Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері...5
ҚР саяси партияларының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 11
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...17
Саяси партия құрлымының заңды негіздемелері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...17
Саяси партиялардың қызметінің конституциялық құқықтық аспектілері..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..29
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Саяси партияларды құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері, әдетте, отандық және шетелдік саяси және заң ғылымдарының басым бағыттарына кіреді. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде аталған мәселелер ерекше өзектілікке ие болуда, себебі елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер уақытында, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын саяси партиялардың тиімділігі тиісті деңгейде болмай отыр. Мұндай өзгерістер кезеңінде саяси партиялар өздерінің жақтастары болып табылатын қоғамның бір бөлігінің мүдделерін мемлекет алдында мүмкіндігінше дәл білдіре алулары тиіс, сондай-ақ өз жақтастарына жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндірулері тиіс.
Саяси партиялардың құқықтық мәртебесі мәселесі Қазақстанның заң ғылымындағы аз зерттелген салаға жатады. Саяси партиялар тақырыбын зерттеп, өз үлестерін қосқан мамандар қатарында негізінен саясаттанушылар мен тарихшыларды атай аламыз. Алайда, партияның құқықтық құбылыс ретінде Конституциялық құқық тұрғысынан зерттелуі әлі төмен деңгейде және әлі толық емес. Бұған партиялардың құқықтық мәртебесін құқықтық реттеудің біраз кешеуілдеуі де өзінің кері әсерін тигізді. Мысалы, қазақстандық саяси партиялар 90-жылдардың басында қалыптаса бастаса да, олардың арнайы заңдық тұрғыдан реттелуі тек 1996 жылдан, яғни Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған кезден бастап қана жүзеге асты. Ал 2002 жылы қабылданған жаңа заң бұл құқықтық реттеуді одан әрі жүргізе бастады.
Бірақ Қазақстан Республикасындағы саяси партияларды құқықтық реттеудегі осы айтарлықтай өзгерістерге қарамастан, әлі де болса саяси партияны құқықтық құбылыс ретінде, конституциялық құқықтың институты ретінде жан-жақты зерттеуді өзіне мақсат тұтқан ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Республикамызда саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеуге өз үлестерін қосқан ғалымдар ретінде мыналарды айтуға болады: Алияров Е. К., Аяганов Б., Баймаханов М. Т., Нысанбаев А. Н., Қопабаев Ө. Қ., Зиманов С. З., Сапарғалиев Ғ. С., Кенжелиева З, Ибраева С, Сартаев С. С., Сман А., Топорина Т. В., Чеботарев А. және т. б.
Саяси партияларды зерттеген ғылыми еңбектердің көбі, саясаттану және тарих бағыттарын ұстанады не біраз ертеректе жарияланғандықтан өзінің өзектілігін жоғалтып үлгерген.
Қазақстандық партиялардық құқықтық реттелу мәселесінің өткірлігі, бізден оны құқықтық ғылым тұрғысынан терең ғылыми зерттеуді талап етеді. Аталған талап осы ғылыми жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап берген, негізгі сұрақтарға алып келді: Қазақстан Республикасы конституциялық құқығы ғылымының тұрғысынан алғанда саяси партиялардың құқықтық мәртебесі дегеніміз не? Саяси партиялардың орнын реттейтін нормалар тобы Қазақстан Республикасы конституциялық құқығы жүйесінде қандай орын алады? Осы және осыған шекаралас сұрақтарға осы зерттеу жұмысында жауап беріп көруге тырыстық.
Курстық жұмысының мақсаты: саяси партияларды Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу, сондай-ақ саяси партияларды конституциялық құқықтық мәртебесі бойынша ақпараттарды қарастыру.
Осы жұмыстың мақсатына төмендегідей міндеттерді шешу арқылы жетуге болады:
саяси партияның конституциялық-құқықтық мәртебесінің ұғымын және мазмұнын, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығындағы партияның орнын анықтау;
саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының және дамуының мәселелеріне көз жүгірту;
Саяси партия құрлымының заңды негіздемелері мен қызметінің конституциялық құқықтық аспектілеріне талдау жасау болып табылады
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының саяси партияларының конституциялық құқықтық мәртебесі тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасында саяси партияларының қандай конституциялық құқықтық актілерді шығаруға, оның қандай өкілеттілігі бар болуына тоқталып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған. Аталған курстық жұмыста Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісі комитеттерінің материалдары пайдаланылды.
Осы жұмыстың объектісі болып, Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі табылады.
Осы жұмыстың пәні болып, Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесін сипаттайтын негізгі ұғымдар мен институттар, олардың өзгеруі мен өзара байланысы, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілер және оларды саяси партиялардың қызметін реттеуде қолдану тәжірибесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының саяси партияларының конституциялық құқықтық мәртебесі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері
Саяси партиялар сияқты әлеуметтік-құқықтық феноменді зерттеу кезінде бірден байқалатын факт - олардың рөлі мен мәніне берілетін бағаның әртүрлілігі. Мұндай артық эмоция отандық және шетелдік ғалымдардың барлығына тән. Тіпті ұзақ тарихы бар, классикалық американдық партия жүйесін зерттеушілердің өздері де саяси партиялар туралы ой-пікірлерінде бірқалыптылықты ұстанбайды. Әсіресе бұл саяси партиялар - демократия деген өзара байланыс қағидасын бағалау кезінде анық білінеді. Біреулері партияларды қоғамның демократиялануының өкілдері ретінде, тіпті демократиялық қоғамның өзін-өзі басқаруын жүзеге асыратын құрал ретінде даңқа бөлейді.
Мысалы, Дж. Брайтс локомотивке бу қандай керек болса, Америкадағы үкімет механизмін қозғалысқа келтіру үшін партиялардың рухы мен күші сондай қажет [1]. Кейбіреулері саяси партияларды демократиялық процестерді жаратушы деп тіпті ары кетті. Мысалы, Е. Шатцнейдердің айтуынша Саяси партиялардың ықпалының өсуі, қазіргі заманғы басқарудың негізгі белгілерінің бірі екендігі даусыз. Партиялар шын мәнінде демократиялық басқарудың пайда болуында басты рөл ойнайды. Сондай-ақ біріншіден, саяси партиялар демократияны дүниеге әкелді, екіншіден, қазіргі демократияны саяси партияларсыз елестету мүмкін емес [2]. Бірақ осылармен қатар, саяси партияларға қажеттілік жоқ немесе олар демократиялық саяси өмірдің түбіне жетеді деп есептейтін екінші топ бар. Тіпті кейбір зерттеушілер саяси партиялардың қызметіне тыйым салу қажет деп есептейді. Республикашылдардың негізін салған тұлғалар саяси өмірдегі ұйымдасқан топтарға күдікпен қараған. Дж. Медисон партиялардың құрылу процесін топтардың апаты деп атаған [3].
Егер ресейлік саяси партияны зерттеушілерге көшетін болсақ, мұнда да, демократия мен саяси партиялар ажырағысыз деп есептейтіндер және саяси партиялар демократия идеалдарын жүзеге асыра алмайды және оларды жояды деп есептейтіндер болып екіге бөлінеді. В.Н. Даниленко, Н.К. Кисовская, В.В. Комарова, К.Г. Холодковский және басқалары саяси партиялардың өмір сүруін демократиямен байланыстырады. Бірақ қазіргі кезеңде саяси партияларға сыни көзбен қарайтындардың қатары көбейіп келеді. Олар, саяси партиялар парламенттік емес бірлестіктермен салыстырғанда (азаматтық бастамашылдар, әр түрлі әлеуметтік қозғалыстар, қысым көрсету тобы және т.б.) өзінің маңызын төмендетіп отыр деген көзқарасты ұстанады. Бұлардың пікірі партиялар дағдарысы, қос партиялық жүйенің құлауы сияқты саясатттану теориясында кең орын алған. Мұндай теорияны жақтаушылар қазіргі қоғамда саяси партиялар өз функцияларын тиімді орындай алмай отыр деген ойға жүгінеді. Сондай ялар - бұл анахронизм, өзінің функционалды міндетін жоғалтып бара жатқан институт, оларды алмастыруға қысым көрсету тобы және бизнес қауымдастығы сияқты әлдеқайда тиімді жұмыс істей алатын институттар келді деген де пікірлер бар. Мұндай пікірді ұстанушылар қатарына М. Доган, А.Н. Кулик және т.б. жатады.
Демократиялық режимнің орнауы саяси партиялардың пайда болуы мен дамуына ықпал етеді деп біржақты кесіп айтуға болмайды. Себебі партиялар қазіргі түрінде демократияның әсерінен пайда болған жоқ, күрделі урбанизацияланған, индустриалды қоғамның қажетттілігінен туындады. Дәл осы факторлар партиялардың пайда болуы мен дамуында фундаментальды рөл ойнады. Партиялар, қоғамның шындықтары жеке тұлғаға билікке тиімді таласудың мүмкіндіктерін бермейтін жерде пайда болады. Қоғам неғұрлым күрделі ұйымдасқан сайын, мемлекеттің саяси элитасына кіру процесі неғұрлым қиын болған сайын, саяси партиялардың құрылу мүмкіндігі де соғұрлым оңай бола түседі. Қоғам көптеген ұсақ әлеуметтік топтарға бөлініп, тек солардың белгілі бір бөлігі ғана формальды түрде мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жіберілсе, онда тек саяси партияларды құру арқылы ғана саяси құқықтарды тиімді түрде қолдануға болады [4].
Жоғарыда айтылғандарға сүйенсек, саяси партиялар саяси режим мен басқару нысанына байланыссыз пайда болады. Алайда, мемлекет құқықтық регламенттеу арқылы саяси партиялардың өмір сүруіне айтарлықтай ықпал жасай алады. Басқару нысаны мен саяси режим билікке күрес жүргізу сферасында әрқайсысы өзіне тән ерекше партияны туғызып алады. Мысалы, көз алдымызға күрделі ұйымдасқан, урбанизацияланған, басқару нысаны аристократия болып табылатын қоғамды елестетсек, мұндай демократиялық емес қоғамда да бәрібір саяси партия мен партиялық жүйе болатынын сенімділікпен айтуға болады. Ал демократия болса, саяси партиялардың еркін қызметіне, саяси өмірдің әралуандылығына және барлық азаматтардың саяси құқықтарын қорғауға ең жақсы жағдай туғызады. Мұндай қорытындыны мынадай мысалмен бекітуге болады, Афинадағы ежелгі демократия кезінде партиялар мен партиялық жүйелер болмаған еді, себебі бұл қоғам жеткілікті түрде күрделі ұйымдаспаған еді. Сондай-ақ партияның пайда болуы мен демократияның арасында байланыстың жоқтығына, мысалы, XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Ресейдегі жағдайды келтіруге болады. Ол кездегі саяси режимді демократиялық деп атауға болмайды, алайда, алғашқы ресейлік партиялар мемлекет пен қоғамдағы демократиялық құрылымның жоқ кезінде пайда болған. Жоғарыда келтірілгендердің барлығы, саяси партиялар күрделі ұйымдасқан қоғамның қажеттілігінен туындаған және партиялардың одан арғы дамуы осы қоғамның дамуымен тығыз байланысты деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен, саяси партияларды зерттеудің бір жолы ол оларды ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеу болып табылады.
Саяси партиялардың әлеуметтік құбылыс ретінде ұзақ тарихы бар. Зерттеушілердің арасында партиялардың прототипі Афина демократиясының кезінде болған деген көзқарас бар. Шынында да Аристотельдің еңбектерінен б.д.д VІ ғасырда Афинада бірнеше бір-біріне қарсы топтар болғандығы жайлы деректерді кездестіреміз [5]. Сондай-ақ ежелге Римде pars терминімен белгілі бір императорды қолдайтын лауазымды тұлғалардың тобын атаған. Алайда, саяси партиялар деп, ұқсас көзқарастары бар тұлғаларды түсінсек, онда саяси партиялар билікпен бірге сонау неолит дәуірінде пайда болғанын анықтаймыз. Себебі, адамға ұқсас көзқарасы бар басқа адаммен бірігіп әрекет істеу үшін ұйымдасу тән. Ал егер партиялы пікірлестер тобы дегеннен гөрі әлдеқайда күрделі құрылым деп есептесек, онда партияның пайда болуы тарихы мүлдем кейінірек басталады. Қазіргі ұғымдағы саяси партияларды дүниеге әкелген ұйымдар XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы ерте буржуазиялық революциялар кезінде пайда болды. Алғашқы саяси партиялар Голландиядағы оранжистер мен республикашылардың күресі нәтижесінде пайда болды.
Партиялар саясатқа, оның ішінде сайлау процесіне тұрғындардың барлық бөлігін тарту арқылы біртіндеп өзінің қызмет аясын кеңейте берді және саяси өмірдегі өзінің маңызын арттырды. Егер партиялар алғашында экономикалық және саяси элиталардың клубы ретінде өмір сүрсе, XІX ғасырдың соңынан бастап күшті ұйымдасқан топқа тән белгілерге ие бола бастады. Бұл өзгеріс қоғамдық құрылымның күрделенуімен және сайлау процесіне бұқара халықты жіберумен байланысты жүрді және саяси партиялар осындай күрделі қоғамда өз орнын табуы үшін өз қатарына бұқара халықты молынан тартуға мәжбүр болды. Аталған өзгерістер партиялардың алғашқыда ұстанған элита мүддесін бұқаралық электораттың мүддесіне алмастыруға итермеледі. Оның үстіне қоғамның күрделенуі мен урбанизациялануы бұқараны мемлекеттен алшақтата бастады, сөйтіп осы екі ірі құрылымның арасындағы делдал қызметін саяси партиялар атқара бастады. Шын мәнінде саяси партиялар ақпаратты екі жаққа жеткізуші қызметін атқарады, яғни, азаматтық қоғамнан мемлекетке және керісінше. Жоғарыда келтірілгендерден байқайтынымыз, қазіргі ұғымдағы партиялық жүйе мен партияларды қалыптастыру үшін, біздің пікірімізше, ең аз дегенде үш жағдай қажет - күрделі түрде ұйымдасқан социумның, дамыған азаматтық қоғамның және осы қоғамда азды-көпті нақты айқындалған мүдделердің болуы. Біздің пікірімізше, партиялардың тиімділік дәрежесі, жоғарыда аталған үш жағдайдың жүзеге асу дәрежесіне тікелей байланысты. Аталған қорытынды қазіргі қазақстандық партиялардың проблемаларын белгілі бір дәрежеде түсіндіреді.
Қазақстандық партия жүйесінің әлсіздігі мен тиімсіздігі негізінен екі факторға тіреледі. Бірінішіден, Қазақстандағы партиялардың қалыптасуына, азаматтық қоғамның әлсіздігі өзінің кері әсерін тигізуде. Азаматтық қоғамның әлсіздігі басқа маңызды мәселені - қоғам мен саяси элита арасындағы байланыстың жоқтығын тудыруда. Біздіңше, осы жағдай қазақстандық партиялар, азаматтық қоғамның емес (себебі ол әлі толық қалыптаспаған), саяси элитаның өкілдері екенін көрсетеді. Қазақстандық партиялардың әлсіздігін түсіндіретін келесі бір фактор, ол қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың айқындалған мүдделерінің болмауы. Мемлекетпен қатынаста қоғамның өкілі болуы үшін партия қандай мүдделерді білдіру керектігін білуі тиіс. Біздің қоғамда мұндай әлеуметтік мүдделерді қалыптастыру әзірге инстинктілік сезу сатысында деп айтуға болады. Мүдделер толық айқындалмағандықтан, саяси партияларды күшті қару ретінде пайдалану мүмкін болмай отыр.
Жалпы алғанда саяси партиялар әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтанушылармен, саясаттанушылармен және тарихшылармен жеткілікті зерттелді деп айтуға болады. Ал Қазақстан Республикасы конституциялық құқығы ғылымы тұрғысынан бұлай деп айта алмаймыз.
Саяси партияларды зерттеудің тағы бір жолы, ол оларды ғылыми мүдде тұрғысынан зерттеу болып табылатынын атап өту қажет.
Саяси партиялар пайда болысымен-ақ, саясаттанушылардың, тарихшылардың және құқықтанушылардың ғылыми мүддесінің объектісіне айналды. Саяси партиялар туралы алғаш ой қозғағандар ретінде Берк, Вашингтон, Монтескье, Мэдисон, Руссо және т.б. білеміз. Саяси партиялардың мәселелері белгілі әлеуметтанушылар Вебер, Моски, Паретоның еңбектерінен орын алған. Саяси партияларға арналған және олардың одан ары зерттелуіне ықпал еткен ауқымды жұмыстар XІX соңы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Аталған ғылыми еңбектің авторлары Дж. Брайтс, Р. Михельс, М. Острогорский саяси партиялар туралы ілімнің қайнар көзінде тұрды. Б. Хеннеси оларды партиялар туралы зерттеулердің негізін қалаушылар деп есептесе, С. Элъдесвельд оларды партиялар туралы ғылымды дүниеге әкелушілер деп санайды. Олар нағыз саяси ғылым ретінде сипатталатын, саяси партиялар туралы алғашқы кітаптарды жазған авторлардың арасында аталады. Саяси партиялар туралы жалпы теорияның негізін қалаушы болып франзуц ғалымы М. Дюверже саналады.
Сондай-ақ Ресейдегі саяси партияларды ғылыми зерттеудің де бай тарихы бар. Партияларды ғылыми зерттеуге орасан зор үлес қосқан революцияға дейінгі көрнекті ғалымдар мен саясаттанушылар қатарында В. П. Безобразов, В. В. Водовозов,
И. Владиславлев, Ю. Гамбаров, В. Л. Львов-Рогачевский,
М. Я. Острогорский, Н. Чичерин, В. И. Ленин және т. б. атай аламыз. Ал 1990 жылдардан бастап бұл ғылыми тақырыпты зерттеген ғалымдар ретінде А. С. Автономов, С. А. Авакьян, С. А. Боголюбов, С. Е. Заславский, В. Н. Краснов, В. В, Лапаева, Ю. А. Юдин және т.б. білеміз.
Қазақстандық ғалымдардан Баймаханов М. Т., Зиманов С. З., Сартаев С. С., Өзбекұлы С., Сапарғалиев Ғ. С., Қопабаев Ө. Қ., Айтхожин Қ. К, Ащеулов А. Т., Нысанбаев А. Н., Дьяченко С. А., Машанов М. С. және т. б. атауға болады.
Алайда атап өту қажет, ғылыми зерттеулердің айтарлықтай бөлігі партияны әлеуметтік және саяси құбылыс ретінде қарайды Тек біршама бөлігі ғана саяси партияны құқықтық құбылыс ретінде қарастырады. Мұндай жағдайды кешегі күнге дейін саяси партияларды құқықтық реттейтін нормалар тобының шашылып жүруімен және соның әсерінен аталған құбылысты құқықта жүйелі және бірізді бекітуді қамтамасыз етілмегендігімен түсіндіруге болады. Тек қазіргі уақытта ғана партиялардың құқықтық жағдайын реттеудің, біртіндеп Қазақстанның құқықтық кеңістігінде жеке орынға ие болып жатқандығын көрсетеді. Біздің пікірімізше, аталған процесс Қазақстанның конституциялық құқығы саласында саяси партиялардың мәртебесін реттейтін нормалардың орнын анықтаумен байланысты проблемалардың туындауына негіз береді. Оның үстіне, саяси партиялардың мәртебесін бекітетін құқықтық нормалардың кешенділігі туралы айтуға болады. Олар тек қана партиялардың қызметі сферасындағы конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормаларды ғана емес, сондай-ақ құқықтың өзге салаларындағы партиялық қатынастарды реттейтін нормаларды да қамтиды. Мысалы, саяси партияларды мемлекеттік тіркеуді реттейтін нормалар әкімшілік құқыққа жатады, ал саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыруды заңдық тұрғыдан бекіту аталған институтқа қаржы құқығының нормаларының енгені туралы айтуға мүмкіндік береді. Сонымен қазіргі кезеңде саяси партияларды толық теоретикалық және ғылыми зерттеуге мұқтаж құқықтық құбылыс ретінде айтуға мүмкіндік туды.
Саяси партияларды ғылыми зерттеудің келесі бір жолы, оларды құқықтық реттеу объектісі ретінде зерттеу, олардың институционализациялану процесін зерттеу болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, қазақстандық партиялардың осы жағы қазіргі кезде жеткілікті зерттелмеген және осы жұмыста негізгі көңіл осы мәселеге бөлінді [6].
Конституциялық құқық саласының реттеу объектісі ретінде саяси партиялар салыстырмалы түрде жуықта пайда болған құбылыс ретінде сипатталады. Саяси партиялардың жағдайы құқық нормаларымен тек XX ғасырдың ортасында ғана реттеле бастады. Біздіңше, бұған үш себеп бар - мемлекет қызметінің аясының кеңеюі, саяси партиялардың қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлінің артуы, мемлекеттегі жеке тұлғаның рөлінің, оның құқықтары мен бостандықтарының артуы.
Бірінші себеп ол, мемлекет рөлінің кеңеюі, саяси партияларды құқықтық реттеу кеңістігіне кіргізді. Бұған саяси партиялардың сайлау кампаниясына тікелей қатысуын, олардың Парламенттегі, Үкіметтегі, жергілікті өзін-өзі басқарудағы қызметін реттеу кірді. Өзінің нысаны бойынша реттеу нормативтік құқықтық түрде жүрді.
Осы сферадағы келесі қадам, XX ғасырдың екінші жартысында, ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін, саяси партиялардың институционализациялану процесінің белсенді жүруімен байланысты жасалынды. 30-40 жылдардағы Германиядағы қалыптасқан жағдай саяси партиялардың қандай үлкен күш болғандығын және керемет потенциалға ие мұндай ұйымның қызметін құқықтық реттемеу қандай қауіпті екендігін көрсетті. Саяси партиялар рөлінің өсуі, олардың қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызы, оларды институционализациялауға тағы бір себеп болды. ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін партияларды ерекше ұйымдасқан құрылым ретінде құқықтық реттеу кезеңі басталды.
Осымен қатар, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оларды Конституцияда бекіту процесі және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық институтын қалыптастыру жұмысы жүре бастады. Осыған байланысты саяси партияларды реттеу келесі бір сфераны - жеке тұлғаның құқығы мен бостандығын реттеуді қамтыды.
Егер институционализациялану процесін партиялардың жағдайын реттеген нормативтік құқықтық актілер деңгейін есептей отырып бағаласақ, мұнда да бірнеше кезеңдерді бөлуге болады. Алғашқы кезеңі болып өзге құқықтық институтқа арналған заңның жекелеген нормаларымен партияларды реттеу табылады. XІX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында жүргізілген мұндай реттеу, партиялардың мемлекеттік институттардың қызметіне тікелей ықпалымен байланысты тұстарына жүргізілді, ал партя қызметінің басқа жағы назардан тыс қалды. Партияны құқықтық тәжірибелік тұрғыдан анықтау үшін, сотта партиямен байланысты кейбір істерді қарағаннан кейін пайда болған, сот шешімдері мен прецеденттері пайдаланылды.
Саяси партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасуының іргетасы болып, олардың жағдайының Конституция нормаларымен бекітілуі табылды. Мемлекет белгілі бір нормаларды Конституцияға енгізу арқылы саяси жүйедегі партяның орны мен рөлін анықтауға тырысты. Ертеректе партия ұғымы Конституцияда кездеспеген еді. Партиялар туралы баптардың негізгі заңға енуі, партиялардың саяси жүйенің элементі ретінде конституциялық деңгейден танылуын білдіреді, - деп атап өтеді швед зерттеушісі Л. Рикхель. Партиялардың тарихы, институционализациялану кезеңі фашизм мен реакцияның талқандалуымен байланысты болған өзгерістер жағдайында жүргізілді. ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін қабылданған көптеген шет мемлекеттердің Конституцияларында (Италия, Франция, Португалия, Испания және т.б.) белгілі бір дәрежеде партиялардың мәселесі қозғалған. Оның үстіне осы Конституцияларда партияларға арналған баптар санының көбею ағымы байқалуда. Мысал ретінде Швеция (1974), Греция (1975), Португалия (1976), Испания (1978) Конституцияларын келтіре аламыз. Партиялар жайлы бір-екі баппен шектелген итальян және француз Конституцияларына қарағанда, партияларға испан Конституциясында төрт бап, португал Конституциясында он бап арналған. Партияларға арналған арнайы баптардан бөлек Португалия Конституциясында азаматтардың құқықтары мен босатандықтары (46-бап), саяси билікті ұйымдастыру (117-бап), Парламент қызметі (154, 179, 183 баптар), Үкімет (190, 197 баптар), жергілікті өзін-өзі басқару (246-бап) сияқты бөлімдерде және өтпелі және қорытынды ережелерде партиялар жайлы айтылған. Бұл конституциялық реттеу, партия қызметі туралы жүйеленген құқықтық база құруға итермеледі.
Партияларды құқықтық реттеудің келесі кезеңі болып, саяси партиялар туралы арнайы заңның пайда болуы саналады. Саяси партиялар туралы арнайы заң - құқық шығармашылығының жас түрі болып есептеледі. Оның қалыптасуы XX ғасырдың 60-70 жылдарына жатады. Аталған заңның ерекшелігі, оның тек қана партияға бейімделуінде және оның қызметінде ғана емес, сонымен бірге ұйымның өзін де реттеуінде еді. Сондай-ақ аталған заң партияның ішкі ұйымдастырушылық қатынастарын реттейтін нормаларды қамтиды. Уақыт өте келе заң шеңберінде партия қызметін қаржыландыру сұрақтарына ерекше назар аударыла бастады.
Сонымен, осы тақырыпта партияның пайда болу себептері анықталды. Себептері ретінде, қоғамның күрделі ұйымдасуын, азаматтық қоғамның болуын және осы қоғамда әртүрлі нақты білдірілген әлеуметтік мүдделердің болуын айта аламыз. Демократия мен партияның пайда болуының арасындағы тікелей байланыстың жоқтығы негізделді. Сонымен бірге, партиялардың пайда болу себептері XX ғасырдың ортасында басталған оларды институционализациялау процесінің (яғни мемлекет қызметі аясының кеңеюі, партияның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлінің өсуі, жеке тұлғаның, оның құқықтары мен бостандықтарының артуы) себептерімен байланысты емес екендігі анықталды. Шетелдік тәжірибеде, партияларды институционализациялаудың және олардың қызметін құқықтық реттеуді жүйелеудің іргетасы болып, партиялардың мәртебесін конституциялық деңгейдегі реттеу табылады. Сондай-ақ партияларды институционализациялаудың кезеңдері зерттелді.
Партияларды зерттеудің үш жолы бар екендігі анықталды, яғни, саяси партияларды әлеуметтік және құқықтық құбылыс ретінде зерттеу. Осы жұмыста партиялар әлеуметтік және саясаттану тұрғысынан емес, құқықтық құбылыс ретінде қарастырылады. Партиялардың құқықтық құбылыс ретінде зерттеу басым сипатқа ие болуы тиіс, себебі партияның өзгермейтін императивті ұғымының пайда болуы, қоғам мен мемлекеттегі олардың орны мен рөлін нақты анықтау, саяси жүйенің өзге элементтерінен оларды даралау, партиялардың жағдайын құқықтық регламенттеудің көмегімен ғана мүмкін болады. Партияны құқықтық құбылыс ретінде зерттеудің көлеңкелі тұсы болып, оның конституциялық-құқықтық мәртебесі табылады. Сондықтан келесі тақырыпта құқықтық мәртебе деген не атты сұраққа назар аударылады [7].
ҚР саяси партияларының пайда болуы
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.
Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын- аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің зиянды әсерінен сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды.
Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына бөлуге мәжбүр болды. Мұндай қадамға бара отырып, ол жыл сайын өсе түскен басқару жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға мұқтаждығын канағаттандыруды көздеді. Осы мақсатта генерал-губернаторлык кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген стипендияға және қазақ ауқатты топтарының өз еркімен жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандыктар бойынша білім алды. Мәселен, тек Қазан университеті мен мал дәрігерлік институтын 1917 жылға шейін 35 (20 және 15) қазақ жастары аяктап шыққан.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.
Қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия, дәрігерлік училище, мұғалімдер даярлайтын семинария түлектерінен тұрды. Бұл топтың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С. Торайғыров, Ғұмар Қарашев сияқты көптеген ірі тұлғалар бар еді.
Қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі орталықтарда оқып, саяси оқиғаларға тікелей араласуы, орыс демократиясының ыкпалында болуы оның қоғамдық көзқарасының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер етпей коймады.
Саяси қызметке араласу тек ірі қалаларда оқитын студенттерге ғана тиесілі құбылыс емес-тін. Қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға ден қою, түрлі саяси үйірмелер ісіне араласу Омбы, Семей, Орал сияқты жергілікті орталықтарда оқып жүрген жастарға да тән әрекет еді.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары қоғамдық-саяси қызметке даярлықпен келді, ал олардың дербес саяси күш ретінде белсенді әрекетке көшуі 1905 жылғы революциялық оқиғаларға тұспа-тұс келді. Оған қазақ халкының орыс отаршыл әкімшілігіне тәуелділігі және қоғамдық дамуда ортағасырлық деңгейде қалып қоюы түрткі болған еді. Саяси қызметі тура осы мезгілде басталған Міржақып Дулатұлы 1929 жылы кеңестік абақтыда тергеушілерге берген жауабында жалпы ұлт зиялыларына ортақ мынадай пікір білдірді:
...Ол жылдардағы қазақ халқының қараңғылығы мен надандығын айтып жеткізу қиын. Қазақ бұқарасы губернаторлар мен уезд бастықтарын айтпағанда, ең төменгі урядниктің алдында діріл қағып, адам төзгісіз қорлыққа шыдады, оның бұл халге жетуіне өз арасынан шыққан надан тілмаш шенеуніктер, болыс басқарушылары және басқалары өз үлестерін қосып, ауыр салық, зорлық, парақорлық, құпия өсектер үйреншікті көрініске айналды; қазақ әйелі күң жағдайында болды, ең құнарлы жерлер ешқандай есепсіз қоныс аударушыларға алынып берілді, ал қазақтар шөлге ығыстырылды; патша үкіметі мектептер аштыруға бас-көз қамқоршы болудың орнына, қазақтарға өздері жиған қаржыға мектеп салуға тыйым салды; мектеп ашуға әрекет жасағандар Якут облысына жер аударылды (мысалы, Қосшығұлов, Науан хазірет, т.б.), дәрігерлік көмек жөнінде халықта түсінік те болған емес... Қазақ елі, міне, осындай түнекте ғұмыр кешті. Патша үкіметінің отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетті. Осының бәрін көре түрып өзімнің азын-аулақ біліміме қарамастан, қолымдағы барыммен ар-намысы аяқ асты болған сорлы халқыма көмектесуді өз борышым санадым.
1905 жылғы жазға қарай Қазақстанның барлык өңіріндегі жәрмеңкелерде қазақ жұртының мұқтаждықтарын талқылаған съездер өте бастады. Бірден жандарм мекемелерінің назарына іліккен бұл жиындарда патшаға, ортақ билік орындарына арналған арыз-тілектер жазылды; Жетісу және Семей облыстары атынан жазылған шағымдарды талқылауға 25 мыңнан астам адам қатысты.
Бұл талап-тілектерде қазақ елінің қоғамдық өмірдегі ең негізгі мұқтаждықтары, яғни жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру, ұждан және дін бостандығы, бақылаусыз газет шығару және баспахана ашуға рұксат беру, қазақ елінің жоғарғы заң шығарушы орындарға депутат сайлау кұқын мойындау және басқа сол сияқты аса маңызды мәселелер көтерілді.
Барлык арыз-тілектерде жоғарғы билік алдына қойылған үлкен де өзекті мәселе, әрине, жер мәселесі болды. Арыз-тілек авторлары әкелер қанының өтеуімен азат етілген атамекенін орыс үкіметінің ешқандай да дәлел-себепсіз мемлекеттік меншік деп жариялап, соған сүйеніп ең кұнарлы жерлер мен тұщы су кездерінің қоныс аударушыларға өтіп жатқандығына наразылықтарын білдірді.
Арыз-тілек науқаны ұлт-азаттық козғалысында өзара айырмашығы бар екі ағымның қалыптасып келе жатқандығын аңғартты. Оның бір жағында қазақ жұртының болашағын еуропалық өркениеттің жетістіктерімен байланыста қарап, дін ісін екінші кезекке ығыстырған зиялылар тұрса, оған қарсы екінші бетте қоғамдық дамуда ұлттық-діни ерекшеліктерді негізгі құндылық ретінде бағалаған топ тұрды. Ә.Бөкейханов алғашқы ағымдағыларды батысшылдар, ал соңғы ағымдағыларды түрікшілдер деп атады.
1905 жылғы 6 тамызда жарияланған манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары Дума жұмысына белсене араласу арқылы үкіметтің Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесіне ықпал етуге болады деп түсінді. Бірақ сайлау қарсаңындағы қазақ қоғамында Думаға депутат ұсына алатын өз бағдарламасы бар саяси партия жоқ болатын. Уақыттың тарлығына байланысты және баска даярлыктың жоқтығын түсінген ұлт зиялыларының басым бөлігі ресейлік конституциялық демократиялық партияның (кадеттер) бағдарламасын мойындап, қазақ облыстарында осы партияның бөлімшелерін құрып, осы ұйымның атынан депутаттыққа түсті.
I -- II Мемлекеттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясы жұмысына белсенді араласқан қазақ зиялылары үкіметтен Қазақстанға ішкі Ресейден қоныс аударушыларды жіберуді, жергілікті халықты егіншілікке жарамды жерлерден ығыстыруды тоқтатуды талап етті. Қазақ депутаттарының бұл талабын қазақстандық Т. И. Седельников және сібірлік Н.Л. Скалозубов бастаған демократиялық бағыттағы орыс және баска ұлт депутаттары да қолдады.
Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халкының мүддесі тұрғысынан қоғамдык үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды.
1906 жылы 10 маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдердің жиналысы өтіп, Ә.Бөкейханов жиналғандарды Халық еркіндігі (кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға косылатындығы жөнінде каулы кабылдады (Семипалатинский листок, 1906, 13 маусым). Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік бағдары белгілі дәрежеде ресейлік радикалдық-буржуазиялық партия, кадеттердің қызметімен ұштасты. Бірак осы кезеңдегі қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында төмендегідей талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келушілер легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу, т.б. Отарлық езгіге қарсы жалпыұлттык бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған кажетті алғышарттар пісіп-жетіле қойған жоқ еді.
Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған Айқап журналы төңірегіне топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін Жалпықазақ съезін Сурет:Шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған катаң әскери-отарлық тәртіппен есептесу қажеттігін айтқан Ә.Бөкейханов бастаған топ мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты.
Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін Қазақ газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды.
1917 жылғы 21 -- 26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд Шуро-и-Исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ....
Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. Қазақ газеті өзінің бас мақаласында партияның атын Алаш қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде Қазақ басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын Алаш деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.
Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12 -- 20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.
Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Әлеуметтік қатынаста феодалдық ақсүйектер құқын шектеу, таптық жіктелуді жеделдету мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттык тұтастық бағытына басымдылық берілді. Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды деп көрсетілді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады.
Бағдарламаның антифеодалдық сипаты негізгі құқық, ғылым-білім үйрету сияқты тарауларынан байқалады. Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік, заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.
Бағдарламадағы ең негізгі мәселе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz