Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Әлеуметтік нормалар туралы жалпы мәлімет пен мазмұны ... ... ... ... ... ... .5
Әлеуметтік нормалардың түрлері мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Әлеуметтік нормалардың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар:біріншісі-қоғамның дамуын басқарып,реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық.Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді.Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды.Екіншісі-біріші пікірге қарсы пікір.Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,маңызы жоқ деп түсіндіреді.Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды.Нигилизм қоғамда қабылдаған,бүкіл адамға пайдалы норималарды,жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.Құқық қоғаммен бірге эволюциялық пргрестік жолмен дамып, XIX- XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп,қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып,реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады.Біріншіден, құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып,әрекет жасау мүмкіндігі.Мысал,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу,меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Екіншіден, құқық деген-құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы.Мысалы,Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының,соған сай келетін заңдардың,өзге де нормативтік-құқықтық актілері болып табылады.Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады.Мысалы,конституциялық,ә кімшілік,азаматтық,еңбек,қылмыстық құқық .Төртіншіден, құқық термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады.Мысалы,құқық жүйелері мен құқықтық қатынастар.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек.Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.Құқықтың негізгі үш тірегі бар:имандылық,қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет.Құқық имандылықтан нәр алады,неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе,соғұрлым олардың сапасы да,абыройы да жоғары болады.
Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен,орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.
Жұмыстың өзектілігі. Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма - адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.
Әлеуметтік нормалардың белгілері:
- реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;
- жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде құрылады.
- субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен байланысты. Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - - құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау.
- қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде қарастыру.
-құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде тақырыбын тереңдете игеру барысында, теориялық білімін нығайту..
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
әлеуметтік нормалардын құқық жұйесіндегі мақсатын, міндеттерін қарастыру;
әлеуметтік нормалардын құқық жүйесіндегі құрылымын зерттеу;
әлеуметтік нормалардын құқық жұйесіндегі ерекшеліктерін анықтау, жалпы сипаттама беру болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бірінші тарауы әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі. деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған. Екінші тарауы әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде деп аталады. Бұл тараудың бөлімдерінде әлеуметтік нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде қарастырған.
Курстық жұмыстың объектісі - құқықтық әлеуметтік нормалар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы мемлекет және теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Әлеуметтік нормалардың түсінігі мен функциялары тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтік нормалар туралы жалпы мәлімет пен мазмұны

Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін -- ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау -- экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты -- экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык -- жоспарлылык болып табылады.
Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.
Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:
Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының); аумақтық (облыстық, аудандық); ұйым ішінде (ішкі жоспарлау); микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау).
Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін). Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы); әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы); ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы); экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау) [1].
Сонымен, жоспарлаудың негізігі мақсаттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
-- мемлекеттік экономика саясатын және экономиканы мемлекеттік реттеу шараларын жасау;
-- экономиканың өсу қарқынын, қажетті сапасын қамту және қолдау;
-- ұлттық экономиканың циклдік тепе-теңдігін орнату және қолдау;
-- барлық экономикалық шешімдердің үйлестілігін қамту;
-- ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамту.
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.
Стратегия -- ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында генерал шеберлігін береді.
Стратегиялык жоспарлау -- Үкіметтің, аумақ құқықтарынің, мекеме және фирма басшыларының өндіріс сұрактары бойынша, кіріс және шығыс, бюджет. салық, баға және әлеуметтік қорғау бойынша ұзақ мерзімді жобалары.
Стратегиялық жоспарлау -- ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді.
Индикативті жоспарлау -- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары және индикаторлары, соны іске асыру бойынша жоспарланған мерзімге іс шаралары және мемлекеттік экономикалық реттеуіш тізімі бар құжат.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты -- ұлттық эконоімиканың бір қалыпты дамуын, оның кұрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын-алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәулсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, индикативті жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт:
-- республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
-- нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;
-- әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
-- аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін камтамасыз ету.
Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.[1] Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын анықтаушы диспозицияларды мазмұңдайды. Ал моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі. Ал Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арка сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды [2].

Әлеуметтік нормалардың түрлері мен қызметі

Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар: 1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-арман, рухани құндылық т.б.); 2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді; 3) қоғамдық ұйғарымның (санкцияның) негізі болуы керек.
Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін, олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық тәжірибе туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады. Мұндай сәйкессіздік, әсіресе, діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып, моральдык және құқықтық нормалар, саяси, діни, эстетикалық қағидалар және ұйымдастыру-техникалық ережелер жатады. Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыруы - қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы. Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі - нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің екінші практикалық жағы - сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру. Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық ұйымдар туғызған нормалар жаңа қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып, нығаюына сан-қырлы құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады. Оларды үш топқа бөлуге болады:
- табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.;
- нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;
- адамдардың өзара қатынастарын өздерінің сапалы орындауы. Қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормаларды төрт топқа бөледі:
- табиғи нормалар - ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми нормалар деп те атайды;
- ғылыми зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи ережелер, инструкциялар;
- әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;
- құқықтық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.
Әлеуметтік нормалардың белгі-нышандары:
1. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі. Жеке адамдар, ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар осы ережеге сәйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.
2. Әлеуметтік нормалар - қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды дұрыс, жақсы орындау бар азаматтардың, барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке тартылады.
3. Әлеуметтік нормалар жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындалуға тиіс ереже. Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар [3].
Осы көрсетілген белгі-нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі құралына айналды. Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:
- құқық нормасы;
- моральдық нормалар - жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық парасаттылық, адамгершілік т.б. қасиеттер;
- саяси нормалар;
- эстетикалық нормалар;
- қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;
- адамгершілік нормалары - олар адамдарды жақсылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді;
- әдет-ғұрып нормалары - адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;
- салт-дәстүр нормалары - әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасатын дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;
- діни, имандылық, инабаттылық нормалар.
Осы әлеуметтік нормалар біріге келе - адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады. Әлеуметтік норма - қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез-тәртібінің ережесі.
Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде-мақсатты қорғап, дамытады.
Әлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек: біріншісі - қоғамдық мүдде-мақсатты орындау, іске асыру бағыты; екіншісі - жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, дамыту бағыты. Бұл объективтік бірлестік. Өмірде біржақты әлеуметтік норма болмайды.
Әлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік даму процесінде жаңа қарым-қатынастар қалыптастырады. Бұл объективтік процесс. Сол арқылы жаңа құқықтық норма қабылданады. Бұл субъективтік процесс.
Әлеуметтік норма - қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлқының, іс-әрекетінің, тәртібінің ережелері мен оларды реттеп-басқару нормалардың жиынтығы [4].

2 ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ
2.1 Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі

Құқық жалпы ұғым болып табылса , құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын , дара ұғымдардың көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтық формалық болмысы , өмір сүруінің тыныс -- тіршілігі объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді. Қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады. Норма сөзі латын аударғанда үлгі , ереже деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау , бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болады және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез- құлықтары , әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі , немесе қорғалады. Мысалы , субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс , некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың ерекшеліктері :
1) Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқықтық нормаларының мәтінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді , шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он тқрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәселелердң олардың атынан ата- анасы , асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни , бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
2) Құқықтық норма халықтың , таптардың , топтардың , тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық норма бекітілуі көп болған. Мысалы , коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің Коммунистік партияның монифистері деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған . К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып , отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып , бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді менікі дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды . Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана иүрагерлік берілген. Социалистік идиологияны жазу барысында К.Маркс Коммунистік партияның манифесінде қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
3) Құқықтық норма қажет болған жағдайда мемлекет күшпен қамтамасыз етіледі. Сот , прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқықтық норма бұрмаланған , немесе орындамаған субъектілерге күш қолданылады , жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз - мемлекет бекіткен , бәріне бірдей , формаларды айқын және орындалуы , сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез - құлықтың үлгісі [5].
Құқық нормаларының жіктелуі
Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді . Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы отбасы, әкімшілік , банк , сайлау , инвистиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық - құқықтық , әкімшілік құқықтық , азаматтық -- құқықтық , және т.б. болып жіктеледі. Ал , құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Міндеттейтін норма - бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
2) Тыйым салушы норма - бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
3) Құқық беруші норма - бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жұзеге асыруға байланысты құқықтарды реттейтін норма.
4) Дефинитивті норма - нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормада субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде не мағынада көрсетілмейді. Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі категорияларын анықтайды , үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде , құқық салаларында жиі кездеседі.
Мысалы , Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы қылмыстық ұғымының мына анықтама мағынасында бекіткен : Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет ( іс- әрекет немесе әрекетсіздік ) қылмыс деп танылады
Неке және отбасы туралы заңның 1-бабында некенің ұғымын , неке ерлі- зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын , отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімді жағдайда жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ, -- деген дефинициямен берілген .
5) Декларативтік норма - негізігі құқықтық идеялар жариялану мағынасында көрсетіледі. Мысалы , Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізуге кодексінің 8-нормасында қылмыстық процестің барлық міндеттері былай деп жарияланған : Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу , оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту , әділсот талқылауы және қылмыстық заңды қолдану болып табылады .
6) Құқықтық реттеу тәсілі бойынша құқықтық нормалар диспозитивтік , императивтік , мадақтайтын және ұсыныс беретін түрлерге жіктеледі:
а) Диспозитивтік норма - субъектілерге өз тараптарынан құқықтары мен міндеттерін өз қалаулары бойынша іс жүзіне асыруға мүмкіндік және құқықтық қатынастарға түскен жағдайда еркіндік таңдау мінез - құлқы қамтамасыз етіледі. Мысалы , азаматтық құқықтың нормалары осы санатқа жатады.
ә) Импиративтік норма - қатаң сақталуды,и орындалуы талап етіледі және екі жақтың келісімі бойынша өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқықтың нормаларыимперативтік болып саналады.
б) Мадақтайтын норма - құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің мінез - құлықтары қызметінің тәртіптері мен түрлері бекітіледі. Сол арқылы субъекттер арнайы белгіленген мадақтауға ие болады. Мысалы , бекітілген норма бойынша жазасын түзеу колониясында өтеп жүргендер үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Немесе адам көмбе тауып алған болса Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 247-бабының 2-тармағы мынадай марапаттайтын норманы бекітеді: Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі тиіс . Бүл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу прценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы [6].
в) Ұсыныстық нормалар - мемлекет және құқық теориясында жиі пайдаланылады. Мысалы , Қазақстан Республикасы Президенті қабылдаған жарлықтарында Үкіметке арнайы бір саланы реттеуге қаулы қабылдау керек екеніне ұсыныс жасауы мүмкін .
7) Құқықтық нормалар функциялары бойынша реттейтін және құқық қорғайтын нормалар болып бөлінеді:
а) Реттейтін нормалар - бұл субъектілердің субъектілік құқықтары мен міндеттерін олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма. Сатып алу , айырбас жасау , шартқа отыру , некеге тұру , мұрагерлікке ие болу , ипотека және т.б.
б) Құқық қорғайтын норма - құқық бұзушылыққа барған субектілерге мемлекет атынан шара, күш қолдану арқылы қол сұғылған , бұзылған құқықтарды орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функцияларын атқарады. Құқық қорғайтын нормалар негізінде әкімшілік , қылмыстық кодекстің ерекше бөлімдерінің баптарында нақтылы мағына бекітілген
Адамдар сан ғасырларға созылған өздерінің тіршілік етулерінің барысында түрлі нормалар мен ережелерді көптеп жасаған. Бұлар ізгілік, құқықтық, саяси, этикалық (әдептілік) өнегелі, эстетикалық, корпоративтік, діни, әдет-ғұрыптар, үрдістер, дәстүр мен дағдылар, тұрмыстық әдет-ғұрыптар, ырымдар мен жоралар, салт-дәстүрлері, салт жоралары және тағы басқалар болып жіктеледі. Нормалар дегеніміз қоғамдық қатынастарға араласып қатысушылардың жүріс-тұрыстарының басқаша айтқанда мінез-құлықтарының үлгілері, эталондары, ережелері болып табылады.
Зан ғылымы қоғамдағы қолданыста жүрген барлық нормаларды негізгі екі топқа әлеуметтік және техникалык, деп бөліп қарастырады [7].
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Бұған құқық нормалары, әдет-ғурыптар, өңеге, иман, діни нормалар, дәстүр және т.б. жатады. Осы ережелер өздерінің пайда болу негізіне, қамтамасыз ететін күшіне және хабарлау тәсіліне қарай ажыратылады. Мысалы, өнеге нормалары баяғыдан адам қоғамында қалыптасып келе жатқан, отбасында орын алатын және отбасы аркылы қалыптасатын ауызша нормалары, ал құқық нормаларының негіздері мемлекетте жатады және әрқашанда жазбаша түрінде болады, оларды мемлекет қамтамасыз етеді.
Техникалық нормаларға - техникалық нормалардан басқа санитария мен гигиеналык, экологиялык, биологиялык, физиологиялық және тағы басқалай да нормаларға қатыстылары жатады. Бұл нормалардың бәрін қысқашалап техникалық деп атау әлеуметтік деп аталатын нормалармен байланыстыра қарастырғанда түсінікті болу үшін сондай аталыммен атау қалыптасқан.
Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара ықпалдасып жатады. Қоғам үшін аса маңызды нормаларды құқық және мемлекет әрдайым қолдап отырады. Содан олар жүріс-тұрыстын техникалық-заңдық ережелеріне айналады, сөйтіп жалпыға бірдей міндетті болады да белгілі бір заңдық салдарды туындатады. Мысалы құрылыс жұмыстарының жүргізілулерінде қылмыстық заң қауіпсіздік ережелерін бұзғандық үшін жауаптылықтың болуын көздейді де оны алдын ала заңдарда белгілеп қояды. Осындай құқыктық нормалар әртүрлі көліктерді пайдалануларда да қарастырылады.
Сонымен, осы замаңғы әлеуметтік нормалар дегеніміз, қоғамдағы болмыстың тәртіпсіздік былығына айналмауы үшін, қайта ол әрбір азаматқа, адамдар топтарына, нақты бір мемлекеттерге, бүкіл адамзат қоғамдастығына ұтымды, әрі тиімді, жабдықталған (яғни комфортты), әділетті, пайдалы, құнды болуы үшін арналған және қолданылатын түрлі ережелердің жиынтық түрі.
Қоғамдық қатынастардың әрбір субъектілері қоғамда бар нормалар туралы хабардар болуы және өздерінің болмысын соларға негіздей отыра кұруы тиіс. Әртүрлі әлеуметтік нормаларды зерделеудің, игеріп ұғудың және қолданыстарда пайдаланудың барысын әлеуметтендіру деп атайды.
Адам әртүрлі топтар, бірлестіктер істеріне қатыса жүріп әлеуметтік тәжірибе жинақтайды, тұлға ретінде қалыптасады.
Сонда ғана тұлғаны мәдени нормалар білімдері негізінде іс-қимылдарға баратын, өзін айқын сезінетін, басқа адамдар арасындағы өзінің рөлін анық түсінетін тұлға дейміз. Әлеуметтік есеюдің нәтижесінде (тұлғалық касиеттерінің қалыптасуы барысында) адам өзін азамат ретінде байыптайды, ұғынады.
Азамат - адамның негізгі сипаттық мінездемелерінің бірі. Мұның өзі оның белгілі бір мемлекетке тәндігін білдіреді [8].
Адамның әлеуметтенуін нобайлау барысында байыптап барып өмір жолы ретінде көзімізге елестетіп көрсек, онда ол сол адамның әулеттік отбасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау
ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Құқықтың негізгі қағидалары
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Мемлекеттің құрылым нысаны
Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
Әлеуметтік нормалар
Пәндер