АҚШ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАМАСЫ


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КӨЗДЕРІ . . . 5
- Шет мемлекеттерінің конституциялық негіздері және басқару нысандары . . . 5
- Шет мемлекеттерінің билік органдары . . . 10
2 АҚШ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАМАСЫ . . . 13
2. 1 АҚШ бірінші Конституциясының халықаралық құқықтық жағдайы . . . 13
2. 2 АҚШ конституциясы - саяси тұрақтылық негізі . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25
КІРІСПЕ
Америка Құрама Штаттары - Солтүстік Америкадағы мемлекет. АҚШ Конституциясы 1787 жылы қабылданған болатын. Бұл ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп тұрған буржуазиялық конституциялардың бірі, және бұл өте қатаң конституция. 200 жыл ішінде бұл конституцияға 26 түзетілу енгізілген, соның оны 1791 жылғы құқықтар туралы Билль түзетулері. Американдық теоретиктердің ойлары бойынша заңды түрде бекітілген конституциядан басқа, «тірі конституция» бар деп есептеледі.
Мемлекеттік құрылымы бойынша АҚШ федерация болып есептеледі. Мемлекет 50 штаттан және Колумбия округінен тұрады. Орталық биліктің мүддесіне келетін шарттар АҚШ конституциясында толығымен көрсетілген. Конституцияда көрсетілмеген мүдделердің барлығын штаттар өз беттерімен шеше алады, әр штаттың өзінің жеке конституциясы бар, әр штаттың өздерінің заң шығару органдары, билік атқаратын органдары және өздерінің сот жүйесі бар. Штаттың басында губернатор болады. Амеркиандық федерализмның дамуында екі бағыттардың шиеленісуін байқауға болады, бірінші ол орталық биліктің күшеюі, ал екншісі ол штаттардың билігінің күшеюі, бұл екі көрсеткіш бір-біріне қайшы келеді. Бірақ ХХ ғасырда орталық биліктің күшеюі қаттырақ біліне бастады.
Мемлекттік басқару формасы бойынша АҚШ президенттік республика болып саналады. Федералдық конституцияда биліктің бөліну принциптері көрсетілген: заң шығару билігі Конгресске, басқару билігі президентке, сот билігі Жоғарғы сотқа және басқа соттарға берілген.
Биліктің жоғарғы органы - Конгресс. Ол екі палатадан тұрады, өкілдер палатасы және Сенат. Өкілдер палатасына 435 мүше кіреді. Олар можиритарлық сайлау жүйесі бойынша сайланады. Мемлекеттің халқының мүддесін қорғайтын депутаттар екі жылдық мерзімге сайланады.
Сенат депуттаттары штаттар мүдделерін қорғайды, олар да сол можиритарлық жүйемен 6 жылдық мерзімге сайланады, және Сенат 2 жыл сайын 1/3 бөлігіне жаңартылып тұрады. Бұл жерде әр штаттан халық санына қарамастан 2 сенатор сайланады, сонымен Сенатта 100 сенатор болады. Өкілділер палатасының төрағасы спикер болады, ол депутаттар арасынан сайланады. Спикер парламентте көпшілік дауыына ие партиясының мүшесі болады. Конгресс жылына бір лет сессиға жиналады. Сонымен қатар президент төтенше сессияларды да шақыра алады. Жұмыстағы үзіліс мерзімін және сессияның аяқталуын конгресстің өзі белгілейді. Палаталар негізінен өздерінің жиналыстарын бір-бірінен жеке өткізеді. Бірақ Конгресстің негізгі жұмыстары жиналыстармен жасалмайды, орлардың негізгі жұмыстарын палаталарда құрылған әртүрлі комитеттер орындайды. Комитеттерде заң шығару жұмыстарының көп бөлігі өтеді. Жұмыстың объектісі - АҚШ федеративті республикасының құқығы
Жұмыстың пәні - шет ел құқықтық аспектілері.
Жұмыстың құрылымы. АҚШ конституциялық құқықтық негіздері тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КӨЗДЕРІ
- Шет мемлекеттерінің конституциялық негіздері және басқару нысандары
Қазіргі кездегі көптеген мемлекеттердің Конституциясы сол елдердін негізгі саяси-құқықтық құжаты әрі нормативтік құқықтық ережелерінің өзара қабысқан жиынтығы саналып, ең жоғары заң күшіне ие болады. Сондай-ақ, бұл заңдар қоғамдық қарым-қатынастарды, саяси жүйелер мен саяси режимдерді негізге ала отырып, мемлекеттік және өзін-өзі басқару оргаіщарьш институттандыру принциптерін көздейді. Сайып келгенде, Конституция анықтамасы былайша тұжырымдалады. Конституция - мемлекеттің негізгі заңы, ол басымдық ететін қогамдық күштердің еркін білдіре отырып, сол елдіцң қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, құрылымын, сонымен қатар әр түрлі қоғамдық органдардың қызметін көрсетеді. Мемлекеттік құқықтық әдебиеттерді зерттеу барысында мына елдердің: АҚШ (1787 ж. ), Франция (1791 ж. ) негізгі заңдары- мемлекеттік конституциялары алғаш қабылданғандар қатарына, ал кейінгі қабылданғандарына: Норвегия (1814 ж. ), Бельгия (1831 ж. ), Аргентина (1853 ж. ), Люксембург (1868 ж. ), Швейца¬рия (1874 ж. ) едцерінің конституциялары жатады. Екінші дүние жүзілік соғыс алдында қабылданып, қазірге дейін күшін сақтаған конституцияларды атасақ, олар: Австралия, Мексика, Ли¬ван, Ирландия, т. б. елдерге тән. Ал енді, Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне келсек, олардың басым көпшілігі дүние-жүзілік колониальдық жүйенің күйреуінен кейін қабылданған конституциялар. [1]
Мемлекеттану ғылымы ұғымында конституция екі негізгі мағынада қаралады:
Әуелгісі- заңдық конституция (мемлекеттің негізгі заңы ретінде бекітілген тәртіппен түзіліп, қабылданады) - сол елдің мемлекеттік сипатын, саяси жүйесін, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының ұйымдасуы негізі мен қызметін анықтай Вестник Межпарламентской Ассамблеи, 1994, №1, 40-бет. отырып, адамдар мен азаматтардың құқықтық жаиларын тәртіптеп береді. Былайша айтқанда, зандық конституция белгілі бір мемлекеттегі қоғамдық карым-қатынас жүйелерін қағидалап тұжырымдайды. Әлбетте, зандық конституция процесі түзілген кездегі тәжірибеде барлық құқыктық тетіктер жинақталып, дәл саралана алмауы мүмкін. Мұндай жағдайдың өзінде де коғамдық қатынас-тарды басқаратын құқықтық тетік мемлекеттану ғылымында нақтыланып конституция деп санала береді. Бірақ, күнделікті ағымдағы қажетті өзгертулер зандық конституцияға енгізіліп отыруы тиіс.
Конституция уақытша және тұрақты болады. Уақытша конституция әдетте белгілі бір мерзімге қабыдданады, Мысалы, Таиланд Конституциясы 1959 жылы тұрақты конституцияны кабылдағанға дейін күшінде бодды. Көп едцердің конституция¬сы тұрақты конституция болып табылады. Алайда, бұл тұрақтылық ол конституцияға өзгертулер, толықтырулар енгізуге, тіпті кайта қарауға бөгет бола алмайды. [2]
Конституциялар демократиялық және авторитарлық деп те бөлінеді. Демократиялық конституциялар еліндегі азаматтардың әр түрлі бірлестіктеріне еркіндік пен кең кұқықтар беруімен кезге түседі. Ал, авторитарлық конституциялар негізінен азаматтардың саяси құқығы мен еркіндігін шектеп, тіпті тыйым да салуымен ерекшеленеді. Әрбір конституция өзіндік ерекшеліктерге ие. Дегенмен, көптеген конституциялар кейбір жалпы сипаттарға ие болады:
а) конституция халықтық өкімет принциптерін жариялайды. Мысалы, Бельгияның 1831 жылғы Конституциясының 25-бабын-да: "Барлық билік халықтан келіп шығады. " делінсе, Италия Республикасының Конституциясының 1-бабында: "Италия -демократиялық республика . . . Тәуелсіздік тек халыққа тиісті"- дейді. Ал, Испания Конституциясының 1-бабында бұл елдегі ұлттық азаттық тек халыққа тиесілі екені айтылады. Өзбекстан Республикасы Конституциясының (1992 ж. ) 7-бабында: "Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық болып табылады", - деп жазылған. Тунис Республикасының Конституциясының (1959 ж. ) 3-бабыңда: "Тәуелсіздік құқық тек тунис халқына тән әрі оны Конституцияға сай жүзеге асырады"- деп жазылған. [3]
б) Конституция адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайларын реттейді. Мысалы, Бразилия Конституциясында арнайы бөлім бар. Ол "Құқық Декларациясы" деп аталады. Венесуэланың Конституциясында (1953 ж. ) "Жеке және коғамдық құқықтар мен міндеттер" деген бөлім болса, ал Өзбекстан Конституциясында: "Адамдар мен азаматтардың негізгі құқықтары, еркіндігі және міндеттері" атты тарау бар.
в) Конституция билікті бөлу принциптерін бекітіп береді. Мұндай кағидалар, мысалы, АҚШ, Ресей, Жапония, Эстония, Дания және т. б. елдердің конституцияларында бар.
г) Конституция басқару түрлерін орнықтырады (республика немесе монархия) . Мысалы, Боливияның саяси конституциясында (1967 ж. ) : "Боливия унитарлық республика болып табылады" деп көрсетілсе, Испания конституциясы (1978 ж. ) : "Испан мемлекетінің саяси нысаны - парламенттік монархия болып саналады" - деп жазылған. Ресей, АҚШ, Израиль, Беларусь, Украи¬на, Өзбекстан, т. б. мемлекеттер республика деп жарияланған.
д) Конституция мемлекеттік құрылым түрлерін (унитарлық немесе федерациялық) орнықтырады. Мысалы, ФРГ, АҚШ, Индия, Мексика федерациялық мемлекеттер болып жарияланған. [4]
е) Конституция сайлау жүйесін бекітеді.
Сонымен көп мәселелерді, әртүрлілігіне қарамастан, консти¬туция лар реттейтіні анықталды.
Конституция - сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтықтұрғыдан реттеуші жүйелерді аныктайтын мемлекеттік негізгі заң болып есептеледі. Ал, қалған зандар мен заң күшіндегі актілер, әдетте, конституциялық институттар арқылы белгіленген конституциялық реттер бойынша қабылданады. Конституцияның жоғары заң күшіне ие болу сипаты оның қалған барлық нормативтік құқықтық актілердің конституция нормаларына дәл де сәйкес болуын талап етуімен айқындалады. Әрине, конституцияның үстіден караушылық қуатын ондағы нормалардың өздері камтамасыз етеді. Сөйтіп, Ресей Федерациясының Конституциясы (4-бап) Ресей Федерациясының барлық территориясында үстіден қараушылық қабілетіне ие. Жапония Конституциясының 98-бабында Конституция елдің үстінен қарайтын заң күшіне ие екендігі, қалған заңдар мен жарлықтар, рескриптер немесе тағы да басқа мемлекеттік актілер, егер олар конституция ережелерінің бөлімдеріне не тарамдарына қайшылықты келсе, онда ешқандай заң күшіне ие болмайтыны айтылған. Біз Конституцияны төмендегіше жіктейміз: қабылданган негізгі заңның мәтіндерін зангерлердің дайындау тәсіліне қарай; конституцияны өзгерту (қайта қарау) реті бойынша. [5]
Қабылданған негізгі заңның мәтіндерін заңгерлердің дайындау тәсілі бойынша
Конституция екі топқа бөлінеді:
1 жазылған; 2 жазылмаған.
Жазылған конституция бірыңғай құжат түрінде құрылады. Оған мысалы, Германияның Негізгі заңы, Испания Конститу¬циясы, Мексиканың саяси Конституциясы, Ресей Федерациясының Конституциясы, Кырғызстан Республикасы Конститу¬циясы кіреді. Жазылған конституция (ерекшелік сипаты) бірнеше мемлекеттік-құқықгық актілерден түрады (Канада, Израиль, Сауд Арабиясы, Швеция) . Литва Республикасының 1992 жылғы Конституциясының 150-бабына сәйкес, бұл Конституция құрамына 1991 жылдың 11 ақпанындағы "Литва мемлекеті жайлы конституциялық заң" және 1992 жыддың 8 маусымындағы "Лит¬ва Республикасының постсоветтік Шығыс одағына қосылмауы туралы" конституциялық акті кіреді.
Жазылмаған конституция тек Англия мен Жаңа Зеландияда ғана бар. Дегенмен, жазылмаған конституция нормалары нақты көптеген елдердің мемлекеттік-құқыктық актілерінде де кездеседі. [6]
Өзгерту (қайта қарау) реті бойынша да конституцияларды екі топка: бейімді және қатаң деп бөлеміз.
Бейімді Конституция өзі қабылданған, өзгертілген, толықтырылған жай парламент зандары іспетті принциппен өзгертіле береді.
Қатаң Конституция болса негізгі заңның өзінде қарастырылған ерекше тәсілмен өзгертіледі.
Жазылған конституция: преамбула, негізгі бөлім, қорытынды, өтпелі, т. б. ережелерден (қосымшалардан) тұрады.
Преамбула, әдетте, конституцияны салтанатты жариялаудан, сондай-ақ кейбір нормативтік сипаттағы емес мәлімдеу ережелерінен тұрады. Кейбір елдердің (Бельгия, Италия, Латын Америкасының көптеген елдерінің) конституциялары преамбуласыз. Конституцияның негізгі мәтіні адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайлары жайлы нормаларының, мемлекеттің саяси жүйесі мен конституциялық негізгі институттарыньң, мемлекет түрі мен өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік саясат пен қоғамдық қатынастарды баскарудың маңызды жақтарын реттейтін нормалардан тұрады. Қорытынды және өтпелі ережелер нормалардың күшіне ену тәртібін немесе қабылданған конституцияны өзгерту реттерінің орнықтырылуы жайын, сондай-ақ әрекеттегі зандардың жаңартылу мерзімі мен басқа да көптеген жеке мәселелерді карастырады. Конституцияға қосымша негізінен басты мәтіндерде кеткен ақаулықтарды толықтырып не болмаса конституцияның басты мазмұнының (фабуласының, мысалы, Үндістан Конституциясына қосымша) қүқыктық жүгін нақтылайды. Жазылған Конституцияны қабылдаудың әлемде әр түрлі жол-жоралары бары бізге мәлім. Осылардың арасынан төмендегі жалпы мойындалған үш негізгі жол-жораларға тоқталайық:
1) Конституцияны өкілдік құру арқылы (құрылтай жиналысы немесе парламент) кабылдау. [7]
Былайша айтқанда, АҚШ-тың қазіргі күші бар конституциясы конституциялық конвент арқылы қабылданған. Бұл органға құрылтай өкілеттігі берілмеген, конфедеративті одакқа бірлескен 13 тәуелсіз штаттың 12 штатынын өкілдігінен небәрі 55 де¬легат қатысқан болатын. Олар өздеріне өздері құрылтайлық өкілдікті иеленген еді. 1787 жылы 13 қыркүйекте делегаттар қол қойған конституция жобасы штаттарға ратификация жасауға жіберіледі. Осы мақсатта штаттарда құрылтай жиналысы сайланды. Жобаны мақұлдауға 9 штат қажет болғанымен, оны 11 штат колдап, 1789 жылдың 4 наурызында АҚШ Конституциясы ресми күшіне енген болатын. 1791 жылғы Француз Конституциясы 1789 жылғы 5 мамырда король тарапынан шақырылған бас штат құрамына енетін депутаттардын үшінші тобы (сословия) ұйымдастырған құрылтай жиналысында бекітілгенді. Құрылтай жиналысы мақұлданған конституция жобасы корольге санкциялау үшін жіберілді. Бірақ, бұл акті жанама сипатта болды. Өйткені, конституцияның рес¬ми күшіне ену күні король Людовик XVI-ның конституцияға қол қойған 14-қыркүйек күні емес, 1791 жыддың 13-қыркүйегі, яғни, конституцияны құрылтай жиналысының мақұлдаған - оның қабылданған күні саналады. Сондай-ақ, құрылтай жиналысы тарапынан: Италия (1947 ж. ), Индия (1974 ж. ), Греция (1975 ж. ), т. б. елдердің конституцияла¬ры қабылданды. Сайлау корпусы тарапынан да конституция кабылданды. Мұндай жағдайда конституцияның қабылдануы, мысалы, 1958 жылы Францияда болды. Сайлау корпусы сол секілді Италияда (1947 ж. ), Югославаияда (1945-1947 ж. ), Болгария мен Румынияда (1990-1991 ж. ) конституциялар қабылдады. Атқарушы өкімет басшысы актісімен (октроирование) конституция кабылдау. Конституция жобасы тек қана өкімет ап¬параты тарапынан дайындалады. Кейін оны окімет басшысы бекітеді. Алғаш рет мұндай тәсіл Францияда, Король Людовик XVIII-нің тарапынан қабылданып, ол 1814 жылғы Хартияны бекіткен болатын. Мұндай тәсіл 1831 жылы Бельгияда, 1867 жылы Канадада, 1963 жылы Кувейтте және т. б. елдерде қолданылды. Бұл тәжірибені патшалық Ресей де колданған болатын. 1906 жылы 27 кекекте "Ресей империясының негізгі мемлекеттік заңдарының" мәтіні жарияланды. Шындығын айтсақ, бұл ең алғашқы жоғарыдан ендірілген орыс конституциясы еді. Бұл зандар Ресей империясының мемлекеттік құрылымын, мемлекеттік тілді, жоғарғы биліктің мәнін, заң шығарушылық тәртібін, орталық ұйымдар: Мемлекеттік Кеңес пен Мемлекеттік Дума принциптерінің, Министрлер кеңесі мен министрліктердің, Ресей азаматтарының құқығы мен міндеттерін, православие шіркеуі жағдайын күшейтті, мемлекет елтаңбасының сипаттамасы жазылып, сондай-ақ мемлекет өмірінің ең маңызды мәселелері сөз болды. [9]
Кез келген конституцияның корытынды ережеде көрсетілген кезден немесе арнайы мемлекеттік-құқықтық актімен күшіне енетіні белгілі. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясының Қорытынды және өтпелі ережелерінде көрсетілгендей осы елдің Конституциясы халықаралық дауыс беру нәтижесіне сай ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді. Күшіне енген Конституция заң бойынша мемлекеттің барлық территориясында ыкпалды. Кейде конституция белгілі бір территорияда ғана күшінде болса, кейін басқа бір территория аумағында да күшіне енуі мүмкін. Мысалы, ФРГ-нің 1949 жылы қабылдаған Негізгі заңының әуелде тек батыс Германия жерінде күші болса, кейін ГДР-дің ФРГ құрамына кіруі нәтижесінде ФРГ-нің Негізгі заңы ГДР территориясында да күшіне енді. Жазылған конституцияны өзгертудің әр түрлі тәсілдері емірде белгілі. [10]
Бейімді деп аталатын конституцияларды езгерту, жоғарыда айтып өткеніміздей, лайықты заңдар қабылдау нәтижесіңде жүзеге асырылады. Осындай тәсілдер арқылы Англия, Израиль, Жаңа Зеландия, Сауд Арабиясы, Швеция конституциялары өзгеріске түсті. Ал, қатаң конституцияларды өзгерту мұнан гөрі күрделірек тәртіппен жүзеге асырылады. Мысалы, АҚШ-тың конституциясын өзгерту үшін түзету жобасын Конгрестін әрбір палатасы мүшелерінін үштен екісі дауыс бергенде, не болмаса заң шығарушы жиналыстардын төрттен үш штаттары қолдағанда ғана заңды болады. Дегенмен, осы күнге дейін АҚШ конститу¬циясына 26 түзетулер енгенін айта кеткеніміз жөн. Италияда конституцияны өзгерту үшін парламенттер қатарынан екі рет талқылау өткізіп, екінші дауыс берерде әрбір палатаның абсолюттік көпшілік дауысына ие болуы талап етіледі. ФРГ-да да Негізгі заңды өзгерту үшін парламенттің екі палатасында да көпшілік дауыс талап етіледі. Ал, Австралияда Парла¬мент бекіткен конституцияға енгізілген түзетулер жобасы ре-ферендумда бекітілуі қажет. Төтенше жағдайларда, айталық, Бельгия, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Франция және т. б. елдерде, кон¬ституцияны қайта қарауға тыйым салынатынын ескерте кеткіміз келеді. Сонымен катар, Конституцияға өзгерту енгізу ынтасына ие құқық субъектілері әдеттегідей заң шығарушылық процесін атқарады. Алайда, мұндайда кездесетін өзгеше ерекшеліктерді де естен шығаруға болмайды. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясына ұсыныстар мен түзетулер Ресей Федерациясы Президенті, Мемлекеттік Дума, Ресей Федерациясының Үкіметі, Ресей Федерациясының заң шығарушы (өкілетті) субъ¬ект органдары, сол секілді Федерация Кеңесінің немесе Мемлекеттік Думаның бестен бір бөлігінен кем емес депутаттары тобы дауыс берсе ғана жасалады. Ал, Грецияның Конституциясына конституцияға сәйкес өзгертулерді енгізу жайлы ұсыныстарды саны 150-ден кем емес депутаттар ғана енгізе алады. Кейде Негізгі заңға түзетулер жобасын даярлау үшін конституциялық комис¬сия құрылады (мысалы, Швеция мен Финляндияда) . Сонымен катар кейбір елдерде негізгі зандарды қайта құру үшін халық ықыласын жүзеге асыру жолы да қарастырылады. Мысалы, Италияда конституциялық заң жобасы кем дегенде 50 мың сайлаушылар ұсынысымен ғана қайта қаралатын тәртіп орнаған. Швейцарияда конституцияны толық не жартылай карау үшін халық ықыласын жүзеге асыру ескерілген. Сондай-ақ, халық ынтасымен конституцияға түзетулер енгізу Латвия Республикасының Негізгі Заңында қарастырылған. Мұндай ұсынысқа 300 мыңнан аз емес сайлаушылар қол қоюлары тиіс. [11]
- Шет мемлекеттерінің билік органдары
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін ла-уазымды адамдардың есебін тындау туралы ұсыныс енгізуге; депутаттардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын зандар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен; депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған; Парламент таратылған; депутат болып сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға тиіс болған жағдайда тоқтатылады (52-баптың 3 және 5-тармақ-тары) . Депутат оған қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған кезде, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетсе өз манда-тынан айырылады. Депутаттың өкілеттігін тоқтату немесе одан айыру туралы шешімді республиканың Орталық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Парламенттің тиісті Палатасы оның депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен шығарады. Депутаттардың Парламент сессияларына, оның Палаталарының отырыстарына қатысуы. [12]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz