ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
титулка
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ..4
1. ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен
қызметінің бағыт-
бағдарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы
рөлі ... ... ... 7
2. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
КӨЗҚАРАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .12
2.1 XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Алаш қайраткерлерінің егеменділік туралы идеяларының маңызы және
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..30

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін
өз қолына алғаннан кейін өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану,
философия, тарих ғылымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді.
Солардың бірі және бірігейі ретінде халқымыздың ұлт болып қлыптасуына, оның
ұлттық және саяси сана – сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін
жариялау жолындағы күресінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы
процестерге жетекшілік жасаған қазақ интеллегенцияларының саяси күресі мен
құқықтық көзқарастарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.
Қазақстан Ресейге бодан болғаннан кейінгі кезеңдегі қазақ өлкесінде
отаршыл – құқықтық жүйенің орнығуы және оған қарсы қазақ оқымыстыларының
саяси күресі олардың қазақ елінің мемлекеттік құрылысы жөніндегі саяси
құқықтық көзқарасының эволюциясына негізделгені зерделенген. Ендеше еліміз
тәуелсіздік алған кезеңде аталған тақырыптарды жаңа заманның биік талаптары
тұрғысынан және ғылыми объективтілік принципімен зерттеп, зерделеу осы
жұмыстың арқауы болмақ.
Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп
отыратын заңдар мен құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны
белгілі. Ендеше біз Қазақстан мемлекеті саяси және құқықтық ілімінің
тарихын зерттеу үшін сол нақты тұлғалардың саяси өмір баяны мен құқықтық
көзқарастарын білуіміз шарт. Тек соларды білу арқылы ғана сол кезеңнің
саяси тарихының біртұтас кескін – келбетін жасай алмақпыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты – ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының,
яғни Алаш қайраткерлерінің саяси және құқықтық көзқарастары яғни ойлары
туралы қарастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметінің
бағыт-бағдарларына тоқталу;
- Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы рөліне
түсінік беру;
- XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси
қызметтерін анықтау;
- Алаш қайраткерлерінің егеменділік туралы идеяларының маңызы және
еңбектері танып, біліп қарастыру.
Болжам. Аталған жұмысты болжам бойынша саяси ілімдер сабақтарын оқытған
кезде қолданысқа кіргізуге болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ интеллегенциясы
қайраткерлерінің өмірі мен құықықтық көзқарасы арқылы саяси күрес пен оны
зерттеу нәтижесінде қалыптасқан саяси және құқықтық ілімі тарихының пайда
болуы мен даму жолын зерттеу.
1 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
1. ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметінің
бағыт-бағдарлары

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен көзқарастың
қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану
құралы ретіндегі тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән-мағынасы күрт
кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден
арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау белең алып келеді.
Зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңі
ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың
дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл отарлық шет аймақтардағы
өмір салаларында да- экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат
өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының
ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық
интеллигенция қалыптаса бастады. [1]
Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған "ақтаңдақ"
беттерін саралау бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің
бірі. Демек, қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу
объектісі болуға әбден лайық, тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі.
[2]
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды,
адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын
өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана
өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге
асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және
оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей
дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын
әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта
адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби тұрде айналысатын
интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ
газеті мен Айқап журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы
осындай интеллектуалдар тобы болды.
Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан өтті. Монархтық
Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл
азаматтардаң өмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын
негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт
интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді. [3]
Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі мойындамай
бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық
құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен
әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің
жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы
адамзаттық қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы
1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Қазақ интелегенциясы
саяси қызметінің қорытындысында Алаш партиясы құрылды. [4]
Саяси күреспен қатар қазақ интелегенциясы ағартушылық қызметті де
кеңінен өрістетті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы
дәрігерлердің, саясатшылардың, судьялардан, ақын- жазушылардан қаралып,
мұның өзі қазақ ғылымының орнығып, алғашқы қадамдар жасауы үшін А.
Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Ж.
Ақбаев ж.б. қыруар істер тындырды. [5]
Мәселен, Ә. Бөкейханов қазақ халқының саяси және құқықтық сана- сезімін
қалыптастыру жөнінде көп іс тындырған тамаша саясатшы ғана емес, сонымен
қатар ғұлама экономист, әдебиетші және тарихшы болған. Оның қазақ халқының
тарихын, әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен мәдениетті зерттеуге арналған
монографиялық мәні бар Қазақтар атты мақаласы 1910 жылы Петербургте
жарияланды.

2. Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы рөлі

Тарих сахнасына алашорда-халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық
күрестің басында ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды.
Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік
жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін өркениетті
елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол-ұлттық мемлекеттік құрылымның
болуы еді.
Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп
бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын
таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған
жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси
институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал, осы негізде пайда болған
мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық- мұраттарға қол жеткізуді көздейтін
шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған
елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине Алаш
партиясының өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын.
Бірақ қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі
Ресейдің тұтастығын көксейтін ақ қазақтар мен патша генералдарына да жаңа
тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймайды. Егер
алғашқылары Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын бұратана халықтың ат
төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей қарап,
аяқтарынан шалса соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан ұрандармен
артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушылары буржуазиялық ұлтшылдар,
ұлтшыл-уклонистер деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып,
артынан бұларды асып-атып, рухани азапқа салып, жойып тынды(35).
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты
көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты.
Сондықтан да, ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қорғау салушылардың есімін
атауға да тиым салынды. Міне, осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін
қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында
қалдырған творчестволық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз
еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өрлейтін терең із қалдырған
қайраткерлеріміздің тізімі жетерлік.
Кеңес дәуірі кезінде жарық көрген ғылыми зерттеулерде саяси -идеялық
ахуалдың қалыптасуына әсер еткен, факторлардың ролі, ықпалдары маркстік —
лениндік көзқараспен бағаланды. Керісінше, қазақтың кең даласында анда-
санда көрініс берген большевиктік идеологияның таралу заңдылығы, яғни
социалистік революцияның болуы дәйекті қажеттіліктен туды деген тұжырым,
қағидалар ғылыми зерттеулерде аксиома ретінде дәлелденді. Ал, қазақ
қайраткерлері қоғамды күшпен құлатып, дәстүрлі саяси-құқықтық мөдени дамуды
ұлт санасына жат институттармен алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды.
Философ А. Қасабековтың түсігінше: XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық
қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов,
М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын
өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп
уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық
езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа
жақындастыру болды (36).
Негізінен қазақ зиялыларының түрікшілдік идеяға бойсұнулары үлкен үш
негізден бастау алды: Біріншіден, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары
өздерінің білімділігі мен ізденістері нәтижесінде байырғы түрік
мәдениетіне, оның Байкал көлінен бастап, Қара теңізге дейінгі аралықтағы
ұлы далада үлкен, күшті тайпалық бірлестік құрып, дүниежүзілік тарихта із
қалдырған ұлы Түрік қағанатының батырлық еріктік істеріне қанық болды да,
солардың тікелей ұрпақтары ретінде өз халқын сол бай тарихи аталар
дәстүрімен патриотизмге жігерлендіру арқылы отарлық саясат пен ұлттық
езгіге қарсы тұру санасын оятқысы келді. Екіншіден, түрікшілдік идея, қазақ
зиялыларының пікірінше, Ресейдің қол астында отарлық саясаттан тепкі көрген
барлық түрік тілдес халықтарды бір ту астына біріктірер бірден-бір ортақ
рухани күш ретінде танылды. Себебі, түрік тілдес халықтар батыс пен шығысты
қанды шеңгелінде ұстап тұрған екі басты самұрық құстың тырнағынан жеке-жеке
ұлт болып босанып шығулары мүмкін еместігін анық түсіне білді. Үшіншіден,
түрікшілдік, түркі бірлігі идеясы, қазақ зиялыларының пікірінше, көшпелі
түрік тілдес халықтардың бай тілі мен мәдениетін, тамырын тереңнен тартқан
дінін дуние жүзілік деңгейге көтеретін сол арқылы евроцентристік
көзқарастарға тойтарыс беріп, ғылымдағы ұлыдержавалық шовинизмді тежейтін
негізгі факторлардың бірі деп саналды(38).

2. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2.1 XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметтері

XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917
жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын
аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал
арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын
еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар
мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі
мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары,
негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.
Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі
болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX
ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын- аулақ мектептер мен
гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің зиянды әсерінен сақтау және
далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім
орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің
де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы
институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты),
Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев,
Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық
қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары,
сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.
Қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия, дәрігерлік училище,
мұғалімдер даярлайтын семинария түлектерінен тұрды. Бұл топтың қатарында
Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С. Торайғыров,
Ғұмар Қарашев сияқты көптеген ірі тұлғалар бар еді.

2.2 Алаш қайраткерлерінің егеменділік туралы идеяларының маңызы және
еңбектері

XIXғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ресей империясының отаршыл
саясаты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет құру идеясын орындалмас қиялға
айналдыруға бар күш-жігерін жұмсады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев "Тарих
толқынында" атты еңбегінде: "Сырым Датов, Кенесары Қасымов және басқалар
бастаған көтерілістер қазақтың ұлттық рухын орнықтыруға, ортақ жау - Ресей
патшалығына қарсы күресте қазақтардың барлық күшін біріктіруге талпынған
әрекеттер еді", - деп көрсетуі тарихи ақиқатқа негізделген[1].
Отарлау саясаты жазалау шараларынан бастап, түрлі құйтұрқы заңдар
арқылы қазақтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін іс-әрекеттерге
дейін барып, ұлттық мемлекеттілік институтының кез келген көрінісін жоюға
тырысты. Соның салдарынан қазақ даласында хандық билік институтының
белгілері біржолата жоғалып, оның орнына отарлау аппаратының иерархиялық
сатыға бағындырылған шенеуніктер жүйесі басқаратын империялық әкімшілік
билік орнады. Дәстүрлі билер соты, шешендік сөз бен салиқалы әділ шешімге
жүгіну біртіндеп келмеске кетіп, оның орнына парақорлық, билік өкілдерімен
жең ұшынан жалғасып ауыз жаласу, сайлау науқандарындағы саяси талас-тартыс,
арамза үгіт-насихат сияқты келеңсіз көріністер туындап қана қоймай,
үйреншікті құбылысқа айналды. Бір сөзбен айтсақ, сол кезеңде қолданысқа
енген заңнама қазақ халқын қанауға бағытталды.
Патшалық Ресей қазақтың кең жазира даласын мемлекет меншігі деп
жариялап, пайдаланылмайтын бос жер деген желеңмен озбырлықпен тартып
алып, қоныс аударушыларға бөліп беру орын алды. Әлеуметтік-саяси жағынан
алғанда, бұл кезең патшалық Ресей империясының қазақ даласындағы отарлау
саясатының күшеюімен ерекшеленді.Кез келген әрекет өзінің қарсы әрекетін
туғазатын табиғат заңдылығы бұл жерде де өзінің айнымастығын дәлелдеді.
Отарлау саясаты өрістеген сайын, қазақ халқының ұлт азаттық күресі, ұлттық
мемлекеттілік құру идеясы да құрыштай шыңдалып, дами берді. Самодержавиеге,
отаршылдыққа, жергілікті шенеуніктердің озбырлығына қарсы халық наразылығы
өршіді. Осылайша, қазақтардың жаңаша саяси санасы қалыптаса бастады.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы дін тазалығын, тіл тазалығын қорғаудан,
оқу-ағарту, ұлттық салт-дәстүрлерді қолдаудан басталып, біртіндеп жер дауы,
ел дауына ұласты. Яғни, академик М.Қозыбаев көрсеткендей, “Алаштың ұлт
азаттық қозғалысы идеологиясының өзегі – отаршылдық наразылық, отаршылдыққа
қарсы ұлтшылдық. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституцияда
анықталған кейбір саяси бостандықтар, ғылым мен мәдени даму көлемінде
күресіп бақты”[2].
Қазақ халқы ұлт ретінде өмір сүру қасиетін сақтап қалу үшін тырысты:
аймақтардағы наразылық бас көтерулерден бастап, Мемлекеттік Думадағы
депутаттық орынға дейін саяси күрес ісіне тартылып, азаттық қозғалысының
арналы ағысына ілесті. Қазақтар өлке өміріндегі өзгерістерге, отаршылдық
әкімшілік ойлағандай, сырттай бақылаушы ғана болып қалмай, оған белсене
араласты. Олар болыс сайлау, партияға жіктелу, дауыс жинау, кандидаттыққа
ұсыну, лауазымды қызмет атқару, Думаға сайлану т.б. қоғамдық-саяси істерге
белсене араласты. Жергілікті мемлекеттік басқару отарлау әкімшілігінің
басқаруымен, ал сайлаулар шалағайлықпен жүзеге асса да, кең байтақ қазақ
даласындағы саяси процестерге халқымыз қызу қатысып отырды. Саяси қатысу
қазақы дала өлкесінде өзгеше мәнге ие болды. Мұндай әділетсіздік сол
кезеңдегі көзі ашық, ұлттық сана-сезімі оянған қазақтың зиялы азаматтарына
серпіліс берді.
М. Құл-Мұхаммед жаңа замандағы қазақ тарихын, оның ұлт-азаттық
қозғалыстарынан туындайтын саяси және құқықтық тарихын төмендегідей
кезеңдерге бөліп қарастыруға болады деп тұжырымдайды:
- Бірінші кезең - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы Ресейдегі
революциялық қозғалыстың өрістеуінен туындаған кезең. Бұл 1905 жылға
дейінгі аралықты қамтиды.
- Екінші кезең - Қазақстанда отаршылдық езгі, патша өкіметінің қазақ
халқын қанауды одан әрі күшейтуі негізінде туындаған әр түрлі бас көтеру,
наразылық акцияларынан бастап, саяси күштердің Қазақ газеті төңірегіне
топтасуына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл – 1905-1912 жылдар арасы.
- Үшінші кезең - Қазақ газеті шығуымен ұлттық зиялы қауымның біртұтас
саяси күшке айналып, оның Ақпан (1917) революциясына дейінгі азаттық
жолындағы күресін қамтитын кезең.
- Төртінші кезең - Ақпан революциясынан бастап, Алашорда үкіметінің
құрылуымен аяқталатын (1917 жыл, желтоқсан) - саяси тәуелсіздік жолындағы
күрес кезеңі.
- Бесінші кезең - қазақ қауымының саяси жетекші күшін құрайтын Алашорда
қозғалысы қайраткерлерінің қуғындалып, қозғалыстың таратылу кезеңі (бұл
1919-1920 жылдарды қамтиды)[3].
Біздің қарастырғалы отырған тақырыбымыз да осы хронологиялық ауқымда
болмақ. Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының қамын ойлап, елді өркениет
көшінен қалдырмау жолдарын іздеді. Оның бірден-бір жолы ғылым-білім мен
мәдениетті игеру екендігін халыққа насихаттаған зиялылардың алдыңғы
қатарында Алаш зиялылары жүрді. Олар жан-жақты қоғамдық-саяси қызметтер
атқара отырып, әмбебап маман ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси және құқықтық көзқарастары
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
Қазақ зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбектерімен танысу
XX-шы ғасырдың басындағы Қазақ зиялылары
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
Алаш партиясы программасының жобасы
Пәндер