Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Конституцияның мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қазақстан Республикасы конституциясының қалыптасу тарихы ... ... ... ... ...7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1 Қазақстан Республикасының конституциясы мен заңдарының арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Конституциялық кеңес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...27

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы -- демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізі, басты нормативтік актісі. Бұл нормативтік актіде бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцяның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқытың ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықтық демкратиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тек құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.
Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеумен ерекешеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажетігінен туындайтын мәнінен сипатталады. Қазақстан Республикасы конституциялық құқының мемлекеттік мәні бар құқытық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық заңдар жатады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында, Президенттің Президент туралы, Парламент және оның депутаттары туралы, Республикалық референдум туралы Жарлықтарында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болатын актінің бір ғана түрі қарастырылған - ол шешім. Қаулы емес, жарлық емес, конституциялық және жай заң емес, шешім. Осындай шешім қабылданғаннан кейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Әрине, өзгерістер мен толықтыруларға қажеттілік Конституцияның сапасына, конституциялық қағидалардың мемлекет пен қоғамның болашақтағы стратегиялық мақсттары мен міндеттеріне қаншалақты сәйкес келетіндігіне, конституциялық идеялардың қазіргі деңгейіне, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын қаншалықты бейнелей алатындығына байланысты туындайды.
Егер Қазақстан Республикасының Конституциясына қатаң талап тұрғысынан келсек, негізінен, ол бұған жауап бере алады. Қазақстандағы саяси тұрақтылық - бұл көбіне көп Конституция қызметінің нәтижесі. Мұны теріске шығаруға болмайды. Алайда, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы жетілдірілмейді деген сөз емес. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Сонымен бірге Конституцияның тұрақтылығына қамқорлық жасап та отыру қажет. Осыған қатысты, мемлекетіміздің конституциясын ғылыми тұрдыға қарастыру қажеттігі туындайды.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру болып табылады.
Аталған курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
- Қазақстан Республикасының егемендікалуы және тұңғыш коституцияның қабылдануын атап өту.
- Конституция мемлекеттің негізгі заңы екенін тұжырымдау.
- Конституция қоғамдық қажеттілік заң және мемлекет пен қоғамдағы реттеу мәнін баяндау.
- Қазақстанның Президенттік Республика және Конституциядағы Президент бөлімін ерекше атап өту.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының конституциясы, олардың жалпылама сипаты қарастырылған.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының конституциясы.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциясының құқықтық негізі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының конституциясы - мемлекет және құқықтың негізі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Конституцияның мәні мен маңызы

Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша - constitio, мағынасы - белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция - мемлекеттің Негізгі Заңы. Ғылыми, саяси, құқықтық тұрғыда Конституция материалдық, нысандық мағынада өзіндік мән-маңызға ие.
Конституция материалдық мағынада - ең бірінші, елдегі адамның, азаматтың жеке құқықтары мен бостандығын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысандарын, жергілікті, орталық билік органдарының негіздерін, құзіреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттің рәміздерін, астанасын айқындайды, осылардың бәрі жөніндегі өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы болып саналады. Конституция нысандық мағынада - барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни, Конституция - елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жүзінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол - конституциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік биліктің қатынастарын мемлекеттік - құқықтық реттеу негіздері ресми түр де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі. Әрбір жеке тәуелсіз мемелекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында қабылданды. Бірақ, осыншама қысқа мерзімде өз Конституциямызды қабылдағанда, бізге таң қалған ел аз болған жоқ. Біз олардың ешбіреуіне мән бермей, өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс-әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемелекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты. Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болды. Конституцияның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі принциптерін орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі.
Конституция Қазақстан Республикасы дербес мемелекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес құрылды. Конституцияның алғы сөзінде Біз ортақ тарихы бар тағдыр біріктірген Қазақстан халқы... деп жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде екенін ұғуымыз керек. Бұл құр босқа жазыла салған сөз емес. Себебі, Қазақстан халқының тарихи тағдырының бірлігі Қазақстан аумағында көптеген ұлт өкілдерінің ондаған жылдар бойы бірге тұруы нәтижесінде қалыптасты. Олар әр кезеңде әр түрлі жолдармен қоныс аударды. Қазақ халқымен бірнеше ұрпақтардың өміріндегі Қазақстанда болған саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени оқиғалардың қатысушылары мен куәгерлері болды. Олар бірігіп, өздерінің тәуелсіздігін қорғай отырып, жеңіс үшін майданда бірге ерлік көрсетті.
Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio -- яғни құрылым сөзінен шыққан) -- Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзірбайжанның, Литваның, Тәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.
1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы -- конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.
Конституционализм - [французша Constitutionalisme, латынша Constitutio - заң] -
a) бастапқыда - саясатта, мемлекеттік құқықтағы конституциялық монархияны ең қолайлы басқару түрі ретінде мойындайтын бағыт;
ә) негізгі заңның (конституцияның) әліппесін немесе жоғары заңдық күші бар мемлекеттің аса маңызды заңдар жинағын, конституциялық процедуралар мен ұстанымдарды қатаң ұстану принципі; заң билігі үстемдік құратын тәртіп, яғни мемлекеттік органдар өз бетінше емес, құқықтық ережелерге сәйкес әрекет етеді;
б) саяси билік құрудың үстем қағидаты мен құрылымы ретінде заң билігін жақтайтын саяси ойдың бағыты. Ағылшын-саксондық саяси дәстүр конституционализм мен конституциялық басқару жүйесін теңдестіреді. Роман-германдық саяси дәстүрде конституционализм ұғымының баламасы "құқықтық мемлекет" ұғымы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы -- Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасы конституциясының қалыптасу тарихы

Тарихқа жүгінсек, Алаш ұмтылысынан кейін республикамызда бірнеше Конституциялар өмірге келген. Соның алғашқысы 1926 жылы 18 ақпанда Қазақ АССР-і Орталық атқару комитетімен тұңғыш Конституция жазылып, РСФСР Орталық атқару комитеті бекітпегеннен кейін күшіне енбеген. Сосын 1937 жылы 26 наурызда Жалпықазақ кеңестерінің X төтенше съезі қабылдап, бекіткен Конституция бар. Қырық жылдық ғұмыры болған осы құжаттың орнын 1978 жылы 20 сәуірдегі кемелденген социализм аталған заманның Конституциясы басқан болатын.
Міне, осы құжат Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жазылып қабылданған, 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстанның төл Ата Заңы қолданысқа енгенге дейін өмір сүрді. Елдің егемендігін танытатын 1993 жылғы тұңғыш Конституция мемлекетіміздің тәуелсіздігін ең жоғарғы заң тұрғысында саяси-құқықтық сипатта алғаш бекіткен құжат еді. Бұл тұңғыш Коституцияның мемлекет тарихында алатын орны туралы Елбасы Қазақстан жолы атты кітабында былай деп жазады: Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын.
Осылайша, 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді. Алғашқы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі - мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден - экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден - жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету. Алайда, жоғарыда қамтылған төрт мақсатты шешіп беретін баптар әуелгі тұңғыш Конституцияның жобасында барынша қамтылмады. Президент Н.Назарбаев та бұл ретте тұңғыш Конституция жобасы әуелден-ақ еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістен алшақ қалғанын алға тартады.
Сөйтіп, уақыт өте келе, заман ағымы мен сұранысына қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды. Мәселен, сол кездегі оқиғаларға зер салсақ, тұңғыш Конституция мемлекеттік билікті бөлу қағидаты тұрғысынан республикада біртұтас мемлекеттік органдардың жүйесін қалыптастыра алмағанын аңғарар едік. Сол тұстағы оқиғаларға келсек, депутаттыққа үміткерлердің бірі шағым жасап, соның негізінде XIII шақырылған Жоғарғы Кеңеске сайлау бойынша Орталық сайлау комиссиясының кейбір актілерін Конституциялық cот 1995 жылдың 6 наурызында Ата Заңға кереғар деп таныды. Оның ақыры Жоғарғы Кеңес қызметінің тоқтауына әкеліп соқты. Осындай олқылықтар жаңа Негізгі Құжаттың қажеттілігін туындатқан болатын. Сондықтан да арада екі жыл өткенде 1995 жылы қазіргі Негізгі заң - Конституция қабылданды. Осылайша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанның мемлекеттігін айқындаған Ата Заң екі қайтара түледі.
Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.[1]
Қазақ КСР Конституциясы 1937 жыл
1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т.б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап).
Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар).
1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.
Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл
ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.[1]
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын -- Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.[1]
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы -- Сенат, төменгі палаталы -- Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Өзгертулер мен түзетулер
1998 жыл
1998 жыл
1998 жыл

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
2.1 Қазақстан Республикасының конституциясы мен заңдарының арақатынасы

Қазақстан Республикасының Конституциясында қолданыстағы құқық ұғымына жалпы түсінік берілген және ол осы тектес актілерде өте сирек кездеседі. Оның айқын сипатталуына байланысты қолданыстағы құқық ұғымына конституциялық түсініктеме беруге тура келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының Конституциялық Кеңесі төмендегіше түсіндіріледі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағының мән-мазмұны бойынша қолданыстағы құқық деп Конституцияның нақты кезеңге күш жойыомаған, ал халықаралық міндеттемелері бұзылмаған нормалары және осы бапта аталған басқа да нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ Республиканың халықаралық міндеттемелер түсіндірілуі тиіс. Бұрын қабылданған актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, сондай-ақ жаңа актілер қабылданған жағдай осы актілердің нормалары қолданыстағы құқықтың құрамына қосылады, ал күші жойылды деп танылғандары - одан алып тасталды. Жаңадан қабылданған нормалар Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 5)тармақшасында орнықтырылған заңның кері күші туралы қағиданы сақтай отырып күшіне енеді
Конституциялық Кеңестің берген түсіндірмесі Қазақстан Республикасы Конституциясындағы қолданыстағы құқық ұғымын мәніне сай белгілей алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында Қолданыстағы құқық Қазақстан Республикасында оның заңдарына сәйкес келетін Конституция нормалары болып табылады деп жазылған. Осы конституциялық ұғым мәнінің тереңдігі мынада, қолданыстағы құқық ұғымына тек Конституция нормалары ғана емес, заңда және басқа нормативтік актілер сәйкес келуі тиіс бүкіл Конституция білдіреді. Кейінгі баяндауларда көрінетіндей, Қазақстан Республикасының Конституциясы тек құқық нормаларына ғана емес, сондай-ақ тиісті субъектілер үстем қағидалар ретінде басшылыққа алуы тиіс құқықтық идеялардан, принциптерден де тұрады.
Осыған орай Конституция тура белгілейді немесе оның идеяларын, қағидаларынан, принциптері мен нормаларынан тек өзіне ғана тән санаттар туындайды. Меніңше, мұның қатарына төмендегідей санаттар жатады.
Конституциялық кеңістік. Мұндай ұғым арнаулы әдебиеттерде қолданылмайды. Алайда, оны пайдаланудың айтарлықтай іс жүзіндегі және заңдық негізі бар. Конституция - мемлекеттің негізгі заңы, сондықтан оның барлық аумағында қолданылады. Құрлықтағы, судағы, әуе кеңістігіндегі, жер қойнауындағы аумақтық шекарасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қолдану болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындығы (4-баптың 2-тармағы) туралы қағида, демек, құрлықтағы, атмосферадағы, сулардағы және жер астындағы осы аумақтың конституциялық кеңістік екендігін білдіреді. Осы кеңістікте Қазақстан Республикасының Конституциясы өктемдік етеді.
Конституциялық заңдылық. Бүкіл конституциялық кеңістікке Конституция пәрменін жүргізу онда конституциялық заңдылықтың орныққандығын білдіреді. Конституциялық заңдылық Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген нормаларды, идеяларды, принциптерді мемлекеттің, оның органдарының, ұйымдарының, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың, заңды тұлғалардың, шетелдіктердің орындауынан көрінеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында Парламент Республика Конституциялық Кеңесінің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды (53-баптың 11-тармағы) делінген. Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық заңдылықпен бірге заңдылық термині қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабында, прокуратураның заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданылатындығы айтылады.
Конституциялық тәртіп. Конституциялық заңдылық негізінде конституилық тәртіп, режим белгіленеді. Оған мемлекеттік органдарды, қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібі жатады. Сөйтіп, қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді (5-баптың 1-тармағы). Конституциялық режим қоғамдық бірлестіктер ісіне, мемлекеттің және қоғамдық бірлестіктедің мемлекет ісіне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жол бермеуден көрінеді (5-баптың 2-тармағы).
Конституцялық бастама. Қазақстан Республикасының Конституциясы оны өзгерту мен толықтыру тәртібін қарастырады. Конституциялық бастама - Конституцияны өзгертетін және толықтыратын құқытық идеялардың сипатталыун білдіруші субъектілердің белсенді әрекеті. Оны халыққа не Парламентке үндеу жолдау арқылы жүзеге асыра алатын Қазақстан Республикасының Президенті ғана бірден-бір конституциялық бастама субъектісі болып табылады.
Конституциялық мәртебе. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың, Президенттің, депутаттардың, өкілетті органдардың, азаматтардың, судьялардың, шетел азаматтаырының және азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін белгілейді. Халықтың конституциялық мәртебесі, ол мемлекттік биліктің бірден-бір қайнар көзі болып табылатыгдығынан және оны тура, жанама түрде жүзеге асыратындығынан көрінеді. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық мәртебесі оның мемлекеттік билік жүйесіндегі орынын анықтаудан ған емес, сонымен бірге Конституцияда бекітілген өкілеттігінен де көрінеді. Азаматтардың конституциялық мәртебесі басты құқытарынан, бостандықтары мен міндеттерінен көрінеді. Конституция депутаттардың, соттардың мәртебесін белгілейді.
Конституциялық орган. Мемлекет күрделі тетіктен (механизмнен) тұрады. Тек осы тетікті негізгі құрушылар ғана Конституцияда көрсетіліа бекітіледі. Сөйтіп конституциялық органдарды ажыратудың басты негізі мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципі болып табылады. Конституциялық органдар конституциялық құзіретті иеленеді.
Конституциялық іс жүргізу - Қазақстан Республикасының Конституциясында конституциялық іс жүргізу ұғымы өзінің міндеттерін - импичментін жүзеге асыруға Президент қабілетсіз болған жағдайда оның қызметінен мезгілінен бұрын басталуына байланысты қолданылады (47-бап). Сонымен бірге конституциялық іс жүргізу басқа да бірқатар конституциялық мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін, Президенттің заңға қол қоюы үшін конституциялық және жәй заңдарды қабылдау үшін және басқалары үшін қарастырылған.
Конституциялық өкілеттік. Республика Конституциясы жоғары және жергілкті мемлекеттік органдарға белгілі бір өкілеттіктерді бөледі. Осы өкілеттіктер Конституцияда бекітілгендіктен, Конституцияның өзінде осылайша атлмаса да, олар конституциялық өкілеттіктер болып табылады. Бұған Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депуттарының мәртебесі туралы Республика Президентінің Конституциялық заң күші Жарлығы куә, оның 14-бабында Парламенттің Коституцияда көрсетілген өкілеттігі конституцилық заң деп аталады.
Конституция Президенттің, Парламенттің, Парламенттің Мәжілісінің, Сенаттың, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Прокуратураның, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдардың конституциялық өкілеттігін белгілейді.
Конституциялық шектеу. Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған шектеу:
1) Азаматтарға;
2) Шетел азаматтарына;
3) Республика азаматтары бірлестіктеріне;
4) Шетел азаматтары бірлестіктеріне;
5) Мемлекеттік органдарға;
6) Мемлекеттік лауазымды адамдарға қатысты.
10. Конституциялық жауапкершілік - құқықтық жауапкершіліктің күрделі саяси-құқытық сипаттағы ерекше түрі, конституциялық құқық бұзушылыққа қарсы күреседі, субъект үшін мейілінше зардапты жат пиғылдығы конституциялық құқық бұхзушылықтан көрінеді. Жоғарғы лауазымды адамдар және мемлекеттік өкімет органдары: Президент, Парламент, Үкімет, Премьер-министр және басқалары конституциялық жауапкершілік субъектілері болып табылады. Конституцияға қайшы келетін актілерді өзгерту, қызметтен алу, Үкіметті тарату, сайлаудың немесе референдумның қорытындыоларын заңсыз деп тану, мемлекеттік органдардың, жоғарғы лауазымдаы адамдардың қызметін ресми түрде заңсыз деп тану конституциялық жауапкершіліктің нысандары (санкциялары) болып табылады.
11. Конституциялық-құқықтық реттеу объектісі болып табылатын, қоғамдық қатынастардың мазмұнын айқындайтын негіз боларлық бастауы Конституцияда көделген конституциялық принциптер. Конституциялық принциптер Конституцияның және оны дамыту бағытында соның ішінде жарияланатын нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнын бегілейді.
12. Конституциялық құрылыс - республика Конституциясымен және басқа конституциялық-құқытық актілермен білгіленетін және қорғалатын саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастар жүйесі. Конституциялық құрылысты Конституция белгілейді және мынадай: халықтық егемендік, мемлекетттік егемендік, мемлекеттік биліктерді тармақтарға бөлу, аумақтық тұтастық, басқарудың Президенттік жүйесі, мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарынан айырмау белгілерін иеленеді.
13. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтыры мен бостандықтары. Адам мен азаматтың Конституциясымен белгіненген құқықтыры мен бостандықтары негізгісі болып табылады және біртұтастығымен сипатталады. Ол құқық пен бостандықты қоғамдық өмірдің барлық саласында жан-жақты реттеудің базасы ретінде қызмет етеді.
14. Адамның және азаматтың конституциялық міндеттері - Қазақстан азаматтарының, шет ел азаматтарының, республика аумағындағы азаматтығы жоқ адамдардың тәртібі Конституциямен көзделген мемлекет талабы. Кейбір конституциялық міндет тек Қазақстан Республикасының азаматтарына (Отанды қорғау) арналған.
Аталған ұғымдар, санаттар конституциялық нормалармен бекітіледі және бүкіл мемлекеттік-құқықтық ұғымдардың, санаттардың негізі болып табылады. Мұның тек ғылми ғана емес, сондай-ақ практикалық та мәні бар, өйткені ол конституция мен заңдардың, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің өзара таным қатынасының негізі болып табылады. Сондықтан Конституцияны қабылдаудың, оған өзгерістер мен толықтырулар егізудің ерекше тәртібі белгіленген. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар егізудің ерекше тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы бірнеше бапта айтылады. Конституцияның 53-бабында Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні, конституциялық заңдар қабылдайтыны айтылады. Мұнда үш жәйтке назар аудару керек:
1) Президент ұсыныс енгізеді;
2) Президенттің бұл ұсынысы Конституцияға өзгеріс пен толықтыру деп аталады;
3) Өзгеріс пен толықтыру конституциялық заң қабылдау жолымен жүзеге асырылмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президенттің заң шығармашылық бастама құқығы жоқ. Ендеше, Президенттің Конституцияға өзгеріс пен толықтыру ұсыныс құқығын немен түсіндіреміз? Ол заң шығармашылық бастама құқының бір түрі немесе басқаша құқытық құбылыс болып табылама? Бұл сұраққа мүмкін Конституцияның, Президенттің Қазақстан Республикасының Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығының, Мәжіліс Регламентінің және Сенат Регламентінің, Парламент Регламентінің тиісті нормаларын талдау негізінде жауап беруге болатын шығар.
Қазақстан Республикасының Конституциясы заң шығармашылық бастама ұғымын бермейді, тек заң шығармашылық бастама құқының Парламент депутатарына және Үкіметке берілетіні көрсетілді.
Президенттің Парламент туралы Жарлығында заң шығармашылық бастама ұғымы беріледі, онда: Заң шығармашылық бастама құқы субъектісінің Парламентте міндетті түрде қаралуғы тиіс заңның немесе Парламенттің өзге де заң актілерінің жобасы мәтініне ресми түрде енгізуге заң шығармашылық бастама болып табылады делінген (15-бап). Заң шығармашылық бастама құқы депутат пен Үкіметке Парламентке тек заңның немесе Парламенттің өзге де заң актілерінің жобасын енгізуге заңдық мүмкіндік беретіні түсінікті. Өзге де заң актілері деп нені түсінеміз? Мұны анықтау үшін Республика конституциясына жүгінелік.
Конституция заң актілеріне қарағанда Конституциялық заңды шектейді. Олардағы шектеудің негізгі өлшемі мынадан көрінеді, конституциялық заң әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде -сінің көпшілік дауысымен қабылданады. Ал Парламенттің заң актілері Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады (61-баптың 4-5-тармақтары). Демек, біріншіден, коституцилық заң, заң актілері тобына жатпайды, екіншіден, коституцилық заң, заңдық күші жағынан заң актілерінен жоғары тұрады.
Енді нормативтік-құқытық актілердің қандай түрлерінің заң актілеріне жататынын анықтайық. Заң актілерін Парламент қабылдайтынын атап көрсеткен жөн, бұл Конституцияда анық айтылған. Конституцияның 62-бабында республиканың заң және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының тегламенттерімен реттелгендігі айтылған.
Қандай актілердің нақ Парламенттің заң актілерінежататындығын анаықтаудың үш қайнар көзі бар. Алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясынан басталық. Заң актілері термині Конституцияда үш рет қайталанылады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
Адам құқығы теориясы
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазіргі таңдағы конституциялық декларацияның конституциялық құқықтық маңыздылығын анықтау
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы
Қазақстан Республикасы парламентінің имиджі
Конституцияға қайшы елсе
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Пәндер