ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМ ТҮСІНІГІ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... .5
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жәнелту не сату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Контробанда туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫСЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы: қылмыстық- құқықтық аспект ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңарумыздың жолында елеулі кедергі болуы ықтимал 21 ғасырдың қазіргі кезде көрініп жүрген объективті қатерлеріне ерекше назар аудара келіп, географиялық орналасу жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тйылмай отыруына аландаушылқ білдірген болатын. Сондай-ақ ғасыр дертімен табанды күрес жүргізуге міндеттенген. Соңғы жылдар есірткіні, психотроптық заттарды теріс пайдалану әрі олардың заңсыз айналымының республикада жаппай таралуы етек алды және экономиканың, құқық тәртібінің жай-күйіне, қоғамдағы әлеуметтік психологиялық ахуалға, халықтың денсаулығы мен тектік қорына барған сайын теріс әсер етуде. Сондықтан да бұл мәселе қазақстандық азаматтардың ешқайсысын елеңдетпей қоймайды деп ойлаймын. Бұл дипломдық жұмысымды Есірткі, психоторптық заттар және олардың заңсыз айналымы (контрабанда) мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шараларын жүргізу мақсатында жазып өздеріңізге ұсынып отырмын. Барлық Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы үшін әрбір қазақстандық азамат өз үлесін қосу керек. Қазіргі таңда есірткі адамның жаны мен тәнінің саулығына қауіп төндіретін химиялық дәрі дәрмек болудан әрі асып, ол мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне төнген әлеуметтік қоғамдық қатерге айналып отыр. Бүкіл әлемдік қайымдастықта және кеңестік дәуірде, соның ішінде Қазақстан Республикасында соңғы жылдары заңсыз есірткі айналалымен және оның салдарымен - тұрғындардың көпшілігін есірткімен еліту бойынша күресу мәселесі күшейді. Есірткілік қылмыс өзінің географиялық, жастық және басқа да шеңберін кеңейтуде, есірткімен айналысушылар қоғамда еғсірткілік өнімдері немесе психотороптық заттарды тұтынуға, оларды айналымға заңсыз енгізуге әрекет етіде. Әлеуметтік-экономикалық прцестер аумағында әлеуметтік белсенді өмірден шеттеп қалған, кейінгі ұрпағына есірткілік тәуелділік беріп отырған адамдар саны арта түсуде. Тұрғындары есірткімен еліту мен есірткі өнімдерін заңсыз айналымға енгізу қылмыстық өмірмен тығыз байланысты және әлемдік терроризм мен қылмыстық күш көрсетудің басқа да түрлерінің туындауына ықпал етеді.
Жұмыстың объектісі. Есірткілерді заңсыз айналымға енгізу мен тұрғындарды есірткімен елітудің ұлғайып бара жатқаны жөнінде саясаткерлер мен мемлекет жетекшілері жиі айтуда, сондай-ақ олар есірткінің Қазақстан тұрғындары денсаулығына қауіп төндіретіні туралы да айтып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары есірткіні айналымда заңсыз қолданып жүрген жағдайларға фактілер келтіреді, ересектердің өскелең ұрпақты есірткі тұтынуға баулып жатқандығы туралы жалпы қауіп төніп тұр. Арнайы заң әдебиеттерд туындаған жағдай мен әлеуметтік қатерді жоюға белгілі ұсыныстар жасалуда.
Қазақстан қоғамы бұл күреске толыққанды дайын ба?
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Еліміздің президенті, Қазақстан Үкіметі мен парламенті соңғы жылдары осы мәселеге байланысты бір қатар шаралар қолданды. Бірқатар конституциялық заңдар қабылданы, басқа да нормативтік актілер мен бағдарламалар жасалды, алайда әлі көптеген жұмыстар атқаруға тура келеді.Ең алдымен , қауымдастықтың позитивті күштерін есірткіні заңсыз айналымға енгізу облысында ғана күресуге қолданып қоймай, сонымен бірге демократиялық құқықтық мемлекеттің идеологиялық базасы негізінде тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға да жұмсау қажет. 1988 жылғы есірткілік өнімдер мен психоторптық заттарды заңсыз айналымға енгізуге қарсы күрес туралы Вена Конвенциясы негізіндегі ҚР-ның есірткі және есірткі бизнесімен күрес стратегиясын біздің пікірімізше, қайта қарау қажет және соның негізінде есірткімен және есірткі бизнесімен күрес жүргізу бағдарламасының жаңа жобасын бекітуді енгізу қажет, ал кейінгі стратегиялар үш жылдық бағдарламадан кейін таратылуы тиіс.
Жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасында есірткілерді заңсыз айналымға енгізумен күресетін кәсіпкерлер потенциалы мемлекеттік арнайы құрылымдарда ғана емес, сондай-ақ ғылыми шеңберде де өсіп келеді. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу сақтау, тасымалдау, жөнелту немесс сату үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстык Кодексінің 259 бабында қарастырылған.
Жұмыстың құрылымы. Есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналым қылмысын тергеудегі тергеушінің іс - әрекеті тақырыбында жазған диплом жұмысымның көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және ұсынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМ ТҮСІНІГІ
1.1 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жәнелту не сату

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жүйкеге әсер ететін есірткі заттарды заңсыз тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Аталған қылмыстың тікелей объектісі -- халықтың денсаулығы. Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар қылмыс құралы болып табылады.
Психикаға есер ету арқылы ықпал ететін, одан әрі адам ағзасын құртып жіберуге әкелетін синтетикалық заттарды немесе табиғи текті заттарды есірткі заттарға жатқызамыз. Дәрігерлік мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 9 наурыздағы №186 қаулысында Бақылауға алынатын есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлар туралы көрсетілген. Ол 72 аталымды біріктіреді. Атап айтсак, аллипродин, гашиш, анаша, героин, кокаин, пепап, т.б. Жүйкеге әсер ететін заттарға жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының 1998 жылы 9 наурыздағы №186 қаулысына сәйкес адамның орталық нерв жүйесінің дағдарысына әкеліп соқтыратын табиғи және синтетикалық заттар жатады. Жүйкеге әсер ететін заттарға: катинон, меклоквалон, парагексил, этриптамин және т.б. Барлығы 38 түрлі аталым. Есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды пайдалану үшін сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастау, борышын өтеу мақсатында алу, сыйға алу, табылған затты иелену арқылы құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді жинап алуды таниды. Есірткі заттары немесе жүйкеге әсер ететін заттарды рұқсатсыз көлік құралдарын пайдалана отырып, қасақана іс-әрекет арқылы бір орыннан екінші орынға тасымалдау заңнамаға қайшы болып табылады.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сақтау кінәлінің иелігінде осы заттардың ұзақтығына қарамастан (денесінде, тұрғын-жайда және т.с.с) болуына байланысты кез келген заңсыз әрекеттер жасауды білдіреді. Кінәліден аса ірі мөлшерде есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттардың табылуы қылмыстық жауапкершіліктің басталуына әкеліп соқтырады. Мөлшердің көптігі сараптаманың қорытындысына сәйкес тағайындалады. 259-баптың 2-тармағында есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында заңсыз сатып алу немесе сақтау, дайындау, ұқсату, тасымалдау және сатуға, сонымен қатар аталған баптың 1-тармағына сәйкес есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында көп мөлшерде сатып алу мен сақтауға қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Дайындау -- бұл нәтижесінде пайдалануға ыңғайлы есірткі немесе жүйкеге әсер ететін басқа да заттардан алынатын кез келген іс-әрекет. Есірткі заттарының немесе жүйкеге әсер ететін заттардың сыртқы пішінін бір түрден екінші түрге өзгерту (ұсақтау, таблеткалар жасау) дайындау ретінде танылмайды.
Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды оның құрамын арттыру мақсатында қайта дайындау немесе рафинаттау (артық қосылыстардан тазарту) -- қайта өңдеу болып танылады.
Жөнелту -- есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды пошта, жүк арқылы жәнелту және т.б. тәсілдер заңсыз жіберу болып есептеледі. Мұнда аталған заттардың тасымалдау жіберушінің қатысуынсыз жүзеге асады.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өз еркімен тасыған, медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған, сондай-ақ есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға белсенді көмек көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Құқық қорғау және нашақорлық пен есiрткi бизнесінің таралуына қарсы іс-қимыл жасауға қатысатын басқа да мемлекеттiк органдардың басты назары халықтың есiрткi құралдары мен психотроптық заттарға қол жетiмдiлігіне жан-жақты шектеуге бағытталатын болады. Осыған байланысты аталған салада Стратегияның негізгі ұстанымдары елге заңсыз есiрткілердi әкелудi болдырмаумен, есiрткілердi заңсыз айналымнан тиiмдi алумен, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымнан заңсыз айналымға өтуінің алдын алумен байланысты болады.
Eciрткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттiң өзiне басты назар аударатын орталық проблемалары контрабанда көлемiнiң орын алып отырған өсуi мен опиаттар (героин, апиын) мен синтетикалық есiрткілердiң неғұрлым қауiптi түрлерiнiң транзитi болып қалуда.
Республиканың есiрткi нарығындағы контрабанда құрамын ескере отырып, шетелдердiң, ең алдымен шекара маңындағы елдердің құқық қорғау және арнайы органдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге баса назар аударылуы тиiс. Осы мақсаттарда есiрткi бизнесіне қарсы күрес саласында, атап айтқанда "бақыланатын жеткiзілім" әдiсi бойынша бiрлескен арнайы операциялар мен iс-шараларды өткiзу, қылмыстың кiрiстердi және басқаларды заңдастыруға қарсы шараларды жүзеге асыру кезінде кең халықаралық ынтымақтастық үшін құқықтық негiздердi құрайтын нормаларды жетілдірудi және бiрыңғайлауды жалғастыру. Әртүрлi мемлекеттердiң оқу орындарының базасында оқытуды және біліктілiктi арттыруды ұйымдастыруда халықаралық ынтымақтастықтың рөлін күшейту. Алда есiрткілердiң заңсыз айналымына қарсы күрестiң ақпаратымен, тәжiрибесімен және тәсiлдерiмен алмасу мақсатында құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің кездесулерін кеңейту және ұдайы жүзеге асыру iсi тұр.
Қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын есiрткілердiң заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы күрес саласында екіжақты және көпжақты шарттар мен келісімдер практикалық iске асыруға аударылатын болады. Осыған байланысты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Орталық Азия Одағы және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сияқты интеграциялық құрылымдар шеңберiнде қабылданған келiсiмдерге баса назар аударылатын болады.
Ішкiреспубликалық деңгейде кеден бекеттерiн, ҰҚК Шекара қызметiнiң жекелеген бақылау-өткізу бекеттерін және ішкі iстер органдарының "Рубеж-Н" бекеттерін, есiрткiлердiң заңсыз айналымына қарсы күрестi жүргiзетін республиканың құқық қорғау және арнайы органдарындағы кинологиялық қызметтердi ұйымдастырушылық-кадрлық және техникалық нығайтуды жалғастыру.
Есiрткi бизнесіне қарсы күрес жөнiндегi арнайы бөлімшелерi тиiмдi жұмысының маңызды шарты жергілiктi жерлердегi өзiнiң құрылымдық бөлімшелерiнің қызметiн үйлестiретiн, олардың қызметінің нәтижелерiн талдайтын және жинақтайтын және оны жетiлдiру жөнінде шаралар қабылдайтын, осы қызметке әдiстемелiк басшылық етудi жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстың топтар немесе қылмыстық қоғамдастықтар жасаған есiрткілермен байланысты неғұрлым күрделi қылмыстарды ашуға және тергеуге қатысатын орталық аппараттардың бөлімшелерiн ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және кадрлық жағынан нығайтуды жалғастыру болып табылады.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру. Бұл қылмыстың объектісі -- халықтың денсаулығы, Қылмыс құралы -- есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар. Қылмыс кінәлінің есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру арқылы көрінетін белсенді әрекетінен тұрады. Басқа бір тұлғаны қызықтыру арқылы есірткі заттарды пайдалануға итермелеуге бағытталған әр түрлі (азғыру, алдау, көндіру, т.б.) іс-әрекеттер көндіру болып табылады.
Аталған заттарды таблеткалар ішу, шегу немесе үнтақ иіскеу жолымен адам ағзасының ішіне енуі қабылдау деп лталады. Басқа тұлғаның есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды пайдалануға, қоздыруға бағытталған іс-әрекеттің жасалуы қылмыстың аяқталғандығын білдіреді. Бұл ретте кінәлінің аталған заттарды пайдалануға бағытталған әрекеті қызығушылық тудырғандығы немесе оны аталған тұлға пайдаланғандығы маңызды болып табылмайды.
Заңсыз ақшалай қаражаттың ұлттық қаржы жүйесiне енуiне жол бермейтiн қаржылық реттеудiң тиімдi режимiн қамтамасыз етумен қатар, есiрткi бизнесiнен алынған ақшаны "жылыстатуға" қарсы күрестің нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру қажет. Банк, коммерциялық және басқа да құрылымдарды қылмыстық кiрiстердi заңдастыру үшiн пайдаланғаны үшiн жауапкершілік белгiленетiн болады, есiрткі бизнесiнен түсетін заңсыз кiрiстердi тәркілеуге және есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күреспен айналысатын бөлiмшелердi нығайту үшін тәркiленген активтердiң бiр бөлiгiн тартуға қатысты нормалар көзделетiн болады.
Алда eciрткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз таралу жолдарын анықтау және жолын кесу мақсатында "Мак", "Допинг", "Канал", "Заслон" және басқа да кешендi жедел алдын алу операцияларын жүргiзудi қажеттi техникалық қолдаумен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жүзеге асыру кезiнде шетелдердiң, ең алдымен шекара маңындағы елдердiң құзыреттi органдарымен өзара iс-қимыл жасасуды жетiлдiру iсi тұр.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетiнің Нашақорлықтың ахуалын зерделеу және бағалау жөнiндегi ұлттық ақпараттық-талдау орталығын ұйымдастырушылық-кадрлық және техникалық жағынан одан әрi нығайту талап етiледi. Есiрткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жүзеге асыратын құқық қорғау және арнайы органдардың бөлiмшелерiнде компьютерлiк және өзге де байланыс түрлерiнің жүйелерiн кезең-кезеңмен енгiзуге қол жеткiзу керек.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткі айналымын бақылау комитетiнің жедел қызметi базасында ecipткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар, осыған ұқсас қызмет түрiне қатысы бар заңды және жеке тұлғалар туралы жедел ақпараттың ведомствоаралық банкін құруды жалғастыру стратегиялық жағынан маңызды болып отыр. Осы ақпарат банкі мемлекетаралық деңгейде жедел ақпаратпен алмасуды одан әрi жетiлдiрудiң негiзi болуы тиiс, бiрнеше мемлекеттер аумағында әрекет ететiн есiрткi топтарының қылмыстық қызметiнің жолын кесуге бағытталған алыс және жақын шетел елдерінің қатысуымен бiрлескен iс-шараларды әзiрлеудiң және жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Алдағы уақытта осы ақпарат банкін Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлігінің телекоммуникациялық автоматтандырылған жүйесіне қосу туралы мәселенi көздеу.
Есiрткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу саласында маманданатын сот сараптамасы органдарының бөлiмшелерін материалдық-техникалық және кадрлық жағынан нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Кадрларды даярлаудың қолда бар жүйесін жетiлдiру дербес бағыт болып табылады.
Қазақстан Республикасы Iшкі iстер министрлігінің (бұдан әрi - ІІМ) Академиясы базасында құрылған, Есiрткiнің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргiзетiн құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың бiлiктілiгiн арттыру жөнiндегi оқу орталығын ұйымдастыру-кадрлық және техникалық нығайтуды жүзеге асыру қажет. Құқық қорғау және арнайы органдардың оқу орындарының жағынан есiрткi бизнесіне қарсы күрес саласында жұмыс iстеу үшін әр түрлі бейiндегi мамандар даярлау ұйымдастырылатын болады. ІІМ Есiрткi бизнесіне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнің үйлестiрушi рөлімен мамандарды даярлаудың қазiргi заманғы жүйесi енгізiлетін, оқу процесіне БҰҰ-ның және басқа да шетел мемлекеттерінің білiкті сарапшыларын тарту практикасы жалғасатын болады.
Есiрткілер жөніндегi ұлттық ақпараттық-талдау орталығы, кинологиялық және оқу орталықтары ІІМ-нiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiмен ұйымдастыру-әдiстемелік өзара iс-қимыл жасасады.
Құрамында есiрткiсi бар өсiмдiктердi жоюдың экологиялық жағынан қауіпсiз және тиiмдi әдiстерiн құру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру, ал кейiннен республика аумағында осындай өсiмдiктердi оқшаулау және алаңын қысқарту мақсатында олардың нәтижелерiн енгiзу керек.
Құрамның есiрткiсi бар өсiмдiктердi олардың табиғи өсуiнiң iрi ошақтарында өнеркәсiптiк шикiзат ретiнде экономикалық жағынан ақталған мүмкiндiктерiн қатар зерделеу және оң нәтижелер болған жағдайда тиiсті өнеркәсіптік өндiрiстi жолға қою керек.
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндiрiстiк және оқу орындары базасында нашақорлыққа және есiрткі бизнесiне қарсы күрестiң неғұрлым көкейтестi проблемалары, құрамында есiрткiсi бар өсiмдiк шикізатынан жаңа тиiмдi дәрілiк препараттар жасау және басқа да мәселелер бойынша ғылыми тақырыптарды әзiрлеу жалғастырылатын болады. Есiрткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды табуға арналған жабдықтардың, техниканың, химиялық препараттардың және басқа да құрылғылардың өзіндiк өндiрiсiн дамытуға тапсырыс қалыптастырылатын болады, зерттеудің оң нәтижелері алынған жағдайда оларды өнеркәсiптiк дайындау жолға қойылады.
Республикамыздың құқық қорғау және арнайы органдарының есiрткiнiң заңсыз айналымы саласындағы келiсілген, теңгерiмдi қызметiн жүзеге асыруға қол жеткiзу қажет. Олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын және кадрмен қамтамасыз етілуін жақсарту, жұмысты ұйымдастыруды жетілдiру арқылы осы органдардың қызметiнiң тиімділiгiн едәуiр арттыру үшін тиiстi жағдайлар жасалатын болады.
Есiрткінiң заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдаланудың жолын кесу жөніндегі іс-шараларды іске асыруды облыстардың, республикалық маңызы баp қалалардың және Астана мен Алматы әкiмдерi жанынан құрылған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегi өңірлік комиссиялар үйлестіретін және бақылайтын болады.

Контробанда туралы түсінік

Контрабанда (италиан contrabando - жарлыққа қарсы) - тауарларды,валютаны, құндылықтарды немесе өзге де заттарды‚ солардың ішінде зияткерлік меншік заттарын кеден шекарасы арқылы заңсыз ірі көлемде алып өту. Ол кеден бақылауынан тыс немесе жасырын не құжаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдаушылықпен пайдаланып не кеден шекарасы арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шек қойылған тауарларды‚ заттарды және алып өтудің арнаулы ережелері белгіленген құндылықтарды мағлұмдамада көрсетпей немесе өтірік көрсетіп жасалады. Контрабанда экономикалық қылмысқа жатады.[1]
Контрабанда ең алдымен мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсанын келтіреді, өйткені ол біріншіден, əкелінетін жəне сыртқа шығарылатын тауарларға белгіленген баж салықтарының мемлекеттік, бюджетке түсуіне тосқауыл жасайды.
Екіншіден, біздің экономикамыз үшін маңыздылығы жоғары, сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар ( мысалы, стратегиялық маңызы бар шикізаттар) республикадан сыртқары жерлерге əкетіледі. Мемлекеттің қаржылық қызметі - экономикалық контрабанданың негізі объектілері болып саналады.
Қосымша объект - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өту ережесі. Қоғамның қауіпсіздігі, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдық бастаулары, Қазақстан халқының тарихи- мəдени мұралары, контрабанданың заты мен субъектісіне қатысты контрабанданың факультативтік объектілері болып саналады.
Тауарлар мен өзге де заттар аталмыш қылмыстың заттары болып саналады.
1995 жылдың 20 шілдесіндегі "Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы" ҚР Заңының 18-бабының 18-тармағына сəйкес, осы баптың 21- тармағында көрсетілгендей, материалдық дүниенің кез келген қозғалыстағы материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу немесе өзге де қуат көздерінің түрлері мен осы баптың 21-тармағында көрсетілген көлік құралдарына һөзге көлік құралдары тауар ретінде түсіндіріледі", ал осы баптың 21-тармағына сəйкес "оған контейнерлер жəне өзге де көлік құрал жабдықтарын қоса отырып, тауарларды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланатын кез келген құрал" көлік құралы ретінде түсіндіріледі.
Одан өзге, оларға қатысты кеден арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген, кеден шекаралары арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу енгізілген зттар мен құндылықтар осы қылмыстың заты болуы мүмкін.
Кеден шекаралары арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың тізімі 1993 жылдың 19-ақпанындағы "Қазақстан Республикасының шекеарасы арқылы алып өту тəртібі мен мəлімдеу туралы" ҚР Министрлер
Кабинеті Қаулысымен №5 қосымшасымен белгіленген. Оған мемлекеттік жəне қоғамдық құрылысты бүлдіруге бағытталған, соғысты,терроризмді, зорлық-зомбылықты, кəсіпшілікті насихаттауға бағытталған баспа жəне бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдары, өнер туындылары, көне жəдігерлер мен маңызды көркем, тарихи, ғылыми немесе мəдени құндылықтарды білдіретін өзге де заттар кіреді.
Қазақстан Республикасының кеден шекаралары арқылы алып өтуге шектеулер енгізілген заттардың тізімі осы Қаулының №6 қосымшасымен белгіленген. Оған ғылыми, көркем, тарихи немесе мəдени құндылықтарғы ие заттар, есірткілік заттарға жатпайтын дəрілік құралдар, радиоэлектрондық, байланыс құралдары мен жоғары жиіліктегі қондырғылар, тастүсті шикізаттар үлгілері (аса қымбат тастардан өзге), коллекциялық жəне сирек минералдар, палеонтологиялық қалдықтар, автокөлік құралдары жəне т.б кіреді.
Қаралып отырған қылмыстың объективтік жағы, осы Кодекстің 250- бабында көрсетілгенінен басқа жағдайларды, кеден шекаралары арқылы ірі көлемде тауарлар мен заттарды алып өтуге бағытталған белсенді іс-əрекеттен көрінеді.
Жоғарыда атап өткен Заңның 18-бабының 9-тармағына сəйкес, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу "Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар əкелу бойынша əрекеттің жасалуы немесе осы аумақтан кез келген тəсілінен тауарлар мен көлік құралдарын сыртқа əкету бойынша əрекеттерді жасауды" білдіреді.
Көрсетілген əрекеттерге жататындар: Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдарын əкелу кезінде оның ішінде еркін кеден қоймалары бар аумақтардан Қазақстан Республикасының кеден аумағынан өзге аумақтарына Қазақстан Республикасы кеден шекараларының нақты қиылысуы: өзге жағдайларда - Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары жерлерге тауарлар мен көлік құралдарын əкету ниетін тікелей жүзеге асыруға бағытталған əрекеттер жасау, немесе еркін кеден аймағы аумақтарына не болмаса, еркін қоймаларға, нақтылай алғанда - кеден мəлімдемесін беру.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасы кеден шекарасын əкелу негізінде нақты қиып өту тауарлар мен өзге де заттарды жеткізу ретінде, ал сыртқа əкету кезінде - кеден мəлімдемесін беру түсіндіріледі. Соған сəйкес, Қазақстан Республикасының кеден аумағына əкелу кезінде, оның ішінде еркін кеден аумақтары мен еркін қоймалардан кеден аумағынан басқа бөліктеріне əкелу кезінде тауарлардың немесе өзге заттардың кеден аумағының нақты қиып өту сəтінен бастап, ал кеден аумақтарына тауарларды сыртқа шығару кезінде, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының басқа кеден аумақтары бөлегінен еркін кеден аймағы аумағына жəне еркін қомаларға əкелу кезінде - кеден мəлімдемесін берілген сəттен бастап, контрабанда аяқталған болып саналады.
Алып өту мына тəсілдердің біреуі арқылы жасалады: кеден бақылауынан тысқары; кеден бақылауынан көлемін қысқартып көрсету; құжаттарды немесе кедендік идентификация құралдарын алдап пайдалану арқылы; мəлімдеме бермеу жолымен; кеден шекаралары арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген, кеден шекаралары арқылы өткізуге тыйым салынған немесе шектеулер енгізілген тауарлар мен заттарды жалған мəлімдеу.
Контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі, біріншіден -- әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.
Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат) әкетіледі.
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативтік объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халкының денсаулығы, тарихи-мәдени мұралары, қоғамның моральдық бастауы жатады.
Бұл қылмыстың Заттары -- тауарлар мен басқадай заттар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы заң күші бар Жарлығының 18-бабының 18 бөлігіне сәйкес, тауар дегеніміз -- материалдық дүниенің кез келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылык, қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері және осы баптың 21 бөлігінде көрсетілген көлік құралдарынан басқа көлік құралдары, ал осы баптың 21 бөлігінде сәйкес келік құралдарына халықаралық тасымалдау және тауарлар үшін пайдаланылатын кез келген құрал, оған контейнер мен басқа да көліктік құрал-жабдықтар жатады.
Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже белгіленген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен құндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және оның тәртібі туралы қаулысының №5 тіркемесінде берілген. Оған мемлекеттік және қоғамдық кұрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және басқа едәуір көркемдік, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылығы бар заттар кірген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу салынған заттар тізбесі сол қаулының №6 тіркемесінде берілген, оған ғылыми, көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі затына жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиілікті құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардың үлгілері, авто-мото көлік құралдары және басқалар кірген.
Бұл қылмыстың объективтік жағы -- осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған белсенді әрекетпен сипатталады.
Жоғарыда аталған Жарлықтың 18-бабының 9 бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өту дегеніміз -- тауарларды және көлік құралдарын кез келген тәсілмен Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып шығумен байланысты әрекет жасау, оған халықаралық жіберулер мен өткізу, құбырмен тасымалдау көлігін және электр жүйесін пайдалану да кіреді. Көрсетілген әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды және көлік құралдарын алып кіру, оның ішінде, еркін кедендік қоймалардың аумағына Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне алып кіру -- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту; басқа жағдайларда -- Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жаққа, не еркін кедендік зоналар аумағына, немесе еркін тауарлар мен көлік кұралдарын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда -- кедендік декларация беру.
Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып шыққанда -- кедендік декларация беріледі. Сондықтанда, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына алып кіргенде, оның ішінде еркін кедендік зоналар аумағы мен еркін қоймалардан кедендік аумақтың басқа бөлігіне алып кіргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткен кезінен бастап, ал тауарларды кедендік аймақтан алып шыққанда,сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға
алып кіргенде -- кедендік декларация берген кезден бастап контрабанда аяқталған қылмыс болып саналады.
Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін:
1) кедендік бақылауды айналып өту;
2) кедендік бақылаудан жасыру;
3) кедендік ұқсастыру құжаттарын немесе құралдарын алдап пайдалану; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі
Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Экономикалық контрабанданың түсінігі
Нашақорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық нормаларының жалпы сипаттамасы
Есірткі және нашақорлық
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу
Кеден жүйесіндегі басқарудың мәні мен мазмұны
Қылмысты ашу мен тергеудің сот,тергеу және жедел-іздестіру тәжірибесін зерттеу
ЕСІРТКІНІ ЗАҢДАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Пәндер