ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
титулка
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ
ҮРДІСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Қазақ хандығындағы құқық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .4
2. Қазақ хандығындағы қазақ ойшылдарының орны мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... .5
2 АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ ... ... ... ... .8
2.1 Асан қайғы жырау — елге ұйтқы, ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала
философы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 Асан Қайғының жерұйық идеясы – ұлттық
ұйытқы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..16
КІРІСПЕ
Қазақ халқының сол кездегі өз қосқан үлестері және сол кездегі өмірмен
байланыстырып жазған шығармалары көптеген ой қалдырады және іскеде асқан
мысалы Әл-Фараби басқару мен патшалықтың яки жоғарғы өкіметтің негізі болып
табылатын саясатқа үлкен мән берді. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады
дейді. Егер басқару шын бақытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез құлықтарды,
ерік-қасиеттерін нығайтса, ол-қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар
мен халықтар болып табылады.
Қорқыт ол-˝өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас
темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін,
ұмытылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі˝ -
дейді. Асан қайғының ˝жерұйықты ˝ іздеуі жөніндегі аңыз қазақ халқының
таңғажайып жарқын, бақытты болашақты аңсаған армандарының туындысы еді.
Асан қайғының желмаяға мініп желдіртіп Сарыарқаны аралап жүріп: Семейдің
Шыңғыстауын көріп ˝Мына шіркіннің топырағы құтырған екен, оған шөп
құтырады, оны жеген мал құтырады екен. Қаны үзілмейтін кісі өлтіру, ұрыс-
төбелес көп болатын жер екен˝-десе. Баласағұн ол мемлекет пен оның
қызметіндегі адам үшін, жау болып табылатын парақорлық деп білді. Мемлекет
аппараты қызметіндегілердің бұл жазылмас дерті екендігі қазір дәлелденіп
отыр. ˝Тұздай судай байлық-шөлдің қанбайды, қанша ішсең, құрғатар тіл
таңдайды˝. Ел басшысы бүкіл халықты әділеттілік, қайырымдылық, адамшылық
пен тазалыққа тәрбиелеуі керек. ˝Егер ізгі болса елдің басшысы, түгел ізгі
болар ашты-қосшысы. Бектер ізгі болса, ессіздік жоғалар. Байырғы халық,
әлем гүлге оранар˝. Білімнің зор мәніне маңыз бере отырып, Баласағұн
білімді кеңесшілер мен бектердің қажеттігін көрсетеді. Бұрынғыларда саясат
жайында қол қусырып қарап қалмағандарын өз жасаған еңбектері арқылы
дәлелдеп отыр.
Кейінгі ұрпақ əулие танып, аты аңызға айналған, Шоқан Уəлиханов
көшпелілер философы атаған Асан қайғы ХҮ ғасырда өмір сүрген. Өз
заманының үлкен ойшылы болған.
Асан қайғы (Хасан Сəбитұлы) 1361–1370 жж. шамасында Еділ бойында туса
керек. Қазақтың данышпан ақылгөй ақын-жырауы, өз дəуірінің бас биі Асан
қайғы — Шыңғыс хан тұсында жасаған Үйсін Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Майқы
Алтын Орданың қырағы данышпан адамы болған. Бірнеше хандарды қолынан
өткізген.
Асан жасынан жұртының мұң-мұқтажын армандап, болашағын ойлаумен,
болжап толғанумен боп, шерменде бола беріпті. Осыдан жұрт оны, қайғы
деген лақап есім қосып, Асан қайғы деп атап кеткен.
1 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
1. Қазақ хандығындағы құқық жүйесі
Әдетте руларды сол рудан шыққан ақсақалдар басқарды немесе кейбір
жағдайларда төрелер хан көтеріліп басқару құқығына ие болды. Ру ақсақалының
юрисдикциясына ішкі сот, өзара көмек беру, рудың ішкі қатынастарының
мәселелері жатты. Әскер құру принципінде Керей салған жүйе хандық билік
жойылғанша сақталып отырды деп айтуға толық негіз бар. Қазақ әскерінің
негізін еркін көшпеліден тұратын жасақ құрады. Жасақ рулық тайпалық принцип
бойынша құрылды. Бас қолбасшы болып хан сайланды. Кейде бас қолбасшылық
міндеттері сайлау негізінде өзін дарынды көрсете алған адамдарға өтетін.
1473-1480 жылдары билік құрған Жәнібек Түркістан өңірінде ықпалын
күшейтуге тырысты. Қазақ хандарының мемлекет өмірінің алғашқы кезеңіндегі
маңызды реформалары бұдан кейінгі дәуірдегі хандықтың дамуы мен өркендеуіне
қуатты негіз қалыптастырды. Қазақтың алғашқы билері мен жырауларының саяси-
құқықтық идеяларының мәні деген атауға ие екінші бөлімшеде жыраулардың
саяси-құқықтық ойлары қарастырылады.[1]
Қазақтың тұңғыш билерінің бірі – Асан қайғы саяси тұрақтылық пен
бейбіт өмірді жақтаушы. Ол геостратегиялық тұрғыдан Қазақ хандары үшін ең
маңызды орын алуы керек жәйт – Батыс пен Шығысты жалғастырып, Шыңғыс хан
дәуіріндегі мәдени, рухани орталық болып табылған Еділ мен Жайықты иеленуді
ұсынады. Бұл жырау тілімен айтқанда Жерұйық түсінігіне саяды.
Асан қайғы – хандық биліктің жақтаушысы, әрі жыршысы. Жырау үшін
халықтың жағдайын жақсартудың көзі – монарх. Кез келген жағдайда Асан қайғы
реформаның жоғарыдан жасалуын қалайды, яғни эволюциялық дамуды қолдайды.
Қазтуғанның саяси-құқықтық ойлары туған жер, атамекенді қорғау, ата
жұртты мадақтау, елдің тыныш өмірін жақтау екендігі айқын. Ол Еділ мен
Жайыққа жетер жер жоқ екендігін, Ноғайлы қазаққа жететін халық жоқ
екендігін, бірақ халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өмір кешуіне қауіп төніп келе
жатқандығын баса айтады . Заманның өзгерісін ескеріп, жаңа заман
талаптарына сай өмір сүру керек. Халық бірлігі – басты құндылық. Саяси және
құқықтық ойлардың ішінде Қазтуған ойларының ерекшелігі сонда, көп жылдар
алдын ала болатын жәйларды болжаған жырау, халық тағдырын дәл табады. Дәл
тауып қана қоймайды, осы жағдайлардың орын алуына ықпал еткен себеп,
салдарды қарастырады. Бодандықтан аман қалудың жалғыз жолы – рухы тәуелсіз,
күшті келешек буын, ұрпақ қалыптастыруда. Алайда, түрлі тарихи процестер
нәтижесінде бодандыққа түскен қазақ халқының өзі де бұл проблемалардан
алшақ қала алмады. Жастарды тәрбиелеуде ұлттық нышандарды ескермеу, ұлттық
ділдің, діннің, тілдің қолдану аясынан шығып кетуі ұлттың аман қалуына
қауіп төндірді. Бұл қауіп еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де жойылған
жоқ. Қазтуған шығармалары мен саяси-құқықтық көзқарасы бүгінгі күні де өз
маңыздылығын жойған жоқ. Жыраудың ұлттық мемлекетке деген көзқарасы бүгін
Қазақстан үшін ғана емес, саяси тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізген
барлық мемлекеттер үшін ерекше. Билікті орталықтандыру және қалалық
өркениетті дамыту Қасым ханның ойы бойынша мемлекеттің беріктігін
қамтамасыз ететін факторлар болды. Осыған байланысты Қасым өз жоспарларына
Қазақ хандығының құрамына Сыр өңіріндегі бекініс қалаларды енгізуді мақсат
етіп қояды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев
былай деп жазады: Кезінде қоныс алу үрдісін шапшаң жүргізген көрнекті
хандардың бірі Қасым еді. Оның сыртқы саясаттағы сәтті қадамы Сырдария
бойындағы қалаларға қазақ билігін бекіте түсу жолындағы күрес болды. [2]
Қасым хан дәуіріндегі сыртқы саясаттың тағы бір векторы Ресей болып
белгіленді. Құқықтық реформаларына тоқталар болсақ, Шыңғысхан заманынан
бері кодификацияланбаған Яссыларды жүйелеп, нормативті актілердің жаңа
жинағы Қасым ханның қасқа жолының шығуына ықпал етті. Бұл құқық жүйесі
бүкіл халқы бір қазақ ұлысы болған үш жүзге түгел таралды. Заңдар жинағы
бес тараудан тұрды:
1. Мүлік заңдары (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).
2. Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау,
ұрлық мәселелері).
3. Әскери заңдар (қосын, аламан, әскери міндет, тұлпар ат, қара қазан
мәселелері).
4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, сыпайылық, әдептілік).
5. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т.б.).
Хақназардың негізгі саяси-құқықтық мақсаты хандықтың тұтастығын
сақтап, көршілерінен қорғану болатын. Вся политическая деятельность
Хаккназар-хана была направлена на интеграцию казахского общества и
обеспечение безопасности своей страны от внешних вторжении. [5]
1.2 Қазақ хандығындағы қазақ ойшылдарының орны мен рөлі
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр
және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып
нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы.
Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, малым жанымның садағасы, жаным арымның
садағасы деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік
қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі
қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне,
ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың
туындысы болды.
Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті
сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен
мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын
мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше,
біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі
мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.
Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар
кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше
алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң
шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының
әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын
хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды.
Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа
түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік
мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп
сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген.
Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің
болғанын көреміз. [6]
Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың
тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің
кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен
айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен
ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны
мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын
жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен,
билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз
етуге, яғни сот билігіне келіп саяды. [7]
Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін
қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ
халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған
кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүйенбей-ақ, өз
орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ
ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған.
Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде деп білетін билер әділдікті
шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін,
татулығы мен басының амандығын тілеп, сол үшін еңбектенді.
Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс
қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің
шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді. Жалпытанылған пікір
бойынша билер сотының мынадай қайталанбас ерекшеліктері болған:
1) қылмыстық жауапкершілікке тарту 13 жастан бастап жүзеге асқан.
Қазақтардың арасында он үште отау иесі деген ұғым қалыптасқан.[8]
2) билер институтының қоғамдық қызметі мен құқықтық бағыт-бағдарын
айқындауда өзіндік дала конституциясы ретінде танылған Қасым ханның қасқа
жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы құқықтық ережелері құнды
болды. Егер де даулы істерді қарау барысында шешім шығаруға қатысты
мәселелер осы аталған заңдарында қаралған болса, онда соларда көрсетілген
ережелерге сүйенген. [9]
Ол туралы ұлы Абай өзінің үшінші қара сөзінде: ...Бұл билік деген
біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы
Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолын, Әз Тәуке ханның Күл
төбенің басында күнде кеңес болғандағы Жеті жарғысын білмек керек. Әм,
ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға
келіспейтұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу
саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.
Бұрынғы қазақ жайын білетін жақсы білген адамдар айтыпты: Би екеу болса,
дау төртеу болады – деп. Оның мәнісі – тақ болмаса, жұп билер таласып, дау
көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс
елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе,
жаманшылығы әшкере болғандықтан түссе, әйтпесе түспесе – деуі көп нәрсені
аңғартады. [10]
Қазақ қоғамын саяси басқару мен сот жүйесін модернизациялаудың жемісті
болуы – саяси реформалардың бұрынғы қалыптасқан саяси дәстүрлермен,
қоғамдық құндылықтармен сабақтасуына тығыз байланысты екендігін Абай
тәжірибелі саясаттанушыға тән көрегендікпен ашып көрсетеді. Қазір Қазақстан
Республикасы құқықтық мемлекет құру жолына түскенде осы мәселе қайтадан
алдымыздан шығып отыр: сот судьяларын өмір бойына тағайындау өзекті болып
отыр.
3) Сонымен қатар, билер сотының шешімі әрқашан да әділеттікке
негізделіп, олардың кескен үкімдері мен шешкен даулары өзіндік құқықтық
норма сипатына ие болған. Сол арқылы жаңадан туындаған дау-жанжалды, нақты
бір қиын істі шешкен ереже, қағида, нақыл сөздер норма, сот прецеденті
ретінде ел арасына тарап, келешекте орын алған ұқсас сот істерінде, дау-
жанжалдар туындағанда қолданылған. Кезінде осындай дауды Едіге би былай
шешкен екен, мұндай дауға қатысты Төле бидің мынадай шешімі болған деген
сияқты, немесе қандай да бір рудағы ерекше әдіс-тәсіл арқылы әділ шешілген
даулы прецеденттердің тәжірибесін келтіре отырып, дәстүр сабақтастығы
негізінде әділетті шешімдер шығарылған. Сондықтан да, қазақ билерінің адал
қызметіне арқау болған прецедент ұғымының мәнін ашып, арнайы тоқтала
кеткеніміз жөн. Бүгінгі күні прецеденттік құқық шеңберінде екі түрлі бұтақ
қалыптасқан: жалпы құқық және әділет құқығы.Мінеки, көріп отырғанымыздай,
қазіргі кезде құқықтық мемлекет деп танылған батыстық елдердің қолданып
жүрген сот прецеденті ұғымын қазақ билері өз заманында түрлі дауларды
шешуде шебер пайдалана білген.
4) Егер бидің шешіміне тек бір тарап қана разы болса, онда істің
әділетсіз шешілгені, мұндай келеңсіз жағдай бидің беделін түсірген.
Болашақта мұндай сыңаржақ шешімді билерге дауласқан адамдар іс қарауға
өтініш бермеген. Соның нәтижесінде билердің әділ шешім шығаруға деген
жауапкершілігі мен кәсіби мүдделігі артқан, оған қоса мұндай жағдайда
жарыспалылық ұстанымы бойынша кәсіби тұрғыдағы әділ бәсекелестіктің
орнайтыны да сөзсіз.[11]
2 АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

философы
Асанның (Хасанның) əкесі Сəбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен
еткен. Шежіре- аңыздардың айтуынша, ол ұзақ жасаған. Он сегіз мың ғаламның:
құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел, əулие, атақты саясатшы
болса керек. Ал баласы Асанды ес білгеннен осы қасиеттерге баулып өсіреді.
Сондай өнегелі, ұлағатты тəрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқының
қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды.
Сондықтан да ол жас болса да өз тұсындағы хан, сұлтан, би, бектермен бірге
жүріп, оларға ақыл қосады. Ой, пікір жарыстырып, тайталасып ер жетеді. Сол
бозбала кезінен-ақ ақындық, жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете
меңгереді. Ел дауын, жер дауын, əдет-ғұрып мəселесін шешерде оның ақылдығы,
алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп
шыға береді.
Бұл жерде ерекше айта кететін жай, Асан қайғының нақты қай жылы, қай
жерде өлгені əлі белгісіз. Бір мəліметтерде Асан Ата қазіргі Өзбекстан
жерінде Жиделі Байсында дүние салды делінеді. Ел аузындағы қария сөздің
айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, оған Ұлытаудың топырағы
бұйырған. Ал, Ш. Уəлихановтың жазуында Асан Ата өмірінің соңғы жылдарын
Жетісуда өткізіп, Ыстықкөлдің жағасында дүние салған [12].
Профессор Х. Сүйіншəлиев: Қазіргі Ақтөбе облысының жерінде Асан Ата
есімінде ескі бейіт бар. Оны халық Асан қайғының моласы деп қатты құрмет
етеді. Бірақ ол мола анық осы Асан қайғынікі ме, əлде басқа біреудікі ме —
мұның өзі əлі анықталмаған мəселе, — деп жазады.
Ə. Əбілқайырқызы Дала данышпаны деген мақаласында: Асан қайғының
нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша Жезқазған
облысының (қазіргі Қарағанды облысы) Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша
Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде
жерленген екен. Асан қайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан Ата кесенесі
Жеті əулие қорымында орналасқан, — деген дерек ұсынады.
Бұл пікірге академик Д. Кішібеков қосылады: Асан қайғы кесенесі Шиелі
жерінде деген пікірге қайта оралсақ, өзім сол жердің тумасы болғандықтан
ба, əйтеуір оған əбден қосыламын... Айтарым, Асан қайғы Шиеліге келді ме?
Əрине, қазақ халқына Жерұйық іздеген əулие мұнда келмеуі мүмкін емес.
Өйткені Шиелі тұрмысқа қолайлы жерлерге жатады. Қазақта жабайы шие шыққан
жерді əулие жер дейді. Шиелі — жабайы шие өте көп шыққан өңір. Шиелі атауы
да сол жағдайдан туындаған. Шиелінің жері өте бай болған.
Ақынның қанша жасағаны да мəлімсіз. Халық аңызында ол – көпті көрген
көне. Бір аңызда Асан 95 жасқа келген қарт, енді бір аңызда оның жасы 120-
да еді делінеді...
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ə. Сарай: Асан қайғының туған, өлген
жылдары туралы нақты дерек жоқ. Тек жүзге жетеқабыл ұзақ жасағаны күмəнсіз.
Тарихи оқиғалар аясында топшылағанда, яки Жəнібек хан 1470–1474 жж. Еділ-
Жайыққа ауғанда, оған кеңесші болуы, ұлы Абаттың Ноғайлыдағы тарихи
уақиғаларға араласуы туралы басы ашық деректер негізінде Асан қайғы ХV
ғасырды (1400–1500) бастан-аяқ жасаған сөз зергері екені анық аңдалады, —
деп жазады.
Қазіргі таңда Асан қайғы туралы екі түрлі болжам бар. Бірі — оны
аңыздардың жиынтығы ретіндегі бейне десе, екіншісі — Хасан Сəбитұлы — қазақ
халқының мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ екендігі. Қазіргі
ғалымдарымыз мен тарихшыларымыздың зерттеулері екінші болжамның дұрыстығына
саяды. Себебі Асан қайғының қазақ жеріндегі Жерұйықты іздегенін, оның
табаны тимеген жер біздің Отанымызда жоққа тəн екендігін өткен ғасырларда
да ақын-жыраулар өз еңбектерінде айтып кеткен. Тіпті, Асан қайғы есімі
туыстас халықтарға да (қарақалпақ, қырғыз, т.б.) кеңінен таныс [13].
Асан қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан,
Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих
сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас тарасты аласапыран
кезеңмен тұспа-тұс келді.
Тарихта аты қалған ұлы тұлғалардың әрқайсысының өзіндік орны болады.
Осы ретте, Асан Қайғыны қазіргі қазақ мемлекеттігінің, ел тәуелсіздігінің
түп қазығы деп қарастырсақ артықтық етпейді. Оның себебі, сол тарихи
құбылыстардың міндетті түрде себеп пен салдары болады. Ендігі жерде, сол
себеп пен салдарға дейін ой, қиял, арман,аңсар, идея, мақсат-мүдде
дейтіндер елдің ұлағатты ұландарының кеудесінде кәусар бұлақтай
атқылап,санаға салмақ түсіреді,тілін шешеді, жазуына жаңалық қосады. Міне,
осы тұрғыдан алғанда Асан Қайғының тарихтан алатын орны әлі анықталған жоқ.
Әйтсе де, қазақ дейтін халықты ұйыстыруда Асан Қайғыдай данышпанның болуы,
ол Алладан келген ұлы сый деп білеміз. Біздің ұлы жұртымыздың басым бөлігі
мыңдаған ғасыр бойына көшпелі өмір салтын ұстанды.Асан Қайғы бабамыз осы
тіршіліктің түйінін тапты. Ол – Жерұйық болатын.Болса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz