Аударма кезіндегі лексиканы аудару ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Маңғыстау туризм колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Аударма кезіндегі лексиканы аудару ерекшеліктері

Орындаған:
Базарбаева Асель
Тексерген:
Аманжолова Маржан

2016-2017 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Аударма ерекшеліктері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2 Аударма кезіндегі лексикалық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

КІРІСПЕ

Рефераттың зерттеу өзектілігі: аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір-бірімен сәйкес болу шарттары, әрбір тілдің сөздік қорлары - міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес.
Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді.
Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық-стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.
Рефераттың мақсаты мен міндеттері: аударма кезінде лексикалық аударма ерекшеліктеріне тоқталу.
Халықаралық сөздер дегеніміз - бірнеше тілдерде бірдей дыбысталатын, яғни дыбыстық, мағыналық және грамматикалық құрылымға ие сөздер. Көбіне мұндай сөздер қоғамдық саяси немее ғылыми мағыналарда айтылады. Мысалы: capitalism, astronomy, constitution, system, diameter. Олардың қатарында қоғамдық сөздерді де көре аламыз: occupant, delicate, elegant, scandal.
Ағылшын тілінде латын тілінен енгізілген халықаралық сөздердің саны өте көп болғанына байланысты, сөздердің көбісі қосымша мағыналарына ие болды.
Жұмыстың құрылымы. кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Аударма ерекшеліктері мен түрлері

Аударманың түрлері. Аударма түрліше тұрғыдан мынандай түрлі бөлінеді:
аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге аудару, өзге тілден өз тілге аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма барысында ана тілінен басқа тілге аудару біршама қиын болады. Өйткені, аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен бейнелеу қабілеті ана тіліндегісіндей бола қоймайды. Сондықтан да екі тілге бірдей жетік аудара білу әрқандай аудармашы қолжеткізуге құлшынатын биік нысана болып есептеледі.
аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ екеуінің аудармашыға қоятын талабы түрліше болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың өзіне тән жеңілдіктері мен қиыншылықтары бар. Ауызша аудармда- аудармашыдан тез түсініп, қолма-қол аудару талап етіледі. Бірақ, сөйлеушінің стилін сақтауға, нақтылыққа, жинақтылыққа ерекше жоғары шарт қойылмайды. Бейнелеу жағында көп еркіндіке ие болады. Бір сөзді, бір мазмұнды бірнеше түрлі синонимдермен ауыстырып аудара алады. Оның есесіне оларды түсінбей қалған сөздерді біреуден сұрауға сөздіктерді пайдалануға мүмкіндігі болмайды. Ал жазбаша аудару - аудармашыдан мол білімді, қалам қуатының күшті болуын, мазмұнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып толғануды қажет етеді. Түпнұсқаға адал бола отырып, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бойсынуға міндетті болады. Сөз сөйлемге, грамматикаға, нақтылыққа, логикаға, емлеге баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздік пайдалану, қайта-қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі мол болады [1].
аударма материалдық өзгешеліктерге қарай саяси теориялық шығармалар аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми техникалық шығарма аудармасы және іс қағаздар аудармасы деп бөлінеді. Жанрладың ерекшеліктеріне қарай оларғақойылатын талап та өзгеше болады.қытай тілінде әр саланың өте күшті ұлттық сипатта бейнеленеді. Сондықтан да әрбір аудармашы ең алдымен өзі аударатын материялға қанық болуы, кәсіптік білім деңгейінің жоғары болуы, түпнұсқаның мазмұнына, ерекшеліктеріне баса назар аудару қажет.
аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы толық аудару, бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару деп тағы да төртке бөлінеді. Бастан-аяқ Бастан аяқ түгел аударуды толық аудару дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін ғана аудару бөліп аудару деп аталады. Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып аудару мазмұндап аудару деп аталады. Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін өзі құрастырып жазу құрастырып аудару делінеді. Бөліп аудару,мазмұндап аудару, құрастырып аудару дегендер әдетте ерекше бір қажетке қарай болады [2].

2 Аударма кезіндегі лексикалық ерекшеліктер

Ағылшын тілінің лексикологиясы шынайы өмірге қатысты сөздердің лексикалық құрамдарын қарастырады. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің (неологизм) пайда болуы жаңа реалийлердің (құбылыстар мен заттар) өмірге келуімен тікелей байланысты. Бірақ кез-келген жаңа сөздің неологизмге айналып кетуі шарт емес. Жаңа сөз неологизмге айналуы үшін, ол бірнеше дайындық кезеңдерінен өтеді, содан кейін барып, ол не мүлдем жойылып кетеді немесе тілдік ортада калыптасып, халық ара-сына сіңісіп кетеді . Сонымен қатар, сөздің жойылып кету үрдісі де бар.
Тілдің лексикалық құрамының өзгеруі тек неологизм немесе архаизмге (қолданыстан шығып қалған сөздер) ғана байланысты емес. Сөздің белгілі бір ықпалға түсуі де үлкен роль атқарады. Бұл үрдістің бір себебі ретінде - сөз тіркестердің қысқартуларын айта аламыз: a musical (show), a weekly (paper). Сөз тіркестің қалған компоненттері - жойылған бөліктің де мағыналарын қамтиды.
Ағылшын тілі лексикасы, оның сөздік қоры күн санап толығып, көбейіп келеді. Ағылшын тілі лексикологиясы ғылымы тек ғана сөз, сөздік құрамды зерттеп қана қоймай, сөздің мұқият, ұқыпты, орнымен қолдануын қадағалайтын бірден бір тіл саласы. Өйткені білуіміздей, сөз - үлкен қару , ол - жанына медеу болып, күш-қуат сыйлайды. Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді демекші, əр сөз өз ыңғайымен қол-данғаны абзал.
Қазіргі ағылшын тілінде сөздер мынадай топтарға бөлінеді, тиісінше аударуға болады:
- жай жəне күрделі ;
- туынды емес (түбір) жəне туынды;
- толықнегізді жəне аббревиатуралар .
Жай сөздер. Қарапайым, сөз тудырмай-тын (жай, түбір сөздер) сөздер - жай сөздердің бір түрі болып табылады - red, leg, ask; Қарапайым туынды сөздер - helpless,disorder,outwit;
қарапайым толықнегізді сөздер - back, room, take; қарапайым аббревиатуралар - doc, prof, ref.
Жай туынды емес сөздер сөздік ұясының орталығы (яғни, туыс сөздер тобы) болып есептеледі жəне жаңа сөздердің қалыптасуына негіз болады. Нөлдік флекцияға ие болған бұл сөздердің формасы - негіз бен түбірге сай келеді. Құрамды жəне күрделі сөздерге қара-ғанда, бұл сөздердің лексикалық мағыналары əлдеқайда көп, сондықтан да олар конверсияға оңай ұшырайды. Туынды сөздер жай жəне күрделі болып топтасады. Құрамында сөзту-дырушы аффикстер бар. Мысалы: aimless, spoonful, disbelief (жай туынды сөздер); broad shouldered, footballer, old - ladyish (күрделі, туынды сөздер) [3].
Туыстық паронимдер дегеніміз - тек суффикстерімен өзгешеленетін, категориалық бір-дей туысқан сөздер: economic - экономикамен байланысты, экономикалық (economic crisis); economical - ақшаға мұқият, үнемді адам (economical woman). 2) Күрделі сөздер . Бұл топ құрамына мыналар жатады: күрделі туынды емес сөздер (күрделі түбір сөздер) - to blacklist (қара тізімге енгізу),air sick,home - made;
Күрделі, туынды сөздер - dark-haired, week-ender, horse-driven; құрмалас аббревиатуралар (күрделі, қысқартылған сөздер) - The USA,V - Day,UNESCO. Күрделі сөз дегеніміз - екі немесе одан да көп негізден құралған сөздер (foreign - made, red- haired, to daydream ). Күрделі сөздерді сөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма кезіндегі сөз құрылымын өзгерту
Лексиканы аудару ерекшеліктері
Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалық және лексикалық тәсілдер
Ағылшын және қазақ тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерді баламасыз лексика ретінде қарастыру және олардың аудару кезіндегі ерекшеліктерді анықтау
Терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Орыс сөзінде ағылшын сөзінде жоқ мағыналар болаыд
Аударма теориясы және аударма түрлері
Терминдерді аудару барысында трансформациялардың қолданылуы (ағылшын және қазақ заң терминдері)
Эквиваленсіз лексикалық аудармасы
М. Әуезовтың Абай жолы романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері
Пәндер