Қазақ даласындағы саяси-құқықтық ойлардың даму үрдісі жайлы
титулка
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ
ҮРДІСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Қазақ хандығындағы құқық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .4
2. Қазақ хандығындағы қазақ ойшылдарының орны мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... .5
2 БҰХАР ЖЫРАУДЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ
ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1 Бұқар Қалқаманұлының өмірбаяны және қайраткерлігінің басты
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 Бұқар жыраудың саяси және құқықтық ой-пікірлерінің
негізі ... ... ... ... ... ...10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..16
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық
реформалардың түпкі мақсаты Қазақстанда өзіндік бет-бейнесі бар ұлттық
құқықтық жүйені қалыптастыру болып табылады.
Бұл асқақ мұраттарға жету жолында мемлекетіміздің болашақтағы саяси
дамуындағы тарихи сабақтастықтың сақталуының мәні мен маңызын еліміздің
Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің баяндамалары мен әр жылғы халыққа
Жолдауларында негізгі бағыт ретінде әрқашан атап көрсетіп отырды. Президент
Абылайханға арналған салтанатты мерейтойдағы (2002 ж.) баяндамасында
Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды,
бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның
сілемін табасың [1] деген болса, 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында
Біз елімізде Қазақстанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымының
тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды саяси реформаларды жалғастыра
беретін боламыз. Демократиялық және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ
заңдылықтарын, сондай-ақ біздің қоғамның маңызды мәдени-тарихи белгілері
мен дәстүрлерін үйлесімді ескеруіміз қажет [2] деп атап өтуі қазіргі
ұлттық мемлекетіміздің шынайы тәуелсіздікке бет бұрған шағында халқымыздың
тарихи зердесін жаңартып, өткен тарихымыздың қойнауындағы саяси-құқықтық
мұраларымызды түбегейлі жан-жақты пайымдап, бүгінгі күн мен болашақтың
кәдесіне жаратуды меңзейтіндей.
Қазақстан Республикасы 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын негізге
ала отырып, таяудағы он жыл ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
мемлекеттің қатарынан орын алуды көздеп, осы мақсатқа өзінің барлық
ресурсын жұмылдыру үрдісін бастады. Бүгінгі таңда жүріп жатқан әлемдегі
жаһандану үрдісіндегі жан-жақты қатал бәсекелестік тұсында ұлтымыздың өз
ерекшеліктерін сақтап, бәсекелестікке төтеп бере алуы да халықтың ұлттық
санасын жаңғыртуға тікелей байланысты.
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізіп, дербес мемлекет ретінде
қалыптасуы қоғамдық өмірдегі күрделі мәселелерді шешуді алдына міндет етіп
қойып отыр. Сондай күрделі мәселелердің қатарына өткен тарихымыздың белесті
жолдарында мемлекет мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, қазақ халқының
тарих сахнасынан жоғалып кетпеуі үшін бел шеше күрескен тұлғалардың қызметі
мен қайраткерлігіне ден қойып, қайта танып, оны болашақ ұрпақтың бойына
жаңа лебізбен қабылдату болып отыр. Бұл істерді шешуде еліміздің заң
ғылымының атқаратын орны ерекше болып табылады. Отандық заң ғылымында
дәстүрлі қазақ қоғамының негізін құраған құқықтық мұралар мен қоғам
қайраткерлерінің мемлекеттік-құқықтық қызметі мен саяси-құқықтық ойлары әлі
өз деңгейінде толыққанды бағасын ала қойған жоқ. Оның ішінде Қазақстан
Ресей бодандығы мен Кеңес өкіметі тұсында әлемдік өркениет дамуында өзіндік
лайықты орнын алуға негіз болатын, айшықты белгілерінің бірі болып
саналатын дәстүрлі құқықтық жүйесінен, болмысынан еріксіз айырылғанын
білеміз.
1 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
1. Қазақ хандығындағы құқық жүйесі
Әдетте руларды сол рудан шыққан ақсақалдар басқарды немесе кейбір
жағдайларда төрелер хан көтеріліп басқару құқығына ие болды. Ру ақсақалының
юрисдикциясына ішкі сот, өзара көмек беру, рудың ішкі қатынастарының
мәселелері жатты. Әскер құру принципінде Керей салған жүйе хандық билік
жойылғанша сақталып отырды деп айтуға толық негіз бар. Қазақ әскерінің
негізін еркін көшпеліден тұратын жасақ құрады. Жасақ рулық тайпалық принцип
бойынша құрылды. Бас қолбасшы болып хан сайланды. Кейде бас қолбасшылық
міндеттері сайлау негізінде өзін дарынды көрсете алған адамдарға өтетін.
1473-1480 жылдары билік құрған Жәнібек Түркістан өңірінде ықпалын
күшейтуге тырысты. Қазақ хандарының мемлекет өмірінің алғашқы кезеңіндегі
маңызды реформалары бұдан кейінгі дәуірдегі хандықтың дамуы мен өркендеуіне
қуатты негіз қалыптастырды. Қазақтың алғашқы билері мен жырауларының саяси-
құқықтық идеяларының мәні деген атауға ие екінші бөлімшеде жыраулардың
саяси-құқықтық ойлары қарастырылады.[1]
Қазақтың тұңғыш билерінің бірі – Асан қайғы саяси тұрақтылық пен
бейбіт өмірді жақтаушы. Ол геостратегиялық тұрғыдан Қазақ хандары үшін ең
маңызды орын алуы керек жәйт – Батыс пен Шығысты жалғастырып, Шыңғыс хан
дәуіріндегі мәдени, рухани орталық болып табылған Еділ мен Жайықты иеленуді
ұсынады. Бұл жырау тілімен айтқанда Жерұйық түсінігіне саяды.
Асан қайғы – хандық биліктің жақтаушысы, әрі жыршысы. Жырау үшін
халықтың жағдайын жақсартудың көзі – монарх. Кез келген жағдайда Асан қайғы
реформаның жоғарыдан жасалуын қалайды, яғни эволюциялық дамуды қолдайды.
Қазтуғанның саяси-құқықтық ойлары туған жер, атамекенді қорғау, ата
жұртты мадақтау, елдің тыныш өмірін жақтау екендігі айқын. Ол Еділ мен
Жайыққа жетер жер жоқ екендігін, Ноғайлы қазаққа жететін халық жоқ
екендігін, бірақ халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өмір кешуіне қауіп төніп келе
жатқандығын баса айтады . Заманның өзгерісін ескеріп, жаңа заман
талаптарына сай өмір сүру керек. Халық бірлігі – басты құндылық. Саяси және
құқықтық ойлардың ішінде Қазтуған ойларының ерекшелігі сонда, көп жылдар
алдын ала болатын жәйларды болжаған жырау, халық тағдырын дәл табады. Дәл
тауып қана қоймайды, осы жағдайлардың орын алуына ықпал еткен себеп,
салдарды қарастырады. Бодандықтан аман қалудың жалғыз жолы – рухы тәуелсіз,
күшті келешек буын, ұрпақ қалыптастыруда. Алайда, түрлі тарихи процестер
нәтижесінде бодандыққа түскен қазақ халқының өзі де бұл проблемалардан
алшақ қала алмады. Жастарды тәрбиелеуде ұлттық нышандарды ескермеу, ұлттық
ділдің, діннің, тілдің қолдану аясынан шығып кетуі ұлттың аман қалуына
қауіп төндірді. Бұл қауіп еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де жойылған
жоқ. Қазтуған шығармалары мен саяси-құқықтық көзқарасы бүгінгі күні де өз
маңыздылығын жойған жоқ. Жыраудың ұлттық мемлекетке деген көзқарасы бүгін
Қазақстан үшін ғана емес, саяси тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізген
барлық мемлекеттер үшін ерекше. Билікті орталықтандыру және қалалық
өркениетті дамыту Қасым ханның ойы бойынша мемлекеттің беріктігін
қамтамасыз ететін факторлар болды. Осыған байланысты Қасым өз жоспарларына
Қазақ хандығының құрамына Сыр өңіріндегі бекініс қалаларды енгізуді мақсат
етіп қояды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев
былай деп жазады: Кезінде қоныс алу үрдісін шапшаң жүргізген көрнекті
хандардың бірі Қасым еді. Оның сыртқы саясаттағы сәтті қадамы Сырдария
бойындағы қалаларға қазақ билігін бекіте түсу жолындағы күрес болды. [2]
Қасым хан дәуіріндегі сыртқы саясаттың тағы бір векторы Ресей болып
белгіленді. Құқықтық реформаларына тоқталар болсақ, Шыңғысхан заманынан
бері кодификацияланбаған Яссыларды жүйелеп, нормативті актілердің жаңа
жинағы Қасым ханның қасқа жолының шығуына ықпал етті. Бұл құқық жүйесі
бүкіл халқы бір қазақ ұлысы болған үш жүзге түгел таралды. Заңдар жинағы
бес тараудан тұрды:
1. Мүлік заңдары (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).
2. Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау,
ұрлық мәселелері).
3. Әскери заңдар (қосын, аламан, әскери міндет, тұлпар ат, қара қазан
мәселелері).
4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, сыпайылық, әдептілік).
5. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т.б.).
Хақназардың негізгі саяси-құқықтық мақсаты хандықтың тұтастығын
сақтап, көршілерінен қорғану болатын. Вся политическая деятельность
Хаккназар-хана была направлена на интеграцию казахского общества и
обеспечение безопасности своей страны от внешних вторжении. [5]
1.2 Қазақ хандығындағы қазақ ойшылдарының орны мен рөлі
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр
және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып
нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы.
Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, малым жанымның садағасы, жаным арымның
садағасы деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік
қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі
қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне,
ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың
туындысы болды.
Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті
сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен
мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын
мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше,
біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі
мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.
Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар
кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше
алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң
шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының
әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын
хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды.
Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа
түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік
мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп
сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген.
Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің
болғанын көреміз. [6]
Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың
тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің
кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен
айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен
ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны
мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын
жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен,
билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз
етуге, яғни сот билігіне келіп саяды. [7]
Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін
қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ
халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған
кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүйенбей-ақ, өз
орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ
ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған.
Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде деп білетін билер әділдікті
шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін,
татулығы мен басының амандығын тілеп, сол үшін еңбектенді.
Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс
қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің
шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді. Жалпытанылған пікір
бойынша билер сотының мынадай қайталанбас ерекшеліктері болған:
1) қылмыстық жауапкершілікке тарту 13 жастан бастап жүзеге асқан.
Қазақтардың арасында он үште отау иесі деген ұғым қалыптасқан.[8]
2) билер институтының қоғамдық қызметі мен құқықтық бағыт-бағдарын
айқындауда өзіндік дала конституциясы ретінде танылған Қасым ханның қасқа
жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы құқықтық ережелері құнды
болды. Егер де даулы істерді қарау барысында шешім шығаруға қатысты
мәселелер осы аталған заңдарында қаралған болса, онда соларда көрсетілген
ережелерге сүйенген. [9]
Ол туралы ұлы Абай өзінің үшінші қара сөзінде: ...Бұл билік деген
біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы
Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолын, Әз Тәуке ханның Күл
төбенің басында күнде кеңес болғандағы Жеті жарғысын білмек керек. Әм,
ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға
келіспейтұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу
саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.
Бұрынғы қазақ жайын білетін жақсы білген адамдар айтыпты: Би екеу болса,
дау төртеу болады – деп. Оның мәнісі – тақ болмаса, жұп билер таласып, дау
көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс
елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе,
жаманшылығы әшкере болғандықтан түссе, әйтпесе түспесе – деуі көп нәрсені
аңғартады. [10]
Қазақ қоғамын саяси басқару мен сот жүйесін модернизациялаудың жемісті
болуы – саяси реформалардың бұрынғы қалыптасқан саяси дәстүрлермен,
қоғамдық құндылықтармен сабақтасуына тығыз байланысты екендігін Абай
тәжірибелі саясаттанушыға тән көрегендікпен ашып көрсетеді. Қазір Қазақстан
Республикасы құқықтық мемлекет құру жолына түскенде осы мәселе қайтадан
алдымыздан шығып отыр: сот судьяларын өмір бойына тағайындау өзекті болып
отыр.
3) Сонымен қатар, билер сотының шешімі әрқашан да әділеттікке
негізделіп, олардың кескен үкімдері мен шешкен даулары өзіндік құқықтық
норма сипатына ие болған. Сол арқылы жаңадан туындаған дау-жанжалды, нақты
бір қиын істі шешкен ереже, қағида, нақыл сөздер норма, сот прецеденті
ретінде ел арасына тарап, келешекте орын алған ұқсас сот істерінде, дау-
жанжалдар туындағанда қолданылған. Кезінде осындай дауды Едіге би былай
шешкен екен, мұндай дауға қатысты Төле бидің мынадай шешімі болған деген
сияқты, немесе қандай да бір рудағы ерекше әдіс-тәсіл арқылы әділ шешілген
даулы прецеденттердің тәжірибесін келтіре отырып, дәстүр сабақтастығы
негізінде әділетті шешімдер шығарылған. Сондықтан да, қазақ билерінің адал
қызметіне арқау болған прецедент ұғымының мәнін ашып, арнайы тоқтала
кеткеніміз жөн. Бүгінгі күні прецеденттік құқық шеңберінде екі түрлі бұтақ
қалыптасқан: жалпы құқық және әділет құқығы.Мінеки, көріп отырғанымыздай,
қазіргі кезде құқықтық мемлекет деп танылған батыстық елдердің қолданып
жүрген сот прецеденті ұғымын қазақ билері өз заманында түрлі дауларды
шешуде шебер пайдалана білген.
4) Егер бидің шешіміне тек бір тарап қана разы болса, онда істің
әділетсіз шешілгені, мұндай келеңсіз жағдай бидің беделін түсірген.
Болашақта мұндай сыңаржақ шешімді билерге дауласқан адамдар іс қарауға
өтініш бермеген. Соның нәтижесінде билердің әділ шешім шығаруға деген
жауапкершілігі мен кәсіби мүдделігі артқан, оған қоса мұндай жағдайда
жарыспалылық ұстанымы бойынша кәсіби тұрғыдағы әділ бәсекелестіктің
орнайтыны да сөзсіз.[11]
2 БҰХАР ЖЫРАУДЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ

кезеңдері
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ.
жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі
ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны
көмекей әулие деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз
төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл.
"ҚараҚ" деген жер.
Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы
қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі
мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай
ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте
біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум.
мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы
мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық
бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да
сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай
қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір
ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың
өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен
даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ
жырлады:
“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-
ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.
Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан
қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”,
“Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”,
“Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын,
айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен
көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда
барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол
ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан
саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай
мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы
Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих
сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл
орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай”
деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де
жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас”
деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста
алып қарастырады:
“Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын
бір кезеңге тіредің!”.
Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді
ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы
жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі
сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену
тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас
сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:
“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара
судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның
жеңі едің... Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң
толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”...
Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын
“өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи
ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.
Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын,
күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау... заман
сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді.
Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды.
Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан
толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді...
Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған
ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп,
алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же
— сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз
ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық
сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау
түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты
кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен
тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар Жырау дәуір, өмір,
тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан
қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның
кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған:
“Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
— Қызыққа тоймас адамзат!”
Ұлы ойшыл-философ сөзін де, пікірін де ойнатып, жайнатып, етек-жеңі
жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек
әкелген. “Әлемді түгел көру”, “Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап міну”
деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер. Бұқар Жырау
толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау
процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаїармандық рухтың
лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір
еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7 — 8 буынды,
ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. аспаптардың (қобыз яки домбыра)
сүйемелдеуімен орандалады. Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық сәулеті,
ерекше қасиеті және оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz