Ақтөбе облысының экологиялық өзекті мәселелері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Ақтөбе облысының экологиялық өзекті мәселелері
Геоэкологиялық жағдайына баға беру
Інжумаржан А. З.
Х. Досмұхамедов атындағы АМУ, Атырау қ., студент
Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Республиканың алты облысымен (Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары) сонымен қатар, солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономды облысымен шекараласады. Жергілікті жердің бедері - жазықты, аумақтың көп бөлігі - адырлы-бөктерлі жазықтар.
Ақтөбе қаласындағы атмосфераны ластаушы көздер «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе жылу электр орталығы» акционерлік қоғамы болып табылады. «Ақтөбе ЖЭО-ғы» газбен және сұйық отынмен жұмыс жасайды, соның салдарынан ауаға 70 % азот қышқылы тарайды. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты атмосфераны қатты заттармен ластайды.
«Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы атмосфералық ауаның - 80% газ күйіндегі көмірқышқыл тотығын құрайды.
Қаланың атмосфералық ауа сапасы соңғы жылдары нашарлап кетті. 2008 жылы ИЗА 10, 5 бірлікті құрады.
Ырғыз, Шалқар аудандары Арал экологиялық апат аймағына жақын орналасқан. Сонымен бірге ауыз су тапшылығы облыс аудандарының елді мекендерінде кездесіп отырады. Ауыз су құрамындағы тұздылық, нитраттың, т. б. химиялық элементтердің артуы тұрғындар денсаулығына зиянды әсерін тигізуде.
Елек - Ақтөбе облысындағы ластанған өзеннің бірі. Ластанған заттар индексі - 15, 39; сапасы жағынан - 7 класқа келеді, шектеулі жіберілген концентрация мөлшерінен бірнеше есе көп, яғни бор - 103, 5 ШЖК; фенол - 1 ШЖК; алты валентті хром - 22, 17 ШЖК.
Ластаушы көздер «АХҚЗ» АҚ - ның көне шламды бөгендері болып табылады. Алты валентті хромның атмосфералық ауада, топырақта кездесетіні байқалады.
Елек өзенін бормен ластауын тоқтату - алдағы міндеттің бірі. Ластану ареалы 32, 5 км2 құрайды.
Ақтөбе каласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалану 1987 жылдан басталды, оның ауданы 20 га. Полигон жобасыз тұрғызылды және оны пайдалану экологиялық талаптарға сай жүргізілмейді. Қалдықтарды жинауда бейберекеттікке жол беріледі. Полигонға жыл сайын барлық қалалардан 260 мың куб м қалдық тасталады. 2001 жылдың қаңтарында полигонга 2, 23 млн. тонна қалдық жиналған. Полигон инженерлік құрылыстармен және коммуникация жүйелерімен қамтамасыз етілмеген.
Қазіргі уақытта полигон қалдыктарға толық, бірақ қалдықтарды полигонға тасу әлі де жалғасып отыр, ал бұл жағдай полигонға іргелес аумақтардың санитарлы - эпидемиологиялық және экологиялық жағдайына қолайсыз. Полигон атмосфералық ауаның, жерасты және жер беті суының, жердің интенсивті ластаушы көзі, инфекциялық ауруларды таратушы.
Елек өзеніне ерекше әсер ететін 3 негізгі суды пайдаланушыларды бөліп көрсетуге болады:
- «Ақбұлақ» ОАҚ жыл сайын 7-10 мың текше метр тазартылмаған су жібереді;
- «АХҚЗ» АҚ жерасты суы арқылы өзеннің 12 кв. км ареалын ластайды;
Ақтөбе облысы бойынша жасалынған геоэкологиялық картаның негізінде территорияда, деградациялық өте жоғары деңгей - 12%, жоғары -14%, қалыпты жоғары - 24%, қалыпты - 27%, төмен - 23% - ке жуық болды. Сондықтан да, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері алдағы уақытта әлеуметтік, экологиялық жэне экономикалық тұрғыдан шешілуі тиіс.
Атмосфералық ауа. Ауа бассейнінің ластануының деңгейі облыста көбіне 7 ірі кәсіпорынмен анықталады - «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Каспий Мұнай ТМЕ» ЖШС, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дон тау-кен өңдеу комбинаты - «Қазхром ТҰК» АҚ филиалдары, «Ақтөбе», «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Ақтөбе» ГҚМБ.
Ластағыш заттардың жалпы шығарындыларының 168, 05 мың тонна жалпы көлемінен 7 табиғат пайдаланушылар үлесіне атмосфера шығарындыларының жалпы көлемінен 59, 1 мың тонна немесе 49%-ды құрайды.
Стационарлық көздерден шығарындылар көлемі 2014 жылға қарағанда (169, 5 тыс. тонн) 2015 жылы 0, 8 %-ға кем (4. 2. 1-ші кесте) . Аталған атмосфераға шығарындылардың азаю көрсеткіші құрылыс материалдарын шығару саласындағы және мұнай кәсіпорындарына сервистік қызметтер көрсететін (бұрғылау, ұңғымаларды ағымдық және күрделі жөңдеу) кәсіпорындардың шығарылатын өнім мөлшерінің азаюымен байланысты. Шығарындылардың стационарлық көздер саны 6235 бірлікті құрайды, оның ішінде тазалау ғимараттарымен жабдықталғаны - 895.
Қоршаған орта жағдайын жақсарту мақсатында, жасалған жұмыс нәтижесінде 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленіп, Ақтөбе облысы әкімімен бекітілді. Аталған жоспарда келесі іс-шараларды орындау және іске асыру қарастырылған:
- Ақтөбе қ. кәріз желісін қайта құру немесе жаңа құрылысы үшін ТЭН әзірлеу;
- Ақтөбе қ. кәсіпорындарымен өндірістік ағынды суларды жеке дара тазарту жүйесін орнату бойынша шаралар қолдану;
- ілеспе мұнай газын кәдеге жаратуды 97-98%-ға дейін жеткізу бойынша шаралар қолдану;
- облыстағы автокөліктердің жалпы санынан отын ретінде сұйылтылған газды пайдаланатын автокөліктердің жалпы санын 20 %-ға дейін жеткізу;
- автокөлік құралдарынан пайдаланылған газдардың түтіндігі мен газдылылығын бақылау бойынша тұрақты негізде ІІД органдарымен бірлесе отырып, Ақтөбе қ. мен облыс аумағында рейдтік тексерулер ұйымдастыру;
- Ақтөбе қ. мен елді мекендер аумақтарында көгалдандыру жұмыстар көлемін көбейту. Ақтөбе қ. аумағында «Жасыл өңір» жобасын іске асыру.
- қалдық жинағыштарын жою;
- көлік ағысын басқару жүйесін жетілдіру.
Су ресустары
Су ресурстары өзендер және көлдермен берілген, олардың бір бөлігі жаз мерзімінде құрғап кетеді. Облыс аумағынан жалпы ұзындығы 6976 км болатын 65 үлкен және кіші өзен ағып өтеді, жалпы ауданы 49, 6 мың га болатын 45 ірі көл бар. Ұсақ тоғандар мен тартылып қалатын көлдер бар. Су қоймаларының толуы негізінен көктемгі мерзімде қардың еруі есебінен және болмашы көлемде жазғы-күзгі мезгілдерде жауын-шашын түсуі есебінен жүзеге асырылады.
Экология департаментімен құмды алқап шегінде мұнай өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың санитарлық қорғау аймақтары шегінде Ембі, Темір өзендерінің жер үсті суларының жағдайына аналитикалық бақылау жүргізіледі. 130 су сынамасы алынып, 1494 анықтау орындалды. Оның ішінде 596 анықтама Темір өзені, 714 анықтама Ембі өзені бойынша және 184 анықтама Атжақсы өзені бойынша нәтижесінде, ластағыш заттардың жоғары болуының 210 фактісі анықталды.
«Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы аумағындағы жер үсті суларының ластануын бақылауды 12 су объектісінде жүргізді: Елек өз., Ор өз., Ембі өз., Темір өз., Қарғалы өз., Қосестек өз., Ырғыз өз., Қара Қобда өз., Үлкен Қобда өз., Ойыл өз., Ақтасты өзені және Шалқар көлі.
Елек және Орь өзендері - Жайық өзенінің көпсулы сол жақ салалары. Ембі өзені Мұғалжар тауынан бастау алады және теңіз жағасындағы тұзды шалшықтарда тоқтап қалады ал, су мол жылдары Каспий теңізіне дейін ағады.
Су сапасы келесідей бағаланады: суы «орташа ластанған» - Қосестек, Ақтасты өзендері; суы «ластанудың жоғары деңгейі» - Елек, Ойыл, Үлкен Қобда, Қара Қобда, Қарғалы, Ор, Темір, Ембі, Ырғыз, Шалқар көлі.
2014 жылмен салыстырғанда Елек, Қарғалы, Ойыл, Қара Қобда, Ырғыз, Ақтасты, Ембі, Ор, Темір өзендеріндегі, Шалқар көліндегі су сапасы айтарлықтай өзгермеген, Қосестек өзенінде су жағдайы жақсарды, Үлкен Қобда өзенінде - нашарлады.
Облыс аумағында Елек өзені бойынша жоғары ластанудың 45 жағдайы анықталды.
Жер асты суларының ластануының басты ошақтары келесі өнеркәсіптік объектілермен байланысты: Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (АФЗ), Ақтөбе хром қосындылары зауыты (бұдан әрі - АХҚЗ), «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, С. М. Киров атындағы бұрынғы Алға химиялық зауытының өнеркәсіптік алаң, Дон ТКБК, Мұғалжар, Темір және Байғанин аудандарындағы мұнай-газ кен орындары.
- «Ақтөбе қаласының аумағында Елек өзенінің ластануын тоқтату үшін сел ағынының бағытын өзгерту» объектісі бойынша жер теліміне сәйкестендіру құжатын әзірлеу, сомасы - 651, 0 мың теңге;
- «Ақтөбе қаласының аумағында Елек өзенінің ластануын тоқтату үшін сел ағынының бағытын өзгерту» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындау, сомасы - 14, 902 млн. теңге.
Сондай-ақ, Экология департаменті сүзу алаңдары бар табиғат пайдаланушыларды бақылап отырады: бақылау, кәсіпорындардың сүзу алаңдары карталарына технологиялық қызмет көрсету (тазалау және жырту) сызбаларын әзірлегенін, ағын суларды қабылдау объектілерінің орналасуы қанағаттанарлық техникалық жағдайда екенін, жасанды су қоймаларының (биотоғандар, сүзу алаңдары, жинақтап булатқыш және т. б. ) ағын суларымен толу деңгейі жобалық белгілеулерден төмен екенін бақылайды.
Биоалуантүрлілік
Облыс аумағында сүт қоректілердің 62 түрі және құстардың 214 түрі кездеседі оның ішінде, сүт қоректілердің 35 түрі және құстардың 80 түрі аңшылық-кәсіпшілік болып табылады. Қазақстанның Қызыл Кітабына жануарлардың 10 түрі және құстардың 35 түрі енген. Жабайы жануарлардың көптеген түрінің қазіргі жағдайы тұрақты және қауіп тудырмайды. Қазіргі таңда аңшылық-кәсіпшілік жүргізілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz