Қазақстан Республикасындағы үкіметтің құқықтық-конституциялық құзіреттілігі мен мәртебесі
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ЕРЕКШЕ ТАРМАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
ҚР үкіметінің түсінігі және оның құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..4
ҚР үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... .10
2 ҚР-СЫ ҮКІМЕТІ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖОҒАРҒЫ ОРГАНЫ ... .18
2.1 ҚР үкіметінің нормативтік құқықық актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Үкіметтің мемлекеттік органдары мен қарым-қатынасы ... ... ... ... ... . ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..29
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. ҚР-ның Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды (64-бап). Үкімет ҚР-ның атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады.
ҚР-ның Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды, биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді.
Жұмыстың өзектілігі. Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқада ведомстволардың (бірқатар пәрменді" министрліктер мен ведомстволарды қоспағанда) жұмысын бағыттайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде ҚР-сы Конституциясымен, Президенттің конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен, басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді. Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады. Мемлекет қызметінің негізгі бөлігін жүзеге асыру Республика Үкіметіне жүктелген. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігінің көрінісін байқатады. Ол вертикалдық жүйемен байланысқан тұтастай атқарушы биліктің жоғарғы органы болып табылады. Атқарушы биліктің жоғарғы органы ретінде ол барлық атқарушы органдарды басқарады, олардың қызметіне басшылық етеді, елдің мемлекеттік басқаруын жүзеге асырады. Үкімет табиғатының осындай сипаттары еліміздің Конституциясында бекітіліп, оның мәртебесін анықтады. Конституцияның 64 бабына сәйкес ҚР Үкіметі - атқару билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын алқалы орган болып табылады. Аталған жұмыс тақырыбы қазіргі таңда құқық мамандығында толық зерттелмеген тақырыптар қатарында. Тиісінше, аталған жұмысты зерттеп танып білу өзекті мәселелердің қатарына жатқызуға болады.
Аталған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасындағы үкіметтің құқықтық-конституциялық құзіреттілігі мен мәртебесін қарастыра отырып, үкіметтің негізгі қызметінің аспектілерін ашу болып табылады.
Жұмыстың мақсатына сүйене отырып, келесідей міндеттерді шешуге бел будық:
ҚР үкіметінің түсінігін ашу және оның құрамын анықтау;
ҚР үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесіне тоқталу;
ҚР үкіметіндегі қолданылатын нормативтік құқықық актілерге және мемлекеттік органдарына сипаттама беру болып саналады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекеттік билік конституциялық құқықтық мәртебесі тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасында Үкіметі қандай конституциялық құқықтық актілерді шығаруға, оның қандай өкілеттілігі бар болуына тоқталып, олардың органдары қарастырылып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Үкіметі.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Үкіметі конституциялық құқықтық мәртебесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ЕРЕКШЕ ТАРМАҒЫ
ҚР үкіметінің түсінігі және оның құрамы
Қазақстан Республикасының Үкіметі -- Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.
Қазакстан Республикасының Үкіметі-Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың кызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының, Конституциялық заңымен белгіленеді.
Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.
Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген төрттік шен құрады.
Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.
Қазакстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар кұрайды.
Қазақстан Үкіметі -- алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері -- Республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, Министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.
Республика Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық занда белгіленген мазмұнда ант береді [1].
Республиканың Премьер-Министрін Қазақстан Республикасының Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайыңдайды.
Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Республика Президентіне Үкімет құрамына кірмейтін Министрліктерді, орталық атқарушы органдарда құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидаттар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді. Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі баптарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
:: Парламентке Республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету
2) Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
3) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
4) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;
6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылык жасау;
7) Республиканың министрліктері, өзге де орталық, атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметін тағайындап, қызметтен босату;
9) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау;
10) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау жатады.
Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған Үкіметтуралы Конституциялық заңда белгіленген нысандарда Республика президентінің, аддында жауапты. Ал, Үкімет мүшелері өз құзыретінің шегінде өз бетінше шешім қабылдайды, Премьер-Министрдің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді [2].
Үкіметтің өз әкілеттіктерін жүзеге асыратын құқықтық нысандарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндеттікүші бар Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдін өкілдері жатады. Бұл қаулылар мен өкілдер Констатуцияға, зандарға, Республика Президентінің актілеріне кайшы кел-меугетиіс деген ұсыныстар енгізеді; Үкіметтін қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және онын жұмысы үшін дербес жауап береді. Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне:
5) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бапттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
6) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
7) Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
8) Мемлекетгік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
9) Республиканың сырткы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;
10) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылык жасау;
11) Республиканың министрліктері, өзге де орталық, атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру;
12) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметін тағайындап, қызметтен босату;
13) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау;

Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған Үкіметтуралы Конституциялық заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің, аддында жауапты. Ал, Үкімет мүшелері өз құзыретінің шегінде өз бетінше шешім кабылдайды, Премьер-Министрдің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді.
Үкіметтің өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын құқықтық нысандарына Қазакстан Республикасының бүкіл аумағында міндеттікүші бар Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкілдері жатады. қаулылар мен өкімдер Констатуцияға, зандарға, Республика Президентінің актілеріне кайшы келмеуге тиіс.
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімін біткенше іс-қимыл жасайды. Бұдан кейін ол жаңадан сайланған және қызметке ресми кіріскен Республика Президентіне Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы өкілеттігін доғарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (70-бап) және Казакстан Республикасының Үкіметі туралы Конститу-циялық Занда Республика Үкіметінің, оның мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған.
Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар Республика Президентіне өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы.
Конституциада көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Республика Президентіне мәлімдейді.
Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республика Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің, орнынан түсуін Президенттің кабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі токталғанын білдіреді.
Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуы тиіс [3].
Республика Конституциясының 37-бабының 6-тармақшасында көзделген ретте, яғни өз қызметі мәселелері жөнінде министр Парламент палаталарына есеп береді.
ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.
ҚР Үкіметінің құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясының V бөлімінде Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылы 18.10 Конституциялық заңда, ҚР 1997 жылы 24.02 және 1999 ж. 06.05, 2007 жылығы Конституциялық заңдарымен енгізілген өзгерутелер және толықтыруларымен бекітілген. Оларда ҚР Үкіметінің заңдарының табиғаты ашылды, оның мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны айшықталды және оның қызметі сипатталады. Атқарушы биліктің жоғары алқалық органы ретінде Үкімет мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады, ол оның өкілеттіктерімен қамтамасыз етіледі.
Үкімет министрліктердің, атқарушы биліктің комитеттері және басқа да орталық органдардың жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және ұйымдастырады.
Атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, ҚР Үкіметі оның жүргізуіне ҚР Конституциясымен, конституциялық заңдармен заңдық күші бар Президент жарлықтарымен жатқызылған мәселелерді өз алдына дербес шешеді. Ол өз құзыреті шеңберінде Конституцияның ,республикалық заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының, ҚР халықаралық шарттарының орындалуын ұйымдастырады. Өзінің барлық қызметінде Үкімет Республика Президенті алдында жауап береді.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заң Үкіметтің құрылу тәртібін, құрамын, өкілеттік мерзімін анықтайды және оның Президентпен, Парламентпен, жергілікті өкілді, сондай-ақ атқарушы органдармен қарым-қатынасын сипаттайды [4].
Үкіметті Республика Президенті құрады және Президент өкілеттігі шеңберінде қызмет етеді және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өз өкілеттігін доғарады (ҚР Конституциясы 70-б, 1-т). Дегенмен, Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика Үкіметі өз міндеттерін атқара береді.
Президент Үкіметті Парламенттің қатысуымен құрады. Бұл Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен тағайындаудан көрінеді. Егер Президент Парламент ұсынған Премьер-Синистрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде Парламентті тарата алады және жаңа сайлау тағайындайды. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-министр тағайындалғаннан кейін 10 мерзімде Премьер-Министр Республика Президентіне енгізеді. Үкімет мынадай құрамда құрылады:
- Республика Премьер-Министрі;
- Премьер-МИнистрдің орынбасары;
- Республика Үкіметі Аппаратының жетекшісі;
- Министрлер;
- Республиканың мемлекеттік комитеттерінің төрағалары.
Қр Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.
Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие, әрі өздеріне байланысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін ҚР Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не ол лауазымынан босатылуға тиіс.
Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен щұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ [5].
Премьер-Министр өзі тағайындалғаннан кейін бір ай мерзім ішінде Парламентке Үкімет бағдарламасы туралы баяндама табыс етеді. Үкімет бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екі ай ішінде бағдарлама жөнінде қайтадан баяндама табыс етеді. Республика Парламентінің Үкімет бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жүзеге асырылуы мүмкін және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді.
Заң егер өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыруы мүмкін емес деп санайтын болса, Үкімет толық құрамда немесе оның кез келген мүшесі Республика Президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеу мүмкіндігін қарастырады. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтіннемесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері де орнынан түседі.
Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда Президентке өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдеуге тиіс. Президент орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің немесе оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғандығын білдіреді.
Үкімет өз қызметінде заңдылық, жариялылық, биліктерді бөлу және басқаркшылық кәсіпқойлық принциптерін басшылыққа алады.
Үкіметтің Президентпен қатынасы. Үкіметті Президент кұрады; ол Үкіметтің құрылымы мен құрамын бекітеді. Үкімет мүшелері Қазақстанның халқы мен Президентіне ант береді.
Үкімет өзінің бүкіл қызметінде республика Президентінің алдында жауапты болады. Үкімет өз бағдарламасының, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы өз қызметінің басқа да бағыттары туралы Президентке үнемі хабарлап тұрады. Үкімет Президент актілерінің атқарылуын ұйымдастырады және ол актілерді министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қалай орындап жатқанын бақылап отырады. Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындайды. Үкіметтің өзі де әлеуметтік-экономикалық және ғылыми -техникалық бағдарламалар жасап, оларды Президенттің бекітуіне ұсынады. Ол Президентпен заң шығару жұмыстарының жоспарларын келіседі. Президент Үкімет актілерінің қүшін түгелдей немесе ішінара тоқтатып қоя алады. Бұл жұмысты Президент өздігінен де, Бас прокурордың ұсынысымен де жүзеге асыруы мүмкін [6].
Үкіметтің Парламентпен қатынасы. Үкіметтің заң шығару жөнінде бастама білдіруге құқығы бар. Үкіметтің бұл құқығы Парламент Мәжілісінде ғана жүзеге асырылады, яғни Үкімет заң жобасын Мәжіліске тиісті қаулысын шығару арқылы енгізеді. Үкімет өзінің жұмысын Парламентте қабылданған конституциялық және жай зандарға сүйеніп құрады. Сондықтан Үкімет Конституцияны ғана емес, сонымен бірге заңдарды да орындауға, ол заңдарды министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да атқарушы органдарының орындауын бақылап отыруға тиіс. Үкімет жыл сайын республикалық бюджетті жасап, оны Парламенттің бекітуіне тапсырып отырады.
Үкіметтің министрліктермен, мемлекеттік комитеттер мен және өзге де органдармен қатынасы. Республика Үкіметі министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардын қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Ол аталған органдардың Президенттің және Үкіметтің өзінің заңдары мен актілерін орындауын бақылайды, Үкімет министрліктер, мемлекеттік комитеттер және үкіметке кірмейтін орталық органдар туралы ережелерді, олардың құрылымын, орталық аппараттары мен жергілікті органдарын ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржынын көлемін бекітеді. Бұған жатпайтын тек инвестициялық комитет қана. Ол үкіметке кірмейді. Оңың мәртебесін Үкімет емес, заң қабылдау жолымен Парламент анықтайды. Мұндай ерекшелік экономиканы өркендетудегі инвестициялардың айырықша маңызымен және инвестициялық қаржыларды бір органның қолында шоғарландыру қажеттігімен байланысты [7].
Үкімет министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, үкіметке кірмейтін орталық атқарушы органдардың актілерінің күшін түгелдей не ішінара жояды немесе тоқтатып қояды. Үкіметтің мұндай қимылына негіз болатын нәрсе -- атқарушы органдар қабылдаған шешімдердің Конституция ережелеріне, Президенттің, Үкіметтің заңдарына, актілеріне сәйкес келмейтіндігі туралы Бас прокурордың ұсыныс енгізуі.
Министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден және үкіметке кірмейтін орталық атқарушы органдардан басқа да республикалық органдар құрылады. Олар ведомстволар деп аталады. Үкімет ведомстволардың қызмет саласын, өкілеттігін және жауапкершілігін айқындайтын нормативтік актілер қабылдайды: ведомстволарды ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін каржьіның мөлшерін анықтайды; ведомстволардың басшыларын лауазымға тағайындайды және одан босатады.
Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен: аудаңдық, қалалық және облыстық әкімдермен белгілі бір қатынастары қалыптасады. Үкімет атқарушы биліктің жоғары буыны болып табылады, сол себептен де оның жергілікті атқарушы органдармен арадағы қатынастары билік-бағыныш деген принцип бойынша құрылады. Үкімет жергілікті атқарушы органдардын қызметіне басшылықты мына төмендегі мәселелер бойынша жүзеге асырады:
1) мемлекеттік басқару;
2) жергілікті атқарушы органдардың Президент пен Үкіметтің заңдарын, актілерін орындауы;
3) жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы Үкімет отырысында олардың есебін тындау;
4) жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған актілерінің күшін түгелдей не ішінара жою немесе тоқтатып қою.
Конституцияға сәйкес Үкімет өкілеттігінің бірі Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды белгілеу болып табылады.
Үкімет өз қарауына жататын мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу және халықаралық шарттарға қол қою туралы шешімдер қабылдайды. Министрлер де мемлекеттік комитет төрағалары мен өзге орталық атқарушы органдардың басшылары да келіссөздер өткізуге және халықаралық шарттарға қол қоюға хақылы болады. Мұндай шарттар ведомство-аралық шарттар деп аталады [8].
ҚР үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Үкіметі -- мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды [9].
Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың іс-әрекетіне басшылық етеді. Үкімет бүкіл елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Үкімет мүшелері республика халқына және Президентке ант береді. Үкімет Президент өкілеттігі мерзімінің негізінде әрекет етеді және жаңадан сайланған Президент алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкімет мүшелерінің өкілетті органдарда (мысалы: Парламент, мәслихат) депутат болуға, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға (оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда), кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе бақылаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жок. Үкіметке кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктердің бәрі -- Конституцияда және "ҚР Үкіметі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген [10].
Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе (белгілі бір жағдайда, себептермен) өздерінің орнынан түсетіндігі туралы (мысалы, Үкімет мүшелерінің өз бастамасымен кызметтен кетуі) Президентке мәлімдеуге құқылы. Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген ретте Үкімет орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдейді. Президент өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға құқылы. Премьер-министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оның қызметтен босатылуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғандығын білдіреді [11].
Сонымен, Президент -- мемлекет басшысы, мемлекеттін ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілеттік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының (заң, атқарушы және сот) келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Парламенті -- заң шығарушылық қызметі жүзеге асыратын республиканын жоғары өкілетті органы. Үкімет -- атқарушы биліктің жоғары органы, оны Президент құрады және оған экономика, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси басқару, сыртқы саясат салаларында кең аукымды өкілеттік берілген.[12]
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарушы билік органдарының біртұтас жүйесіне үкімет, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ ведомстволар және жергілікті атқарушы органдар жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі - мемлекеттің орталық атқарушы органы. Үкімет жұмысының нәтижесіне қарап елдегі тұрақтылық туралы ой түюге болады. Үкімет - мемлекет жүйесіндегі басты функционалды орган. Сондықтан да мемлекетті дамытудағы басты жауапкершілік соған жүктеледі. Осынау ауқымды міндетті орындаудың деңгейі мен көлемі, қарқыны мен моделі әр мемлекетте әртүрлі болуы мүмкін.
Қазіргі жағдайдағы атқарушы билік - бұл көлбеу және тік бағыттағы құрылымдары бар күрделі мемлекеттік организм. Атқарушы биліктің барлық құрылымдық элементтерінің өздеріне лайықты конституциялық жолмен ресімделген өкілеттіктері, ерекшеліктері болады. Олардың мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарындағы өзгешеліктері алдын ала келісіледі. Сөйтіп, бүгінгі таңда атқарушы билік органдары жалпы және арнайы құзыреттері бар алқалы және жеке, орталық және жергілікті органдардың басын біріктірген көп салалы һәм көп функционалды күрделі жүйені құрайды. Ал, бұл өз кезегінде сөз жоқ, олардың өкілеттіктерін нақты белгілеп, қызметтерінің үйлестірілуін қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік беретін құқықтық базаның болуын талап етеді.
Атқарушы биліктің қызметі Ата заңымыздың 3-бабының төртінші тармағында бекітілген мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу принципінің шегінде жүзеге асырылады. Әрі сол біртұтас атқару жүйесінің шегінде барлық басқару деңгейлері бойынша функциялар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы өкілеттіктер жүйелі түрде бөлінуі қажет. Сонымен, қазіргі ең басты мақсат, барлық конституциялық институттарды реформалау жұмыстарын аяғына дейін жеткізу болып табылады [13].
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев айтқандай, бұрынғы КСРО-дан Қазақстанға ешбір әзірлігі жоқ, ұйымдастырылуы нашар мемлекеттік басқару мұраға қалды [14]. Сондықтан тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болған бірінші күннен бастап-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс, биліктің заң шығарушы және атқарушы органдарын жасақтау, экономикалық және құқықтық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі ауқымды жұмыстар қанатын кеңге жая бастады. Осы бағдарламаның аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі бастаған атқарушы органдардың жүйесі түгел өзгеріске ұшырап, жетілдіру бағытындағы жұмыстар күні бүгінге дейін жалғасын табуда.
Атқарушы билік жүйесінде дербес конституциялық институт ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық орын бөлінеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабының бірінші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы органдардың жүйесін басқарады, сондай-ақ олардың қызметіне басшылық жасайды, оны үйлестіреді және оған бағыт-бағдар нұсқайды. Осы мақсатпен Үкіметке экономика, қаржы, әлеуметтік-мәдени, құқық қорғау, әкімшілік-саяси құрылыс салаларындағы қызметтерде кең өкілеттіктер берілген [15].
Еліміздің алдында тұрған басты мақсаттардың бірі - ең маңызды міндеттер мен өкілеттіктерді орындауға жұмылдырылған, жаңа мақсаттарды жүзеге асыруға бейім, қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілікті мойнына ала алатын, ұлттық мүдделерді қорғаушы ықшам әрі кәсіби үкімет құру [4]. Осындай талаптарға сай Қазақстан Республикасының Үкіметін құру және қызметін ұйымдастыру мәселелері, оның өтпелі кезеңдегі міндеттерін қоса алғанда бұрын да қарастырылғанмен Қазақстан ғылымында үкімет өкілеттігінің құқықтық проблемалары мен оларды мемлекеттік биліктің бөліну принциптеріне сәйкес жүзеге асыру жөнінде толыққанды талдаулар жоқ.
Қазақстанның орталық атқарушы органының өкілеттігі жөніндегі теориялық және іс жүзіндегі көзқарастар, мәселен, Қазақстанның және жақын шет елдердің ғылыми әдебиеттерінде әлі сол ғылыми ұғыну дәрежесінде. Осыларды ой елегінен өткізе отырып, біз Үкіметтің міндеттері, оларды жетілдіру тәсілдері және жүзеге асырудағы проблемалар туралы теориялық һәм практикалық тұрғыда зерттеудің аса маңызды, кешіктіруді күттірмейтін шаруа екендігін айтқымыз келеді. Сонымен, жоғарыда сөз болған жағдайлар биліктің бөліну принциптеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің конституциялық-құқықтық міндеті мен өкілеттігіне байланысты мәселелерді өзіміздің диссертациялық зерттеуіміздің тақырыбы етіп алуымызға себепші болды.
Үкіметтің қызметі мен міндеті, өкілеттігі жөнінде бірінші мәрте мемлекеттік биліктің бөліну теориясының негізін қалаушы Ш. Монтескьенің еңбектерінде сөз болды. Ол өзінің әйгілі Заңдардың рухы туралы, Парсы хаттары атты жұмыстарында алғаш рет мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі жөнінде мәселе көтерді [16].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігі жалпы, мемлекеттің атқарушы билігінің жоғары буыны ретінде белгіленеді. Солардың ішіндегі ең бастыларына ел Үкіметінің іс жүзінде Конституцияның, заңдардың, Президент жарлықтарының, Үкімет бағдарламасының, халықаралық шарттардың, т.б. орындалуына байланысты құқықтары жатады. Бірақ Үкіметтің өкілеттігі тек Конституцияны, заңдарды, жарлықтарды орындаумен шектеліп қалмайды, оның ауқымы одан әлдеқайда үлкен әрі күрделі. Оған кейде тіпті атқарушылық қызметке жатпайтын элементтер де еніп кетеді.
Сол үшін де 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабында Үкіметтің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері көрсетіле отырып ...өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды деп жазылса керек. Сонымен, Үкіметтің басты өкілеттіктерінің Ата заңымыздың 66-бабында анықталғанын көреміз. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы конституциялық заң күші бар жарлығының 9-бабында толығырақ әрі нақтырақ ашыла түседі [17].
Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстанда заңдық нормалар мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөліну принципіне бағындырылған, яғни Үкіметтің, Парламенттің және соттың арасында күш тепе-теңдігі мұқият сақталады. Президент мемлекеттік билік тармақтарының бәрінен жоғары тұрады. Мемлекеттік билік жүйесінің мұндай құрылымы бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы үшін өзін-өзі ақтап отыр. Дегенмен де, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмысын тиімдірек етіп, жауапкершілігін арттыра түсу үшін оның қызметіне байланысты заңнамаларды әлгі де жетілдіре түсу қажет.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің орталық атқарушы органы болып табылады. Сол себепті елдегі экономикалық, саяси және құқықтық жағдайлар көбіне соған қатысты шешілмек. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі негізінен адамға, оның мүддесі мен ізгілігіне бағытталуы тиіс. Бұл - қазіргі демократиялық мемлекет дамуының ең басты конституциялық принципі мен бағыты. Әрине, осынау міндеттің жүзеге асырылу деңгейі, қарқыны және моделі әр мемлекетте әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ Үкіметтің жұмысының тиімділігіне қарап сол елдің тұрақтылығы жөнінде болжам айтуға әбден болады. Әрі бұл ереженің демократияға бет бұрған кез келген мемлекетке қатысы бары және анық.
Осы айтылғандар ескеріле отырып, қабылданатын шешімдердің жауапкершілігін толық мойнына алуға қабілетті, өз алдына дербес конституциялық институт ретінде Үкіметтің рөлі мен орны Қазақстан Республикасының Конституциясында жаңа тұрғыда белгіленді. Ата заңымыздың 64-бабының бірінші тармағына сәйкес Үкімет атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Бұдан басқа, Үкімет - жалпы ұзыреті бар орталық атқарушы орган, әрі осы тұрғыда - атқарушы биліктің жалғыз органы.
Заң әдебиеттерінде үкімет туралы анықтама беру үшін оның мемлекет механизміндегі мәні, мақсаты, құрамы, міндеттері толық және нақты ашылуы тиіс. Мысалы, рессейлік ғалым С. Кошкиннің жасаған тұжырымы бойынша, үкімет - елде атқарушылық және басқарушылық жетекшілікті, яғни әкімшілік қызметті жүзеге асырушы жалпы құзыреті бар алқалы орган.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің төменде көрсетілген қызметтерін белгілейді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғану қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуін ең негізгі бағыттарын жасайды және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Осы ережеге сәйкес Үкімет қазіргі уақытта мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірінінің барлық салаларында басты-басты бағдарламалар жасады. Бағдарламалардың негізгі бағыттарын Президент бекітеді, өйткені Қазақстан Республикасы Конституциясының 40 бабына сәйкес Президент мемлекеттің ішкі саясатын айқындайтын тұлға болып табылады және Конституцияның 44 бабының 8 тармағына сәйкес ол республиканың мемлекеттік бағдарламасын бекітеді.
Бірақ Үкімет бұл бағдарламаларды дайындап қана қоймайдыҚазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сүйене отырып, оның іске асырылуын да қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңның 1 тармағында оның жүзеге асырылуы бойынша Үкімет стратегиялық және тактикалық шаралар дайындайды деп атап көрсетілген.
2. Парламентке республикалық бюджетті тапсырады және оның орындалғаны туралы есеп береді. Жыл сайын Қазақстан Респубикасының Үкіметі келесі жылға арналған республикалық бюджет жасайды. Осы басты қаржы құжаты арқылы мемлекеттің негізгі кірісі айқындалады, ол оны түрлі көздерден алады.(салықтан, алымнан, басқа түсімдерден), сондай ақ мемлекеттің халық шаруашылығының түрлі салаларына жұмсаған шығыстары да айқындалады. Алда тұрған қаржы жылына қаржы жобасын дайындаудың және мемлекеттік бюджеттік болжалды көрсеткішьерін ұзақ мерзімге жоспарлауға Қазақстан Респубикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Респубикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары негіз болып табылады [18].
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобаларын Мәжіліске енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz