ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Титулдық бет үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ . . . 5

  1. Сайлау құқығының түсінігі, қағидалары . . . 5
  2. Сайлау жүйесінің түрлері . . . 10

2 САЙЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ . . . 14

2. 1 Сайлау жүйесін қамтамасыз ететін ережелер . . . 14

2. 2 Сайлау органдары жүйесі . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27


КІРІСПЕ

Қазақстан халқына Елбасы жіберген Жолдауында сайлау жүйесін жетілдіру Қазақстан қоғамының приоритеттік демократиялау жолы деп аталған. Бұл жай ғана емес: сайлау арқылы халық мемлекетті басқаруға қатыстыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Өткен ғасырдың соңы адамзат тарихында алғашқы рет бүкіл әлемде демократиялық жүйе басым келе бастады: жалпы сайлау 140 елдерде өтті. Бірақ, БҰҰ эксперттердің пікірі бойынша, 55 пайыз бүкіл әлемдік халық тұратын тек 80 мемлекет расында осы беделге сәйкес болды, қалғандарына өз мемлекеттік құрылысын жетілдіру жұмысын жалғастыру керек деп ұсыныс жасалынды.

Сайлау билікті өкілеттіліктерді үлестірудің ерекше бір механизмі ретінде саясат саласында кең етек жая бастады. билікті үлестіру кезінде сайлаудан басқа тағайындау тәсілі, билікті мұра етіп қалдыру тәсілдері де қолданылады.

Билікті мұра ретінде қалдыру саяси қызмет тәжірибесінің, әдет-ғұрпының, білімінің тұйықталуына әкеліп соқтыратыны анық.

Құқықтық әдебиеттерде "сайлау" тар мағынамен қатар, кең мағынада да қолданылады. Бірінші жағдай бойынша сайлау белгіліі бір территориядағы азаматтардың ұсынылған кандидатураларға дауыс беруі жатқызылады. Ал екінші мағына бойынша сөз қозғайтын болсақ, әр мандатқа екі немесе одан да көп кандидатуралар ұмтылуы мүмкін мемлекеттік билік органдарын қалыптастыру тәсілін атауға болады.

Қазіргі заманда сайлау өте кең етек алған және ол сан қырлы болып табылады. Сайлау арқылы жария биліктің әрқилы органдары - парламент, мемлекет басшылары, кейде үкімет те, жергілікті сот органдары құрылады.

Сайлау арқылы халық өз өкілдерін анықтайды және өздерінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асыруға мандат береді, яғни бұл дегеніміз билікке заңды сипат беру болып табылады.

Жұмыс - ҚР Конституциялық құқық пәнінің маңызды институты болып есептелетін Қазақстан Республикасы сайлау жүйесі мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.

айлау билікті өкілеттіліктерді үлестірудің ерекше бір механизмі ретінде саясат саласында кең етек жая бастады. билікті үлестіру кезінде сайлаудан басқа тағайындау тәсілі, билікті мұра етіп қалдыру тәсілдері де қолданылады.

Билікті мұра ретінде қалдыру саяси қызмет тәжірибесінің, әдет-ғұрпының, білімінің тұйықталуына әкеліп соқтыратыны анық.

Құқықтық әдебиеттерде "сайлау" тар мағынамен қатар, кең мағынада да қолданылады. Бірінші жағдай бойынша сайлау белгіліі бір территориядағы азаматтардың ұсынылған кандидатураларға дауыс беруі жатқызылады. Ал екінші мағына бойынша сөз қозғайтын болсақ, әр мандатқа екі немесе одан да көп кандидатуралар ұмтылуы мүмкін мемлекеттік билік органдарын қалыптастыру тәсілін атауға болады.

Қазіргі заманда сайлау өте кең етек алған және ол сан қырлы болып табылады. Сайлау арқылы жария биліктің әрқилы органдары - парламент, мемлекет басшылары, кейде үкімет те, жергілікті сот органдары құрылады.

Сайлау арқылы халық өз өкілдерін анықтайды және өздерінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асыруға мандат береді, яғни бұл дегеніміз билікке заңды сипат беру болып табылады.


  1. ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ

1. 1 Сайлау құқығының түсінігі, қағидалары

Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап) . Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу - азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады.

Конституциялық құқықтың институттарының бірі болып сайлау құқығы табылады. Ол мемлекеттің басшысын, жоғары және жергілікті өкілді органдарды сайлау кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы түсінігіне Қазақстан Республикасы Президентін, Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарын, маслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының депутаттарын сайлауға Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысу құқығына негізделген, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бекітетін және реттейтін конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы жатады.

Сайлау құқығының негізгі қайнар көздері болып Қазақстан Республикасы Конституциясы және 28 қыркүйек 1995 жылғы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы танылады.

Сайлауды Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің Конституцияның 33-ші бабында бекітілген сайлау құқығы негізінде іске асырады. Бұл нормалар азаматтардың мемлекеттің басқару істеріне тікелей және өздерінің мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру жолымен өкілдері арқылы қатысу құқығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының субъективтік сайлау құқығы олардың сайлауға белсенді (актив) сайлау құқығы мен бәсең сайлау құқығын (пассив) пайдалану арқылы қатысуы.

Белсенді сайлау құқығы - бұл азаматтардың мемлекеттік органдарға өздерінің өкілдерін сайлау.

Бәсең сайлау құқығы - бұл азаматтардың мемлекеттік билік органдарына сайлану құқығы.

Қазақстан Республикасының құқық субъектілігі бар азаматтары үшін белсенді сайлау құқығы, яғни сайлауға тікелей қатысу құқығы 18 жасқа толған кезден басталады. Азаматтардың сайлау құқығын олардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне және т. с. с. байланысты шектеуге жол берілмейді.

Бәсең сайлау құқығы сайлау заңдылығында бекітілген қосымша талаптармен шектеледі, олар - жастық ценз, тұрғылықтылық цензі, білімдік ценз, мүліктік ценз және т. б. . Қазақстан Республикасы Президентінің кандидатурасына келесі талаптар қойылады: Қазақстан Республикасының Президенті тумысынан Республика азаматы болуы, 40-тан жас болмайтын (жастық ценз), мемлекеттік тілді еркін меңгерген (тілдік ценз), Қазақстанда 15 жылдан артық тұрған (тұрғылықты ценз) болуы қажет.

Қазақстан Республикасының азаматы республика азаматтығында кемінде 10 жыл болса, жоғары білімі мен жұмыс стажы 5 жылдан кем болмаса, 30 жасқа толған, өзі сайланып отырған аумақта кемінде үш жыл тұрақты тұрса, онда ол Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты бола алады. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутатына қойылатын жастық ценз - 25 жас, ал мәслихат депутатына - 20 жас.

Қазақстанда тікелей және жанама сайлаулар қолданылады. Жанама сайлау жолымен, яғни таңдаушылар алқасымен (сәйкестелген мәслихаттардың депутаттары) Парламент Сенатының депутаттары сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары әр түрлі әдістермен құрылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Сенаттың жеті депутатын Сенаттың өкілеттік мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Сенаттың өкілеттік мерзімі - алты жыл.

Тікелей сайлау жолымен Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері сайланады.

Сайлау заңдылығының реттеу пәні болып тек қана дауыс беру тәртібі ғана емес, сонымен қатар сайлау сұрақтарын қарастыру өкілеттігіне жататын арнайы органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметі, кандидаттардың шығындарын қаржыландыру, үгіт-насихат қызметінің тәртібі мен шектері және т. б. табылады.

Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар референдуммен қатар, халықтық биліктің жоғары нысаны бола отырып, демократияның маңызды бір элементін құрайды.

Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы Республикадағы конституциялық дамуға байланысты үнемі жетілдіріліп отырады.

Жалпы алғанда сайлау құқығы белсенді және бәсең сайлау құқығы болып бөлінеді.

Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы - Республиканың он сегіз жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өкілді органдарына (Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихаттар депутаттығына) және жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Белсенді сайлау құқығын реттейтін жалпы талаптар бар. Олардың арасында азаматтың белгілі бір жасқа толуы, белгілі бір аумақта тұруы, іс-әрекетке қабілеттілігінің болуы маңызды болып табылады[1]

Бәсең сайлау құқығын реттейтін басқа қосымша талаптар да бар. Бұл талаптар сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға қойылады. Қосымша талаптарға жас шамасы цензасы, отырықшылық цензасы, білім цензасы, мүліктік ценза жатады. Мысалға, жас шамасы цензасы Президенттікке, Парламент, Мәслихат депутаттығына кандидаттарға қатысты белгіленеді: Қазақстан Республикасының Президенті жасы қырықтан асқан Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Парламент Сенатының депутаты жасы отызға толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат үшін жиырма бес жастық, ал Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін жиырма жастық жас шамасы цензасы белгіленген, Отырықшылық цензасы сайлау заңдылықтарымен Президенттікке және Парламент депутаттығына кандидаттарға қатысты белгіленген.

Сайлау тете және жанама болуы мүмкін. Жанама сайлау жолымен Парламент Сенаты депутаттары сайланады. Төте сайлау жолымен Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жүзеге асырылады.

Сайлау құқығы қағидаттары:

а. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы қағидаты. Бұл қағида бойынша Қазақстанның он сегіз жасқа жеткен азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдык және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар. Жалпыыға бірдей белсенді сайлау құқығы белсенді сайлау құқығы және бәсең сайлау құқығы болып екі түрге бөлінеді.

Белсенді сайлау құқығы дегеніміз 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының сайлауда дауыс беру құқығы.

Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Рес­публикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, соның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутатығына кандидат ретінде, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат болып тіркелу уақытына қарай сотталғандығы занда белгіленген тәртіппен өтелмеген не­месе алып тасталмаған адам тіркеуге жатпайды.

ә. Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар Республика Президенті, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады. Сайлаушылар Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқьқтармен және шарттармен қатысуына кепілдік беріледі.

б. Тете сайлау құқығы. Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды. 2006 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентін сайлау өткізіліп, сайлауға қатынаскандардың 91, 15 пайызының дауысын жинаған Н. Ә. Назарбаев 7 жылға Қазақстант Республикасының Президенті болып сайланды.

в. Жанама сайлау құқығы. Парламент Сенатының депутатта­рын сайлауға тандаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Тандаушылар Се­нат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы бо­лады.

г. Жасырын дауыс беру. Республика Президентін Парламентінің және мәслихаттарыньң депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.

д. Сайлау бостандығы. Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ. Сайлаушылардың, сайлаудан, дауыс беруден өз еріктерімен бас тартуы абсентеизм деп аталады.

Барлық уақытта сайлау ерікті болған жоқ. Ежелгі дәуір және орта ғасырларда көптеген шектеулер болған. Сол кезеңдерде сайлауға тек ақсүйектер қатысты, кедей адамдар, әйелдер мен құлдар сайлаудан шеттетілді. Жаңа заманда сайлауға барлық азаматтар қатыстырылады, бірақ мүліктік, жасына, біліміне, жынысына және т. б. ценз - шектеулер енгізілген болатын. Сайлау құқығы - мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасында Президент, Парламент және республика мәслихаттарының депутаттары, жергілікті басқару органдарының мүшелері сайланып қойылады. Біздің еліміздегі сайлау Конституция ережелері мен "Қазақстан Республикасының сайлауы туралы" Конституциялық заңына негізделінген.

Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді. Сайлау әділеттілігінің өлшемдері: бәсекелестік, мерзімділік, өкілеттілік және нәтижелілік болып табылады:

Бәсекелестік - сайлауға оппозициялардың, сонымен қатар бірнеше кандидаттың қатысу мүмкіндігі.

Оппозиция дегеніміз - көпшіліктің немесе билік жүргізіп отырғандардың пікіріне мүлде карсы пікірлі адамдардың тобы немесе партия.

Сайлаудың мерзімділігі - белгілі бір уақыт өткеннен кейін сайлаудың кайта өткізілуі.

Өкілеттілігі - мемлекеттік органдардың құрамына ұлттық, діни, нәсілдік белгілері әр түрлі халықтың азшылығының енгізілуі.

Нәтижелілігі - сайлаудың нәтижесінде жеңіске жеткен адамдардын Конституцияға негізделген нақты билігін жүзеге асыра алу мүмкіндігі.

Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ыкпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаган таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.

Президенттікке, Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап, сайлау корытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заң кандидатқа сайлау уақытында еңбек қызметін орындамауды міндеттемейді. Заң кандидатқа уақытын қалай пайдаланатындығын өзі айқындауына мүмкіндік береді. Заңның демократиялылығының мәні де осында. Кандидаттардың сайлауға қатыскан уақыты тіркелген күнге дейін оның жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі. Кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін өздерінің келісімінсіз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ іссапарға жіберуге немесе әскери жиындарға шакыруға болмайды. Президенттікке, Парламент депутатығына кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау корытындылары жарияланғанға дейін, сондай-ақ оларды Президент, Парламент депутаттары ретінде тіркелгенге дейін: тұтқынға алуға;

еріксіз әкетуге;

оларға сот тәртібімен өкіметтілік жазаларын колдануға;

қылмыстық жауапкершілікке тартуға;

Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз (тікелей қылмыс үстінде ұсталуы немесе ауыр қылмыс жасауы сәтіндегі тұткындаулардан басқа реттерде) ұстауға жол берілмейді.

Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі[өңдеу]

Соттар, прокуратура, ішкі істер органдары, сондай-ақ сайлау комиссиясы дауыс беру күні, оның ішінде демалыс күндері де өз жұмыстарын ұйымдастырады. Олар азаматтардың шағымдарын қабылдау мен қарауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың және ұйымдардың сайлау заңнамаларын бұзу туралы шағымдары сайлау комиссияларында шағым келіп түскен күннен бастап бес күн аралығында қарастырылады. Сайлау комиссиясы мен оның мүшелерінің шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жоғары тұрған комиссияда шағым келіп түскен күннен бастап үш күн аралығында қаралады.

  1. Сайлау жүйесінің түрлері

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі - халық екенін анықтады. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

Демократиялық сайлау - бұл бәсекелі, мерзімді және өкілдік сайлау, оның процесінде кең еркіндікке ие азаматтар билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін балама негізде сайлайды. Бәсекелі сайлау сайлауға түрлі партиялардың және кандидаттардың қатысуына кепілдік береді. Олардың барлығы сөз, жиналыс, қозғалыс бостандығын, олардың саяси көзқарастарының естілуі үшін және олар сайлаушыларға балама кандидаттарды ұсына алуы үшін қажеттінің барлығын пайдалана алады. Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың мерзімділігін, билік органдарында елдің әр түрлі әлеуметтік топтарының өкілдігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік береді. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқы жоқ.

Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі сайлау өткізу жөніндегі барлық міндеттемелерді ұстанады. Мемлекет Басшысын сайлау және Қазақстан Республикасының Парламентін, сондай-ақ жергілікті өкілді органдарды құру біздің елімізде ұлттық заңнамаға және Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясына (1948 ж. ), Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге (1966 ж. ), Еуропалық адам құқығы мен негізгі бостандықты қорғау туралы конвенциясына (№1 Хаттама, 1952 ж. ), ЕҚЫҰ-ның Копенгаген кеңесінің құжатына (1990 ж. ) енгізілген демократиялық сайлаудың жалпыға танымал принциптеріне сәйкес ашықтық және жариялық жағдайларында өтеді.

Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген.

Конституцияның және аталған заңның ережелеріне сәйкес Президентті, Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады.

Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл тұратын Республика азаматы сайлана алады.

Қазақстан Республикасының Парламенті елдің жоғары өкілетті органы болып табылады және тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демократия қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің ерекшелігі
Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру
Демократиялык саяси режим
Құқықтың мемлекеттің мақсаты
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі туралы
САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Билік органдарын сайлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz