Қазақстан Республикасын құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде қарастырып, оның әлеуметтік құқықтық деңгейін анықтау


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 5
1. 1 Әлеуметтік мемлекеттің түсінігі, қалыптасу себептері, салдары . . . 5
1. 2 Қазақстанда әлеуметтік мемлекет құру жағдайындағы құқықтың тиімділігі . . . 10
2 ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ БАҒЫТТАРЫ . . . 15
2. 1 Қазақстан Республикасының конституция бойынша әлеуметтік бағыттары . . . 15
2. 2 ҚР конституциялық экономикалық бағытты жүзеге асыру мәселелері . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Конституциялық құрылыс қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік-экономикалық ұйымын, мұндағы жеке адамдардың Ата Заң нормаларымен бекітілген қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл ұғым Конституцияны, конституциялық және жай заңдарды жоғары санайтын мемлекеттерге ғана тән болмақ. Конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негізгі қағидаттарға жататындар: 1) Қазақстан халқының толық билігі (егемендігі) ; 2) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; 3) Мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысындағы пікір алуандығы; 4) Конституцияның үстемдігі мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдылығы; 7) Мемлекет тіл саясатының кепілдігі және өзгелер.
Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жалпы ережелер» деп аталатын І бөлімінде баяндалған. Азаматтық қоғам мемлекетті адам мүддесі үшін жұмыс істеуге мәжбүр ете отырып, оны мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырудың қатаң талаптарын қояды. Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының мазмұнына саяси, экономикалық негіздер, әлеуметтік саясат негіздері, ішкі саясат негіздері енеді. Олар Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14 және 26-баптарында тұжырымдалған. Мысалы, Ата Заңның 1-бабының 1- тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демокркатиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады», - деп жарияланған. Мұның өзі Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігінен туындайды. Демек, мемлекеттің басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етеді, -деген сөз. Біртұтас мемлекеттің тағы бір ерекшелігі сол, оның ұлттық пәтерлерге ыдырап кетпей, әкімшілік-аумақтық құрылысқа бөлінуінде.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.
Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. В. М. Гессен былай деп көрсетті: «Құқықтық мемлекет деп өзінің қызметінде, үкіметтік және соттық функцияларды атқарғанда құқықпен шектелетін және байланысты болатын, құқықтан төмен тұратын, одан тыс және жоғары болмайтын мемлекетті айтамыз».
Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі - мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады. Осыған орай жұмысты зерттеп қарастыру өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасын құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде қарастырып, оның әлеуметтік құқықтық деңгейін анықтау болып табылады.
Аталған курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
- әлеуметтік мемлекеттің түсінігі, қалыптасу себептері, салдарын, Қазақстанда әлеуметтік мемлекет құру жағдайындағы құқықтың тиімділігін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының конституция бойынша әлеуметтік бағыттарына талдау жасау;
- ҚР конституциялық экономикалық бағытты жүзеге асыру мәселелеріне көз жүгірту.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасы құқықтық әлеуметтік мемлекет тақырыбына жазылған курстық жұмыста Сапарғалиев Ғ. С., Козлова Е. И., Коваленко А. И., Амандыкова С. К. және тағы басқа ғалымдардың жұмыстары қолданылып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының әлеуметтік құқықтық жағдайы.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы құқықтық әлеуметтік жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасы құқықтық әлеуметтік мемлекет тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Әлеуметтік мемлекеттің түсінігі, қалыптасу себептері, салдары
Әлеуметтік мемлекет - кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданылады.
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз - барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы - екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді [1] .
1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын ендірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, Германияда, Швецарияда және Англияда, т. б. елдерде құрыла ьастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты - қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы - ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мем лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. «Әлеуметтік экономика» ұғымын құрайтын басты принциптер дүниежүзі қауымдастығы мен Қазақстан таныған бірнеше құжаттарда көрсетілген. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы - гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау . . . Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы берген анықтамаларында бұл - әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды қалыптастырады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші - бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші - қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан [2] .
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы - құқықтық мемлекет құру принциптерінің рөлін төмендеткен (әлсіреткен) жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық құқығы мен бостандығының басымдылығы - демократиялық мемлекеттің де, әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Дегенмен, әлеуметтік мемлекет өзінің өркендеу жолында, қоғамның әрбәр мүшесінің тіршілік етуіне лайықты жағдай жасау үшін заңды түрде жарияланған азаматтық құқық пен бостандық мазмұнының шынайы кеңеюіне ұмтылады.
Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршідік ету деңгейінің жоғары болуы - әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді, мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады. Әлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы негізгі құрал болғандықтан тиімсіз құқықтар санын мейлінше азайтып, мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сұғуына заңды түрде шектеу қойып, нақты ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған (негізделген) құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты айтқанда, тұлғаның жеке өмірін қорғауға және қолдауға тырысу - әлеуметтік және құқықтық принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десекте, құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да игіліктерді бөлу процесіне қатыспауын да мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда болатынтеңсіздіктерді болдырмауға тырысады. Әлеуметтік мемлекет өзінің қызметін азаматтардың қоғамдық белсенділігімен байланыстыруға, қысымшылық көрсету тәсілдерінен аулақ болуға, жеке бастың мәртебесін қорғауға, сөз бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты - қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты - саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын кәсіпорын қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке меншіктік . . .
Қазіргі кезеңде демократиялық мемлекет бәекелестікті шектеу мен оны қайта қалпына келтіру арасындағы тәсілді ұстануға, өз іс-әрекеттерінде құқылық және әлеуметтік принциптердің тиімді мөлшерін табуға ұмтылуда. Кез келген қоғам тіршілік құрылымының ғылыми тұрғыда дәлелденген үлгісіне, нақты белгіленген мақсатқа сүйене отырып, дами алады.
Қазақстан Республикасының конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетілген. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси реформалар жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және басқа да алғы шарттарды дамыту қажет.
Қазақстан алдында сапасы мен саны әлемдік нарыққа сай келетін жалдамалы еңбекке жалақы төлеуді ұйымдастыру міндеті тұр. Сонда ғана реформаның жағымды нәтижесі туралы сөз қозғауға болады. Мемлекеттік биліктің қандай түрі болғанына қарамастан, жуық арада өндірістік процестер мен қажеттіліктерді үйлестіре алмайды, сондықтан да таяу арада бізде әлеуметтік мемлекет құрылуы өте қиын. Әлеуметтік мемлекеттің жемісті өмір сүруі - қоғамның барлық топтары мүддесіне қызмет ететін, дамыған экономика негізінде ғана қалыптасады [3] .
Соған қарамастан, белгілі сипаттамсы бар әлеуметтік мемлекет туралы ереже Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілуге тиіс, ол өкімет билігіндегі және қарапайым азаматтардың өз міндеттерін есіне салатындай болуы керек. Ол мемлекеттің негізгі функциясы мүқият қарастыруды қажет ететін маңызды мәселе болып табылады. Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы мен қалыптасу тарихын саралап талдау, әлеуметтік қамсыздандыру функциясының кезек күттірмейтін проблема екендігін дәлелдеді. Ол - мемлекеттің алғаш заңдастырылған міндеттері болғандықтан және әлеуметтік сапаға жетуге жасаған қадамы болғандықтан, қоғам және тұлға қатынастарының өзгеруінің бастамасы болды. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру өндірістегі материалдық игілік - жасына, жынысына, денсаулық, т. б. жағдайына қарамастан қоғамның барлық мүшесіне тиісті болуы керек. Әлеуметтік қамсыздандыруды қалыптастыру кезеңі құқықтың негіздің пайда болуы мен әлеуметтік процестерді құқықтық реттеу функциясын мемлекеттің өз міндетіне алуымен тікелей байланысты.
Одан әрі бұл функция әлеуметтік бағдарламаны бюджеттік қаржыландыру арқылы және әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік құрылымын құру барысында жүзеге асырылады. Осындай мемлекеттің басқа да атрибуттары - әлеуметтік сақтандыру, әл-ауқат деңгейі үшін мемлекеттің жауапкершілігі, әлеуметтік қолдау мүмкіндігін алуы - әлдеқайда кейінірек. Әлеуметтік мемлекеттің екінші функциясы - білім және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол құқықты қамтамасыз ету - мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйеісн құру) айналады.
Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы - әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру - барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру - теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы - еңбекпен қамтамасыз ету. Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда болған және Ф. Рузвельттің «Жаңа курс» саясатында маңызды рөл атқарған бұл функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде, мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.
Әлеуметтік мемлекеттің барлық жиынтығы - негізінде әлеуметтік мемлекеттің алтыншы функциясы қамтамасыз етіледі: ол - әлеуметтік қызмет көрсету. Бұл ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында әлеуметтік мемлекеттің жаңа сапасы ретінде көрінеді және оның дамуының ең жоғары деңгейдегі қозғалысын білдіреді. Іс жүзіне келсек, бұл функцияның пайда болуын мемлекеттің индивидті жаппай басып-жаншу күйінен, әрбір адамның мүддесіне бағындырылған және қоғамға қызмет көрсететін мемлекетке өту деп қарастыру жөн болады. Бұл функция әлеуметтік мемлекеттің барлық атрибуттар жүйесіне сүйене отырып, азаматтық қоғам механизмі арқылы тікелей іске асырылады. Ал азаматтық қоғам, сайып келгенде, әлеуметтік мемлекеттің базалық функциясы болып табылады [4] .
Әлеуметтік мемлекеттің жетінші функциясы - мемлекеттік саясат жүргізу. Бұл функция әлеуметтік мемлекет дамуындағы жаңа құбылыс. Ол интеграциялау негізінде әлеуметтік мемлекеттің механизмі арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік саясатты жүргізу құрылымдағы өзгерістерге, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты топтар арасындағы қоғам мен оның мүшелерінің өзара арақатынасына қатысты мемлекеттің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясаты - ынтымақтастық принциптерін жеке жауапкершілік принциптерімен толықтыруды, оларды біріктіруді ұсынады. Орталық және аймақтық билік органдары өзара көмек көрсету мен қорғау, әлеуметтік қамсыздандырудың қажетті құрылымын құруға қабілетті әлеуметтік топтарды қолдауға өз күшін жұмсауға міндетті. Мұндай топтар кәсіби құрылымдарды, жергілікті қауымдарды, коопертивтерді, аймақтық ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді т. б. біріктіреді. Практикалық тұрғыда мемлекет, ең алдымен, жеке жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етуге тиісті. Жеке меншікті тануға негізделген экономикалық салада адамдардың іскерлік белсенділігін арттыруға қажетті жағдай жасау қажет.
Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі әлеуметтік мемлекеттің құрылу мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда атйқанымыздай - өз азаматтарының өмір сүруіне лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет іске араластыруға ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе - жағдайы нашар қамтамасыз етілген топтың пайдасына ұлттық табыстың қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның мәдениетін, т. б. дамыту саясатын жүргізуді жүзеге асыру барысында кол жетіп, орындалады. Әлеуметтік мемлекет қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және т. б. теңсіздіктерді бәсеңдетуге, жуып-шаюға бар күш-жігерін жұмсайды [5] .
1. 2 Қазақстанда әлеуметтік мемлекет құру жағдайындағы құқықтың тиімділігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz