Күй



– Күй – көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да, сұлу өнер. Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында жасалған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жобасының жүзеге асырылуын ұлттық музыка тарихындағы елеулі оқиға деп бағалаймын. Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй» деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті. «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» шеңберінде бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі – жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық. Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Моңғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн. Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын – азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық. Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылардың орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап, алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенемін. Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің басшылық етуімен «Қазақтың музыкалық антологиясы «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» жобасын жүзеге асып жатқанынан жұрт құлағдар. Осы жоба аясында «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты жаңа антология жарыққа шықты. «Қазақтың 5 мың күйі мен 10 мың әні бар деп айта бергеннен, олар бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналмай отыр. Сондықтан оларды жинақтап, жүйелеу және оны халыққа ұсыну керек. Міне, осы мәселе төңірегінде

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Күй

- Күй - көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да, сұлу өнер.
Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында жасалған Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі жобасының жүзеге асырылуын ұлттық музыка тарихындағы елеулі оқиға деп бағалаймын.
Қазақтың ұлы ақыны Абай: Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті. Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі шеңберінде бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі - жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық.
Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Моңғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн.
Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын - азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері - халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық.
Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылардың орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап, алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенемін.
Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің басшылық етуімен Қазақтың музыкалық антологиясы Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні жобасын жүзеге асып жатқанынан жұрт құлағдар. Осы жоба аясында Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі атты жаңа антология жарыққа шықты.
Қазақтың 5 мың күйі мен 10 мың әні бар деп айта бергеннен, олар бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналмай отыр. Сондықтан оларды жинақтап, жүйелеу және оны халыққа ұсыну керек. Міне, осы мәселе төңірегінде ойлана келе, біз Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні жобасына кірісейін деп отырмыз, - деп атап өткен-ді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осы жобаның ашылу салтанатында.
Қазақтың домбырасы - түркі-монғол (арғы атасы - ғұн) мәдениетінің меншігі, тамыры тарихқа терең жайылған, байырғы аспап. С.Өтеғалиева Орталық Азиядағы танбуртекті аспаптарды үш топқа бөледі: Сібір-Алтайлық, Ортаазиялық, Таяушығыстық (Хордофоны Средней Азии. Алматы - 2006. 39 бет). Осы тұжырыммен қарасақ біздің шертпелі аспаптарымызды да шартты түрде үшке бөлуге болады. Формасы мен дауыс бояуы жағынан айырмашылықтары бар аспаптың бұрыннан келе жатқан белгілі үш түрі бар, әрбір өлкенің күй өнері әртүрлі орындаушылық мектеп құрып отырғанына сәйкес аспаптарының да тұрқы (формасы) жағынан өзгешелігі бар. Арқа, Жетісу, Қаратау өңірлерінде кең тараған домбыраның тұрқы қысқа, мойыны жуантық, шанағы бұрышталып шабылады. Жалпы көпшілік қаталықтан қалақ домбыра деп айдарлап кеткен бұл аспаптың көне түбірлік аталуы - қыпшақ домбырасы болуы мүмкін (Әл-Фарабидің Музыканың үлкен кітабы атты трактатында сипатталатын гипжак аспабының түбірі - қыпшақ, Трактаты о музыке и поэзии, Алматы. Ғылым 1993. 430 бет), бұл шертпе күй тартуға қолайлы тоғыз пернелі аспап. Қазақстанның батыс өлкесі мен Сыр бойында тараған мойыны ұзын, алмұрт пішінді домбыраның көне түбірлік аталуы - оғыз домбырасы деген ұйғарымға жақын, он екі пернесі бар, негізінен төкпе күйлер тартылады. Домбыраның бірінші байланатын пердесінің оғыз перде (соль диез) аталуы тегін емес, шабылуы да дутар аспабына ұқсас. Қазақстанның шығыс өңірінде кең тараған домбыра - Алтай домбырасы деп түбірленеді, ол үш ішекті, жеті пернелі, көбінесе желдірме екпінді шертпе күйлер тартуға лайықталған. Аспаптың бұл нұсқасы мұңғұл тектес ұлттардың арасына кең тараған топшурға келіңкірейді, үні де көмей (хоомэй) мәдениетіне жуық. Осы аталған домбыралар қазақтың аймақтық күй мектептерінің айқындауышы десе де болғандай, әрбір түріне лайық жинақталған күй қоры да мұны растайды.
Домбыра атауларының бұлай бөлінуі қазіргі құлаққа түрпідей тимес үшін түсіндірме бере кеткен жақсы. Шындығында, домбыра тек қана қазақтың ғана аспабы емес, оның басқа ұлыстар мен ұлттарға да ортақтығы жоғарыда айтылды. Профессор Ә.Мұхамбетова бұл жөнінде мынадай талдау жасайды: За различиями в конструкции инструментов стоит различие двух крупнейших стилей в домбровой музыке: стиля токпе, распространенного в районах Западного Казахстана и стиля шертпе, распространенного на востоке и юга республики. Различие этих стилей не есть различие в уровне развития, на наш взгляд, оно обусловлено генетически и носит качественный характер. Различные стили в результате развитие традиций различных народностей вошедших в состав казахов. Стиль токпе близок музыке туркмен, каракалпаков, шертпе - родственен музыке тюрков Алтая, Сибири. (А.Мухамбетова. Традиционная музыка в культуре ХХ века. Алматы. Дайк-пресс-2002. 328 стр.) Ә.Мұхамбетова күйдің стилінің туындауы арқылы домбыра аспабының қазақ ұлтын құраған басқа ұлыстарға да тән екендігін дәлелдейді, яғни домбыра аспабының құрылысы мен үн шығару мүмкіндігі қазақпен туыс халықтардың бәріне ортақ. Түріктің кіндігінен тараған миллеттің қазір үш түрлі сөйлейтін тілдік диалектісі бар: қыпшақ тіліндегілер - қазақ, ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт; алтай тіліндегілер - қырғыз, хақас, алтай, бурят; оғыз тіліндегілер - түркімен, өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, көк оғыз (гагауз), осман түріктері. Осылардың бәрінде арғы атасы домбырамен тектес төл аспаптары бар. Диалектінің сөздік, әуездік интонацияға айналуы - музыкалық аспаптың және оның үні мен формасының да белгілі шеңберде өзгеріске ұшырауына әкеліп соғары айқын. Қазақтың күй өнерінде түрікмен (Көрұғылы, Пиала т.б.), қырғыз (Сақбикенің қосбасары, Кертолғау т.б.), қалмақ (Қалмақтың қара жорғасы, Қалмақтың би күйі т.б.), ноғай (Қарасай-Қази), татар күйлері, ішінара орыс (славян ұлысына кірген бұлғар мен пешенек әулеттері) әуеніне жақын туындылардың мол кездесуі - кездейсоқ жай емес (Аспаптың да балалайкаға, скрипкаға, дутарға ұқсата шабылған көне түрлері мұражайларымызда бар). Осы туыстас халықтардың музыкалық шығармаларында ұшырасатын мінездес (характерлі) сарындар қазақ домбырасына етене жақын болып кеткен, алайда, аспаптарының түрі мен тембріне уақыт пен мемлекеттік құрылым өз әсерін тигізгені де рас. Қазіргі домбыра - жетілдірілген аспап (А.Жұбановтың оркестрлік аспап жасау ұсынысымен реконструкциясын жасаған - Э. Романенко), сондықтан оның үні де өзгеріске ұшыраған. Алғаш осы жетілдірілген домбырада күйлер жазып қалдырғандардың алды - Дина Нүрпейісова мен Әбікен Хасенов. Олар жаңа аспапты аса жатсына қоймағаны артына қалдырған күй таспаларынан белгілі боп тұр. Дегенмен, бұрынғы домбыраның үнін қайта жаңғырту жөнінде де дәйекті мәселелер қозғалып жүр (Ж.Нәжімеденов).
Аспаптардың шығу тегіне байланысты кейбір зерттеулерде олардың жоралық (ритуалдық) қызметі туралы айтылады. Мысалы, ұрмалы аспаптар ерте заманда жер ана мен көктің жыныстық қатынасын бейнелейтінін, барабанды соғу арқылы жаратушыдан жаңбырдың мол болуы мен астықтың берекелі болуын сұрайтынын Е.В.Васильченко жазады (Музыкальные культуры мира, 128-бет). Мұны айтпағанның өзінде көне түркілердің Екі негіз атты дуалистік философиялық нанымы бар екенін білеміз. Мұнда әлем аталық пен аналықтан тұрады деген сенім бар, аталықтың көктегі символы - Күн, аналықтыкі - Ай. Оның жердегі символдары - аталықта - жер, аналықта - су. Бұлардың үстіндегі бақылаушы - тау тұрады деген ұғым қалыптасқан (Қ.Сартқожа. Орхон жазулары. Астана. Күлтегін баспасы - 2003. Домбыраның екі шекті болуы да содан шығады, яғни үстіңгісі аталық, астыңғысы - аналық. Орыстарға көшпелілерден енген балалайканың да әуелде екі шекті болғаны белгілі. Үш шекті болуы христиан дінінің кіруіне байланысты туындады, қасиетті үштік (қасиетті әкей мен оның ұлы және киелі рух) түсінігі орыстармен бірге қазақтарда да болды. Біздің несториандық христиан дінінде болған кезеңіміздің ескерткіші - үш шекті шертер мен Алтай домбырасы. Алтайды мекендеген қазақ тайпаларының бір кезде осы діннің ықпалында болғанын айтпағанның өзінде қытай мәдениетінің триграммалық таңбасының (багуа - қытайдың дыбыстық кодтар системасы) да өзінше ізі болды. Балалайка мен Арқаның тұмар домбырасының тұрықтары үш бұрышты болуы да осы тақылеттес діни себептерден туындауы әбден ықтимал.
Түркі тілдес халықтарда ер адамның аттары күн мен жер, тау атауларымен (Күнби), ал, әйел адамдардың есімдері ай, су атауларымен (Айғаным) түбірлес болатыны немесе соған қатысты тұтынатын заттарына сай келетіні сондықтан болса керек. Осындай дуалистік нанымның қытайдың дао іліміне ұқсастығы (инь мен йянь) болғанымен көшпенділерде көктің культі басым болғаны белгілі. Күй деген сөздің түбірін көк деген сөзден таратушы ғалымдардың (А.Сейдімбек, С.Қондыбай) пікірлері салмақты және бірден-бір ғылыми негізін тапқан тұжырым.
Дауысты дыбыс (яғни музыка) жан, ал, дауыссыз дыбыс тән. Осыдан домбыраның (ағаштың) өзі дауыссыз, одан шыққан саз дауысты, сондықтан оның (күйдің) жаны бар деген тұжырым қалыптасқан. Адам қайтқанда тәні қалады, жаны ұшады, Орхон жазуларында Күлтегін қой жылы (тоғызыншы ай) 17-күні ұшты деген жазу бар. Жаратылысты аталық пен аналықтың махаббатынан басталады деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ән — халық мұрасы
Ілияс Жансүгіров. КҮЙШІ (Поэма)
Қаршыға Ахмедиярұлы – тарлан талант
ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ән-күй бағдарламаларында домбыра күйлерін пайдалану процесі әдістері
Қазақтың күй өнері
Дәстүрлі күйшілік өнер
Күй – қазақ халқының рухани азығы ретінде
Халық музыкасы
Пәндер