АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Ақтөбе облысының геоэкологиялық мәселелерін шешу жолдары туралы қазақша реферат

Облыстың атмосфера қабатын ластаушы көздер Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Темір, Мұғалжар, Хромтау аудандарында шоғырланған пайдалы қазындылар шығаратын кен орындары және энергетикалық нысандар болып табылады.

Ақтөбе қаласындағы атмосфераны ластаушы көздер «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе жылу электр орталығы» акционерлік қоғамы болып табылады. «Ақтөбе ЖЭО-ғы» газбен және сұйық отынмен жұмыс жасайды, соның салдарынан ауаға 70 % азот қышқылы тарайды. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты атмосфераны қатты заттармен ластайды.

«Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы атмосфералық ауаның - 80% газ күйіндегі көмірқышқыл тотығын құрайды.

Қаланың атмосфералық ауа сапасы соңғы жылдары нашарлап кетті. 2008 жылы ИЗА 10, 5 бірлікті құрады.

Ырғыз, Шалқар аудандары Арал экологиялық апат аймағына жақын орналасқан. Сонымен бірге ауыз су тапшылығы облыс аудандарының елді мекендерінде кездесіп отырады. Ауыз су құрамындағы тұздылық, нитраттың, т. б. химиялық элементтердің артуы тұрғындар денсаулығына зиянды әсерін тигізуде.

Елек - Ақтөбе облысындағы ластанған өзеннің бірі. Ластанған заттар индексі - 15, 39; сапасы жағынан - 7 класқа келеді, шектеулі жіберілген концентрация мөлшерінен бірнеше есе көп, яғни бор - 103, 5 ШЖК; фенол - 1 ШЖК; алты валентті хром - 22, 17 ШЖК.

Ластаушы көздер «АХҚЗ» АҚ - ның көне шламды бөгендері болып табылады. Алты валентті хромның атмосфералық ауада, топырақта кездесетіні байқалады.

Елек өзенін бормен ластауын тоқтату - алдағы міндеттің бірі. Ластану ареалы 32, 5 км2 құрайды.

Ақтөбе каласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалану 1987 жылдан басталды, оның ауданы 20 га. Полигон жобасыз тұрғызылды және оны пайдалану экологиялық талаптарға сай жүргізілмейді. Қалдықтарды жинауда бейберекеттікке жол беріледі. Полигонға жыл сайын барлық қалалардан 260 мың куб м қалдық тасталады. 2001 жылдың қаңтарында полигонга 2, 23 млн. тонна қалдық жиналған. Полигон инженерлік құрылыстармен және коммуникация жүйелерімен қамтамасыз етілмеген.

Қазіргі уақытта полигон қалдыктарға толық, бірақ қалдықтарды полигонға тасу әлі де жалғасып отыр, ал бұл жағдай полигонға іргелес аумақтардың санитарлы - эпидемиологиялық және экологиялық жағдайына қолайсыз. Полигон атмосфералық ауаның, жерасты және жер беті суының, жердің интенсивті ластаушы көзі, инфекциялық ауруларды таратушы.

Елек өзеніне ерекше әсер ететін 3 негізгі суды пайдаланушыларды бөліп көрсетуге болады:

- «Ақбұлақ» ОАҚ жыл сайын 7-10 мың текше метр тазартылмаған су жібереді;

- «АХҚЗ» АҚ жерасты суы арқылы өзеннің 12 кв. км ареалын ластайды;

- «Ақтөбе ЖЭО» АҚ. 4-кесте Ақтөбе қаласы бойынша ағыстың сапалық жағдайы. Қосымша Е.

2008 ж. Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жаңа жобасы жасалды. Жаңа полигонды пайдалану мерзімі 15 жыл, жыл сайын 260 мың текше метр қалдық тасылады.

Елек өзенінің ластануы.

Елек өзенінің бормен ластануы Ақтөбе химия зауытының (1941) іске қосылғанынан басталды. Ластаушы көзі - Елек өзені жайылмасындағы сүзгіші жоқ зауыттың шлам жинаушылары болып табылады.

«Казводоканалпроект» институтының мәлімдеуінше, жер асты горизонтында 890 тонна бор жиналған.

Қазіргі уақытта өзен алабының жер асты суының ластану ареалы 32, 5 км2 жетті, тіпті бұдан да ұлғайып бара жатыр.

Ақтөбе гидрометеорологиялық орталығының мәлімдеуінше, 2009 жылдың қаңтарында Елек өзеңінің ластануы шегіне жеткен, яғни шектеулі жіберілген концентрация 129 есеге жеткен.

Бордың санитарлы - уландырғыш 2 класс көрсеткішіне сай келуі және оның шектеулі жіберілген концентрациясы мөлшерінің шектен тыс көп болуы флораға, фаунаға және адам денсаулығына өте зиянды.

Елек өзенінің бормен ластануы ҚР - ның жоғары органдарының алдындағы жыл сайынғы өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.

Хром қосындылары зауыты өзінің жұмысын 1957 жылдан бастады. Зауытқа пайдаланған суды шлам тоғандарына жібереді. Зауытқа барлық кезеңдерге пайдалану үшін жалпы ауданы 278, 4 га болатын 10 шлам тоғандары тұрғызылған, қазірде олардың тек бесеуі жүмыс жасайды.

Жер үсті және жер асты суын алты валентті хроммен ластаушы көне шлам тоғандары болып табылады.

Елек өзенінің ластануы тек Ақтөбе қаласына ғана емес, Жайық өзенінің саласы ретінде Орынбор облысының (РФ), Батыс Қазақстанның және Атырау облысының халқына қауіп туғызып отыр.

Елек өзенің ластаушы заттар хром, бор, фенол, фтор, мұнай өнімдері болып отыр, ал ластаушы көздер бұрынғы Ақтөбе химия зауытының шлам - жинауыштары, сонымен бірге Елек өзені жайылмасында тұрғызылған сүзгілерге қарсы қалқасы жоқ «АХҚЗ» ОАҚ - ның көне шлам тоғандары болып отыр.

Елек суындағы бор концентрациясы орнынан сынауға алуға байланысты ауытқып отырады. Бор концентрациясы Ақтөбе су қоймасы тұсында және Бестамақ елді мекенінде барынша көп байқалады. Мұнай өнімдерінің концентрациясы жыл бойы 6-13 ШЖК - ға байқалды. Елек өзені суының физикалық қасиеті және минералдануы болып есептелетін қалған компоненттері нормаға сай екендігі анықталды.

Еліміздегі табиғи байлықтарды өндіріске қатыстыруға, өнеркәсіп орындарын қарқынды дамытуға бірнеше факторлар әсер етеді. Олар шешуші құрал есебінде табиғи ресурстарға қоғам қажеттілігін және табиғат мүмкіндігінің тапшылығындағы қарама - қарсылықты шешеді.

Облыстағы геоэкологиялық аудандастыру мәселелері.

Қоршаған табиғи ортадағы қазіргі маңызды мәселелердің бірі, бұл геоэкологиялық жағдайдың біздің республикамызда мықтап қалыптасуы болып табылады.

Біз қарастырғалы отырған Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының батыс аймағында, ірі өнеркәсібі мен өнеркәсіптері жақсы дамыған территорияға жатады.

Физикалық- географиялық орналасуы жағынан Ақтөбе облысы Оңтүстік Орал тауының орталығында, шөлейтті- құрғақ аймақта орналасқан. Бұл аймақ Орал- Мұғалжар провинциясының Ор- Мұғалжар округіне және Орал маңы (Торғай) провинциясының, Орал маңы үстіртінің оңтүстік- батыс бөлігі мен оңтүстік- шығыс бөлігі округіне жатады.

Атмосфераның қатты ластануы, әсіресе Ақтөбе қаласында және ірі өндіріс орталықтары орталықтары орналасқан Алға, Хромтау, Қандыағаш және Ембі қалаларының маңында байқалады. Осы жерлерде ластанған атмосфералық ауа көршілес Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына және Ресейдің Орынбор облысына тарайды.

Ақтөбе қаласының ауасын ластайтын зиянды заттардың 49% - ын ферроқорытпа зауыты шығарса, 25% - ын Ақтөбе хром қосындылары зауыты шығарады. Мұндағы мекемелерде ауаны ластауды азайтатын кұрал

- жабдықтардың жартысы ғана істейді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша атмосфералық ауаны ластайтын 172 мекеме жұмыс істейді. Бұған Жаңажол мұнай - газ өндіретін кен орны да жатады. Шаң тазалағыш, өндіріс қалдықтарының дұрыс жұмыс істемеу салаларынан немесе іске алғысыздығынан бұл қалалардағы шаң - тозаңның орташа көрсеткіші белгіленген мөлшерден 4 есе, азот қос тотығы 2 есе, күкіртті ангидрид шамамен 0, 2 есе артып отыр.

Ақтөбе облысының ландшафтары.

Ақтөбе облысының ландшафттарын антропогендік әрекет ету дәрежелеріне қарай мынандай категорияларға бөлуге болады (А. В. Чигаркин бойынша) :

Табиғи күйіне жақын ландшафттар, территорияның оңтүстік аймақтарын және шығыстағы табиғи қорықтарды қамтиды.

Аздап өзгерген ландшафттар (көбіне фаунасы мен өсімдіктердің сипаты жағынан) техногендік процестерге ұшырамаған, көбіне мал шаруашылығымен айналысатын құрғақ - далалы Байганин және Ойыл ауданын қамтиды.

Бүлінген ландшафттарға (көбіне өсімдігі мен топырағының сипаты жағынан) далалы, жайылымды жерлер және территориядағы өтіп жатқан темір жол, тас жол магистральдары мен мүнай - газ құбырлары жатады.

Антропогендік факторлардың әсерін және табиғи ресурстардың құлдырап, нашарлау деградациясын есепке ала отырып, Ақтөбе облысын геоэкологиялық картаға сүйеніп, бірнеше экологиялық аудандарға бөлуге болады.

Алдын - ала құрылған табиғи аудандастыру схемасы табиғи ортаның геоэкологиялық деградациялық критерийі қойылады. Табиғи ресурстарды және олардың түрлерін аудандастыру және карталау территориялық түрде, соның ішінде табиғи территориялық кешендер жүйесімен негізделу қажет. Ақтөбе облысында геоэкологиялық деградацияның мынандай критерийі анықталды: өте жоғары, жоғары, қалыпты- жоғары, қалыпты және төмен.

Ақтөбе облысы бойынша жасалынған геоэкологиялық картаның негізінде территорияда, деградациялық өте жоғары деңгей - 12%, жоғары -14%, қалыпты жоғары - 24%, қалыпты - 27%, төмен - 23% - ке жуық болды. Сондықтан да, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері алдағы уақытта әлеуметтік, экологиялық жэне экономикалық тұрғыдан шешілуі тиіс.

Қазіргі кезде экологиялық жағдайлардың шиеленісуі халықтың әлеуметтік хал-ахуалына, ауылдағы халық санының азаюына, туу дәрежесінің төмендеуіне, ауру түрлерінің көбеюіне, т. б. факторлардың әлеуметтік даму деңгейінің төменгі параметрлеріне әкеліп соқтырады.

Облыстың атмосфера қабатын ластаушы көздер Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Темір, Мұғалжар, Хромтау аудандарында шоғырланған пайдалы қазындылар шығаратын кен орындары және энергетикалық нысандар болып табылады.

Қазіргі уақытта полигон қалдыктарға толық, бірақ қалдықтарды полигонға тасу әлі де жалғасып отыр. Полигон атмосфералық ауаның, жерасты және жер беті суының, жердің интенсивті ластаушы көзі, инфекциялық ауруларды таратушы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Вернадский В. И. Химическоестроение биосферы и ее окружения. -М., 1987

Голуб А. А., Струкова Е. Б. Экономика природных ресурсов. - М. 1999

Сагимбаев Г. К. Экология и экономика. А., 1997

Акимова Т. А., Хаскин В. В. Экология М., 1998

Тонкопий М. С. Экономика природопользования. А., 1998

Экология и безопасность жизнедеятельности (под ред. Проф. Л. А. Муравья ) М., 2000

Давитая Ф. Ф. Влияние антропогенных факторов на атмосферу и климат Земли. М., 1975

Израэль Ю. А. Экология и контроль состояния природной среды. Л., 1979

Журнал «Человек и природа» №1-1983, №3-1985, №7-1986, №10-1987

2015 жылға арналған Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық баяндамасының жобасы

Ақтөбе облысы

4. 2. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

2015 жылға жалпы көрсеткіштер

2015 жылға жалпы көрсеткіштер:

Субъектінің

S, мың

км 2

300, 6

Халқы,

мың адам

834, 8

ЖӨӨ,

млн. теңге

1 769 175, 2

2015 жылға жалпы көрсеткіштер:

2011 жылдан бастап 2014 жыл аралығындағы негізгі экологиялық көрсеткіштер

2015 жылға жалпы көрсеткіштер:

Көрсеткіш

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 жылға жалпы көрсеткіштер: ҚОҚ жұмсалған шығындар, мың теңге

17, 9

16, 6
18, 2
19 407 761
2015 жылға жалпы көрсеткіштер: Тұрақты көздерден атмосфераға ластағыш заттардың шығарындылары, мың тонна
123, 9
125, 4
121, 8
134, 3
2015 жылға жалпы көрсеткіштер: Пайда болған қалдықтардың жалпы саны, тонна
290 579
244 036
231 940
192 589

Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Республиканың алты облысымен (Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары) сонымен қатар, солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономды облысымен шекараласады. Жергілікті жердің бедері - жазықты, аумақтың көп бөлігі - адырлы-бөктерлі жазықтар.

Солтүстігінде Орал тауларының оңтүстік тау сілемдері бар. Орталық бөлігінде Мұғалжар тауларымен созылып жатыр (657 м) . Батыс бөлігі Каспий маңы шоқысына ұласқан Орал асты бөлігі бар. Оңтүстік-шығысында -дөңді құм массивтері: Арал маңы құмы, Үлкен Қарақұм және Кіші Борсық. Солтүстік-батысында Торғай шоқысы. Аумақ бойынша ең ірі аудан - Шалқар - 61, 9 мың 2 км.

Облыста 5 ауылдық аудан, 8 қала, 142 ауылдық әкімшілік және 410 ауылдық елді мекен бар.

Облыс Қазақстанның индустриалды дамыған аймағы болып табылады. Аймақ экономикасының негізгі бағыты - өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірісі.

Климаты континенталды, қуаң. Ақтөбе облысының жер қойнауында алтын, күміс, кобальт, калий тұзы, ізбес, каолин, шыны және түсті-түсті тас шикізаты, табиғи қаптауыш заттар, мұнай таушайырлы түрлері және және тағы да басқа пайдалы қазбалардың үлкен қорлары бар. Ақтөбе облысының қазіргі заманғы фаунасы сүт қоректілердің 62 түрі (оның ішінде - 35 аңшылық-кәсіпшілік), құстардың 214 түрі (оның ішінде - 80 аңшылық-кәсіпшілік) . Қазақстанның Қызыл Кітабына жануарлардың 10 түрі және құстардың 35 түрі енген. Облыстың аумағында республикада негізгі екі ареал үстірт және бетпақдала киіктері популяциясы тіршілік етеді.

4. 2. 1. Атмосфералық ауа

Ауа бассейнінің ластануының деңгейі облыста көбіне 7 ірі кәсіпорынмен анықталады - «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Каспий Мұнай ТМЕ» ЖШС, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дон тау-кен өңдеу комбинаты - «Қазхром ТҰК» АҚ филиалдары, «Ақтөбе», «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Ақтөбе» ГҚМБ.

Ластағыш заттардың жалпы шығарындыларының 168, 05 мың тонна жалпы көлемінен 7 табиғат пайдаланушылар үлесіне атмосфера шығарындыларының жалпы көлемінен 59, 1 мың тонна немесе 49%-ды құрайды.

Стационарлық көздерден шығарындылар көлемі 2014 жылға қарағанда (169, 5 тыс. тонн) 2015 жылы 0, 8 %-ға кем (4. 2. 1-ші кесте) . Аталған атмосфераға шығарындылардың азаю көрсеткіші құрылыс материалдарын шығару саласындағы және мұнай кәсіпорындарына сервистік қызметтер көрсететін (бұрғылау, ұңғымаларды ағымдық және күрделі жөңдеу) кәсіпорындардың шығарылатын өнім мөлшерінің азаюымен байланысты. Шығарындылардың стационарлық көздер саны 6235 бірлікті құрайды, оның ішінде тазалау ғимараттарымен жабдықталғаны - 895.

4. 2. 1-ші кесте. Жылдар бойынша стационарлы көздер шығарындылары

Ластағыш туралы ақпарат
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
2015 ж.
Ластағыш туралы ақпарат: Атмосфералық ауаға жалпы өнеркәсіп шығарындыларының көлемі, мың тонна
2012 ж.: 182, 5
2013 ж.: 178, 3
2014 ж.: 169, 5
2015 ж.: 168, 05
Ластағыш туралы ақпарат: Күкірт ангидриді шығарындыларының көлемі, мың тонна
2012 ж.: 38, 2
2013 ж.: 35, 4
2014 ж.: 31, 2
2015 ж.: 28, 35
Ластағыш туралы ақпарат: Атмосфералық ауаға азот диоксиді шығарындыларының көлемі, мың тонна
2012 ж.: 14, 6
2013 ж.: 13, 5
2014 ж.: 12, 98
2015 ж.: 14, 24
Ластағыш туралы ақпарат: Атмосфералық ауаға қатты бөлшектер шығарындыларының көлемі, мың тонна
2012 ж.: 13, 5
2013 ж.: 12, 2
2014 ж.: 11, 96
2015 ж.: 9, 964
Ластағыш туралы ақпарат: Атмосфералық ауаға тұншықтырғыш газ шығарындыларының көлемі, мың тонна.
2012 ж.: 68, 1
2013 ж.: 64, 4
2014 ж.: 60, 45
2015 ж.: 61, 67
Ластағыш туралы ақпарат: Басқа да заттар шығарындыларының көлемі
2012 ж.: 51, 1
2013 ж.: 52, 8
2014 ж.: 52, 91
2015 ж.: 53, 826

Мұнайгаз өндіруші кәсіпорындармен ілеспелі газ көлемін азайту мен кәдеге жарату көлемін арттыру есебінен, облыс бойынша қоршаған ортаға ластағыш заттардың шығарындыларының жалпы көлемінің азаюы байқалуда, сондай-ақ кейбір шығарындылардың азаюы тау-кен қазу және құрылыс өнеркәсібі кәсіпорындарымен жүргізілді.

2012 жылдан 2014 жыл аралығында алаулы қондырғыларда ілеспе мұнай газын жағу көлемінің мұнай газын кәдеге жарату есебінен жыл сайын азаюы байқалуда.

2013 жылы ілеспе мұнай газын кәдеге жарату көлемі 3623, 38 млн. м 3 құрады, бұл 2012 жылмен (3191, 098 млн. м 3 ) салыстырғанда 432, 282 млн. м 3 көп. Жағылған газ көлемі 2013 жылы 474, 137 млн. м 3 құрайды, бұл 505, 826 мың м 3 жағылған 2012 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 31, 691 млн. м 3 аз.

2014 жылы ілеспе мұнай газын өндіру көлемі 4020, 335 млн. м 3 құрады, бұл 2013 жылға (4126, 292 млн. м 3 ) қарағанда 105, 957 млн. м 3 аз, есептік мерзімдегі жағылған газ көлемі 319, 138 млн. м 3 құрайды, бұл 2013 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 156, 843 млн. м 3 аз.

2015 жылға ілеспе мұнай газын өндіру көлемі 5961, 548 млн. м 3 құрады, бұл 2014 жылмен (4378, 829 млн. куб. м) салыстырғанда 1582, 719 млн. м 3 көп, бұл ретте 2014 жылы 4033, 714 млн. м 3 . салыстырғанда кәдеге жаратылғаны 5572, 588 млн. м 3 , есептік мерзімдегі жағылған газ көлемі 388, 504 млн. м 3 құрайды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 43, 39 млн. м 3 көп.

Стационарлық көздерден атмосфераға ластағыш заттардың шығарындыларының (168, 05 мың тонна) жалпы көлемінен алауларда ілеспе газды жағу үлесіне 35, 12 мың тонна немесе 20, 8 % келеді.

Алаулы қондырғылардан ластағыш заттар шығарындыларының барлық 99, 1%-ы 4 мұнай газ өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарына - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Аман Мұнай» ЖШС және «Каспий Мұнай ТМЕ» ЖШС келеді.

ЛЗ жалпы көлемнен автокөлік шығарындыларының үлесінің көбін (орта есеппен 37-42%) (4. 2. 2-ші кесте) құрайды. Автокөліктен шығарылатын ластағыш заттардан негізгі жүктемені Ақтөбе қаласының облыс орталығы көруде.

4. 2. 2-ші кесте. Автокөліктен ластағыш заттардың шығарындылары

Атауы

2012

2013

2014

2015

Атауы: Автокөлік саны (бірлік)
2012:

166524

2013:

173383

2014:

174296

2015:

175 369

Атауы: Ластағыш заттардың шығарындылары (мың тонна)
2012:

98, 04

2013:

92, 5

2014:

91, 4

2015:

92, 3

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм туралы түсінік
Жайық өзенінің орналасуы
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Ақтөбе облысының хроммен ластануы
ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Туристік рекреациялық ресурстар
Экология ғылымы және оның міндеттері
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz