ЖАЗА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЖАЗА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Жаза жүйесінің негізгі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Жаза жүйесінің белгілері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2 ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Аса ауыр қылмыс үшін тағайындалатын жазаның жеңілдігі ... ... ... ... ... ... .. .20
2.2 Есі дұрыс емес деп танылған бірнеше адам өлтірушіге тағайындалатын жазаның жеңілдігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол - заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйкеc жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз - соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган - сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік - міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз - жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу - заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жұмыстың өзектілігі. Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы жазаның басты сипаттамасын қарастыра отырып, қазіргі кездегі жаза түрлері мен оның беліглеріне тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
жаза жүйесінің негізгі түсінігіне, Жаза жүйесінің белгілері мен түрлеріне тоқталу және сипаттама беру;
аса ауыр қылмыс үшін тағайындалатын жазаның жеңілдігін қарастыру;
есі дұрыс емес деп танылған бірнеше адам өлтірушіге тағайындалатын жазаның жеңілдігінің сипаттамасын анықтау болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы курстық жұмыста заңдар негізінде қылымыстың қоғамға қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға тоқталамыз.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы жаза тағайындау кезінде туындайтын проблемалар мен оларды шешу жолдарын ұсынамын. Менің курстық жұмысымда көтерген басты проблемам - ҚР және басқа да өлім жазасына мораторий енгізілген мемлекеттердегі аса ауыр қылмыстардың көбейіп кетуі, әділетсіздіктің артуы, адамдардың қазіргі кездегі қылмыскерге қатысты тағайындалатын жазаға қанағаттанбауы. Осы проблемаларды неғұрлым тиімді шешу жолдарын ұсынамыз.
Курстық жұмыстың объектісі - құқықтық әлеуметтік нормалар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы мемлекет және теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Әлеуметтік нормалардың түсінігі мен функциялары тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖАЗА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жаза жүйесінің негізгі түсінігі

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚК-пен көзделген айыру немесе оларды шектеу б.т.
Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.(ҚР ҚК 38-бап).
Жазаның түрлері:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 39-бап).
Айыппұл ҚК-те көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген АЕК-ң белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшеріне тағайындалатын ақша өндіріп алу.
Айыппұл ҚР-ң аңдарымен белгіленген АЕК-ң жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.
Айыппұл жазалаудың қосымша түрі ретінде ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда ол, ҚК-ң 42, 43 және 46-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен немесе тиісінше бір ай түзеу жұмыстары есебінен қамаумен немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе айыппұл орнына тиісінше АЕК-ң үш еселенген мөлшері есебінен он күндік қамаумен ауыстырылады.(ҚР ҚК 40-бап).
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді [1].
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан қосымша жаза ретінде айыру, егер сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкін емес деп таныса, ол ҚК-ң Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделмеген жағдайда да тағайындалуы мүмкін.
Бұл жазаны бостандығын шектеуге, қамауға алуға, тәртіптік әскери бөлімде ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде тағайындау кезінде ол жазалаудың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген сәтінен бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.(ҚР ҚК 41-бап).
Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негігі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін белгіленеді және күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта өтеледі. Қоғамдық жұмыстардан әдейі жалтарған жағдайда олар ҚК-ң тиісінше 45 және 46 және 48-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың бір күні қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледі.
Әскери қызетшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.(ҚР ҚК 42-бап).
Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейін мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі.
Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгілен мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі [2].
Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер ҚК-ң Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір АЕК-ке тең айыпұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының онына айыппұл тағайындауы мүмкін. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
Түзеу жұмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейі жалтарса сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға ауыстыра алады.(ҚР ҚК 43-бап).
Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкімімен белгіленген, бірақ жиырма проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады. Осы жазаны өтеу уақытында сотталған адамның лауазымын, әскери атағын көтеруге болмайды, ал жаза мерзімі кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдар мерзіміне есептелмейді.(ҚР ҚК 44-бап).
Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұғылықты жері бойынша өтеледі. Өзге жаза бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Сот бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға: мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін және оқитын жерін өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгілі бір жерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа да жерлерге бармау міндеттерін орындауды жүктейді. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтуді, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл ретте бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айыу мерзіміне есептеледі.
Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға қолданылмайды [3].
Бас бостандығын шекеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сот сотталған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сотталған адамға бұрын белгіленген міндеттердің күшін толық немесе ішінара жоя алады.(ҚР ҚК ҚР ҚК 45-бап).
Қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау б.т.
Қамау бір айдан алты айға дейіінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайда ол кемінде бір ай мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Қамау үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелетке томаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.
Әскери қызметшілер қамауды абақтыда өткізеді.(ҚР ҚК 46-бап).
Шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады. Бұл жаза әскери қымыстар жасағаны үшін ҚК-ң Ерекшке бөліміндегі тиісті баптарда көзделген жағдайда, сондай-ақ сот істің мән-жайы мен кінәлінің жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына дәл сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстаған дұрыс деп тапқан жағдайда үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау бұрын бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген адамдарға қолданылмайды.
Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау кезінде тәртіптік әскери бөлімде ұстау мерзімі тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен белгіленеді.(47-бап).
Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.
Үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.
ҚК-те көзделген қылмысарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыру алты айдан он бе жылға дейін, ол ҚК-ң 49-бабының бірінші бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру он жылдан аспауы тиіс. Қоғамдық жұмыстарға тартуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол аты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза
Тағайындау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық қосқан жағдайда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі ҚК-ң 49-бабының үшінші бөлігінде, алпыс тоғызыншы бабының бесінші бөлігінде және 75-бабының төртнші бөлігінде көзделген жағдайларда жиырма бес жылдан, ал үкімдердің жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиіс [4].
Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолдануға болады деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
Бас бостандығынан айыру:
а) абайсызда қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға - колония-қоныстарға;
б) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға және қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу алты ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға - жалпы режимдегі түзеу колонияларына;
в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бастандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезінде және қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде әйелдерге - қатаң режимдегі түзеу колонияларына;
г) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамарға - ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады.
Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса қауіпті қайталаны кезінде жаза мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеу түрінде, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Үкіммен тағайындалған түзеу мекемесінің нысанын өзгертуді ҚР-ң құқықтық-атқарушылық заңдарына сәйкес сот жүргізеді.(ҚР ҚК 48-бап).
Өлім жазасы - ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін.
Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адаммдарға және сот үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
ҚР-ң Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.
Өлім жазасы туралы үкім ерте дегенде ол күшіне енген сәттен бастап бір жылдан кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өкеннен кейін орындалады.
Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.(ҚР ҚК 49-бап).
Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады.
ҚР-ң мемлекеттік наградалары, сондай-ақ ҚР-ң Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі немесе біліктілік сыныбы бар адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған ретте сот үкім шығарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, әскери шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы ҚР-ң Президенті ұсыныс енгізудің орындылығы туралы мәселені шешеді.(ҚР ҚК 50-бап).
Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі боп табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те заңнамада белгіленген тәртіппен тәркілеуге жатады.
Мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді және ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық-атқарушы заңдарда көзделген тізбеге сәйкес сотталған немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленбеуге тиіс.(ҚР ҚК 51-бап) [5].

Жаза жүйесінің белгілері мен түрлері

Жаза -- бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза -- соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:
жаза -- бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,
жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);
жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.
XV -- XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:
а) рудан қуып жіберу;
ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;
б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;
в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;
г) өлім жазасы -- жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;
ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.
Жазаның мақсаты
Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;
ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;
б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді.
Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін өлтіргені үшін айыпталып, Англия, Оксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып өлітіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған). Анатомиялық театрда Энн Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17 дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық оқиғада олар тек әйелдер болған [6].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарга тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады. Сот тәжірибесінде анағұрлым көбірек ұолданылатын жазалардың кейбір түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Ең алдымен, айып салу -- бұл сот тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.
Айыппұл жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.
Айыппұл тағайындағанда сот жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін және адамның мүліктік жағдайын ескеруі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарга тарту. Қоғамдық жұмыстар - бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық пайдалы жұмыс атқаруы.
Түзеу жұмыстары -- бұл сотталған адамды табысынын белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекет пайдасына ұстап қалу жүргізіледі.
Қамау -- бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау кезіндегі оқшаулау, қамаудан да анағұрлым қатаң жаза -- бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін екендігін еске салуы тиіс. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.
Бас бостандығынан айыру -- сотталушыны колония -- қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режімдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады [7].
Бас бостандығынан айыру кезінде сотталған адамның құқықтық жағдайына шек қойылады. Ол оған шек қоюдан көрінеді. Адам жүріп-түру еркіндігінен, еңбек қызметін тандаудан айырылады, өз уақытына билік етуі шектеледі. Бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейін, ал ерекше ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Өлім жазасы -- бұл қылмыстық жазаның ең қатаң және ерекше жазалау шарасы. Өлім жазасы қылмыстардың ең тар шеңберіне тағайындалатындығымен және сирек орындалатындығымен ерекшеленеді. Өлім жазасына кесілген әрбір адам кешірім жасауды өтінуге құқылы. Сотталушыға кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия қарайды. Бүгінде көптеген мемлекеттер өлім жазасын алып тастауда, оны қолдануға мораторий жариялауда немесе іс жүзінде мүлде қолданбай келеді [8].
Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық жасаған қылмыстарда болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.(ҚР ҚК 65-бап).
Қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.(ҚР ҚК 66-бап).
Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен баланысты емес орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.
Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.(ҚР ҚК 67-бап).
Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.(ҚР ҚК 68-бап).
Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады:
а) кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;
в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;
г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл.
Ескіру мерзімі қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін есептеледі.
Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескіру мерзімінің өтуі тоқтатылады. Бұл ретте ескіру мерзімінің өтуі адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезінен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан бері жиырма бес жыл өтсе және ескіру тоқтатылмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.
Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам сәйкесінше он бес немесе жиырма жыл мерзімдері өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі тоқтатылады. Мұндай реттерде ескіру мерзімі жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Ескіру мерзімі өткенге дейін адам тағы да қылмыс жасаған өзге реттерде әрбір қылмыс бойынша ескіру мерзімі дербес өтеді [9].
Жасаған қылмысы үшін ҚК бойынша өлім жазасы тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер ескіру мерзімінің бітуіне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасын тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот жиырма бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындайды.
Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды.(ҚР ҚК 69-бап).
Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін адамды сот құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмысымен келтірген залалын өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
Жазадан шартты түрде - мерзімінен бұрын босату сотталған адам:
а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;
б) ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 70-бап).
Кішігірім, орташа ауыр және ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түрімен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін [10].
Жазаның өтелмеген бөлігі, сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін жаза ммерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін, ауыр қылмысы үшін немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудун шартты түрде мерзімінен ерте босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлігі кезеңінде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзімінің жартысын нақты өтегеннен кейін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.(ҚР ҚК 71-бап).
Жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерді қоспағанда, сотталған жүкті әйелдерді және он төрт жасқа толмаған баласы бар әйелдерді сот тиісінше бес жылға дейінгі мерзімге жазасын өтеуден босатуы мүмкін.
Бала он төрт жасқа толғаннан кейін немесе ол шетінеген жағдайда не жүктілігі үзілген жағдайда сот сотталған әйелдің мінез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыруы немесе сотталған әйелді жазаны өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін.(ҚР ҚК 72-бап).
Қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылу пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот оны одан әрі өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот ҚК-те көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін.
Жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкін немесе бұл жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін. Бұл орайда жасалған қылмыстың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы, науқастың сипаты және басқа мән-жайлар ескеріледі.(ҚР ҚК 73-бап).
Кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін.
Ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жазасын өтеуін сот жоғарыда аталған негіздер болған жағдайда үш айға дейін мерзімге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалардың тиімділігі
Республикасының азаматтығынан айыру
Жазаның жүйелері және түрлері
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Зерттеу жұмысының объектісі
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Қылмыстық құқықтың теориялық аспектілері
Кәмелет жасқа толмағандарға қолданылатын жазаның ерекшелігі
Пәндер