Қазақстан Республикасының демократиялық және зайырлы, құқықтық аспектілерін анықтау


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5
1. 1 Зайырлы және демократиялық мемлекет түсінігі мен сипаты . . . 5
1. 2 Зайырлы және демократиялық мемлекеттің құрылуының тарихи құқықтық аспектілері . . . 6
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ДАМУ ҮРДІСІ . . . 15
2. 1 1990-1995 жылы ҚР демократиялық мемлекет ретінде даму үрдісі . . . 15
2. 2 1996-2016 жылы ҚР демократиялық жолдары . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет ең алдымен Конститутция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзім біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндікті береді. Бұл ретте оларға Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес сөз, ар - ождан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу «ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дамуын шешу, сондай - ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің санаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Крнститутцияда қарастырылды.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұл Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекетпен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді.
Сонымен бірге әркімнің ар - ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы.
Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Сондықтан діни өзектілікті ескере отырып, аталған жұмыстың маңыздылығын айқындауға болады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының демократиялық және зайырлы, құқықтық аспектілерін анықтап, олардың даму үрдісіне тоқталу болып табылады.
Аталған курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
- Зайырлы және демократиялық мемлекеттің түсінігі мен сипатын жасау;
- Зайырлы және демоктариялық мемлекеттің тарихи құқықтық аспектілерін айқындау;
- Қазақстан Республикасының демократиялық жолының 1990-2016 жылғы аралығында дамуын қарастыру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасын зайырлы әрі демократиялық мемлекет ретінде қарастыра отырып, А. С. Рахымбаева, Д. А. Жамбылов, Е. С. Қуандық секілді ғалымдардың жұмыстары қарастырылып, олардың талқылама жұмыстары жасалды.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының демкоратиялық және зайырлы аспектілері.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Парламентінің демократиялық даму жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Зайырлы және демократиялық мемлекет түсінігі мен сипаты
Зайырлы мемлекет - мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты. Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі мүмкін, оның зайырлылығы діни түсініктерге қарама-қайшылықпен емес, одан азат болуымен анықталады. Зайырлы елде әрбір адам ешқандай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы. Мысалы, некені тіркеу және әділ сот жүйесі мемлекеттің айрықша құқығы болып табылады. Сол сияқты зайырлы елде барлық конфессия өкілдері заң алдында бірдей. Діни мерекелер халықтың дінге сенуші бөлігіне қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс күні ретінде бекітілген. «Зайлырлы» сөзі араб тілінде «захири» (зайырлы) яғни «ашық, сыртқы» деген мағыналарда қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабының 1-бөлігі елімізді зайырлы мемлекет ретінде орнықтырады. Яғни мемлекеттің билік институттары мен діни ұйымдар бір бірінен бөлек, функциялары қайталанбас сипатта. Діни негізде шешім қабылдауға, діни негізде саяси партия құруға, діни көзқарасқа байланысты Конституциямен бекітілген міндеттерді орындаудан бас тартуға тыйым салынады. Білім беру жүйесі зайырлы сипатта болғанымен, діни білім ұйымдарын құруға рұқсат етіледі. Еліміздің негізгі заңында орын алған бұл нормалардың барлығы адам мен азаматтың мүддесін қорғауға, Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтауға, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге негізделген. Еліміздің негізгі заңы діни бостандықты таниды. Адамды діни, әлеуметтік және өзге де негіздерге байланысты кемсітуге тыйым салады, заң алдында теңдікті бекітеді. Еш бір дінді мемлекеттік ретінде бекітпейді және міндеттемейді.
2000-жылдардан бастап, көрініс бере бастаған, дін атын жамылып, елдегі дін бостандығын теріс пиғылда пайдаланып жүрген діни ағымдар елдің бірлігі мен татулығына сызат түсіруге, берекесін қашырып, қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Әсілінде түймедейді түйедей етіп көрсетпекші болған «такфиристік», «джихадистік» бағыттағы ислами топтар, таза саяси сарындағы «хизбут тахрир» мақсаты мемлекеттік құрылысты күштеп өзгертіп, діни мемлекет құру. Орын алған бірнеше террактілерден кейін, жастардың санасын улаған идеология бақылауға алынып, қылмыстылары жазаланды. Мемлекет тарапынан қолға алынған шаралардан кейін көптеген дәстүрлі емес діни ағымдар қызметін біршама ағытты. Бірақ тактикасын өзгертті. Енді «діни білім алу» ұранымен жастардың дәстүрлі санасын трансформациялауға көшкен. Интернет ресурсы, оның ішінде әлеуметтік желілер бұл арнада үлкен әсерін тигізіп жатыр. 90-жылдары келе бастаған «салафия» ағымы «такфиризм», «джихадизм» болып бөлінсе, қазіргі таңда
«мадхалиге», яғни біршама саябырсыған қалыпқа айналып отыр және Қазақстанның әр аумағында өзіндік сипатқа ие.
Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бәлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті өзін-өзі басқаруынан кәрініс табады. Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысу демократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия - жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Халық билігінің жоғарғы тікелей қатысуы референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады. Демократия саяси алуан түрлілік принңиптері арқылы қызмет етеді. Саяси плюрализм халық билігінің тиімділігін арттырады. Мемлекеттің демократиялылығы жергілікті өзін-өзі басқaру органдарының болуын білдіреді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізінде әртүрлі аумақтық бірліктің түрғындарының заң шеңберінде өз жауапкершілігі мен өз мүддесі тұрғысынан қоғамдық істердің маңызды бөлігін басқару құқы мен мүмкіндігін білдіреді
Дәстүрлі емес діни ағымдардың халықты бір біріне қарсы қоюдың 3 негізгі әдісі бар: біріншіден діни мәтіндерді өзінше түсінуге құзірет береді, ондаған жылдар алатын білімді бір екі айда шала үйретеді; екіншіден адамды халыққа қарсы қойып, конфликтіге ұшыратады; үшіншіден айналадағының бәріне критика жасайды. Осы үш белгі еліміздің қабырғасын сөгіп, ұлттық сананы құртуға арналған. Осындай бір ел басына күн туар жағдай орын алмас үшін Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының өзінде Конституциямыз түрлі діндерге еркін қызмет етуге мүмкіндік берген еді, алайда уақыт көрсеткендей теріс пиғылды ағымдар халқымыздың қонақжайлығын өздерінің арам ойлары үшін пайдаланып, ел арасын дүрліктіріп қойып отыр. Сондықтан әр бір Қазақстандық еліміздің болашағы үшін бейжай болмауы керек. Белсенді азаматтық позиция ұстанып, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық тұрғысында, қазақстандық патриотизмді бекіте түсуі шарт. Еліміздің болашағы үшін әр Қазақстандық жауапты екендігін ұмытпайық.
- Зайырлы және демократиялық мемлекеттің құрылуының тарихи құқықтық аспектілері
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты демократиялық мемлекет құру. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен әдістерін үнемі іздестіріп келеді
Бұл ізденіс толастар емес. Демократияның ерекшелігі оның әмбебап сапаларымен қатар барлық елдерде біркелкі жүрмеуі және қайталанбауы. Әрбір мемлекет демократияға өз жолымен барады. Ол жолдар әлемдік ортақ құбылыстар мен қатар өзіндік ерекшеліктерді міндетті түрде әкеледі. Демократиялық мемлекет құрудың қиын да күрделі болуы әлемдік заңдылық. Ешбір мемлекет демократиялық қоғамды оңай орната салмайды.
Демократиялық басқарудың дамуы концепцияларының түп тамырын саяси тарих пен саяси ой қойнауынан іздеуге тура келеді. Бүгінгі демократиялық таңдауға қызмет етуші саяси партиялар идеялық тіректі көне заман ойшылдарының еңбектерінен алғандығы даусыз. Себебі демократия әлеуметтік-саяси феномен ретінде ертедегі грек полистерінің саяси мәдениетінің маңызды сегментінің бірі болды. Саяси үрдістерде демократия өте көпжақты және санқырлы сапада көрінеді. Сондықтан бір елдің демократиялық қоғам құру тәжірибесі сол қалпында екінші елде қайталанған емес. Демократиялық таңдау жолында күресетін саяси партиялардың қызметінің теориялық және тәжірибелік жағынан қиын жағдайда қызмет етуі қоғамда қалыптасқан осындай күрделі құбылысқа байланысты. Демократияны кей жағдайда түрлі мүдделі топтар түрліше түсінеді. Өз мемлекетінің саяси-әлеуметтік шындықтарына қатысты қабылдайды.
Қазақстан Шығыстық мемлекет. Оның саяси мәдениетінде және саяси партияларының қызметінде, идеологиясында Шығыс мемлекеттерінің ықпалы бар екендігі ақиқат. Тәуелсіз мемлекет болған соң Қазақстаның Қытай Халық Республикасымен саяси-әлеуметтік байланыстары нығая түсті. Сан ғасырларға созылған саяси тәжірибесі мен терең саяси мәдениеті бар Қытайдың саяси жүйесінің түрлі сапалары Қазақстанға өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақстанның саяси ойына және саяси қозғалыстарына елеулі әсері болған ілімдердің бірі - конфуцианства.
Қазақстанның шығысындағы 3, 5 мың ортақ шекарасы бар ұлы көршісінің мемлекеттік дініне айналған конфуцианстваның пайда болуы Кун Фуцзының есімімен байланысты. Конфуций деп аталып кеткен ойшыл б. ғ. д. VI ғасырдың өзінде «табиғат заңдарына үндес, ақылға сиымды өмір тәртіптерінің негізі болатын бес қарапайым болса да ұлы жақсылықты көрсетеді:
Олар: 1) ақыл, 2) ізгілік, 3) сенім, 4) үлкендерді сыйлау, 5) ержүректік. Бұл құндылықтар белгілі дәрежеде және белгілі шеңберде танылуы тиісті. Бұл дегеніміз өзіңді және басқаларды терең ұғыну және сыйлау. Олай ету таңдаулы толық адамдардың ғана қолынан келеді. Сонымен қатар заңдарды қарапайым жинақтай беруден пайда жоқ»/1/, - деп санайды.
Конфуций саяси топтардың және қозғалыстардың әділ болғанын қойды. «Басшы - лидер халық алдында қулыққа бармайды. Ол әділетті сүйеді, өзіне қатысты өзгелердің пікіріне құлақ асады. Ол өзін басқалардан жоғары қоймайды. Ондай адам елге де, жанұясынада да абыройлы. Ал кейбіреулер мақтанып, өтірік мадақталып абырой жинайды. Ол күдікті білмей, өзінің нағыз орнын білмей өмір кешеді», - деп көрсетеді Конфуций /2/.
Саяси партиялар лидерлері қаншама өзін халық алдында беделді, абыройлы етіп көрсетуге тырысқанымен олар ел қамын, адам қамын нақты ойламаса, жалған сөйлесе беделді болмайды деп біледі қытай ойшылы. Саяси лидерлер басқаларды өз «істерімен, үлгісімен тартады. Олар демалысты білмеуі керек. Өзінің жақтастарыңды сәл кемшілік үшін кінәлама. Өзің білетін лайықтылары мен біліктілерін көтермеле. Абыройлы қайраткер достық қатынастарды күшейтуде білімін салады. Ал достық оның адамгершіліктерін бекітуге көмектеседі», - деп білген Конфуций /3/. Саясатта да біліктілік пен білім керек. Дайындықсыз адамдарды соғысқа салу оларды тастап қашып кетумен бірдей.
Конфуцианство саяси партиялар мен мүдделі топтарды өз саясатын асықпай жүргізуді, мемлекеттік және халықтық мұраттарға негіздеуді үйретеді. Басқаларды басып алуға, бөтендерге зорлық көрсету арқылы жетістікке жетуді ойлаған партиялар мен күштер толассыз жаманшылыққа әкеледі. Олардың әрекеттері бақытсыздықтың қайнар көзі. Мемлекеттің дұрыс әділет жолын таңдамауы, халыпен ақылдаспауы, даму жолын, әдістерін сарапқа салып таңдауға тырыспауы оны қауіпті жолға бастайды. Саяси басшы өзіндікі ғана дұрыс деп ойламауы абзал. Ол жақсы жоспар құрып соның орындалуына әрбір адамның қатысуын қадағалайды. Ашу, ыза, асығыстық, халықты өз ісіне зорлықпен ерту сияқты әрекеттердің барлығы мемлекет қозғалысына зиянды. Мақтаншақ болу, жетістіктерді айта беру, достардың бірін-бірі мақтауы түбінде жарға құлатады. Шындық сөзді айтуға қорқатын болсақ та жақсылық әкелмейді. Білімді, іскер, әділетті адамдарды биліктің көргісі келмейді, олардың жақсы істерін бағалағысы келмейді. Оларға берілетін шен-шекпен, атақтарды нашарлар иеленеді. Халық осыны көреді, осыған наразы болды. Әділетсіз істер халық ниетін біртіндеп улай береді, улай береді. Кейбір басшылар әділет сөзімен жақсы ақылды өзіне қарсы атылған оқ сияқты қабылдайды. Елді құтқаратын істер тек ашу мен наразылық туғызады. Халықты осылайша адамдар тонайды. Олар тонап жатқан біздер емеспіз деп айтумен болды. Осындай өтірік пен жалғандық мемлекетті күйреуге бастайды.
Ерте грек ойшылы Платонның диалогтарында саяси қызметтің және саяси күрестің ғана емес, саяси мемлекеттің жұмыс істеу принциптеріне ден қойылады. Платон өзінің «Евтидем» шығармасындағы Критон мен Сократтың диалогында саяси қызметтің тиімді болуына бағасын берді. «Арадағы адамдар - философтар мен саясаткерлер арасында. Олар көпшіліктің алдында өздерін ақылды және абыройлы көрсеткісі келеді. Олар ақылды философтардан қабылдайды, саясаткерлерден де қабылдайды. Осы арқылы аралықтағылар түрлі дауларда жеңіске жетеді, басқалардың біліктілігін керектеріне жарата біледі», - деген ой айтады /4/. Сонымен қатар Платон саяси қызметте терең білім керектігін ескертеді. «Саясатқа алды артына қарамай кіріп кетуге болмайды. Алдымен оны үйрену қажет. Мемлекеттік істерге араласқысы келгендердің көпшілігі оған дайындықсыз келеді» /5/.
Саяси күреске әділетсіздік көрсете беру қауіпті. Сондықтан қоғамдық істерге ғана емес күнделікті өмірде әділетті болуды, өмірдегі басты мәселе ретінде қарастыру керек. Сенің шешендік сөздерің жағайымсу мен мақтаудан құрылуынан сақтан. Оның әділеттілікке қызмет жасағаны абзал. Қоғамдағы, мемлекеттегі маңызды мәселелер төңірегінде пікіріңізді үздіксіз өзгерте беру зиянды. Олай болуын бозбалаларға ғана кешіруге болады. Ал мемлекет идеясы елге әділет пен жақсылық әкелетін істерді жақтайды, - деп көрсетеді Платон /6/.
Мемлекеттік істегі адамның парасат ісі оның мемлекет мәселелерін шеше алуында. Ол өз ісінде достарына жақсылық жасайды, жауларына зияншылық жасаудың басқалардан өзіне нұқсан келмеуін көздейді. Әр адамның өзіндік атқаратын қызметтері бар. Оның жақсысы мен жаманын халық бағалайды. Нағыз жақсылық дұрыс пікір мен білімді ұштастыра білу. Осындай адам ғана дұрыс басқара алады. Елдегі мақсатқа да жеткізетін шын пікір мен білім. Шындық сөзін айтқан, дұрыс пікірлерді басшылыққа алып, білімге сүйеніп мемлекеттік істерді басқарғандар ғана өз қалаларын дұрыс жолға салатын мемлекет адамдарды, - дейді Платон /7/.
Платон мемлекет ісімен айналысатын адамға әділдік, білім мен қоса әдіскерлік пен айлакерліктің де қажет екендігін ескертеді. Мемлекеттік адамдарды кейде құдіретті күш қолдайды. Олар тіптен бүгінгі өз істерінің маңызын терең біле алмауы да мүмкін. Бірақта олардың әрбір дұрыс қадамы келешекте жасалатын ұлы істердің кепілі болды, - деген пікір айтады Платон /8/.
Қазақстандағы саяси құрылыс әлемдік тәжірибенің және саяси ойдың дамуының салдары мен нәтижесі. Әлемдік саяси тәжірибеден тысқары Қазақстан мүлдем жаңа саяси мәдениет жасай алмайтындығы даусыз. Осындай жалпылық даму заңдылығына ене отыра Қазақстан өзінің төл ерекшеліктерін ескеруге қабілетті болуы керек. Ондай қабілетті қалыптастыратын феномен көне дәуір ойшылдарының еңбектеріндегі ойлар мен идеяларды басшылыққа алып отыр. Қазақстанның демократиялық жолмен даму жолдарын зерттеуге көмектесетін Аристотельдің еңбектері/9/.
Аристотель биліктің бір адамда болуы, адамдардың тобында болуы немесе көпшілікке болуы маңызды емес. Маңыздысы сол биліктің мемлекетке және халыққа пайдасының болуында деп есептейді. «Мемлекеттік құрлысының мәні мемлекеттік басқару тәртібіне сәйкес. Соңғысы жоғарғы мемлекеттік билікті көрсетеді. Жоғарғы билік бір адамның, бірнеше адамдардың, көпшіліктің қолында болады. Егер олар қоғамдық пайданы ойлап басқарса, мемлекеттік құрылыстың осындай түрлері дұрыс болады. Егер жеке адамның, топтың немесе көпшіліктің мүддесі көзделсе ондай мемлекеттік құрылысқа ауытқу бар», - деп жазады Аристотель /10/.
Аристотель барлық мүдделі топтардың мақсаттарын толықтай ескеріп, қамтитын биліктің жоқтығына қиналады. Көпшілік болып табылатын кедейлердің билігі демократияның өзінде жетіспейтін, олқы жақтары бар. Демократиялық билік патшаның, олигархияның т. б. жеке топтардың мақсат-мүдделерін ескермейді. Сондықтан мемлекетті полития дұрыс, әділетті саясат билеуі пайдалы деп біледі адамзаттың бірінші ұстазы. «Мемлекет тек өмір сүру үшін ғана жасалмайды. Ол негізінен бақытты өмір сүру үшін жасалады», - деген ойды Аристотель ерекше атайды /11/. «Никомахова этика» еңбегінде ойшыл «бақытты өмір дегеніміз- жақсылықпен өмір сүру. Ондай өмір үнемі жақсылықтарға талпыну және көңіл көтеру емес. Жақсылық пен талпыныс үнемі көңіл көтеру мен қызығудан жақсы. Адамның жақсысының көңілі жақсылық пен талпынысқа толы. Ал нағыз жақсылықтардың қызметі мен еңбегі бақыт әкеледі», - /12/ деп жазады.
Аристотель мемлекеттің бақытты өмірі үшін саяси күштердің әділетті, жақсылықты және мемлекет пен қоғам қамы үшін қызмет етуін дұрыс деп білгені сөзсіз. Демек, саяси партиялар билікке жету жолындағы күресте, билікті иеленуде де осы құндылықтарды басшылыққа алғаны абзал. Аристотель көрсекен құндылықтарды ұран еткен партиялар билікті өзі үшін де, халық пен мемлекет үшін де дұрыс пайдалана алары даусыз. Мемлекетте адамдардың дұрыс қарым-қатынастар жасауына жағдай жасалынса, олардың еңбек етуіне, шығармашылығына, бизнеспен айналысуына қысым көрсетілмесе және өмірдің негізгі салаларында халықтың мүддесін көздейтін заңмен реттелсе ғана өркениетті, демократиялық мемлекет болатындығын саяси партиялар түсінеді.
Аристотель өмір күрделі, үнемі өзгерісте болады деп ескертеді. «Жазылған заңдарды өзгермеген қалпында қалтыруға болмас. Себебі, өмірдің басқа салаларындағыдай мемлекеттік құрылыста да барлығын дәлме-дәл сөзден жаза алмаймыз. Заңдарды жалпылық сипатта еріксіз жазасыз, ал адамдардың әрекеттері жалқы. Сондықтан кейбір заңдарда өзгертіп тұру қажеттілігі туады», - дейді Аристотель /13/. Заңдарды өзгерту маңызды емес олардың мемлекетік құрылыстың озық үлгілеріне сәйкес болуы маңызды, - деп есептейді ұлы грек ойшылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz