ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2 ҚР ҚК 214-БАБЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызметтің объектісі мен объективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызметтің субъектісі мен субъективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..29
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын , сауда ережесін бұзу , сапасыз өнімдерді і сату, жалған кәсіпкерлік , монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика жағдайларында , Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана , заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .
Экономика аясында қылмыстардың субьектісі мемлекеттік кәсіп орындарда , мекемелерде және ұйымдарда экономикалық , шаруашылық міндеттерді атқаратын , сондай- жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып табылады.Экономикалық қылмыстардың субьективтік жағы қасақана сипатта жасалады.Олардың қылмыстарының себебі- материялдық мүделілік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зия келтіру есебінене пайда тауып , жасайды.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар дың қазіргі кезеңде көп орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды десек қателеспеймі себеббі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейі келтірер зардабы жоғары және түрлері де көп бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадақ, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз - 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның жемісі,- деді.
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.
Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жж. Арналған түбегейлі бағдарламасында әлеуметтік - экономикалық реформаларды және қоғамдық демократияландыруды одан әрі тереңдете түсу, құқықтық салалы реформаларды , қалыптасқан құқықты қолдану іс-тәжірибесінің өзгеруіне, жаңа құқықтық институттардың құрылуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың заңнамалық реттелуін қалайды.
Міндеттері. Берілген зерттеу жұсысының алға қойған міндеттері - елімізде жиі кездесіп отыратын экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың заңсыз кәсіпкерліктері үшін тартылатын жауапкершіліктеріне баға беріп, оладры сипаттау болып табылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және оның түрлері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға ба йланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.
Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.
Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚҚ-тің 199-бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202,205-баптар), жалған ақша (206-бап), төлем карточкаларымен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).
Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің объективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚҚ-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).
Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол - заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда материалдық құрам болады. Мысалы, ҚҚ-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222 -баптарында көзделген қылмыстар.
ҚҚ-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚҚ-тің 197, 205, 218-баптары.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субъективтік жағынан, өздерінің әдейі қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субъективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚҚ-тің 192, 193, 198, 204-баптары).
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субъектісі тек лауазымды адамдар (ҚҚ-тің 189, 225-баптары), банк қызметкерлері ғана (189, 225-баптар) болады.
Тікелей субъектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:
1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚҚ-тің 189 бабы), заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық
белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып лау (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК-тің 226 бабы);
2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194 бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207 бабы);
3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алғы маркаларын қолдан жасау және пайдалану (ҚК-тің 208 бабы), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222 бабы);
4) сауда және халыққа кызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды еткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (ҚК-тін 197 бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК-тін 224 бабы);
5) экономикалық қызмет саласындағы баска да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру. ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227 бабы).
Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Ақша - несие саласындағы қылмыстар
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі - банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі - несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыстың заты - несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары.
Несие дегеніміз - ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз, оны қарыз алушы несие берушіге қайтаруға тиіс.
Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы кепе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі -- несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәлімет беру.
Қылмыстың құрамы -- материалдық. Несиені заңсыз алу бұл іс-әрекет ірі зиян келтірген кезде аяқталады, зиянның мөлшері ҚК-тің 189 бабына берілген ескертуде белгіленген.
Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі, бұл жағдайда айыпкер несие берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды, келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.
Қылмыстың субъективтік жағы -- тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның бастығы несие, демеу-қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу жалған беріп, не несиелерді, демеуқаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға, не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе басқа несие берушіге хабарламай несие, демеуқаржы нежеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі және соны қалайды.
Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі -- банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі -- несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыс заты -- несиелік берешек.
Несиелік берешек дегеніміз -- несие берушіге белгілі бір мерзімде қайтарылуға тиісті, қарызға алынған ақша қаражаты.
Қылмыстық, объективтік жағы ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару болып табылады.
Несиелік берешекті өтеуден жалтару дегеніміз несиені шартта көрсетілген мерзімде қайтармау. Егер, соттың тиісті шешімі күшіне кіргеннен кейін несие қайтарылмаса, ал несие алушының оны қайтаруға мүмкіндігі болса, онда бұл несиелік берешекті етеуден әдейі жалтару деп танылады.
Айыпкердің іс-әрекетін осы бап бойынша саралау үшін несиелік берешек, осы бапқа берілген ескертуге сай, азамат-қарызгер үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома немесе ұйым-қарызгер үшін екі мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома болуға тиіс.
Қылмыс құрамы -- формальды. Бұл қылмысты аяқталды деп санау үшін тиісті сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, өтеуге мүмкіндік бола тұрып
ірі мөлшердегі несиені қайтармау фактісі анықталса жеткілікті.Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы -- тікелей ниет түріндегі кінә. Кінәлі адам ірі мөлшерден несиелік берешекті өтеу жөніндегі заңды күшіне енген сот шешімін орындамай отырғанын біледі және өзінің несиелік міндеттемелерін орындаудан жалтаруды қалайды.
Қылмыс субъектісі -- 16-ға толған азамат немесе ұйым басшысы.
Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу
Мемлекет экономикасының маңызды салаларының бірі -- бағалы қағаздар рыногы, ол Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы Заңымен реттеледі. Бұл нормативтік актілер бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберу, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді, бағалы қағаздар рыногының кәсіпкер қатысушыларының қызметін реттейді.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі -- бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңға сәйкес эмиссия дегеніміз -- бағалы қағаздарды шығару және орналастыру (2-бап). Эмиссия жарияланған жарғылық капиталды құрастыру және өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент аркылы іске асырылады (өндіріледі), (13-бап). Эмиссияның нәтижесінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылады және орналастырылады (14 және 15-баптар). Эмиссия әртүрлі әрекеттерді қамтиды, оның ішінде эмиссия проспектісінде инвесторлар үшін берілген ақпараттарды ашу және бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың корытындысы бойынша есеп ұсыну (15-б).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бағалы қағазды белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат деп анықтайды (129-баптың 1 бөлігі).
Қылмыс заты -- эмиссия проспекті немесе бағалы қағаздар шығару жөніндегі есеп.
Эмиссия проспектісі дегеніміз -- эмитент, оның қаржылық жай-күйі және шығарылатын бағалы қағаздар жайындағы ақпараты бар құжаттар пакеті (заңның 2 бабы).
Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі есеп дегеніміз -- эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы құжаттар пакеті, оны эмитент қағаздарды орналастыру кезінде әрбір алты айдың қорытындысы бойынша (әр алты ай біткен соң бір ай ішінде), сондай-ақ орналастыру біткен соң бір ай ішінде уәкілетті органға ұсынады (заңның 24- бабы).
Бұл қылмыстың объективтік жағы -- көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту түріндегі, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекет.
Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның 22 бабына сәйкес эмитет, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырушы кәсіпкер қатысушылары потенциалды инвесторларға, олар бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін, бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісімен (шығару шартымен), сондай-ақ эмитент қызметі туралы және ол эмитерлеген құнды қағаздар, мерзімі алты айдан аспаған ақпаратпен танысуға мүмкіндік жасайды.
Бұл қылмысты жасағанда айыпкер осы қылмыстың жалған. Бұл қылмыстың құрамы -- формальды, яғни бағалы қағаз шығару жөніндегі көрінеу жалған есеп, не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісі бекітілген кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен сипатталады. Айыпты өзінің не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткенін біледі, соны қалайды. Қылмыс субъектісі -- арнаулы -- көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіткен ұйым -- эмитент басшысы, немесе уәкілетті органның бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткен лауазымды адамы.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың қоғамдық қауіптілігі мемлекет белгілеген ережелерді әдейі айналып өтуде жатыр, нәтижесінде мемлекеттік бюджет бұл операциялардан түсуге тиісті табысты алмайды, бағалы қағаздардың айналымын бақылау тәртібі және оларды тіркеу тәртібі бұзылады.
Бұл қылмыстың объектісі мемлекеттің экономикалық приоритеті, Қазақстан Республикасының экономикасын ұғымды дамытудағы мемлекет пен инвесторлардың экономикалық мүдделері.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың объективтік жағы сол жасалған әрекетте.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң күші бар Жарлығы мемлекеттік емес бағалы қағаздарды шығаруға, олардың айналымына қатысты туындайтын қатынастарды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудағы қатынастарды реттейді. Бұл Жарлықтың 4-бабында Қазақ-стан Республикасының аумағында айналымда жүрген бағалы қағаздардың түрлері анықталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы Заңына және оған енгізілген 1997 жылғы 11 шілдедегі өзгертулерге сәйкес барлық бағалы қағаздар міндетті түрде мемлекеттік комиссиядан өтуге тиіс.
Қылмыстың құрамы тіркеу, есептерді бекіту, бағалы қағаздармен мәміле және сол мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздарды листингке қосу қор биржасы немесе басқадай бағалы қағаздар рыногында мәміле жасау заты болып табылатын бағалы қағаздарға рұқсат және оларды есепке алу сияқты бағалы қағаздарға байланысты әрекеттерді қамтиды. Бұл әрекеттердің барлығын қор биржасы орындалды, ол акционерлік қоғам нысанында жұмыс істейтін заңды тұлға болып табылады. Оның міндеті бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру, олармен жасалған мәмілелерге кепілдік беру, бағалы қағаздардын. тиімді айналымын, қаржы ресурстарының қайта бөлінуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Қылмыстық жауапкершілік болудың қажетті шарты -- бағалы қағаздармен операция жүргізу ережелерінің бұзылуы, оған ірі зиянның келуі.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәдан көрініс табады. Айыпты өз әрекеттерінің заңдылығын білуге тиіс, өзінің лауазымдық, қызметтік міндеттері бойынша бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін білуі керек, қоғамға қауіпті зардаптың болуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатының алдын ала көре білуі керек және матери-алдық пайда көздеп сол зардапты тілеуі тиіс.
Бұл қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа толған, есі дұрыс адам. Мына жағдайда ол бағалы қағаздармен операцияны жүргізу міндеті жүктелген лауазымды адам.
Қылмыстың сараланатын түрі -- бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзуды бірнеше рет, оны алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе ұйымдасқан топтың жасауы.
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заң күші бар Жарлығы Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан теңгесі деп белгіледі. Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша белгілері банкноттардан және монеттерден тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында ақша қаражатын шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оларды айналымнан алу ісін тек Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен монеттерді қолма-қол емес эквивалентін алып банктерге сату түрінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен монеттердің қажетті санын анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, қолда бар қаражатын сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгіленді (Қазақстан Републикасының Ұлттық банкі туралы Заңның 38, 40, 42-баптары).
Жалған ақша немесе қағаздар жасау немесе сату әрекеті үшін жауаптылық осы бапта көзделген.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі -- Қазақстан Республикасының ақша және несие жүйесі.
Қылмыс заты -- жалған ақша немесе құнды қағаздар.
Ақша дегеніміз -- Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ақша бірлігі, ол банкноттар мен монеттерден тұрады.
Бағалы қағаз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат ретінде анықталады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 129-бабының 1 тармағы). Бағалы қағаздарға: облигация, банк сертификаты, коносамент, ақша және бағалы қағаздар туралы заң актілерімен немесе олар белгілеген тәртіпте бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа құжаттар.
Бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының валютасында да, шетелдік валютада да бола алады.
Бұл қылмыстың объективтік жағы үш балама әрекеттерді жасаумен сипатталады -- жалған ақша мен құнды қағаздарды жасау, сақтау немесе сату.
Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны -- арнаулы мақсат -- жалған ақша және бағалы қағаздар жасап және сақтап, оларды сату.
Қылмыс субъектісі -- жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Осы баптың 2 бөлігі мынадай саралаушы нышандарды көздейді, ірі мөлшерде жасау және жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамның жасауы.
Заңда ірі мөлшердің сандық критерииі анықталмаған. Ол әрбір нақты жағдайда жасалған іс-әрекеттің мән-жайына байланысты белгіленеді.
Адам жалған ақша және бағалы қағаз жасағаны, сақтағаны және сатқаны үшін бұрын сотталған деп танылады, егер сол қылмыс үшін бұрынғы соттылығы қылмыстық заңға сәйкес алынбаса және жойылмаса.
Осы баптың 3 бөлігі көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасағаны үшін жауаптылық көздейді.
Қылмыстық Кодекстің 31 бабының 3 бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топқа осы қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен екі және одан көп адам жатады.
2 ҚР ҚК 214-БАБЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ
2.1 Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызметтің объектісі мен объективтік жағы
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жөніндегі қылмыстың қауіптілігі сонда-заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау арқылы әрбір адамның кәсіпкерлік қызмет үшін өз мүмкіндіктері мен мүлкін еркін пайдалану құқығын шектейді, сондай-ақ экономикалық қызметті реттеу міндеті жүктелген мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының беделін түсіреді. Бұл қылмыс жасалғанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметіне еркіндік беретін және оны қорғап, оған қолдау көрсететін кепілдігі бұзылады, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабы 2-бөлігінің ережелері өрескел бұзылады.
Бұл қылмыста екі обьектіге қол сүғылады. Бұл талданып отырған қылмыстың негізі тікелей обьектілері экономикалық қызметті реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды құрайды, ал қосымша обьектісі-кәсіпкерлікпен және басқа да заң тыйым салмаған қызметпен айналысу құқығы. Бұл құқық Қазақстан Республикасының Конститциясында жарияланған, ал кәсіпкерлік қызметі Азаматтық кодекс, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет түрлерін қарастыратын бірқатар заңдар мен заңдық актілер реттейді. Атап айтқанда, олар-1990 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақ ССР-інде шаруашылық қызметтің бостандығын және кәсіпкерлікті дамыту туралы, 1992 жылғы 4 шілдедегі Жеке кәсіпкерлікті қорғау және оған қолдау көрсету туралы, 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы, 1995 жылғы 17 сәуірдегі Лицензиялау туралы, 1995 жылғы 2 мамырдағы Шаруашылық серіктестіктер туралы, 1995 жылғы 19 маусымдағы Мемлекеттік кәсіпорын туралы, 1991 жылғы 11 маусымдағы Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы зандар.
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау обьективтік жаққа жатады, ол мынадай формаларда болады: а) жеке кәсіпкердің құқығы мен заңды мүдделерін шектеу; б) ұйымдастыру-құқықтық формасына немесе меншік формасына байланысты коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу; в) жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне басқадай да заңсыз араласу. Мұндай іс-әрекеттерді жасағанда лауазымды адам кәсіпкердің (жеке немесе заңды тұлғаның) қызметіне толықтай кедергі жасайды немесе ол іс-әрекетін заңда белгіленген тәртіпке және шекте жартылай жүзеге асырады. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызмет аясын заңдар (ҚК-тің АК-інің 18- бабы және 35-бабының 1 1-бөлігі) негізінде ғана шектеуге жол берілді.
Кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен занды тұлғалардың, тарауларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі.
АК-тің 34-бабының 2-бөлігіне сәйкес коммерциялық ұйым мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив түріндегі заңды тұлғаны құра алады.
Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтарымен заңды мүдделерін шектегенде лауазымды адам тиісті шешім қабылдайды немесе занды кәсіпкерлік міндетке талап қою, нұсқау беру, тыйым салу, т.б. жолдармен араласады, олардың еркін іс-әрекет жасауына қиындық тудырады. Мұндай кедергілерге тіркеуден заңсыз бас тарту, тіркеуден жалтару, белгілі бір қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсат (лицензия) берудн заңсыз бас тарту, лицензия беруден жалтару жатады. Мысалы, заңды тұлғаның еншілес коммерциялық кәсіпорындар ашуына лауазымды адамның тыйым салуы, коммерциялық ұйымды тіркегенде заңда тыйым салынбаған кейбір қызметтерді жарғыдан алып тастауды талап етуі-кедергі жасағандық деп санауға болады. Шешімді өзі қабылдап, істі өзі жүргізу құқығы кәсіпкердің негізгі экономикалық құқығы болып табылады. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның еркіндігіне шек келтіргенде осы құқықтарға елеулі нұқсан келеді. Еркіндікті шектеу коммерциялық ұйымды бірлесіп құруға мәжбүрлеу, бірлесіп құрған тізімінен нақты адамды шығарып тастауды талап ету, банкке аманат бермей несие алатын клиенттерді жүктеу, тауардың белгілі бір түрін өндіруге нұсқау беру, заңда тыйым салынбаған белгілі бір қызметпен айналысуға дәлелсіз тыйым салу формасында да болуы мүмкін. Еркіндікті шектеуге жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның өкілеттігін басқа адамға заңсыз беру, жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның өзінің заңды қабілетін және әрекет жасау қабілетін толық көлемде жүзеге асыруына кедергі келтіру де жатады.
Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне заңсыз араласудың басқа тұрлеріне мыналар жатады-жоғарыда аталған қылмыстың іс-әрекеттерге жатпайтын түрде өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды адамның қиянат жасауы немесе билігін асыра пайдалануы. Бұған-үй-жайларды, материалдық құралдарды заңсыз алу, банктегі есеке тыйым салу т.б.
Бұл қарастырылған қылмыста формальдық құрам бар, түсініктеме-берілген диспозициясында аталған әрекеттердің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) біреуі жасалған кезден бастап қылмыс аяқталған болып табылады.
Субьективтік жағы ондағы ниетпен сипатталады. Адам өз әрекетінің қоғамға қауіпті және заңға қайшы екендігін біледі, оны жасауға ұмтылады.
Қылмыс субьектісі-лауазымды адам болып табылады (ҚК-тің 307-бабының талдауын қара).
214-бап. Заңсыз кәсіпкерлік. Заңсыз кәсіпкерлік қоғамға қауіптілігі сонда, мүны жасаудың нәтижесінде мемлекеттің экономикасына зиян келеді.
Бұл әрекеттің обьектісі-қалыпты экономикалық қызмет.
Азаматтар мен занды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өөтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап азаматтың жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар. Заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заң күші бар Жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар 1997 жылғы 17 маусымдағы Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР Заңы негізінде тіркеледі.
Кәсіпкердің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу құқығы сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер занда, өзге де құқықтық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мірзімі біткен соң лицензия күшін жояды.
Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрін лицензиялау-тұтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, қала құрылысы, экология және санитария нормаларын сақтау мақсатында жасалынады. Егер:
тіркелмеген болса;
арнайы рұқсат (лицензия) қажет болып, бірақ ол болмаса;
лицензиялау шарты бұзылса кәсіпкерлік заңсыз деп танылады.
Бұл қылмыстың ұғымы болуы үшін заңсыз кәсіпкерлік азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге, не ірі мөлшерде одан табыс табумен ұштасуға тиіс.
Қылмыстың субьективтік жағы-тікелей ниетпен сипатталады.
Субьект жалпы-жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
ҚК-тің 200-бабының 2-бөлігі коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз, бұл құпия қызметіне немесе жұымысына байланысты сеніп тапсырылған адамның пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесіне жария еткені немесе пайдаланғаны үшін жауаптылық жүктейді.
Жария ету дегеніміз-коммерциялық Азаматқа айлық көрсеткіштен жүз есе асатын сомаға зиян келсе, ол ірі зиян деп саналады (ҚК-тің 198-бабына ескертуді қара).
Субьективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. Айыпты адам кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рұқсат (лицензия) керек бола тұра онсыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бұзғандығы, өзінің іс әрекеті нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға не мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін, не қалайда келетіндігін не өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен ұштасатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайда.
Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субьектісі жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Заңсыз кәсіпкерлік-қылмыстың сараланған түрі деп сараланады, егер оны ұйымдасқан топ жасаса немесе ол ірі мөлшердегі табыспен ұштасса не оны заңсыз кәсіпкерлік немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам жасаса.
Айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын табыс ерекше ірі мөлшердегі табыс деп саналады (ҚК-тің 190-бабына ескертуді қара).
Егер адам бұрын ҚК-тің 190 немесе 191-бабымен сотталып және оынң сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған деп танылады.
214-бап. Заңсыз банктік қызмет
214-бапта келтірілген қылмыстық-құқықтық норма заңсыз кәсіпкерлік (214-бап) үшін жауапкершілік жөніндегі жалпы нормамен салыстырғанда арнаулы норма болып табылады.
Заңсыз банктік қызметтің (214-бап) құрамы заңсыз кәсіпкерліктің (214-бап) жалпы құрамынан, тек сол заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыратын сала бойынша ғана өзгеше.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Банктік қызмет мына актілермен реттеледі: ҚР Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы ҚР-дағы банктер мен банктік қызмет туралы Жарлығы; ҚР Президентінің 1996 жылғы 21 қаңтардағы ҚР-ның ұлттық Банкі туралы, ҚР-дағы банктер мен банктік қызмет туралы заң күші бар Жарлықтары; 1996 жылғы 27 қыркүйектегі ҚР Президентінің Жеке тұлғалар үшін шетел валютасында және теңгемен анонимдік есептер енгізу туралы Заң күші бар Жарлығын күшін жоғалтты деп тану және анонимдік есептер бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы; 1996 жылғы 7 желтоқсандағы ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; 1997 жылғы 6 наурыздағы ҚР Президентінің ҚР-дағы банктер мен банктік қызмет туралы заң күші бар Жарлығына қосымша енгізу туралы, 1997 жылғы 11 шілдедегі ҚР-ның банктік қызмет жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, 1997 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.
Банктік қызметтің (банктік операциялардың) кейбір түрлерін лицензиялау тұтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, тағы сол сияқты мақсаттарда жасалынады.
Егер, мына нышандардың біреуі болса:
тіркелмеген;
арнаулы рұқсат (лицензия) қажет болып, бірақ ол алынбаған;
3) лицензиялау шарты бұзылған болса банктік қызмет заңсыз деп танылады.
Бұл қылмыстың құрамы болуы үшін заңсыз банктік қызмет азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге, не ірі мөлшердегі табыспен ұштасуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz