Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 СОТ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 5
Сот жүйесінің тарихи негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Сот жүйесінің түсінігі және қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Соттарды және Жоғарғы сотты құру мен құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...18
2.2 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің дамуы мен қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...28
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін, елде демократиялық принциптерді орнықтыру мақсатында Президентіміз халықтың бостандығы мен құқын қорғауда тәуелсіз сот болу керектіігі жөнінде берік ұстаныммен дамыған елдер үрдісінде батыл шешімдер алды.
Халықтың еркіндігі мен құқын қорғауда сот қызметкерлері басқа билік өкілдерімен қатар жариялылық пен ашықтық жағдайда нәтижелі еңбек етіп сот әділдігін жоғарғы деңгейде жүргізе білді.
Бұрынғы Кеңестер Одағында партия басқарған кезеңдегі түсінік пен қалыптасқан дағды, оның үстіне соттың материалдық-техникалық базасының жоқтығы тіпті қағаз, жазу-сызу құралдарының жетіспеушілігі сот қызметкерлерінің ұнжырғасын түсірмей, мемлекеттің қуатын арттыру мен елді өркениетті елдер қатарына қосуда, европалық стандарттарға сай сот әділдігін жүзеге асырып, өркениет принциптердің қалыптасуы үшін аса жауапкершілікпен және адалдықпен қызмет етті. Нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда Қазақстандық бағыт-бағдарды анықтаған Конституция қабылданды.
Сонымен қатар, осы Ата заң-Конституцияда, азаматтардың заң мен сот алдында бірдейлігі және олардың кінәлі болып табылуы тек қана сот шешімімен белгіленетіні көрсетілді.
Соттың қызметі мен мәртебесі осылайша заңды түрде бекітілгеннен кейін, сот қызметкерлері өздеріне артылған орасан жауапкершілікті салқындалықпен қабылдап, салиқалыдықпен атқарып,, халыққа қалтқысыз қызмет ету жолында бар күш-жігерлерін аямай еңбек етті..
Сот жұмысына қандай да болсын араласу, сот актілерін орындамау сотқа құрметтемеушілік болып есептеліп, ондай әрекеттері үшін лауазымды тұлғаларды қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тарту жазалары кодекстерге рет-ретімен енгізілді.
Қазақстандық сот жүйесінің осындай өзіндік озық тәжірибесін басқа елдер оқып үйреніп, өз елдерінде жетістік ретінде қолдануда.
Сонымен қатар, Егемендік жылдарында Конституция талаптарына сай қамау санкциясы сотқа беріліп, азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сот
жұмысына көптеп араластыру және сот жұмысына халықтық сипат беру мақсатында аса ауыр істерді алқа билер қатысуымен қарау нақтылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, билер сотының алғашқы белгілерін қамтитын медиация институты өмірге енгізілуде.
Жұмыстың өзектілігі. Халықтың шағымдары мен өтініштерін дер кезінде қарап, әрі қарай ақырғы шешімін алу, ұзақ уақытқа созбаламай ыждағатты түрде шешілу үшін, Қазақстан бойынша үш буынды сот жүйесі қалыптасуда.
Келешекте барлық санкцияны мүлікке, хат-хабарларға тоқтам салу сот құзырына беру жайлы заң жобалары қаралуда.
Судьялар ел егемендігінің мызғымастығын қорғау мен елімізде демократиялық принциптер орнату және мемлекеттік қарым-қатынастарды реттеуде, шиеленісі мол дауласушы тұлғалар арасындағы күрделі мәселелерді ел бірлігін сақтау ұстанымына сай қарап, мәселені әрі қарай ушықтырмай байыптылық танытып бар ар-ожданымен әділ шешіп, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында бар күш-жігерін аямай, заң талаптарына сай еңбек ете отырып сот әділдігін әрі қарай дамыта жүргізе береді. Аталған жұмысты зерттеу өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасындағы сот жүйесін талдауға тырысып, әр түрлі әдебиеттер мен қайнар көздер көмегімен қазіргі Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Сот жүйесі мен оның даму тарихына тоқталу;
Сот жүйесі мен Қазақстандағы Жоғарғы соттың дамуы мен құрылуына талдау жасау;
Қазақстандағы қазіргі кездегі соттардың даму үрдісі мен мәселелерерін сипаттау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. . Қазақстан Республикасы Соттарды құру тәртібі тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасында сот билігінің қандай конституциялық құқықтық актілерді шығаруға, оның қандай өкілеттілігі бар болуына тоқталып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған. Халиков К.Х., Мақұлбеков Б.Д., Нарикбаев. М.С. және тағы басқа ғалымдардың еңбектері жұмысты жазу барысында қолданылды.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Сот жүйесі.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Сот жүйесінің конституциялық құқықтық мәртебесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасы Соттарды құру тәртібі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
СОТ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сот жүйесінің тарихи негіздері
Сот қызметтерін ұйымдастыру мен оларға жағдай жасау (кадрларды дайындау, халық судьясына сайлауды ұйымдастыру, соттарды қаржыландыру) Қазақ ССР Юстиция Халық Комиссириаты мен облыстық еңбекші кеңес депуттатарының жанындағы Юстиция Халық Комиссириатының басқармасына жүктелді. Бұл орган 1946 жылы Қазақ ССР Юстиция Министрлігі болып қайта құрылды.
1960 жылы 1 маусымда Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Төралқасы Қазақ ССР Юстиция министрлігін қысқарту туралы" жарлық қабылданды. Министрліктің сот мекемелері жөніндегі басшылық, қызметі Қазақ ССР Жоғарғы Сотына берілді. Бұл құзыретті Жоғарғы Сот он жыл қатарына атқарып келді.
1954 жылы 14 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақтас республикалар мен автономиялық республикалардың Жоғарғы Соты құрамында және өлкелік, облыстық соттарда, автономиялық облыстарда төралқа құру туралы " Жарлық қабылдады. [1]
1978 жылы 20 тамызда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы қабылданды. Конституция бойынша, Қазақ ССР соттарына: Қазақ ССР Жоғарғы Сот, облыстық соттар және Алматы қалалық соты, аудандық халық соттары жатқызылды.
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Н.Назарбаевты Қазақ ССР Президенті қызметіне тағайындап, Қазақ ССР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.
1991 жылы тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституцияның 16-тарау сот билігіне арналды. Осы Конституцияның 95-бабында Қазазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екендігі атап көрсетілді.
1995 жылы 20 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚР-дағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы туралы" Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл Жарлық аясында республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқықтық нормаларға сай келетін жаңа заңдар ережесі жасалып бекітілді.
Қазіргі уақытта ҚР Президентінің аталмыш Жарлығы күшін жойып, 2000 жылы 25 желтоқсанда ҚР-ның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы " конституциялық заңы қабылданды. Бұл конституциялық заң бойынша көптеген өзгерістер енгізілді. [1]
Қазан төңкерісінен кейінгі уақыттан бастап осы күнге дейін мемлекетіміздің тарихында бес Конституция қабылданғанын және сол Конституцияларда көрсетілген сот жүйелері өз заманында өмір талабын лайықты қызмет атқарғанын, қажет кезде тиісті толықтырулар мен өзгертулер жасалып отырғанын байқаймыз.
Коммунизм кезінде биліктің үш тармаққа бөлінуі буржуазиялық өтірік болды.1917 жылдан бастап жалпы адамдық құндылықтар жоққа шығарылды. Әділеттілікке байланысты халықаралық нормалар қабылдағаннан кейін де бұл жағдай сол күйінде қала берді. Адам құқықтары туралы жалпы декларациясында былай жазылған: Кез келген адам құқықтары бұзылған жағдайда құзыретті ұлттық соттар негізінде нәтижелі қалпына келтіруге құқығы бар." Мұндай құқық туралы КСРО-да сөз болған жоқ. Социалистік жылдар кезінде соттар партияның қатаң қадағалауында болды. Соттардың 90%-ке дейін партия мүшелерімен тағайындалатын, Сот шешімі партия мүшелерінің келісімімен анықталатын. Жоғарғы соттар партиямен сайланып, оларға есеп беретін және олардың шешімімен жұмыстан босатылатын.
Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" ҚР конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нориативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап соттарға кез келген құқықтық мемлекетке тән өкілеттіктерді толық беру қажеттігі туындады. Сондықтан, соңғы жылдары сот билігінің проблемалары көптеген ғылыми жұмыстардың, әсіресе Ресей Федерациясы ғалымдарының зерттеу тақырыбына айналды. Осы ұғымның кейбір қырларын қазақстандық ғалымдар да өз жұмыстарында қарастырды.
Қазақстандық ғалым К.Х. Халықов сот билігін мемлекеттік биліктің ең маңызды тармақтарының бірі деп көрсетті. Оның қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны мен рөлі бүгінгі таңда ең қымбат қазына: адам, оның құқықтары мен бостандықтары және заңдылық болып табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекет орнату міндеттерімен айқындалады. Сот билігі адамдар тағдырындағы ең жоғары әділеттік таразысы тәріздес. Ондағы нақ осы қасиет мемлекеттік билік тармақтарының ешқайсысында жоқ. Осылардың бәрі сот билігі мәселесінің жалпы теориялық бағыттарын айқындайтын факторлар болып табылады. Ал әкімшіл-әміршіл кеңестік тәртіптен демократияға өтудің күрделі де қиын кезеңдерін бастан кешіп отырған бүгінгі Қазақстанның нақты өмірінде сот билігі қалай әрекет етеді, сот билігінің өзінің қалыптасу процесі қалай өтуде және ол қандай қиындықтарға кезігіп отыр - міне осылардың бәрі ғылыми тұрғыдан да тәжірибелік тұрғыдан да өзекті мәселелер болып табылады.
Сот билігі" ұғымының құқық ғылымында жаңа санат болып табылуына және жақында - 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басында зерттеле басталуына байланысты. Сонымен бірге кеңес мемлекетінде мемлекеттік саясат шеңберінде теориялық тұжырымы қалыптасқан, яғни соған сәйкес елде біртұтас бөлінбейтін мемлекеттік билік жұмыс істейді. Сондықтан сот билігі мәселесі мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде туындаған емес. Сот төрелігіне байланысты проблемаларға арналған ғылыми зерттеулерде сот - құқық қорғау органы жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылды. [2]
Соттар мемлекеттік биліктің атқарушы органдар тармағынан айырмашылығы ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды. Сонымен бірге соттарға атқарушылық билік органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарын осы органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарау арқылы бақылау құқығы берілген. Өз кезегінде, атқарушылық билік тармағының органы ретіндегі әділет министрлігі Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес аудандық соттың төрағасы мен судьясына үміткерлерді Президентке ұсыну арқылы аудандық соттардың қызметін кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге, Әділет министрлігі мен оның басқармасы кез келген буындағы соттарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру бойынша олардың қызметне араласпау қағидатын қатаң сақтау жағдайында заңмен берілген функцияларды жүзеге асырады.
Осылайша, Сот билігі ҚР Конституциясында соттарға берілген билік ету өкілеттіктеріне байланысты тепе-теңдік пен ара салмақтар жүйесі арқылы олармен өзара іс қимыл жасай отырып, заң шығарушылық және атқарушы биліктің шешімдеріне әсерін тигізеді. Осындай мәртебемен сотқа құқық мәселелері мен фактілерді шешуде көлемді құзырет берілген.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелеріне сүйене отырып, Қ.Ә.Мәми сот билігінің мынадай негізгі белгілерін бөліп көрсетеді:
Бірінші белгі - бұл билік конституциялық бекітілген біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады. Осыған байланысты оны мемлекеттік қызметтің түрі деп толық айқындауға болмайды, не көптеген мемлекеттік органдар билік тармағының табиғатына келе бермейтін қызметтерді орындайды.
Екінші белгі - сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға - Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі.
Үшінші белгі - оны өз кезегінде Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын арнайы мемлекеттік органдарда құруда; сот алдында жеке міндеттері мен мақсаттарын қоюда және оларды жеке құзыреттерімен бөлуде, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен жеке қаржыландыруда көрінетін ұйымдастырушылық, функционалдық және қаржылық дербестікке ұсынатын сот билігінің тәуелсіздігі. [3]
Осы биліктің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға: Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынбайтындығын білдіреді. Сонымен бірге абсалюттік, толық тәуелсіз соттар да болмайды, өйткені олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заң актілерінің талаптарына бағынуға тиіс. Соттардың заңсыз шешімдерін тек сот күшін жоя алады, ал басқа құрылымдар ондай құқықты иеленбейді.
Төртінші белгі - бұл мемлекеттің атынан сот билігін жүзеге асыруы: Қазақстан Республикасының атынан үкімдер мен соттардың өзге де шешімдерін жария ету.
Бесінші белгі - сот төрелігің, яғни құқықтық даулар мен істерді қарауға байланысты жүзеге асыру.
Алтыншы белгі - осы билікті Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, республика халықаралық шарттарының негізінде туындаған дауларға ғана қолдану. Сот мораль, діни, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға байланысты жанжалдарда қарамайды және шешпейді.
Жетінші белгі - осы билікте оның қызметіне тән іс жүргізу (талап арыз ісін жүргізу, процеске айыптауға және қорғауға қатысу).
Сегізінші белгі - осы биліктің құқық қорғау сипаты, қызметінде осыған байланысты екі қыры бөлініп шығады: құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Тоғызыншы белгі - оның шешімдерін мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ету.
Жазылғандарды ескере отырып, сот билігін Қ.Ә.Мәми азаматтардың, мемлекет пен ұйымдардың құқықтарын, бостандындықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында құқықтық даулар мен істерді шешу және оларға жүктелген басқа да міндеттерді орындау бойынша заңмен берілген өкілеттікпен Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын, ерекше іс жүргізу нысандарында жұмыс істейтін және мемлекеттің барлық аумағындағы міндетті сипаттағы шешімдерді шығару құқығы бар, оны мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік орган ретінде мемлекеттің атынан іске асыратын, Конституцияда белгіленген біртұтас мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы ретінде айқындайды.
Мәселен, В.И.Швецов сот билігінің мынадай белгілерін көрсетеді:
1) оны арнайы мемлекеттің органдардың жүзеге асыруы;
2) оның біртұтас сот жүйесін құрайтын соттарға тиесілігі;
3) қоғамда тиісті құқықтық режимді қаматамасыз ету;
4) оны түрлі құқықтық нысандармен жүзеге асыру;
5) оны іс жүргізу заңдарының негізінде және қатаң жүзеге асыру;
6) құқық қорғау органы болып табылатын соттың тәуелсіздігі, дербестігі және оқшаулығы;
7) айрықшалығы;
8) сот өкілеттігінің биліктік сипаты;
9) сот талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және оның шешімдерін мемлекетің күшімен орындау. [4]
Осылайша, тәуелсіз және кәсіпқой сот билігі қылмыстық, азаматтық және заңмен белгіленген барлық істер мен құқық және фактілер туралы дауларды қарауға және шешуге бағытталған сот ісін жүргізу нысандары саласындары саласында соттың биліктік өкілеттігі мен мүмкіндігін білдіреді. Оның үстіне, соңғы уақытта сот қызметі мен дербестігін ұйымдастыруда көп нәрсе жасалады және жасалуда. Олардың материалдық базасы нығаюда, материалдық ынталандыру айтарлықтай өсті.
Сот жүйесінің түсінігі және қағидалары
Сот жүйесі - түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы, Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін -- Жоғарғы Сот және жергілікті соттар -- облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік.
Аудандық (қалалық) соттар -- соттар жүйесінің негізгі буыны -- сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды.
Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының қалалық соттары) -- орта буын соттарын -- Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді.
Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты -- сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы Сот азаматтык, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында езінен төмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларың және Жоғарғы Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларың, алқаларының төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды. [5]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ТӘРТІБІ
2.1 Соттарды және Жоғарғы сотты құру мен құрамы
1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
2. Жергілікті соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):
3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.
Сот жүйесінің бірлігі
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:
1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;
2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;
4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар
Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі - аудандық соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады.
Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік - аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.
2.Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Аудандық соттың құрамы
1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе,ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.
2. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді. [6]
Аудандық соттың өкілеттілігі
1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.
2. Аудандық сот:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды.
2) сот статистикасын жүргізеді;
3) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Аудандық соттың төрағасы
1.Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
1) сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) азаматтарды қабылдауды жүргізеді;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;
5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;
6) өкімдер шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойснша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
Бірқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.
Облыстық және оларға теңестірілген соттар
Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру
1. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі - облыстық соттар) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Респуьликасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
2 . Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Облыстық соттың құрылымы мен құрамы
1. Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.
2. Облыстық соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық істер жөніндегі алқа;
3) қылмыстық іатер жөніндегі алқа;
4) соттардың жалпы отырысы.
Облыстық соттың өкілеттігі
Облыстық сот:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;
2) сот статистикасын жүргізеді;
3) сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезеңдегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
4) облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Облыстық сот алқалары
1. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.
2. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының үсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.
3. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
4. Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.
Облыстық сот төрағасы
1.Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:
1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;
5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды аоқа судьяларының біріне жіктейді;
6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;
7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жібереді;
8) сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады;
9) өкімдер шығарады;
10) соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
12) заңда көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2.Облыстықсот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеті өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.
3. Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның міндеттері уәкілетті органның шешімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.
Облыстық сот алқаларының төрағасы 1.Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
1) алқа судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) алқа отырыстарында төрағалық етеді;
3) сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) сот тәжірибесін зерделеу әрі жинақтау және сот статистикасын талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) соттың жалпы отырысына алқа қызметі туралы хабарлама ұсынады;
6) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның міндетін атқаруды алқалар судьяларының біріне жүктейді.
Облыстық соттың жалпы отырысы
1.Облыстық сот қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет жалпы отырыстар өткізеді, оларда:
1) алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;
2) сот жұмысының жоспарын талқылайды;
3) алқалар төрағасының хабарламаларын тыңдайды;
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
5) уәкілетті органға белгілі бір адамды облыс соттарының әкімшісі қызметіне тағайындауға келісімін береді;
6) облыс соттары әкімшісінің қызметі туралы есбін тыңдайды;
7) аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар жасайды;
8) уәкілетті органға облыс соттары әкімшісін қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
9) судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әділет біліктілік алқасына тиісті қорытынды береді;
10) заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларды жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.
3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұиыс тәртібі ол бекіткен регламентпен анықталады.
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады , заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.[7]
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;
4) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы
1. Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
2. Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық істер жөніндегі алқа;
3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;
4) соттың жалпы отырысы.
3. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультатциялық кеңес және баспа органы құрылады.
Жоғарғы Сот алқалары
1. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасын - алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады.
2. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.
3. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
4. Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.
Жоғарғы Сот Төрағасы
1. Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:

2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларды төрағалық етеді;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми - консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;
6) Қажет болған жағдайларда бір алқаның судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
8) Алқалардың жұмысын үйлестіреді;
9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жургізеді:
11) өкімдер шығарады;
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынас кезінде Республика сот жүйесіні мүддесін білдіреді сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті орган басшысының кандидатурасын ұсынады;
2) Соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы ,Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz