Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі

Орындаған:
Шегенова Д.
Тексерген:
Казенова А.А.

Петропавл, 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ АҒЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .5
1.1 Ежелгі замандағы құқықтық ойлардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 5
1.2 Ежелгі елдердегі саяси және құқықтық ілімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2. ЕЖЕЛГІ РИМДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАР МЕН ОНЫҢ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Ежелгi Рим саяси-құқықтық iлiмiнiң жалпы сипаттамасы жəне оның даму кезеңдерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Ежелгі Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімдері мен ойлары ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Дүниежүзiлiк саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы - адамзаттың рухани мəдениетiнiң маңызды құрамдас бөлiмдерiнiң бiрi. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгiнгi күнге дейiнгi саяси-құқықтық iлiмi мен тəжiрибесi жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргiзу, құқық, бостандық мəселелерiнiң негiзгi қағидалары жəне iлiмдерi анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси - құқықтық тəжiрибесi, идеялары, ойлары қазiргi замандағы саяси жəне құқықтық iлiмнiң дамуы мен оның бағытына едəуiр ықпал етедi, бiздiң қазiргi iс-əрекетiмiзге бағыт бередi.
Қазiргi дүниенi неғұрлым дұрыс танып, бiлу үшiн жəне болашақ жақсы өмiрдiң дұрыс жолын таңдай бiлу үшiн адамдар əр уақытта, əр дəуiрде өзiне дейiнгi өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты жəне адамзаттың ұзақ ғасырлық тəжiрибесiн пайдалану тарихи қажеттiлiк болып табылады. Қазiргi кезде елiмiзде алуан түрлi саяси бағыт-бағдар ұсынған партиялар мен қозғалыстар дүниеге келдi. Олар дүниеге келiп ғана қойған жоқ, белгiлi-бiр мақсат ұстанған нақты күш ретiнде саяси аренаға шықты.
Олардың саяси қызметi мемлекет iсiне, құқыққа, саясатқа белгiлi бiр дəрежеде ықпал да жасауда. Қоғамдық бiрлестiктердiң пайда болуы, дамуы жəне саяси платформасы əлемдiк тарихтың жəне Қазақстанның бұған дейiнгi əр кезеңiнде болған партиялар мен қозғалыстар тарихына сипаттас, мазмұндас жəне үндес болып келедi. Сондықтан да олардың Отан тарихында алатын орны мен құқықтың көзқарастары жиынтығын қарастыру мен шешуде əлемдiк саяси-құқықтық iлiм тарихының саяси тəжiрибесi мен ғылыми тұжырымдарын ескерудiң пайдасы зор болмақ. Саясат пен құқықта ақиқатты табудың бiрден-бiр дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесiн қалыптастыру екендiгi белгiлi. Ал мұндай баламалы ойлау жүйесiнiң бұған дейiнгi тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы жəне жүзеге асу жолдары саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы ғылымында сараланады.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі римліктерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты. Осы себептерді атай отырып, аталған жұмыстың басты тақырыбы өзекті мәселелер қатарына, яғни көптеген құқықтық ойлардың ежелгі Римде пайда болғанын және оны қарастыру керек екендігін көз жеткізуге болады
Зерттеудің объектісі - ежелгі Рим еліндегі құқықтық ойлар мен құқықтық ағымдар болып табылады.
Зерттеудің пәні - саяси және құқықтық ілімдер.
Зерттеудің мақсаты - аталған курстық жұмыста ежелгі Рим еліндегі құқықтық ойларды қарастырып, Рим заңгерлерінің саяси және құқықтық толғаныстарына тоқталу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
oo ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуына тоқталу;
oo ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдердің негізгі бағыттарын қарастыра отырып, олардың ойларына сипаттама беру;
oo Римдегі саяси және құқықтық ойларына талдама жұмыстарын жасау.
Болжам. Саяси ілімдер қалай пайда болды? Оның қайнар көздері неде? Қайдан шықты?Олардың алғашқы авторлары кім? Олардың көзқарастары мен ойлары нені білдіреді? Және кімнің мүддесін қорғайды? Осы тәрізді сұрақтарға Ежелгі шығыс елдеріндегі саяси ілімдерді және онымен байланысты құқықтық ілім тарихын оқи бастағанда тап боламыз және оның адамзат дамуының тарихында қайшылықта өткенін байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегі таптық мемлекеттердің пайда болуы мен өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді. Бұл жұмыстың негізгі болжамы аталған сұрақтарды қарастырсақ, саяси ілімде жаңа негізгі ойларды қарастыруға болатындығында.
Жаңалығы. Саяси-құқықтық ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс және Батыс халықтарында, мысырлықтарда, үндістерде, вавилондықтарда, парсыларда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.
Саяси-құқықтық ойлардың ежелгі шығыс халықтарында батысқа қарағанда неғұрлым бұрынырақ пайда болуы да ертедегі шығыс мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Қазіргі заманда да бұл ерекшелік өзінің көкейкестілік бағытымен елеулі күшке ие болып отыр. Аталған жұмыстың жаңалығы ретінде буддизм және конфуцийшылдық, даосизм мен легизм секілді ағымдардағы басты саяси және құқықтық ойларына талдама жұмыстары болып табылады.

1. САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҒЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы

Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.
Саяси ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі төрт кезеңге бөлуге болады:
Ежелгі замандағы саяси ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан - б.з. V ғасырына дейін).
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдер тарихы (V-XVIIғғ).
Жаңа заман және ХХ ғасырға дейінгі саяси ілімдер тарихы.
ХХ және ХХІ ғасырлардағы саясат туралы ойлар.
Саяси ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп - білгісі келген. Ежелгі Шығыс ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құбылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездеге пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болғаны белгілі. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдыретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің бір ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, Қытайда сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдыретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептеледі. Әрине, діни көзқарастар мен парадигмалар ғылыми болып саналмайды, бірақ біз мұны жоққа да шығара алмаймыз, себебі қазіргі кезде діннің қайтадан қоғамда үлкен орын ала бастағанына қарасақ, мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы діннің орны ерекше [1].
Ежелгі шығыстың саяси ойлары (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, заңшылдар мектебі). Ежелгі Грекия мен ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Аристотель, Цицерон). Ортағасырлық Шығыстағы саяси ойлар (Әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи). Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық ортағасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский). Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден). Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо). ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В.Парето, Д.Истон, Г.Моска, М.Вебер, Т.Парсонс, М.Дюверже)
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты.
Платон - антикалықзаманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі (б.з.д. 407-399). Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.
Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания). Олардың әпқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания - мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.
Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де мәңгі өмір сүре алмайды.
Платонның шәкірті Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: Афины политиясы, Саясат, Никомах этикасы. Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде арифметикалық теңдік қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы - азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі геометриялық теңдік принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.
Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития;
Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия [2].
Ежелгі Грецияда мемлекет тәуелсіз полистер түрінде қалыптасады. Грецияның саяси ойларының қалыптасуы мен даму барысы үш кезеңнен тұрады.
Алғашқы кезең - (б.э.д. IX-VI ғ.) - Ежелгі Грецияда мемлекеттердің пайда болуына байланысты көзқарастар рационалдана бастайды. Гомер мен Гесиодтық көзқарастардан тыс, әйгілі Жеті ғұлама шығармаларында мифтен философияға өте бастау байқалады.
Екінші кезең - (б.э.д. V-IV ғ.) - Грециядағы саяси-философиялық ойлардың өркендеуінің шарықтау шегі ( Софистердің, Платон мен Аристотельдің қағидаларының пайда болуы).
Үшінші кезең - (б.э.д. IV - II ғ.) - эллинизм дәуірі, грек мемлекетінің құлдырай бастаған шағы, полистердің Македония, Римдердің қысымының нәтижесінде құлай бастауы. Осы кезеңнің дүниетанымдық көзқарастары Эпикурдың ,стоиктертердің, Полибийдің шығармаларында көрініс табады.
Грециядағы жеті ғұламаларға Фалес, Питтак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон жатады. Бұл ғұламалар полис өмірінде әділетті заңдар болуын уағыздайды. Біразы заң шығарушы билеуші болғандықтан, сол заңдарды жүзеге асыруға да тырысады.
Солон (638-559) Афинаның әйгілі реформаторы, мемлекеттік қайраткер, заң шығарушы.
Афинадағы саяси күрес барысында халықтың да үстем тап өкілдерінің де сенім арқан тұлғасы болып саналатын. Ол полистік тәртіпті қалпына келтіріп, афина полисінің саяси-әлеуметтік құрылысын реформа арқылы қайта құруға тырысады.
Мемлекеттік істерді өз қолына ала отырып, ол жаңа заңдар шығарады. Солон жеке және мемлекеттік қарыздарды жойды. Оның бірқалыпты ценздік демократиясы, Афинадағы топтарды жіктеу сияқты әдістері байлар мен кедейлер арасында компромисс болып табылады.
Пифагор (б.э.д. 580-500) - және пифагорлықтар (Архит, Лизис, Филолай т.б.). Демократияны сынай отырып олар аристократиялық - идеалды билікті жақтайды.
Пифагор Самос аралында туған, бірақ онда билеуші тиран Поликрат келісімен Пифагор Оңтүстік Италияға, кейін Грецияға қашады. Онда пифагор өзінің гетерияларын құрады. Гетерия - аристократиялық рухтағы саяси-философиялық құпия ұйымдар. Кейін ол ұйымдар демокриттықтардың қудалауымен жойылғанымен, кейбір пифагорлықтар Грецияның басқа полистерінде өз жұмыстарын жалғастырады.
Пифагорлықтардың дүниетанымы мистикалық сипатта болып, өмірдің мазмұн маңызының бәрі де математикалық сандармен көрсетіледі дейді. Олар барлық саяси - рухани құбылыстарға математикалық мінездеме береді. Саяси әділеттілік мәселелер бойынша теңдік теориясын ұсынады. Әділеттілік 4 санында көрсетіледі, себебі 2*2 = 4 квадрат, мінсіз теңдік, ол әлеуметтік теңдіктің жобасы, ол тәртіп және симметрия.
Пифагор олигархияны, биліксіздікті сынап, оны асимметрияға теңейді. Пифагор аристократиялық билікті жақтайды [3].
Граклит (б.э.д. 530-470) - әйгілі антикалық философ-диалектик. Ол полис пен оның заңдары мәселесіне көп көңіл бөледі. "Табиғат туралы" деген жұмысында ол әлем, полис, құдай туралы түсініктерге көңіл бөледі. Әлемде бәрі мәңгі қозғалыс пен өзгеріс жағдайында болады. Гераклиттің табиғат пен қоғамға деген диалектикалық көзқарастары көптеген ғұламалардың көңілін аударғаны сөзсіз. Гераклит демократияны - ақылсыздардың билеуі дейді. Ол демократияны терістей отырып, жақсылардың билігі "аристократияны" жақтайды. Гераклиттің ойлары бүгінгі күндегі элитарлық тұжырыммен сәйкес.
Демокрит (б.ғ.д 470 - 366) - антикалық полистердің өркендеген, гүлдеген шағында өмір сүреді. Ол Вавилон, Персия, Египет, Эфиопия сияқты полистерді көп аралады. Ол көптеген туындылардың авторы, ол философия, этика саясат, жаратылыстану ғылымын зерттеп, оған ауқымды үлес қосқан философ. Демокрит ежелгі философияның материалистік бағытын салушы философ.
Полис табиғи құбылыс емес, ол адамдардың даму барысында ұйымдастырылған жасанды жүйесі. Мемлекеттің жасандылығы адамдардың табиғаттан алшақтауының белгісі емес, қайта, олардың өзіндік ерекшеліктері. Заңдар даналардың бостандығын шектейді, заң жасанды құбылыс, шынайылық тек қана атомдар мен кеңістіктен қалыптасады. Адамдардың қажеттілігі мен іс- әрекетінде заңдарсыз- ақ әрқашанда бір өлшем болуы керек. Бірақ әр адам жеке бақытымен полистің бақытын қамтамасыз етуге тырысады. Демокрит бойынша адамдар табиғатынан бірдей тең болып тумайды.
"Мемлекет билеу өнері" еңбегінде билеу өнері тек ерекшелердің жұмысы дейді. Оның "табиғи", "жасанды", "шынайылық" пен "қоғамдық ой пікір" деген түсініктері әлеуметтік жаратылыстанулық мәселерді зерттеуде ауқымды үлес қосты.
Сократ (б.ғ.д 469 - 399) - адамзат тарихының рухани мұраларының негізін салушы, моральдық философияның пайда болуына әсер еткен көрнекті ғұламалардың бірі.
Сократ өзініің филососфиялық идеяларын жазба түрде емес ауызша сұхбат ретінде жүргізеді. Бұл сұхбаттарды біз Платон мен Ксенофонттың шығармаларынан білеміз. Сократтың диалогтары оның өмірінің саяси этикалық, филососфиялық көзқарастарынан толық мағлұмат береді.
Сократтың сұхбаты сұрақ қою арқылы әр мәселенің негізгі себебін тауып, ойлы сұрақ қою арқылы әрі дамытып, бағыттау арқылы шындыққа жету болып табылады.
Сократ белсенді түрде саясатқа араласпаса да оның жеке адаммен әңгімелері мемлекет өмірін, саясат мәселелерін, әділетттілік, азаматттық парыз сұрақтарын толық қамтиды. Сократ өмір бойы моральдық саясат, табиғи адамгершілік, қайырымдылық, әділеттіліктің эталонын іздеп өткен ғұлама. Сократтың айтуы бойынша жамандық пен жақсылықтың негізі - білімде, не білімнің болмауында дейді. Ол заңды орындайтын адамдардың басқаруын -аристократия деп атайды. Байлардың басқаруын - плутократия, барлық адамдардың бірдей басқаруын - демократия деп атайды [4].
Сократ білімді адамдардың басқаруын жақтайды. Тиранияны сынай оттырып, ол демократияны да қолдамайды, кездейсоқ келген білімсіз адамдардың, халықтың саяси жиналысының білім деңгейінің жеткіліксіздігі -мемлекет билігін керекті деңгейде жүргізуге кедергі жасайды деп біледі.
Сократ афиналық полистің шынайы азаматы болып, келесі ұрпаққа өнеге, өсиет боларлықтай із қалдырса да, ол сол заманның билеушілерімен үнемі қақтығыстарда болады. Сократтың мемлекеттегі ықпалынан сақтанған билік иелері 70 жастағы Сократты өлім жазасына бұйырады. Платонның "Сократтың оппологгиясы" шығармасында Сократтың сот процесіндегі сөздерін береді. Сократ сотта өз атынан емес шындық атынан сөйлейді. Ол өзін өлтірмеуді емес, өзі уағыздаған шындықты өлтірмеуді сұрайды. Ол судьялар жайлы: "Мен олардың айып тағуымен өлімге кетіп барамын, ал олар болса шындыққа айып таға отырып, жамандық пен жалған дүниеге кетіп барады". Сократ өлер алдында тек қана даналық пен әділеттікті, қайырымдылықты жақтауды жастар мен шәкірттеріне өсиет ретінде айтады. Сократ ойлары, өмірі мен өлімі кейінгі ұрпаққа үлкен әсер етеді.Сократты адамзаттың рухани мәдениетіне өшпес із қалдырған Исаға дейінгі пайғамбар деп атаса да болады.

Платон (б.ғ.д 427 - 347) "Заңдар", "Мемлекет", "Саясат және критерий"деген еңбектердің авторы, философиялық ойлар тарихындағы ұлы ғұламалардың бірі. Платон афинаның бай семьясынан шыққан. Сократтың өлімінен кейін ол басқа шәкірттерімен қоса афинадан кетіп, көптеген елдерді (Египет, Оңтүстік Италия, Сицилия) аралайды. 387ж Афинаға қайта оралып әйгілі мың жыл бойы өмір сүрген саяси академиясын ашады. Платонның философиялық ойларының қалыптасуына Сократ, Пифагор, Гераклит, софистердің көзқарастары ықпал етеді.
Платонның ойларының мәні - идея. Шынайы болмыс - идеядан тұрады, ол адамның дүниесі. Заттар мен құбылыстар шынайы болмыс емес, уақытпен қалыптасқан құбылыстар. Шынайы білім философтарға тән. Платонның "Мемлекет" деген еңбегіне келейік. Бұл еңбекті "Әділеттілік туралы" деп те атайды. Онда даналықты сүйетін бірнеше адам бір егде де сыйлы адамның үйіне жиналып, әділеттілік деген не деген сұраққа жауап іздейді, туған пікір таласты айқындау үшін Платон мынандай тәсілді ұсынады. Көзі жаман көретін адамға бір нәрсені оқыту үшін оған алдымен ірі әріптермен жазылған мәтінді оқытқан жөн дейді, яғни, әділ адамды танып білу үшін алдымен әділ мемлекетті талдап алған дұрыс дейді. Бұл маңызды аналогия. Сөйтіп әділ мемлекет жайлы сұхбат жалғаса береді.
Адам жанындағы үш бастама мемлекеттегі үш бастамамен сәйкес келеді дейді.
Міне мемлекеттегі рухани, әлеуметтік, саяси элементтер осындай сәйкестікпен бір қалыпты жүйеде болғаны дұрыс. Яғни әділ мемлекетте барлығы бір тәртіпке бағынады. Әркім өз жұмысын біліп, басқаның жұмысына кедергі жасамайды. Мемлекетте үлкен күнә бір бірінің ісіне кірісу немесе бір таптан (сословиеден) екіншіге өту. Платонның идеясы - адам жанының гармониясы. Әділ мемлекетте де дәл осындай, белгілі бір иерархиялық саты болу тиіс, философтар немесе ақылды адамдар ел билейді, оған қарулы әскер бағынады. Алғашқы екеуіне де үшінші сатыдағы қолөнершілер мен өндіріс, шаруашылық иелері бағынады. Платон шексіз байлыққа немесе тым кедейлікке қарсы. Платон билік түрлерінің даму барысында бірін бірі алмастыру прорцесін жасайды.

Рухани белгі
Қоғамда
Мемлекетте
Ақыл немесе ойлау Қабілеті
Билеушілер
Кеңсе заң шығару орын
Ашу немесе ыза рухы
Қорғаныс
Әскер
Тән қажеттілігі
Іскерлер
Өнеркәсіп және өндіріс орындары

Платонның ойынша биліктің ең тиімді түрі - аристократия - ізгі, ақылды адамдардың билігі. Бұл мінсіз билік түрі біртіндеп жеке меншіктің пайда болуына, теңсіздіктің пайда болуына әкелуі мүмкін, сөйтіп ақылдың орнына ашу бастамасы орнап, тимократиялық билік түрі келеді. Тимократия - бұл спартандық билік түрі, әскери адамдардың билеуі. Тимократиядағы үздіксіз соғыстардың нәтижесәнде аса көп байлыққа ие болған адамдар билік басына келіп, сонымен олигархия орнайды. Олигархияда - бай адамдар билейді, кедейлер саясат ісіне араласпайды. Бірақ кедейлердің үстем тап өкілдеріне деген наразылығы ұлғайып, ол мемлекеттік төңкеріске әкеледі. Сөйтіп демократиялық билік түрі орнайды. Демократияда - кедейлер жеңіске жетіп, өз қарсыластарын жояды, немесе қуып жібереді, билік басына кездейсоқ адамдар келеді. Демократия адамдарды бостандықпен мастандырады, тобыр билеушісі болады, сөйтіп әрбір демократия - тиранияны тудырады. Тиран "халық өкілі" ретінде билік басына келеді. Тирания - мемлекеттік билік құрылсының ең қауіпті де жағымсыз түрі. Онда заңсыздық, қабілетті, ақылды адамдарды жою, күдік пен жаза әдістерін қолдану орнайды [5].
Аристотель (б.ғ.д. 384-322 жж.) - ұлы ғұлама, саяси ғылымдардың методологиялық негізін салушы, Платонның шәкірті. Оның саяси көзқарастары "Саясат", "Афина политиясы", "Этика және риторика" деген еңбектерінде көрсетілген. Аристотель "Саясат" еңбегінде бірнеше мемлекеттің құрылымын зерттей отырып, оларға талдау жасайды. Осы талдаулар нәтижесінде жасалған қорытындылары Платонның көптеген ойларына қарама- қайшы келеді. Платон мен Аристотельдің саяси философияларының айырмашылығы осы мемлекет мәселелерінде көп байқалады.
Аристотель де Платон сияқты "мемлекетті" "қоғам " ұғымынан бөлмей қарастырады - мемлекет бірнеше жанұядан құралады, осыдан мемлекеттегі адамдар саяси (политиялық жануар" деген оның әйгілі анықтамасы туады. Аристотель мемлекетте жеке меншіктің болуын жақтайды. " ортақ муүліктен гөгі адамдар жеке меншік мүлікті жақсы қорғайды".
Аристотель мемлекеттік биліктің түрлерін жіктейді.Теоретикалық тұжырым бойынша оның үш түрі бар:
Бір ғана адамның билеуі - монархия.
Бірнеше адамның билеуі - аристократия.
Көпшіліктің билігі - полития.
Осы билік түрлерінің біреуі дұрыс немесе бұрыс деп айтылмайды, егерде билік жалпы халық игілігін көздеген жағдайда осы билік түрлерінің әрқайсысы да дұрыс бола алады. Ал егер мемлекеттік биліктің мақсаты билік құру үшін ғана болса, онда осы билік түрлерінің әрқайсысы да бұрыс сипат ала алады. Яғни, монархия - тиранияға, аристократия - олигархияға, полития - демократияға (охлократияға) айналуы мүмкін.
Платонның "қоғамдық меншік теориясын" жоққа шығара отырып, ол жеке меншікті жақтайды:
1. Қоғамда әркімнің жеке істері болса, сол өз ісімен айналысады да басқаларға көңіл бөлмейді, ал коммунистік жүйеде кім көп жұмыс істесе, сол жалқауларға наразы болады, сөйтіп қоғамда келіспеушіліктер туады.
2. Адамға жеке меншік керек, себебі әр адамға ақша мен байлық ұнайды, адам еңбегі үшін осыларға ие болғысы келеді.
3. "Қоғамдық меншік" жағдайында ешкім де жомарттық пен қайырымдылық көсете алмайды, себебі "ешкімде ештеңе жоқ".
4. " Коммунизм идеясы соншалықты жақсы болса ол жайлы ендігі бізге де белгілі болушы еді".
Аристотель қоғамда шектен тыс байлар мен шектен тыс кедейлердің болмауын, сондықтан ортаңғы таптың басқа таптардан гөрі мықты болуын қалайды. Платон мінсіз заңдар іздесе, Аристотель мінсіз заңдардың болмайтынын ("Заңдар мінсіз бола алмайды емес, өмірдегі кейбір жағдайлар, қарым-қатынастар мінсіз бола алмайды"), сондықтан кейбір кездерде, ізгілік пен адамгершілік принциптеріне заңдардың қарама-қарсы келуі мүмкін дейді.
Рим өркениеті Батыс Европа елдерінің ғана емес, барлық адамзат даму тарихының ғылыми ілімдері мен тәжірибесінің қалыптасуына зор ықпалын тигізді.
Ежелгі Үндістандағы саяси ілім үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді.
Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.з.д. екі мыңыншы жылдықтағы Веда ескерткіштерінде кездеседі. Веда - білім, кіріспе (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелері құдай көрсетіп берген дхармаға - заңдарға, міндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиіс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдік жағдайда көрсетіледі. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және өзгеге арнап садақа үлестіру, садақа алу ісін құдай брахманға міндеттеген.
Ману заңдарында адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады. Тіпті патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестері мен талаптарын орындауға, олардан Веда ілімін оқып үйренуге тиісті. Бұл заң бойынша патшаның басты міндеті варна жүйесін қорғау және оған қарсы келгендерді жазалау болып табылады.
Ману заңдары бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек. Ману заңдарының 3-бабында ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша уақыт күттірместен өзінің ағайын-туыстарымен бірге елден кетуі тиіс және ол өмірден айырылады деп айтылады. Ману заңдарында жазаға көп көңіл бөлінген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелігінің ұлы ретінде жаза (данда) оның жердегі бейнесі таяқ деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаза өзінің бұл ұғымында басқару өнері (данданиттер) деген мағына береді.
Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді. Легистер ілімін Шан Яннан басқа да Цзын Чань, Шэн Бу-хай, Ханфэй және т.б. одан әрі дамытты.
Көне түріктердің де қазіргі кейбір шығыс мемлекеттерінің қалыптасуы мен мемлекеттік идеологиясына әсерін тигізді. Бұған шолу жасасақ.
Ерте түрік мемлекеттерінде VI-VIII ғасырларда тасқа қашалып жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орны ерекше. Бұл ескерткіштер жазба мәдениетінің ғана емес, сол кездегі саяси ойдың да асыл мұрасы болып табылады. Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк шығармаларында сол бір тарихи кезеңнің саяси тынысы, түркі халықтары өміріндегі аласапыран оқиғалар, ел билеушілерінің отаншылдық, бірлік, намыс туралы түсініктері, наным-сенімі, ұлыс аралық қарым-қатынастар, жеңістері мен қателіктері баяндалады.
Күлтегін ескерткіш жырының авторы Иоллық тегін өз дәуірінің саяси қайраткері, қағанның кеңесшісі, тарихшысы болған. Ол бұл еңбегінде Түркі қағанатының қашан және қалай құрылғанын, қағанатты құрған және нығайтқан ұлы қағандар мен олардың қолбасшыларының өмірбаянын, қағандықты ұстап тұру үшін жүргізген ерлік күрестерін баяндайды. Қағандық билікті қолдаған Иоллық тегін түркі елінің бүтіндігі мен тәуелсіздігі үшін әкімдер мен бектерді өз уысында ұстап отыруды, олардың қарсылығын күшпен басуды дұрыс деп есептейді.
Жоғарыда Көк тәңірі төменде Қара Жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласына менің ата-бабаларым Бумын қаған, Істемін қаған үстемдік қылған. Таққа отырып түркі халқының мемлекетін басқарған, үкім-билігін жүргізген. Дүниенің төрт бұрышы түгел оларға дұшпан болған. Әскер құрып, жорыққа аттанып, олар дүниенің төрт бұрышының халқын түгел бағындырған деп басталатын Күлтегін жазуының кіріспесінде түркі мемлекетінің қалай құрылғаны туралы мифтік көзқарастармен бірге, мемлекеттегі басқарудағы қаған билігі мен ол құрған тәртіптер жайы да айтылады.
Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі қайырымды қала деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді [6].
Әл-Фараби Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан. Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды,
маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге - діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге - есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.
Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады.
VIII-XI ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің таралуына байланысты араб тілі мен жазуы кеңінен қолданыла бастады. Ірі қалаларда білім беру ісі мен ғылым дамыды. Араб Шығысы мен Үнді-Иран және Орта Азия әлемінде аталған кезеңде әдебиет пен ғылымның, саяси ой пікірдің дамуына тікелей әсер еткен ақыл-ой төңкерісі болды. Мұсылмандық Ренессанс деп аталған осы дәуірде өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки және тағы басқа ғұламалардың шығармалары мен еңбектері кеңінен мәлім болды.
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік еңбегінде қалай бақытқа жетуге болады деген сұраққа қалай жауап бергенін көре аламыз. Шығарманың негізінде әртүрлі қасиетке ие төрт мемлекеттік қызметкердің өзара әңгімесі алынған. Ол әділдікке Күнтолды (Ел басшы), Бақытқа Айтолды (уәзір), Ақылға Өдүлміш (уәзірдің баласы), Игілікке Оғдұрмыш (уәзірдің інісі) есімдерін береді. Бұл қасиеттерді жеке-жеке сипаттаған автор олар бір-бірінен тәуесіз өмір сүре алмайды деп қорытынды жасайды.
Билеушілер мен әкімдер халық мүддесімен санасып билік етсе елге ұнамды болады. Патша жоғарылаған сайын жүгі ауырлайды, Жақсы тәртіп орнат - сонда сыйлайды, опасыз халық бір уысқа сыймайды. Билік - мансап үшін берілген сыбаға емес. Билеушінің сыйлы болуы оның орнатқан тәртібіне байланысты болмақ. Ел билеу тек жақсы заңдар мен ережелерден тұрмайды. Саясат Баласағұнның ойынша, мемлекетті басқарудың сан қилы әдістерін игеру, алуан мінезді қоғамды уыстан шығармау, тентекті тыйып, әлсізді қорғау, қажетті жағдайда күш те қолдана білу.
Махмұт Қашқари (Диуани лұғат-ат-түрік) әкімдердің ел билеуде ақыл-парасат пен әдептілікке және кішіпейілділік үйір болуын талап етті. Ұлық болсаң - ізгілік ет, сонда ғана сенің қарамағыңдағы халық соңыңнан ереді, сенім білдіреді. Жағымсыз әдеттер әкімдер үшін олардың қызмет бабына сиыспайды. Ел билеуде күшке сенгеннен ақылға жүгіну әлдеқайда тиімді нәтиже береді. Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың.
Өзінің жеке басының пайдасын күйттеген әкімдер елге опа әпермейді. Әкімнің барлық іс-әрекеті халықтың көз алдында, халықтан ешнәрсені де жасыра алмайсың, қандай ауыр кезең болса да халқыңмен бірге болуды үгіттеген.
Мемлекеттің қазынасы халықтың табан ақысы, маңдай тері. Әмірші қазына кілтін ұстаған адамға аса сақтықпен қарағаны абзал. Алтын мен күміс бар жерде ұрлық жүрмей қоймайды. Ұрыны ұстасаң, дереу әшкере ет. Бүгін қалсаң, өзің де ұрысың.
Үлкен кісі шақырса, ізетпен бар - сонда бол, қуаңшылық жылында, халық қайда - сонда бол. Халық болмаса, сенің билігің кімге керек, билік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынасты тәртіптілік пен заңдылықты сақтаумен бірге, шаруашылық істермен реттеуге, әділдікті қалпына келтіруге, зорлық-зомбылықты болдырмауға да арналған.
Ерте түрік дәуіріндегі ірі ойшылдардың бірі, бүкіл түркі елін бірлікке шақырған Қожа Ахмет Яссауи еді. Яссауидің басты еңбегі Диуани хикмент (Даналық кітабы). Ол адам мен қоғам мәселелеріне де айрықша назар аударған. Ислам дінінің өнегелікке, таным-болмысқа қатысты ақыл-ой, парасат туралы құндылықтарын кең насихаттаған ол бұқара халыққа үстемдік құрған әмірлердің, бектердің, қазылардың әділетсіз істерін сынайды, бұл дүниенің жалғандығын сынайды. Оның сопылық ілімінің басты мақсаты адамды жетілдіру, адам бітіміне тән кейбір жағымсыз әдеттерді сынау. Сондықтан да Яссауи құдай атынан парасаттылыққа, әділдікке, тазалыққа үндейді. Оның ілімінде адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде-кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады. Жамандықты жасаушы адамдар, оны алла да жақтырмайды.
Адамдардың барлығы құдай алдында тең. Олардың теңсіздігі адамдардың жағымсыз іс-әркеттерінен туындаған. Ахмет Яссауи адам бойында кездесетін тойымсыздық, ашкөздік, екіжүзділік, даңққұмарлық, надандық сияқты жаман қасиеттердің болатынына өкініш білдіреді, мұндай жағымсыз әдеттерден арылуға шақырады, адамдарды бір-бірін құрметтеуге, көмектесуге, жақсылық жасауға үндейді [7].

1.2 Ежелгі елдердегі саяси және құқықтық ілімдер

Ежелгішығыстық саяси-құқықтық ойлардағы саясат, құқық, мемлекет және заңнама туралы кuзқарастардың жалпы сипаттамасы. Саяси-құқықтық идеялардың пайда болуы. Ежелгі Египет, Шумер, Хетт патшалығы, Вавилон, Ежелгі Израиль, Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар. Хаммурапи заңдары, Кuне өсиет, Авеста. Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ойлар. Ведалар. Ригведа. Брахмандардың саяси-құқықтық идеялары. Ману заңдары. Джайнизм және буддизм. Артхашастра трактатындағы саяси және құқықтық теориялар. Ежелгі Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар. Лао-цзы және даосизм ілімі. Конфуцийдің саяси және құқықтық ілімдері. Моцзыдың әлеуметтік-саяси және құқықтық идеялары. Фацзя (легистер) мектебінің мемлекет және заң ілімі. Шан Ян.
Саяси-құкықтық ілімдер алғашқы кезде адамдардың мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.
Мифология -- ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Мифтік көзқарастарда болашақ ілімдердіңэлементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздардаадамдарды алғашқыда құдайлардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгi Римнің саяси ой-санасы
Рим мемлекетінің құрылуы жайлы
Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы
Ежелгi Римдегi саяси жəне құқықтық ойлардың тарихы
Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар
Рим құқығының қайнар көздері
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Христиандық сана — ортағасырлық діндер (менталитеттің) негізі
Греция ғалымдары Платон мен Аристотель
Рим мемлекетінің пайда болуы
Пәндер