Атырау облысының радиациялық жағдайы


Атырау облысының радиациялық жағдайы

Облыс әлемдік мұхиттан төмен деңгейде орналасқан аумағының басым бөлігі негізінен Каспий маңы ойпатының кең шегінде жатыр. Қазақстанның батысында жартылай шөлейтті және шөлейтті аймақтарда орналасқан ойпатты немесе біршама көтеріңкі жазықтар бар. Шекарасының ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 350 км, батыстан шығысқа қарай 600 км.

Атырау қаласы Атырау облысының облыс орталығы болып табылады. Халық саны 263, 9 мың адамды құрайды және (облыстың барлық халқы 45, 4%) «әлемдік мұхит» деңгейінен -25 - 26 метр төмен тұр.

Батысында Ресей Федерациясының Астрахань облысымен шектессе, солтүстігінде Батыс Қазақстан, шығысында Ақтөбе облысы мен оңтүстік - шығысында Маңғыстау облысының Үстірт платосының солтүстік бөлігіне дейін және Каспий теңізі суларымен ұласады. Облыста барлығы 204 елді мекен, оның ішінде: 2 қала, 13 кент, 178 село мен ауыл, 11 темір жол разъезді мен станциялары бар. Облыс бойынша қала елді мекеннің үлесі - 49, 1%, селолық - 50, 9%-ды құрайды. Облыс бойынша орташа алғанда 1 км 2 аумақта халықтың тығыздығы 4, 9 адамды құрайды.

Аумақтың рельефі - Каспий теңізі жағалауларынан елеусіз көтерілетін толқынды жазық болып келеді. Каспий маңының маңызды алқап бөлігі тізбекті және шағыл құмдардан (Нарын, Тайсойған, Қарақұм), басым бөлігі сор топырақтардан тұрады. Облыстың солтүстік-шығысын Орал асты борлы шатқал тау сілемдері алып жатыр.

Климаты континенталды, қуаң. Жазы құрғақ, ұзақ, ыстық, қысы аз қарлы, суық. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-200 мм. Атырау облысының аумағындағы Жайық - Каспий бассейні бойынша ірі 4 өзен бар, олардың жалпы ұзындығы - 1002 км және ұзындығы - 348 км құрайтын 14 кіші өзен бар.

Атырау облысында жалпы су айдыны 60, 31 км 2 98 көл бар, сонымен қатар ұзындығы 740 км құрайтын Каспий теңізінің Солтүстік - Шығыс жағалауы. Өзеннің төменгі сағасында салалар, тармақтары, айрықтары, батпақты жерлер мен көптеген көлдер пайда болады, теректі тоғайлар кездеседі, оның көпшілігі тұзды. Олар жазда кебу нәтижесінде сортаңданады. Өзен жағалай емен және талды тоғайлар кездеседі. Облыстың ең ірі көлі- Индер (110, 5 км 2 ) .

Аумақ топырақ жамылғысы мен өсімдік сипаты бойынша 4 аймаққа бөлінеді: теңіз маңы, өзен маңы алқабы, жартылай шөлейтті-далалы және құмды аймақтар. Облыс бойынша топырақ құрамы бойынша құм және дамымаған құмды шөл топырағы сонымен қатар сортаң және сор жерлерге ие.

Өзен жағасы бойындағы су жайылмасының топырағындағы орман өсімдіктері тиісті қолдау мен күтілген жағдайда молаяды. Аллювиалды тұнбалар есебінен пайда болған және табиғи дренаж мүмкіндігі бар су жайылмасы топырақтарынан басқа, облыс аумағында кең тараған өзінің физикалық, физико-химиялық (су ауа өткізу және т. б. ), қышқылды-сілтілі балансы бар сортаң және сор топырақ гумусын тиісті мелиоративті шаралар жүргізбей өсімдіктердің өсуіне жарамсыз болады.

Жергілікті жерде гамма сәулелену деңгейін бақылау «Қазгидромет» РМК күн сайын 3 метеорологиялық станцияларда (Атырау қ., Пешной, Құлсары қ. ) және Құлсары қаласының атмосфералық ауаның ластануын бақылау1 автоматты бекетінде (№7) жүргізіледі.

Елді мекендердегі атмосфераның төменгі қабатындағы радиациялық гамма-фонның орташа көрсеткіші 0, 06-0, 18 мкЗв/сағ құрап, табиғи фоннан аспады.

Сонымен қатар Атырау облысында атмосфераның төменгі қабатындағы радиоактивтік ластануды бақылау 1-ші метеорологиялық бақылау станциясында (Атырау қ. ) көлденең планшет арқылы ауадан сынама алу жолымен жүргізілді. Станцияда 5 тәуліктік сынама алынды.

Аумақта атмосфераның төменгі қабатындағы радиоактивті түсімдердің орташа тәуліктік тығыздығы 1, 4 Бк/м 2 шекті жол берілген деңгейден аспайды.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің деректеріне сәйкес облыста 26 өндірістік кәсіпорында 443 бірлік жабық типті иондық сәулелену көзі бар.

Атырау облысында 2015 жылы 4298, 475 (2014 жылы - 631, 771) мың тонна қалдық жиналған. Оның ішінде кесек күкірт 9, 983 (2014 жылы - 260, 276) мың тонна, өндіріс қалдықтары 1330, 922 (2014 жылы 371, 495) мың тонна және тұрмыстық қатты қалдықтар 2 957, 570 (2014 жылы 2 875, 870) мың тонна құрады.

2015 жылдың соңына қарай түзілген қалдықтардың көлемі 400, 9695 (2014 жылы - 292, 083) мың тонна құрады. Оның ішінде өнеркәсіптік қалдықтар - 319, 2695 (2014 жылы - 227, 286) мың тонна және тұрмыстық қатты қалдықтар - 81, 700 (2014 жылы - 64, 797) мың тонна, сонымен қатар «Теңізшевройл» ЖШС-нің қызметі нәтижесінде 9, 983 (2014 жылы - 75, 793) мың тонна кесек күкірт пайда болды.

Негізінен өндірісте қалдықтар мұнай және газ кен орындарын өңдеу, көмірсутекті шикізатты сақтау, тасымалдау және құрылыс жұмыстарының нәтижесінде пайда болды.

2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы пайда болған қалдықтар көлемінің артуы ластанған күкірт көлемінің және қатты минералды қалдықтар, №5 күкірт картасының жоспарланған тазалауында және ТФС қондырғысының бұрғылау шламын қайта өңдеу кезіндегі («Теңізшевройл» ЖШС) артуымен түсіндіріледі.

Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтардың да көлемі артқан. Бұл үрдіс халықтың тұтынуының өсуімен және де елді мекендердегі қоқыс тазалау табиғат қорғау шараларын өткізумен және т. б. байланысты болып отыр.

Облыс аумағындағы өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратуды қалдықтарды кәдеге жарату бойынша мамандандырылған кәсіпорындар айналысады. Қалдықтарды залалсыздандыру және қайта өңдеу физика-химиялық, микробиологиялық, термиялық әдістермен жүзеге асырылады.

Кейбір ірі кәсіпорындардың қалдықтарды басқару мәселесі жағдайының қысқаша сипаттамасы:

2015 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-де 1330, 922 мың тонна өндірістік қалдықтар пайда болды. 76, 419 мың тонна өндірістік қалдықтар ( 15, 5% кәдеге жаратылды) қайта өңдеу және тараптық ұйымдарға беру жолымен кәдеге жаратылды, қалғандары өз полигондарында орналастырылды.

2015 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-да 13, 231 мың тонна өндірістік қалдықтар пайда болды, оның ішінде 3, 236 мың тонна мазутпен ластанған топырақ пен мұнай шламы (немесе 33, 2 % кәдеге жаратылды) қайта өңделді және 6, 523 мың тонна өндірістік қалдықтар кәсіпорынның өз полигондарында орналастырылды. 2015 жылы табиғат қорғау шаралары жоспарына сәйкес, KASC-30M қондырғысында мазутпен ластанған топырақты қайта өңдеу жүргізілді. Күтілетін экологиялық тиімділік: өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату. 3, 236 мың тонна мазутпен ластанған топырақ және мұнай шламы қайта өңделді.

2015 жылы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де 79, 689 мың тонна өндірістік қалдықтар пайда болды, оның ішінде 0, 0831 мың тонна кәсіпорынның өз полигонында орналастырылды, ал қалған қалдықтар келісімшарт негізінде кәдеге жарату үшін тарапты ұйымдарға берілді.

2015 жылы Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б. В. - де 7, 082 мың тонна өндірістік қалдықтар пайда болды. Барлық қалдықтар кәдеге жарату үшін тарапты ұйымдарға берілді.

Уытты қалдықтар полигоны туралы:

Облыстағы 15 кәсіпорнында уытты қалдықтарды орналастыру үшін 28 полигон бар, бұл 1-ші кестеде көрсетілген.

1-кесте. Уытты қалдықтарды орналастыруға арналған полигондар

р/с

Иесі

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна)

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу)

№р/с:
Иесі:

«Теңізшевройл» ЖШС

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2006

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

124 771, 876 тонна химикаттармен немесе көмірсутектер, ластанған күкірт, тұрақталған шлам, белесенді көмір және т. б. ластанған.

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

Сұрыптау және бөлектеп қоймалау

№р/с:
Иесі:

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2008

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

181, 55 тонна биологиялық шлам;

126, 56 тонна белсенді көмір және 4, 6 тонна керамикалық шарлар

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

Үйіп тиеу

№р/с:
Иесі:

«ҚазТрансОйл» АҚ БФ

1) Атырау МҚБ

2) Кұлсары МҚБ

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2001

2001

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

Мұнай шламы:

6806, 13 тонна

1675, 16 тонна

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

Үйіп тиеу

№р/с:
Иесі:

«Матен Петролеум» АҚ

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2008

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

-

№р/с:
Иесі:

«АНАКО» ЖШС

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2005

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

1000

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

-

№р/с:
Иесі:

«Ембімұнайгаз» АҚ

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

Мазутпен ластанған топырақ және мұнай шламы

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

Үйіп тиеу

№р/с:

«Жайыкмунайгаз»: МГӨБ

«Ровное» кен орны

«Гран» кен орны

«Забурунье» кен орны

Иесі:

2003

2002

2009

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2696, 635 тонна

1530, 824 тонна

869 тонна

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

№р/с:

«Жылыоймунайгаз» МГӨБ:

«Қаратон» кен орны

«Қаратон» кен орны

«Қаратон» кен орны

«Ақтөбе» кен орны

«Ақінген» кен орны

Иесі:

2003

2005

2005

2003

2009

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

1383, 11 тонна

1543, 055 тонна

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

№р/с:

«Кайнармунайгаз» МГӨБ:

«Солтүстік Қотыртас» кен орны

«Шығыс Молдабек» кен орны

Иесі:

2001

2005

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

970, 194 тонна

4092, 032 тонна

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

№р/с:

«Доссормұнайгаз» МГӨБ:

«Қарсақ» кен орны

«Алтыкөл» кен орны

«Шығыс Макат» кен орны

Иесі:

2002

2002

2003

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

1383, 305 тонна

653, 81 тонна

2582, 2074 тонна

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

№р/с:
Иесі:

«Самек Интернешнл» ЖШС

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2008

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

Бөлектеп

қоймалау

№р/с:
Иесі:

«Адай Петролеум Компани» ЖШС

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2005

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

-

№р/с:
Иесі:

«Атырауск ЖЭО» АҚ

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

1980

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

-

№р/с:
Иесі:

«Алтиес Петролеум Интернешнл Б. В. » АФК

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2007

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

Үйіп тиеу,

бөлектеп

№р/с:
Иесі:

«Көлжан Ойл» ЖШС АФ

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2005

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

-

№р/с:
Иесі:

«Интермед-Орал» ЖШС

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2013

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

Үйіп тиеу

№р/с:
Иесі:

«Сазанкұрақ» ЖШС

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

1997

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

Бөлектеп

қоймалау

№р/с:
Иесі:

«Потенциал Ойл» ЖШС

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2011

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

605 тонна

Бұрғылау шламы

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

Қоймалау және жоспарлау

№р/с:
  1. 1
Иесі:

«Жылыой Болашақ»

Қай жылдан бері қызмет етеді, жыл:

2012

Полигонды пайдаланғаннан бастап жинақталған қалдықтардың көлемі мен морфологиясы (тонна):

-

Қалдықтарды орналастырудағы қолданылатын әдіс (сұрыптау, бөлектеп қоймалау және үйіп тиеу):

Жалпы қоймалау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиэкология және биосфера
Қазақстандағы қоршаған орта жағдайы
Қазақстанның зардап шеккен аудандары және экологиялық мәселелері жайлы
Қазақстанның экологиялық жағдайлары
Ауа - өмір арқауы
Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы және атом энергетикасы
«Қазақстанның экологиялық мәселелері»
Қазақстанның зардап шеккен аудандары және экологиялық мәселелері
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы ақпарат
Мутация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz