АҚЫЛ ОЙ КЕМІСТІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АҚЫЛ ОЙ КЕМІСТІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. 5
0.1 Ақыл ой кемістігі түсінгі, белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ақыл-ой кемістігінің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2 ДЕБИЛИЗМНІҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... .. ...9
2.1 Дебилизмнің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Дебилизмнің себептері және шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..16

КІРІСПЕ

Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.
Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына Жолдауында Дені сау ұлт үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.
Қазақстан Республикасының Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар - белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.
Аномальды балалар тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіреді. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы мен өсуінің бұзылуы оның организмі жаңадан қалыптаса бастаған кезде пайда болады. Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болатындықтан, аномальды балаларды зерттеу қиындай түседі. Бұзылудың қандай түрі болмасын баланың өсіп-дамуына өз тарапынан ерекше әсер етеді.
Дефектология курсының мақсаты әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру.
Жұмыстың объектісі - дебилизм - ақыл ой кемістігі ретінде қарастырылады.
Жұмыстың пәні - Олигфрения негіздері болып табылады..
Жұмыстың құрылымы. Дебилизм тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Аномальды балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анализдей отырып, оларға коррекциялық көмек көрсетудің жолдарын ашу.
Міндеттері:
1. Дебил балалардың даму тарихын анализдеу;
2. Дебил балалардың негізгі категорияларын талдау;
3. Дебил балаларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық кеңес қызметін ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: Диплом Зерттеу жұмысын орындау барысында жинақталған теориялық материалдар, аномальды балалардың педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін терең түрде түсіну мақсатында, арнаулы мектептерде қолдануға ықпал етеді.
1 АҚЫЛ ОЙ КЕМІСТІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақыл ой кемістігі түсінгі, белгілері

Ақыл-ой кемістігі - бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы. Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін (3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан дағдылардың жоғалуына әкеледі.
Мысалы, деменциясы бар 4 жастағы балада, онда фразалық сөйлеудің, өзін-өзі күту дағдыларының жойылуы және ойынға, суретті салуға деген қызығушылықтары төмендеуі немесе
жойылуы арқылы көрінеді. Танымдық үдерістеріне қарағанда, көбінесе зейіннің, естің тез бұзылуы байқалады. Есейген сайын олардың патологиялық белгілері төмендейді.
Ақыл-ой кемістігімен қатар болатын орталық жүйке жүйесінің аурулары бар адамдарды ерекше топқа жатқызуға болады: шизофрения, эпилепсия және т.б. Осы аурулардың қарқынды төмендеуі нәтижесінде, психикалық бейнелер жойылады, ақыл-ой кемістігі тереңдейді және де ауыр дәрежеге жетеді. Оларда эмоционалдық-ерік саласының, іс-әрекеттің
және жалпы тұлғалықтың спецификалық ерекшеліктері пайда болады. Уақытылы емдеу аурудың қарқынды төмендеуін болдырмауға немесе тежелуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде балаларда жиі ақыл-ой кемістігімен қатар психопатологиялық синдромдармен күрделінген болады: гипердинамикалық, психологиялық тәрізді, эпилептикалы, неврозды тәрізді.
Интеллект дамуының бұзушылығы олардың тәрбиесі және оқытылуы үш үлкен кезеңге бөлінеді: Қазан төңкерісінен кейін, КСРО-да және қазіргі уақытта. Әрбір кезең нақты бағыттармен ерекшеленеді. Қазан төңкерісіне дейін қоғам ойшылдары, философтар, педагогтер, дәрігерлер ақыл-ойы кем тұлғаларды тәрбиелеу және емдеу туралы өз ойларын
жеткізеді. Ерекше көзқарастар А.И. Герценде, Белинскийде, Чернышевскийде, Добролюбовта болды, тек Добролюбов қана икемі аздардың жағдайын ашып, оларға шыдамдылық танытты.
Ақыл-ойы кем балалар саны жылдан-жылға көбейе береді, бірақ оларға оқыту және тәрбиелеу көмек беруі қолға алынбады, ал сондай көмектер болған уақытта, олар тек жеке пайдасында және қамқорлық жолдарында ғана жүзеге асырылды. Олигофренопедагогика дамуында үлкен рөлді дәрігер-психиатрлар атқарды (В.И. Яковенко, И.Г. Игнатьева,
П.И. Ковалевский).
Ақыл-ойы кемтарларды оқыту мен тәрбиелеудің маңызды рөлін Ресейде 2-съезде орыс іскерлік, технологиялық және кәсіби білім арқылы көрсетті. [1]
Қазіргі заманғы дефектология үшін үлкен қызығушылықты Г.И. Россолимоның сөз сөйлеуі тудырды. Революция съезінде көмекші мектептің іс-әрекетінің көптеген сұрақтары көрініс тапты. Терең ақыл-ой кемістігі бар балаларға көмек көрсетуді дамытумен ұйымдастыруда үлкен рөлді Е.К. Грачеваға (1866-1934) берілді.
ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу шарттарын қалыптастыру;
дәрігерлік - педагогикалық кездесуді даярлау;
қажетті оқу бағдарламасын құрастыру.
Революция съезінде көп сұрақтар арнайы ретінде мектептерде табылды. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың терең көмек көрсетті және олар үлкен рөлі пайда болуына Грачева жатады. Ақыл-ой кемістігі бар балалар ұйымының пайда болуына үлкен үлесін қосқан орыс ғалымы Е.К. Грачева (1866-1939). Грачева алғаш рет Ресейде идиот және эпилептик балаларға арналған балалар үйін ашты. В.П. Кащенко (1870-1943) анамальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырудың белсенді қатысушысының бірі болды.
Дәрігер В.П. Кащенконың кемістіктері бар балаларға арналған мектеп-санаториі бұл уақыттарда емдеу тәрбиелеу және оқыту жолдарымен балалардың даму жетістіктері түзетіліп, оларды пайдалы өмірге еңбекке дайындаған, алғашқы емдеу - тәрбиелеу мекемесі болып есептеледі. Бұл ОЖЖ әр түрлі бұзылыстары балаларды оқытумен тәрбиелеу сұрақтары
бойынша ғылыми әдістемелік орталықтардың бірі болды. Кащенко дәрігері ғылыми-әдістік орталығы сол уақытта ең алғашқы орталықтарының бірі болып табылады. [2]
Олигофренопедагогиканың қарқынды дамуына өз үлесін қосқан ғалым Граборов А.Н. (1885-1949). 1915 жылы Граборов ғалымы Петербург қаласында ең алғаш рет жеке меншік мектеп-пансионатты ашты, уақыт өтегеле пансионат орталық арнайы мектеп деп есептелді. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды тәриелеу және оқытуды дамытуда
осы кезең ең басты болып есептелді. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін бұзықтылыққа қарсы күресу жолдары қарастырылды.
Осы уақытта дефектологияда ең маңызды мәселе болып бүкіл Ресейлік съезд болып саналды. Осы съездің негізгі мәселесі болып балалар диферентілері мен күресу шаралары есептеледі. 1966 жылдан бастап олигофренопедагогикасы арнайы мектептерде белгілі әдістер арқылы жаңа арнайы пәндері енгізілді. Қазіргі уақытта түзету мектепке керекті оқулықтар, дидактикалық жәрдем мен безендірілген.
Олигофрения (грек. olіgos - аз және phren - ақыл) - ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары.[3] Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия), көмірсулардың (галактоземия) т.б. алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі (ана бойындағы вирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми зақымы, т.б.) әсер етеді.
Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту қабілетінің нашар дамуымен сипатталады. Сондай-ақ олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы, сөйлеуі, т.б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі, дене бітімінің диспропорциясы, т.б.) болады.
Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения, имбециалдық олигофрения және дебильдік олигофрения деп бөлінеді. Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa - надан) - олигофренияның ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған сөздің мағынасын түсінбейді. Имбециалдық (лат. іmbecіllus - ақыл-ойы әлсіз) олигофрения - олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда, науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі. Дебильдік (лат. debіlіs - әлсіз) олигофрения - олигофренияның әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады. Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі. [4]

0.2 Ақыл-ой кемістігінің классификациясы

Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне байланысты оның үш дәрежесін ажыратады: дебил (миақы, мешеулік, әлсіз, қауқарсыздық), имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре алмайды) және идиотия (мәңгүрт,нақұрыс).
Имбецил (милау) (латын тілінен "imbecillus" - әлсіз, елеусіз) - бұл психикалық дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың деңгейіне сәйкес. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-50, ауыр имбецилдік кезінде 20-35, ал жеңіл кезінде 35-50. Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған.
Имбецилдердің сөздік қоры небары 200-300 қарапайым сөздерден құралған. Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік - оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге және жазуға бейім емес.
Имбецилдердің ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері - үй жинау, кір жуу, ыдыс жуу немесе ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекеті арқасында ғана үйренуге қабілетті. Олар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз, олардың эмоцио-
налды реакциялары өте әлсіз және бірыңғай.
Имбецил дәрежесіндегі кемақыл балалар үздіксіз қамқорлықпен арнайы бақылауды қажет етеді. Олар еркін өмір сүруге бейімделмеген. Жағдайдың аз-кем өзгеруі имбецилді тығырыққа тіреп, олар таныс емес жағдайда сасқалақтап, мүшкіл және өте жәрдемсіз болып қалады.
Идиотия (мәңгүрт, нақұрыс) - (латын тілінен „idiotea" - тұрпайылық) - олигофренияның ең ауыр дәрежесі, оның да ауыр және жеңілдеу түрлері болады. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-дан төмен. Идиотия дәрежесіндегі ересектердің психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың деңгейінде қалады, олар қорғансыз, көрсетілген көмекті
қабылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Идиотия дәрежесіндегі кемақылдар қоршаған ортаға, айналасына көңіл аудармайды, олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты шайнай бастайды.Идиотия дәрежесіндегі балалар жоғары, биік немесе аласа, төмен туралы түсініктері, қауіпті сезінбейді, сондықтан әр уақытта жарақаттанып жүреді.
Идиотияның ауыр түрінде сөйлеу қызметі қалыптаспайды, буынға бөлінген дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды, өз әрекетінше киіне алмайды, кесе, қасық, шанышқыны пайдалануды білмейді, кейбіреулері шайнай да алмайды, сондықтан оларды сұйық тамақпен тамақтандыру керек болады. Кейбіреулері салақ, сұрануды және дәретха-
наны пайдалануды білмейді, бірақ осы жағдайсыздыққа қарамастан суланған және ластанған киімдерінде ұзақ уақыт қала береді. Білім алуға талпынысы мүлдем жоқ, оларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да түсініксіз. Есте сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз туғандарын, шешесін де танымайды. Олардың сезінуі қарапайым және қанағаттануын немесе қанағаттанбауын ашумен, айқайлармен және қозғалу - қимылмен білдіреді. Бұған қоса, оларда ақауды, жарақаттануды ауырсыну сезімі төмен, сондықтан олар ешқандай ауруға мән бермейді. Психиканың күрделі зақымдануы физикалық дамукемістіктерімен әруақытта қосарлана білінеді.
Идиотия дәрежесіндегі балаларды үйде бағып-қағу өте қиын және оларды негізінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақыл - ойы бұзылған бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын қалыптастырудың ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген балаларды түзету әдістерін қарастыру
Кіші мектеп жасындағы ақыл есі кем оқушылардың жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім үрдісіне қосу
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫС БҰЗЫЛЫСЫН ТҮЗЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Дене кемістігінің түрлері
Зияты зақымданған балалар
Аномальды балалар
Пәндер