Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Титулдық бет үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 СОТ БИЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

  1. Сот билігінің тарихи негіздері . . . 5
  2. Сот билігінің түсінігі және қағидалары . . . 8

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ . . . 18

2. 1 Сот билігінің конституциялық құқықтық негіздері . . . 18

2. 2 Қазіргі таңдағы сот реформаларының перспективалары . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28


КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. 1995 жылдың 30 тамызында Республикалық Референдумда қабылданған Ата Заңымыздың 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.

Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.

Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұру демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.

Жұмыстың өзектілігі. Сот билігінің негізгі мақсаты - қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады. Мұндай қызметті жүргізбей мемлекет құқықтық деп есептелінбейді. Қоғамда пайда болатын даулардың құқық негізінде шешілуін қаматамасыз ете отырып, қоғамдық өмірдің барлық субьектілерінің заңға бағынуы, сот билігінің заң шығару мен атқару биліктерінен оқшаулануында және олардың қызметіне құқықтық қадағалауды жүзеге асыруында маңызды роль атқарады. Егер де сот билігі Конституцияға сәйкес заң шығару мен атқару билігінің қызметтерін бағалау мүмкіндігі болса, бұл функция нәтиже береді.

Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы - мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бір бөлігі - сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.

Курстық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдауға тырысып, әр түрлі әдебиеттер мен қайнар көздер көмегімен қазіргі Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау. Зерттеудің міндеттері қойылған мақсаттан туындайды және сол үшін сот қадағалауы негізделетін фундаментін нақты білу қажет, тақырып бойынша әдебиеттер мен нормативтік актілерге талдау жасау керек.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының Cот билігінің конституциялық құқықтық негіздері тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасында сот билігінің қандай конституциялық құқықтық актілерді шығаруға, оның қандай өкілеттілігі бар болуына тоқталып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған. Халиков К. Х., Мақұлбеков Б. Д., Нарикбаев. М. С. және тағы басқа ғалымдардың еңбектері жұмысты жазу барысында қолданылды.

Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Сот билігі.

Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Сот билігінің конституциялық құқықтық мәртебесі.

Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының Сот билігінің конституциялық құқықтық негіздері тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 СОТ БИЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Сот билігінің тарихи негіздері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп жарияланғаны көпшілікке мәлім. Осы мақсатқа жету жолында республика көлемінде құқық және экономикалық реформалар жүргізілуде. Нарықтық жүйеге сәйкестендіру үшін құқық жүйесін де қайта құруға мәжбүр болдық. Талаптарға сәйкес құқық базасы мен механизмі құрылды. Азаматтық қоғам құруда соттың ролі өте зор.

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасу тарихы өте тереңде жатыр. Оған дәлел ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының шекесіне қатты батқан отарлық саясаттың зардаптарынан әлеуметтік, рухани және құқықтық дағдарыс қалыптасты.

Көшпелі қазақ қоғамындағы сот билігін ұйымдастыру билер соты түрінде болды. Билер соты - сот билігінің қоғамдық-саяси институты, сот шешімдерінің әділеттілігі. Билер сотының тарихы, саяси және құқықтық табиғатын меңгеру кезінде олардың шынайы демократиялық институт болғанына, адам құқықтарына бей-жай қарамағанына көз жеткіземіз. Сондай-ақ, ол - қазақ халқы қол жеткізген көшпенді өркениеттің маңызды мәдени мұрасы.

Тәуелсіздік алғалы, біздің елімізде билік күшінің ешбір тармағы сот жүйесі сияқты жаһандық реформаға түскен емес.

Тәуелсіздіктің бірінші жылдарынан-ақ бұл реформалардың мақсаты - құқықтық мемлекеттің талаптарына сай келетін және конституция мен заңдарға бағынуды, азаматтардың құқықтарын, еркіндігін және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуі бойынша қойлыған талаптарды орындауға қабілетті бола білетін толыққанды сот жүйесін құру.

Осылайша, Қазақстан Республикасында жаңа типті сот жүйесін құруға бірегей мүмкіндігі болды, кез-келген мемлекетке тән соттарға толық көлемде құқықты, заңнамада олардың шынайы әлеуметтік ролін бекіту мүмкіндігі болды.

1994 жылы сот жүйесінің даму алғышарттарын анықтайтын құқықтық реформа бағдарламасы қабылданды. Бұл құжат сот жүйесінің даму алғышарттарын анықтап, биліктің нағыз заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі тармақтары бойынша бөлінуін қамтамасыз етуге, оларды ұстаным мен қарсы салмақты жүйені қолданумен жұмыс жасауға итермеледі. Ғылыми негізделген өнім ретінде қарастырылып отырған бағдарлама қоғам мен мемлекетте айтарлықтай із қалдырды.

Қазақстан Республикасында құқықтық рефома туралы мемлекеттік бағдарламаның орындалуының ең басты көрсеткіші 1995 жылдың 30 тамызында жалпы республикалық референдум бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы десек болады, аталған Конституцияның VІІ тарауы соттар мен сот төрелігіне арналған. [1, 14 б. ]

Сот жүйесінің тиімділігін арттыру үдерісіндегі келтірілген кемшіліктер, ол қылықтар Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі құқықтық саясат Тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында жойылады деп айтылған. Алайда барлық конституциялық ережелер қолданыстағы заңнамада көрініс тапты дей алмаймыз.

Соттық-құқықтық реформаның негізгі нәтижелері мынадай болды:

-мамандандырылған соттарды құру: қазір еліміздің барлық аймақтарында ауданаралық мамандандырылған соттар ғана емес, сонымен бірге мамандандырылған әкімшілік және қылмыстық соттар, екі аймақта ювеналды соттар жұмыс істейді;

-алқабилер отырысының соты енгізілді, ол 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық құқықты негізде жұмыс істеп жатыр;

-қамауды санкциялау тек қана сотпен жүргізіледі: қамауды сотпен санкциялауды енгізу арқылы заңнама мен заң іс-тәжірибесі 2005 жылы енгізілді;

-медиация институты енгізілді: медиация туралы заңды қабылдау Қазақстандық құқықтық жүйе үшін айтарлықтай алға басқан қадам болды, ол мемлекеттің шынымен азаматтық қоғам институтын дамытуға және құқықтық мемлекет негіздерін қалыптастыруға ықпал ететіндігін көрсетеді;

-соттар қызметінің транспаренттілік қағидасы жан-жақты жүзеге асырылуда: әділсотты жүргізу бойынша республика соттарының қызметі туралы тез әрі сапалы ақпарат алудағы азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, Жоғары Сот электрондық құжат айналымының жүйесін әзірлеп, енгізді.

Оған қоса нақты позитивті өзергерістерге ұшыраған сот билігі мен сот өндірісінің ұйымдастыру негіздерін жүзеге асыруға қатысты қабылданған шараларға қарамастан сот реформасы құрылып, сот билігін қалыптастыруға қатысты барлық мәселелері шешілді деп айту әлі ерте.

2010-2020 жж арналған Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясат Тұжырымдамасын қабылдау мұның дәлелі, оның құрамдас бөлігі сабақтастық пен кезең-кезеңділік негізінде сот-құқықтық жүйесін дамытуды көздейтін ереже болып табылады.

Қазақстанның Республикасының Президенті қазіргі заманғы осы аталған сын-қатерлерге жауап ретінде дамудың 2050 жылға дейінгі кезеңіне арналған Стратегиясын да қабылдады.

Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын жүзеге асыруы болып табылады.

Бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту керек. Жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес.

Сонымен бір мезгілде соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастырған жөн. Болмашы мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет.

Сот жүйесінің реформасы жалғасады, біз бұл жолды сынамалар мен қателер әдісін қолданамыз, себебі демократиялық қатынастағы дамыған мемлекеттердегі сот жүйесін көзсіз көшіру мүмкін емес.

Ең алдымен, оның дамуының негізгі векторы сот пен сот төрешілерін мамандандыру болып табылады, оған қоса ювеналды соттың дамуы, қылмыстық қарастыру бойынша мамандандырылған сот жүйесін құру, салықтық және басқа да мамандандырылған сотты қалыптастыру.

Бірақ Қазақстан Республикасындағы ювеналды әділет, енді-енді белсенді даму фазасына енуде, оған байланысты оның даму бағдарламасын дайындау қажет болып табылады.

Өзінің пайда болған уақытының қысқалығана қарамастан, ювеналдық әділет көптеген елдерде танымал және мойындалды. Сот билігі саласындағы жүргізілген құқықтық реформалар оның сот билігі механизмін жетілдіруге ықпал ететіні туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Сол себепті, өз деңгейінде жүзеге асырылмай жатқан ювеналды әділет жүйесінің дамуындағы тек әлеуметтік қызметкерлер институты сияқты ең маңызды бағыт қана емес, Ювеналды прокуратура, ювеналды полиция, ювеналды адвокатура, мамандандырылған қылмыстық-атқарушылық инспекциясының пробация қызметі, органдарды үйлестіретін ювеналды әділет саласындағы қадрлар дайындау жүйесі сияқты ювеналды әділет құрылымының кезек күттірмейтін атрибуттарын құрған жөн. [2, 3 б. ]

Сот жүйесін дамытудың перспективалары сотқа дейін сот өндірісіндегі бақылау аясын деңгейі бойынша кеңейту мүмкіндіктеріне байланысты. Аралық және арбитражды сот жүйелері дами бастайды.

Казіргі таңда саяси және экономикалық жүйе қалыптасуда. Қазіргі таңда меншіктің әртүрлі формалары қалыптасты, кәсіпкерліктің саналуан түрлері жүзеге асырылуда, бағалар мен сыртқы сауда либерализациялануда, банк жүйесі өзінің қызметтерін кеңейтуде, кәсіпкерлерге экономикалық қызмет бостандығы берілген, мемлекет пен бизнес қатынасының жақындығы заңмен реттеліп отырады. Республикада мемлекетіміздің болашағын жақсарту негіздерін қалыптастыратын кәсіпкерлік кластар пайда болуда, жыл сайын шетелдік инвестициялар ағымы кеңеюде. Нәтижесінде, макроэкономикалық тұрақтылық пайда болды. Демек, Қазақстанның өзіндік ұлттық нарықтық экономикасы бар және әлемдік экономикалық жүйенің интеграциялық процестер шегіне енген болатын. Саяси қайта өрлеу, экономиканың даму ырғағы сот жүйесіндегі бара-бар өзгерістерді талап етеді, ол да ұйымдастырушылық және құқықтық негізін қалыптастыра отырып динамикалық түрде дамуда. Нарықтық қатынастардың белсенді дамуы, азаматтар мен шаруашылық субъектілердің іскерлік белсенділігінің ұлғаюының нәтижесінде құқықтар мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік шараларды қабылдау қажеттілігі туды.

Осыған байланысты Қазақстандағы аралық сот қатынасы, яғни осы сот шешімдерінің орындалу мәселелерін қарастыру қажет. [3, 4 б. ]

Демек, осы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстандағы арбитраждың даму перспективалары сәтті жүзеге асырылады. Біздің пікірімізше, қазіргі уақытта барлық аймақтарда тұрақты қолданыстағы аралық соттар құру және оларға мемлекеттік демеу жасауды қамтамасыз ету қажет деп есептейміз.

Қазіргі таңдағы сот құқықтық реформаның маңызды перспективалардың бірі ол медиация институтының дамуы. Соңғы он жылдықта медиацияны қолдану көлемінің ұлғаюы байқалуда. Келесі он жылдықта сотқа дейінгі міндетті реттеу формасындағы жаңа құралдар интеграциясын дамыту белгіленген. Медиация юриспруденцияның бір бөлігі болып табылады және келіспеуші субъектілерге тиімді және қанағаттанарлық шешімге жетуге көмектеседі.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңымен қабылданған медиация жүйесі істерді сотқа дейін қарауды жетілдіру механизміне ықпал етіп, соттардың іс қараудағы қызметін айтарлықтай жеңілдетеді.

Сонымен бірге, медиация ролі мен маңызын күшейту мақсатында ұсынылады: медиацияның тұрақты курстарын енгізу керек, яғни заң факультетінің бітірушілері медиация курсын өту қажет; қылмыстық іс жүргізу заңнамасында бітімгершілікті жүргізу тәртібін регламенттейтін арнайы тарау болуы керек; медиациялық процедура басқа процессуалды іс-әрекеттен бөлініп шығуы керек.

Осыған орай, дауларды шешудің балаламалы әдісі - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2014 жылдың сәуір айындағы өкімімен судьяның қатысуымен өтетін бітімгершілік рәсімді (сот медиациясы) азаматтық сот өндірісіне енгізудің пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жаңа енгізілім Азамататтық-іс жүргізу кодексінің жаңа жобасында қарастырылған.

Қорыта келе, сот-құқықтық реформаның ағымдағы деңгейінде көрсетілген шаралар, сөзсіз, сот беделінің сот билік органы ретінде көтерілуіне мүмкіндік берді. Азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейінің ұлғаюы, сот мәртебесінің бекітілуі, сот төрелігінің қолжетімділігі. Берілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында кәсіби деңгейде жұмыс жасау қажет. Қазіргі күннің міндеті соңғы жылдағы сот реформасының жетістіктерін және оның алға жылжуын бекіту болып табылады. [4, 91 б. ]

  1. Сот билігінің түсінігі және қағидалары

Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптастыру тарихы - қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.

Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды. [5, 13-39 б. ]

Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен тіпті, жоғары шонжарлар - сұлтандар мен хандар санасты. Билердің көшпенді ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде соттар аса құрметті және тәуелсіз орган болған.

Пролетариат төңкерісінен кейін Кеңес өкіметінің ең алғаш рет сот құрылысы туралы №1 декретті 1917 жылы 17 қарашада қабылданды. Бұл декретте жергілікті соттарды және революциялық трибулналдарды құру қаралған болатын. Яғни, жергілікті соттар тұрақты және екі халық заседательдерінен тұрады деп көрсетілді. Соттар және халық заседательдері демократиялық принцип негізінде сайланды.

Сот құрылысы туралы №1 декркетте жергілікті соттардың қылмыстық және азаматтық істерді қарай алатыны және олардың қылмыстық іс бойынша екі жылға дейін, ал азаматтық істер бойынша 3000 рубльге дейінгі айып салынатын істерді шеше алатындығы атап көрсетіледі. Осы жергілікті соттың шешімдеріне келіспеген жағдайда, іс кассациялық инстанция ретінде жергілікті уездік судьялар кеңесінің сьезінде қаралды. Ал, революциялық трибуналдың құрамына бір төраға мен губерниялық және уездік жұмысшылар кеңесінің арасынан және шаруалардан, солдаттардан депутат болып шыққан алты заседательдері сайланды. Революциялық трибуналдар - революцияға қарсы шыққандармен, пара алушылармен және басқа қылмастармен күресу үшін құрылды.

1918 жылы 21 ақпанда жарияланған сот жөніндегі №2 декрет ең алдымен соттың атын - Жергілікті халық соты” деп өзгертті және бұл соттардың ауыр қылмыстық істерді немесе азаматтық істер бойынша кең ауқымда қарау үшін олардың өкілеттігін кеңейтуді алдына мақсат етіп қойды. Сөйтіп, округтік соттардың мүмкіндіктерін молайтып, қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі бөлімдерді ашты. Сатылы кезеңге негізделген сот инстанцияларын құрып, сот жүйесін мыныдый құрылымға ыңғайлады:

1) жергілікті халық соты;

2) аймақтық сот;

3) облыстық сот;

4) жоғарғы бақылайтын сот. [6, 88 б. ]

Сот құрылысы туралы №2 декреттің ең негізгі ерекшілігінің бірі - істі қараған уақытта халық заседательдерінің дауысы шешуші дауыс болып саналды. Өйткені, төрағалық етуші көп жағдайда бұрынғы бітімгер(мировой) судьяның білімін және тәжірибесін пайдалана отырып, оның қызметін бақылады.

Шындығында Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңіндегі сот жүйесі қым-қуат, аласапыран кезде белгілі бір бағыт-бағдарда ойдағыдай жұмыс жасамады. Жоғарыда аталған сот жөніндегі №1, 2, 3, декреттер сот өндірісіндегі прцессуалдық іс жүргізудің ережелерін, бағыт-бағдарларын бір жүйеге келтіре алмады. бұл кемшілік 1918 жылғы 23 шілдеде РСФСР Юстиция Халық Комиссириатының Жергілікті халық соттарының іс-әрекетін ұйымдастыру” жөніндегі нұсқауында атап көрсетілді. Осы пәрменді құжаттан кейін Қазақстан аумағындағы Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Қарағанды және Түркістан өлкесіне қарайтын Жетісу, Сырдария облыстарындағы уездерде халық соттары жедел түрде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 1918 жылдың тамыз айына дейін облыс, уездерде 63 жергілікті халық соты құрылып үлгерген болатын.

Бірақ бұл құрылған жергілікті халық соттары азамат соғысы жылдары кезінде өз міндеттерін уақытша ғана атқарды. Аталған бұл соттармен қатар революциялық трибуналдар да құқықтық тәртіпті қорғау негізінде сот істеріне араласты.

1918 жылы 14 қазанда Әскери революциялық кеңестің жанынан Әскери революциялық трибунал құрылды. Бұл орган негізінен шпиондық әрекеттерді, ақгвардияшылардың үгіт-насихаттарын жүргізушілерді, шетел агенттерін ұстап жауапқа тартты. Сонымен қатар, бұл орган әскери қылмыстарды қарады.

Әскери революциялық трибуналмен бірге құқықтық қызметті революциялық трибуналдар да атқарды. Революциялық трибуналдардың құрамын, сондай-ақ олардың жанындағы тергеу комиссияларының құрамын, олардың алты заседательдерін жұмысшы, шаруа, қазақ және қызыл әскер депутаттарның кеңесі сайлады. Революциялық трибуналдар жанынан ұйымдастырылатын тергеу комиссиялары алдын ала тергеу жүргізу және қамауға алу, тінту, құжаттарды алып қою, мүлікті тәркілеу және газеттерді жабу құқығына ие болды. Революциялық трибуналдар жанынан сонымен қатар айыптаушылар алқалары да құрылды.

Қазақстан аумағында ең алғашқы революциялық трибунал жылы 28 желтоқсанда Ақмола құрылды.

1918 жылғы 30 қарашада шыққан РСФСР-дағы халық соттарының ережелері” деген заң құжаты біріңғай кеңестік сот жүйесін ыңғайлауға айтарлықтай үлес қосты. Ал, Қазақстан үшін 1919 жылы 10 шілдеде Қазақ өлкесін басқару жөнінде құрылған Революциялық комитет Қазақстандағы соттар мына төмендегідей ретте жүйеледі:

1. Аралық сот.

2. Уездік халық соты.

3. Аймақтық сот.

4. Революциялық трибунал.

Аралық сот ең төменгі сатыда билік жүргізді. Ол ауылдық, болыстық атқару комитеті негізінде құрылып, қазақ, өзбек, ұйғыр және тағы басқа халықтар арасында өрбіген мүліктік дау-шараларды қарап шешті.

Аралық соттар дауларды шешу үшін әдет-ғұрып заңдарына сүйенді. Бұл соттардың шешімдері жергілікті кеңесте сақталатын арнайы кітапшыға жазылды. Және бұл соттардың шешімдер бойынша уездік халық соттарына шағымдануға болады деп көрсетті.

Уездік сот революциялық трибуналдың соттылығына жататын істен басқа, азаматтық және қылмыстық істерді қарады. Аралас халық тұратын жерде уездік халық соты екі бөлім негізінде құрылып, қазақ және орыс тілдерінде іс жүргізді.

1926 жылы 19 қарашада РСФСР Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің бекітуімен жаңа Сот құрылысы туралы ” ереже қабылданды.

1937 жылы 26 мамырда қабылданған Қазақ ССР конституциясының 83-бабы екгізінде мынадай сот жүйесі белгіленді:

1) халық соты;

2) облыстық сот;

3) Қазақ ССР Жоғарғы Соты;

4) КСРО-ның арнайы соты.

Қазақ ССР Конституциясының 88-бабы бойынша: Халық соттарының судьяларын аудан халқы жалпыға тән төте және тең сайлау құқығымен жабық дауыс беру арқылы 3 жыл мерзімге сайлады. Халық соттарына судьялардың кандидаттарын ұсынуға еңбекшілердің қоғамдық ұйымдары және мәдениет ұйымдарының жалпы жиналысы құқықты болады. ”

Ұлы Отан соғыстары жылдарында көптеген сот қызметкерлерін әскерге шақырып майданға аттандырды(207 халық сотының судьясы, 44 облыстық сот мүшесі) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау
Сот билігі
Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы
Сот билігі туралы
Сот жүйесінің даму мәселелері
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz