Қазақстан Республикасының азаматтығының жалпы мәселелері
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АЗАМАТТЫҚ ҰҒЫМНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ ... ... ... ... ... .5
Қазақстан Республикасының азаматтығының жүйесі, принциптері ... ... ... .5
Азаматтықтың жалпы мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2 ҚР АЗАМАТТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 ҚР азаматтық мәселелер туралы халықаралық шарттары ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Қазақстан Республикасы азаматтығын алу және тоқтату негіздері ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...24
КІРІСПЕ
Азаматтықты әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде карастырған жөн, өйткені ол казіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мен мемлекеттің саяси және құкықтық байланысы ретінде түсінсек, онда құбылыстың түтастық сипаты туралы мәселе түсіп қалады. Азаматтық оған тән барлык сипатты белгілерімен, қырларымен түтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде өмір сүруін тоқтатады және өзіндік жекелеген кұбылысқа айналады. Мұндай жағдайда біз азаматтықтын мәнін, маңызы мен рөлін, өркениетті мемлекеттің өмір сүруі жағдайында оның объективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айрыламыз. Оның үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы қатынастардағы барлық көріністерімен катысты болады.
Жұмыстың өзектілігі. Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен кұқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына сілтеме жасаған жөн. Құқық пен құкықтык, норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол құбылыстың бір бөлшегі. Құкықтың жеке нормасын алып, тіпті оны жан-жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекетгің қүкықтық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай-ак, жеке азаматтың құқын сипаттап, азаматтың тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, рөлін, маңызын түсіну мүмкін емес.
Біз көрсетілген екі құбылысты (кұкық және азаматтық) азаматтықты жекелеген азамат арқылы анықтаудың нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай-ақ азамат мәртебесі құқықпен емес, кұкыктык, нормалармен белгіленетінін керсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге азаматтық ретінде оның мәні, ерекшелігі құқықпен, құқықтық жүйемен белгіленген.
Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты барлық қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясымен және 20 желтоқсан 1991 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасының Заңымен және оған 03.10.1995 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен рәсімделеді.
Азаматтық туралы Заңның кіріспесінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тұлға мен мемлекеттің арасындағы олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін тұрақты саяси-құқықтық байланыс.
Азаматтыққа қатысты оның тұрақты және ұзақ сипатын азаматтың тумысынан қайтыс болуына дейін созылатын және азаматпен азаматтық-құқықтық қатынасты біржақты бұзуға жол бермейтін, олардың тоқтатылуы ерекше тәртіпте бекітілетінін білдіретін қатынас білдіреді. Азаматтың өз өтініші бойынша азаматтық қатынасты тоқтатуы мемлекеттің келісімін қажет етеді. Мемлекеттің бастамасымен де азаматтық-құқықтық байланыс тоқтатыла алмайды.
Мемлекет пен адамның арасындағы байланыс олардың құқықтары, міндеттері мен жауаптылықтарының жиынтығымен сипатталады. Бұндай байланыс мемлекетпен осы тұлғаны азамат ретінде заңды тануымен және ол азаматтың қай жерде тұратынына қарамастан мемлекеттің егемендігінің таратылуымен негізделеді.
Мемлекет өз азаматтарының мүддесін оның аумағынан тысқары жерлерде де қорғауға міндетті. Азамат мемлекеттің егемендігінде болғандықтан, олар мемлекет аумағынан тысқары жерлерде болса да мемлекеттен өзінің міндеттерін орындауын талап ете алады. Мемлекет пен азаматтың өзара жауаптылығы қағидасы жоғарыда аталған заңның 1-ші бабында: Қазақстан Республикасы өзінің органдары және лауазымды тұлғалары тұрғысында Қазақстан Республикасы азаматтарының алдында жауапты, ал Республика азаматтары Қазақстан Республикасы алдында жауапты деп бекітілген.
Аталған курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып - Қазақстан Республикасының азаматтығының жалпы мәселелерін қарастыра отырып, оның конституциясындағы заңнамалық тұрғыдан талдау болып табылады
Курстық жұмыстың мақсатына негізделе отырып, келесідей міндеттерді шешуге бел будық:
Қазақстан Республикасының азаматтығының жүйесі мен принциптерін қарастыру;
Азаматтықтың жалпы мәселелеріне талдама жұмыстарын жасау
ҚР азаматтық мәселелер туралы халықаралық шарттарын және азаматтықты алу және тоқтату негіздеріне көз жүгірту.
АЗАМАТТЫҚ ҰҒЫМНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
Қазақстан Республикасының азаматтығының жүйесі, принциптері
Азаматтық - азаматтар және мемлекеттердің өзара қатынасынан туындайтын, тұрақтылығы және ұзақтығымен анықталатын саяси-құқықтық құбылыс.
Азаматтықтың негізгі белгілері: саяси-құқықтық сипаты; ұзақтығы; тұрақтылығы; өзара құқықтары мен міндеттерінің болуы.
Тұлға мен мемлекеттің азаматтыққа қатысты қалыптасатын заңды негізде рәсімделетін құқықтық сипаты. Азаматтық - ол құқықтық жағдай. Мемлекеттің азаматы ретіндегі түсінік тұлғаның мемлекет аумағында тұратындығы ғана емес мемлекет пен тұлғаның арасындағы азаматтық мазмұнын қалыптастыратын ерекше байланыспен анықталады.
Мемлекет құқықтық қатынасқа осы мемлекеттің азаматы болып табылмайтын кез келген тұлғамен түсе алады, бірақ саяси қатынас тек қана осы мемлекеттің азаматымен байланысты пайда болады. Сондықтан азаматтық түсінігіне мемлекет пен тұлғаның саяси-құқықтық байланысы жатады [1].
Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі.
Азаматтық құқық -- азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан [2].
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -- мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз -- мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -- материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату -- сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -- мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын -- мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді [3].
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
"Азаматтық құқық" атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы - цивильді (jus civile) құқығы деп атаған. Тарихтан белгілі Римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан "civil" атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминалогиясына (Zivilrecht, droitcivil, civil) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилистер деп жүр. Римде құқықты жария және жеке (Jus publicum, jus privatum) деп екі салаға бөлінгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша атап көрсетеді: "жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді". Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Сонымен қатар мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды. Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады [4]. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас) , меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады. . Азаматтық құқықтың мынадай қағидалары бар: 1. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілердің теңдігі; 2. Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; 3. Шарт еркіндігі; 4. Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайды; 5. Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру; 6. Нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; 7. Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау. Міне, осы қағидалардың бәрі де Азаматтық кодекстің "Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық заңдарының алдыға қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. 1. Жалпы бөлім. 1. "Жалпы ережелер" (тараулары: азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу, азаматтық құқық субъектілері, т.б.). 2. "Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар". 3. "Міндеттемелік құқық". Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының ерекше бөлімі мыналарды қамтиды: 4. "Міндеттемелердің жекелеген түрлері". 5. "Интеллектуалдық меншік құқығы". 6. "Мұрагерлік құқық". 7. "Халықаралық жеке құқық". Азаматтық құқық қатынастарының субъектiлерi өз ара тең болады. Бұл жерде әкiмшiлiк құқық қатынасынан азаматтық құқық қатынасының айырмашылығын көруiмiзге болады. Екiншi ерекшелiгi ол, субъектiлердiң көптiгi. Азаматтық құқық қатынастарына жеке және заңды тұлғаларда қатыса алады. Келесi ерекшелiгi: Объектiлерiнiң (ерекшелiгi) көптiгi заттар, қызмет көрсету, мәлiмет тарату, интелектуалдық қызмет нәтижелерi, материалдық емес игiлiктер. Келесi ерекшелiгi: бұнда қатысушылардың келiсiмiмен азаматтық құқық қатынастарының пайда болуы. Бесiншi ерекшелiгi: Азаматтық құқық қатынастарына түсушi жақтардың құқықтары бұзылған жағдайда олар сотқа шағымдануға толық құқығы бар. Алтыншы ерекшелiгi: Азаматтық құқық қатынасына түсушi жақтардың бiреуiне зиян келтiрiлген жағдайда ол зиянның орнының толтырылу мiндеттiлiгi. Осыны қортындылай келе азаматтық құқық қатынасына анықтама берсек. Азаматтық құқық қатынасы дегенiмiз азаматтық құқық нормаларымен реттелетiн мүлiктiк және мүлiктiк емес қатынастар болып табылады. Азаматтық құқық қатынастардың мазмұнына келетiн болсақ, ол азаматтардың яғни тұлғалардың субъективтiк құқықтары мен субъективтi мiндеттерiнен тұрады. 2. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте "тұлғалар" деген жинақтаушы термин пайдаланылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі болады. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады [5]. Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады. коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады. коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбесі заңда анық көрсетілген. Жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар, аудандар, қалалар және т.б.) болуы мүмкін, бұлар азаматтық-құқықтық қатынастарда осы қатынастардың өзге де қатысушылармен тең негіздерде әрекет етеді. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер заңды тұлғалар болып табылмайды, алайда заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады (заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде). Азаматтық құқықтардың объектілері - мүліктік және өзіндік құқықтарға сипаттама беруде мынаны ескеру қажет: заң әдебиеттерінде азаматтық құқықтық қатынастарды қарастыруда субъективтік құқықтар, әдетте, құқықтық қатынастардың объектілері ретінде емес, олардың мазмұнының немесе нысанының элементтері ретінде айқындалады. Бірақ мұндай көзқарас құқықтық қатынастардың дамуын, субъект ұғымының, мазмұн объектісінің және құқықтық қатынастар нысанының салыстырмалы сипатын тиісті дәрежеде ескермейді. Субъективтік мүліктік құқық құқықтар объектісі ретінде әрекет ете алады және көбіне осылай әрекет етіп келеді, бұл АК-ның 115-бабының 1-тармағында тікелей көзделген. Мүліктік құқық, мысалы, жаңа құқықтық қатынастар түзетін мәмілелердің нысанасы болатын кезде құқық объектісі ретінде әрекет ете алады және әрекет етеді. Мысалы, жерді тұрақты пайдалану құқықтық қатынастарында объект мүлік игілік - жер учаскесі болып табылады. Бірақ жерді тұрақты пайдалану құқығы мәмілелердің нысанасы болуы мүмкін. Сонымен, жерді тұрақты пайдалану құқығын сату немесе өзгеше беру жағдайында жаңа міндеттемелік қатынас, мысалы, жерді пайдалану құқығын сатып алу-сату міндеттемесе пайда болады. Бұл арада "құқыққа құқық" сатып алу-сату міндеттемесінің объектісі - жер пайдалану құқығына сатушы мен сатып алушының құқығы пайда болады. Сонымен, АК азаматтық құқықтар объектілерін мынадай негізгі екі топқа бөледі: мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар. Мәмілелер юридикалық фактілердің негізгі түрі болып табылады. Азаматтың құқық айналысында мәмілелер құқтық қатынастарды тудыратын негізгі құжат болып табылады. Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміленің ұғымы берілген. Онда - Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
"Принцип" (қағидат) термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (кағидаттары) -- ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтык реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны колдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері (қағадаттары) арқылы мүмкін болады.
Принциптер (қағидаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-құқыктық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-сонды азаматтық принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпылама тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы)[6].
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің рөлі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды:
§ Біріншіден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі.
§ Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрыңғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі.
§ Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң, принциптері басшылыққа алынады.
§ Төртіншіден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмүнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсінілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6,392- баптарын қараңыз).
§ Бесіншіден, заң принциптеріне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады.
Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы құқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық құқық принциптері өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқығын азаматтық құқықтар арқылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі[7].
Азаматтык құқықтың мынандай принциптері бар:
1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3) шарт еркіндігі;
4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6) нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық заңдарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялык және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ дейміз.
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі. Азаматтық құкықтың басты кағидаттарының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқықтық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дережеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек. Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі темендегідей жәйттерді білдіреді:
1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық-құқықтық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады. Бір айта кететін жайт, азаматтық-құқықтық қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) заңда көрсетілмеген (АК-тің 111-114 баптары);
2) заңды тұлғалардық құқылық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне біртабан жақын келеді. Мысалы, казіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт талаптарының кез келгенін таңдауга ерікті; заңды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты жасасуға хақысы бар;
3) егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда ҚР-ның азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қаңдай құқықтар мен міндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға қақылы және сондай міндеттерді орындауға міндетті (АК-тің 3-бабының 7-тармағы) [8].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында меншік иелерінің құқын қорғауға байланысты теңдік принципі тұжырымдалған. Мұның өзі оларға қатысты құқықтардың бұзылуына қарсы қорғану құралын субъектілер бірдей қолданады дегенді білдіреді.
Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық принципі. Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтынып, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда қызмет ету құралын бәрінен де жоғары кояды.
Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтық құқық азаматқа мұндай жағдайды қамтамасыз етеді [9].
Шарт еркіндігі принципі. Заң шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл принцип нарықтық дамуына және бәсекеге қажетті алғы шарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен АК-тің 10-бабының б-тармағында әрбір тұтынушының тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға мүмкіндігі бар.
Шарт дегеніміз -- шаруашылық кызметінің негізгі құралы. Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін өз еріктерімен, өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындайды, сонымен бірге заң құжаттарына қайшы келмейтін жағдайда олардың кез келген шарт жасасуына мүмкіндігі бар.
Шарт еркіндігін шектеуді тек мемлекет қана емес, сонымен бірге азаматтық айналым де жүзеге асырады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 11-бабына сәйкес заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған монополистік және қандай болса да басқа қызметке жол берілмейді [10].
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтын принципі. Бұл принцип Азаматтық кодекстің 2-бабының 1-тармағында тұжырымдалған және де ол жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын қарастырады. Азаматтық кұқықтың бұл нормасы Конституцияның 18-бабында бекітілген: "әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясы болуына, арнамысы мен абыройлы атының корғалуына кұқығы бар" деген талапты алға тартады.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу билік және басқару органдарының, ата-аналадардың, қызмет орны жетекшілерінің және басқа адамдардың әрекет қабілеті бар азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне қожалық етуіне, пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына тыйым салады. Егер заңда көзделмесе, әлде біреудің рұқсаты, келісім беруі, ақпарат ұсынуы талап етілмейді. Жеке, отбасылық, коммерциялық құпиялары бар мәліметтерді беруді талап етуге тыйым салынады.
Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру принципі. Азаматтық кодекстің бұл принципі конституциялық ережеде де жазылған: "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар" (Конституцияның 26-бабының 4-тармағы). Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы принципке байланысты. Азаматтық кодекстің 8-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Бір айта кететін жайт, олардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартқан жалпы ережеге орай бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырмайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған коса іскерлік, әдептілік ережелерін сақтауға тиіс [11].
Азаматтықтың жалпы мәселелері
Азаматтық туралы мәселе -- адам мен қоғам арасындағы қатынастарда ежелден маңызды орын алатын, әр елде әр түрлі көрініс беретін, үнемі құбылтуларға ұшырап отыратын, түрлі саяси жанжалдардың да ұйытқысы болып келген, аса күрделі мәселелердің бірі. Азаматтыққа қатысты мәселелер үнемі қақтығысқан жақтардың негізгі талас объектісі болып отырады. Мемлекеттің федерациялы немесе конфедерациялы құрылымдары үрдісінде азаматтыққа байланысты туындайтын шектесулер өте жиі ұшырасып отырады.
Азаматтық деп белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған құқықтарды пайдаланып, міндеттерді атқаратын, сондықтан да құқықтары мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін айтамыз. Басқарудың монархиялық формасындағы мемлекеттерде азаматтық орнына бодандық термині қолданылады.
Азаматтық алу және одан айыру тәртібі мемлекеттің заңдарымен реттеледі. Түрлі мемлекеттерде адамның дүниеге келе сала азаматтық алуы табиғилау немесе тамырландыру қағидаларымен жүзеге асырылады. Әдетте, тұмысынан азаматтық алу мәселесі екі қағидаға сүйеніп шешілуі мүмкін. Оның біріншісі -- ұлттық немесе қан құқығы (jus sanguinis) деп аталынған қағидамен азаматтық алу. Мұндайда баланың азаматтығы, өзге жерде туылғанына қарамастан, оның ата-анасының азаматтығынан туындайды. Азаматтық алудың екінші түрі -- аумақтык немесе топырақ құқығы (jus soli) делінетін ұстаным бойынша анықталады. Мұндай жағдайда баланың азаматтығы ата-анасының азамат-тығымен емес, туған жеріне (еліне) байланысты айқындалады [12].
Қазақстан Республикасындағы азаматтық -- мемлекет ретіндегі Қазақстан Республикасы мен адам арасындағы олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіретін саяси-құқықтық байланысы болып табылады. Азаматтық мемлекет пен жеке адамның өзара тұракты қарым-қатынасы ретінде сипатталады. Азамат дегеніміз -- мемлекетке тәнділігімен айқындалатын заңды тұлға. Соған орай Қазақстан Республикасы адам алдында жауапты, оның ел ішінде белгіленген құқықтары мен бостандықтарын мойындайды әрі оны қорғайды және республикадан тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Қос азаматтық. Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік негізін онымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz