Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 РӘМІЗДЕР ТҮСІНІГІНІҢ СИПАТЫ МЕН МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . .5
Мемлекеттік рәміздердің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Мемлекеттік рәміздердің маңызы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2 ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .12
2.1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы ... ... ... ... ... ... .. ... .16
2.3 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстандағы мемлекеттік рәміздердің қолданыс және насихат ауқымын жан-жақты жүргізу ел тәуелсіздігін, оның болашаққа басқан нық қадамын нығайтары сөзсіз.
Мемлекеттік рәміздер - елдің белгісі, халықтың мәдениеті мен тарихының бір бөлігі. Әлемге елдің қандай екендігін, онда қандай халық тұратынын және олардың ойы мен талпынысы қандай екендігін білдіреді. Ендеше елдік нышандарға ерекше ілтипат таныту қажеттігі қазіргі таңда айрықша орында.
Рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау тұрғысынан қынжылатын, елдігімізге нұқсан келтіретін өрескел кемшіліктер де жоқ емес. Мысалы Кувейтте нысана көздеуден халықаралық жарыстың марапаттау рәсімінде біздің спортшымыз құрметіне Қазақстанды айдай әлемге теріс жағынан танытқан сайқымазақ Бораттың киносындағы ән орындалды. 2011 жылы қарашада Парижде ауыр атлетикадан өткен жарыста жеңіске жеткен зіл теміршіміз Зульфия Чиншанлоның құрметіне Әнұранымыздың ескі нұсқасы орындалған. Өз жерімізде де өткен шаңғы фестивалінде Әнұранымыздың орнына Рикки Мартиннің әні шырқалды. Әлем елдерінің талантты спортшылары құрметіне мемлекеттік тулары жүзден астам көтеріліп, Әнұраны жүзден астам рет ойналып жатады. Бірақ бұл мемлекеттерде Әнұрандарын ауыстырып жіберіпті деген бөтен сөз болған емес.
Мемлекеттік рәміздер - біздің мақтанышымыз. Бұл белгілер тарихтың тылсым тереңінен сыр тартып, бүгінгі азат елдің асқақ келбетін айшықтайды.
Зерттеу барысында елімізде Мемлекеттік рәміздерге байланысты көптеген Заңдардың қабылданғанына көзім жетті. Алайда осы Заңдар тек аталып қана қоймай, іс жүзінде жоғары деңгейде жүзеге асуы керек деп ойлаймын. Қазіргі заман Қазақстанда Мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын құрылуын талап етеді. Бұл арқылы біріншіден, мемлекеттік деңгейде елдік нышандарымызды насихаттау тәуелсіздік идеясын одан әрі орнықтырады; екіншіден, жастарды биік отаншылдық сезімге баулуға болады; үшіншіден, Қазақстанда тұратын әрбір ұлт өзін Отанымның патриотымын дей алады.
Бұл орайда Мемлекеттік рәміздерді насихаттаумен айналысушы Институттың ұлттық моделі ұсынылды.
Бұл жұмыс болашақта Мемлекеттік рәміздер жөніндегі институт құруда өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын.
Алайда, Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда қабылданып, қазіргі таңда күші жойылған Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы Конституциялық заңынан басталуда.
Терминнің дұрыс пайдаланылуына байланысты 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде нышандар деген сөз рәміздерге ауыстырылды.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Қазақстан Республикасының Заңдар мен Жарлықтар қабылдауына байланысты мемлекеттік рәміздерді қорғау мен насихаттаудың ауқымы кең.
Осыған орай, аталған жұмысты зерттеп қарастыру, мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, қадірлеу жұмыстарын нығайту өзектілікті айқындайтыны сөзсіз.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттік рәміздердің жалпы түсінігін қарастыра отырып, еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
мемлекеттік рәміздер түсінігінің пайда болу тарихы мен оның жалпы түсінігін қарастыру;
Рәміздердің негізгі сипаты мен оның маңыздылығын айқындау;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, яғни - мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын, мемлекеттік Әнұранының сипаты мен тарихына көз жүгірту.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері тақырыбына жазылған курстық жұмыста еліміздің қазіргі таңдағы мемлекеттік нышандары, олардың маңыздылығы және оның ел болып қалыптасуындағы рөлі қарастырылып, жалпылама сипаты қарастырылған.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы конституциялық құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 РӘМІЗДЕР ТҮСІНІГІНІҢ СИПАТЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Мемлекеттік рәміздердің түсінігі
Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтің қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы , Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.
Рәміз деген сөз грек тілінде символ деп аталынады. Рәміз - философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі. Дүниежүзіндегі мемлекеттің ресми рәмізділігі үш бірлікті білдіреді - Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Әнұран. Олар елдің саяси тәуелсіздігінің, егемендігінің белгісі болып табылады.
Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер жалпыұлттық және біріктіруші күш ретінде ұғынады. Рәміздер діни, партиялық, рулық бөліністерінен биік болып, барлығын біріктіреді.
Жас мемлекеттің рәміздерін жасау тарихына бүкіл Қазақстанның халқы ат салысты. Оған сол кезде жарияланған байқау куә. Мемлекеттік рәміздерде эстетикалық талаптармен бірге, тарихи, экономикалық, саяси мәні анық көрінетін шешімді табу қажет болатын [1, 15 б.].
Адамзат қашаннан бері әртүрлі таңбалар мен белгілерді қолдануға әуес болған. Халқына, тайпасы мен әулетін белгілі бір таңбамен белгілеудің терең тарихы бар әрі жаһан жұртына тән құбылыс. Жер бетіндегі қай мемлекеттің болмасын елтаңбасына сол халықтың дүниетанымы, тарихы тікелей ықпал етеді. Өйткені елтаңбаларда белгілі халықтың дүниетанымы, мәдениеті, дәстүрі, салт-санасы, тарихы мен рухы сіңіп тұрады.
Тайпалық белгілер мен рулық нышандарды тотем деп атайды. Олар бүгінгі заманауи елтаңбалардың ет жақын туысы. Тотем сөзінің төркіні Солтүстік Америкалық үндістердің оттем сөзі, яғни оның елі дегенді білдіреді. Тотемдік дәстүр бойынша тайпаны жебеп, қорғап жүрген жебеушісі ретінде жануар яки өсімдіктер бейнесі арқылы сол тайпаның негізгі нышандық белгісі таңдалады. Бұл дәстүр өте ежелгі халықтар арасында кең таралған. Алайда, сол көне салтқа сай елтаңбалар бүгінде кездесіп жататыны да белгілі.
Ал, осы сынды түрік және монғол тектес азия халықтарында тамға дәстүрі бар. Оған сәйкес әр тайпа, әр рулы ел өздеріне тән аң-құс бейнесі, қару-жарақ яки тайпаға ғана тән басты белгілерді байрақтарына бейнелеген. Қазақ руларының да өзіндік белгілері мен ұрандары болған. Яғни, әр рудың таңбасымен қатар ұраны тең жүрген. Шайқас ұрандарын кейіннен еуропалық рыцарлар да иемденіп, қолданыстарына енгізген. Негізі елтаңба тарихы осы жаумен шайқас кезіндегі ұрандар мен байрақ таңбаларынан бастау алады [2, 187б.].
Елтаңбалардың арғы тегі - байрақтарға, киімдерге, жүзіктер мен жеке әулеттік заттарға бейнеленіп, көмкерілген алуан түрлі белгілік нышандар. Ұрандар мен төл белгілер тулар мен елтаңбалардан көрінген. Батырлар, билер мен қолбасшылардың өздеріне тән белгілері болған. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайынның әскери дулығасында - теңіз аты (гиппокамп), Ахиллес бас киімінде - бүркіт, Нумибия патшасы Масиниса дулығасында - ит, римдік император Каракалы басында - бүркіт суреттелген.
Ал, антикалық дәуірдің қалалары мен аралдарының кейбір белгілері әрдайым монеталардан, төс белгілер мен мөрлерден көрініс тапты. Мәселен, солардың бірі Афин қаласының белгісі - үкі, Қорынтық қаласының белгісі - пырақ, Самос шаһарыныңкі - тауыс, Родос аралдары - раушан гүлімен таңбаланған екен.
Ассирия, Бабыл, ежелгі Мысыр елдерінің елтаңбалары мөрлерде таңбаланатын болған. Ал, б.з.д. үшінші мыңжылдықта шумерлер мемлекетінде бүркіт пен жолбарыстың бастары бейнеленген өз елтаңбасы болды. Бұл тарихтағы алғаш мемлекеттік елтаңбасымен танылған мемлекет болып есептелінеді [3, 14 б.].
Үш жүзден тараған қазақтардың да терең мағынаға ие рулық таңбалары болған. Төл таңбамызды зерттегенде алғаш тастарда қашалып жазылған руна жазуы көзге келеді. Оны бекер еске алып отырғанымыз жоқ. Себебі, көшпенді бабаларымыз кішкентай ғана белгіге тарихын, санасын, пәлсапасын, дүниетанымын, мәдениетін, болмысын сыйдырып қойғанын аңғаруға болады. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия кітабының сегізінші томында таңба хақында былай деп жазылған: Әлемдік хат мәдениеті тәжірибесінде құпия сақтау мақсатында туған код пен шифр арқылы жазу үлгілерімен салыстырғанда көшпелі түркілердің рулық таңбалары мен руникалық тұжырымдамасы жер бетінде қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Ғылыми әдебиеттерде идеографиялық жазудың айрықша түрі ретінде таңбаны атайды.
Қазақ тегіне берік екенін білеміз. Рулық таңбалар - түркі халықтарының тектік қасиеті. Бүгінде сол түркі халықтарының ішінде рулық таңбаларын қазақтар әлі күнге дейін сақтап келеді. Рулық таңба қасиеті жөнінде Қазақ руларының таңбасы атты мақаласында Мақсұтбек Сүлеймен былай дейді: Рулық таңба - түркілік төлқұжат, өмір шындығын танып-білудің даналық құпиясы, ақпараттық жүйе, қоғамдық дамудың интеллектуалдық қуатын танытатын қасиетті рәміз, ұлттық ойлаудың айнасы. Рулық таңбалар - қазақтың шығу тегі барша рулардың бірігуінен шыққанын дәлелдейтін тарихи құжат, жәдігер. Тек соның құпия сырларының кілтін таба білуіміз қажет.
Қазақ рулары мен тайпаларының арғы тарихын зерттеуде, ең алдымен олардың таңбалық белгілерін зерттеудің қажеттілігін алғаш аңғарған Николай Аристов болса, оның пікірлерін тереңдете зерттеген Сәрсен Аманжолов болды. Олар белгілі бір атадан рудың, одан тайпаның, одан тайпалық одақтың қалыптасу жолдарын рулық таңбаларды зерттеу арқылы анықтауға болатынына кәміл сенді.
Таңбаны бір жағынан түркі халықтарының этникалық құрылымының сыртқы рәміздік белгісі деп қарасақ, оның терең де басты мағынасында таңба - рудың қасиеті, ары, тегі, шежіресі, жаршысы.
Таңба - ақпарат сақтау мен таратудың коды дейді таңба зерттеушілері. Осы шифрдың кілтін таппаған бөгде жұртқа қазақтың ішкі сыры мен рухын ұғыну жұмбақ күйінде қалады. Бағзы қазақтың ойлау жүйесінде геометриялық өлшем, симметриялық дәлдік - таңбатану өте жоғары деңгейде дамыған. Бұл түркі халықтарының этникалық біртұтастығын сақтап тұрған киелі қорғаны, ең маңызды ұлттық құндылығы екенін мойындауымыз тиіс.
Бүгінгі күні таңбалардың қыр сырын зерттейтін ғылыми тармақты геральдика деп атайды. Бұл ғылымның пайда болу тарихы өте қызық. Алда айтып кеткеніміздей, бүгінгі мемлекеттік елтаңбалар тарихы ұрыс алаңдары мен жекпе-жектерден, яғни, соғысқа аттанған батырлар мен қолбасшылардың таңбаларынан бастау алады. Жалпы геральдика өнері Х ғасырдан бастау алды деседі кейбір деректер. Бірақ батыста алғашқы мөрлер мен құжаттарда бейнеленген гербтер ХІ ғасырдың еншісіне келеді дейді ғалымдар. Ал бұл өнердің дамып, өркен жая бастаған кездері рыцарлар жекпе-жегі мен крест жорықтары кезеңі. Рыцарлар жекпе-жегінің ХІІ - ХVІ ғасырларда қызу өркен жайған кезі болатын. Жекпе-жекке шыққан рыцарь міндетті түрде өз таңбасымен шығуға тиіс еді. Алғашында кез келген рыцарь қарсыласының белгісін танып, сол ен арқылы оның қай әулетке тиісті екенін білген. Сонымен жекпе-жекке бір уақытта, бір жерде әр елден жиылған феодалдардың ұлттық мінезі туады, бір-бірін тануға деген қажеттілік пайда болады. Ал, рыцарлар білім мен тіл білу жағдайында шығыстық өркениеттен алынған өз атын, таңбасын қорғау, жаумен шайқасу, қарулануы сынды қабілеттерді игереді. Рыцарлардың батылдығымен қатар таңбалар білімін жетілдіруі геральдиканың безендіруі мен пайда болуына жол ашты [4, 19 б.].
Heeralt, демек герольд - Германияда батыл, беделі бар ардагер рыцарь дегенді білдіреді. Еуропада ежелгі әскерлерде жаумен келіс сөз жүргізу үшін, жарлықтар мен хабарландыруды жария ететін адамдарды менестрели (ақын, әнші), глаштай деп атаған. Уақыт өте осы үш мамандықтың қосындысы ретінде герольд деген кәсіп иелері пайда болады. Олар жекпе-жектерге қатысушылардың атын ғана емес, дәулетті әулеттердің, олардың атынан шығатын қатысушының, рыцарлардың таңбасын жетік білуге міндетті еді. Осылайша герольд кәсібі геральдикалық мәнге ие болып, жекпе-жектер таңбалардың қыры мен сырын ашатын геральдика ғылымының дүниеге келуіне себеп болды. Ал, XIII ғасыр соңы мен XIV ғасырларда геральдика тек әскерлер киімдерінде емес қоғамдағы бар салаға еніп, әдебиетте, өнерде, тұрмыстық жағдайда сәнге айнала бастады.
Бүкіл бір елдің қасиетіне баланған таңба сызықтар шимайы, түсініксіз түртпелер емес. Белгі жан-жақты зерттелген, оңайшылықпен өзгерте салынатын дүние де емес. Өйткені онда баба аманаты, әке тағылымы, тектік тәлім, қандық қасиет, ұлы армандар мен арлы болмыс жататыны белгілі.
Таңба, таңма, тамға - ерекше белгі. Таңбалар ежелгі заманнан-ақ қолданыста болған [5, 85 б.].
Көшпелі түркілердің дүниетанымы, рухани мәдениеті, тарихы таңбаға көшіріліп, құпиясы жасырын сақтаулы тұр.
Түркі таңбалары туралы Рашид әд-Диннің, Г.Н.Потаниннің, А.И.Левшиннің, Н.И.Гроздековтің, Н.А.Аристовтың, Ш.Құдайбердіұлының, М.Тынышбайұлының еңбектерінде айтылған.
Қазақтың рулық таңбалары белгілі бір жүйеге бағынған.
Таңбатануда Е.Д.Плотниковтің еңбегі өте құнды.
Орыстанған түркі тектес әулеттердің отбасылық гербтерінің негізі рулық таңбаларымыздан алынған.
Түркі тектес халықтардың ішінде түріктер, өзбектер, ұйғырлар, әзербайандар т.б. этностар руларын және рулық таңбаларын жоғалтып алды.
Eжелгі түркі руна жазуы таңбаларынан ортақ модель шығады, сол арқылы күллі ғаламның нысандарын белгілейтін таңбалар жаратылады [6, 125 б.].
Мемлекеттік рәміздердің маңызы мен мәні
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, ...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн - дейді.
Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.
Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.
Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні ҚР Мемлекеттік туы туралы, ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы, ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы тарихи заңдарға қол қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі - көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған [7, 96 б.].
Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. Кезінде Түркі қағанаты (552-630 ж, 682-743 ж), Хазар қағанаты (651-983 жж.), Ұлы Селжұқ қағанаты (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының (1465-1737 жж.) бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920 - 1991 жж.) мемлекеттік жалауында да шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылады. Көк сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы шығыс, шығыстық деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.
Ал, күн бейнесі - байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.
Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дуниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.
Ал, енді саяси тұрғыдан келсек ол - мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.
Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар [8]. Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы Е.Шәймерденнің пікірінше, елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең, ерте әлеуметтік белгілердің пайда болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу. Екінші кезең, таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі болып табылатын тайпалық таңбалар сәйкес келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы, тертінші - рулық таңба, бесінші - аймақтық және қалалық герб, алтыншы, ең жоғарғы деңгей - ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбаның болуы. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады.
Қазақ халқы мен мемлекеттілігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Олардың әрқайсысының өз таңбасы болды.
Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.
Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз үғым.
Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.
Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.
Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек - деп, атап көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір.
Қай үлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы ең алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы. Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер аз емес. Бүл елдерде патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектептерде сабақ басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады.
Қазақстандық патриотизм елдің нағыз патриоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы мен Әнұранына ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді [9, 52 б.].
Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына, Отан, атамекен, ел-жүрт, азаматтық борыш, ар-намыс, адалдық пен әділдік, азаматтық парыз, қанағатшылдық пен жомарттық, тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.
Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін атамекен - отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты. Сондықтан да халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген, баулыған [10, 223 б.].
2 ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ СИПАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Мемлекеттік туымыздың авторы республиканың өнер қайраткері − Шәкен Ниязбеков. Ол Қазақстандағы дизайнерлік өнердің негізін салушылардың бірі.
Жалауды айқындайтын элементтердің бірі - оның түсі. Көк түстің таңдалуы кездейсоқ емес, ол адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспанды еске салады. Аспандай ашық көк түс қазақтардың ұлттық түсі болып табылады. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар, өмірлеріндегі ажырамас бөлігі болатын. Көк сөзі ежелгі түріктердің тіліне аударғанда Шығыс мағынасын беріп, осылай тудың түсі географиялық ақпараттың тасушысы ретінде де қолданылады. Геральдистердің сөзіне сүйенетін болсақ, Қазақстан жер шарының шығысында орналасып, шығыс мәдениетінің өкілі болатынын білдіреді [11, 85 б.].
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Туымыздағы күн бейнесі - шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек - еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.
Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы.
Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.
Ту - мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста -- ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек -- алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы -- суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде -- көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "көк" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн -- қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн -- уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс -- бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi [11, 78 б.].
Ту - мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Флаг термині vlag деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы - белгілі суретші Шәкен Ниязбеков [12, 45 б.].
Сурет 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы - алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды [13, 196 б.].
Қыран (бүркіт) бейнесі - көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер - оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері - дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Мемлекеттік туымыздың аспан текті зеңгір көк тусті болуы кездейсоқ емес. Әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол -- адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк тус ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға мегзейді.
Аспанкөк түс -- қазақтың ұлттық бояуының реңі. Ұлттың менталитеті, танымы, мәдениеті мен бұл түске деген айырықша ілтипаты осы ойға жетелейді.
Табиғат -- көшпелілердің өмір суру ортасы ғана емес, бүкіл тіршілігінің ажырамас бөлігі. Табиғаттың төл баласы қазақ та айналасының бәріне көгілдір арман көз әйнегімен қарайтындай. Ашық аспан, көк тіреген биік таулар, мөлдір сулар, көкжиекпен астасқан көкмайса қырлар -- бәрі де бір ғана ғажайып тәңірлік түс зеңгір көк реңмен жан баурайды. Тіпті, кейде жасыл түстің өзі көктей көрінеді. Жасыл шөп деудің орнына көк шөп дейміз. Құс төресі ару аққудың өзінің көгілдірін іздейміз. Тегін бе? Әрине, жоқ. Жан жылуы, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы ашықтық пен адалдық, жақсылыққа сену тәрізді ұлттың менталитетін құрайтын қасиеттер де аспан көк түске байланысты образдар бойына қапысыз сіңірілген.
Ата-бабаларымыз көтерген бөрілі байрақ атауы -Көк асаба. Олар жай бөрі емес, көк бөріні кие тұтқан. Аспан түстес асыл ту астында қайырсыз қас дұшпанның қабырғасын қақыратып, кең-байтақ атамекенінің әр сүйемін көлденең көк аттыдан қызғыштай қорыған қайсарлығымен айдай әлемге танылды. Тарихта көшпелілер мәдениеті деген атпен белгілі бітімі бөлек өркениетті орнықтырды [14, 130 б.].
Байрақ бетіне әр түрлі нышандардың суретін салу бұрыннан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек -сондай айтары мол астарлы айшықтар. Олармен бірге халқымыздың тарихи зердесі де қайта оянғандай.
Күн образы -- байлық пен берекенің белгісі. Оның графикалық бейнеленуі (шеңбер) өміршеңдік нышаны деп саналады.
Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы үшін қанатты қыран -- дала бүркітінің де орны бөлек. Тарихшы Рашид-ад-диннің куәлік етуіне қарағанда, Оғыз хан ұлыс үлестірген кезде үлесіне ұшы-қиыры жоқ киелі кең дала тиген үшінші ұлына елтаңба ретінде қанатты қыран бейнесін ұсынған екен. Нышандық мәніне келер болсақ, бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін ол еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу, жер бетіндегі тіршілік көші ұмтылған алыс армандарға қиялап қанат қағу нышаны. Сонымен бірге жолына кесе-көлденең тұрып, аяқтан шалғысы келетіндерді топшысымен қағып, ерен қайрат көрсете алатын құс. Туымыздағы бүркіт бейнесі тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне талмай ұмтылып, талассыз жетуін тілеген игі ниеттен туғаны анық.
Қазақстан Туында бұл образ мүлдем жаңа көркемдік шешім тапты. Біріншіден -- бейбіт, салмақты мінез сипаты сезіледі. Екіншіден -- ол күн астында тұр. Қанатында Прометей алауын, бақыт нұрын алып келе жатқандай әдемі әсер қалдырады. Үшіншіден -- қозғалыс үстінде бейнеленген. Асқақ арман, асыл мақсатқа құлаш ұрып келе жатқандай. Рәміздік тұрғыдан алғанда бақыт пен берекеге, өркениет биіктеріне ұмтылған ел мұратын, халық аңсарын аңғартады.
Қазақы дүниетанымда қыран құсқа байланысты еркіндік, асқақтық, тәкәппарлық, қайрат-жігер, биік мұрат, кең пейілділік пен жан тазалығы тәрізді ғажайып ұғымдар ойға оралады.
Мемлекеттік туды даралап тұрған тағы бір белгі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті (Қош-қар мүйіз) жолақ. Бұл өрнек сонау сақ дәуірінен белгілі.
Ұлттық ою-өрнек -- халқымыздың қолданбалы өнерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz