Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ПРЕЗИДЕНТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5Президент туралы ұғым . . . 5Президенттік институттың қалыптасу тарихы . . . 8
2. ПРЕЗИДЕНТТІК БИЛІКТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ . . . 11
2. 1 Президент институтының конституциялық заңы . . . 11
2. 2 Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайы . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдегі әрбір елдің өзіндік жүріп өткен жолы мен тарихы бар. Олардың барлығы мемлекеттің құрылуы мен қалыптасу үдерістерін басынан өткерген. Мәселен, АҚШ, Франция елдері де өркениетті қоғамға сәйкес «Президенттік билік институтын» құрып, саяси модернизация жасаған.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Біздің елімізде «Президенттік билік институты» қашан құрылды және заманауи талаптарға сай қалай жасақталып дамыды деген мәселеге келсек. Еліміз тәуелсіздік алар шақта уақыттың қойған талабына, заманның ағымына сай мемлекетті басқарудың жаңа жүйесін құру және қалыптастырып дамыту қажет болды. Міне, дәл осы тұста Қазақстандағы саяси элитаның алдына күрделі мәселені шешу міндеті қойылды.
Елімізде 25 жыл бұрын басталған демократиялық қайта құрулар, саяси жаңарулар нәтижесіне ел болашағы тәуелді еді. Сондықтан осы бағытта жасалған алғашқы қадам 1990 жылғы 24 сәуірде Президент қызметін ендіру туралы шешімнің қабылдануы десек қателеспейміз.
ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы жаһандық үдерістердің тереңдей енуімен бірге дүниежүзінде орын алған жаңалықтардың бірі - кеңестік социалистік республикалар одағы (КСРО) ішкі құрылымдық шиеленістер бүкіл әлемдегі ауқымды өзгерістерді тездетті. КСРО-да азаматтардың бұрынғы кеңестіктердегі, яғни тұтас кейіптегі дағдыланып, аңыз болып келген көзқарасы, одақтас елдерге адамдардың өмірге деген бейімділігі, демократиялық құрылыс пен нарықтық экономикаға еркін бойлауы, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі мен биліктің сайланбалығы өмірдің барлық саласында қалыптаса бастады.
Қазақстанда президент қызметін белгілеу алғашынан-ақ еліміз дамуының ерекшеліктерімен, нақты саяси жағдаймен, саяси мүдделердің арасалмағымен тығыз байланысты болды. Мұның өзі заңды да еді. Елдің даму сипаты президент институтының қандай болмағына тікелей әсер ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Тіпті, басқа елдердегі президент институтының конституциялық үлгісін бұлжытпай көшіріп алған жағдайдың өзінде, оның өзіндік ерекшеліктері болмай қоймайды. Саяси жүйенің қалыптасуы мен дамуында президент институтының маңызы қандай екендігін объективті түрде талдау үшін елдің тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктері сияқты барлық шарттарды түгел ескеріп отыру қажеттігі туындайды. Басқарудың белгілі бір жүйесін, президенттіктің белгілі бір жүйесін таңдау, әсіресе, егер бұл таңдау жаңа саяси жүйенің қалыптасу кезеңінде жүзеге асырылса, билікті тұрақтандыру және оның тиімділігін арттыру міндетімен де тікелей байланысты болады. Президенттің ерекше жағдайын айқындайтын басқа да маңызды факторлардың қатарына, елдің осы өзгерістерге дейінгі даму жағдайы, бұрынғы мемлекеттік биліктің ұйымдық құрылымы, саяси күштердің арасалмағы, елдің саяси мәдениетінің деңгейі қандай болғанын жатқызамыз. Бұған қоса, кейде басымдық алып кетуі мүмкін субъективті факторларды да ескеру қажет. Қазақстанда президент институты республикамыз бастап кешіп отырған терең дағдарыс жағдайында қалыптасты. Және де бұл дағдарыс қоғам тіршілігінің барлық салаларын, мемлекеттік басқару жүйесін де қамтиды. Дәстүрлі экономикалық байланыстардың үзілуі, кеңестік экономикалық жүйенің түбірімен ыдырауы халықтың әл-ауқатын төмендетіп, әлеуметтік шиеленістерді күшейте бастаған. Ұлтаралық, конфессия аралық қатынастар мемлекет тарапынан сақтықты күшейтетін жағдайға келді.
Осыған орай президенттік институтты қарастыру өзектілікті айқындайды.
Жұмыстың мақсаты: президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу.
Жұмыстың міндеттері:
- президент туралы ұғымды және оның қалыптасу тарихына көз жүгірту;
- президент институтының конституциялық заңы мен оның модельдерін қарастыру;
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайына тоқталу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Президент мемлекет басшысы тақырыбына жазылған курстық жұмыста С. А. Табанов, А. Ә. Оразова, Сапаргалиев Ғ. С., Козлова Е. И., Кутафин О. Е. секілді ғалымдардың еңбектері қарастырылып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Президент институты.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы конституциялық құқықтық жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Президент мемлекет басшысы тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ПРЕЗИДЕНТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Президент туралы ұғым
Президент (латын тілінде praesіdens - басшы, алдыңғы қатарда отыратын) - республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т. б. ) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге (3 жылдан (Латвия) 7 жылға (Франция) дейін) сайланады. Көбіне бір адам екі реттен, кейбір елдерде (мысалы, Мексикада) бір реттен артық президент бола алмайды. Бірқатар елде (Франция, Египет, т. б. ) қайта сайлану санына шек қойылмаған. Президентті тікелей азаматтар (Ресейде), іріктелген сайлаушылар (АҚШ-та), парламент (Түркияда), арнаулы сайлау алқасы (Германияда) сайлайды. Көлемдері әр түрлі болғанмен президент өкілеттігі барлық елдерде бір-біріне ұқсас (ішкі және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат шығару, бас қолбасшылық) яғни президентке басты билік тетіктері (үкімет, әскер) берілген, бірақ президент өкілеттігі басқару нысанына байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асырылады. Көптеген мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген. Оны әкімшілік тәртіпте ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан айырғаннан кейін ғана тартылуы мүмкін;
2) қоғамдық, ғылыми, коммерциялық, т. б. ұйымдардың басшысы.
Саяси ілімдер тарихында президен идеясының қалыптасуы мен дамуы. Мұнда ең алдымен мемлекет басшысы мен атқарушы билік басшысын неге «Президент» ұғымымен атағанын анықтап алайық. Саяси ілімдер тарихында бұл жөнінде бірнеше пікірлер бар:
Біріншіден, «Президент» ұғымы латынның сөзінен шығады елді атқарушы деген мағанада білдір еді. Президент деп әртүрлі жиындарда төрағалық етілетін атникалық дәуірде атаған. Сонымен бірге антикалық дәуірде Сенат Прездент деген кызмет ие болған.
Екіншіден, Конституиялық конвентке дейінгі американ мемлекетінін номиналды басшысы- американ штаттары конференциясы конгресінің төрағасы «Конгресс Президенті» деп аталған.
Үшіншіден, Филадельфия Конституциялық конвентінде төрағалық етуші Дж. Вашингтон да «Прездент» деп аталған.
Төртіншіден, Президент деп кейбір отарлардың губернаторлары (атқарушы билік басшысы) аталған.
Президент институты феномен Т. Лейн, Т. Джефферсон, А. Гамильтон, Дж. Адамс, Дж. Мэдисон еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Американдық саяси ілімдер тарихының көрнекті өкілі Т. Пейн (1737-1809 ж. ж. ) болып табылады. Оның «Американдық дағдарыс», «Адам құқығы», «Ғасыр тағлымы» атты кұнды еңбектері бар. Т. Пейн алғаш рет американ саяси ілімінде тәуелсіз американ мемлекеті мен республикалық басқару формасындаға мемлекетті құру концепциясын қалыптастырды. Т. Пейн монархиялық билікті сынау негізінде Президент институтының моделін қалыптастырды. Монархиялық билік кемшіліктері мыналардан көрді:
королдер билігінде құдайлық беделдің жеткіліксіздігі. Мұнша ойшыл королдер билігі тұстарында кұдайшылыққа жатпайтын әрекеттер болғандығын атап айтады.
монарх билігі жемқорлық, сыбайластық, қазына тонаушылық заңсыздық сияқты кұбылыстардың тарауына қолайлы.
монарх билігінде рационалдық негіз жоқ, ескі мен дәстүрді қалдығы, сондықтан одан тез арада бас тарту қажет.
Міне сондықтан да Т. Пейн монарх билігін президент билігімен ауыстыруды қалады. Оның пікірі бойынша президент институтының
мәні мынадай:
• президент заңшығарушы ұйымда бірден-бір басшы болуы керек;
• Президент қызметі- елдің бірлігін, оның тәуелсіздігінбекітеді, мемлекеттік биліктің орталықтануын әлсіретеді.
• Президент сайлауының жанама тәртібі;
• Президент билігі тек конституция негізінде әрекет етуі тиіс;
•Президент институты тәуелсіздік, республикашылдық, егемендік халық билігі сияқты идеялардық символы болуы тиіс.
Т. Пейннің шығармашылығы қарапайымнан бастап саяси элитап дейінгі американдықтардың көзқарасы қалыптасуына ықпал етті Бірақ оның мемлекетгік билік жүйесін конституциялык жобалау әсіресе президент институты моделі сұранысһа ие болмады, дегенмен де кейбір идеялары президент институтын калыптастыруда есепке алынды.
Президент институтын қалыптастыру адамының негізгі өкілдерің бірі Т. Джефферсон (1743-1826 ж. ж. ) болып табылады, бірақ ол Т. Пейн сияқты Конституцияны түзуге қатысады [1] .
ТДжефферсон республикалық басқаруды мынадай тәртіппен, орналастырды:
• барлық мәселелер, ішкі және федералды саясат үшін жалпы федералды республика;
• штат республикасы, тек азаматтарға арналған;
• аймаақтық республикалар, аймақ істерімен, мүдделері мен айналысатын;
• аудандық республикалар жергілікті мәселелер үшін.
Т. Джефферсон өзінің халық билігі моделін, өкілділік биік пен өзін-өзі басқару жүйесін парламенттік моделде калыптастыра отырып, ол мына бағыттарға қайта кұрулар жүргізуді ұсынды:
♦жаппай сайлау кұқығы;
♦заңшығарушы мекемедегі тең өкілділік;
♦атқарушы билік өкілдері халық сайлаған;
♦соттар, сайланбалы және ауыстырылатын;
♦әкшшілік аудандарға бөлу;
♦Конституцияға кезекті өзгертулер ендіру.
Осылайша Т. Джефферсон бұқараның жаппай қатысуына негізделген мемлекеттік билік моделін құрастырды. Ол негізінен жергілікгі өзін-өзі баскдру құрылымын дамытуды ұсыңды, ал жоғарғы мемлекеттік билік жүйесінде Парламентке қолдау көрсетті, Президент институтына парламенттік республика жүйесінен орын берді. Ол Президент институты моделінде мына нормаларды есепке алуды ұсынады: Президент билігін атқарушы кеңес (Министрлер Кабинеті) ескі арқалы шектеу және бір адамды Президентке қайта сайлауға жібермеу. Оның пікірі бойынша бір адамның шексіз сайлануына мүмкіндік беру, мемлекетті сайланбалы монархияға айналдырады. Ол күшті президенттік басқару жүйесін қолдамады.
Күшті, атқарушы билік тармақтарына бөлінген орталықтанган федералды билікті, әсіресе президенттік институты жақтаушы көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, Конституциялық конвент мүшесі А. Гамильтон (1757-1804 ж. ж. ) бодды. [2]
А. Хамильтонның Филадельфия Конституциялық конвентіне Президент институтының авторитарлы моделін ұсынуы кездейсоқ емес. Бұл жоба бойынша американдық биліктің жоғарғы қызмет иелері- сенатор мен Президент өмірінің соңына дейін сайлануы керек. Сенатор екі сатылы, ал Презңдент үш сатылы сайлау арқылы сайлануы тиіс.
А. Гамильтон ұсынған мемлекеітік билік жүйесіндегі парламенттің төменгі палатасы мемлекетті демократияның басты артықшылығы- жалпы халықтық сеніммен, сенат- аристократад мемлекеттік көрегендігінен, Президент- монархиялық табандылық пен, атқарушылықпен қамтамасыз етеді деп санады.
А. Гамильтон өз еңбектеріііде Ш. Моитескьснің «тұтас және бөлім-бейтін» атқарушы билік деген формуласын жиі қолданады. Онщ пікірі бойынша, атқарушы билік бір адамның қолында болса шектеу жеңілдеу. Сонымен Г. Гамильтон Президент институтының маңыздылығын дәлелдеді, оның авторитарлы формасын жасап шықты. [3]
Бұл ағымның тағы бір өкілі Дж. Лдаме (1735-1826 ж. ж. ), ол Конституциялық конвент мүшесі, күшті президенттік билікті жақтаушы «АҚШ Конституциясын қорғауда», «Давил туралы тұжырымдар» деген еңбектерінде мемлекет туралы теориясын калыптастырды.
Демократия Дж. Адамс пікірі бойынша баска классикалық басқару формалары- монархия, аристократия сияқгы уақыты келгенде деспатқа айналады. Сондықган оның идеалы аралас басқару формасы, үш құрылымдық элементтен тұратын: атқарушы билік, жоғарғы палата және төменгі палата.
Дж. Адамс 1787 жылғы АҚШ Конституциясы әлсіз Президент институтын қалыптастырды деп санады, сондықтан оньщ өкілеттегін қеңейту туралы ұсыныс жасады. Басқа сөзбен айтқанда ол Президент өкілеттігін «монархияландыруға» талпынды.
Дж. Мэдисон (1751-1836 ж. ж. ) Филадельфиядағы Конституциялық конвент мүшесі, АКДІ Конституциясы авторларының бірі. Ол плюралистік басқару қағидасын қолдаған. Дж. Мэдисон үшін республика-өкілдері арқылы өз билігін жүзеге асыратын халық билігі. Оның пікірі бойынша Президент институты- республикалық басқару формасындағы ең тиімді және нәтижелі балама.
Дж. Мэдисон шығармашылығына тән нәрсе, ол тек бір саяси институтты бөліп алып қарастырмайды, бүкіл саяси билік жүйесін талдайды. Мемлекеттік билік тармақтары- заңшығарушы, атқарушы, сот билікгерінің саяси мәнін ашуға талпынды [4] .
1. 2 Президенттік институттың қалыптасу тарихы
Президент институты алғаш рет 1787 жылы Филадельфиядағы Конституциялық конветте пайда болды және қалыптасты. АҚШ-та президент әрі мемлекет басшысы, әрі үкімет басшысы болып табылады. Сол кезендегі баскд елдерден ерекшелігі АҚШ-та мемлекет басшысы монархиялық, мұрагерлік сипатқа ие болмай, жаппай сайлау негізінде қалыптасты.
Солтүстік және Онтүсік Американын көпттеген елдеріндегі саяси жүйенің бөлінбес элементі Әр ел президентке саяси өмірде қандай рөл мен орын адатындығын өзінше анықтайды. Қазақстанға президент институты 1990 жылы енгізілді, 1990 ж. 24 соуірде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты президент етіп сайлады. Мәселен, 1993 жылғы мәлімет бойынша БҰҰ-ға мүше 183 елдің 130-дан астамында президент институты бар. [5]
Президент ннститутының, американдық моделі. Кезкелгеи елдегі баскару үйесінің қальштасуы көптеген факторларға тәуелді. Бұл процеске елдерді тарахи даму ерекшедігі, оның саяси мәдениетінің түрі, конституциыны әзірлеу мен қабылдаудағы әр түрлі саяси күштердің қатынастарының ерекшеліктері тікелей ықпал етеді. Басқару жүйесін таңдауда алдыңғы қатарлы саяси тұлғаның ықпалы, яғни субъективті фактор да ерекше рөл атқарады. Осылар ықпалы негізінде өр елде әр түрлі басқару формалары қалыптасты. Парламенттік басқару, мемлекет басшысы конституциялық монарх, бірінде күшті президенттік институт, бірінде биліктің тармақтарының өкілеттігі теқдігі сезіледі.
Президенттіктің американдық моделі рационалдылығынен ерекшеленеді, онда көп елдерге тән, ақарушы биліктің дуализмі жоқ, яғни президент пен премьер министрдің бәсекелестігі, себебі премьер-министр қызметі жоқ. Сонымен бірге, бұл модель өзінің сабақтастығын, үздіксіздігін дәлелдей білді. АҚШ тарихында қандай саяси-экономикалық дағдарыс, соғыс жағдайы болсын президентік сайлау мерзімінен ауыстырылмаған, әр уақьпта АҚШ Конституцясы белгіленген мерзімде өткізілген.
Американдық модель саяси жүйеде қосөкімет пайда боуына жол бермейді, яғни президент өз саясатын, конгресс өз курсын жүргізуге жол берілмейді. Тіпті президент бір партия өкілі, ал коргресс оппозициялық партия көпшілігінен құрылса да, мемлекеттік саясат бірлігі қамтамасыз етіледі.
АҚШ-тың президент институтының моделі Латын Америкасы, Азия, Африканың кейбір елдерінде де қалыптасқан, бірақ олар авторитаризмімен ерекшеленеді, кейде тіпті тоталитарлы тәртіпке де өтіп кеткен кездері болды. Сонымен АҚШ классикалық президент конститутына тән ерекшеліктер мыналар[6]
Президент - мемлекеттік биліктің бүкіл атқарушы тармағының басшысы.
Конгресс - мсмлекеттік биліктін жоғаргы өкілділік және заңшығарушы ұйымдары.
АҚШ президенті міндетті қолданылатын атқарушы бұйрықтар шығаруға құқылы.
Президент биліктің стратегиялық құралы- мемлекеттік бюджетке ие.
Елдің негізгі дипломаты президент болып табылады.
Президент АҚШ қарулы күштері- әскер мен флот қолбасшысы.
Атқарушы билік басшысы ретінде президент өз әкімшілігінің кезкелген мүшесін отставкаға жібера алады. Президент штат билігі қолдауы арқылы Ұлттық гвардияны көтерлісті басу үшін қолдана алады.
Президент өкілеттігі 4 жылға шектелген. Сондай-ақ бір адам президентікке екеуден артық сайлана алмайды.
Европа елдеріндегі президент институтгары. Батыс Европа елдерінде жартылай президенттік немесе парламенттік басқару жүйесі калыпыптасқан. Бұл екі жүйеде де американдық моделге карағанда президеиттің өкілеттілігі шектеулі. Яғни президент мемлекет басшысы, бірақ үкімет басшысы емес, ол премьер-министр орнын иелене алмайды.
Жартылай президенттік республикада президент қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады. Сонымен бірге оған сыртқы саясатты жүргізу мен анықтауда шешуші рөл беріледі. Сонымен бірге, елде төтенше жағдайды енгізуге, өз белсенділігі бойынша жалпыхалыктық референдумды өткізу құқына ие, әрі мемлекет еаясатына белгілі бір ықпалдар етуге қабілетті. Жартылай президенттк басқаруда американдық моделдегідей атқарушы билікті толық иелене алмайды. Бұл моделде президент үкімет басшысы бола алмайды, әрі үкімет парламенттегі партиялық фракциялар қатынасына сай құрылады.
Президент билігіне қойылған негізгі шектеудің бірі - жартылай президенттік басқарудағы үкімет президент алдында емес, парламент алдында жауапты. [5]
Үкімет жартылай президеттік басқару жүйесінде президентке тәуелсіз, ол парламенттік көпшілікке арқа сүйейді. Нәтижесінде премьер президентке оппозицялық партия өкілі ретінде президент жоне мемлекет басшысына бағынбайды, сөйтіп мемлекет басшсы «Әскерсіз генерал» рөлінде қалады. Сонымен бірге президент үкімет әрекеті үшін жауап бермесе де, оның саясатына ықпал ете алады. Президенттік және парламенттік басқаруды біріктіре отырып жартылай президенттік республика Францияның Бесінші Республикасының конституциялық құрылысың калыптастырған. Бесінші . Республика қабылдаған Конституция генерал Шарль де Голль атымен тығыз байланысты. 1958 жылы 1 шілде өткен парламентге Шарлъ де Голль елдің конституциялық құрылысының негізгі кағидаларын таныстырды:
♦ билік көзі жаппай сайлау құқығы болып табылады;
♦ осы кұқық негізінде заңшығарушы және атқарушы биліктер сәйкес келетін мемлекеттік ұйымдарға тапсырылады;
♦ атқарушы және заңшығарушы биліктер әр қайсысы өзінің өкілеттілігін іске асыруы үшін нақты бөлінуі керек;
♦ Үкімет парламент алдында жауапты болуы тиіс;
♦ конституцияда жазылған кұқық пен бостандықтарды сақтауы үшін сот билігі тәуелсіз болуы тиіс;
♦ Конституция Республика мен оған қосылатын халықтардың қарым-қатынасын қалыптастыруы тиіс.
Атап айтатын нәрсе, президент Ш. Голль плебисцит дәстүрін қалыптастырды.
Парламенттік жүйеде президент мемлекеттің конституциялық басшысы. Бұл үкімет және оның қызметі президент бақылауьшан тыс өрбиді деген сөз. Премьер және оның үкіметі жоғарғы заңшығарушы ұйымға есепті, парламент үкіметке сенімсіздік білдірсе тарап кетеді. Президент парламентік басқаруда үкімет әрекетіне жауап бермейді. Президент тәртіп кепілі, қайшылықты саяси дағдарыстар кезеңіңде немесе әртүрлі коғамдағы саяси-қоғамдық күштер арасыңда айтып тартыс болған жағдайда мемлекет басшысы арбитр қызметін атқарады, билік сабақтастығын, қоғамда тыныштық орнауын, барлық азаматтардың заңды сақталуына себепкер болады.
Жалпы парламенттік басқару формасының негізгі белгілері мыналар:
♦Үкімет парламенттік сайлау қорытындысы бойынша калыптасады, мұнда атқаруын билік басшысына жалпы халықтық сайлау өткізілмейді;
♦Үкімет мүшесіне беделді парламент мүшелері сайланады.
♦Үкіметті парламент тарата алады;
♦ парламенттік басқару формасында мемлекет басшысы конституцялық монарх немесе Президент болады [6] .
2 ПРЕЗИДЕНТТІК БИЛІКТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
2. 1 Президент институтының конституциялық заңы мен модельдері
Нарықтық экономикалық қатынастардың қалыптасуы, бірпартиялылықты жою, билікті бөлу қағидатын дәйекті енгізу Қазақстанда президенттік институтты орнықтыруды және нығайтуды талап етті. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР Президентінің постын тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заңмен саяси және экономикалық түбегейлі өзгерістер, конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және қауіпсіздігін нығайту, мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының өзара әрекетін жақсарту мақсатында ҚазКСР Президентінің постын тағайындады [7] .
Президент мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау, республиканың қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту жөніндегі қажетті шараларды қабылдау құқығына және міндетіне ие болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық орны ҚР Конституциясының III бөлімінде белгіленген. Осы бөлімнен бастап мемлекеттік органдар туралы мәселені регламенттеу басталады, бұл ҚР Конституциясымен Президентке биліктің жоғары органдары жүйесінде қандай орын берілгендігін куәландырады. Президент - жеке-дара тұрақты іс-әрекет ететін мемлекет басшысы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz