарғы Соттың екі судьясынан, облыстық немесе соған теңестірілген соттың екі судьясынан, аудандық немесе соған теңестірілген соттың екі судьясынан), Кеңес Хатшысынан және ҚР Президенті тағайындайтын басқа да адамдардан тұрады. Конституциялық Кеңестің Төрағасына, Жоғарғы Соттың Төрағасына, Бас Прокурор мен Әділет министрі Кеңес қүрамына лауазымы бойынша кіреді. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді ҚР Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.[7]
1998 жылы 7 қазанда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы[19] ҚР Конституциясына өзгертулер енгізді, ол ҚРПрезидентіне де қатысты болды. Мысалы, Президенттің жаңа өкілеттік мерзімі -- 7 жылға белгіленді. Жас мөлшері шектеулері өзгертідді; төменгі шек -- қырықтан, жоғарғы шек -- белгіленбеді. Бұрынғы өкілеттіктермен қатар ҚР Президентіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау қүқығы берілді. 48 бабтың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылды: "ҚР Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол ПарламентМәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжілісінің Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді; өзіне Президент өкілеттігін қабылдаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz