ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы


Титулка

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . .

  1. Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы . . .
  2. Қазіргі халықаралық қатынастардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері . . .
  1. ЕУРОПА ОДАҚ ҚҰҚЫҒЫ . . . Еуропалық құқықтағы іргелі ынтымақтастық мәселесін құқықтық реттеу . . . Еуропалық одақ және оның құқықтық мәртебесін реттеу . . .
  2. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН ҚАТЫНАСЫ . . . Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастық . . . Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында сауда-экономикалық байланысы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

Еуропа Одағы - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді.

Кейіннен бұл Одаққа - Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы.


  1. ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫЕуропа одағының қалыптасуы мен дамуы

Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) - Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.

Еуропа одағы (ЕО) - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа - Польша, Мажарстан, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Аустрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т. б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.

Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:

ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы) ;

Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;

Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;

Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т. б. саясаттарын жүргізу;

Еуропа одағы қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;

Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру;

Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

XXI ғасырдын басында Еуропа одағы қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады.

Еуропа одағытың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мүндағы әлеуметтік саясаттың ең басты үйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеу¬меттік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық қүра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жүмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жүмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО қүзырына кіретін элементтердің қүрамдас бөлігі "жүмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) үстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жүмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әиелдер мен ерлердщ тең қүқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы) . ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың қүқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" қүрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың "Жүмыспен қамту" бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім "Әлеуметтік ережелер" және 2 бөлім "Еуропалық әлеуметтік қор", сондай-ақ XIII бөлім - "Денсаулық сақтау".

ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік қүқықтарына арналған бірнеше қүжаттар аса маңызды:

Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған;

1989 жылы еңбекшілердің негізгі әлеуметтік қүқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;

2000 жылы ЕО-ның негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының қүрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жүмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жүмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу.

Еуропа одағы институттары - Еуропалық Одақтың негізгі міндеттерін жүзеге асырушы қүзырлы органдар. Еуропалық Одақ Институттары бір мезгілде Еуропалық қауымдастықтың әрқайсысының: Еуропалық қауымдастықтың, Еуропалық көмір және болат бірлестігі, Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық институттары ретінде де қызмет етеді. Осылайша, "Еуропалық Одақ институты" және "Еуропалық қауымдастық институты" ұғымдары синонимдер болып табылады. Еуропалық Одақ институттарына: Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық Сот, Еуропалық санақ палатасы, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар комитеті, Еуропалық орталық банк, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропа одағы омбудсманы, Еуропол жатады.

Еуропа одағы құқы - [EULaw; European Union Law] - Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық Одақ шеңберіндегі еуропалық ықпалдасудың дамуы негізінде пайда болған ерекше қүқықтық феномен. Еуропа одағы қүқы халықаралық қүқық пен мемлекетшілік қүқықтың түйіскен жерінен пайда болған ерекше қүқық тәртібі. Еуропа одағы қүқының автономдығы Еуропалық қауымдастықтар Сотының бірқатар шешімдерімен бекітілген. "Еуропалық Одақ қүқы" үғымы 1990-шы жылдардың басында Еуро- одақтың пайда болуымен қатар қолданыла бастады.

Еуропалық ықпалдастық - Еуропаның бірлесуін мақсат тұтатын қүрылымдық және саяси процесс. Оның идеологиялық негізі - Еуропаның (континент немесе нақтылы географиялық аймақ ретінде емес, саяси-мәдени үғым ретінде) саяси біртүтастығы Рим империясынан, ал, діни тұтастығы - IV ғасырдың б. д. д. христиандықтың осы империяда қоғамдық-саяси күшке айналуынан бері орныққан деген сенім болып табылады. Ӏс жүзінде V ғысырдың Батыс Рим империясы жойылғанынан кейін аумағы бірте-берте тарылып, 1453 жылы оның астанасы - Константинополь - османдықтардың иелігіне өтіп, жоқ болып кеткенінше, империялық бірліктің "қүдіреттілігі" Византияда (Шығыс Рим империясы) сақталды. [1]

  1. Қазіргі халықаралық қатынастардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері

Ғаламдық мәселелерді ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық мәселелерді шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық мәселелерді шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Ғаламдық экологиялық мәселелер - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер кешені. Зор геосаяси мәселелердің экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т. б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін.

Экологиялық мәселелердің ғаламдығы орнын шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру болып табылады.

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.

Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады.

Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi. Экологиялық қауіпсiздiк бағытында мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс» [1] . Сол себепті 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі бекітілді. [2] Қазіргі уақытта көптеген ғылыми еңбектердің ішінде экономика және экология мәселелері, экологиялық қауіпсіздік туралы теориялық ізденістердің ішінде отандық ғалым М. С. Тонкопийдің «Экономика и экология» еңбегін атап өтуге болады. [3]

Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері:

-климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;

-биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;

-экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;

-Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;

-су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу

-табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу

-өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;

-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу

Қойылған міндеттерді шешу үшін

-Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;

-табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру

-қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту

-халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.

Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді:

-табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкіншіліктерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми-негізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсіл;

-экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;

-қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді)

-өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары)

-шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың міндеттілігі;

-халықтың экологиялық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;

-халықаралық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау және т. б.

Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өркениетінің даму жолында ұзақ әрі күрделі тарихы бар. Қауіпсіздіктің өзі бірнеше салаларды қамтитын кешенді ұғым. Жалпы қабылданған тұжырым бойынша, қауіпсіздік - белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Ал ол қатер бірнеше сипатта болуы мүмкін. Солардың бірі экологиялық сипаттағы қатер. Елбасымыздың тікелей қолдауымен бұл бағыттағы проблемаларды шешуге аса көңіл бөлінуде. Соның арқасында Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірқатар тетіктері қалыптастырылды. Қазақстан мемлекеті бірнеше халықаралық шарттар мен келісімдерге қол қойған, экологиялық проблемаларды шешудің халықаралық деңгейдегі ұсыныстарына ие субъекті. Мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеуге қабілеттілік таныта алатын құқықтық қоры белгілі деңгейде қалыптасқан. Әсіресе, солардың ішінде «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» және басқа да бірқатар заңдардың мәні зор. Қоршаған ортаның қауіпсіздігі - ол тиісті ортаның антропогендік және басқа да факторлардың қатерлі әсерінен қорғалуының жай-күйі. Демек, қоршаған ортаны қорғау динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік - табиғатты тиімді, кешенді пайдалану және қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нәтижесін құрайды. Дұрыс нәтижеге жету немесе адам баласының талабын қанағаттандыратын қауіпсіздік көрсеткішінің сақталуы, осы бағыттағы заң нормаларының тиімді болуы мен тікелей байланысты. Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихы көрсетіп отырғандай кез келген мемлекеттің қатардағы адамдарының әл-ауқаты, ең алдымен оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дәрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр. Кей уақыттарда экологиялық ахуалды жақсарту үшін атқарылатын шаралардың басымдықтарын, шарттарын, негіздерін, ерекшеліктерін, принциптерін, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді белгілеп береді. Осының аясында бірқатар құқықтық шаралар іске асырылады. Дегенмен де аталған тұжырымдамада көрсетілген бірқатар құқықтық шаралар іске асырылмай қалады олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Еуразиялық экономикалық одақ қалыптасуы және маңызы
Еркін сауда саясаты
Еуразия идеясы
Толық экономикалық одақ
Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері
ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан
Еуропалық Одақ жайлы
ТМД КЕҢІСТІГІНДЕ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
Валюта нарығының дамуы және оның тарихи аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz