Зерттеу тақырыбының өзектілігі



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы - оның халқы. Демографиялық жағдай әрбір мемлекеттің экномикасына, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз. Қазақстан Респуьликасы Президенттің ұзақ мерзімді Қазақстан-2030 стратегиясының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі - еліміздегі кең өріс ала бастаған демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, әсер көлемі бойынша Қазақстан бірінші ондыққа (9-орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша тым артта қалып отыр (60-орын). Дегенмен, мәселе алықтың орналасу тығыздығына ғана емес. Бұл проблема жер көлеміш шағын, экономикасы дамыған Европа мемлекеттеріне де өріс алуда.
1960-жылдардан бастап 1980-жылдардың соңына дейін тұрақты түрде және де жоғары ырғақпен өсу жолында болған Қазақстанның демографиялық жағдайы 1990-жылдары тоқтап қана қойған жоқ, тіпті үлкен жылдамдықпен кері кете бастады. Бұл процесі 1990-жылдардағы өтпелі кезеңнің негативті жағы деп қарай салу заңды болып көрінуі мүмкін. Халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде болып, ол өз кезегінде демографиялық жағдайға кері ықпалын тигізгені рас. Халықтың өлу көрсеткіші артып, туу деңгейі төмендеп кетуіне байланысты табиғи өсім мүлдем болмады.
Қазақстанда туу деңгейінің төмендеуі кезек күттірмейтін мемлекеттік проблема болып табылады. Себебі, еліміз екі өзара қарама-қайшы жағдайға тап болып отыр: біріншіден мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен нарықтық қатынастарды дамыту үшін негізгі қажеттік халық санын еселеп өсіру міндеті мемлекет алдында көлденең тұрған болса, екіншіден дәл осы жағдайда халқымыздың табиғи өсімінің күрт төмендеуі үлкен проблемаға айналып отыр.
Алайда, әлеуметтік-демографиялық мәселелерді көтерген еңбектер бір жүйеге келтіріліп, сараланбаған, яғни Қазақстанда ХХ ғасырда жүрген әлеуметтік-демографиялық процестер жайлы арнайы жазылған іргелі тарихнамалық зерттеулер жоқтың қасы. Мұндай тарихнамалық еңбектер жарық көрмей әлеуметтік-демографиялық мәселелердің ауқымын дөп басып көрсету мүмкін емес. Бұл біз қарастырып отырған Қазақстандағы демографиялық жағдайдың ерекшелігін анықтаудың өзекті мәселеге арналғанын аңғарса керек.
Өткен кеңестік дәуірде тарих ғылымында бірқатар еңбектер жарияланғанымен мәселелерге таптық, партиялық тұрғыда қарау, маркстік-лениндік методология негізінде баға беру, қайғылы да қасыретті оқиғалардан айналып өту тәрізді зерттеу тәсілдері орын алды. Сол себепті, шынайы тарихи принциптер ауқымында ғылыми еңбектерге сыни талдау жасалған туындыларды жариялау кеңестік дәуірде мүмкін болмады. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демогратиялық мемлекет құруды мақсат етіп отырған Қазақстан Республикасында осы олқылықтардың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Елімізде халықтың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқан сәтте өткен дәуірлерде, кеңестік кезеңде және бүгінгі таңда жарияланған еңбектерге сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды.
Қазақстан халқының өткен ХХ ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық даму мәселелерінің тарихнамасын жасап, ғылыми-көпшілік қауымға ұсынудың маңызы зор. Осындай зерттеу еліміздің халқының ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық даму мәселелері қаншалықты дәрежеде зерттелінбек және оның қандай қырларына әліде болса баса көңіл бөліну керектігін көрсетіп береді.
Мақсаты: қазіргі таңдағы дүние жүзінің халық санын қарастырып, олардың демографиялық жағдайларына тоқталып, демографиялық факторларды қарастыру.
Міндеттері:
Демографиялық жағдайлардың теориялық аспектілерін қарастырып, демография ұғымына толықтай тоқталу, статистикалық мәліметтеріне сипаттама беру;
Демографиялық факторлардың қоршаған ортаға ықпалын қарастыру
Қазіргі таңдағы демографиялық болжамдарды сараптау.

Демография (грек. Demos-халық, grapho- жазу) - халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография - салыстырмалы жас ғылым.
Тұрғындардың өсіп - өнуі мәселелеріне қызығушылық сонау ерте заманнан басталса да, оларды жүргізудің негізгі заңдылықтары тек XVII ғасырдың соңында қалыптаса бастады. Ал демография терминінің ғылыми айналысқа 1855 жылдан бастап қана енді. Айғақты мәліметтер көптеп жиналған сайын оларды жинақтау, қорыту істері де қарқынды жүре бастады. Біртіндеп тұрғындардың сан жағынан өсу заңдылықтары айқындалып, зерттеу жұмыстары тереңдей берді. Өткен ғасырдың екінші жартысында демографиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізіле бастады. Қазір демографияны қоғамдық ғылымдар ішіндегі жетекші салалардың бірі деп атауға болады.
Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың санын анықтауға мүмкіндік туды. Оны сол кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т.б. деректерге қарап білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай және Үндістан халқының саны анықталды. Біздің жыл санауымыздаың басында, жер шары халқының 34 бөлігі осы елдерде мекендеді. Ал халықтың жалпы саны сол кезде дүние жүзінің шамамен 230 млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді. Халықтың өсу қарқыны көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа дейінгі кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы немесе аграрлық өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі біршама төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты санауда әр түрлі әдістер қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарының соңында бастап қана мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде тұрғандығын білгендерің жөн. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн). Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр.
Халақтаң ұдайы өсуіне бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторлар, негізінен, 5 топқа біріктіріледі:
1.Табиғи - биологиялық фактор. Адамдардың тууы мен өлуі -
биологиялық құбылыс . Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл - қайтымсыз процесс. Көбінесе адамдар физиологиялық қартаюдан емес, негізінен, олар аурудан немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбәр жердің табиғи ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде - безгек ауруы, тропикада - ұйқы ауруы т.б [4].
2. Әлеуметтік - экономикалық фактор. Бұған жататындар: халықтың тұрмыстық хал-ахуал деңгейі, денсаулықтау сақтау шараларының дамуы, әйелдердің қоғңамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі, шұғылданатын кәсібі, т.б. Мәселен, жыл сайын жер шарында 14 млн адам, оның ішінде 6 млн сәби
3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші факторлардың келесісі - демографиялық топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық құрамы, некелесу және ажырасу факторлары да жатады.
4.Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі факторлар тобының бірі - ол мәдени әлеуметтік және психологиялық факторлар. Мысалы, көп балалы болу, әдет-ғұрыптарының сақталуы, мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп аталады. Діннің әсеріне келсек, ислам, индус, католик, т.б. діндер көбеюді қолдайды. Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ, мысалы, будда, протестант, провославие діндері.
5. Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші факторлар арасында ерекше орынды соғыс пен стихиялық апаттар алады. Әсіресе соңғы екі дүниежүзілік соғыстың зардабы аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста шамамен 10 млн -- нан аса адам көз жұмса, Екінші Дүниежүзілік соғыста 50 млн-ға жуық адам қаза тапты. Соғыстың зардабы сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуіне, аш-жалаңаштыққа, түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға ұшырады. Мысалы, некеге тұрушылар санының азаюы, халықтың жыныстық құрамы бұзылуы, үеркектердің біраз бөлігінің соғыста шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің азаюына алып келді. Табиғи апаттардың - жер сілкіну, су тасу, дауыл, құрғақшылық, температуралық режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б. жыл сайын мыңдаған адам өмірін қиюда.
Қазіргі адамзаттың саны 7,3 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10 -- 100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107 -- 101 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны -- соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай -- шамамен 500 мың; 30 -- 20 мың жыл бұрын -- шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр. Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу өсіп отырды. Б.э.д. IV мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды, б.з.д. 1000 жылы 300 млн.-ға жақындаған 1500 жылға қарай 425 млн.-ға дейін өсті. Мұндай қарқынмен өсу жылдың максималды өсімі 0,7% сәйкес келеді, яғни жылына 10000-ға шаққанда жеті адам. Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы экспоненциалды заңдылыққа жақындады. Кейін Жердегі адамдардың санының артуы гиперболалық сипатқа ие болды. 1600 жылдан 1990 жылға дейін Жердегі халық санының өсуі дәлме-дәл дерлік (максималды ауытқу 5%) гиперболалық эмпирикалық теңдеуімен сипатталады:
Қазіргі таңда 2016 жылдың мәліметтері бойынша 1 қаңтарда халық саны 80 млн.адамнан асатын 18 мемлекетті 1 кестеден көре аласыздар.
Демографиялық жағдай - бұл белгілі бір территорияда олардың қарқыны, белгілі бер кезең мен зардаптардың нәтижелерінен өтетін демографиялық процестердің (туу, өлім, миграция, неке, ажырасу) құрама сандық сипаты мен сапалы бағасы.
Мұндай түсінікке сәйкес демографиялық жағдайдың сипаты элеметтердің 3 тобын қамтиды:
1. Халықтың жастық-жыныс құрылымынан құрылған сандарының статистикалық бағасы мен оның ұдайы өндіріс параметрі.
2. Халықтың саны мен құрылымын қалыптастыратын демографиялықпроцестердің динамикасын талдау.
3. Қарқынды болжау және олардың демографиялық зардаптарын бағалау.
Қарқындардан құрылған баға зардаптарына қатысты сұрақтарды қарастырайық:
Бірінші және ең басты зардабы - тек халық жалпы саны ғана емес, сондай-ақ оның еңбек потенциалының қысқаруы, яғни еңбекке қабілетті жас шамасындағы контингенттер.
Екінші маңызды зардап - бұл жоғары жастағы халықтар арақатынасының жас өспірімдер үлесінің төмендеуі мен жасы үлкен адамдар үлесінің жоғарылауы есебінен өзгеруі.
Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20 -- 25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы В. Лебоу: Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз тұтынуды -- өмір сүру салтына айналдырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Тұрғын үй нарығын жетілдіру бойынша ғылыми-теориялық және тәжірибелік ұсыныстар дайындау
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Құқықтық құжаттарды аудару ерекшеліктерін зерттеу
Ежедгі тас дәуірі
Химиядан ғылыми зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары)
Модульдік технологиясының тиімділігі
Шәкәрім университетінің тарихы
Шығармашылық жоба
Пәндер