Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
ҚР консититуциялық құқығының ұғымы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Конституциялық құқықтың қайнар көздері және оның түрлері ... ... ... ...9
2 ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...14
2.1 Конституциялық құқықтық нормалар және институттар ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Конституциялық құқықтық қатынастар және олардың субъектілері ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...24
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қоғамдық қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз - мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші кезекке қояды. Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да сауатты рухани-психологиялық мәдениеттің қалыптасуымен жетілуіне жол ашу- қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы формалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.
Елбасы Н.Назарбаев мынадай жауапкершілікті алға тартады: Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтармен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамыздың барша азаматтардың осынау ортақ міндентті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі...Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз. Қорлардың заңмен және құрылтай құжаттары бойынша белгіленген арнайы құқық қабілеттігі бұл ұйымдардың көздейтін мақсаттарының сипатына байланысты деп айтуға болады. Бұл ұйымдар көздейтін жалпыға бірдей пайдалы мақсаттар, кейбір жағдайларда мемлекет пен мемлекеттік мекемелер көздейтін мақсаттармен тұспа-тұс келіп жатады, осы мәселе тұрғысында кезінде орыс цивилистикасында жалпыға пайдалы қоғамдар деп аталып келген қорлардың құқықтық табиғатының жария- құқықтық сипатта болатындығы жайлы айтарлықтай үлкен дискуссия туындаған да болатын. Әдетте қорлар көздейтін мақсаттардың әлеуметтік маңызын ескере отырып мұндай ұйымдардың құрылуы мен қызметін мемлекет әр кез өзінің бақылауында ұстап отырады. Осы орайда, курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық жалпы сипаты өзектілікті айқындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бүгінгі таңдағы еліміздегі Конституциялық құқығының түсінігін, оның түрлерін айқындап, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Конституциялық құқықты - құқық саласы ретінде қарастыру;
- конституциялық құқық түсінігі мен жүйесін талдау;
- конституциялық құқықтық нормалар мен институттары мен ерекшеліктерін айқындау;
- конституциялық құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздерін жүйелеу, олардың субъектілеріне тоқталу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері қолданылды.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық және заң ғылымының саласы туралы мәліметтер келтірілген.
Екінші бөлімінде конституциялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері, конституциялық құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздері қарастырылады.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы конституциялық құқықтық жүйе.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: жапы сипаттамасы тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
ҚР консититуциялық құқығының ұғымы түсінігі
Қазіргі мемлекеттік-құқықтық тәжірибеде қолданылатын конституциялық құқықтық институт және реттеу әдістері туралы; қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы ретінде Қ.Р. конституциясының функциялары мен қағидаларының жалпы мазмұны туралы; Қ.Р. конституциясының дамуының негізгі кезеңдері туралы - көрініс болуы қажет.
Конституциялық құқық -- ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. ¤йткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.[1]
Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық -- құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.
Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді. [2]
Конституциялық құқық -- адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:
міндеттеу әдісі;
тыйым салу әдісі;
ерік беру әдісі;
мойындау әдісі.
Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады. [3]
Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі -- тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқықжөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан -- адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінде сипатталады:
1.ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
2.ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3.Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
4.ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.
5.Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді. [4]
6.Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
7.ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры -- онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі -- олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.
Конституциялық құқықты үш тұрғыда қарастырамыз: құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу тәртібі ретінде.
Құқық саласы ретінде ол қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобын (ең алдымен қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын) реттейтін және конституцияда, заңдарда, т.б. актілерде көрініс тапқан іштей келісілген заңи нормалардың жүйесін білдіреді. Конституциялық құқықтың реттейтін қоғамдық қатынастары оның реттеу пәні болып табылады. Конституциялық құқық ол қоғамдық қатынастар тобын нормалары арқылы реттейді. Олай болса, конституциялық құқық саласының пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Ал, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады:
- ҚР конституциялық құрылысының негіздері;
- жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері;
- мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары;
- сайлау құқығы мен сайлау жүйесі;
- жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздері.
Сонымен, құқық саласы ретінде Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, Қазақстан Республикасындағы жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, Қазақстанда мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, ҚР сайлау құқығы мен сайлау жүйесін, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.
Кез-келген құқық салаларын секілді конституциялық құқықты да өзге құқық салаларынан негізінен реттеу пәніне және реттеу тәсілдеріне қарап ажыратамыз. Реттеу пәні мен реттеу тәсілі өзара байланысты. Конституциялық құқықтың реттеу пәні оның нені реттейтіндігін білдірсе, реттеу тәсілі қалай, қандай амалдармен реттейтіндігін білдіреді. Сонымен, конституциялық құқықтың реттеу пәні - бұл конституциялық құқық нормаларымен реттелетін жоғарыда көрсетілген қоғамдық қатынастар жиынтығы, ал конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері - бұл конституциялық құқық нормаларының оның пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері. Олар: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері. Құқық беру тәсілі ол белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқық бере отырып реттеуді білдіреді. Мысалы, Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Бұл ереже Қазақстанда сайлау және сайлану, референдумға қатысу қатынастарының құқық беру тәсілімен реттелгенін көрсетеді. Міндеттеу тәсілі мәні бойынша белгілі бір әрекеттерді жасауды міндеттеу амалын білдіреді. ҚР Конституциясының 35 бабында "Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге дe міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады" деп көрсетілген. Тиісті ережеге сәйкес салық, алымдарды, өзге де міндетті төлемдерді төлеу қатынасы міндеттеу тәсілі арқылы реттелген. Тиым салу тәсілі белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды белгілейді, оны жасауға болмайтындығын анықтайды. Әдетте, ол "болмайды", "тиым салынады" деген сөзтіркестерімен белгіленеді. Мысалы, соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды; жосықсыз бәсекеге тиым салынады; тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. [5]
(ҚР Конституциясының 14, 26 баптары). Ал, тану тәсілі мемлекеттің адамның табиғи құқықтарын заң тұрғысынан танитындығын білдіреді. ҚР Конституциясының 12 бабының 2 тармағына сәйкес "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады". Конституциялық құқықтың өз шегінде нормалардың институттар бойынша белгілі бір топтасуы жүргізіледі. Жалпы институт түсінігі ғылымда нақты бір құқық саласы шегінде белгілі бір ұқсас қатынастар тобын реттейтін нормалар жиынтығын білдіреді. Мысалы, конституциялық құқықтың шегінде азаматтыққа байланысты қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы азаматтық институтын құрайды, т.с.с. Конституциялық құқық нормаларының кейбір топтарының нақты реттелгені соншалық, олардың конституциялық құқықтың институттары және біздің оқып- зерттеуіміздің объектілері болып қала беретініне қарамастан, оларды жиі құқық деп атайды (сайлау құқығы, муниципалдық құқық). [6]
Конституциялық құқықтың қайнар көздері және оның түрлері
Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні -- оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні -- құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.
Конституция;
конституциялық заңдар;
әдеттегі заңдар (жай заңдар);
президенттің нормативті жарлықтары;
үкімет қаулылары;
қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.
Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың (өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңында толық карастырылған.
Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады. [7]
Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.
Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.
Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі -- конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар -- қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары -- мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары -- үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін. [8]
Конституциялық құқықтың қайнар көздері дегеніміз конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттейтін нормалардан тұратын актілер. Кеңірек ашып қарастырар болсақ, конституциялық құқықтың қайнар көздері болып конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамдардың құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардан тұратын актілер табылады. Олардың екі түрі бар: ішкі қайнар көздер және сыртқы қайнар көздер. Сыртқы қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы бекіткен актілер кіреді (халықаралық келісімдер, шарттар, пактілер т.б.) Ішкі қайнар көздер болып конституциялық құқықтық нормалардан тұратын ҚР халқымен, мемлекеттік органдарымен және лауазымды тұлғаларымен қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Олар:
- Конституция;
- Заңдар: конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар,
конституциялық заңдар және жай заңдар
- Президенттің жарлықтары: конституциялық заң күші бар жарлық, жай
заң күші бар жарлық, нормативтік жарлық;
- Парламенттің және оның палаталарының қаулылары;
- Үкіметтің қаулылары;
- ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық
сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
- Орталық атқарушы органдардың басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; [9]
- Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілері;
- Декларация, регламенттер, ережелер...
ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып
табылады. Өзге емес нақ осы актінің негізгі қайнар көз ретінде анықталуы келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
1) Конституцияда барлық басқа қайнар көздер үшін бастапқы болып
табылатын жалпы сипаттағы құқықтық нормалар бекітіледі. Басқа қайнар көздер Конституция нормаларынан туындалады, оның ережелерін нақтылайды.
2) Конституция - онда белгіленген нормалардың мазмұнының кеңдігімен сипатталады. Конституция нормалары қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Ал, басқа қайнар көздер қатынастардың қандай да белгілі бір саласын реттейді;
3) Конституция басқа қайнар көздерге қарағанда жоғары заңи күшке ие,
Қазақстанның бүкіл аумағында тікелей қолданылады;
4) Конституцияда құқық саласы қайнар көздерінің басқа да көптеген
түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;
5) Конституцияда бекітілген нормалар халықтың мемлекеттік еркін жүзеге асыру нысаны ретінде болады;
6) Конституция жоғары құқықтық мәні, жоғары қоғамдық маңызы бар акт болып табылады. Оның нормалары әрбір азаматқа, қоғамдық қызметтің барлық субъектілеріне бағытталған. [10]
Казіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқыктың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілер -- құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық акті (НКД) -- мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, коғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы -- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан тө-мен -- конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі -- жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Казақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.
Мұнда кейбір баптардың жаңаша жазылуы да мүмкін. Алайда, консолидация қоғамдық қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Соның өзінде консолидацияның кодификацияға ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрса да, бұл жағынан ол инкорпорацияға жақынырақ болып келеді.
Консолидацияның нәтижесінде заңдардың жинақтары салынады. Әдетте олар бейресми сипатта болады. Мұнда құқық нормалары, өздерінің іс-әрекет түрлерінің біріне жататындығын білдіретін нышан белгілерімен салыстырылғаннан соң барып жинаққа біріктіріледі (табиғатты қорғау күрделі құрылыс құралдарымен жұмыс істеу және т.с). Жекелеген нормативтік актілер түгелдейімен де, сондай-ақ үзінділер түрінде де консолидациялау актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық салаларда қызмет істейтіндер заң жөніндегі құралдар ретінде пайдаланады. [11]
Құқықтық ақпараттарды ғылыми негізде жүйелеу құқық шығармашылығы ісімен шұғылданатын органға іс үстіндегі заңдардың барлығын қысқа мерзім ішінде бағалауды, құқықтық реттеудегі келісілген іс-әрекеттерді, қайшылықтар мен кемшіліктерді табуда күш пен құралдарды, шығындарды аз жұмсап табысты жүргізуге мүмкіндік береді.
Құқықты жүзеге асырушылар мен оны қолданушылар үшін заңдардың жүйелі болғаны әрқашан да қажет-ақ. Ол атқарылып, орындалып жатқан істер көлемінің ұлғайып көбейген кездерінде әсіресе керек болады. Олай болатын себебі, құқықтық ақпарат мағлұматтарының қисынды түрде бірізділікпен дәйекті, ішкі мазмұнының келісімді құрылуы қажет болған құқықтық норманы дер кезінде табуды қамтамасыз етеді. Заң халықтың қалың, бұқара топтарының түсінуіне оңай болуы тиіс. Олар өздерінің құқықтары мен бостандықтары жөнінде, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның өздеріне қойып отырған талаптарын да түпкі деректердің білуі тиіс. Тек қана тиісті түрде бір жүйеге келтірілген заң ғана халықтың құқықтық деңгейдегі қажетті мәдениетке жетуіне, ал құқық қолданушылардың кәсіби-заңгерлік мәдениетке жетулеріне жағдай жасайды, мүмкіндік береді. Заңдарды жүйелеу ісі ғылыми принциптер мен ғылыми әдістерді қолдануға негізделуі тиіс. Мағлұматтарды іздестіру және оларды белсенді түрде қолдану құқықтық ақпарат материалдарымен жұмыс істейтіндерден іскерлік пен дағдыны қажет етеді. Өйткені ақпарат мағлұматтары ондаған миллион белгі-таңбалардан тұрады. Ақпарат мағлұматтарын іздестіруде қажет болған нормативтік-құқықтық актіні тауып алу ісін дәстүрлі жүйелер негізінде орындаудың келмеске кететін күні алыс емес. Ахуалдың жақсаруы үшін нормативтік құқықтық құжаттар саласын механикаландыру-автоматтандыру, оған қоса ақпараттық-іздестіру жүйесін жаңа техникалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz