Ы.Алтынсариннің педагогикалық еңбектері арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін дамыту жолдары
титулка
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .4
1. Қазақстандағы ХІХ ғасырдағы саяси-құқықтық
ойлары ... ... ... ... ... ... ... . ... ..4
2. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық
көзқарасы ... ... ... .6
2. Ы. АЛТЫНСАРИННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРЫ ... ... ... ... ... ... 7
2.1 Ыбырай Алтынсаринның қоғамдық-саяси
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .7
2.2 Ы.Алтынсариннің қазақ халқының саяси көзқарасын қалыптастырудағы
ағартушылық
еңбегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..15
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қоғамымызда болып жатқан саяси-әлеуметтік,
экономикалық жағдайда қазақ халқының тарихи дамуына байланысты балаларды
,яғни болашақ жастарды ұлттық озық дәстүр негізінде тәрбиелеуге мүмкіндік
туғызып отыр.
Ғылымда педагогикалық категория ретінде алдымен адамгершілік ұғымы
анықталып, орныққан деуге болады. Педагогикада адамгершілік қоғамдық
талапқа сай ізгілікті , инабаттылықты білдіретін моральдық ұғымдардың
жиынтығы ретінде қарастырылады. Мәселен, педагогикалық энциклопедияда
адамгершілік тәрбие ұғымын адамгершілік мінез-құлық дағдылары мен
әдеттерді, мінездерді, моральдық қасиеттерді қалыптастыру үрдісі деп
анықтайды, ал,қазақ педагогикалық энцоклапедиялық сөздігінде адамгершілік
тәрбиесі мақсатқа негізделген көзқарасты сенімді, парасатты, мінез-құлық
дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық
сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің
құрамдас бөлігі деген түсінік берілген Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
Адамгершілік тәрбиесі ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы деп
түсіндіріледі.
Руханилық ұғымы-философиялық категория.Философиялық сөздікте руханилық
адамның материалдық, қоғамдық тарихи практикасының жоғарғы нәтижесі. Рух
материяның жоғарға көркі қоғамның , рухани өмірі . қоғамдық сана мен
болмыстың бейнесі болып табылады.. Сонымен белсенді ықпалын тигізеді.
деген түсінік берілген. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек,
руханилық ұғымы адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысты жіне соған
қатысты қасиеттерді білдіреді.
Педагогика және психология ғылымдары тұрғысынан: адамгершілік, мінез-
кұлык; рухани-адамгершілік тәрбие; адамгершілік сезім; адамгершілік сана;
тарихи сана; ұлттык мұрат (идея); ұлттық идеология; ұлттык сана;
географиядық сана; морал: адамгершілік көзқарас; тағылым; ізгілік;
менталитет, т.б. сияқты іс-әрекеттер мен касиеттерді окушылардың бо¬йына
сіңіре білуіміз керек.
Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген
күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль
элементiнiң тұрғысында қарастырады.
Зерттеу тақырыбы: Ы.Алтынсариннің педагогикалық еңбектері арқылы жеке
тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін дамыту жолдары
Зерттеу нысанасы: ХІХ ғасырдың басындағы ұлттық педагогикалық,
адамгершілік тәрбиесі туралы ой – пікірлердің даму үрдісі.
Зерттеу пәні: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік тәрбиесіндегі , яғни
тәлімдік ой – пікірлерін мектептің оқу – тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары.
1 XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
1.1 Қазақстандағы ХІХ ғасырдағы саяси-құқықтық ойлары
Ресейдiң отарлық жаулап алуы нәтижесiнде XIX ға-сырдың 60-жылдарына
қарай бүкiл қазақ жерi Ресейге қосылды. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығына
капиталистiк қатынас-тардың енуi Қазақстанның саяси-әлеуметтiк және эконо-
мика-лық-мәдени өмiрiне едәуiр ықпал еттi. 1822 жылғы Сiбiр қырғыздарының
жарғысы экономикалық-әкiмшiлiк мәселелердi ға-на қамтып қоймай, сонымен
бiрге саяси өзгерiстердi де қам-тыды. Ресей саяси-құқықтық ойының көрнектi
қайраткерi, Ба-тыс Сiбiр губернаторы М. М. Сперанский дайындаған Жарғы
бойынша қазақ даласындағы хандық билiк жойылып, басқа-рудың жаңа әкiмшiлiк
түрi — округтiк жүйе енгiзiлдi. Барлығы 8 округ құрылды. Оларды округтық
приказдар аға сұлтан мен ресейлiк екi кеңесшi, болысты — болыс сұлтаны, ал
ауылды — ауыл старшыны басқарды. Кiшi Жүз бен Орта Жүзде патша өкiметi
билiгiнiң күшеюi бұрынғы сот жүргiзу тәртiбiнен де айқын көрiндi.
Мемлекетке опасыздық жасау, кiсi өлтiру, барымта алу сияқты iстердi пат-
шаның әскери соты қарады, ал билердiң қарауына ұсақ-түйек iстер ғана
қалдырылды. Жаңадан енгiзiлген әкiмшiлiк шаралар патша өкiметiнiң
отаршылдық белсендiлiгiн арттырып, отар-лаудың қазақ даласына тереңдей
енуiне мүмкiндiк бердi. Әкiм-шiлiк құрылымы қазақтардың дәстүрлi көшiп
қонатын аудан-дарын тартылтты, құнарлы жерлерге казактар жаппай қоныстана
бастады және олар патша өкiметiнiң қазақ жерлерiн отарлаудағы әскери күш
тiрегi қызметiн де атқарды. Қазақстан жер көлемi жағынан, халқының саны
жағынан және бағалы шикiзат көзi жөнiнен де Ресейдiң ең үлкен отары
болғандықтан, патша өкiметi бұл аймақта ерекше белсендiлiк та-нытты.
Капиталистiк қатынастар қазақ жерiне кеулей ене бас-тады, бұл процестi
отаршыл әкiмшiлiк те үнемi қолдап отырды. Бүкiл ресейлiк рыноктың шеткерi
аймақтарды қамти нығаюы да қоғамдық еңбектiң бөлiнуiн тереңдете түстi.
Қазақ әдебиетiндегi батырлық рух XVIII ғасырда жоңғарлар-мен қарсы күресте,
XIX ғасырда ұлт-азаттық күресте (Махамбет, Нысанбай) қайта көтерiлгенiмен,
Қазақстанның Ресей құрамына өтуi нәтижесiнде зар-заман кезеңi басталады.
Қазақ жерiне қол салған патша өкiметi халықты жарылқау үшiн келмеген-дi.
Жерiнен айырылған халық әдет-ғұрып мен қазақы мiнезiнен де айрыла бастады.
Патша өкiметi енгiзген жаңа әкiмшiлiк шаралар қазақ болмысына тән емес-тiн.
Ұрлық, өсек, талас-тартыс, алауыздық, арызқойлық — қазақ қоғамының осы
кезеңдегi жемiсi болды. Осы кезде өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының бiр
тобы қоғамда болып жатқан келеңсiз құбылыстарды аяусыз сынға алды. Олар
Қазақстанның Ресейге қосылуы мен капиталистiк қатынастардың енуiн керi
кеткендiк деп есептедi, өткен өмiрдi аңсады, болашақ туралы өз болжамдары
мен пiкiрлерiн бiлдiрдi. Қоғамда болып жатқан өзгерiстерге өзiндiк
көзқараста бол-ған және оны сол бағытта жырлаған ақындарды М. Әуезов Зар
заман жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тарихында да олар осылай
аталды [1].
Тарих ғылымының докторы М. Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтап
байланған халықтың мұң-мұқтажы мен қайғы-қасiретiн жырлаушыларды Зар заман
мектебiнiң ойшылдары деп атады. Қазақ халқының тәуелсiз-дiктен толық
айрылып, қазақ жерiнiң нағыз тонауға түскен — отарлау саясатының ең
күшейген кезеңiн зар заман мектебiнiң ақындары торығу, сары уайымға салыну
сарынымен жырлады. Еркiндiк пен бостандықтың, дәстүр пен европалық метро-
полиядан енген жаңа тәртiптердiң шегiне жете шиеленiсуi Шор-танбай, Дулат
және Мұрат сияқты зар заман ағымы ақында-рының шығармалары арқылы
пайымдалады. Олар XIX ғасыр-дағы қазақ өмiрiне тән барлық құбылыстарды
аяусыз сынайды. Әлеуметтiк үйлесiмдiлiк уақыты ретiнде өткен дәуiрдi
идеялан-дыра отырып, бүгiнгi заманның келешегiнен де үмiтiн үзiп, түңi-
ледi. Қазақтар ата-бабадан қалған рухани құндылықтарын ұмы-тып, елдiң iшiн
әдiлетсiздiк, арамдық, өтiрiк, өсек-аяң, ақымақ-тық, ата сөзiн
тыңдамаушылық жайлап кеттi, тiптi мал да жай-лап айдауға көнбей қойды.
Көңiл жұбататын ешнәрсе таппаған зар заман ақындарының кеудесiн кернеген
мұң, зар, шер әбден күнаға батқан замандастарының құлағына жете қоймайды.
Зар заман мектебiнiң көрнектi тұлғаларының бiрi — Дулат Бабатайұлы
(1802—1874). Қазаққа деген толғауында ол қазақ халқының Абылай хан
заманынан кейiнгi Ресей бұғауына қалай түскендiгi мен болашақты дұрыс
болжай алмағандығына өкiнiш бiлдiредi. Орыс за-ңын қуаттап, елдi жас балаша
жуатпақ болған билердi, шен-шек-пенге қызыққан бектердi жерден алып жерге
сала мiнейдi. Орыс сыйына сатылған ел жақсыларына орыс өкiметi сендердi әлi-
ақ сырғалыңды күң қылып, күнiңдi тұман түн қылып, шабақтай жемге қақалтып,
көмейiңе салар қармақты деп ескертедi. Мемлекеттiң бүтiндiгi мен күштiлiгi
ел билеген хандардың көрегендiгi мен ақылдылығына тiкелей байланысты
екендiгiн Дулат Абылай ханның қазаққа ағарып атқан таң болған дәуiрiн-дегi
толағай болған жылғадан, сарқырап тұрып су аққанын , елi еркiн , қара суы
май болғанын , шалшық суы көл болып , әр рудың құрамалы ел болғандығымен
салыстыра отырып дәлел-дейдi. Қара халықты бастайтын билер бен бектердiң,
батырлар мен сұлтандардың қоғамдағы орнын жоғары бағалаған ақын олардың өз
мiндеттерiн тура атқармағандығынан елге келетiн қиыншы-лықтың өте ауыр
болатынына қынжылады. Елдi тура жолға салмаған , оның ыстығына күйiп ,
суығына тоңбаған билер мен бектердi, түн ұйқысын төрт бөлiп , толғаулы
найза қолға алмаған батырларды, нашарға жәрдем бермеген , кем-кетiктi
көрмеген байларды , сынаған Дулат күш кеткен соң қолыңнан зарлаудың да,
сарнаудың да пайдасыз екендiгiн айтады. Езгiге түскен елде ата тiлiн бала
алмады , қызы шешеге назар салмады , мәстек озып бәйге алды , үлкеннiң
тiлiн кiшi алмай, елдегi жақсы бұзылды . Заманына қарай бұзылған адам-шылық
қасиеттерден жұрдай болған ел iшiндегi пысықайлар мен сөз тасушыларды,
жағымпаздарды сынаған ақын елдiң қамын жейтұғын, мынауың терiс дейтұғын ел
ағаларының шықпаға-нына қынжылыс бiлдiредi. Дулат қоғамдағы келеңсiз
құбылыстарды тiзбектеп сары уай-ымға ғана берiлiп қоймайды, ол елдiң
ертеңiне, болашағына, бұ-рынғы несiбелi, берекелi өмiрдiң қайта келетiнiне
сенедi. Ел бастар ерлердiң халқы үшiн күресiне қолдау көрсету қажеттiгiн
айтады [2].
2. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы
Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен
халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Орыс
революционер демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы демократтарының
жанына жақын келді. Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай, Алтынсарин)
Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің
еңбектерімен, ал кейбірі (Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын.
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-
1865) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-
ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан
Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс
халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа
ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей
философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген
шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол
Қазақтардағы шамандықтың қалдығы, Даладағы мұсылмандық жөнінде, Тәңір
(құдай) деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты
пікірлер айтады [3].
Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай
Алтынсарин (1841-1889).
Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс
мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Ыбырайдың
көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және
тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. Жаз, Өзен сияқты
өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам
санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені
жаратушы құдай деп біледі. (Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!, Жаратты
неше алуан жұрт бір құдайым деген өлең шумақтарында, Мұсылманшылдықтың
тұтқасында, т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды). Алтынсариннің
этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше
орын алады. Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін
шығармалары ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу,
мейірімділік, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді қырда өскен балаларға
әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе білді [4].
2. Ы. АЛТЫНСАРИННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРЫ
2.1 Ыбырай Алтынсаринның қоғамдық-саяси көзқарасы
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге
келді. Атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленеді. Алғаш мұсылманша оқып
сауатын ашады (2-3 жылдай). 1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арналып
ашылған мектепке оқуға түседі.
Орынбордағы 7 жылдық мектепті бітіріп шығып, кеңсе қызметінде істейді.
Ғалым В.Григорьевпен жақын араласып, оның бай кітапханасынан пайдаланады.
1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұхсат алып жолға шығады. Бұл мектеп
– 1861 жылы ашылады. Ыбырай – оқытушылық ағартушылық жұмыстың қоғамдық
мәнін тереңнен түсінген адам. Соның ішінде жаңа үлгідегі мектептер ашады.
Балаларды тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруі. Торғай облыстық мектептерінің
испекторы болады (1879). Мектептің шаруашылық жағдайына аса көңіл бөледі.
Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат адам санайды. Оқу құралы – Қазақ
хрестоматиясын жазып, 1879 жылы Орынборда баспадан шығарады. Оның қазақ
мәдениеті тарихындағы орны ерекше болды.
Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай-белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар
педагог. Ол қазақтың тұңғыш прогресшіл педагогикасын, халықтың мектептерін
негіздеуші. Ыбырай Алтынсарин өзіне Ян Амос Коменский, Ушинский, Толстой,
Бунаков, Паульсон сияқты данқты педагогтарды ұстаз тұтады.
Ыбырай – көрнекті ақын, таланты жазушы. Ақынның Араз бол кедей болсаң
ұрлықпенен деген өлеңі еңбек салтанатын, адалдықты, шындықты үйретеді.
Әй, достарым? деген өлеңінде Ыбырай Қолыңнан келсе қыл, қайыр деп,
қайырымды, кең, адал азамат болуға шақырады.
Ыбырай – жаңашыл жазушы. Ол – ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идеямен
тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарына оқу, тәлім-тәрбие,
мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы сөз еткен ешкім болған жоқ. Ақынның
шығармаларында өнер, еңбек, кәсіп, адамгершілік идея, отырықшылыққа
байланысты тұрмыс жаңалықтары көтерілді. Жаз, Өзен деген өлеңдері де
кезінде қазақ әдебиетіне жаңалық болып қосылды.
Еңбек тақырыбындағы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай мен жарлы
баласы, Байлық, Асыл шөп, Қыпшақ Сейітқұл т.б. әңгімелері аса
тартымды, мәнді, көркем шығармалар [5].
Ыбырайдың адамгершілік мәселесіне Шеше мен бала, Бір уыс мақта,
Мейірімді бала, Ауырудан аяған күштірек, Әдеп, Таза бұлақ
әңгімелерін жазып, аудармалар жасады.
Ыбырай Алтынсарин – нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір
шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер сереткер, аса қажырлы
қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп жыр төккен азамат
ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы.
Көшпелі казак елін отырықшылық өмірге көшуге, тек мал шаруашылығымен
ғана емес, егіншілікпен де айналысуға, бау-бақша отырғызуға, колөнеріне
үндеген. Дінді зерттеді.
Өзінің Мұсылманшылықтың тұтқасы атты еңбегінде ол ислам туралы
объективтік түсінік беруге ұмтылыс жасады. Ол ислам негіздері жөніндегі
қолда бар кітаптың ешқандай да жүйесі жоқтығын, тіпті көпшілік жағдайда
мән-мағынасын сақтамайтындығын, араб жазуы мен құран заңына оқыту ісін
көбінесе шала сауатты адамдар жүргізетіндігін айтып, мұның бәрі қазақтың
жас ұрпағына бүгінгі таңда жағымсыз ықпал етігі отыр, ал келешекте одан да
бетер әсер етуі мүмкін деп жазды. Осыған байланысты Ы. Алтынсарин
мұсылмандық шариғатты оқиды да, Мұсылманшылықтың тұтқасы кітабын жазып
шығарады. Бұл кітабында ол мұсылмандық құқық пен өсиетінің, діни жарлықтары
мен салт-жораларының ережелерін объективті түрде баяндап берді. Ислам
ережелері бойынша адам құдайға құлшылық етіп, құран ережелерін орындауы
керек. Байлық, кедейлік, білім, надандық құдайдан таралатынына сеніп
керегі жоқ, — деп жазды ол, — еңбек етіп, оқу керек. Егер сен білім алсаң,
дандайсыма, балаларды оқытып, оларды прогресс пен әділет жолына бағыттауға
тырыс.
Мұсылманшылықтың тұтқасы кітабын жазғандағы келесі бір мақсаты қазақ
оқу орындарында қазақ тілін татар тілінен қорғап қалу еді. Өз
шығармаларында тілге сіңісіп кеткен діни қыдыр, дәуіт, әулие, алла,
жаратқан, т.б. сөздерді қолданған [6].
Ойшыл дін тарихын адамның әбден жетілген өнегелі дағдысынан алынған,
өзіндік кұндылығы бар исламның ғибратты өсиеттерін білу үшін ұсынды.
Ы. Алтынсарин қазақ қоғамының әлеуметтік кұрылымын әлеуметтік -
білімдік құрылымы арқылы ғана қарастырып қоймаған, оның әлеуметтік - таптық
құрылымына да көңіл аударған. Қазақ коғамының кесіндісі ретінде Торғай
облысының халқын алып, оны әлеуметтік зерттеу объектісі етеді. Зерттеу
нәтижесінде казак коғамының әлеуметтік құрылымында мүліктік қатынасына
қарай үш әлеуметтік топтың болғанын дәлелдейді. Ол жылқысының саны 300-400,
қойы 400—500, түйесі 20—40, мүйізді ірі қарасы 50—60 басқа жеткен мал
иелерін байлардың қатарына қоспай, оларға орташа шаруа деп қараған. Бай
атану үшін, сондай статус алу үшін аталмыш түліктер бұл әлеуметтік топта
жүздеп емес, мыңдап саналған дегенді меңзейді. Ал қарапайым шаруалардың,
дәлірек айтқанда, кедейлердің (жатақтардың) санатына мүйізді ірі қара малы
10—15 бастан, жылқысы 4—5 және қойы 20—30 бастан аспаған адамдарды
жатқызған2. Солай дегенмен де, мал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz